- Рефераты на казахском
- Қазақ әдебиеті
- Ш. Құдайбердиевтің «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны
Ш. Құдайбердиевтің «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны
ХХ ғасырдың басындағы көркем аударма саласына көп еңбегі сіңген ақын жазушымыз – Шәкәрім Құдайбердиев. Оның қазақ әдебиеті тарихында,әсіресе көркем аудармада алатын орны ерекше. Ш.Құдайбердиевтің шығыс тақырыбындағы ең көлемді мұрасы «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны.Бұл бүкіл шығыс әдебиетіндегі нәзира дәстүрін Шәкәрімнің қазақ топырағында өнімді дамытуы болды.Олай дейтініміз еңбекті қазіргі ұғымдағы аударма деп айту қиын.Ләйлі мен Мәжнүннің ғашықтық хикаясы Низамиге де, Науаиге де шабыт берген.Шығыстың сөз зергерлерінің жыр жарысы-нәзира дәстүрі бойынша, ақынның ең басты мұраты жаңа тақырып табу емес, жаңа жол табу, белгілі сарынды өзгеше түрге болеу, өзіндік бояу мен бейнелеу десек, Шәкәрім қалдырған «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны мың жылдық тарихы бар ежелгі сюжеттің ең соңғы көрінісі. Яғни шын мәнісіндегі төлтума болып табылады. Бұл жайында қазақ поэзиясының алыптарының бірі - Әбілдә Тәжібаевтің Шәкәрім шығармаларының басылымына жазған алғы сөзінен көруге болады. Онда ол былай дейді: «-«Ләйлі –Мәжнүн» Шәкәрімнің шығыс алыптарымен жарысқа түскенде көтерілген жаңа биігі, жаңа тауы десек те болады. Бұл тау қазақ даласына түгел көрінген қарлы шыңы, қара орманы, тасқын өзендерімен, барлық ғажайыптары мен көрінген бүкіл халқымызды қуанышқа бөлеген биік еді». Шәкәрім «Ләйлі-Мәжнүн» шығармасын Физули Бағдади жырлаған нұсқадан аударып, жаңа туынды етті.Ауызша және жазбаша тараған шығыс дастаны «Ләйлі-Мәжнүнге» VII ғасырда өмір сүрген Қайыс атты ақынның қайғылы ғашық отын басынан кешіргені туралы араб аңызы негіз болғаны белгілі.Шәкәрім Физули дастанын жоғары бағалаған: Ондайғып еш бейітші жаза алмаған Нақысын шын келтіріп,қаза алмаған... Мен оның келтіре алман мыңнан бірін Айтуға тіл жетпейді тәтті жырын- Мәжнүннің атын білер, жайын білмес, Қазаққа ұқтырайын біраз сырын»-дейді. Шәкәрімнің Физулиден аудардым дегенімен бұл шығарманы аударма дүние деу қиын.Дұрысы-Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүн» Шығыстың әйгілі ақындарымен өнер жарыстыра отырып, нәзира үлгісінде туындатқан төл шығарма деуге өте лайық. Шәкәрім дастанның сюжеттік желісін негізге ала отырып, өзінше жырлаған,қазақ қауымының түсінігіне лайықтау үшін үрлі өзгерістермен толықтырулар еңгізген. Мәселен, Физули дастанының басындағы қара сөзбен жазылған толғау-кіріспені Шәкәрім аудармаған.Әр тараудың соңынан қайтталанып отыратын шағын монологтардыда қажет деп санамаған.Шәкәрім аудармасында Физули нұсқасының соңғы тарауы жоқ..Онда ғашықтардың о дүниедегі, яғни жұмақтағы өмірі жайындағы зәйіттің түсі берілетіндегі. Бұл туралы Шәкәрімтанушы Б.Әбдіғазиевтің еңбегінен көруге болады. Дастанның негізгі кейіпкері Ләйлі мен Мәжнүн. Олар ата-анадан жалғыз, кішкене кезінен бірге тәрбиеленген. Екі жастың өсе келе өртке айналған махаббат сезімдеріне қыздың әкесі қарсы болады. Оқиғаның шиеленісуі де осы тұстан басталады. Сүйіктісіне қолы жетпеген Қайыс елден безіп, аңдарға қосылып кетеді, сөйтіп Мәжнүн аталады. Ләйліні әкесі өзге біреуге бермек болады, бірақ, онысы іске аспай қалады. Ақыр соңында ғашықтар бір қабірде табысады. Дастанның басқа да кейіпкерлерінің барлығы дерлік екі жастың махаббаттына тілеулес. Осындай қоғамда дүниеден өткен Ләйлі мен Мәжнүн хикаясы кіршіксіз сезімнің, адалдық пен махаббаттың белгісіндей көрінеді. Басқа елдердің әдебиетіндегі «Ләйлі –Мәжнүндегідей» дәстүрлі оқиғаларды, яғни дәулеті асқан, байдың балаға, мирасқорға зар болуын, Қайыстың тууын баяндауда да Шәкәрім өз қөзқарасын астарлы оймен, юморлық түрде шебер сынайды. Байдың ұлды болуының себебі онық «қайырымы мол, бек қабағат, тіледі бала бер деп көп жамағат», «малының садақаға көбін шашкан», көп тілегі –қол» деген мақалдайын болыпты бәйбішесі екіқабат деп суреттеледі. Жан –жаққа сүйіншіге кісі жіберіп қуанып, неше түрлі той жасау рәсімі де нағыз қазақ дәстүріне сай «сый қылып, ат мінгізіп, шапан жапты», «талай түйе –құрбан сойды», «қырық күндей кедейлерге тамақ бері» деп суреттеледі. Бірсыпыра әдебиеттерде Мәжнүн образы биік, ерекше, қайғылы ғашықтық символы. Осы дәстүрлі ұғымда қалыптасқан символды Шәкәрім алғашқылардың бірі болып ақыл-ой адамдарының шарқ ұрып іздегендерін қоғамнан таба алмай жан күйзелісіне түскен кезін бейнелеу үшін қолданған. «Ғарыппын дертім мол, шын осыным»-бұл қиналыс,азап,ғарыптық, мол дерттің негізі қоғамдық әлеуметтік өмірде жатыр: Іздеген ғашық болып бес нәрсем бар, Берейін атын атап, ұқсаңыздар Махаббат, ғадалет пен таза жүрек, Бостандық, терең ғылым –міне, осылар... Сөйтіп, Шәкәрім Мәжнүн образын ұлттық көркемдік ойлау жүйесінде жақа бір мазмұнмен, қырмен қолданды. Шәкәрім «Ләйлі –Мәжнүнге» үнемі оралып, ондағы биік, сырлы да нұрлы махаббат жайын ұғынудың рухани баюға пайдасы барын қара сөзбен де әңгімелеген. Ш.Құдайбердиевтің «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын шебер аударуында өзінің төл туындысы іспетті болып шықан.Аудармашылықтың қасиеті де осында емес пе? Ал төл туындыдай түрленту екінің бірінің қолынан келмек емес... Гете, Феттерді Мағжанша мөлдіретіп, Пушкиндерді Шәкәрімше шырқатып, Абайдай орыстың Татьянасына қырды ән салдырған көп пе? Әрине,жоқ. Бұл «жоқты» төл әдебиеттеріміздің төркінінен емес, өзге ұлт әдебиеттерінің ауқымының арнасынан айтып отырмыз.Әттең, Мағжанның «Шолпысының» сылдырын, меруерт жырының мөлдірін, Абайдың «Сегіз аяғының» сырын басқа әдебиеттің әбзелінен көрер күн бар ма екен? Бұл әрине, ішкі сырдың шері.Десек те,осы бір шердің астарынан сол баяғы орыстандыру саясатының бір ұшығын көретіндейміз.Олай дейтініміз, Ыбырайды, Абай, Шәкәрім, Мағжан, Ахмет, Міржақып, Жүсіпбектерді айтсақ, аудармасын аударыстырсақ сол орысты тәржімәлағанын айдарлап айналдыра береміз, айналдыра береміз.Орысты айтып барып, шығысты ауызға аламыз. Немене, оған дейін тәржімәлаудың не екенін ешкім білмепті ме? Білгенде қандай, нәзирашылдықтың нәзік қыр -сырын меңгерген әдебиетіміздің тарихын Шоқан дәуірінен әлдеқайда арырақтан іздеуге болады. «Күйінгеннен күй шығады» демекші, сөздің реті келгенде біздікі жай «тиегін тиер сөздің шенеп айтсамның» кері ғой. Оған сіз бен біз кінәлі емеспіз. Идеология, сол баяғы имансыз идеология. Сөзімізді аяқтай келе айтарымыз, жалпы Шәкәрімтану саласындағы Шәкәрім аудармалары туралы небір соны ой, сырлы сөздердің шертілеріне өз басымыздың титтей де күмәні жоқ. Шәкәрімнің әрбір мұрасы бір жұмыс, бір ізденіс. Осы ойымыздың мәнін Шәкәрімтануға шын берілген әрбір талапкер, әрбір азаматтың дұрыс түсінетіндегіне күмән келтірмейміз.