1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

2017 жылы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру үшін коммерциялық емес «Ұлттық аударма бюросы» құрылды. Жоба аясында тарих, философия, социология, психология, антропология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, инновация, медиа, экономика, менеджмент және кәсіпкерлік салалары бойынша әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында оқытылатын танымал оқулықтар қазақ тіліне аударылып жатыр.

Толығырақ...



Қолжетімді қоғамдық қызмет орыны

Қолжетімді қоғамдық қызмет орыны - мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін, арнайы жабдықталған орын. Тек анықтама алғысы келетін адам электрондық тасымалдау құралында электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) әкелуі қажет. Қолжетімді қоғамдық қызмет орынын қолдану арқылы сіз анықтамалық ақпарат ала аласыз, құжаттар және анықтамаларды басып шығара аласыз, виртуалды қабылдау бөлмесіне өтініш жазуға, үкіметтік органдармен диалогқа қатысуға мүмкіндігіңіз бар, электронды пошта арқылы жұмыс істей аласыз.

Толығырақ...



Презентация книги

1 наурыз күні сағат 15-00-де Орталық қалалық кітапхананың қонақжай бөлмесінде Шәкерхан Әзмұханбетовтің «Я таким вижу мир» кітабының тұсаукесері өтеді. «Рудный Алтай» газетінің 100 жылдығына арналған жинақта журналистің соңғы он жылда жарық көрген мақалалары қамтылған.

Толығырақ...



«Jastar. Play. Party»

Бүгінде үстел ойындары жастардың бос уақытын қамтуда маңызды орын алады! Сондықтан біз сіздерге бас қосуға, бос уақытыңызды тамаша адамдармен өткізуге және қызықты ойындар ойнауға шақырамыз. Қаламыздағы барлық жастарды 22 ақпан күні сағат 18.00-22.00 аралығында  Орталық қалалық кітапханада  өтетін (Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) «Jastar. Play. Party» атты үстел ойындарын ойнауға шақырамыз.



Мүшәйра! Мүшәйра! Мүшәйра!

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі МүсілімҚұмарбекұлының 80 жылдық мерейтойына орай «Алтайдың ардагері» атты облыстық ақындар мүшайрасын өткізеді. Мүшәйра О.Бөкей атындағы кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) өткізіледі.

Толығырақ...



Құрметті өнерсүйер қауым!

20 ақпан күні сағат 14.00-де Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «Жастар жылының» аясында Шығыстың дарынды ұлы, көркемсөз оқу шеберлерінің Республикалық және халықаралық байқауларының бірнеше дүркін жеңімпазы, әнші, филология ғылымдарының магистрі, Республикалық «Алтын дауыс» байқауының жеңімпазы Ғылымхал Манайұлымен болатын әдеби-сазды кездесу кешіне шақырамыз. Келіңіздер, көріңіздер.



«Чтобы помнили…»

2019 жылдың 15 ақпанында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 жыл толады. Осыған орай, 20 ақпанда, сағат 12:00-де Орталық қалалық кітапханада (Е.П Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «Чтобы помнили…» тақырыбында ауған соғысына арналған әндер фестивалі өтеді.

Толығырақ ...



Новости Усть-Каменогорского Бард-Рок Клуба

Фоторепортаж
Вот и февральский концерт приближается! И парусник нашего клуба продолжает движение в Океане Бардов. И это замечательно - так уж сложилось, что, к примеру, в СНГ-рок-культуре первоосновы - всегда бардовские. Ждем всех желающих 16 февраля в 14.00 в библиотеке-филиале №2 (Бульвар Гагарина, 24) на концерте, в котором примут участие: Андрей Жданов, Алексей Порядин,

Толығырақ...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.