- Рефераты на казахском
- Қазақ әдебиеті
- «Қамар Сұлу » романына талдау
«Қамар Сұлу » романына талдау
XX ғ. басындагы қазақтың іріп-шіріген билеуші табының өскен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн көтерген "Қамар сұлу" шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы - оны қазақ әдебиетіндегі демократтык әдебиеттің ірі өкілі етті. «Қамар Сұлу » романындағы Қамардың бейнесін автор: Жіңішке сымға тартқан әні қандай, Балауыз балбыраған тәні қандай. Ақыл, ой, мінез, көрік түгел келіп, Толықсып толып тұрған сәні қандай? – деп ақын Қамардың «Ойы көркіне сай» қазақ қызын бейнелейді. Ал Қамардың бет-ажар сұлулығын бейнелегенде: Еріткен іші-баурыңды көзі қандай, Бал тамған майда бұлбұл сөзі қандай. Жұп-жұмсақ, бып-биязы ішке кіріп, Жайтаңдап жан күйдірген кезі қандай! Күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі, Қайнамас оны көріп кімнің іші? Алмас қылыш жүзіндей аударылған, Сүйгізіп көлеңкесін әрбір ісі. Нұрлы жүз жан-жағына сәуле шашып, Бойының мінсіздігі оның асып. Өзгеден сып-сыпайы һәм сүйкімді, Ең арты жүрсе-дағы аяқ басып. Осылайша автор қазақ қызына тән барлық қасиеттерді жырлайды. Қамардың бойына барлық қазақ қыздарының түрлі қасиеттерін біріктіреді. Қамардың бейнесін ашқанда жоғарыдағы асты сызылған күрделі эпиеттерді қолданған. Қамар мен Ахмет Ахметтің Қамарға бірінші жазған хатында: ...Амалсыз арды түйіп қалам алдым, Кеткен соң ғашық оты бойымды алып... ...Шығаршы жүректегі шын сырыңды, Жаутаңдап екі көзді мөлдіретпей. деген өлең жолдарында С.Торайғыров Ахметтің жан-күйін сипаттағанда ғашық оты; шын сыр; жаутаңдаған көз сияқты эпитеттер қолданған. Талпынып, қол сермедім ұшқан құсқа, Болса да жетер ме деп қолым қысқа Негізінен «Қамар сұлу» романынды қазақ салт-дәстүрлері сынға алынған. Ең көрнекті көрсетілген мәселесі қазақ қыздарының қалымға сатылуы, қыз-әйел баласының өмірде алатын орны болып табылады. Ал жоғарыдағы келтірілген шумақта кедей Ахметтің байдың қызы Қамарға «қолы қысқа болса да, ұшқан құсқа қол сермеуі» деп мәселенің түп-төркінің дөп басқан. Ұшқан құс, қысқа қол эпитеттеттерін қолдана отырып сол кездердегі әлеуметтік –теңсіздік мәселесінің қозғалғанын байқаймыз. Қамардың Ахметтің хатына жазған жауап хаты: Қарасам, сүйгендіктен қарамаймын, Сүйсем де, сол сөзіне жарамаймын. Арыстан айға шауып мертігіпті, Секірме, қолың жетпес көктегі аймын. Сен шыда, күйіп тұрсың, бір-ақ отқа, Болсаң да қандай қызу жалын шоқта. Аузың айтып, ар жағың біліп тұр ғой Екі оттың арасында тұрғам жоқ па?! Деп Қамар Ахметке қатал да, ойлы хат жібереді. Мұндай хаттың жолдауының себебі «Аш бала мен тоқ бала ойнамайды» дегендей. Және Ахметтің кедей отбасынан шыққаның ескерсек онда Қамардың данышпандығына сүйсінуге болады. Бұны өлең жолының бірінші шумағынан байқауға болады.Ол өзінің махаббатын болашақта Ахметтің амандығына қияды десе де болады. Бұл хатты алған Ахметтің толғанып Қамарға жазған екінші хаты: Ол рас менен гөрі малың тәуір... Не шара, айтқан сөзім ем болмаса, Сұңқар мен сұқсыр үйрек тең болмаса Сен үшін мұнша қапа болмас та едім: Алды-артым бәрі қысқа кем болмаса. Өз жағдайын осылай бағалайды, бірақ өзінің шың махаббатынан қол үзбейді. Екеу арасындағы сезімдерін ашқан ақ хаттар осылай өтіп жатады. Бірақ «Жазмыштан озмыш жоқ» дейді ғой қазақ , бірін-бірі сүйген жандардың тағдырына бірге болу жазбаған. Жол айрықта екі жаққа айырылғанмен махаббатары еш өшпейді. Қамарға жорға Нұрым деген бір шал көз салып, оны: Ататай, болдым ғашық мұрыныңа, Көк бурыл иектегі құрымыңа. Кірпідей аяқ-қолы жиырылған, Қосылар күн болар ма тұлыбыма? Қамар сарказммен осылай суреттейді. Бұны сатиралық түрдегі мысқыл да секілді.Бірақ бұл өмірдің қайда апарарын білмейсін ғой. Солай да Қамарды он бепс жасында жорға Нұрымға тұрмысқа шығарады.Кейін Қамар қатты ауыруға шалдығып, күннен-күнге халі нашарлайды. Жорға Нұрым өзінің надандығынан әртүрлі сөзі майлы бақсыларға сеніп, Қамардың жағдайын одан бетер ауырлатады. Қамардың қалған соңғы күндерінде Ахмет Қамарға келеді. Сонда Қамардың айтқаны: Қазақта қыз туған жоқ менен артық, Құлпырдым он бескеше бағым артып, Майысып пісіп тұрған дер кезімде, Малды шал анталады иттей тартып. Ғибрат ал мен сорлыдан, қазақ қызы! Түйрейтін мал менен шал-саған бізі. Оңбайды бұл әдетпен қазақ халқы, Бол себеп ақырында қалмасқа ізі. Естіп жанында тұрған Ахмет естіген сайын өнбойы шымырлап, үзіліп кете жаздағандай болып, егіліп жылап отырып мынаны айтады: Сені кім отқа салған шырылдатып, Қойыпты тамағыңды қырылдатып. Құтырған көк төбеттей арс-ұрс етіп, Бақсыны кім әкелген ырылдатып. Келіп ем көзі барда көрейін деп, Көрген соң, күйігіңнен өлейін деп. Шыдамай бұл қорлыққа мен отырмын, Өзімді сенен бұрын көмейін деп Ахмет бұл әділетсіздік өмір күресіне қате жол таңдап, жорға Нұрымға қол салады. -Қарағым Қамар, міне сенің үшін жаным, қасықтай қаным, қош!-деп Ахмет соңғы сөзін айтады. Бұл өмір шындығы. Қазақ тарихының ұйқыдағы қазағымның ұзын да ұзақ қаралы жолы.