- Рефераты на казахском
- Қазақ әдебиеті
- Әл-Фараби (870-950)
Әл-Фараби (870-950)
Тарихымыздағы ұлы тұлғалардын бірі, ислам дүниесінің ең ірі, атағы әлемге жайылған ғұлама философы, Аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" атанған Әбу Насыр әл-Фараби қазақ жерінде, Отырар қаласында дүниеге келген.
Ұлы жерлесіміз әл-Фарабидің түркі тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты-жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс езенінің Сырға барып құятын жеріндегі Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Үзлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни әкесі Үзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері — қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба — Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу-Насыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны — қазіргі Отырар ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында. Сол тұста өмір сүрген зерттеушілердің қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Отырарға орта ғасыр ғалымдарының көп назар аударғанын біз тарихтан жақсы білеміз. Ғалымдардың айтуынша, Отырар қала-сы орналаскан аса құнарлы алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары, кырдағы көшпелілер мен қала тұрғындары жиі қарым-қатынас, тығыз байланыс жасап отырған.
Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 жылы монғолдар қаланы киратты, бұл "Отырар апаты" деп аталды; онан соң 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір-Темір қайтыс болды. Отырар жайында біздің қолымызда ибн Хаукальдің, Абул Фиданың, қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде Птоломейде де айтылған. Отырардағы кітапхана, ел аузындағы аңызға қара-ғанда, кітабының саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан соң екінші орында болған.
Бірақ Отырар Қазақстандағы бірден-бір мәдени орталық емес-ті. Зерттеушілердің қажырлы еңбегі арқасында республиканың археологиялық картасы басқа да мәдени орталықтармен (Тараз, Сауран, Сығанақ, Түркістан, Мерке, Исфиджаб және басқа қалалар) толықтырылды. Демек, осы аумақты мекендеген тайпалардың сонау арғы заманда қалыптаскан ескелең өнері, ғылымы, түркі тілдес жазуы болған. Міне, сондықтан да қазақ топырағынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр әл-Фараби, Исхак әл-Отрари, Исмаил әл-Шаухари, Жемал әл-Түрюстан, әл-Сығ-наки, әл-Қыпшаки, Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе. Осынау саңлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға — әл-Фарабидің орны ерекше.
Әл-Фарабидің Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шығармаларымен түп нұскасынан танысқаны жөнінде деректер бар. Білімге, ізденуге деген құштарлықтың жетелеуімен ол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, әрі таңсық көрінетін кезде саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген орталықтары: Хорасанда, Бағдадта, Дамаскіде (Шам), Алеппада, Каирда (Мысыр) "болған. Өз өмірінің көп жылдарын ол араб халифатының саяси және мәдени орталығы болған Бағдадта өткізді. Мұнда ол өз білімін әбден тиянақты меңгеріп, толықтырады. Көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылының алғырлығы және аскан байсалдылығы арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абы-рой-беделге ие болады. Бірақ өресі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған, әсіресе, олар әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден емес, бұ дүниеден іздеп табуға мегзейтін еді. Ақыр сонында әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің "Фу-сул ал-мадани" (Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері) деген соңғы шығармасында ол: адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс дейді. Әл-Фараби өмірін александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторианшыл христиандар тұратын Дамаскіде өткізеді. Мұнда ол солтүстік Сирияның жетекші саяси қайраткері Сейд ад-Дуаль Хамданиге аса қадірлі болды. Әл-Фараби 950 жылы 80 жасында қайтыс болады. Біздің заманға әл-Фарабидің тек негізгі шығар-малары ғана келіп жетті. Ол шығармалар ежелден бері жұртшылыққа танымал болып, философиялық және ғылыми ойдың одан кейінгі дамуына тигізген әсері орасан зор.
"Мұсылман Ренессансы" деген атауға ие болған сол заманға тән белгілері оның шығармаларынан белгілі бір дәрежеде өз орнын алды. Әл-Фарабидің шығармаларында антик замандағы дәстүрдің жәнё "Бірінші ұстаз" деп шығыста аталып кеткен Аристотельдің тарихтың барысында қалдырған әсері, неопла-тонизмнің, несторианшылдықтың әсері және исламның әсерімен Аристотель идеяларының өзгеруі айқын көрінеді. Әл-Фарабидің Аристотельге бас игені сөзсіз. Сол сияқты ол Аристотель идеяларының ең жақсылары мен бағалыларын әрдайым тандап ала бермейтіні де даусыз. Бірақ, біз үшін ерекше бағалы жағы сол, ол Аристотель ілімінің формальдық жағымен ғана шектелмейді, ол диалектика элементтеріне, мәселені қарама-қарсы қоюына белгілі дәрежеде көңіл бөледі, сыртқы дүние мен сезім мүшелері арқылы жүзеге асатын байланыс таным логикасының іргетасы болып табылатынын дәлелдейді.
Фараби Аристотельдің, әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш 160, ал тәжік ғалымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Ка-тегориялар", "Метафизика", "Герменевтика" мен "Софистикасына" түсініктемелер жазды. Ол еңбектері күні бүгінге дейін де мән-маңызын жоғалтқан жоқ. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін таныстыруда үлкен рөл атқарды. Сондықтан да XI ғасырда өмір сүрген Фарабидің ізін қуушы атақты ибн-Сина (980—1037) тек Әбу Насыр түсіндірмелері арқылы ғана Аристотель еңбектерінің ойын ұғып, қуанғанынан қайыршыларға садақа үлестіргені жайлы жазған екен. Анығырақ айтсақ, Аристотель шығармалары сол кездің өзінде-ақ араб тіліне аударылып үлгерген-ді. Араб шығысында Аристотельдің кейбір құнды ойлары бұрмаланып көрсетілді. Бірақ көп еңбектері тәржімаланбағандықтан ұлы грек философының ойын түсіну қиын болды. Сондықган да көп тілдерді жетік білген ұлы ғалым жерлесіміз Аристотель шығармаларына араб тілінде түсіңдірме жазуды ұйғарды. Сөйтіп, ол ұлы философтың мұраларын жаңсақ пікірлерден тазартып, өз қалпында дұрыс түсіндіре біліп, өзінің бірінші ұстазға деген ғылым саласындағы үлкен адамгершілік, азаматтық, іс-әрекетін таныта білді. Сон-дықтан да шығыс философтары оны "Ал муаллим ас-сани"— екінші ұстаз деп атаған. Фараби Аристотельдін философиясына түсініктемелер жаза отырып, өз тарапынан да "Ғылымдардың шығуы", "Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбесі", "Ізгі қала түрғындарының көзқарасы", "Музыканың үлкен кітабы",
"Философияны аңсап үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы", "Ақылдың мәні туралы", "Әлеуметтік этикалық трактаттар", "Философиялық трактаттар", т. б. сияқты көптеген философиялық еңбектер жазған. Фараби ғылымнын философиялық-логикалық іргетасын дұрыстап қайта қалап шыкты. Ол музыка жайлы күрделі зерттеулер жүргізді. Фарабидің метафизика, тіл ғылымы, логика, психология, география, этика, т. б, ғылымдар жайлы жазған енбектерінің мәні ерекше зор. Тарихқа неғұрлым терең үңілген сайын біз жеке ұрпақтардың, тайпалар мен ұлттардың мәдениеті мүлде оқшау дамиды деген теорияның негізсіздігін соғұрлым айқын көріп отырмыз. Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мәдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүниежүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иран, үнді, антика мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Сондықтан да ол тайыз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле біліп, өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала біліп, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірде-бір ғылым саласы жоқ десек артық айтқандық емес. Мәселен, Фараби өзінің "Философияны үйрену үшін қажетті шартар жайлы трактат" еңбегінде Аристотельдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді: Бірінші шарт — философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен тұрады:
1 — философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні;
2 — оның шыққан қаласы;
3 — философияға мекен (медресе) болған орынның аты;
4 — философиялық ағымды тудырған басты себеп;
5 — философиялық талдауға түскен мәселелер;
6 — философияның алға қойған мақсаты туралы;
7 — философияның практикалық мәні, нәтижесі.
Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы — грек философы Пифагор, яғни пифагористер мектебі. Бұл жерде Фараби ежелгі Грециядағы негізгі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз пікірлерін ортаға салады. Екінші шарт — өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден калған логикалык шығармалардың яғни, формальдық дәлел (логика); силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді.
Үшінші шарт — философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.
Төртінші шарт — философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат — жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық нәрселерді барлыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомарттылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Аллатағаланы тану. Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын аттап ете алмау қай кезде болсын тарихи табиғи нәрсе.
Бесінші шарт—философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен қатар философияны тек жаратылыстану ғылымдары арқылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады.
Алтыншы шарт — Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми ұғымдарды талдай білу.
Жетінші шарт — Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның кейбір ғылыми түсініктерді терең жұмбақ түрінде келтіруінің үш түрлі себебі бар. Бірінші, оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын немесе тұрмайтынын айыру. Екінші, философия ғылымын көрінген адамның бәріне бірдей рәсуа қылмай, оны алып жүретіндерге ғана пайдаландыру. Үшінші, ғылым іздеу жолында адам бейнеттеніп, ой-пікірін шынықтыру керек. Осы үш себептен Аристотель еңбектерінде жұмбақ (аллегория) қолданылады.
Сегізінші шарт — философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және қалпын түсіну.
Тоғызыншы шарт — Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл ойларды түйіндеп айта келгенде Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап — ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби.
Әл-Фарабиді дүниеге танытқан музыка теориясына арналған шығармаларының бірі - "Музыканың үлкен кітабы" атты еңбегі. Ғұлама бұл еңбекте математикалық тәсілдер пайдалану арқылы музыкалық дыбыстарды тұңғыш рет қағаз бетіне түсіріп, нотаны алғаш дүниеге келтірді. Ол тек музыка теориясын ғана жазып қоймай, музыкалық аспаптарды да қолдан жасап, сол аспаптарда керемет ойнай да білген. Қазақ домбырасын дүниеге келтірген асқан музыкант ұлы бабамыз Әбу-Насыр әл-Фараби десек, біз қателеспеген болар едік. Оған бірнеше ғылыми дәлелдер, Фараби жасаған музыкалық аспаптар түрі куә бола алады. Оның шебер орындаушылығы жөнінде шығыс халықтары арасында күні бүгінге дейін айтылып жүрген көптеген аңыздар да бар.
Фарабидің бұл кітабы музыкалық дыбыстың сипаты мен құрылымынан бастап, музыканың поэзиямен байланысына дейінгі музыкалық ғылымның мәселелеріне ғана арналмай, музыканың эстетикалық-теориялық принциптерін шешуге бағытталған. Музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде Фараби му-зыканың емдік қасиетін, жағымды әсерін жан-жақты дәлелдеді, сондай-ақ оның тәрбиелік мәні зор екенін баса айтты. Адамның музыка шығарудағы қабілеті дәрежесінің әр түрлі сатысын көрсетіп, адамның жан-дүниесіне жағымды, жағымсыз әсер ететін музыкалық жанрларға талдау жасады.
"Музыканың үлкен кітабы" музыка ғылымына кіріспе; музыка ғылымының негіздері; музыкалық аспаптар; музыкалық композиция деген үлкен-үлкен төрт тараудан тұрады. Фарабидің бұл еңбегі XV ғасырда латын тіліне аударылып, Еуропа музыка ғылымы мен өнерінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Қазақстан оқымыстыларының соңғы зерттеулері әл-Фарабидің жаратылыстану-математика ғылымдары бойынша терең, сындарлы мұра қалдырғанын анықтап отыр. Бұл, әсіресе, оның математика, астрономия, физика, медицина, химия биология салалары бойынша жазған еңбектерінен айқын көрінеді. Ғұлама өзінің "Ғылымдардың шығуы туралы" атты трактатында табиғаттану ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып көрсетуге тырысады. Оның пікірі бойынша, табиғат әуелде жаратқан бір алланың құдіретті күшінен пайда болып, одан былай өз алдына дербес зандылықтарымен өмір сүрді. Көне бөтен еш нәрсеге тәуелді болмайды. Жаратылыстың, болмыстың түп негізінде субстанция, акциденция жатыр. Оларды танып білу — ғылымдардың шығуының қайнар көзі. Субстанция, қазіргіше айтқандай, материя ұғымына жуық келеді. Ал акциденция — субстанцияның түрліше көрінісі. Осы көзқарасты негізге алып әл-Фараби арифметика, геометрия, астрономия, музыка, әр алуан жаратылыстану ғылымдарының қалай шыққанын және өзінше қалай дами бастағанын сипаттайды.
Ғұламаның математикаға қатысты еңбектері: "Евклидке түсініктеме" геометриялық трактат, Птоломейдің "Алмагесіне" түсініктеме, "Музыканың үлкен кітабы", т. б.
Ол математик ретінде өзара бір-бірімен тығыз байланысты үш бағытта зерттеулер жүргізіп, көрнекті жетістіктерге жеткен. Олар: 1. математиканың әдістемелік мәселелері (математикалык ғылымдардың пәні, негізгі ұғымдарының, әдістерінің шығу тегі, т.б.); 2. математиканың нақты проблемаларды шешуге қатысуы; 3. математиканы астрономия, музыка, география, геометрия, т. б. ғылымдарға қолдану. Әл-Фараби, әсіресе, математика философиясы, геометрия, тригонометрия салалары бойынша ірі жаңалықтар ашқан (алгебраның пәнін анықтау, салу есептерін бір жүйеге келтіру, синустар теоремасы, т. б.)
Әл-Фараби астрономиялық еңбектерінде ежелгі ұлы астроном Клавдий Птоломейдің еңбектерін түсіндіре, кемелдендіре отырып, өз тарапынан да теориялық (математикалык), практикалық мәні зор қорытындылар жасап, соны идеялар, пікірлер айтады. Мысалы, ол тарихта тұңғыш рет Шолпан пла-нетасының Күннің бетін басып өтуін бақылайды,"Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс" деп аталатын трактатында ғұлама ғылыми астрономияны, жұлдыздардың орны, түр-түсі, қозғалысы, т. б. көрінерлік қасиеттеріне сүйеніп, жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын алдын ала болжауға болады дейтін дүдәмал, күмәнді ғылымсымақты астрологиядан бөліп қарайды.
Әл-Фарабиден бізге жеткен ең үлкен ғылыми теориялық еңбек — "Музыканың ұлы кітабы" болып табылады. Мұнда музыка теориясы физика-математикалық негізде қорытылып, баяндалған, мәселен, физиканың акустика, механика мәселелері бойынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, таралуы, қозғалысы, резонанс, т. б. бойынша көптеген соны пікірлер айтылады.
Физика саласындағы ғүламаның көрнекті еңбегі "Вакуум туралы" деп аталады. Мүнда ол табиғатта вакуум (бостық) жок екенін ежелгі грек оқымыстыларында сирек кездесетін тәжірибеге (экспериментке) сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысады. Бұл еңбегінде ол вакуум проблемасынан басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның деңгей-дәрежесіне сай шешімдерін тауып беруге тырысады. Олардың ішінде дененің жылы ұғымы не кішіреюі, түсірілген кернеу-күшке, кысымға байланысты ауаның көлемінің ұлғаю немесе кішірею құбылыстарының заңдылықтары, ол күштің жан-жаққа берілуі және басқалар бар.
"Әлхимия өнерінің қажеттілігі туралы" деп аталатын трактатында ғұлама өз тұсындағы химиялық білім-дағдыларды талдай, сарапқа сала келе, ол химияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жаратылыстану ғылымы қатарына қосады.
Әл-Фарабидің медицина, биология ғылымдарына да үлкен мән бергені мәлім болып отыр. Ол, әсіресе, бұл ғылымдарды теориялық философиялық тұрғыда зерттеуге көп күш жұмсаған. Медицина жөнінде "Адам ағзалары жайлы Аристотельмен алшақтығы туралы Галенге карсы жазылған трактаттар", "Жануарлар ағзалары", "Темпераменттер туралы", т. б. еңбектер жазған, бұларда ол негізінен медицина ғылымының пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруді көздейді. Бұл еңбектерден ұлы ғұлама медик Әбу-әли ибн Сина тәлім алған. Мәселен оның "Медицина негізінде" атты әйгілі шығармасы теориялық, әдістемелік жағынан ұстазының аталмыш "Адам ағзалары жайлы" трактатына ете жақын келеді. Әл-Фарабидің бұлардан басқа көптеген философиялық және натурфилософиялық тұжырымдарында да жаратылыстану жайында айтылған бағалы пайымдаулар мен ғылыми қорытындылар кездесіп отырады. Оларды жиыстырып, бір жүйеге келтіру — фарабитанушылардың алда тұрған кезекті міндеттерінің бірі.
Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта карау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол — шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты.
Әл-Фараби өзінің "Риторика", "Поэзия өнері туралы", "Бақытқа жол сілтеу" туралы трактаттарында этикалык, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандык категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қорытыңдының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: оның пікірінше, көркемдік өмір шындығының өзіне тән қасиет, ол болмысгы нақты түрде бар құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — адамның денесі мен рухани жан-дүниесінің адамгершілік қасиетінің сұлулығын көрсететін белгі деп саналды.
Фараби "Бақытқа жол сілтеу" трактатында бақытқа, оған жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударады. Әл-Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт туралы емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-өзі жетілдіре отырып, қиын жолдан өтуі керек. Адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты да, жаман қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік береді. Адамның жетілуі мінез-құлықтьщ жетілуімен үйлес келеді, осыдан келіп бақытқа жету мен мінез-кұлықтын жетілуі арасында байланыс туады.
"Бақытқа жол сілтеу" трактатында және басқаларда әл-Фараби Аристотельдің әрекеттену мен қайырымды істердегі орта шама туралы пікірін дамытады. Фараби ұстамдылықты жақсы кұлық деп есептейді, ал ұстамды болу үшін, шамадан тыс молшылық болса, одан жетіспеушілікке қарай ауытқып, ондай молшылықтан арылуымыз керек және керісінше, жетіспеушілік болса, біз молшылық жағына қарай ауытқуымыз керек, сөйтіп, мінез-құлқымызда ұстамдылықты қалыптастырғанша осылай ете беруіміз керек1. Жоғарыда айтылғандар әл-Фарабидің адам өміріндегі "жақсылық" пен "жамандық" "тәңірден" болмай, оларды адамның өзі тандауға болатын жағдайда белсенді әрекет факторына қандай зор маңыз бергенін көрсетеді.
Аристотельдің "Никомахтың этикасында" (1-кітап, параграф 1) келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын "ең ерекше" игілік, ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса солай бет алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастағаны жөн.
Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз кездеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.
Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары "Фусул ал-мадани" ("Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері") трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа — адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.
Фараби "Азаматгық саясатга" коғамды талдауды қаладан бастаса, "Нақыл сөздерде..." ол мұны ең кішкене ұядан, отбасынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлікке — ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі. Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықган, ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп, бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз.
Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. Өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады.
Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше, философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғары мақ-сатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге тырысады. Бұл арада әл-Фараби дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше, дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бар заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс зандарды дұрыс жүзеге асыра алады.
Имам — ең жоғары дәрежеде теориялық білімі және ойшылдық қайырымдылықтары бар адам, мұның өзі оған адамдарға ақылшы, жетекші болып, оларды бақытқа жетуге бағыттап отырады.
Сонымен, "философ", "заң шығарушы", "имам" және "бірінші басшы" ұғымдары бір нәрсеге келіп қосылады. Олар бір мақсатқа қызмет етеді, бірақ бұл мақсатты әр түрлі әдістермен жүзеге асырады. Адамдар бірлестіктерінің ерекшелік белгілері болып табылатын теориялық және практикалық қайырым-дылықтарға тек философияның көмегімен жетуге болады деп тұжырымдайды ұлы ғұлама. Демек, әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды.