Жамбыл Жабайұлы

Жамбыл менің жай атым
Халық  менің шын атым

Жамбыл Жабайұлы 1846 жылы ақпан айының соңғы күндерінде дүниеге келген. Туған жері — Жамбыл тауының бөктері.

Жамбыл бала кунінен бетті болып еркін өседі. 8—9 жасқа келген соң-ақ қойшылармен, жылқышылармен бірге жүріп, солардан неше алуан аңыз әңгіме, өлең-жыр естиді. Өзі де жыр айта бастайды.. Сөйтіп, жарқын жүзді, көпшіл өр мінезді қайсар Жамбыл ел ішіне тез танылады. Оның кергенділігі де елге қатты ұнайды.

Жамбылдың ата-тегі кедей, момын шаруа болған. Әкесі Жабай орта бойлы, жұмыр денелі, ат үстінде әбжіл, найзагер кісі екен. Досына мейірбан, дұшпанына қатал болса керек. Оның ел, жер, барымта дауларына араласып, бітімгершілік айтқан кезі де болыпты. Осындай ерекше мінезін, жауынгерлігі мен бітімгерлігін ұнатқан Әшекей оны қасына алып, өзінің малшы жігіттеріне басшы етіп ұстайды.

Ұлдан көп сөйлемейтін, сөйлесе тауып айтатын, турашыл тік мінезді, әрі абысын-ажын арасында бетті, белделді ана болыпты. От көзді, тәмпіш мұрынды, бүйрек бет, нұрлы жүзді, қызыл шырайлы кісі екен. Жамбыл сол анасынан айнымаған деседі. Ұлдан той-жиындарда қиыстырып өлең айта беретін, әсем дауысты әнші екен. Бірақ онысын өнер тұтпаған.

Жабайдан Тәйті, Жамбыл, Қоман атты үш үл туған. Ұлдан көп сөйлемейтін, сөйлесе тауып айтатын, турашыл тік мінезді, әрі абысын-ажын арасында бетті, беделді ана болыпты. От көзді, тәмпіш мурынды, бүйрек бет, нұрлы жүзді, қызыл шырайлы кісі екен. Жамбыл сол анасынан айнымаған деседі. Ұлдан той-жиындарда қиыстырып өлең айта беретін, әсем дауысты әнші екен. Бірақ онысын өнер тұтпаған.

Жамбыл ақындық  айтысқа 17—18 жасында   араласып, көптеген өлең-жырларын «Көрұғлы», «Өтеген» сияқты  дастандарын да сол тұстарда жырлай бастаған.

Он жеті мен сн сегіз,
Тал шыбықтай бұралған.
Жас ақын Жамбыл атақты,
Он үштен бастап сыналған.
Жүйесін тапқан жел сөзді
Үйсін, Найман құп алған,
Көрұғлы сұлтан, Өтеген,
Шежіресін тыңдаған.

Оның алғашқы ақындық жолы теп-тегіс тақтайдай болмаған. Талай қиындықтарға, жоқшылық-тапшылық, кедергіге ұшырап күншілдіктің, мергеніне кезігеді.

Жиырмаға жасым келгенде,
Ор текедей желгендс,
Алдымнан шыққан кес-кестеп,
Жолықтым талай мергенге.

Бұған Жамбыл жасымайды, қайта өршелене күресе түседі, ақындық өнері бүрынғыдан да тасқындай береді:

Асылдан соққан ақ семсер,
Келемін мен де қайыспай!
Тот баспадым, сынбадым,
Өзімді-өзім шыңдадым.
Қырғыз-қазақ жиылса
Топты жарып жырладым.

Бүл —ақынның өмір өткелдері жайындағы алғашқы туындыларынын бірі. Өз ғұмырнамасын Жамбыл 1938 жылы да жырлаған. Жамбылдьщ ақындық жолға түсуінін, ең әдепкі адымы езінің алдындағы белгілі ақындардың өлеңдерін, ел аузындағы өлең-жырларды жаттап айтудан басталады. Жас ақын Жетісу елінін, ертедегі салтымен бәдік, жарапазанды да көп айтады, көбіне күлдіргі, әзіл-қалжың, өлендер   шығарады.   Жарапазанды   сылтауратып   жас ақын бірде әйгілі Сүйінбайдың аулына келіп, Сүйекеңннің үйінің сыртынан ат үстінде өлеңді ағытып қоя береді. Жамбыл  ұзақ  жырлайды, Сүйекен  жалықпай тыңдайды.

Ей, өлеңім келді жол шегіп,
Осынау елге алыстан.
Түн болды, үйге ен дейтін
Табылмай тұр таныс жан.
Ардақты үйдің иесі,
Рұқсат ет кіруге.
Бата бер менің жырыма
Куат бітіп үніме,
Кеділін тапсын елімнің,
Жар бол да, өзің жәрдем ет,
Жібер мені бір демеп...

Алдына келіп, бата сүраған талапкерлердің көбін көрген, бірақ дәл мынадай түнық жырды көптен естіме-ген Сүйінбай жастықтан басын жұлып алып, ақын баланы үйге шақырады.

— Шапыраштыда бір жыршы бала бар деуші еді, сол екенсің ғой, жоғары шық!—деп Жамбылды төріне шығарады.

Атағы алыс-жақынға бірдей тараған ақиық ақын мен жас қыран шын көңілмен ұғысып табысады. Ұлы ақынның өз өнеріне деген шын бейілін таныған Жамбыл неше алуан өлең-жыр тасқынын тасытып айтады. Келген қонағының жасы кіші болғанмен, өнері, ақындығы үлкен екендігін таныған, өз айналасынан осындай өнерпаздың өсіп келе жатқанына қуанған әрі риза болған қарт жырау: «Осы шабысыңнан тайма! Өлең-жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын! Бақытың ашылсын, балам! Шындықты айт, әділдікті жырла! Көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, даңғыл жолға түс! Өлеңің бүкіл халық сүйсініп көңілімен иіліп тьндайтын өлец болсын! Сенің көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай болсын!—деп бата береді. Бұл Жамбылдың он бес жастағы кезі еді.

Сүйінбайдың өз тұсында аса ірі тұлғалы шешен, алғыр ойлы, парасатты ақын болғаны белгілі. Оның өлең, толғау, айтыстарынан реалистік, демократиялық, халықтық сипаттар айқын аңғарылады. Сүйінбай өз заманының, әділетсіздерін шен дәрежесіне, бедел-бедеріне қарамастан сынап отырған. Еңбекші бұқараны, оның арасынан шығып, қорғаны болған Сұраншы, Саурық, Сыпатай сияқты батырларды жырлаған, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған.

Жамбыл өз бойына Сүйінбай ұстазының ақындық, азаматтық өмірінің осы қасиетін дарытады. Оның Өтеген, Сұраншы, Саурық, Жабай батыр туралы дастандарын және Тезек төремен, қырғыз ыршысы Қатағанмен айтысын үйренеді. Шәкірттің жаттап алғыштық қабілеті бүл кездері аса ересен болса керек. Бір жолы Сүйінбай өзінің алдындағы жүйрік, ділмәр ақындарды еске ала отырып, Жанкісі жыраудан сөз қозғайды.

Жамбыл ақындық айтысқа 17—18 жасында   араласып, көптеген өлең-жырларын, «Көрұғлы», «Өтеген» сияқты дастандарын да сол тұстарда жырлай бастаған.

Жиырмаға жасым келгенде,
Ор текедей желгендс,
Алдымнан шыққан кес-кестеп,
Жолықтым талай мергенге.

Бұған Жамбыл жасымайды, қайта өршелене күресе түседі, ақындық өнері бүрынғыдан да тасқындай береді:

Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылары – бір жағынан, Қоқан қандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар – үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік – саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің « Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық», сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік – саяси өмірін ақындық шыншылдықпен, азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді.

1941 жылы 22 июнь күні герман фашизмі Совет Одағының шекарасына опасыздықпен басып кірді.

Ел басына ауыр күндер туғанда Жамбыл барлық көпұлтты совет халқының ақсақал – абыз атасы ретінде: саспаңдар, үрейленбеңдер деп ақыл айтты.

Жамбыл совет жауынгерлеріне арнап «Москваға», «Майданға хат», «Алынбас қамал», «Отан әмір» деген өлеңінде қызыл қырандарға бұйрық тектес мынадай жігермен қайрат айтылады: Аянбаған жауды алар,

Аянбаған мұндайда,
Дей көрмеңдер, жан қалар!
Шегінбе! – деп Отан тұр,
Шегінбе!- деп халық тұр,
Халық үшін бас тігу –
Партия айтқан жарлық бұл!

Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы.

Жамбыл – жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.

Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде- ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі Қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.

 

  Қазақ тіліндегі рефераттар - Қазақ әдебиеті


Яндекс.Метрика