1. Рефераты на казахском
  2. Педагогика
  3. Жалпы адамзат қазынасы

Жалпы адамзат қазынасы

Жоспар:
1. Адам құқығы - адамзат қазынасы.
2. Адам құқығын қорғау жөніндегі Конвенция.
3.  Мұғалім-оқушы қарым-қатынасының негізі - баланың жеке басын сыйлау.

1. Тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі- жас ұрпақты жалпы адамзаттың құндылыққа негіздей отырып тәрбиелеу.
Құндылық - философиядағы, қоғамтанудағы және педагокикадағы негізгі құбылыстардың бірі. Философиядағы құндылқ қоршаған дүниедегі объектілердің әлеуметтік ерекшеліктерін, олардың адам мен қоғам үшін, қоғамдық өмір мен табиғаттағы құбылысардық дұрыс немесе қате мәнін (игілік, жақсылық пен жаманшылық, әсем мен көріксіздік) түсіну үшін қолданылады. Жалпы адамзаттың құндылықтарға философтар, прогресшіл ойшылдар мен педагогтар адамның құқығы, бостандығы, табиғат, ата-бабаларымыздан қалған мәдени мұра және соған сәйкес келетін тәрбие мен білім ұғымдарын енгізеді. Жалпы адамзаттық құндылықтар - түрлі халықтың, түрлі діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын, туыс ететін құбылыс.
Ең биік құндылықтардың бірі — адамның өмірі. Оған озбырлық жасауға ешкімнің құқы жоқ. Келесі құндылық - адамға өмір сыйлаған адамның алдында бас ию. Туған жер, үй, отбасы құндылықтарынан адамның ары, абыройы нер алып қоректеніп, еркіндікке талпынысы, патриоттың, адамгершілік касиеттері қалыптасады.
XX ғасырдық соқында халықаралық топ алғашқы рет дүние-жүзілік тарихта адамның құқықтары туралы халықаралық құжаттар жасады.
"Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясы", "Баланың құқықтары туралы Конвенция", т.б. құжаттар тәрбиенің методологиясы мен теориясын, оның жаңартылған мақсат, мүдделерін қарастырады.
2. Конвенция - белгілі бір шарт. Балалар құқығы туралы халықаралық Конвенцияның 80 жылға жуық тарихы бар. Алғаш рет 1923 жылы "Балаларды құтқарудық Халықаралық одағы" деп аталатын мемлекеттік емес ұйым әлемдегі балалардың жай-күйі жайлы дабыл қағып, арнайы Декларация (мәлімдеме) жариялайды. "Женевалық" деген атауға ие болған бұл Деклара-цияны келесі жылы Ұлттар Лигасының Бесінші Ассамблеясы мақұлдайды. 1948 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы осы мәтінге аздаған өзгертулер енгізіп, 1959 жылы балаларды қорғау мен олардың хал-жағдайын жақсартуға бағытталған 10 берік негізден тұратын жаңа Декларация қабылдайды. 1959 жылғы Декларация балалар құқығы туралы Конвенцияны дайындауға негіз болды. 19 78 жылы Польша үкіметі БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі Комиссиясына осы Декларацияның негізінде жасалған Конвенцияның алғашқы жобасын ұсынды. Халықаралық балалар жылы деп аталған 1979 жылы Конвенция қабылдануға тиіс болатын. Бірақ, Комиссия оны жан-жақты, терең зерттеу керек деген шешімге келіп, арнайы жұмыс тобын қүрады. Жылына бір-ақ реттен отырыс өткізген жұмыс тобы 9 жыл бойы
Конвенцияға өзгертулер, толықтырулар енгізіп, 1989 жылы оның дайын екенін мәлімдейді. Осы жылдық 20 қарашасында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының Сессиясы Конвенцияны мақұлдап, оны талқыға салысымен оған бірден 61 елдің басшылары қол қояды. Конвенцияға қол қойған мемлекеттер оны өз елдерінде де жүзеге асыруға ықыласты екендіктерін білдіреді. Конвенцияны бекіту тәртібі бойынша оған қол қойған елдердің үкіметі мен парламенті келісім-шарттың ережелеріне сәйкес заң жобаларын жасауға міндеттеме қабылдайды. Конвенция бекітілген соң үкіметтер оның ережелерін заңды түрде орындауға міндетті. Егер олар Конвенцияның ережелерін сақтамаған жағдайда халықаралық қауымдастық алдында жауап береді. Балалар құқығы туралы халықаралық Конвенция адамзат тарихындағы адам құқығы туралы кең көлемде қабылданған бірден-бір келісім-шарт. Оған АҚШ пен Сомалиден басқа әлемдегі елдердің бәрі қол қойып, өз елдерінде оның ережелеріне сейкес жұмыстар жүргізуде.
Біздің тәуелсіз жас мемлекетіміз - Қазақстан Республикасы да осынау аса маңызды мәселеден шет қалған жоқ. ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1994 жылдық ақпан айында БҰҰ-ның Балалар құқығы туралы Халықаралық Конвенциясына 156-шы ел болып қол қойды.
Конвенцияға қол қойған елдердің үкіметі келісім-шарттың ережелері мен міндеттерінің орындалу барысы жайлы тиісті орынға баяндама дайындап отырады. Алғашқы баяндама Конвенция бекітілгеннен кейін екі жылдан соң, кейінгілері әр бес жыл сайын дайындалады. Баяндамада сол елдегі балалардың жағдайы, үкімет тарапынан жасалып жатқан қамқорлығы жан-жақты көрсетілуі тиіс. Баяндамаларды сараптан өткізу үшін келісімге қол қойған мемлекеттер балалар құқығы туралы Комитеттің мүшесі болып саналатын он адамнан сарапшылар тобын тағайындайды. Олар өз елдерінде жұмыс істей береді, жылына үш рет Женевада бас қосып, баяндамаларды сараптан өткізеді. Сарапшылар келісімге қол қойған елдердегі балалардың жағдайын, олардың құқығының қорғалуын, Конвенцияда көрсетілген міндеттердің орындалуын, балалардың жағдайын жақсаруда қол жеткізген жетістіктер мен жіберілген кемшіліктерін қатаң талдаудан өткізеді, болашақта ол елдерде қандай жұмыстар жүргізілуі керектігіне бағыт-бағдар береді. Сарапшылар жасаған қорытынды арнайы Сессияда бекітіледі.
Конвенция қабылданғалы бергі уақыт ішінде көптеген елдерде балалар құқығын қорғау жұмысы жанданып, бірқатар оң істер атқарылуда. Экономикасы, халқының тұрмыс жағдайы нашар елдерге БҰҰ-ның ЮНИСЕФ - балалар қоры көп көмектесуде. Қор осы елдердегі балалардың денсаулығын жаңсартуға, білім алуына, басқа да әр түрлі шаралар өткізуіне қаржылай, заттай жәрдемін беріп келеді.
Десек те, әлемдегі елдердің бірқатарында балалар құқығын қорғау мәселесі әлі де оң шешімін таппай отыр. Кейбір елдердің экономикасының нашарлығы, экологиялық ахуал балалардың білім алуына, денсаулығына, қалыпты өмір сүруіне кедергі келтіріп,оларды қайыршылық күйге душар етуде. Мысалы, қазір әлемде 130 миллиондай бала мектепке бармайды. Олардың үштен бірі қыздар.
Жер бетінде жыл сайын әр түрлі аурудан 12 миллиондай бала көз жұмады. Кейбір елдерде әрбір төртінші бала жарық дүниеде бес күн де тұрмайды екен. Олардың көбі - ішерге асы, киерге киімі жоқ тұрмысы нашар отбасыларында өмірге келген нерестелер.
Қазіргі кезде әлемде 250 миллиондай бала күндіз-түні жұмыс істейді. Күнкөріс қамы үшін ауыр жұмыстарға жегілетін балалардың жағдайын айтудық өзі ауыр. Сондай-ақ, жыл сайын бір миллиондай бала контрабанданың құрбаны болып, өз елінде немесе шет елдерге сатылады.
Ал ересектердің жұмсауымен әр түрлі қылмысқа барып, ешқандай қорғаусыз ауыр жаза алып, тұрмелерде күн кешіп жатқан балалар қаншама?!.
Міне, Балалар құқығы туралы Халықаралық Конвенцияның ең басты міндеті - осындай келеңсіз жағдайлармен күресу, елімізде өмірге келіп, күн кешіп жатқан балаларды бағып-қағуға, оқытуға, денсаулығын қорғауға, өзіне қызмет ететін толыққанды азамат жасап шығаруға үндеу, керек болған жағдайда мәжбүр ету болып табылады. Конвенцияның баптары:
1-4 бапта бала ұғымына анықтама беріледі. Баланың құқын қорғауға мемлекет, әкімшілік тұрғысынан кепілдеме беріледі.
5-11 бапта баланың азаматтық алуға, өмір сүруге құқығы бар делінген. Ата-анамен баланыңқарым-қатынасына, ата-ананың міндеті мен құқығына түсініктеме беріледі.
Баланың өз көзқарасын білдіруге, пікірін айтуға құқығы, ой, дін мен ар-ождан еркіндігі, ақпаратты жинақтап тарату қү-қьщтары 12-19 баптарда жазылған.
20-26 бап: Отбасынан айырылған баланы қорғау, асырап алу, Гюсқын балалар, мүгедек балалар, денсаулық сақтау, қамқорлыққа алу жағдайындағы тұрақты тексеру, әлеуметттік қамтамасыз ету мәселелеріне заңдық тұрғыдан жауап берілген.
27-31 бапта баланың білім алуға құқығы, міндетті түрде бастауыш білімді тегін беру, баланың жеке басын кемсітуге тыйым салу, білім мазмұнының білім стандарттарына сәйкес келуі, аз ұлттардың мәдениеті, салт-дәстүрі, тілін сақтау және дін бостандықтары  заңдастырылған.
32-36 бапта баланы экономикалық, сексуалдық, т.б. қанаушылықтан қорғау мемлекеттің міндеті болғандықтан, оның психикасына зиянды заттардан және есірткілерден қорғау және баланы сатуға мемлекет тарапынан қатты тыйым салынатындығы айтылған.
37-40 баптатәртіп бұзған, қылмыс жасаған баланың құқығын корғау жұмысы ұйымдастырылатындығы, қарулы қақтығыстар жағдайында олардың құқын мемлекет қорғауға тиісті екендігі жазылған.
46-54 баптың талабы бойынша мемлекет бала құқығын қорғауды ұйымдастырады.
Конвенция бала құқығын қорғап, оны өмір сүруге, дамытуға, қорғауға және қоғамның өміріне белсене қатысуға бағыттайды.
Заң балаларды қоғамдағы өмірге даярлап, қоғамдық және шығармашылық белсенділігін дамытады, өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде имандылық қасиеттерге, ұлтжандылық пен азаматтылыққа тәрбиелеп, ұлттық сана-сезімді қалыптастырады. Баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.
3. Жалпы әлемдік құндылықтардың бірі - тәрбиенің қажеттілгі, басқа адамды жақсы көру.
Адамның тағдыры, әлемдік дүниемен, адамдармен, ұжыммен байланысты.
Оқушыны ұжымдық қатынастар жүйесіне енгізу күрделі, қарама-қайшылыққа толы үрдіс. Ұжымдағы құндылықтар -қарым-қатынастардың әлеуметтік психологиялық негізі. Ұжым баланың өмірі мен қызметіне, оқушының жеке басы мен мінез-құлқына адамдардық көпшілігі жоғары бағалайтын адалдық, қайырымдылық, ізгілік, батылдық сынды маңызды қасиеттерді ендіреді.
1) Ұжымшылдық - тиімді бірлескен қызмет, ынтымақтастық және ұйымшыл орта, топтың, ұжымның мүдделеріне адалдық, басқаны түсіну, қамқорлық, оқушыны өзіндік пікірі бар тұлға ретінде қарастыру. Тәрбиеші баланың көзқарасымен келіспесе де, оны құрметтей білуі керек.
Құрмет - адамның кемшіліктерінен бұрын жақсы қасиеттерін көре білу.
Қоғамда дінге ынта-ықылас күшеюде. Дін - адам санасынан тысқары емес, қоғамдық өмірдегі сананың бір бөлігі, әлеуметтік ақиқат, шындық фактор. Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабында "Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға хақылы" - делінген. Бұл адамдардық қай дінді қабылдасаса да, өз еркі деген бас бостандығын қолдайтын демократиялық құқық қорғаудан туындаған ұстаным. Бірақ бала құқығын бұзатын діни ағымдарға тыйым салынады.
Ата-аналар немесе олардың орнын басушылар отбасында баланы өз көзқарасынша тәрбиелеуге құқықты, бірақ баланы зорлап, дінді мойындатуға жол берілмейді. Дінді оқытуда оны адамзат мәдениетінің бір бөлігі ретінде қарастыру керек. Барлық дінде де сүйіспеншілік, үміт, бейбітшілік, әділдік, ізгілік, қайырымдылық ұғымдарына бірыңғай көзқарас бар. Жастарды адамгершілік қасиеттерге, құндылықтарға тәрбиелеуде діннің таза ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейтін ұстанымдарына ден қоюға болады.
Тәрбие жұмысында діннің осы ұстанымдарын уағыздай отырып, оқудық ғылыми негізіне баса көңіл бөліп, білім беру мен тәрбие ісінде ғылымилық, күнделікті өмірмен байланыстылық, баланың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру, еріктілік ұстанымдары басты қағида екендігін есте ұстау қажет.
Халықтың адамгершілік рухани өмірінің барлық кезеңінде халықтық педагогиканың бай үлгілерін, тәжірибесін қолдану арқылы ұрпақтар арасындағы байланыс сақталып келеді. Тәр-биенің мәні - халықтардың озың, ізгілікті дәстүрін жандандыру арқылы ұрпақтардың адамгершілігін нығайту.

Әдебиеттер:
1. Бала құқықтары туралы Конвенция. - А., 2001.
2. П.И. Пидкасистый. Педагогика. - М., 1996.
1. С.Қалиев. Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева, А.А.Бисенбаев. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудық, жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыту сабақтарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік құрал. /Құрастырушы: Б.Қ. Игенбаева. -Алматы, 2000.
2.  К.Ж. Қожахметова. Сынып жетекшісі. - Алматы: Әлем, 2000.
3. К.Ж. Қожахметова. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. - Алматы: Әлем, 2000.
4. Педагогика тағылымдары. Құрастырушылар: Б.Айтмамбетова, А.Бисенбаева. - Алматы, 2001.
5. Ә.Табылдиев. Әдеп әліппесі. - Алматы: Рауан,

  Қазақ тіліндегі рефераттар - Педагогика


Яндекс.Метрика