1. Рефераты на казахском
  2. Саясаттану
  3. Саяси ойлар және қазіргі кездегі саяси мектептедің тарихы

Саяси ойлар және қазіргі кездегі саяси мектептедің тарихы

Саяси ойлар және қазіргі кездегі саяси мектептедің тарихы.
Қай заманның ойшылы болмасын ойландыратын бір ғана мәселе – халықты бақытты ету жолдарын іздеу. Оны әр ойшыл өзінше пайымдап, өзінше шешті. Жалпы саяси ойдың даму кезеңдері мен ойшылдарын былай топтауға болады:
Ерте дүние Конфуций, Будда, Заратустра, Иеремия, Пифагор, Демокрит, Платон, Аристотель.
Ортағасырлық А. Августин, Ф. Аквинский, М. Лютер.
Қайта өрлеу Н. Макиавелли, Томас Мор, Т. Кампанелла, Т. Гоббс,  Д. Уинстенли, Джон Локк.

«Ағарту» Ш.Монтескье, Вольтер, Ж.Ж.Руссо, Д.Дидро, К.Гельвеци, Ж.Ламетри, Ж.Мелье, Морелли, Г.Мабли, Р.Н. Радишев.

Жаңа және жаңаша уақыт И. Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.Гегель, К.Сен – Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн, Н.Чернышевский, А.Герцен В.Белинский, Н.Добролюбов, К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин,  Қазақ ойшылдары.
Қазіргі заман
Социал – демократиялық саяси доктринлар
Буржуазиялық саяси қырлары
Діннің саяси қырлары
Саяси экстремизмнің доктриналары.
2. Ежелгі дүние дәуіріндегі саяси ойдың қалыптасуы.
Ежелгі дәуірдегі саяси ғылымға мол мұра қалдырған ежелгі грек ойшылы Платон, ол б.з.б. 427-347 жылдарда өмір сүрген. Шын аты Аристокл. Спортпен көп шұғылданғандықтан, жауырыны кең болыпты. Сондықтан «плотный» Платон атанып кеткен. Осы атымен тарихта мәңгілік қалды.
Платон атақты ғалым Сократтың мектебінде оқиды. Кейін Афиныда өз академиясын ашады. Платонның екі жүзге тақау енбектері бар. “Мемлекет”, “Заңдар” т.с.с. саясатқа байланысты шығармалары бар.
Платонның ойынша қажеттілік мемлекетті тудырады. Себебі, біреу егіншілікпен, біреуі мал шаруашылығымен, енді біреу қолөнермен айналысады. Кейін өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін айырбас жасайды. Халық тек бірігіп қана өмір сүре алады деген. Платон адамдарды үш топқа бөлген:
1.Әкімдер.
2.Қорғаушылар.
3.Өндірушілер.
Әкімдер - табиғи жаратылысынан шындықты, ақиқатты,танып біле алатын адамдар болуы керек деген.
Қорғаушылар - мемлекетті қорғайды.
Өндірушілер - мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етіп отырады. Бір таптың екінші тапқа өтуіне болмайды. Әркім өз міндетін атқарады. Ешкім бай-кедей болмағанын қалады деген. Сонымен қатар Платон қоғамдық меншікті қолдады. Ал жеке меншіктің болуы; талас-тартыс туғызады деп түсінді. Мұнда әкімдер мен қорғаушылардың мүддесі ортақ болса, ортақ игілік үшін адал еңбек етеді деп айтқан, яғни барлығының ортақ болғанын жөн көрді. Оларды мемлекет қорғайды деп түсінген.
Платон мемлекеттік құрылысты беске бөлді:
1.Аристрократия - мемлекетті ақсүйектер билейді.
2.Тимократия - мемлекеттік билік бір адам қолында болады.
3.Олигархия - мемлекет азғантай топ қолында болады.
4.Демократия - мемлекет халықтың қолында болады.
5.Тирания - мемлекет күшпен басып алушы қолында болады.
Платонның ойынша бұлардың ішінде ең тиімдісі –аристократиялық мемлекет түрі. Мұнда ақыл-естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері - адамгершілік, абырой, ар-намыс деп саналады. Ежелгі Рим ойшылы Марк Тулий Цицерон (б.з.д. 106-43ж.) саяси даму тарихында айтарлықтай із қалдырған. Оның "Мемлекет туралы", "Заңдар туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері бар.
Цицеронның ойынша мемлекет меншікті қорғау, адамдардың бірігіп өмір сүруге тырысатын табиғи талабынан туады. Мемлекетті үшке бөлген:
1.Патшалық билік.
2.Аристократия.
3.Демократия.
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы болды, қоғамдық-саяси қатынастарда әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.
3. Ортағасырлық саяси ойлардың дамуы Орта ғасыр ойшылдарының саяси идеялары
Феодалдық теологиялық идеологияның үстемдігі.
Мемлекет алдындағы шіркеудің беделінің негізделуі.
Табиғат пен қоғамның заңдары - мақсатқа жетудің ережелері - Ф.Аквинский ХШ ғ.
Мемлекеттің діни мәнінің тұжырымдамасы: әлемдік тәртіпті құдай жаратқан.
Өкіметті сөзсіз тыңдау, келісімділік уағызы. Дегенмен, адамдар жаратқанның алдында да, жер бетінде де тең.
Шіркеудің рухани диктатурасымен күрес, саяси құрылысты өзгерту үшін зорлықты жоққа шығару.
Орыс мемлекетінің тәуелсіздігі мен патша үкіметінің үстемдігі туралы идеялар.
Орта ғасырда феодалдық қоғамның орны ерекше болды. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан астамға созылды. Бұл уақытта дін үстемдік етті. Патша шіркеуге бағынышты болуы керек деді, ал ақсүйектер көнгісі келмеді.
Бұл кезде христиан дініне зор еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарасы "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде баяндалған.
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқұқтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің, нәтижесі деп санады. Құдай адамға еркіндік береді, яғни адамдардың құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Осыған байланысты адамдарды екіге бөлген:
Кұдай жолымен өмір сүрушілер - болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құрады.
Адам жолымен өмір сүрушілер - жын-шайтаннан мәңгілік жапа шегеді.
Христиан дінінің саяси теориясын негіздеп, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның "Билеушілердің басқаруы туралы", "Психологияның жиынтығы" деген еңбектері бар. Оның ойынша жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан бірігіп өмір сүру үшін мемлекет керек. Мемлекеттік биліктің мақсаты  "ортақ игілікке жету", адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау, барлығы жоғары тапқа бағынуы керек деп санаған.
Ф.Аквинскийдің ойынша билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік діни билікке бағынуға тиіс. Аспанда құдай жерде Рим папасы билік етуі керек деген.
4. "Қайта өрлеу" және "Ағарту" дәуіріндегі саяси ойдың ерекшеліктері
Қайта өрлеу дәуірінің төмендегідей ерекшеліктері бар.
Саяси ғылымның теологиядан оқшаулануы, мемлекеттің пайда болуының табиғи идеяларын негіздеу.
Мемлекет туралы жүйелі ілім қалыптастыруға ұмтылу, "Мемлекет" деген ұғымды енгізу.
Буржуазиялық мемлекеттің абсолютизмнен республикаға дейінгі формаларын тұжырымдау.
Буржуазиялық саяси-құқықтық ойлардың пайда болуы.
Азаматтық қоғам және қоғамдық келісім теориясының өкіметті бөлісу принципі туралы ілімнің қалыптасуы.
ХVІ ғасырдағы алғашқы утопиялық социализм және ХVII-ХVIII ғасырлардағы сыншыл утопиялық социализм.
Қоғамдық  дамудың, білімнің, ақыл-ойдың рөлін дәріптеу.
Гуманизм, адам құқы  мен бостандығы  идеяларын жария ету.
Саяси басқару нысандарының ауысу заңдылықтары мен әлеуметтік күрестін мойындау - саяси өзгерістердің қозғаушы күші.
Феодализм ыдырап капитализм орнай бастады. Католик шіркеуінің озбырлығы мен оның діни қағидаларына қарсы шыққан халық адам құқығын, ар-намысын қорғауға ұмтылды. Бұл уақыт "Қайта өрлеу" немесе "Гуманизм" деп тарихқа енді. Реформациялау, яғни шіркеуді өзгерту демократияландыру басты мақсат болды. Бірақ гуманистер халыкқа сенбеді.
"Қайта өрлеу" дәуірінің негізін салушы Николло Макиавелли (1469-1527) болды. Оның "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жайлы ойлар", "Флоренцияның тарихы", т.с.с. еңбектері болған.
Макиавелли дінге қарсы болды. Тұңғыш рет мемлекет ұғымын енгізді. Макиавеллидің ойынша мемлекет басқарушы мен бағынушының қарым-қатынасы. Ол Республикалық мемлекеттік еркіндікті, теңдікті аңсады. Мемлекет ерікті болса ғана, қуатты, абыройлы болады деп сенді. Мақсатқа жету үшін амал айланың қай түрін болсын қолдануды сұрады.
5. Жаңа және жаңаша дәуірдегі саяси ойлар. Жаңа және жаңаша дәуірдегі идеялар
1. ХVIII ғ. аяғы - XIX ғ. басындағы "Философиялық революция": И.Кант, И.Вихте, Ф.Шеллинг, Гегельдің саяси ілімі азаматтық қоғам, мемлекет, үш үкімет, тәуелсіздік, әлемдік Рух;
2. Сыншыл утопиялық-социализм - Сен-Симон, Ш. Фурье, Р.Оуэн; капитализмді күрт сынау, қоғамдық меншіктің пайдасына бола жекеменшікті жоққа шығару, еңбек басты тұтыным жеке адамның дамуы революцияны жокқа шығару.
3. Революциялық демократиялық утопиялық социализм-Н.Чернышевский, А.Герцен, В.Белинский, Н.Добролюбов. Қоғамды революцпялық жолмен жаңартуды қолдау, халықтың күшіне сену  орыс шаруаларының қауымдастығы негізіндегі социализм.
4. Марксизм-ленинизм - К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин. Капитализмнің тарихи күйреуінің сөздігі және комунистік қоғам құру  Әлеуметтік социалистік революция және социализм теориялары. Әлемдік революциялық процесс. Социализм құрылысының жолдары.
Жаңа заман XVII ғасырдағы Англиядағы буржуазиялық революция тұсында басталды.
Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі - ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588-1679). Оның ойынша мемлекет жалпыға бірдей бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін керек. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шектеп, барлық билікті мемлекетке береді.
Францияда буржуазиялық революцияның өкілі Шарль Луи Монтескье (1689-1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның дамуын географиялық ортамен байланыстырды. Мемлекет азаматтарды тіршілікке қажетті қаражатпен қамтамасыз етуге міндетті деген ұстанымда болды.
Францияның тағы бір ойшылы - Жан-Жак Руссо (1712-1778) ұсақ буржуазияның шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен теңдікті ең жоғары игілік деп санады. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында теңдікті сақтауы керек.
Американың ойшылы Томас Джефферсон (1743-1826). 0л Америка Құрама Штатының "Тәуелсіздік декларадиясын" жазды. Декларацияда адамдардың табиғи құқығы мемлекет белгілеген зандардан жоғары түруы керек. Жаратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың өмірге, бостандыққа, бақытқа тырысуына құқығы бар делінген.
Келесі ойшыл-Томас Пейн (1737-1809). Ол Америка халқын азаттық күреске шақырды. Ол бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Оның ойынша, мемлекетті қоғам тудырды. Үкіметтің мақсаты  қауіпсіздікпен бостандықты қамтамасыз ету. Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікті жақтады.
Германияның ойшылы Иммануил Кант (1724-1804). Оның "Космополиттік көзқарас жөніндегі жалпы тарихтың идеялары", "Өмірлік бейбітшілікке" деген еңбектері бар. Оның ойынша адам бір іс бастағанда өнегелік, адамгершілік заңын басшылыққа алу керек. Ол басып алушылықты, тонаушылық соғысты, оған дайындықты әшкерледі. Мемлекеттер арасындағы халық аралық сауда мен өзара қарым-қатынасты бейбітшілікті орнату мен сақтаудың құралы деп білді.
Пролетариат күресінің алғашқы кезенінде Сен-Симон. Фурье, Оуэн сияқты социалист-утопистер болды. Әркім өз қабілетіне қарап еңбек ету, ақы алу сияқты пікірлер айтты. Олар материалдық игіліктерді әділ бөлу мәселесіне баса назар аударды.
6. К.Маркс пен Ф.Энгельстің саяси идеялары
1. Капиталистік қоғамды жою туралы қажеттілік.
2. Коммунизмді құру идеясы.
3.Саясат туралы жалпы теорнялық және методологиялық ойлары.
4.Тап күресі,  пролетариаттың тарихи міндеті және оның одақтар туралы пікірлері.
5. Мемлекет, пролетариат диктатурасы туралы тұжырымдама.
6.Жұмысшы тобының азаттық күресінде коммунистік партияның жетекшілік рөлі.
7.Пролетариаттар күресінің стратегиясы мен тәсілдері жөніндегі принциптері.
8. Ғылыми социализмнің коммунистік қоғамның негізгі белгілері, мәні сипаты туралы қағидалары.
9. Соғыс және әскер, революция жеңістерін қорғау тұрғысындағы саяси ойлар.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы буржуазиялық қоғамның таптық күресінің шиеленіске бастауы - марксизм теориясын тудырды.
К.Маркс (1818-1883) философия мен саяси экономияда жаңалық ашты: өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар салдарынан қақтығыс туып, аяғы социалистік революцияға айналады, басты рөлде - пролетариат болады. Олар шаруамен одақтасуы қажет деді.
К.Маркс пен Ф.Энгельс пролетариат диктатурасы туралы ілімді дүниеге әкелді. Ал басшылық жасаушы- коммунисттік партия болады деген тұжырымдама жасады.
7. В.И.Лениннің саяси теориялық көзқарастары. В.И.Лениннің идеялары
В.И. Ленин төмендегідей идеялар ұсынды:
1.Жаңа тұрпатты саяси партия туралы ілім.
2.Жұмысшы табының одақтары туралы маркстік идеяларды жаңа жағдайға байланысты тұжырымдауы.
3.Социалистік революцияның лениндік теориясы.
4.Жаңа саяси жағдайда коммунистік партияның стратегиясы мен тәжірибесін ұсынуы.
5.Буржуазиялық-демократиялық революцияның социалистік революцияға ұласуы, имперализм туралы пікірлері.
6.Пролетариат мемлекетінің ұлт саясаты жөніндегі теориялары.
7. Социализм тұжырымдамасының негізгі бағыттары.
В.И.Ленин (1870-1924) К.Маркс пен Ф.Энгельстің ізбасары болды. Ол капитализм дамуының, импералистік сатысының заңдылықтарын зерттеді. Жаңа тұрпатты партия туралы ілімді жасады және соның ұйымдастырушысы болды. Жаңа қоғам құру ісін Ленин елді индустрияландырумен, ауыл шаруашылығын кооперациялаумен және мәдени революцияны жүзеге асырумен байланыстырды. Марксизм-ленинизм идеясы коммунизм кезінде мемлекет, саясат болмайды деп ұқты.
8. Қазақ жеріндегі ойшылдар
Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Қазақтың алғашқы философы, әлеуметтанушысы. Математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160-тан астам трактат жазған. "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы", "Азаматтық саясат" деген еңбектері бар.
Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген:
1. Қайырлы - халықты бақытқа апарады.
2. Қайырымсыз - мұнда теріс әрекеттер болады.  Әл-Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан сол ол бақытын табуға тиіс. Оған  ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді. Ұлы дана халықтар достығын қолдады.
Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі — Жүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-1075). Ол - ақын, философ, қоғам қайраткері болған. "Құтадғу білік" (Құтты білік) деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адамның тағдыры, қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы, т.с.с берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған.
Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар Қасым, Есім, Тәукехандар, "Қасымханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған.
Ал Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған қазақ әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды.
Қазақтың белгілі ойшысы-ШоқанУалиханов (1835-1865). Ол ғалым. ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат-мүдесі деп білді. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады. Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді. Қоғамдық құрылыстың жаңартудың жолы ретінде реформаны таңдады. "Сот реформасы жайындағы хат" деген еңбек жазды. Сол реформаны іске асыру үшін көп зерттеулер жүргізген.
Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған.
Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнаған. 1887ж. Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан.
Қазақ даласының ғұлама ойшылы - Абай Құнанбаев (1845-1904). Ол қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік- керектігіне назар аударды. Ол адамның "ақыл, ғылым, қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады.
Қазақ жерінде саяси сананың дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғ. басында пайда болған алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті. Оларға: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтерді жатқызуға болады.

9. Қазіргі кездегі саяси ілім
XX ғ бас кезінде Батыс елдерінде 1."Солидаризм" ілімі кең өріс алды.Оның негізін салушы француз ғалымы Л.Дюги. Бұл ілім бойынша әрбір тап өмірде өз міндетін атқарып, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесімділігін қамтамасыз етуі керек.
Бұдан соң 2. "Элитаризм" теориясы дүниеге келді. "Элита" - яғни француз тілінде "ең жақсы" "іріктелген", "сұрыпталған", "таңдаулы" дегенді білдіреді. Бұл ілімнің өкілдері -Г.Моска, В.Парето.
3. "Фашизм" - еңбекшілерді басып-жаншу зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатан қадағалау.
4. "Геосаясат" теориясы. Негізін салушы Ф.Ратцель. Бұл теория бойынша мемлекеттің, өмірі қауіпсіз сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялық кеңістік қажет. Ал ондай мүмкіндік болмаса қарудың күшімен қамтамасыз ету керек.
5. "Тоталитаризм" - бұл мемлекет тарапынан қоғамның
және әр адамзаттың өмірін катаң бағалауға алатын мемлекеттік саяси құрылыс.
6. Либерализм - мемлекетті реттеу, "Аралас экономиканы", саяси әділеттілікті, пікір алуандығын алға тартады.
7. "Консервативтік" –мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бәсеке бостандығын берген дұрыс деп санайды.


  Қазақ тіліндегі рефераттар - Саясаттану


Яндекс.Метрика