- Рефераты на казахском
- Тарих
- Ұлы жибек жолы
Ұлы жибек жолы
VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар».
VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес.
Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-Ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған.
Архиология және архивтік материалдар бойынша
VII-VIII ғасырларда Отырардың билеушісі өзін теңдесі жоқ «Отырарбенді патшасы » деп атаған. Қала аймағында болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі –Кедер IX-X ғасырларда оазистің астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан ең өскен қала екен.
Қазақстанға белгілі болған орта ғасырлық қалалардың бірі-Тараз. Ол жазба деректемелерде 568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның елшісі Земарх Килликискийдің Батыс түрік қағанаты Дизабулға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 680 жылы Қытай саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге жеткен маңызды сауда орталығы деп сипаттайды.
VII ғасырда Тараз «Ұлы Жібек жолындағы» ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезінде түрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және иран жауынгерлерінің басын алып, талай рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар.
X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен қатар күйген кірпіштен көпшілік үшін салынған моншасы болған. Оған жақын жерде Айша-бибінің күмбезі көтерілген. Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалған бұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші-Қарахан күмбезі. Өкінішке орай, қираған күмбез XX ғасырдың басында қайта тұрғызылып, сәнді өрнектері өшіп кеткен. Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана.
Тараз Жетісудың саяси, экономикалық және мәдени өмірінің ірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқты өзендердің бойында төменгі Барысхан, Хамукет, Жікіл, Адахкет, Ден, Нуджикет, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты. Сондай-ақ Іле өзенінің алқабында Қойлық, Талхиз, Екі-оғыз сияқты басқа да қалалар орналасқан.
XI ғасырда Ясы (Түркістан) қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет Яссауи күмбезі салынып, қала діни орталыққа айналады.
Сырдариядағы ірі қала-Сығанақ. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысына баратын керуен жолдарының қилысында орналасқан ол XII ғасырда қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ –ата жұрты бар.
X-XII ғ. Орта Азия мен Қазақстанда жоғарыда айтылған кенттерден басқа жаңа бірқатар қалалар –Қарашоқы, Қарнақ, Ашынас, Баршылылықкент т.б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлемі ұлғайып, сауда шаруашылық орталығы-шахристаннан рабадқа ауысқан.
Қазақстан жеріндегі халықтардың зкономикалық өмірінде сауда орасан зор рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Визиантия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын дәлелдейді. VI- X ғ. Халықаралық саудада «Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды. Бұл жол Шаштан Газгирдке, одан Испиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз қаласына беттеген. Исфиджаб пен Тараз арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар «Жібек жолы» Тараздан терістікке қимақтарға қарай Адахкет, Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті.
Тараздан «Жібек жолымен» Төменгі Барысханға, Құланға, одан әрі Меркеге және Аспараға қарай шұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға соғып, Бедел мен Ақсудан асқан керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен.
Исфиджаб қаласынан солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент, Баба-ата, Созақ қалаларын,одан кейін Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп, Кеңгір, Жезді, Нұра, сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына,қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген аудандарға қарай беттейтін болған. Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар, жолда құдықтар мен су қоймалары орналасқан. Өзендерге көпірлер салынған. Қалаларда сауда орны, ірі базарлар болған. Орта Азиядан шыны, асыл заттар, көп қолданылатын өнер бұйымдары, жылқы малы т.б шығарылып, Қытайдан жібек, фарфор, керамика әкелінетін. Шеттен әкелінетін бұйымдар-меруерттен, лазуриттен, маржаннан жасалған немесе солармен әшекейленген заттар.
Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған. Мұның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.
Егін шаруашылығы елдің Оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау бауырындағы жерлерде ғана шұғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты.
IX-XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орталығы болды. Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп,оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Құйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды. Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған және Үзкентті сумен қамтамасыз еткен.Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.
Жер кетпен тәрізді темір шоттар және темір,не шойын ұштары бар, жер жыртатын құралдармен өңделіп, егін ору темір орақпен жүргізілген. Дәнді ұнтақтау үшін тас дирмендер қолданылған. Қолдан суару негізінде Жетісу тұрғындары астық өсіріп, жүзім шаруашылығымен және шарап жасаумен айналысты, бақша және бау дақылдарын екті.Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен және Кіші Алматы, Бақанас, Көксу,Лепсі өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су жолы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылып,гүлдеп тұрған.Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды.
Феодалдық қатынастардың дамуы селолық қауымдардың натуральды шаруашылығының біртіндеп ыдырауына әкеп соқты.