1. Краеведение ВКО

Отдел краеведческой информации

О развитии и реконструкции г. Усть-Каменогорска

О городе

В начале ХVIII века Россия расширяла свои сибирские территории в южном направлении, для чего на границах возводились военные оборонительные укрепления. 12 августа 1720 года военный отряд Российской армии прибыл к месту слияния рек Иртыш и Ульба, где начались работы по строительству крепости. Этот день принято считать днём основания города Усть-Каменогорска.

Көбірек ақпарат...

Персоналии

Таврия

Юсуп Кеңес

1941 жылы 30 маусымда Шығыс Қазақстан облысының Таврия ауданындағы Баймұр ауылында дүниеге келген. Өскемен қаласындағы Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін 1958 жылы бітіргеннен кейін, Семейдегі өзеншілер училищесін тамамдап, Жоғарғы Ертіс кеме шаруашылығында еңбек етті. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, «Қазақстан коммунисі» журналының бөлім меңгерушісі, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. Мемлекеттік басқару органдарында жауапты қызметтер атқарды. Қазір ҚР Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы.
«Жалын» баспасынан «Ақиқат сапар» (1977), «Қарашадағы көктем» (1981), «Охапка полевых цветов» (1983) повестері мен әңгімелерінің жинақтары, «Желқайық» кітабы («Елорда», 2000) шықты. Сонымен қатар оның терминология, қазақ тілінде іс жүргізу мәселелеріне арналған «Құжат тілі» кітабы 2001 жылы Павлодар облыстық «Алтын тіл» бағдарламасының аясында жарық көріп, «Жалын» баспасы ұйымдастырған жабық бәйгенің екінші жүлдесін алды. Сондай-ақ «Қазақстан» және «Атамұра» баспаларынан «Анықтама сөздігі» (1992), «Екі тілде іс жүргізу» (1994) кітаптары жарық көрді.
Г.Г.Маркестің «Жүз жылдық жалғыздық» романын (1983), жас болгар жазушыларының повестері мен әңгімелерінің жинағын («Гүлжазира», 1987) аударып бастырды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағының иегері (2000).

Список поэтов и писателей

Таврия

Normal 0 false false false MicrosoftInternetExplorer4 /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:10.0pt; font-family:"Times New Roman"; mso-ansi-language:#0400; mso-fareast-language:#0400; mso-bidi-language:#0400;}

1. Юсуп Кеңес (Түсіп Рахметуллин)

Список поэтов и писателей

Молодежное

Поэты и писатели

Персоналии

Молодежное

Персоналии

Список поэтов и писателей

Тарбагатай

1. Ақыш Нұрдәулет.
2. Әскербекқызы Жанат.
3. Балшабеков Хамит.
4. Жәкенов Заманбек.
5. Игісін Жұмағазы.
6. Қайырбеков Әділғазы.
7. Сапаев Ғазиз.
8. Хамзин Тоқтарбек.

Персоналии

Тарбагатай

Нұрдәулет Ақышев

Нұрдәулет Ақышев 1950 жылы 15 маусымда Тарбағатай ауданына қарасты, Маңырақ селосында туған.
Орта мектепті бітіргеннен кейін бір жыл өндірісте жұмыс істеді. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын 1973 жылы бітірген. Кеңес Армиясы қатарында болып келген соң, халық ағарту, баспасөз салаларында қызмет етеді. 
Көп жылдар «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журналы редакцияларында әдеби қызметкер болып істеген. Қазір республикамыздағы «Қазақстан хабаршысы» (бұрынғы «Халық Кеңесі») газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет істейді.
Бүгінде Н.Ақышев алты кітаптың авторы. «Жұмбақ  іздер» (1980), «Үндемейтін ұл» (1982), «Қиырдан келген көгершін» (1984), «Сынық домбыраның сазы» (1985), «Жатақхана  қыздары» (1991), бір кітабы орыс тілінде басылып шықты.

Н. Ақышевтің шығармалары:
Алтынбек Қоразбаев: деректі повесть / Н.Ақыш. - 140 б.- Алматы : Балауса, 2003.
Жатақхана қыздары: Повестер. - 288 б.-Алматы: Жазушы, 1990
Жұмбақ іздер: Повесть. /Орта мектептің оқушыларына арналған/. - 87 б.-Алматы: Жалын, 1980
Қиырдан келген көгершін: Повестер мен әңгімелер.- 96 б. - Алматы: Жалын, 1984
Мақал - сөздің мәйегі: Мақал-мәтелдер / Құраст. Н. Ақыш.  - 32 б.- Алматы : Балауса, 1998
Үндемейтін ұл: Әңгімелер мен повесть. 167 б.- Алматы: Жалын, 1982
Сынық домбыраның сазы: Әңгімелер мен повесть. - 184 б.- Алматы: Жалын, 1985
Таң алдындағы дабыл: Повесть, әңгімелер. -192 б.  - Алматы.- Жазушы, 1987
Қоңыр өгіз. Әңгіме //Арман қанатында.: Жас жазушылардың әңгімелер жинағы. - 14 - 21 б. - Алматы, 1978




Ғазиз Сапаев

Ғазиз Сапаев - 1926 жылы 10 октябрьде Тарбағатай ауданына қарасты қазіргі «Ақмектеп» селосында туған. Жеті жасында тағдырдың жазуымен ата-анасымен бірге Қытайға өтті. 1943 жылы мамырда 17 жастағы жасөспірім жігіт елге оралды. Ғазиз бірден еңбекке араласты және оқып білім алды.
1947 жылы Семей қаласындағы мұғалімдер институтын, 1952 жылы педагогика институтын бітірген. Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында, Семей облысының Аякөз ауданында және Семей қаласында он екі жыл мұғалім болып істеп, мектептерде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген. 1959—1981 жылдар аралығында Семей облыстық «Семей таңы» газетінде мәдениет және оқу орындары бөлімінің меңгерушісі болып істеді. 1981 жылдан бері шығармашылық жұмыста.
Ғазиз Сапаев жеке кітап болып шыққан «Жыл жемісі» (1963), «Менің көгершінім» (1969), «Гүлдана» (1977), «Туған жерден алыста» (1982) повестер мен әңгімелер жинақтарының авторы.
1989 жылы «Жазушы» баспасынан автордың «Жол үстінде» атты повестер жинағы жарық көрді. Бұл жинаққа «Жол үстінде» және «Үшеркеш» атты екі повесі еніп отыр.
Алғашқы туындыда автордың үлкен өмір жолындағы құт қадамы, еңбек адамдарымен қоян-қолтық араласуы суреттелсе, екінші повесть аға шопан Мырзабек пен ферма меңгерушісі Бұланның арасындағы тартысқа құрылған.
Ғ. Сапаев Семей облысынын драма театрында қойылып жүрген бірді-екілі пьесаның авторы.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, медальмен марапатталған.

Ғ.Сапаевтің шығармалары:
Гүлдана. Повестер   мен әнгімелер.- 171 б.- Алматы:   Жалын, 1977
Жол үстінде. Повестер. - 216 б - Алматы: Жазушы, 1989
Жыл жемісі. Повесть. - А: ҚМҚӘБ, 1963.
Менің көгершінім. Повесть. - 68 б.- Алматы: Жазушы, 1969
Туған жерден алыста. Повесть. - 208 б.- Алматы. Жалын, 1983.
Сағыныш. Роман. - «Астана», 2002

Жанат Әскербекқызы
Аймұханбетова Жанат Әскербекқызы 1966 жылдың 1-қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Құйған ауылында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Жанаттың жастайынан сөз өнеріне, поэзияға құштар болып өсуіне әжесінің ықпалы зор болған.
Алғашқы өлендері мектеп қабырғасында жүргенде-ақ, аудандық газет беттерінде, республикалық балалар және жасөспірімдерге арналған басылымдарда жарық көрген.
1981 жылы ауылдық мектепті бітіріп, С.М Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түседі. Ол факультеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, студенттердің «Жас қалам» атты қабырға газетінің редакторы болады.Ж.Әскербекқызының ақындық талантын сол кезде дәріс берген Р.Нұрғалиев, Т.Кәкішов, Ж.Дәдебаев сынды ұстаздары мойындаған. Жанаттың «Қара гүл», «Орамал» тәрізді өлеңдеріне қазіргі уақытта бард-сазгер ретінде танылып жүрген Т. Досымов ән жазып, бұл әндер ҚазМУ-дың студент-жастарының әнұранына айналады. Ал, ақынның «Сен және Мен» өлеңінің сөзіне жазған әнді қазақ эстрадасының танымал әншісі Меруерт Түсіпбаева өз репертуарында орындап жүр.   
1995-2000 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы болып қызмет атқарады. 1999 жылы «Оралхан Бөкей прозасындағы мифологизм мәселесі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғап, филология ғылымының кандидаты дәрежесін алды.
Қазіргі таңда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы.
Ақын өлеңдері 1980-жылдардан бастап республикалық басылымдарда жарияланып келеді.
«Қарлығаш» (1995), «Қос таған» (2004) атты ұжымдық жинаққа өлеңдері енген. «Ғарыш билер ғүмырымды» (1999), «Қаңтардағы қызыл гүл» (2001), «Қаракөз-бұлақ» (2001), «Көк түріктер әуені» (2002) атты жыр жинақтары жарыққа шыққан.
1993 жылы ұйымдастырылған республикалық «Аққұс» ақындар мүшәйрасының жүлдегері. Республикалық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің бас жүлдегері.
Ақын 1999 жылғы Президенттің атаулы стипендиясының иегері;
Республикалық «Шабыт» фестивалінде поэзия номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алған. 2001 жылы Қасым Аманжоловтың 90 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшәйрасының үшінші жүлдесін иемденді.
«Көк түріктер әуені» жинағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің он жылдығына арналған әдеби конкурста жүлделі үшінші орын алған;
2004 жылдың мамыр айының 14-де Қазақстан жазушылар одағының ұйымдастыруымен «Ғарыш билер ғұмырымды» атты шығармашылық кеші өтті.

Балшабеков Хамит

Хамит ақын 1939 жылдың 20 желтоқсанында ҚХР Тарбағатай ауданы Үшқарасу деген жерде дүниеге келген. Әкесі Балшабек Қытай жерінде болыс болып, ел басқарған. Хамит Дүрбілжіңдегі 7-жылдық орта мектепті бітіріп, кейін Үрімшідегі тас жол қатынас техникумына оқуға түсіп, оны қытай тілінде ойдағыдай оқып бітіреді.
1962 жылы ақынның отбасы Қазақстанға қоныс аударып, Жезқазған өңірінің «Жеті қоңыр» ауылына келіп, орналасады. Жастайынан білімге, өнерге құштар болған ол. Қарағандыдағы педагогикалық институттың қазақ тілі мен әдебиет факультетіне сырттай оқуға түседі де кейін жоғары білімін Семейдегі педагогикалық институтында оқып жалғастырады. Мұнда ол белгілі ғалымдар Қ.Мұхамедқанов, Қ.Жүсіпов, Қ.Шаяхметов сияқты ұстаздардан дәріс алады. 1970 жылы Тарбағатай ауданына көшіп келеді. Өмірінің соңына дейін Тарбағатай ауданының Шілікті ауылындағы орта мектепте ұстаздық қызмет атқарып 1996 жылы құрметті демалысқа шығып, 2007 жылы дүниеден озды.
Хамит ақын өзінің өлең-жырларымен оқырман қауымға кеңінен танымал болды. «Жылқышы әні», «Өмір-өзен», «Балтамыр», «Қантамыр», «Өлеңдер, толғаулар, дастандар» сынды бірнеше жыр-кітаптардың авторы. Тарбағатай ауданының «Құрметті азаматы». Ақынның облыстағы айтыс өнерінің дамуына да мол еңбегі сіңді. Тарбағатай ауданынан 80-90 жылдар аралығында қаншама талантты ақындар Хамит ақынның ұстаздық тәлімгерлігінің арқасында елге танымал болды.
Шығыстың Мұқағалиы атанған ақиық ақынның есімін ұлықтау жерлестеріне аманат.

Қайырбеков Әділғазы

1955 жылы 10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Жәнтікей ауылында туған. ҚазМУ-ін бітірген. 1978-1979 жж. С.Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай-үйінің қызметкері, 1979-1981 жж. Қазақ теледидарында редактор, 1981-1991 жж. «Жас алаш» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, 1991-1996 жж. «Халық кеңесі» газетінде бөлім меңгерушісі, 1996-1999 жж. «Қазақ елі» газеті бас редакторының орынбасары, «Шалқар» газетінің редакторы болып қызмет істеген. 2000 жылдан бері С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры.
1977 жылы алғашқы «Жапырақтар шуылы» өлеңі «Жас Алаш» газетінде жарияланды. «Шер шемен», «Қара жартас» поэмалары, «Қаңбақтар», «Сөз», «Көк ешкі», «Ашы шындық», т.б. өлеңдердің авторы.
Республикалық жыр мүшәраларының бірнеше мәрте жүлдегері (1993, 1995, 1997). «Шер шертер» атты жыр кітабы үшін 1999 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды.

Мәселұлы Әрімбек
1940 жылы дүниеге келген. 1965 жылы Қазақ политехникалық институтын тамамдаған. Ұзақ жыл аудандық сәулетші болып қызмет істеген.
1994 жылы «Суырлы таудың сусамыры», 1997 жылы «Толағай таудың тошаласы» атты жыр жинақтары шыққан. Ауданның 70 жылдығына арналып шыққан «Барқытбелдің баурайында» кітабының ұжымдық авторларының бірі. Мүшәйра-жарыстардың жүлдегері, зейнеткер. Ақжар ауылында тұрады.


Яндекс.Метрика