- Рефераты на казахском
- Журналистика
- Радио байланыс
Радио байланыс
РАДИО - алыс қашықтыққа сымсыз таралатын жоғары жиілікті электромагниттік тербелістерді пайдалануға негізделген техника саласы. Радио таратқыш жүйе (антенна) арқылы электромагниттік энергияны жан-жаққа тарату және оны қашықтан радио-қабылдағыштың антеннасымен қабылдау мәселелерін іске асырады. Біздің ел - радионың отаны. 1895 ж. 7 майда орыс гал. А. С. Попов өзі ойлап тапқан жай білдіргішті көшпілікке көрсетті. Бұл ең алғашқы радиоқабылдағыш еді. Алғашқы кездерде телеграф сигиалдарын тарату үшін радиода ұшңынды радиотаратқыштпр пайдаланылды. Бұлар өтетін тербелістер тудыратынды. Электрондық лампылардың шығуы радионың дамуына түбегейлі бот бұрыс жасады. Қысқа мерзім ішінде радио арқылы сөз бен әнді алысқа тарату - радиохабар тарату мәселесі іске асырылды. Алғашқыда байланыс құралы ретінде шыққан жоғары жиілікті электрлік тербелістер төхғикасының қазіргі маңызы ерекше. радионың кемелденуі арқасында радиолокация, радионавигация, телевизия т. б. жаңа салалар бөлініп шықты.
РАДИОБАЙЛАНЫС — радиотолқындар арқылы жүзеге асырылатын электр байланысы. Бұл үшін хабар беретін пункте радиотаратқыш пен таратқыш антенадан тұратын қондырғы, ал қабылдау пунктіндегі қабылдағыш антенна мен радиоқабылдағыштан құралған қондырғылар орнатылады. Белгілі бір тасымалдауышы (радиодиапазондық) жиіліктегі гармониялық тербелістер таратқыштан генерацияланып, берілетін хабарға сәйкес модуляцияланады. Модуляцияланған тербелістер радиосигнал ретінде таратқыш антеннадан кеңістіке таралады. Қабылдағыш антеннаға жеткен мұндай радиосигналдар онда электрлік тербелістер қоздырады. Қабылдағыш антеннаға таратылған энергияның өте аз мөлшері келуі себепті бұл сигналдар әлсіз болады. Сондықтан олар радиоқабылдағышта күшейтіледі де, кері модулянцияланады (детектирленеді). Осының нәтижесіде тасымалдауыш жиілікті модуляциялаған сигналға сәйкес келетін электірлік тербелістер алынады. Бұл тербелістөр арнаулы құрылғылар көмегімен (мыс, дауыс зорайтқыш) бастапқы хабарға пара-пар дыбысқа түрлендіріледі.
1906 ж. 29 мемлекет өкілдерінің қатысуымен Берлинде өткен 1 халықаралық әкімшілік конффенциясында радио регламенті және халықаралық конвеңция қабылданды. Ол 1908 жылдын 1 июлінен бастап күшіне енді. 1912 ж. жиілік диапазондары әр елдегі әкімшіліктерге бекітіліп берілді, радиомаяк, ауа райын хабарлау т. б. қызметтері құрылды. 1920 жылға дейінгі радицста толқын ұзындығы жүз метірден ондаған км арасындағы, ал 1922 жылдан декаметрлік толқындар пайдаланылады. 1930 ж. метрлік, ал 1940 ж. түзу сызықпен таралатын дециметрлік және сантиметрлік толқындар алқабы игерілді. Қысқа толқындар негізінде көп каналды байланыс орнатылып, телефон, радио, телевизия байланыстары арқылы өте көп информация қабылдау-тарату мүмкіндігі туды. Ретрансляция немесе байланыс спутниктері көмегімен радио қашықтығын күрт арттыру мүмкін болды. Байланыс спутниктері арқылы кез келген қашықтыққа бір мезгілде мыңдаған телефон байланысы мен ондағаи телевизиялық программалар орнатуға болады.
БАЙЛАНЫС линиялары телефон, телеграф хабарларын, цифрлық информация ағынын, телевизиялық хабарларды таратуға пайдаланылады. Радио халықаралық одақтық және жалпы мемлекеттік түрлерге ажыратылады. Мемлекеттік радио магистральдық (астаналар мен ірі қалалар арасында}, облыс аралық және аудан аралық болып бөлінеді.