1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>

Языковые курсы

Достар, барлық жақсылық сіздер үшін! Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада компьютерде жұмыс істеуге машықтандыру курстарына, шетел тілдерін үйрету курстарына, шығармашылық шеберханасына және түрлі бағыттағы клубтарға қатысуға шақырамыз! Сіздер үшін бәрі ТЕГІН:
- ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету курстары. Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері, сағат 17.00. Тел: (87081064381, 8(7232) 25-17-79;
- француз тілі, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері, сағат 16.00. (87770626358, 8(7232) 251770);
- иврит (еврей) тілі, әр аптаның бейсенбісі күні, сағат 16.00 ( 87776214457, 8(7232) 251770); Друзья! Приглашаем вас на БЕСПЛАТНЫЕ языковые курсы:
- английский разговорный для взрослых: среда, пятница в 17.00. +7(708)1064381, 8(7232) 25-17-79;
- французский для начинающих: среда, пятницам в 16.00. +7(777)0626358, 8(7232) 251770;
- иврит для всех:  каждый четверг в 10.00, +7(777)6214457,  8(7232) 251770.  


Подробнее...

БуМАГИЯ

2019 жылы, қазанның 1-жұлдызынан бастап Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «БуМАГИЯ» шығармашылық шеберханасы өз жұмысын бастайды. Егер қағаздың «сиқырлы қасиеттерін» білгілеріңіз келсе, шеберханаға келіңіздер! Дарынды шебермен бірге PAPERKRAFT қағазымен көңіліңіз қалаған бейнелерді жасап, керемет қызықтарға куә боласыздар! Сонымен, Сіздерді әр аптаның демалыс күндері сағат 16:00-де шеберханамызда күтеміз! С 1 октября 2019г. в Центральной городской библиотеке имени Оралхана Бокея (Наб. Иртыша им. Е.П.Славского, 22) начинает работу творческая мастерская «БуМАГИЯ». Если вы хотите освоить необычные техники работы с бумагой PAPERKRAFT, МОДУЛЬНОЕ ОРИГАМИ, приходите к нам в выходные дни в 16.00 часов. Ждем всех желающих!    


Подробнее...
0123456789101112


Клубтар

Бүгінгі кітапханалар - заманауи, көп салалы ақпараттық-зияткерлік орталық.  Бұл  орын түрлі ақпарат  алумен бірге  өзара қарым-қатынас жасайтын тамаша орта деуге болады. Кітапханамызға келген адамдар бос уақыттарын мәнді өткізіп, рухани демалып қайтулары үшін біз қолымыздан келген жақсылдықтардың бәрін жасаймыз. Мәселен, бұл орайда  кітапханаларымызда қызығушылықтары мен мүдделері бір арнада тоғысқан  әр жастағы адамдардың басын қосатын  клубтар да жұмыс істейді. Клубтардың басты міндеттері-адамның жан-жақты дамуына және ақпараттық мәдениеттің қалыптасуына ықпал ету.
Клуб – мақсаттары, мүдделері, қызығушылықтары бір адамдардың ерікті бірлестігі. Тұрақты  мүшелері және белгілі бір уақыттан бері жалғастырып келе жатқан жұмыстары клубтардың басты белгісі болып табылады.
Клуб бір тақырыппен, немесе тапсырмалармен ғана  емес,   мүшелерінің өз еріктерімен және бастамаларымен жүзеге асырып келе жатқан жұмыстарымен де айырықшаланады. Өзара еркін қарым-қатынас адамдар үшін өте пайдалы, әрі тиімді. Олар басқосуларында өзара ақпарат алмасып, оқыған-тоқығандарын ортаға салады, білгендері бойынша тәжірибе, пікір алысады, бір-біріне  ақыл-кеңестерін айтып, қиналғандарға көмек қолұшын береді. Пікірлес достар табады.
Кітапхана осындай клуб ашуға ниетті адамдарға ұйымдастырушы ретінде көмектесуге қашанда дайын. Сонымен бірге клуб қызметтеріне бақылау жасап, жан-жақты көмек көрсетеді. Осылайша, клуб жұмыстарын жақсарту арқылы кітапхана  орналасқан жердегі тұрғындардың да кітапханаға баруға деген қызығушылықтарын тудыруға болады.

Жаңа ұсыныстар, бастамалар мен кездесулер үшін біздің кітапханамыз  әрқашанда ашық!

Өлкетану

«Звено Алтая» клубы

«Звено Алтая» ШҚО әдеби бірлестігі

Клубтың мақсаты: Қаламгерлердің  басын қосу, аймақтық әдебиетті насихаттау, орыс тіліне қолдау көрсету, кітапханаға оқырмандар тарту. 
Клубтың міндеттері:
1. Аймақтық жазушылардың  кітап оқуға және кітапханаға деген қызығушылықтарын арттыру. 
2. Кітап оқуды насихаттап, кітаптың беделін көтеру.
3. Оқырмандардың шығармашылықтары мен бастамаларын ынталандыру.
4. Ақпараттық-мәдени орталық ретінде кітапхананың беделін арттырып, жағымды жақтарын қалыптастыруға қатысу. 
Клуб қатысушылары: Шығыс Қазақстанның ақындары мен жазушылары.

«Шабыт» клубы (1999)

Школа молодых акынов «Шабыт», была организована по инициативе известного поэта С. Габдуллина, члена Союза писателей Казахстана, который на протяжении долгих лет оставался её творческим руководителем. Школа призвана объединить молодых  людей, делающих первые шаги на литературном поприще и помочь в раскрытии их творческого потенциала.

Задачи клуба:
- знакомство с лучшими образцами литературного творчества;
- проведение встреч с известными поэтами, писателями, журналистами, издателями;
- выработка навыков анализа литературного произведения;
- помощь молодым авторам в публикации своих работ;
- организация творческих конкурсов для начинающих литераторов.

Ара өсірушілер клубы

Клубтың мақсаты: Ара өсірудің заманауи әдіс-тәсілдерін насихаттау және үйрету. Бал өнімдерін шығару және өңдеу барысында жаңашылдықты пайдалануды насихаттау. Ара шаруашылығы бойынша білім мен тәжірибе алмасу.
Клубтың міндеттері:
1. Ара шаруашылығы әуесқойларын біріктіру.
2. Туған өлкеге деген сүйіспеншілікті және ара шаруашылығына деген қызығушылықты арттыру. 
3. Шығыс Қазақстандағы  ара өсіру шаруашылығына ақпараттық қолдау жасау.
4. Тақырыптық таныстырылымдар мен кітап көрмелерін өткізу.
Клуб қатысушылары: Кітапхана оқырмандары және ара өсірумен айналысатын адамдар.

«Клуб любителей старины»

Клубтың мақсаты – көненің көзі арқылы көпішілік қауымды қала тарихымен таныстыру. 
Клубтың міндеттері:
1. Жастарды туған өлкені сүюге, бағалауға және құрметтеуге тәрбиелеу.
2. Өлке тарихын зерттеп, өткенді ұмытпай, өнеге тұтуға үйрету.
3.Ата-бабалар байлығы – салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды сақтап, құрметтеуге тәрбиелеу.
Клуб қатысушылары: кітапхана оқырмандары.

Орталық қалалық кітапхана

«Сенполия» клубы

«Сенполия» бөлме гүлдері әуесқойлары клубы шегіргүлдерді жақсы көретін әр жастағы және мамандықтары әр түрлі адамдардың басын біріктіріп отыр.  
Клуб ай сайын екі рет басқосу өткізеді. Жиын барысында   қатысушылар журналдар мен интернет-қорлардағы шегіргүлдер және сұрыптары, оларды өсіріп, баптау, зиянкестерден және түрлі аурулардан  қорғау, көбейту және т.б  туралы жазылған мақала-еңбектермен танысады.  Клуб жұмыстарының тағы бір маңызды бағыты – көрмелер ұйымдастыру және  өткізу.  Дәстүрлі көрмелер жыл сайын, көктем айында (сәуірдің бірінші жартысында) және күз мезгілінде (қазанның екінші жартысында)  ұйымдастырылады. Әр көрме сайын шегіргүлдердің 400-ден аса түрі келушілер назарына ұсынылады.

Орталық балалар кітапханасы

Клуб «Читайка» (2008)

«Читайка» бүлдіршіндер мектебі (2008)

Мектеп ұраны: «Бәрін таста да – оқы!»
Мақсаты: кіші жастағы мектеп оқушыларының кітап оқуға қызығушылығын ояту және бос уақыттарын кітапханада өткізуге талпындыру.
Міндеттері:
1. Балалардың оқырман ретіндегі шығармашылық мүмкіндіктерін ояту.
2. Оқылған материалды тереңірек түсіндіре отырып, баланың өзіндік мүмкіндіктері мен ойлау қабілетін дамыту.
3. Кітап оқу мәдениеті мен кітапты дұрыс ұстауға баулу.
Мектептегі сабақтар театр элементтері, слайд презентациялары және музыкалық сүйемелдеумен өтеді. Оқушылар мерейгер-жазушылардың шығармаларымен танысып, дәстүрлі және электрондық викторина сұрақтарына жауап беріп, әдеби кейіпкерлермен қозғалыс ойындарын ойнайды. Әңгіме танымдық бағытта өтеді. Шығарма және жазушы балаға таныс болмаса онда кітапханашылар оны қызықты әрі түсінікті түрде балаға жеткізеді, автордың бар  ойын, шығармашылық қабілетін ашып айтып, шығармасынан дауыстап үзінді оқиды, әр баланы әңгімеге тартып, сабағымызды - ұмытылмас кітап оқу мерекесіне айналдырамыз.
Мектепке қатысушылар: бастауыш сынып оқушылары.

Клуб «Айгөлек» (2011)

Ұранымыз: «Талаптыға нұр жауар!»

Клубтың мақсаты: Оқу арқылы балалардың танымдық қызығушылықтарын, мүмкіндіктерін дамыту.
Клуб мүшелері: №3 мектеп-гимназиясының оқушылары.
Клубтағы барлық іс-шаралар баланың жан-жақты, интеллектуалды,  рухани және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Шаралар - ойын, мереке, сайыс, әңгіме түрінде өтеді.
Клуб отырысы мемлекеттік тілде жүргізіледі. Отырыстың барлығы дерлік кітаппен байланысты және балалардың қатысуымен болады. Кітапханалық іс-шараларда клуб мүшелері өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік бағдарламалар мен театрландырылған қойылымдарға қатысады.

№ 1 кітапхана-бөлімшесі

Аружан» клубы (1996)

Клубтың мақсаты: Өзін-өзі тану, шығармашылық дарынды дамыту және өмірдің мән-мағынасын жете түсіну бағытында іс-шаралар ұйымдастыру. Клубтың міндеттері:
1. Қыз-келіншектердің басын қосып, түрлі тақырыптарда шаралар өткізу арқылы Отанды сүю, махаббат, қайырымдылық, тектілік, адалдық сияқты асыл қасиеттерді ашу. Түрлі кеңестерді бөлісу арқылы бір-бірінің білмегендерін толықтыру. Отандық және шетелдік үздік әдебиеттер мен мерзімдік басылымдардағы танымдық және басқа да қызықты  материалдармен танысу.  
2. Өмірде жинаған жан-жақты тәжірибелерін түрлі бағдарламалар арқылы жас буынның санасына сіңіру.  Ақпараттық - ағарту жұмыстарын жүзеге асырып, өмірі өнегелі адамдармен қызықты кездесулер, іскер ойындар, басқосулар және оқырмандардың алқалы жиындарын  өткізу.  
Клуб қатысушылары: кітапхана оқырмандары.
Клубтың ұраны:
Девиз известный - наказ простой:
Не стой на месте – живи мечтой.
Путь только начат, все впереди,
Не жди удачи, а к ней иди!

№ 2 кітапхана-бөлімшесі

«Отрада» клубы

«Отрада» бау-бақша әуесқойларының клубы

Клубтың мақсаты: бау-бақша әуесқойларының жан-жақты әңгіме құрып, өзара тәжірибе және білім алмасулары үшін жағдай жасау.
Клубтың міндеті:
1. Кітапхана пайдаланушылары эстетикалық талғамдарын дамытып,  өзін-өзі көрсетулері үшін кітапхана ұсынған мүмкіндіктерді кеңейту.
2. Кітапқа деген қызығушылықты арттырып, кітап оқуға тарту мақсатында бос уақытты тиімді өткізу үшін мәдени шаралар ұйымдастыру.  
3. Пайдаланушылардың экологиялық мәдениетін арттыру.
Клуб қатысушылары: кітапхана оқырмандары.
Клубтың ұраны: «Что посеешь, то и пожнешь».

№ 4 кітапхана-бөлімшесі

«Огонек» клубы (2015)

«Огонек» танымдық және бос уақытты тиімді өткізу клубы

Клубтың мақсаты: шығармашылық қабылетті іске асыруға ықпал ету, пікірлестерді іздеу, көркем әдебиет оқуға деген қызығушылықты қолдау және арттыру.   
Клубтың міндеттері:
1.Аға буын өкілдерінің бос уақыттарын мәдениетті өткізуді ұйымдастыру. 
2.Қызығушылықтары мен әуесқойлықтары бір адамдардың басын қосу.
3.Рухани басқосулар үшін жайлы жағдай жасау.
Клуб қатысушылары: шағын аудан тұрғындары және № 4 кітапхана бөлімшесінің оқырмандары.
Шара түрлері: таныстырылымдар, оқырмандардың алқалы жиындары, театрландырылған қойылымдар мен көріністер. 
Клуб жетекшісі: Асташева Галина Ивановна, № 4 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі.

«Атамекен» клубы (2006)

«Атамекен» балалар клубы

Клубтың мақсаты: Жас буынды Отанды сүюге тәрбиелеу.
Клубтың міндеттері:
1. Клубтың азаматтық-патриоттық бағытына сәйкес мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу. 
2. Балаларды шығармашылық істерге белсенді тарту, кез-келген іс-шара барысындағы шығармашылық тапқырлығы үшін ынталандырып отыру. Әр баланың қабылеті мен мүмкіндігіне ерекше назар аудару.
3. Бірлесе ұйымдастырған іс-шараның мән-мағынасы қатысушы үшін маңызды болуы және жалпы іске қосқан үлесі өз-өзіне баға бере алатындай деңгейде болуы керек.  
Клуб қатысушылары: №16, №20, №32 орта мектеп оқушылары.
Шара түрлері: Ерлік сабағы, тақырыптық кездесулер, акциялар, Еске алу күндері, әдеби-музыкалық композициялар, фотокөрмелер.

«Элегия» клубы

«Элегия» сазды клубы.

Клубтың мақсаты: Аймақ ақындарының, бардтары мен сазгерлерінің шығармашылықтарын насихаттап, дәріптеу.  
Клубтың міндеттері:
1. Шығыс Қазақстанның және Өскемен қаласының әдеби-мәдени және өнегелі дәстүрлерін сақтап, қалыптастыру.
2. Фестивальдер, байқаулар, бұқаралық-мәдени шаралар дайындау және өткізу. 
3. Мәдени дамыту бағытында оқырмандардың  талап-тілектерін қанағаттандыру.  
Клуб жетекшісі: Аникин Борис Петрович, Ресей Жазушылар одағының мүшесі. бард-ақын, баспагер.

№ 5 кітапхана-бөлімшесі

Клуб «Ақ желкен»

«Ақ желкен» клубының мүшелері №15 орта мектептің 6 «к» сынып оқушылары.
Клубтың ұраны: «Бәрін білгім келеді!»
Клубтың мақсаты:
1. Балалардың бос уақытын ұйымдастыру;
2. Салауатты өмір салтын нығайту;
3. Мәдени-ағарту бағыттары бойынша іс-шаралар топтамасын өткізу;
4. Көркем әдебиет туындыларын оқу, талқылау сағаттарын жүргізу, жергілікті ақындар және жазушылармен кездесу.
5. Ұлттық құндылықтарды насихаттау;
6. Пайдаланушылардың мәдениет пен тарихқа деген танымдық қызығушылығын қалыптастыру;
7. Халқымыздың  салт - дәстүрін  дәріптеу.
Клубтың міндеті:
1. Әр түрлі тақырыптарға қатысты мәдени-іс шаралар өткізу;
2. Халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеуге арнайы тәрбиелік маңызы бар іс-шаралар ұйымдастыру;
3. Балаларға халқымыздың бағзы заманнан бергі дәстүрлерінен, өмір салтынан этнографиясы мен моральдық қағидасын жан-жақты үйрету.

№ 8 кітапхана-бөлімшесі

«Шамшырақ» клубы

«Шамшырақ» клубы

Клубтың мақсаты: Отанды сүюге, ұлт құндылықтарын көздің қарашығындай сақтауға, құрметтеуге және ата-баба аманатына адал болуға тәрбиелеу.
Клубтың міндеттері:
1. Тарихи мұраларды бағалау, сақтау және жас буынның санасына сіңіру, болашаққа жеткізуді бүгінгі ұрпаққа аманат ету.
2. Ана тілді ардақтап, өткен және бүгінгі тарихымызды оқып, білуге тарту. 
3. Туған өлке табиғатын танып, қорғауға және сақтауға тәрбиелеу. 
Клуб қатысушылары: 7-14 жастағы балалар.

«Ключ» клубы

«Ключ» кітап әуесқойлары клубы

Клубтың мақсаты: кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыру. 
Клубтың міндеттері:
1.Балалардың білімге деген құмарлықтарын, кітап оқуға деген қызығушылықтарын  және танымдық қабылеттерін арттыру. 
2. Кітапқұмарлар қатарына тарту.
3.Бос уақыттарын кітапханада өткізуге үйрету.
Клуб қатысушылары: 7-10 жастағы балалар.

№ 10 кітапхана-бөлімшесі

«Асыл Мұра» клубы (2007)

«Асыл Мұра» клубы

Клубтың мақсаты: Балаларға туған ел мәдениетінің мәні мен маңызын түсіндіріп, құрметтеуге тәрбиелеу. 
Клубтың міндеттері:
1. Балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.
2. Қазақ ертегілері арқылы ана тіліміздің байлығы мен көркемдігін түсіндіру, қазақ тілінің қадыры  мен қасиетін  саналарына сіңіру.
3. Оқырмандардың сөйлеу, ойлау, қиялдау және шығармашылық қабылеттерін дамыту. 
4. Балаларды  кітапты түсініп оқуға үйрету, оқырмандардың қызығушылықтарын қалыптастыру. 
Клуб қатысушылары: 6-12 жастағы балалар.
Шара түрлері: әңгімелесу, байқаулар, поэзия сағаты, кітапхана бойынша саяхаттар, патриоттық сабақтар,  ойындар, викториналар.

«Собеседница» клубы

«Собеседница» клубы

Клубтың мақсаты: Қызығушылықтары мен әуесқойлықтары  ұқсас аға буын өкілдері  бос уақыттарын мән-мағыналы, қызықты өткізулері үшін түрлі мәдени   шаралар  ұйымдастыру. Олардың басқосулары үшін жайлы жағдай жасау. 
Клубтың міндеті:
1. Пікірлес, мүдделері бір адамдардың  талап-тілектерін қанағаттандыру. 
2. Отандық және әлемдік әдебиетті оқуға тарту, өзара пікірлесіп, әңгіме құрулары үшін қыз-келіншектердің басқосуларын ұйымдастыру. 
3. Клуб мүшелері өздерін мәдени жағынан дамытулары үшін кешенді шаралар  дайындау және өткізу. Олардың шығармашылық қабылеттерін ояту және дамыту. 
Клуб қатысушылары: кітапхана оқырмандары.
Шара түрлері: тарихи-танымдық сағаттар,  салауатты өмір салты туралы сұхбаттар,  мейрамдар, отырыстар, пайдалы кеңестер сағаты.

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Сұраңыз, жауап береміз!

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.