«Рухани жаңғыру жəне тіл саясаты»

Новости - Новости

Фоторепортаж

Өскемен қаласы əкімдігінің «О. Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ қызметкерлері Елбасы бағдарламасының аясында көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырып, іс-шаралар өткізуде. №1 кітапхана бөлімшесінде жəне Өлкетану бөлімінің қызметкерлері № 45 мектепте болып, Тілдер мерекесіне қатысып қайтты. «Рухани жаңғыру жəне тіл саясаты» тақырыбында баяндама жасалып, викториналық сұрақтар ойнатылды.

 



«Тіл қуаты – бірлікте»

Новости - Новости

Фоторепортаж

Бүгін Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың фиология факультетінің студенттері Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай мерекелік бағдарлама өткізді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жастарды жарқын болашаққа жетелейтін бағдарлама. Жалынды жастар бағдарлама ауқымында айтылған «тіл үйрену, қабілетті болу, ел үшін тер төгу» деген Елбасы ұсынысын қолдай отырып, өз өнерлерімен ел болашағының дамуына үн қосатындықтарын айқындады. Кездесуде әсем әндер айтылып, күмбірлі күй тартылды. Әсіресе, бірінші курс студенттері қызыққ толы кеш болды.



«Латынға оралу-заман талабы»

Новости - Новости

Фоторепортаж

Орталық қалалық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Латынға оралу-заман талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Басты мақсат латын қарпіне көшу заман талабы, елдік мүдде екенін қауымға жеткізу болды. Шара барысында оқырман қауым ойларын ортаға салып, латын қарпіне көшу туралы жазылған мақалалар тізбегімен танысты. Газет беттері мен сайттарда жарық көрген зиялы қауым өкілдері мен саяси тұлғалардың пікрілерін оқып ой бөлісті. Ел болып латынға көшуде жастар жағы белсенді екендігін баса айтты. Шара соңында жас ақын Естай Жаңабаев алғаш рет латын қарпінде жазған өлеңін оқырман қауымға ұсынды. Дөңгелек үстелге С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері және зиялы қауым өкілдері мен «Шабыт» клубы мүшелері қатысты. Кездесуге жиналған қауым латынға көшуде Елбасымен, елмен тілегі бір екендігін байқатты.



«Арт-терапия»

Новости - Новости

Фоторепортаж

Арт-терапия — это в буквальном смысле означает лечение искусством: музыкой, фотографией, лепкой, литературным творчеством, танцами, актерским искусством и т.д. Используя простые на первый взгляд приемы, арт-терапия незаметно для пациента проводит диагностику его душевного и физического состояния, лечит выявленные проблемы и просто приносит массу удовольствия. Она основана на эффекте спонтанности, как и любой вид творчества. Но не требует специальных талантов или способностей. Сегодня занятие по арт-терапии в Центральной городской библиотеке провели специалисты из Поликлинники N1 с использованием музыки. Во встрече участвовали самые активные и позитивные мамы г. Усть-Каменогорска и их детки, а также воспитанники детского отделения Ассоциации женщин-инвалидов "Алтын-ай".


Яндекс.Метрика