- Новости
- «Латынға оралу-заман талабы»
«Латынға оралу-заман талабы»
Орталық қалалық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Латынға оралу-заман талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Басты мақсат латын қарпіне көшу заман талабы, елдік мүдде екенін қауымға жеткізу болды. Шара барысында оқырман қауым ойларын ортаға салып, латын қарпіне көшу туралы жазылған мақалалар тізбегімен танысты. Газет беттері мен сайттарда жарық көрген зиялы қауым өкілдері мен саяси тұлғалардың пікрілерін оқып ой бөлісті. Ел болып латынға көшуде жастар жағы белсенді екендігін баса айтты. Шара соңында жас ақын Естай Жаңабаев алғаш рет латын қарпінде жазған өлеңін оқырман қауымға ұсынды. Дөңгелек үстелге С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері және зиялы қауым өкілдері мен «Шабыт» клубы мүшелері қатысты. Кездесуге жиналған қауым латынға көшуде Елбасымен, елмен тілегі бір екендігін байқатты.