- Рефераты на казахском
- Экология
- Паналау ғимараттары
Паналау ғимараттары
ЖОСПАР
1.1.Тез тұрғызылатын паналау ғимараттары
1.2.Радиациядан қорғайтын паналау орындары
1.3.Жай паналау орындары
Халықты ядролық, химиялық және бактериологиялық қарулардан, сондай-ақ ядролық жарылыс кезiнде мүмкiн болатын қайта зақымдайтын факторлардан және зақымдаушы қарулардан қорғау үшiн арнайы салынған инженерлiк ғимараттарды паналау ғимараттары деп аталады. Қорғау қасиеттерiне қарай олар паналау ғимараттарына және радиациядан қорғайтын паналау орындарына бөлiнедi. Бұлардан басқа, тұрғындарды қорғау үшiн қарапайым паналау орындары да пайдаланылуы мүмкiн.
Халықты қорғау ғимараттарына жасыру бұл жаудың жаппай зақымдаушы қаруларынан және басқа да шабуыл жасау құралдарынан қорғаудың ең тиiмдi тәсiлi. Мұндай паналау орындары бейбiт кезде салынып, дайын тұруға тиiс. Ал мұндай ғимараттар дер кезiнде жеткiлiктi мөлшерде салынбаған жағдайда жаудың тiкелей шабуыл жасау қаупi туған күнде тез тұрғызылатын паналау ғимараттары салынады. Сондай-ақ қазылып жасалынған ғимараттар радиациядан қорғайтын паналау орындарына пайдаланылады. Сонымен қатар, қарапайым паналау орындарын жасауға барлық тұрғындар жұмылдырады.
Паналау ғимараттары – адамдар ядролық қарудың барлық зақымдаушы факторларынан – соққы толқынынан, жарық сәулесiмен, өткiш радиациядан (нейтрон толқынын қоса) және радиоактивтiк сәуле шарпуынан ең сенiмдi қорғайтын паналау орны болып табылады. Паналау ғимараттары, сондай-ақ улы заттар мен бактериологиялық құралдардан, өрт зоналарындағы жоғары температурадан, жарылыс кезiнде қираған үйлердiң басып қалуынан, өндiрiсте қолданылатын улы заттардан уланудан қорғайды.
Паналау ғимараттарының берiктiгi, онда сүзгi желдеткiш қондырғылардың болуы ортаны радиоактивтi, улағыш заттармен бактериологиялық құралдар зақымдаған жағдайды немесе жаппай өрт шыққан кезде адамдарды бiрнеше тәулiк бойы қорғап, қалыпты өмiр сүруiн қамтамасыз ете алады.
Паналау ғимараттары жапсарласа салынған және тұрғызылған ғимараттар болып бөлiнедi. Жапсарласа салынған паналау ғимараттарына өндiрiстiк, қоғамдық және тұрғын үйлердiң подвалы немесе жартылай подвалы пайдаланылады. Ал жеке ғимараттарға түрлi жер асты өткелдерiн, галереяларын, шахталар мен тау-кен орындарын да жабдықтап пайдалануға болады. Паналау ғимараттары мүмкiндiгiнше жасырынуға тиiстi халықтың көпшiлiгi тұратын жерге жақын орналасауы керек.
Паналау ғимараттарын жабдықтармен жабдықтауға өнеркәсiптiк әдiспен шығарылған, қолда бар материалдардан жасалынған қарапайым сүзгi желдеткiш пайдаланылуы мүмкiн.
Паналау ғимараттары бейбiт кезде шаруашылық, мәдени-тұрмыстық қажеттерге пайдаланылады. Мұндай екi жақты пайдалану оларды жобалау кезiнде-ақ көзделенуi қажет. Бейбiт кезде паналау ғимараттарын өндiрiстiк және шаруашылық-тұрмыстық қажеттерге пайдалану олардың қорғаныстық қасиеттерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс. Паналау ғимараттарын соғыс уақытының жағдайына, яғни оны тiкелей арналған мақсатына пайдалануға көшiру мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде iске асырылуы керек. Паналау ғимараттарына жасырынушылар үшiн қажеттi санитарлық-гигиеналық жағдайлар қамтамасыз етiлуi қажет. Бұл жағдайлардың негiзгi қажеттерiне көмiр қышқыл газының мөлшерi, температура, ауаның ылғалдылығы жатады. Бөлменiң ауасындағы көмiр қышқыл газының мөлшерi 3 проценттен, ылғалдылығы 90 проценттен және температурасы +31 градустан аспауға тиiс.
Паналау ғимараттары әдетте жасырынатын адамды орналасуға арналған негiзгi және қосалқы бөлмелерден (сүзгi-желдеткiш камерадан, санитарлық тораптардан, тамбур шлюздерден, қорғануға кiретiн және шығатын есiктерден су құйылған кеспектер, аспаптар, қалдықтар салынатын ыдыстар тұратын бөлмелерден тұрады. Сыйымдылығы үлкен паналау ғимараттарында қорғалатын дизель қондырғылары артезиан скважиналарына, азық-түлiк сақтауға және медициналық көмек көрсетуге арнаулы бөлмелер бөлiнедi.
Паналау ғимараттарының, әдетте қарама-қарсы жақтарға орналасқан кем дегенде екi кiретiн есiгi болады. Жапсарлас салынған паналау ғимараттарында бұларда басқа авариялық шығу есiгi болуға тиiс. Ғимараттардың сыйымдылығы әр адамға шаққанда iшкi көлемi кемiнде 1,5 текше метрден, ал еденiнен есептегенде 0,5 шаршы метрден келетiндей болуы керек. Жасырынатын адамдар орналасуға тиiстi бөлмелер екi немесе үш қатарлы нарлармен, отыратын орындықтармен және жатуға арналған сөрелермен жабдықталады, ал отыратын орындар 0,45* 0,45 метр, жататын сөрелер 0,55* 1,8 метр көлемде жасалады. Егер паналау ғимараттарының iшiне таза ауа кiрмей қалса, адамдардың тыныс алуынан ауа тез арада қапырықтанып, тарыла бастайды. Сондықтан сырттан келген ауаны радиоактивтi және улы заттардан тазартатын сүзгi-желдеткiш агрегат орнатылады. Сүзгi-желдеткiш жүйесi таза желдету және сүзгi-желдету режимiнде жұмыс iстей алады. Таза желдету режимi кезiнде сыртқы ауа радиоактивтiк тозаңнан, улағыш заттар мен бактериялық құралдардан тазартылады. Ауаның құрамында көмiр қышқыл газы көмiрдегi татығы көп болған жағдайда (жаппай өрт шыққан аудандарда) iшкi ауа толық тазартылады.
Паналау ғимараттарының шығатын есiгi, әдетте негiзгi бөлмелерден бөлек, өзара ауа өткiзбейтiн тығыз жабылатын есiктермен жабдықталған шлюздi камералар (тамбур) түрiнде жасалады. Кiрер ауыздың сыртына қорғағышты-ауа өткiзбейтiн берiк есiк орнатылады. Паналау ғимараттарында мұнан басқа, негiзгi шығатын есiктi үйңндң басып, қалған жағдайда паналаушыларды шығаруға арналған авариялық шығу жолы қорғағышты - тығыз жабылған қақпақтармен, есiктермен немесе соққы толқынынан қорғайтын басқа да құрылғылармен жабылады.
Паналау ғимараттарының тығыз бекiтiлуiн, есiктерiн, қақпақтарын жауып, сүзгi-желдеткiш агрегатын қосқаннан кейiнгi бөлме ауасының қысымынан бiлуге болады, ал атмосфера қысымынан бiршама жоғары болуға тиiс. Қысым мөлшерi су бағанасының шамамен 5 млн метрiндей болады.
Паналау ғимараттарында жасырынушылардың ұзақ уақыт болуына қажеттi қалыпты жағдай жасау үшiн оны сумен, электр жарығымен, канализация жүйелерiмен жабдықтайды. Сонымен бiрге паналау ғимараттарында радиохабарын беретiн репродуктор нүктесi, телефон және өртке қарсы қолданылатын жабдықтар орнатылады.
Паналау ғимараттарында оның сипаттамасы мен оны күтiп-ұстаудың тәртiбi көрсетiлген құжаттар; паналау ғимаратының паспорты мен жобасы; сыртқы және iшкi жүйелердiң жобалары; күтiп-ұстау тәртiбi мен оны жарақаттандыру табелi; паналау ғимаратының жай күйiн тексеру қорытындыларын жазып отыратын журнал және т.б болуы керек.
Паналау ғимаратын бейбiт кезде пайдаланғанда оны тiкелей арналған мақсатына көшiретiн, сондай-ақ соғыс кезде онда адамдардың жасырынуына қажеттi жағдайды қамтамасыз ететiн барлық талап орындалуға тиiс. Сондықтан да паналау ғимараттарын бейбiт уақытта пайдаланған кезде оның бөлмелерi мен жабдықтарының белгiленген мерзiмге даяр болуы қамтамасыз етiлуге тиiс.
Паналау ғимаратын белгiленген мақсатта пайдалануға даярлау үшiн бөлмелердi босатып, орындықтар мен нарлар орнатылуын, есiктер мен люктердiң, желдету каналдарындағы клапан-бөлгiштердiң ақаусыздығын, барлық жүйелер мен құрылғылардың жұмыс iстеуiн бақылау қажет.
Шығу жолын және ол шығатын ашық территорияны тазалап, паналау ғимараттарының тығыз бекiтiлуiн, оның қорғаныс құралдарымен, барлау приборларымен және авариялық аспаптармен жабдықталуын тексеру керек. Паналау ғимараттары қандай мекеме мен ұйымның жұмысшылары мен қызметшiлерiне арналса, оның жай-күйiне сол мекеме мен ұйымның басшысы жауап бередi.
Паналау ғимаратында адамдар болған кезде оларға қызмет көрсету үшiн, сондай-ақ ғимараттың дұрыс пайдалануына бақылау жасау үшiн азаматтық қорғаныс бастығының жарлығы бойынша арнаулы жасақтар - қорғаныс ғимаратына қызмет көрсететiн звенолар мен топтар құрылады.
Паналау ғимараттарына адамдар азаматтық қорғаныстың “Әуе шабуылы қаупi!“, “Радиациялық қауiп!“ дабылдары берiлгеннен кейiн жасырынады. Адамдарды жасыруды дер кезiнде және ұйымшылдықпен жүргiзу мақсатында паналау ғимараттары цехтарға, учаскелерге, тұрғын үй басқармасына, үйлерге, подъездерге алдын-ала бекiтiлiп берiледi.
Паналау ғимараттарының қорғағыш-тығыздалып бекiтiлген есiктерiн және радиацияға қарсы қолданылатын паналау орындарының сыртқы есiктерiн жабу объектi азаматтық қорғаныс бастығының бұйрығымен немесе ғимараттың толуына қарай оған қызмет көрсету тобы (звеносы) командирiнiң шешiмiмен жүзеге асырылады.
Паналаушылар қорғаныс ғимараттарына жеке қорғау құралдарымен келедi, әрi мiндеттi түрде қажеттi азық-түлiк қоры болуға тиiс. Олар қызмет көрсету тобы адам құрамының барлық талаптарын мiндеттi түрде орындауға және тиiстi тәртiптi сақтауға жәрдемдесуге мiндеттi.
Қорғаныс орындары су басып, бүлiнiп, өрт шығып, оларда зиянды газдар шоғырланған жағдайда, сондай-ақ микроклиматпен ауаның құрамындағы газдың мөлшерi төзуге болмайтын шекке жеткенде одан адамдар дереу шығарылады. Ғимаратты желдеткеннен кейiн онда адамдарды қайта паналауға болады.
Адамдарды зақым ошағынан көшiрудi объектiнi азаматтық қорғаныс штабы немесе қорғаныс ғимаратындағы қызмет көрсету тобының командирi ұйымдастырады. Ол үшiн алдын-ала дайындалған барлаушылар шлюз (болмаса авариялық есiктен немесе кез-келген есiктен) арқылы сыртқа шығады. Жағдай жөнiнде мәлiмет алған топ (звено) командирi, қолайлы жағдай болғанда, адамдарды паналау ғимараттарынан шығару туралы шешiм қабылдайды. Жасырынушыларды көшiру кезiнде колонналарға бөлiнiп, жетекшiлер тағайындалады, әр жетекшiге көшiру жоспары мен компас берiледi. Топ жетекшiлерiнiң қарамағына химик-барлаушылар және химик дозиметршiлер берiледi, ал олар көшу маршруты бойында радиациялық және химиялық барлау жүргiзiп, дозиметрлiк бақылаулары iске асырып отырады.
Осы мақсат үшiн әр топқа жеке дозиметрлер бөлiнедi.
Зақым ошағынан өткен кезде сақтану қажетi бұйрық болмай жеке қорғау құралдарын шешпеу; жеке тұрған қабырғаға, қабырға және салбырап тұрған құрастырмаларға жақындамау, газ бен күштi әсер ететiн улы заттар жайылған орындарды айналып өту: жерде үзiлiп жатқан және салбырап тұрған электр сымдарынан аулақ жүру керек.
Көшiрiлгендер колоннасы белгiленген жерде келгеннен кейiн оларға медициналық көмек көрсетiледi.
Тез тұрғызылатын паналау ғимараттары
Тез тұрғызылатын паналау ғимараттарында да адамдар орналасатын бөлмеде қарапайым сүзгi-желдеткiш немесе заводта жасалынған сүзгi-желдеткiш орнатылатын орын, санитарлық тарап, авариялық шығу жолы болу керек. Шағын ғимараттарда санитарлық тараппен қалдықтар салынатын ыдыстар тамбурға, ал суы бар бак адамдар паналайтын бөлмеге қойылуы керек.
Әдетте, тез тұрғызылатын паналау ғимараттарының құрылысына құрастырмалы темiр-бетон конструкциялары, мысалы инженерлiк жер асты жолдарына пайдаланатын коллекторлардың элементтерi және басқа да материалдар пайдаланылады. Оның қорғағыштық қасиетiн арттыра түсу үшiн мiндеттi түрде кiрер ауызға қорғанышты-тығыз есiктер орнатылады.
Ағынды ауаны радиоактивтiк тозаңнан улағыш және бактериялық заттардан тазартатын құм немесе шлак сүзгiлерi, ал тозаңды тазалау үшiн мата сүзгiлер қолданылады. Сондай-ақ мұнда су құйылған ыдыстар, паналаушылар үшiн нарлар мен орындықтар, жарық беру приборлары болады.
Соққы толқынына қарсы ауа соратын және сыртқы шығаратын каналдары қорғауға шағын қорғағыш секциялар (3СУ-М), ағаш және металл дефлекторлар пайдаланылады.
Радиациядан қорғайтын паналау орындары
Мұндай паналау орындары адамдарды радиоактивтiк заттармен қатар радиациядан да қорғайды. Мұндай адамдар жарық сәулесiнен, өткiш радиациядан және ядролық жарылыс кезiнде iшiнара соққы толқынынан, сондай-ақ адамдардың терiсi мен киiмiн улағыш заттар мен аэрозольды бактериялық құралдардың жұғуынан да қорғай алады.
Радиациядан қорғайтын паналау орындары бейбiт кезде өнеркәсiптiк, транспорттық, мәдени-тұрмыстық және коммуналдық мақсатқа арналған объектiлердi жаңадан салумен қайта салу кезiнде, сондай-ақ категорияланбаған қалаларда және селолық жерлерде жүргiзiлетiн тұрғын үй құрылысының жағынан салынады.
Бейбiт кезде соғыс жағдайында радиациядан қорғайтын панаалу орындары ретiнде ең алдымен подвалдар, погребтер, сонымен бiрге ауылдық жерлерде көкөнiс сақтайтын қоймалар сондай-ақ тас үйлер де пайдаланылады.
Подвалдар мен оларды пайдалану тиiмдi, өйткенi оларды көп қаржы жұмсамай-ақ тез арада паналау орнынан бейiмдеп қою оңай.
Радиациядан қорғайтын паналау орындарын жылу, су және электр жарығымен жабдықтау жұмыс iстеп тұрған инженерлiк-коммуникациялық жүйелер арқылы жүзеге асырылады, ал авариялық жарық көзi ретiнде аккумуляторды және электр шамдарын пайдалануға болады.
Қорғау қасиеттерiне қарай радиациядан қорғайтын паналау орындары үш топқа бөлiнедi:
• қорғау коэффициентi 200 н/е одан да жоғары;
• қорғау коэффициентi 50-200-ге дейiнгiлер;
• қорғау коэффициентi 20-50-ге дейiнгiлер.
Паналау орындарының қорғау қасиеттерi радиация дозасының әлсiреу коэффициентiнен анықталады.
Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларының арасында радиоактивтiк зақымның айрықша орын алатынына жоғарыда тоқталдық. Өйткенi ядролық жарылыстың басқа факторларына қарағанда оның әсер ету зонасы әлденеше есе көп. Ал радиоактивтiк зақым ауылдық жерлер мен жергiлiктi және көшiрiлген халық тұратын аудандар үшiн өте қауiптi.
Сондықтан да бейбiт кезде салынатын радиациядан қорғайтын паналау орындармен қатар жаудың шабуыл жасау қауiптi туған кезде радиациядан қорғайтын қарапайым паналау орындары да жаппай салынады. Селолық жерлерде мұндай паналау орындары тек қана село тұрғындарына ғана лайықталып салынбай, көшiп келген халықты орналастыруға да сай етiп салынуы керек.
Паналау орындарын салуға барлық еңбекке жарамды адамдар, сонымен бiрге iрi қалалардан келген халық та тартылады.
Радиациядан қорғайтын паналау орындарының құрылысын салу мен жабдықтау кезiнде оның сыртқы радиоактивтiк сәуленi қаншалықты әлсiрете алатыны есепке алынады. Сыртқы радиоактивтiк сәуле күшiн жерден 1 метр биiктiктегi мөлшерi бойынша есептейдi. Мысалы: ағаш үйлердiң подвалдары радиацияның күшiн 7-12 есе, тас үйлер 200-300 бiр және екi қабатты тас үйлерiнiң бiрiншi қабаты 5-7 есе, көп қабатты үйлердiң жоғарғы қабаттары – 50 есе кемiтедi. Қыс кезiнде паналау орнына жылжымалы пеш орнына орнатылады.
Радиациядан қорғайтын паналу орындарында кiрер есiгiн жабдықтауға зор көңiл бөлiнедi. Ол, әдетте паналау орнының негiзгi бөлмесiне 90 градустық бұрыш жасап орналастыратын тығыз бекiтiлген тамбур түрiнде жасалады. Тамбурдың кiрер аузына, жымдасып жабылатын есiк қойылады, тамбурдан жасалған перде ұсталады.
Подвалдарды, погребтердi және басқа да ор, жертөле сияқты орындарды паналау ғимараттарына бейiмдеуге олардың қорғағыштық қасиеттерiн, тығыз бекiтiлуiн арттыру және қарапайым желдеткiштi орналастыру жұмыстары жүргiзiлуге тиiс.Подвалдар табиғи жолмен желдету үшiн мұржалармен жабдықталады. Погребтер мен үйдiң асты паналайтын орын етiп осылайша жабдықталады. Жеке тұрған погребтердi радиацияға қарсы паналау орнына бейiмдегенде, оның үстiне 60-70 см қалыңдықта топырақ үйiп, кiрер аузына жабылатын есiк орнатылады. Жерден қазған жайлар болмаған жағдайда, радиациядан қарсы паналау орны ретiнде кәдiмгi үйлердi пайдалануға болады. Үйдiң сыртқы қабырғалары ағаш үйiндiсiмен және шлакпен қалыңдатылып, терезе мен басқа да тесiктерi бекiтiледi, төбенiң бел ағашы берiк етiледi, үй төбесi және топырақ шлакпен қалыңдатылады.
Жай паналау орындары
Жай паналау орындары – бұларға үстi ашық және жабық жыралар жатады. Олар адамдарды жарық сәулесiнен, өткiш радиациядан және ядролық жарылыстан, қираған үйлер мен ғимараттардың басып қалуынан қорғайды. Жай паналау орындары қалалар мен селолық жерлерде шабуыл қауiпi туған кезде паналау ғимараттары мен радиациядан қорғайтын осындай объектiлер жеткiлiксiз болған жағдайда салынады. Мұндай паналау орындары кәсiпорындардың, үйлердiң, вокзалдардың, әуежайлардың, фермалар мен дала қостарының және басқа да адамдар көп шоғырланған орындардың жанынан салынады. Жай паналау орындарына ор-жырлар да пайдаланады. Ор-жырлар құрылысы жағынан қарапайым, салуы арзанға түсетiн паналау орындары болып табылады.
Үстi жабық ор-жырлар соққы толқынының әсерiн 2,5-2 есе кемiтедi, жарық сәулесiнен толық қорғайды, ол өткiш радиациядан және сәуле шарпуынан қорғануды арттырады. Ор жыралардың үстiн 20 см қалың балшықпен сылайды, сонан соң қалыңдығы 60 см етiп топырақ жабады, оның үстiн шыммен бастырады. Оған түсу үшiн баспалдақ жасалынады, желдетiлiп отыратын биiктiгi жер бетiнен өлшегенде 1,5-2 м келетiн ауа тартқыш мұржа орнатылады. Мұржаның жоғары жағына күн қағар жабылып, астыңғы жағына арнайы қақпақ орнатылады. Радиоактивтiк ылғал түсу қаупi туған жағдайда қақпақты 2-3 сағатқа дейiн жауып қоюға болады. Ор-жыраның есiгi ауа мен тозаң кiрмейтiндей тығыз жабылуы керек. Ор-жыралар басып қалмайтындай қауiптi жерден қазылуы керек. Олар қауiптi жағдайда тез жасырыну үшiн өндiрiс орындарынан тағы басқа да халық көп шоғырланатын жерлерден 400-500 м қашықтықтан қойылады. Паналау ғимаратын бейбiт кезде пайдаланғанда, оны тiкелей арналған мақсатына көшiретiн, сондай-ақ соғыс кезiнде онда адамдардың жасыруына қажеттi жағдайды қамтамасыз ететiн барлық талап орындалуға тиiс. Сондықтан да паналау ғимараттарын бейбiт уақытта пайдаланған кезде оның бөлмелерi мен жабдықтарының аман сақтаулы, паналау ғимаратының белгiленген мерзiмге даяр болуы қамтамасыз етiлуге тиiс. Зақым ошағынан өткен адамдарды, көшiрiлгендер колоннасы белгiленген жерде келгеннен кейiн олар транспорт құралдарымен қауiпсiз аймаққа жеткiзiлiп, қажеттi медициналық көмек көрсетiледi.
ӘДЕБИЕТ
1. Под редакцией А.И.Бурназяна. Руководство по организации медицинского обеспечения при массовых поражениях населения. “Медицина“. Москва, 1971. Том 1,2
2. М.Мырзабеков. Жазатайым жарақат алсаңыз. Алматы, 1987 ж.
3. Қазақтан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi Агенттiгi. Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөнiндегi материалдардың ақпараттық әдiстемелiк жинағы. (1,2,3 шығарылым), 2000 жыл.
4. Под ред. Е.П.Шубина. Гражданская оборона. Москва “Просвещение“. 1991 г.
5. Гражданская оборона. Под редакцией А.Г.Алтунина. Москва. “Военное издательство“, 1982.
6. Гражданская оборона на объектах сельскохозяйственного производства. Москва. “Колос“, 1973.
7. Методики оценки возможной обстановки при землетрясениях. Алма-Ата 1990.
8. Справочник по поражающему действию ядерного оружия. Москва. “Военное издательство“, 1975.
9. Алтунин А.Г. Формирование гражданской обороны в борьбе со стихийными бедствиями. Москва. “Стройиздат“, 1976.
10. Методика оценки радиационной и химической обстановки по данным разведки гражданской обороны. Москва. “Военное издательство“, 1980.
11. П.Е.Егоров и др. Гражданская оборона.
12. В.Г.Атаманюк., Л.Г.Ширшев, Н.И.Акимов. Гражданская оборона. Москва. “Высшая школа“, 1976.
13. Лазаренко Ю.И. Бактериологическая разведка. “Медицина“. 1968.
14. Михно Е.П. Восстановление разрушенных сооружений. “Воениздат“, 1976.