- Рефераты на казахском
- Физика
- Гук Роберт
Гук Роберт
Гук Роберт
1635 - 1703
Гук Роберт - әйгiлi ағылшын жаратылыстанушы, ағылшын Уайт аралында Фремуотер деген жерде жергiлiктi шiркеудiң аға попы жанұясында дүниеге келдi. Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Оксфорд Университетiне түседi. Университеттегi мұғалiмдердiң бiрi Р.Бойльге эксперименталды зерттеулерiне ассистент (көмекшi) ретiнде Г. Роберттi ұсынады. Бойль мен Гук ынтымақтастығы нәтижелi болды.
1662 ж. Бойльдың көмегiмен Гук Лондонның Корольдiк қоғамына көрсетушi қызметiне орналасады. Бiрақта Гуктың басты мақсаты ғылыми зерттеулер едi. Гук алғашқы жеке өзi жазған каппилярлық құбылысқа арналған еңбегiн 1661 жылы жариялады. Кеиiн ол астрономиялық құрал-саймандарды ойлап табу және оларды жетiлдiрумен айналысты, биологиялық, географиялық, геологиялық зертеулер жүргiздi. Әрбiр осы салаларға ол өзiнiң үлкен үлесiн тигiздi.
Гук өзiнiң 1665 ж. жарық көрген «Микрография» атты еңбегiнен кейiн әйгiлi болды. Бұл кiтапта Гук өзі жетiлдiрiлген микроскоппен көп зерттеулерін жүйелеп баяндайды. Тағы да бұл кiтабында Гук жарықтың табиғаты жайында ойларын жазып кетедi, бұл ойлары үшiн ол жарықтың толқындық теориясын қалаған ғалымның бiрi болып саналады.
1666 жылдан бастап көп жылдар бойы Лондонның Корольдік қоғамына, әртүрлi жаратылыстану мәселелерiне арналған лекцияларын оқиды. Бұл лекцияларда Гук өзiнiң зерттеулерiнiң нәтижелерiн және басқа ғалымдардың еңбектерiне анализдерiн баяндайды. Лекцияларының бiрi серпiмдiлiк мәселерiне арналды. Серпiмдiлiктiң түсiнiктемесiнiң кең түрде түсiнiк беруi (Гук терминi боиынша «қайтарушы күш») оны жалпы заңды орнатуға алып келдi, бұл заң Гук атымен аталады. Гуктың теориялық қорытындысы эксперименттермен дәлелденiлiп келетiндiктен оның серпiмдiлiк заңы еш қашан күдiк тудырмады.
Әйтсе де Гуктың жанжақты ғылыми қызығушылығының терiс нәтижелерi де болды. Ол өзiнiң зерттеулерiн жиi аяғына дейiн жеткiзбейтiн, мысалға, Ньютонның бүкiл әлемдiк тартылыс заңына негiз салған болатын, Гук 1674 ж. Ньютонның көз қарасына сәйкес көз қарастары жарияланған.
Бiрақта ғылымға деген шынайы берiлгендігi арқасында, өзiнiң қиын мiнезiне қарамастан Гукты Англияда ғана емес, Европада да құрметтейтiн.