1. Рефераты на казахском
  2. Физика
  3. Гендрик Антон Лоренц

Гендрик Антон Лоренц

Гендрик Антон Лоренц
1853 - 1928

Гендрик Антон Лоренц 1853ж. 15 шiлде айында Голландиядағы Арнхем қаласында дүниеге келдi. 1970 ж. ол Лейден Университетiне түседi. 1875 ж. Лоренц докторлық диссертацияны қорғап 1878 ж. Лейден Университетiнде оған арнайы ашқан теоретикалық физика кафедрасының профессоры болды. 1881 ж. Амстердамдағы Корольдiк ғылым академиясына мүше болады.

1878 ж. жарияланған «Ортаның құрамы мен тығыздығы мен жарықтың таралу жылдамдығының арасындағы байланыстары жөнiнде» еңбегiнде Лоренц сыну көрсеткiшi мен ортаның тығыздығы арасындағы байланысты қорытып шығарады, оны «Лоренц-Лоренц формуласы» деп атайды, себебi датчан ғалымы, Людвиг Лоренц бұл формуланы Гендрик Лоренцтен тәуелсiз жеке өзi шығарған болатын.

1892 ж. Лоренц «Максвеллдың электромагниттiк теориясы және оның қозғалыстағы денелерге қолданылуы» атты үлкен еңбегi жарық көрдi. Бұл еңбегiнде Лоренц электрондық теориясына жүйелi баяндама бередi. Ғалым оң немесе терiс зарядталған материяның бөлшектерi – ион деп айта кетiп өзiнiң теориясын «Иондық теория» деп атайды. 1899 ж. ол «Қозғалыстағы денелердегi оптикалық және электрлiк құбылыстарының қарапайым теориясы» еңбегiн шығарады, онда ғалым өзiнiң алғашында жарияланған теориясын қарапайымдылайды.

1902 ж. Лоренц және оның оқушысы Питер Зееман Нобель сыйлығының лауреаты болды.

1904 ж. Лоренц негiзге алынатын «Жарық жылдамдығынан төмен жылдамдықпен қозғалатын системадағы электромагниттiк құбылыстар» - атты еңбегiмен танылды. Лоренц екi әртүрлi инерциалды санақ жүйесiндегi уақыт моменттерi мен кеңiстiк координаталарын өзара қосатын формула қорытып шығарды. Лоренц ғалымға электрон массасының жылдамдыққа тәуелдiлiгiн көрсететiн формула қорытып алды.

Лоренц ғылыми академиялар мен ғылыми қоғамдардың көбiне мүше болған. 1925 оны СССР ғылым академиясына шетел мүшесi болып сайланды. Лоренц физика ғылымының ақсақалы, теоретикалық физиканың ұлы классигi және жанәкесi болып танылды. 1928 ж. 4 қаңтар айында Лоренц дүниеден кетедi. Голландияда бұл күн ұлттық қаралы күн болып жарияланды.

  Қазақ тіліндегі рефераттар - Физика


Яндекс.Метрика