1. Центр краеведения
  2. Конкурсы, проекты
  3. «Мен өлкемді зерттеймін»

«Мен өлкемді зерттеймін»

ЖОБА

Жас зерттеушілер жұмыстары мен шығармашылық жобаларының 
«Мен өлкемді зерттеймін!» V қалалық байқауының  
ЕРЕЖЕСІ


Орталық қалалық кітапхананың Өлкетану бөлімі  2015 жылы «Мен өлкемді зерттеймін!» қалалық дәстүрлі байқауын өткізеді. Байқау «Оралхан Бөкей әлемі» тақырыбына арналады. 
Байқаудың мақсаты: 
- О.Бөкей шығармашылығын зерттеу;
- Жастардың интеллектуальды-шығармашылық даралығын, танымдық қабілетін жетілдіру, қызығушылығын  арттыру, зерттеу жұмыстарына қалыптастыру;
- Кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту.
Байқаудың басты шарттары:
- тақырып таңдауы; (О.Бөкейдің өмірі, шығармашылығы, сөз шеберлігі, жазушының біз біле бермейтін бейтаныс әлемі, шығармашылығының зерттелуі, ұрпақтары, туған жері, т.б. туралы)
- зерттеудің жүргізілуі, шығармашылық ізденісі, ел аузынан жинастыруы;
- дереккөздерді пайдалануы.
І. Байқауға қатысушылар 
1.1. Байқауға жас зерттеушілер (7-11 сынып оқушылары және студенттер) жеке және шығармашыл топ болып қатыса алады.
ІІ. Байқаудың өтетін жері мен уақытының реті 
2.1. Байқаудың дұрыс бағытта өткізілуіне жауапты Орталық қалалық кітапхана  Өлкетану бөлімі қызметкерлерінен ұйымдастыру алқасы құрылады. Қазылар алқасын ұйымдастыру алқасы тағайындайды.
2.2. Байқау екі кезеңнен тұрады.
1 кезең - іріктеу. Іріктеу кезеңіне қатысушылардың сұраныстары қабылданады. Зерттеу жұмыстары 2015 жылдың 1 ақпанынан бастап 1 сәуірге дейін (2 ай көлемінде) Өлкетану бөлімінде қабылданады. Жұмыстарды Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек , Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек  электронды пошталарына жіберуге болады.
2.3. Байқауға ұсынылған жұмыстарға түсініктеме берілмейді және ол жұмыс қайтарылмайды.
2.4. Байқау финалын өткізу  қарсаңында  жас зерттеушілердің ғылыми жобасын талқылайтын  дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. 
2.5.  1 сәуірден кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды.
2.6. Жұмыс баспа және электронды түрде қабылданады.
2 кезең – финал. Зерттеу жұмыстарын қорғау 2015 жылдың сәуір айында Өскемен қ. Орталық қалалық кітапханасында өткізіледі: Өскемен қаласы, Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22. Ұйымдастыру алқасы:  Өлкетану бөлімі; тел/факс (8-7232) 25-03-64, 25-17-70. 
ІІI. Жұмыстың жабдықталуына қойылатын талаптар:
1) жұмыс мәтіні толық компьпютерде басылып шығуы тиіс (WORD, 14 шрифт, 1,5 интервал, сол жақтан 2 см жол қалдыру, барлығы 25-30 бет) сондай-ақ: 
- бастапқы бет (титул);
- резюме (аннотация) – жұмыстың барысы туралы қысқаша мазмұндамасы;
-кіріспе – жұмыстың тиянақты сипаттамасы, тақырыптың таңдалуы, мақсаты;
- негізгі бөлім: зерттеудің жабдықталуы мен әдістері, шыққан қорытындылар және талқылау;
- әдеби ізденістер мен нақтылықтардың (отандық және шетелдік) зерттеу кезіндегі әсері;
- қорытынды ( нәтижелер мен ұсыныстар);
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
2) бастапқы (титул) бетте көрсетіледі: 
- жұмыс жүзеге асырылған оқу орнының аты;
- жұмыстың тақырыбы;
- орындаушы (тегі, аты, сыныбы, мектебі (оқу орнының аты);
- жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, оқу дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);
- жұмыстың орындалған уақыты.
ІV. Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау.
Байқаудағы жұмыстар мынадай ерекшеліктермен бағаланады:
- өзіндік даралық, жаңашылдық;
- шығармашылық ізденіс;
- тақырыптың ашылуы;
- мәселелердің тереңдеп талқылануы.
Қатысушылар қосымша мынадай номинациялармен марапатталуы мүмкін:
«Тақырыпты нақты ашқаны үшін»;
«Ең шығармашыл топ»;
«Ең жас зерттеуші»;Үздік зерттеу жұмыстары кітапша болып басылады және ОКЖ-нің www.kitaphana.kz сайтына қойылады.

  Отдел краеведческой информации - Конкурсы, проекты


Яндекс.Метрика