1. Рефераты на казахском
  2. Экология
  3. Көгалдандыру жұмыстарының ерекшеліктері мен экологиясы

Көгалдандыру жұмыстарының ерекшеліктері мен экологиясы

Қаіргі кезде экологиялық жағдайы тәуір деп айтарлықтай аймақ Қазақстан жерінде жоқ десе,артық айтқандық болмас. Алайда, олардың ішінде экологиялық шырғалаңның шырмауына мықтап түскен Арал өңірі бәрінен де оқшау тұр. Бұл аймақтың экологиялық жай- күйінен хабардар болу үшін Арал теңізінің кепкен табанынан үздіксіз көтеріліп тұратын миллиондаған тұз аралас шаң-тозаңды, әр түрлі химиялық заттарымен қаныққан суы ішуге жарамсыз, Сырдариясын, аппақ сары бұрқыраған егістік, шабындық, жайылымдық жерлерін айтсақ та жеткілікті. Ия салыстырмалы түрде шынында да Арал өңірі экологиялық жағдайынан қолайсыз аймақтардың бірі. Біздің туған жеріміз Қызылорда облысы Шиелі ауданында да экологиялық проблемалар жетерлік.
Осы орайда экологиялық хал-ахуалды жақсартудың шұғыл шараларын ұйымдастырудың керек екнін де түсінеміз.  Экологиялық мәселелерге келгенде, жастар да қарап қалмай өз үлестерін қосу керек деп есептеймін. Себебі экологиялық проблемаларды шешу бұл жаппай халықтық іс.
Біз бұл баяндамада қолайлы экологиялық жағдай жасау мақсатында көгалдандыру жұмыстарының  ерекшеліктерін айтқымыз келеді. Жұмысымыздың негізгі мақсаты мектеп аулаларын көгалдандыру болғандықтан, негізгі обьекті ретінде өз мектебімізді алдық.
Мектеп территориясының көгалдандыру мәселесінің маңызы зор. Себебі балалар    6-жасынан мектепке келіп, 11-жыл өмірін осы жерде күнделікті өткізеді. Осы жерде білім алып, күніне 5-6 сағат осы мектеп территориясында болады. Демек, мектеп территориясында көгалдандыру жұмыстарын дұрыс жүргізу арқылы, қолайлы экологиялық жағдай жасаудың маңызы арта түспек. Міне бүгінгі баяндамамыздың  өзектілігі де осында.
Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде төмендегі мәселелерді ескеру керек. Оны мына 1-ші  кестеден көруге болады:
1. Жергілікті жердің табиғи климат жағдайы .
2. Жердің географиялық орны .
3. Топырақ құнарлығы.
4. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері.
5. Өсімдіктердің экологиялық ерекшеліктері.
6. Өсімдіктердің үйлесімділігі.
7. Жергілікті жердің экологиялық жағдайы.
8. Көгалдандырудың эстетикалық жағдайы. (аспектісі)
Енді осы жоғарыдағы кестеде көрсетілген мәселелерге тоқтайық.
Біздің Шиелі ауданы Қызылорда облысының  оңтүстігінде орналасқан. Ауданымыз Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр.  Шығысында Қаратау, батысындаҚызылқұм биігінің жақын жатқан тар аралығынан басталып, батысқа қарай кең жайылып жатыр.
Қызылорда облысының климаты Еуразия материгінің ішкі оңтүстік жағында атмосфералық ауаның жылжу (циркуляция) ерекшеліктерінің ықпалымен қалыптасады. Климаты континенттік, жазы ыстық құрғақ, әрі ұзақ, қысы-қырсыз қысқа, бірақ суық. Континентік белгілері тәулік, ай, жыл ішінде білініп тұрады. Жазда температураның кенеттен құбылу байқалады.
Облыс территориясының оңтүстік жағы ашық болғандықтан Сібірден жылжыған салқын ауа массасы еш кедергісіз келіп тұрады. Қыстың абсолюттік температура –40-45 0 – қа дейін төмендейді.
Жаз айлары өте ыстық. Шілдеде орташа температура  +27 +280 болады. Жаз айларында Иран жақтан оқта – еткте өте ыстық ауа массасы келіп тұрады, ондайда ауаның температурасы +45 0-қа дейін көтеріледі. Өте құрғақ, әрі ыстық агроклиматтық ауданға жатады.
Топырақ құрамы әр түрлі болып келеді. Біздің зертеуімше топырақта макроқұрлым жоқ, оның есесіне төзімді, тез езілмейтін микроқұрлым бар.
Топырақтың тапталу дәрежесі яғни тығыздығы орташа. Мұны күшпен топыраққа пышақты ұрғанда байқауға болады. Осы зерттеуімізді мына берілген 2-кесте арқылы жүргіздік.  
Мектеп территориясы

11-12 см        әлсіз  тапталған
5-6    см        орташа тапталған
1-2    см        қатты тапталған

Жергілікті жердегі өсімдіктер.
1-Қарағаш,   2-көк терек, 3-көк тал, 4-үйеңкі, 5-сары өрік, 6-жиде ағашы, 7-жыңғыл. 
Жұмыстың бір ерекшелігі біз көгалдандыру тек жергілікті жердегі өсімдіктерге тоқталуды жөн көрдім. Себебі  олардың жергілікті жерге жақсы өсіп өркендейтіні белгілі.Ал сырттан алынған өсімдіктердің біздің жердің экологиялық ерекшеліктеріне байланысты жерсінуі қиын болады.
Ал енді адам денсаулығына қолайсыз экологиялық факторларға тоқталсақ оларды  мыналар:   
1. Шаң-тозан
2. Шу
3. Қатты соққан суық және ыстық жел
4. Атмосферадағы микробтар
5. Түтін
6. Улы газдар
Зерттеу жұмысымның барысында мектебіміздің және де басқа көптеген мектептердің, мекемелердің, шағын территориялардың  көгалдандыру жұмыстарын ғылыми тұрғыдан жүргізу керек екендігі айқын келеді.
Көгалдандыру мақсатында отырғызылатын ағаштар мен бұталарды таңдағанда алдымен олардың адамға пайдасын, әсерін ,сәндік мақсатта отырғызылатын орны, биологиялық және экологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Әр ағаш әр түрлі болып келеді.Ағаштардың тіршілік
ету ерекшеліктеріне байланысты оларды біз мынандай топтарға бөліп тастадық:
Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жылдағы халыққа арналған Жолдауында 2006 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексін қабылдауға ерекше көңіл бөліп, елімізді бәсекеге барынша қабілетті мемлекеттердің қатарына қосу маңызды орын алатының көрсетті. Қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жаңа технологиялармен өндірістерді құрастыруын ынталандыру керек, ал экологиялық сұрақтардың шешілуі халықаралық стандарттарға сәйкес, аумақтық даму негізінде жүргізілуі қажет.
Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғау жүйесі қатан әкімшілік және бақылауда құрастырылған. Осының нәтижесінде қоршаған ортаны ластауын өсуін көбейтпеуге мүмкін болса, істегі табиғат қорғау заңнамасының кемелсіз екендігі туралы сұрақ туындап, заң бұзушыларға толық көлемде әсер ете алмаймыз. Біздер заңға бағынатын кесімдердің жоқтығынан бірнеше талап-арыздары бойынша ұтыламыз. Сондықтан да Елбасымыздың экологиялық кодексті қыбылдау туралы мәлімдеуі маңызды болып табылады. Экологиялық кодекс қоршаған ортаны қорғау сұрақтары бойынша озық еурапалық елдерде ластаушыларға әсер ететін тиімді механизм болып табылады.
Экологиялық кодексін әзірлеу Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа ықпалдасу процесіне және Бүкіләлемдік тауар ұйымына түсуге өте маңызды.
Еуропа Одағының тәлімі бойынша біздің республикада қоршаған ортаның сапасына нысаналық өлшемдер жүйесі қабылдану қажет.
2004 жылы Қазақстан Республикасының Премьер - Министрінің өкімімен
Экологиялық кодекс жобасын дайындау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, оған мүдделі Министрліктер мен ведомстволардың өкілдері кірді.
Қоршаған ортаны қорғау Министрлігі кодекс жобасын дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіріп, орындауын бақылайды. Министрліктің Қоғамдық кеңесінде құжаттар қаралып, екі рет Қоғамдық тыңдаулар жүргізілді.
Кодекс жобасын әзірлеуге Қазақстан және шетелдердің ғалымдары мен мамандары, Экономикалық ынтымақтастық және даму бойынша ұйымның Экологиялық директорының өкілдері және тағы басқалар қатысты. Қоршаған ортаны қорғау бойынша істегі заңдардың сәтті баптары мен қағидалары енген.
Кодекс қағидаларын іске асыру кезеңмен жүргузілуге жоспарланып отыр. Кодекстің жаңа нормалары көбінесе бизнес өкілдеріне қатысты. Олардың экологиялық төтенше жағдайлары үшін жауапкершілігі артады. Жаңа экологиялық кодексінде экологиялық менеджменттің заманауи әдістерінің саласы бойынша заңнамалық ағаттықтар түзетіліп, біздің республикамызбен бекітілген халықаралық келісімдер және конвенциялары бойынша міндеттемелердің заңнамалық қолдануы қамтамасыз етілді.
Өндірістік бақылау мен өзіңдік мониторингтің, экологиялық аудиттің, ИСО стандарттары мен ең таза технологияларға өндірістердің көшуін ынталандыру рөлі күшейіп, экологиялық ақпараттарды жасырып немесе бұрмалауына жауапкершілік қарастырылған. Мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысына айрықша көңіл бөлінген. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаны ластаудан қорғау бойынша шараларды қаржыландырудың экономикалық механизмдерін құрастыруға тірек жасалған.
Аумақтық деңгейде экологиялық саясатты өткізе отырып, Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы барлық деңгейдегі депутаттармен, өкілетті органдармен, табиғатты қолданатын – кәсіпорындармен, халықпен Экологиялық кодекс жобасын кең талқылауда. Облыс аудандарында Кодекс қағидаларын түсіндіру үшін көшпелі шаралар өткізіліп, оны тез қабылдау керектіге түсіндірілуде.
Жалпы экологиялық кодексінің қабылдануы және экологиялық заңнамасын қайта құру бойынша шаралардың барлық кешенін іске асыруы қоршаған ортамен басқару жүйесін жетілдіруіне, бұл салаға корпоративтік инвестицияларды тартуға, Қазақстан Республика Президентімен экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында қойылған міндеттерге жетуге мүмкіндік туғызады.    
8-ші қазан күні Алматыда ауаның ластану мәселелеріне арналған халықаралық конференция басталды. Бұл жиынға келген Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандары мен тоғыз мемлекетің сарапшылары Қазақстан жағы әзірлеген ұлттық баяндаманы талқылап жатыр.Халықаралық конференцияның Алматыда өтуіне ат салысқан «Қазгидромет» мемлекеттік мекеменің жетекшісі Тұрсынбек Кодековтың айтуынша ұлттық баяндаманы қазақстандық мамандар жоғары деңгейде әзірлеген. Енді бұл баяндаманы өзге мемлекеттер үлгі ретінде пайдалана алады.
Тұрсынбек Кодеков, «Қазгидромет» мемлекеттік мекеме директоры: - Бұл семинар алдында біздің қазақстандық мамандар мен халықаралық сарапшылар көктем маусымында бас қосып, арнайы ұлттық баяндама әзірлеген болатынбыз. Енді осы баяндаманы біз үш жақты талқылап жатырмыз. Біріншіден, қазақстандық мамандар, екінші жағынан халықаралық сарапшылар, үшінші жағынан бұл семинарға келген 9 мемлекеттің мамандары. Ұлттық баяндамада ауаның қалай ластанатыны жөнінде, оны кім ластайтыны жөнінде ақпарат көп. Енді осы ақпарат негізінде әзірленген баяндама ТМД елдеріне үлгі болмақ. Басқа елдердің мамандары бұл ұлттық баяндаманы үлгі ретінде пайдаланады.Бұл баяндамада керек деректің барлығы егжей-тегжей баяндалған.
Бүгінгі таңда мамандардың айтуынша, Қазақстан ауасын ластайтын өнеркәсіп мекемелерінің басым көпшілігі қоршаған орта мәселесіне назар аудара бастаған. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік бақылау департаментінің директоры Бек-Болат Елеушовтың айтуынша, бұл мақсатта министрлік айтарлықтай жұмыс атқарып жатыр.
Бек-Болат Елеушов, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік бақылау департаментінің директоры: - Мен ойлаймын бұл керек семинар.Себебі біздің үкімет қабылдаған бағдарлама бойынша, біз үлкен жұмыс жасап жатырмыз. Қазақстан бойынша, жылу беретін мекемелер бар, сосын бізде мұнай-газ саласында жұмыс жасайтын мекемелер қоршаған ортаға айтарлықтай зиян тигізіп отыр. Сол себептен қазіргі кезде біздің министрлік осы мекемелермен меморандумға қол қойып отыр.Ал бұл компаниялар өздеріне міндеттеме алып жатыр. Сол себептен бүгінгі конференция өте керек шара, деп ойлаймын.
Қазақстандық мамандар ұлттық баяндама негізінде ауаға қандай мекеме, қандай мөлшерде зиян тигізетінің зерттеген. «Қазгидромет» директоры Тұрсынбек Кодековтың айтуынша, бұл мәселе жөнінде ақпарат жинау қиынға соққан жоқ.
Тұрсынбек Кодеков, «Қазгидромет» мемлекеттік мекеме директоры: - Қазақстан тарапынан бүгінгі семинарға 6-7 сарапшы қатысты, олардың арасында Статистика агенттігінің, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мамандары бар. Негізінде бар ақпаратты осы мекемелер ұсынды, біздің өзімізде бар ақпаратты да пайдаландық. Бұл ақпараттың барлығы бұқаралық ақпарат құралдарына белгілі ақпараттар.
Қазақстанның экологиялық қоғамының мүшесі Асылхан Артықпаев 8-10-шы қазан аралығында өтетін конференцияға шақырылмаған, ұлттық баяндама әзірлегенде Асылхан Артықпаевтың айтуынша ресми билік өкілдері экологиялық қоғам өкілдерін шақырмауға тырысады.Оның себебін Асылхан Артықпаев былай деп түсіндірді.
Асылхан Артықпаев, Қазақстанның экологиялық қоғамының мүшесі: - Қоғамдық ұйымдар жік-жік болып кеткен. Олардың басым көпшілігі жеке басының мәселелерімен болып жүр,сол себептен біздің бұл мәселе жөнінде ортақ бір саясатымыз жоқ. Бұл бірінші мәселе,екіншіден,қазірКеңес Одағы кезінде жұмыс жасаған үлкен өндіріс орындары жұмысын тоқтатып тұр,ал жұмыс жасап жатқандары шетелдік инвесторлардың қолында, олар бақылауды біз өзіміз жасаймыз,біз барлық заңдарға сайкес, жұмысымызды экологияға зиян тигізбей жүргіземіз, дегенді айтады. Шын мәнінде олардың экологияға зиян тигізіп отырғанын қоғамдық ұйымдар дәлелдеп берген.
Ал енді мемлекет тарапынан неге бақылау жоқ, деген сұраққа келер болсақ, бізде Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мамандары жиі ауысып отырады. Кейде бұл министрліктің мамандары өзгереді, кейде бұл министрліктің аты өзгереді, нәтижесінде жұмыс өз деңгейінде атқарылмайды, сол себептен арнайы бақылау жоқ. Бұл орайда екі күндік семинарға қатысушы Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта мәселесі жөніндегі аймақтық кеңесшісі Бо Либерт талқыланып жатқан ұлттық баяндаманы Қазақстанның ауаның тазалығын бақылаудағы жасап отырғын алғашқы қадамдарының бірі дегенді айтты.
Қазақстан үлкен мемлекет, бұл мемлекетте өнеркәсіп мекемелері көп болғандықтан бұл ел үшін ауа тазалығының мәселесі өзекті. Сол себептен бұл мемлекет өзге елдердің ауасын ластамау үшін, ауаның тазалығына назар аударып отыруы керек, - дейді Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Бо Либерт.

  Қазақ тіліндегі рефераттар - Экология


Яндекс.Метрика