«Ана тілім - ажарым, асыл мұрам»

22 қыркүйек - ҚР халықтарының тілдері күніне арналған «Ана тілім - ажарым, асыл мұрам» атты жас ақындардың поэзия кешіне шақырамыз!


Поэзия кеші 2014 жылы 12 қыркүйек күні сағат 14.00 де Орталық қалалық кітапхананың әдеби қонақжай бөлмесінде өтеді.
Шараны ұйымдастырушылар: Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Қалалық орталық кітапхана. 
Поэзия кешіне Орталық қалалық кітапханада құрылған «Шабыт» ақындар мектебінің 15-25 жас аралығындағы оқушылары мен қаладағы оқу орындарының студенттері қатысады. Шара қазақ тілінде өтеді.

Шарада жергілікті ақын-жазушылардан құралған қазылар алқасы жұмыстарды бағалайды. Тілдер мерекесіне арнайы жан-жүрегімен жыр арнап келген үміткерлердің үздіктері ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

Шараның мақсаты:

- тіл мерекесін ұлықтау;
- мемлекеттік тілді дамыту;
- жас дарындарға қолдау көрсету;

Кештің шарттары:
қатысушы екі өлең әкеледі (бір өлең «Ана тілі» тақырыбына, екіншісі еркін тақырыпқа арналуы тиіс);
 өлеңдер қағазға басылған және электронды түрде өткізіледі;
өлең авторының аты-жөні, оқу орны (сыныбы, курсы), байланыс телефондары, мекен-жайы толық көрсетілуі қажет.

Шығармашылық жұмыстар келесі  белгілер  бойынша бағаланады:
 таңдалған тақырыптың ашылуы;
 тілінің шұрайлылығы;
 мәнерлеп оқу шеберлігі.

Тапсырыстарды қабылдау орны: Орталық қалалық кітапхана
Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.  тел: 25-17-70
Е-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек

  Новости - Новости


Яндекс.Метрика