- Рефераты на казахском
- Физика
- Жылу техникасы
Жылу техникасы
ЖЫЛУ ТЕХНИКАСЫ - жылу энергиясын алу мен оны пайдалану өдістерін қамтитын ғылым мен техника саласы. Адамзат қоғамы пайдаланатын жылудың негізгі көзі — жанған кезде жылу бөлетін табиғи органикалық отындар. Ол қатты, сұйық және газ тәрізді отын болып бөлінеді.Отын сапасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерімен анықталады. Қазақстанда пайдаланылатын энергияның 95%-тен астам бөлігі органикалық отын (негізінен көмір) жағу аркылы өндіріледі. Жылу энергиясының табиғи көздеріне — Күн энергиясы мен геотермиялық энергия (Жер қойнауының жылуы, жер асты ыстық сулары, вулкандық жылу) жатады. Органикикалық отынмен қатар, 20 ғ-дың ортасынан бастап жылу энергиясын алу үшін ядролық отын пайдаланылады. Ядролық отынның негізгі түрі — уран изо-топы. 1 кг уран ыдырағавда 84-Ю9 қДж (20-Ю9 ккал) энер-гия бөлінеді. Бұл энергия ядролық реакторда жылуға айналады. Ақтау қ-нда қуаты 150 МВт атом электр станциясы (Маңғыстау энергокомбинаты) жүмыс істеді. Жылуды электр энергиясына түрлендіру арқылы да алуға болады. Өндірілген жылуды пайдалану Жылу техникасында екі басты бағытқа жүргізіледі. Біріншісі — әр түрлі өндірістік пештер (қыздыру, күйдіру, балқыту және электрдоғалық, индустриялық, т.б. пештер) мен әр түрлі жылу алмасу аппаратгарында жылуды пайдалану болса, екіншісі — күш қондырғылары (компрессор, т.б.) мен жылу қозғалтқышта-рында (бу машинасы, іштен жанатын қозғалтқыш, т.б.) жылуды энергияға (механикалық, электрлік, т.б.) түрлендіріп пайдаланатын жылу энергетикасы. Жылу техникасының теориялық негізі — термодинамика, жану жөне жылу мен зат алмасу заңдылықтары. Жылу техникасы төменгі температура алу мәселесімен де шұғылданады.
ЖЫЛУ МАШИНАСЫ - жылудың жұмысқа не жұмыстың жылуға түрленуі іске асырылатын машина (жылулық қозғалтқыш, жылулық сорғы, т.б.). Жылу машинасының жұмыс істеу принципінің негізінде жұмыстық дене (газ, су буы, т.б.) атқаратын айналмалы процесс (термодинамикалық цикл) жатыр. Жұмыстық дененің әр цикл сайын атқаратын жұмыс мөлшері оған берілген және одан алынған жылу шамаларының айырмасына тең.