1. Рефераты на казахском
  2. Мәдениеттану
  3. Әлемдік мәдениеттер өркениеті

Әлемдік мәдениеттер өркениеті

Қазіргі заманғы сөзддіктерде мәдениетке төмендегідей анықтамалар берілген: а) мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен шығармашылығының жиынтығы; ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеолит мәдениеті,критмикен мәдениеті, қазақ мәдениетіжәне т.б.); б) мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті және т.б.); в) мәдениет - агромәдениет (дәнді өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениеті және т.б.).

Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті.

Алғашқы  қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғаш еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 млн. Жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.

Дүние жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің дәл осы тас құралдардан басталуыда тегіннен-тегін емес сияқты. Ғылымдардың пікірінше, алғашқы қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді. Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір дәуірі.

Бріншіден, көне және орта палеолит дәуірлерінде алғашқы адамдардың биологиялық эволюциясы аяқталып «нағыз адам»  қалыптасты. Екішіден, тастан және т.б. жасалған түрлі құралдар көбейіп қана қоймай, сапалық өзгерістерге де ұшырады. Үшіншіден, кейінгі палеолит дәуірінің ең басты жаңалығы – экзогания болды да, ендігі жерде неке қарым-қатынастарынан ең жақын туысқандар – ата-аналары мен балалар, туған ағалары мен қарындастары  шығарылып тасталды. Инцестке (қан араласу деген сөз) тыйым салу неке қарым-қатынастарының қоғамдық тұрғыдан тәртіпке келтірудің бастамасы болды. Осындай түбегейлі қоғамдық-әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде ру және жанұя пайда болды.

Ал, гректер сонау көне заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған  сирек  кездесетін білім беру жүйесін жасады. Адамға деген мұндай қамқорлықта сөзсіз гуманистік құндылық  бар, оның негізінде мәдени процестердің  мақсаты үшін күресетін адам идеалы жатыр. Бұл жөнінде В.Йегер былай деп тамаша айтып кеткен болатын: «Грек мәдениетінің идеяларынсыз ертедегі дүние тарихы кезең болып өмір сүре алмас еді де, ал Батыс Европалық  мәдениет дүниеге келмеген болар еді».  Грекияда негізінен мәдениеттің аристократиялық (ақсүйектік) түрі кеңінен таралған, ал оның негізінде генеалогиялық дәстүрлер жатыр. Ақсүйектік қасиеттер мен қатар, «адамзаттық» қасиеттерге де ерекше көңіл бөлді. Басты мақсатқа апарар жол – білім жолы болды.

Көне Египет мәдениетінің ең басты ерекшелігі – ажалға қарсылық болды. Бұл табиғи қарсылық, немесе мәңгілік өмір сүруге талпынушылық Египет халқының бүкіл діни санасына тереңдей еніп, оның мәдениеті мен өнерін қалыптастыруда айрықша рөл атқарды.

Египет мәдениеті – сан-салалы мәдениет. Солардың бірі – біздің заманымызға келіп жеткен Египеттің ең көне жазу текстері. Олар – құдайларға құлшынық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар. Көне Египет  әдебиетінің тамаша туындыларының бірі – «Өмірден түңілген адамның өз жанымен сұхбаты» деп аталады.

Қытай мәдениетіне келетін болсақ, даосизм адамзатты табиғатпен бірлікке шақырды. Даосизмнің негізін қалаушы – Лао-Цзы өз заманында «кәрі дана» деген атаққа ие болған. Дао – жер бетіндегі тіршілік атаулының негізі, бүкіл заттық дүние мен табиғат құбылыстарының қайнар көзі. Дао ілімінде жеке адамның адамгершілік тұрғыдан жетілуі - өзін қоршаған ортамен үйлесімділігімен байланыста қарастырылады. Лао-Цзының бұл атақты философиялық-діни қағидалары «О пути к  добрадетели» атты еңбегінде жан-жақты баяндалады.

Қытай мәдениетінің екінші бір қайнар бұлағы – Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун Фу-цзы, яғни Кун – ұстаз. Конфуций б.з.б. 551 ж. шамасында өмірге келген.

Мәдениеттің  өзекті  бөлігі - өнер.  Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым билерінен бастап,  Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық  рухынан  туған талай сұлу дүниелерсіз,  өнер  әлемінсіз,  қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін ғажап көріністердің бірі – оның әсемдікке, сұлулыққа ұмтылуы. Осыған дейін  қарастырылған анықтамалардан бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет -  адам әлемі   немесе  Әл-Фараби

Мәдениет  ұғымын  тереңірек  түсіну  үшін,  оған мағыналық  жақындығы  бар  кейбір  басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып  өтейік. Осы сыйпатта біздің зердемізге түсетін бірінші ұғым - өркениет. Өркениет     (цивилизация)  семантикалық  жағынан  алғанда латынның  «civilis»  сөзі  азаматтық  дегенді   білдіреді.  Римдіктер  бұл  ұғымды  «варварлықтар»  деп өздері атаған басқа  халықтар  мен  мемлекеттерден  айырмашылықтарын  көрсету  мақсатында  қолданған.  Яғни, «өркениет»  олардың  түсініктері  бойынша,  азаматтаық  қоғамы,  қалалық  мәдениеті,  заңға  негізделген  басқару  тәртібі  бар  Рим  империасының  даму  дәрежесін  көрсетеді.

Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  осы  екі  ұғымның  мағыналарын  төмендегідей  топтастыруға  болады:

1. Мәдениет пен өркениет бір,  олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор).

2. Өркениет – мәдениеттің  ақыры,  оның  кәрілік  шағы,  руханилықтың  антиподы (Ж.Ж.Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер).

3. Өркениет – мәдениеттің  прогресі, болашаққа бой  сермеуі,  қоғамның  парасаттылық  деңгейі (Ф.Вольтер,Д.Белл).

4. Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты(Л.Морган).

5. Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі(А.Тойнби,Н.Я.Данилевский және т.б.).

6. Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.

Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.

Қорыта кегенде, алда қола ғасыры мен темір ғасыры – адамзат дамуындағы асқаралы жаңа баспалдақтар тұрды. Оның прогресс жолындағы қарышты қадамы дүниежүзілік мәдениеттің ірге тасының қалануына тікелей әсер етті. Қоғамдық даму  барысында өнердің сан-саласы жетіліп, жаңа мазмұнға, жаңа формаларға ие болды, металл өндірістерінің әдістері одан әрі жетіліп «экономика» және «мәдениет»  саласындағы ұлы төңкерістерге даңғыл жол ашты. Адамзат баласының даму жолындағы қарышты қадамының әрбір сатысында туындаған баға жетпес тамаша өнер туындылары болашақ ұрпаққа мәдени мұралар болып қала берді. Адамзат даналығы мен кеменгерлігінің арқасында мәдениет жаңа сатыға көтерілді.

  Қазақ тіліндегі рефераттар - Мәдениеттану


Яндекс.Метрика