- Рефераты на казахском
- Педагогика
- Аралас сабақ
Аралас сабақ
Аралас сабақ
Бұл сабақ қазіргі мектептерде кең тараған, көптеген сабақ түрлерінің алдында тұрған міндеттерге сүйенеді, бірнеше сабақтардан құралған, сондықтан оны аралас сабақ дейді. Аралас сабақтың құрылымы әр түрлі болады. Мысалы, озат мұғалімдер оқушыларға білімдерді өздік жұмыстар арқылы меңгертеді.
Жаңа материалды оқытуда оны бірінші рет бекіту, қолдану жиі ұйымдастырылады. Материалды бекітумен қатар бұрын өтілген тақырыптарды тексеріп, білімдерді қалыпты емес жағдайларда қолдандырып дағдыландырған жақсы. Сабақтың элементтерін осылай біріктіру оны оқушыларға қызықты етеді.
Аралас сабақ мұғалімге қатаң талап қояды. Сабақтың элементтерін, жұмыс формаларын іріктеумен қатар әр элементке бөлінген уақытқа мұқият қарау керек. 20-25 минут сабақ сұрап, 15 минут сабақ түсіндіруге болмайды.
Аралас сабақтың принциптері
1. Сабақ кезінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі, оқуды қажетсіну.
2. Мұғалімнің жұмысындағы ең бастысы - оның әңгімелегені, көрсеткені, тапсырма беріп, оның орындалуын бақылау емес. Сондықтан ол оқушыларды өнімді оқу іскерліктері мен дағдыларына машықтандыру керек.
3. Жеке тұлғаны дамыту. Сабақты ұйымдастыруда және өткізуде оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сүйену, оқушылардың шамалары жететін қиындықтарды жеңуді сезуі, әр оқушының өзінің жеке қасиеттерін дамытуына жағдай жасау, сабақты әлеуметтік жағынан пісіп жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруға бағыттау.
4. Ұжымшылдықты қалыптастыру. Ол үшін оқушылардың көп болып істейтін оқу жұмыстарын ұйымдастыру.
5. Жауапкершілік принципі.
1. Оқушы өз жолдастарының да, мұғалімнің де алдында білгенін айтады.
2. Оқушының өз жұмысын бақылауы және бағалауы.
3. Оқушының өзінің оқу іс-әрекетін өзі бақылауы үшін оған іс-әрекеттің мақсатын және жоспарларын, бағалау өлшемдерін айту. Демек мұғалім оқушыларды тақырыптың жоспарымен, мақсатымен таныстырып, оларға материалды оқу нәтижесінде нені білу және істей білу керектігін айтып, қол жеткен жетістіктерді бағалау, өлшемдерін беру керек.
4. Оқушылар білім, іскерлік, дағдыларды бақылайды, бағалайды. Бағаны барлық оқушылар білу керек.
5. Оқушы өз жұмысын тексеріп, өзіне-өзі баға беріп, өзінің бағасын жолдастарының және мұғалімнің бағасымен салыстырып отырады.
6. Сабақта тәртіп бұзған оқушыны ұжымның жазалағаны жақсы. Бірақ жеке тұлғаны қүрметтеу керектігін естен шығармау.
7. Оқушыны тәртіп бұзғаны үшін жазалауға болады, бірақ сабаққа нашарлығы, оқуда артта қалғаны үшін еш уақытта жазалуға болмайды.
8. Оқушы мен мұғалімнің, оқушылардың бір-бірімен қатынасы шынайы болу керек, оқушылардың бір-біріне көмегі адамгершілік тәрбиесіне ықпал етеді.
"Жауапкершілік" оқушының өз міндеттерін түсінуі, міндеттерін орындауы, жеке тұлғанық өз іс-әрекетін бақылай білуі.
Психологиялық принцип. Сабақ оқушыларды оқуға ынталандырып, оған деген оң көзқарасты тәрбиелеу керек. Маңызды және құнды себептер арқылы оқушыны оқуға итермелеп отырғаны дұрыс.
Аралас сабақтың кезеңдерінің сызбасы:
Жұмысты ұйымдастыру Өткенді қайталау Жаңа материалды оқу Бекіту Үйге тапсырма
2 мин. 10 мин. 25 мин. 5 мин. 3 мин.
Ұйымдастыру бөлімі
Оқу еңбегінің жақсы жүруіне жағдай жасау үшін сабақты алдын ала ұйымдастыру қажет, себебі сабақтың жақсы өтуі алғашқы минуттарға байланысты.
Ұйымдастыру бөлімі — күрделі кезең. Оның міндеті оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан әзірлеу
Жақсы нәтижелерге жету жағдайлары:
• мұғалімнің зейінін шоғырландыра білуі, өзін-өзі ұстауы, жинақтылығы;
• көп сөйлемеу, жігерлілік;
• талап қойғыштық және оқушылардың жағдайына зейінін аудару және сабаққа кешікпей келу;
• психологиялық үзіліс және сұрақтарды қолдану сабақ тақырыбына зейінді шоғырландыру;
• жылы жүзділік және кең жүректілік;
• талапты тұрақты және жүйелі қою.
Кезеңнің психологиялық міндетінің орындалғанын мына көрсеткіштерге қарап біледі:
- мұғалім мен оқушының жайдарылығы;
- ұйымдастыру бөлімінің қысқалығы;
- сыныптың, сабақ жабдықтарының жұмысқа толық дайындығы;
- сыныпты тез жұмысқа кірістіру;
- барлық оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Бұл өте маңызды және жауапты кезең, оны жүзеге асыру сабақтың дамуы мен нәтижесіне ықпал етеді. Кейбір мұғалімдердің ұйымдастыру бөлімі тез өтеді, Бұл мұғалімнің алдыңғы сабақтардағы ұйымдастыру талаптарын орындауға балаларды үйретуінің нәтижесі. Бұл кезең тәрбиелейді. Бұл кезеңде мұғалім мен оқушының өзара қатынасының негізі қаланады.
Кезеңнің мазмұны:
1. Амандасу – әдептіліктің қарапайым түрі, педагогикалық процестің, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасының басы. Оған қарап мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас қандай екендігі туралы пікірлер айтуға болады. Амандасудан өзара сыйластық, бірін-бірі жақсы көру, бір-біріне жақсылық тілеу көрініп тұру керек. Бұл ынтымақтастыққа жол ашады. Сондықтан амандасуға үстірт қарауға болмайды.
2. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу.
Егер оқушы сабақты себепсіз жіберсе, онда жазалау әдісі қолданылады да, ал ауырып жатса оған көмек беріледі. Жолдастарынан міндетті түрде оқушының денсаулығын сұрап, сырқат оқушыға "тез жазылып кетсін",- деп тілек айтып жіберген дұрыс.
Ұзақ уақыт сабақта болмаған оқушы келгенде онымен сәлемдесу керек. Жоқ оқушыларға көңіл бөлу, олар туралы жылы сөздер айту ынтымақты жақсартады, ізгілікті, тәртіпті, мектеп пен мұғалімді құрметтеу сезімін тәрбиелейді.
3. Оқушылардың сабақ дайындығын тексеру.
Бұл сәтте мұғалім оқушылардың сырт келбетіне, жұмыс істеген кездегі қимыл-қозғалыстарына, жұмыс орнына назар аударады. Әдептілік, сезімталдық оқушының талғамын, сырт келбетінің әсемдігін тәрбиелейді.
4. Сынып бөлмесінің сабаққа дайындығын тексеру.
Сынып бөлмесі оқушылар мен мұғалімнің жұмыс орны, сондықтан оған көңіл бөлмеуге болмайды. Әркімнің өз денсаулығын күтуі оның өзіне деген қадір-қасиетін тәрбиелейді.
5. Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
Оларды үзіліс кезіндегі психикалық жағдайдан саналы, тез жұмыс істеп кетуге тәрбиелеу керек. Мұғалімнің сыныпқа кіріп келген кездегі психологиялық жағдайы оқушыларға беріледі. Сондықтан дауыс көтеру, зекіру ынтымақты бұзады.
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Есіңізге сақтаңыз! Мұғалім өз жұмысы туралы жауап алмаса, оның бағасы болмаса, оқушы өз табысына қуанбайды, қателігіне ренжімейді.
Кезеңнің оқу-тәрбиелік міндеті - барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындағанын тексеру, жекелеген оқушылардың тапсырманы орындамау себептерін анықтау, тексеру барысында білім, іскерлік, дағдыларда байқалған кемшіліктерді жою, соңғыларын одан әрі жетілдіруді жүзеге асыру.
Мұғалім оқушылардың күші мен қабілетіне дем беріп, табысқа ынталандырады, борыш сезімін, мақсатқа жетудегі табандылықты, тәртіптілікті қалыптастыру үшін жұмыстанады.
Кезең мазмұны:
1. Барлық оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындағанын анықтау.
2. Жекелеген оқушылардың үй тапсырмаларын орындамау себептерін міндетті түрде анықтау және оны келесі күнге дейін орындататын шара алу.
3. Білімдегі типтік қателіктерді анықтау және олардың пайда болу себептерін білу
4. Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.
5. Пән бойынша кеңесшілерді, кезекшілерді үй жұмысын тексеруге тарту.
6. Оқушылардың өзара көмегін және өзін-өзі бақылауын қолдану.
7. Мұғалімнің өзінің өткен сабақтағы жұмысын талдауы. Үй жұмысын тексеру арқылы мұғалім өзінің әдістемесінің жақсы және қате жерлерін тауып, оқушылардың үлгерімдерін біліп отырады, қол жеткен нәтижелерді ескере отырып, келесі сабақтарға әзірленеді.
Жақсы нәтижелерге қол жеткізетін жағдайлар:
- Мұғалімнің шапшаңдығы, өз алдында тұрған мақсатқа жету үшін еңбектенуі.
- Үй тапсырмаларын барлық оқушылардың қалай орындағанын анықтауға мүмкіндік беретін тәсілдердің жүйесін қолдану.
- Үй тапсырмаларын орындау - оқытудың нәтижелеріне ықпал ететінін оқушылардың түсінуі.
- "Үй тапсырмаларын орындауды ұмытып кету" мүмкін емес, себебі олардың қалай орындалғанын мұғалім міндетті түрде тексереді? - деген оқушылардың пікірін қалыптастыру. Орындалмаған, тексерілмеген үй тапсырмасы оқушыларды жауапсыздыққа тәрбиелейтінін естен шығармаңыз.
Кезеңнің алдында тұрған оқу-тәрбие міндеттері орындалды деп айту үшін қандай көрсеткіштерге сүйенеміз?
- барлық оқушылардың үйде орындаған тапсырмаларын 5-7 минут ішінде тексеріп, типтік қателіктерді және оларды түзету тәсілдерін табу;
- жекелеген оқушылардың үйге берілген тапсырманы неге орындамағанын біліп, кемшіліктерді жою жолдарын белгілеу;
- үй тапсырмаларының түрлері және мақсатына қарай білімді тексерудің алуан түрін қолдану;
- үй тапсырмасы мен оқудың нәтижелері байланысты болатындығы туралы оқушылардың пікірін қалыптастыру.
Үй тапсырмасы жаңа материалды түсінуге керек болғанда, оны сабақтың басында тексеру керек. Кейбір мектептерде әдейі бөлінген оқушылар үйге берілген жазба жұмыстарын сабақтың алдында тексеріп, тексерудің қорытындыларын сабақтың басында хабарлайды. Тексерудің Бұл түрі тәрбиеге ықпал ету үшін ол талапқа сай жүру керек. Кейде үй тапсырмасын сабақтың соңында тексеруге болады. Тексерудің Бұл тәсілі үйге берілген тапсырма жаңа тақырыппен байланысты болмағанда қолданылады. Білім, іскерлік, дағдыларды тексерудің алуан түрін қолдануға болады. Жазба, графикалық, тәжірибелік тапсырмаларды сыныпты аралап жүріп тексеруге болады. Жұмыстың мазмұнын, нәтижелерін сынып болып тексереді. Жазбаша түрде орындалған жұмыстарды мұғалім үйде тексереді. Барлық не-месе кейбір оқушылардың жұмыстары тексеріледі. Кейбір мұғалімдер бұл жұмысқа жоғары сыныптың белсенді оқушыларын қағыстырады. Көптеген мұғалімдер сабақтың басында оқу материалының негізгі элементтерін меңгеру сапасын анықтау үшін қысқаша жазба жұмыстарын жүргізеді. Соңғы уақытта тапсырмаларды тексеру үшін тесті әдісімен жасалған сұрақтар қолданылуда.
Үй тапсырмаларын тексеру және бағалау педагогикалық процестің басқа факторларымен бірге оқушыларды оқуға ынталандырып, оқу үшін оған барлық күш-жігерін, қабілетін тартады. Осыны ұмытпаңыз!
Егер мұғалім оқушылардың үй тапсырмаларын қалай орындайтынын жүйелі түрде тексермесе, онда оқушылар "жұмысымызды жоққа шығарып отыр", - деп мұғалімді кінәлайды.
Озық мұғалімдердің тәжірбиесі үй жұмыстарын мұғалім міндетті, жүйелі түрде тексеріп, түзетіп отырғанда ғана үлгерімге әсер ететінін тағы да дәлелдеп отыр. Ұстаздық еңбектің шеберлері "үйге тапсырма бердің бе? - тексер, тексермесең оны беріп керегі жоқ", - дейді.
Тексеру барысында үй жұмысы әр оқушының сыныптағы оқу жұмысының жалғасы, одан ажыратылмайтын бөлік, оқудың нәтижесіне ықпал ететіндігі туралы түсінікті қалыптастырудың маңызы өте зор.
Оқушы өз жұмысы туралы пікір, бағасыз еңбегінің сапасын, бастысы және маңыздысы нәтижесін білмейді, табысына қуанып, қателігіне өкінбейді.
Білімді жан-жақты тексеру кезеңі:
Оқу-тәрбиелік міндеттері: Топтардың білімін терең және жан-жақты тексеру арқылы, білім және іскерліктердегі кемшіліктердің себептерін анықтау. Оқушылардың білімдерін бекіту, мықтыландыру және жүйелеу. Оқушылардың өз бетімен орындаған үй жұмыстарының әдістемесін тексеру. Жауап берген оқушылардың тілін және ақыл-ой қабілетін дамыту. Өз білімін басқаға жеткізуге, іскерлігін көрсетуге оқушыны дағдыландыру. Оқушыларды талдай білуге, сынауға үйрету. Ұжымшылдық сезімін, басқанық табысына қуанып, сәтсіздіктеріне қайғыра білуге тәрбиелеу. Өзінің іс-әрекетіне баға беру. Кезеңнің міндеттері күрделі және көлемді.
Кезеңнің мазмұны:
- жекелеген оқушылардың оқу материалын қаншалықты деңгейде білетінін түрлі әдістермен тексеру;
- жауап берген оқушылардың ойлау мәнерін тексеру;
- оқу және әлеуметтік дағдылары мен іскерліктері қаншалықты деңгейде екендіктерін анықтау;
- оқушылардың жауаптарына баға беру;
- тақтаға шақырылған оқушылар жауап беріп жатқанда барлық сыныптың оқу жұмысын ұйымдастыру.
Бұл кезең мұғалімнен үлкен шеберлікті талап ететін күрделі кезең. Оқушылардың білімдерін терең және дұрыс тексеру күрделі де қиын жұмыс. Ол жаңа материалды түсіндіргеннен де қиын.
Ауызша сұрау - сабақтағы тілдік тәжірибенің бірден-бір түрі. Ол өзара байланысты, бір-біріне ықпал ететін үш бөліктен тұрады.
Бірінші - мұғалімнің сұрағы және қою әдістемесі педагогикалық аксиомамен байланысты: ақылмен берілген жауапты ақылмен қойылған сұраққа алуға болады. Мұғалімнің беретін сұрағы мазмұнды, жүйелі және мақсатқа сәйкес болу керек.
Екінші - оқушының жауабы негізгі және маңыздырақ бөлім.
Үшінші - оқушылардың білімін тексеру кезіндегі оқушылардың төртібі. Ең бастысы - бір оқушы тақырыпты түсінгенін айтып жатқанда сыныптың зейінін, есін белсенді етіп, барлық оқушыларды белсенді жұмысқа тарту. Кезеңнің мәні - сыныптың барлық оқушыларының білімдерін жетілдіретін, кейбірін аттестациядан өткізетін ұжымдық, танымдық іс-әрекет. Оқу-шылардың білімін тексеру тек бақылаудың мақсаты ғана емес, ол оқытудың да мақсаты болып табылады.
Оқушылардың ауызша жауаптарын тыңдау оқушыларга қызықты болу үшін теориялық білімдерді тәжірибеде қолдандырған жақсы, сонда ғана оқушы өз білімінің дұрыстығына көзі жетіп, оны түзетеді, толықтырады, білімнің пайдасын түсіне бастайды. Өте маңызды тәсіл - өз жолдастарының жауабына оқушылардың әділ баға беруін мұғалімнің ұйымдастыруы. Бұл тәсілді қолданып, мұғалім оқушыларға жауаптарды талдаудың бір үлгісін береді. Онда жауапқа қойылатын талаптар көрсетіледі. Олар: дәлелділік, дұрыстық, жүйелілік, сөйлеу мәдениеті, білімді тәжірибеде қолдана білу. Нәтижесінде баға жауап берген оқушыға да, жауапты бағалаған оқушыға да қойылады.
Білімді ауызша тексеру түрлері: жаппай сұрау, білімді компьютер арқылы тексеру, жеке оқушылардың білімін тексеру. Өкінішке орай көптеген мектептерде Бұл кезеңнің мәні бұрмаданады.
Біріншіден, кейбір мұғалімдер оқушыдан оқу материалын қатесіз айтып беруді талап етеді. Бірақ баланың есте сақтау қабілетінен гөрі, ақыл-ойын бақылау керек, себебі оқыту баланың ойлау қабілетін дамытады.
Баланың есіне көп мағлұматтарды сала бергеннен пайда жоқ. Білімнің тереңдігіне, түсініктілігіне, іске басшы бола білетіндігіме назар аудару керек.
Екіншіден, осы кезеңде мұғалім тақтанық алдында жауап айтып тұрған оқушымен жұмыс істеп жатқанда, қалған оқушылар бос отырады. Мұндай тексеру баланың оқуы мен тәрбиесіне үлкен зиян келтіреді. Орташа есеппен сабақ сұрауға 15 минут кетеді, осы уақыт ішінде көп оқушылар бос отырса, онда олар үшін уақыттың босқа кеткені. Сыныптың төртібі, зейіні нашарлайды, оқушы мұғалімді алдауға, іссіз жүруге үйренеді. Егер ауызша сұрау кезінде бір оқушы жауап беріп, қалғандары бос отырса, онда 11 жыл ішінде әр оқушының 1,5-2 жыл уақыты босқа өтеді екен.
Оқушының тақтаға шығарған есебін немесе жазған қиын сөзін басқалары дәптерлеріне көшіріп алуы да ақыл-ой жұмысын туғызбайды.
Білімді тексеру дұрыс ұйымдастырылғанда ғана, ал оқушылардың білімі мен дамуына жақсы ықпал етеді.
Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар:
- білімді тсксерудің жаппай, жеке түрлерін қолдану;
- білімнің беріктігін, тереңдігін тексеру үшін қосымша сұрақтар беру;
- білімді қолдандыру үшін балаға таныс емес жағдаяттарды айту;
- жолдастарының жауабын тыңдап, дәлірек жауап беруге әзірлену үшін сыныптың оқушыларына тапсырмалар беру;
- жұмыстың маңыздылығына оқушылардың көзін жеткізу.
Кезеңдегі оқу-тәрбие жұмысының алдында тұрған міндеттердің орындалғанын дәлелдейтін көрсеткіштер:
• білімнің көлемін және дұрыстығын, сонымен қатар тереңдігін, тәжірибеде жұмыс істей алатындығын мұғалімнің тексеруі;
• оқушылардың білім, іскерлік дағдыларындағы жақсы жетістіктері мен кемшіліктерін көрсететін, өздік жұмыс тәсілдерін жетілдіру үшін берілген нұсқаулар;
• жекелеген оқушылардың білімдерін тексеріп жатқанда сыныптың белсенді түрде жұмыс істеуі.
Білімді тексеру – оқушылардың жұмысына педагогикалық бақылау, оқушылардың білімдерін бекітетін, нақтыландыратын, түсінікті ететін, жүйелейтін, оқушылардың өз білімдері мен іскерліктерін көрсетуіне мүмкіндік беретін, оқушыны өзіне бақылаттыратын маңызды және әділ тәсіл.
IV. Жаңа материалды белсенді және саналы қабылдауға, меңгеруге оқушыларды әзірлеу кезеңі:
Кезеңнің алдында тұратын оқу-тәрбиелік міндеттер: Оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және оған бағыт беру, жаңа материалды меңгеруге әзірлеу. Оқушыларды мақсатты тұжырымдауға және оған қол жеткізу құралдарын таңдап алуға үйрету.
Кезеңнің мазмұны:
- жаңа оқу материалының тақырыбын хабарлау, жаңа материалды оқып-үйренудің мақсаты мен міндеттерін оқушылармен бірге тұжырымдау;
- жаңа оқу материалын оқып үйренудің тәжірибедегі пайдасын көрсетіп, оны меңгеруге оқушыларды ынталандыру;
- оқушылардың алдына оқу мәселелерін қою, әрбір оқушының оқу процесінде орындалатын жұмыстардың мақсатын білуі, оқушының білімнің маңызын түсініп, оқуға қызығуы.
Жақсы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ететін жагдайлар:
• жаңа оқу материалының мақсатын, міндеттерін, оқушыларға пайдасын тұжырымдап, оларды сабақ жоспарына жазу;
• оқушыларға осы сабақта нені үйрену қажеттігін, қандай білім алып, іскерлікке үйреніп, оның қай жерлерін шапшаң істеу керектігі туралы айту;
• нәтижені алдын ала көру жақсы жұмыс істеуге тікелей ықпал ететіндігін, сондыңтан кез келген іс-әрекеттің мақсаты болу коректігін оқушыларға түсіндіру;
• сабақтың мақсатын оқушылармен бірге талдау немесе тұжырымдау, әйтпесе, оқушы не мақсатпен оқып жатқанын түсінбейді.
Кезеңнің аяқталғандығынан хабар беретін көрсеткіштер:
• сабақтың келесі кезеңдеріндегі оқушылардың белсенділігі;
• жаңа оқу материалын дұрыс қабылдаулары және түсінулері;
• сабақтың мақсаты мен міндеттерін тақырыпты хабарлаған кезде оқушыларға айтып кетуге болады, бірақ үнемі айту міндетті емес. Мақсат пен міндеттерді мұғалім оқу процесінің жүйесіне қарай түрлі тәсілдермен хабарласа да болады. Мақсат пен міндетті "Бүгінгі сабақта не істейміз" - деген стендіге жазып коюға болады.
V. Жаңа білімді меңгеру кезеңі:
Оқу-тәрбиелік міндеттері. Факт, құбылыс ереже, принцип, заңдар туралы нақты түсінік беріп, қорытындыға әкелген тәсілдерді, жолдарды, құралдарды оқушыларға үйретіп, білім негізінде, оған сәйкес келетін іскерлік және дағдыларға машықтандыру.
Оқушылардың өздеріне, басқа адамдарға, сынып ұжымына, еңбекке, Отанға деген оң қатынасын қалыптастыру.
Бұл кезең дамыта оқыту принциптерін сәйкес жобаланады және жүзеге асырылады.
Кезеңнің мазмұны:
• зейінді ұйымдастыру;
• мұғалімнің жаңа оқу материалын оқушылардың қабылдауын, түсінуін, жүйелеуін ұйымдастыруы;
• жаңа материалды оқушының өзі оқып-үйреніп, меңгеретін іс-әрекетке баулу. Жақсы оқуға көмектесетін іскерлік пен дағдыларға машықтандыру;
• оқыту процесінің негізгі қызметкері (субъектісі), өзінің оқуына, сөзі мен ісіне бірден-бір жауапты адам оқушы болатын жағдаяттарды жасау.
Бұл кезеңдегі оқыту мәні оқу материалын баяндау емес, қайта ол материалды мұғалімдердің басшылығымен оқушының өнімді әдіс-тәсілдер арқылы меңгеруі екенін есте ұстау керек. Өмір оқушылардың білімді өз күштерімен алуын талап етіп отыр.
Жақсы нәтижелерге жеткізетін жағдайлар:
• оқушылардың сезім арқылы қалыптасқан тәжірибесін және білімдерін сабақтың мақсатына сай естеріне түсіру;
• оқушылардың ой жұмысын белсенді ететін түрлі әдістерді кең түрде қолдану, оларды ізденіс жұмыстарына қатыстыру, өздігінен білім алуға үйрететін тәсілдерді пайдалану. Балалардың жаңа материалды мүмкіндігінше шығармашылық тәсілдермен меңгеруі;
• оқу процесінде құрамы өзгеріп отыратын, екі оқушыдан тұратын, бір-бірімен қарымқатынасты диалог әдісімен жасайтын жүп құру;
• осы кезеңде мұғалімнің педагогикалық шеберлігі, білімі, ой-әрісі көрінетінін есте сақтаңыз;
Кезеңнің оқу-тәрбие міндеттерінің орындалғаны туралы хабар беретін көрсеткіштер;
• егер мұғалім әңгіме, дәрістерді, түсіндіруде оқушылардың өздік жұмысы әдісін қолданса, онда дидактикалық міндеттерді орындаудың өлшемі сабақтың келесі кезеңдеріндегі оқушылардың жауаптарының сапасы;
• эвристикалық әңгіме, оқушылардың өздік жұмысы, әңгімелесу әдістерін қолданғанда, компьютерлермен және Оқулықтармен жұмыс істегенде, оқушылардың жаңа білім, іскерліктерді меңгергендігін олардың жауаптары мен іс-әрекетінің дұрыстығынан, сабақтың қорытындыларын шығаруға белсене қатысуларынан көреміз.
VІ. Жаңа білімді бекіту кезеңі:
Кезеңнің оқу-тәрбиелік міндеттері.
Материалмен өз бетімен жұмыс істеуге керекті білім және іскерліктерді оқушылардың жадында бекіту барысында оқылған материалды оқушылардың терең түсінуіне жағдай жасау. Керекті іскерлік пен дағдыларға машықтандыру.
Кезеңнің мазмұны:
• жаңа білімдер мен іскерліктерді бекіту;
• кезекті білімді тексеру кезінде оқушының тақырыпты оқыту әдістемесін және жауап беру тәсілдерін жетілдіру;
• оқушылардың меңгерген білімдерін бекітумен қатар, олардың жаңа ұғымдарды қалай түсінгенін тексеру;
• жаңа оқу материалын тәжірибеде шығармашылықпен қолдану арқылы бекіту;
• білімге сәйкес келетін дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру.
Оқушылардың біліміндегі формализммен күресудің маңызды жолы – оқу материалын терең түсіну, оқушыларды оқу материалдарының бір-бірінен айырмашылықтарын және өзара байланыста қарауға, қатар қоюға және салыстыруға үйрету, тәуелділіктерді анықтау, ой жұмысын, қиялын дамыту. Оқушы материалды терең түсінгенде ғана жадында жақсы сақталады. Оқыған материалды бекіту – өте маңызды жұмыс.
Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар:
• білімді есте сақтап және қолданып, шығармашылық және тәжірибелік міндеттерді орындау;
• бекіту жұмыстарын оқушылардың ой белсенділігін, өз бетімен ақыл-ой жұмысын талап ететін білімдер мен сұрақтар аркылы жүргізу;
• бір оқушының жауабын толықтыруға, нақтыландыруға, түзетуге оқушыларды тарту, оқылған оқу материалы туралы оқушылардың пікірін білу;
• жаңа материалды түсінудегі кемшіліктерді оқушылардың қосымша жауаптарының сапасына қарап анықтау.
Кезеңнің оқу-тәрбие міндеттерінің орындалғанын мынадай көрсеткіштерге қарап біледі:
• оқушылардың білімінің беріктігін, олардың қаншалықты деңгейде түсінгенін анықтау;
• оқушылардың фактілерді ұғымдармен, ережелермен, идеялармен сәйкестендіре білуі, оларды білуі;
• жаңа материалдың негізгі идеяларын оқушының басқаға айта білуі;
• оқушылардың жетекші ұғымдардың мәнді белгілерін тауып, оларды нақтыландыра білуі.
VІІ. Оқушыларға үй тапсырмасын және оны орындау жөнінде нұсқаулар беру
Оқу-тәрбиелік міндеттері: үй тапсырмасын оқушыларға хабарлау, оны орындау әдістемесін, орындаудың қажеттілігін, міндеттілігін оқушыларға түсіндіру. Сабақты қорытындылау. Үй тапсырмасы оқушыларға тәрбие береді, дамытады.
Бірінші. Оқушылардың негізгі ұғымдарды және іскерліктерді меңгеруіне көмектесетін үйге берілетін тапсырмалар оқушының ерік-жігерін, жауапкершілігін, саналы төртібін қалыптастыруға ықпал етеді.
Екінші. Үй тапсырмалары оқушының зейінін негізгі білім, іскерліктерге шоғырландырып, білімнің беріктігін арттырып, ең бастысы, білім және іскерліктерді қолдандырады.
Кезеңнің мазмұны:
• сабақтың қорытындысын шығару;
• оқушыларды үй тапсырмаларын орындауға ынталандыру: оқушының білімге құмарлығын ояту (мәселені қызықты етіп қою); борыш сезімін ояту, баланың икемділіктері, талап тілектерін ескеру;
• үй тапсырмаларын орындау жөнінде толық, бірақ қысқа нұсқау беру. Оқу материалын бекітуге, оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға көмектесетін тапсырмалар беру. Үйге берілетін тапсырманы оқушының қабілетін, әсіресе дарынды балалардың қабілетін дамыту үшін қолданған дұрыс. Оқушының өзі таңдап алатын тапсырмалары - күшті тәрбие құралы;
• жұмыс мазмұнын және оны орындаудың тәсілдерін оқушылардың қалай түсінгенін тексеру.
Үй тапсырмалары - оқушылардың оқуға қызығушылығын дамытудың, адамгершілік сапаларын, дүниетанымын қалыптастырудың құралы.
Мұғалімнің үй тапсырмаларын дұрыс орындатуы үйдегі оқу жұмысының, сабақтың сапасын жақсартады.
Жақсы нәтижелерге жетуге әсер ететін жағдайлар:
• кезеңдегі оқу жұмыстарын міндетті және жүйелі түрде қоңырауға дейін бітіру, ол үшін уақыт бөлу. Бұл кезеңге сабақтың соңында екі, үш минут бөлуге немесе үй тапсырмасын қоңыраудан кейін беруге болмайды;
• тапсырманы тексеруге барлық оқушылардың назарын аудару, оқуда табысқа жету көбіне үй жұмысын дұрыс орындауға байланысты екенін оларға түсіндіру;
• үй тапсырмасының мазмұнын барлық оқушылардың түсінуі.
Сабақтың басында және ортасында берілген үй тапсырмалары оқушылардың зейінін мұғалімге аударып, оларды жаңа материалды қабылдауға әзірлейді.
Дұрыс дайындалған тапсырмалар арқылы үй тапсырмасы қызықты жұмысқа айналады.
Үй тапсырмалары бірнеше сабақтарды біріктіруге мүмкіндік береді.
Үй жұмыстары мінезді, оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруға көмектеседі.
Аралас сабақтың кезеңдерінің қысқаша мазмұны осындай. Әрбір аралас сабақта барлық кезеңдері көрсетілген жүйемен сақтау міндетті емес, бәрі мұғалімнің ойға алған ісіне, педагогикалық мақсатқа сай құрылған сабақтың жүйесіне байланысты.
Аралас сабақтың 13692 нұсқасы бар. Олар пәнге, жұмыстың мазмұнына, мұғалімнің және оқушылардың мүмкіндігіне байланысты.
Білімді тексеру сабағының құрылымы:
• сабақтың бастапқы кезеңін ұйымдастыру. Бұл кезде мұғалім сабырлылық, іскерлік танытып, оқушылар бақылау жұмысынан қорықпайтындай жағдай жасау керек, себебі мұғалім оқушылардың оқу материалын одан әрі меңгеруіне қажет дайындықтарын тексереді;
• сабақтың міндеттерін қою. Мұғалім оқушыларға қай тақырып бойынша білімдерін тексеретінін айтады. Олардан керекті ережелерді еске түсіріп, өз жұмыстарында қолдануларын сұрайды;
• бақылау және тексеру жұмыстарының түрлері аталады. Олар оқу бағдарламасына сәйкес жасалған есептер, диктант, шығарма, сұрақтарға жауап беру.
• сабақты қорытындылау. Мұғалім оқушылардың жақсы жұмыстарын, сонымен қатар қате жұмыстарды да талдайды, қателерді түзету жұмыстарын ұйымдастырады;
• білім, білікті меңгеру кезінде оқушылардың жиі қателесетін жерлері анықталып, оларды жою жолдары белгіленеді.
2-түрі:
• ұйымдастыру бөлімі;
• бақылау жұмысының мақсатын түсіндіру;
• бақылау жұмысының мазмұнын айтып, оны қалай орындауға болатындығын түсіндіру;
• бақылау жұмысын оқушылардың өз беттерімен орындауы;
• сабақты қорытындылау.