"Үркер" романы

Қазақстанның Россияға өз еркімен қосылуы патша өкіметінің отаршылдық, қалың бұқараға жат саясатьша қарамастан, қазақ халқының өміріндегі аса бір елеулі саяси құбылыс болғаны, оның қазақтың елдік тұтастығын сақтап, ұлттық дамуына прогресс жолын ашқаны бүгін бүкіл қоғам мойындаған шындыққа айналып отыр. Содан бергі 250 жылдан астам уақыт ішіндегі тарих сабағы қазір біздің көзімізді осыған жеткізді. «Россияға қосылған кезеңде Қазақстанда халық бұқарасын Мешеулікке, қараңғылық пен надандыққа душар еткен патриархтық-феодалдық қатынастар үстем еді. Әр түрлі жаулаушылар феодалдық бытыраңқылық пен өзара қырқысты Қазақстанға тонаушылық шапқыншылықтар жасау үшін пайдаланды... Қазақстанның Россияға қосылуы өлкенің шаруашылық және қоғамдық-саяси өмірін жандандыруға ықпал етіп, патриархтық-феодалдық негіздердің бұзылуын, табиғат байлықтарының  игерілуін, өнеркәсіп ошақтарының жасалуын, егіншіліктін, өркендеуін шапшаңдатты. Демократияшыл орыс мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің таралуы қазақ халқының рухани өміріне игілікті әсер етті».
Халық тарихында өшпес із қалдырған осы бір маңызды оқиғаны зерттеу және көркем бейнелеу ісімен қазақ ғалымдары мен жазушылары көп жылдардан бері шұғылданып келеді. Қоғамдық өзгерістер мен халықтық ой-пікірдің әр жағдайдағы даму күйіне байланысты бұл мәселеге түрліше көзқарас туды, талас пікірлер де болмай қалған жоқ. Бүгін олардың бәрі — біздің өткен жолымыз. Соңғы жылдар ішінде жалпы қазақ тарихына байланысты жақа көзқарас туып қалыптасты. Қөптеген тарихи деректер қайта қаралып, толықтырылып, оларды нағыз ғылымдық әдіспен, шыншылдықпен бағалауымызға жол ашылды. Бұған біздің ұлттық сана-сезіміміздін. өсуі де дүниеге, әлеуметтік шындық пен оның өзгерісті жолына маркстік-лениндік ілім үйреткен кеңшілік көзімен қарауға үйрене бастағанымыз да себеп болып отырғаны даусыз. Халық тарихына байланысты жаңаша ойлану —қазір советтік ұлттардың бәрінің басында болып отырған жай. Осы негізде олар елдің елдік салты мен халықтық игі дәстүрлері, оның тарихтың прогрестік жолына бет бұруы, сол істің басында тұрған халық өкілдері мен ұлттық сана-сезімінің оянуы сияқты мәселелерді терең қарастыруға мүмкіндік алып отыр. Осы мәселеге арналған қазіргі қазақ әдебиетінің тәуір туындылары да бұл шындықты растайды.
Орыс-қазақ халықтарының тарихи байланысының түп негіздері мен олардың ынтымақтасуы жолының заңдылығын көркем бейнелеуге арналған туындылар ішінде Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» романы көрнекті орын алады.
Әбіш романының тарихилық сипаты (историзм) күшті. Ол халықтар тарихының даму бағытында әлеуметтік өзгерістер негізінде қарайды. Адамдардың қай дәуірде болса да үмітті болашақтан күткенін, өзара қарым-қатынасқа, материалдық және рухани байланысқа ұмтылғанын ол жақсы түсінеді.  Көрші елдердің жан-жақты қыспағына тусіп, көшпелі өмір кешкен қазақтың да ендігі Жерде томаға-түйық, оқшау өмір сүруі мүмкін емес еді. Дүние жүзілік әлеуметтік тіршіліктің ірі козғалысқа түсуі, жаңа жерлердің ашылып, халықтар арасында байланыстың күшеюі, басып алу, бағыну шындықтары қазақ халқын да бұрынғы күйден қозғап, ізденіс жолына бағыттады. Осы жолда оның іздеп тапқаны — орыс халқы. Осы бір тарихи құбылыстың заңдылығын жазушы «Үркерде» үлкен суреткерлікпен және ойшылдықпен бейнелейді. Үркер — маңдай алдыңнан туып, жолыңа нұр беріп тұрған, адастырмайтын жарық жұлдыз немесе жұлдыздар шоғыры. Орысқа қосылу арқылы қазақ тапқан жол да романда осылай ұғылады. Ұзақ көшпелі өмірден қажыған, қашқылықты-пысқылықты тіршілік көп кешкен, көп жауласқан қазақ та адаспайтын жолға шықты. Оның төбесінде үркер жанып тұр. Үркердің қарсы алдынан туғаны қазақ қашанда жақсылыққа жорыған, халық бойын билеген үміт оты осыған жетектейді.
Адам табиғаты зорлықты, күштеуді сүймесе қашан да еркін болса, ол жалғыздыққа да, оңашалануға да сондай жат. Тіршілік үшін күрес оны айналасымен қарым-қатынасқа, тіл табысуға үйретті. Адамдар ынты-мақтастығы, туыстығы осылай туған. Оның негізінде куштеу, бағыну, бағындыру саясаты емес, түсінісу, мүдделестік, тағдырластық жатады. Осы жолмен әуелде тайпалық топтар арасында, кейін тұтас халықтар, елдер арасында байланыс ұлғайған. Қазақстанның Россияға еркімен- қосылуын да екі халықтың осындай тағдырластығы, мүдделестігі туғызды. Әбіш романы қазақтар іздеп тапқан жолдың негізі осындай тарихи қажеттіктей туғаны туралы ойлатады. Оның екі халыққа да, олардың экономикалық, рухани дамуына да пандалы екеніне сендіреді. Романнық негізгі пафосын айқындайтын да осы идея.
Қазақ халқының Россияға қосылуының прогресті жолын, оның қазақ елін көшпелі, рулық тартыстардан, көршілердің феодалдық көз алартуынан құтқаратынын ұғынған да осындай іс басындағы, ел билігіндегі азаматтар болғанын   тарихи   деректерге   сүйене отырып, «Үркер» романы бізге кек суреттеп жеткізеді. Ол тек тәуекелге бел  буған,  даңққұмар  билеушілердің ғана емес, жоғарыда келтірілгендей ақылдылық, ойлылық, төзімділік сияқты мінездерге бай характердің ғана қолынан келмек. Әбіш   бізге   осындай   кесек   характер ашып берді. Романдағы бүкіл оқиға дамуы, әрекет, өмір құбылыстары — бәрі  де оның  негізгі  қаһарманы  Әбілқайырдың көзқарасымен    байланысты   дамиды,    соның ой-елегінен өте көрсетіледі.   Осы   тұрғыдан   Әбілқайыр есімі романиың екінші аты болуға да лайық. Әбілқайыр романда әр қырынан көрінеді. Ең алдымен, ол — хан тұқымы, сұлтан. Осы тұқымға тән билікқұмарлық, эгоистік сезімдерден де ол  құр  емес.   Әбіш  оның сұлтандық психологиясына да   үңіле  біледі.   Оның  көз алдына көкпен таласқан   күмбез   бен   алдында  жыртылып-айырылып тұрған қалың казақ елестеуі де осы сезімнің көріністері. Бұл — заңды да, хан тұқымыньщ бәрінің басында  болатын жай. Тұқым қуалаған хандыкда ертелі-кеш ие болатынын білетін   олардың   психологиясында соған тезірек жетуге құмарлық, өзімшілдік сезім басым болды. Олар қазіргі іс басындағы бауырларына қызғанышпен қарады, реті  келсе,  сол орынға    тезірек жетуді қарастырды. Әкесін, туысын өлтіріп, хан болғандар бұл тұқымдарда аз емес-ті.
Алайда, Әбілқайыр жаратылысы бұлардан өзгешелеу. Ол ішін тырнаған эгоистік сезімдерін баса біледі, бірден көзге түсіп, билікке де ұмтылмайды. Хан тұқымына, жалпы билік басындағы адамдарға тән данғойлықтан, кеудесоқ мінезден де аулақ. Өзін қарапайым, сынайы ұстап, халықпен ойлы, салмақты қарым-қатынас жасайды. Көп ортасында болады, сөз  тыңдауға, адам тануға ұмтылады. Әбілқайырдың бұл мінезінде хан тағына өзін іштей дайындау сезіледі. Оның осы жолдағы адамдық ізденістері, міез құлқын қалыптастыруы, толысуы ерекше қызықты. Романда сол кездегі ел өмірінің кең тынысымен астасып, жарқын бейнеленеді. Әбілқайырдың кедей деп кем тұтпай, Тайланды тең ұстап дос болуы — оның азаматтығын танудан туған білімділік. Тентек інісі Мамай Тайланға зорлық жасап, шұбар  атын тартып  мінгенде де, ол  інісін жазалап, әділдік жағында қалады. Осыны байқаған Әйтеке би: «Төренің бағы — қарашаның қайраты. Қарымдыдан құрдас жиғаның жөн екен»— депті. Әйтеке сөзі хан тағына отырғаннан кейін де Әбілқайырға сабақ боп қалғаны аңғарылады.
Халық даналығы мен ерлігінің бейнесіндей Мәтіні де Әбілқайыр танып, сыйлай біледі. Оның ақылы, сөзі әрқашан өрелі жастың ойына ой қосқанын, көкірек-көзін ашқанын көреміз.
«Не сөзі, не ісі көңілін қозғамаған кісінің соңынан адам түгілі мал-екеш мал ермейді. Мен білсем, мына заманын, тап ақыл сұрамайды, абырой сұрайды. Бұ заманда абыройдың да аты өзгеріп кетті. Оны бүгінде бедел дейтін болыпты. Бедел дегенің есігіңнің алдында көлденең түсіп жатып алатын күдіре желке көктөбет сияқты... Күні өткен күңіреншек кәріден гөрі тақымында шоқпары салақтап дәулет қуып, дәурен іздеген жалыны қайтпаған жастарға үйір болған дұрыс. Тәйірі, жөн білетін текті жігітке ел ұстау деген сөз бе екен! Ол үшін үлкенге ізет, қатарға қадір, ініге ілтипаттан басқа не қажет болушы еді! Бұл жұрттың соңына ереміз бе деп үміттенетін азаматынан бар дәметері сол-ақ қой!»
Бір әңгімеде Мәті аузынан айтылатын осы сөздер де Әбілқайыр жадында қатты сақталғаны, оның бүкіл ел билеушілік, азаматтық жолының заңды қағидасына айналғаны сұлтанның бүкіл романда суреттелетін іс-әрекетінен анық танылады. Ол бедел үшін күресті. Әлі батырлығымен атағы шықпаған бозбала жігіттің Іле бойында қалмақтармен ұрыста ерлік көрсетуге ұмтылуы осыдан сияқты. Ол бұл жолы жүрек жұтқан батырлығымен көзге түсті. Батырлықтың ар жағында даңқ-құмарлық та жоқ емес еді. Оны Есет дәл байқапты. «Сабазың қалың ел түгел таңқалып жатқанда кірпігін де қаққан жоқ. Сазарып тұрып алды. Сұмдығына найза бойламас қу болмаса қайтсын»—дейді ол Әбілқайыр ерлігіне таң қалған жұртқа. Дегенмен бұл жолы ол қалың қазақ ілтипатына бөленіп қайтты. «Аруағыңнан айналайын, қазақтан да Қалдаман туған екен ғой»— десті қалың тобыр. Ынтымағы аз, көшпелі, жауынгер елді бағындыратын, оны иліктіретін жалғыз жол — ел алдында осылай ерлік көрсету еді. Әбілқайырға ол абырой, бедел әкелді. Ендігі жерде қалмаққа баратын жорық жайы сөз болса, қол бастаушы деп оның атын ел атайтын болды.
Осылай бір көрініп алған беделді Әбілкайыр одан әрі бекітудің жолы ел жақсыларымен, аты белгілі, елге беделді батырлармен одақ болу, жақ болу деп түсінеді. Есетті, Бекенбайды, Жәнібекті, тағы баска батырларды маңында ұстау саясаты оны билікке ғана жеткізіп қойған жоқ, хан тағын да берік ұстауына, кейін Россиямен одақтасуына жол ашты.
Жазушы Әбілқайыр өмірінің барлық кезеңін тізіп, оның жеке басының тіршілігін күйттеп жатпайды. Оның Кіші жүз ханы тағында отырып, Россияға қосылу жайындағы ұсыныспен патшаға өкілдік жіберумен арадағы келіссөз жағдайларын ғана шығармаға тақырып етіп алады. Сонымен байланысты романның төрт тарауында Петербургтен хабар күтіп жүрген ханның күпті, ойлы күйін («Тығырық»), патша елшілігінің келуін («Елшілік»), онымен қиын жағдайда жүргізілген келіссөз жайын («Арбасу») және келіссөздердің ұзақ тартысып барып сәтті аяқталуын («Айқас») суреттейді. Сырт қарағанда, бір сәттік мәселелерді ашуға арналғанмен, бұл тараулардың бәрінде қазақ өмірінің кең тынысты тіршілігі, Россияға қосылуды жақтаған және оған қарсы топтардың күшті тартысы, ру басшыларының алауыздық әрекеттері, соған қарамастан біртіндеп халық ішіне сіңе бастаған орыс-қазақ қарым-қатынасының фактілері шынайы көрініс табады. Роман мазмұнында  халық тағдыры   жайында   ойлану   күшті.
Сондықтан  онда оқиғадан  гөрі  ой салмағы  басым  көрінеді. Бүкіл қазақ хандығы болмаса да, бір тайпа елдің билігін қолына алған Әбілқайырдың ендігі ойы — ел тыныштығын күзету, оны мазалап отырған қалмақтарға қарсы қайрат көрсету еді. Бұл мақсатын ол орындауға тырысып бақты. Үш арыстың басын қосқан талай ірі шайқастарды басқарды. Жоңғар мен қалмақты жеңген соғыстардың бәрінің де тізгіні Әбілқайыр қолында болды. Ол Сығанақта, Еділ бойында, Аңырақайда өз басының ерліктеріне қоса әскер басы есебінде де айлалы, амалды ұрыстар жүргізді. Қаратаудағы жиында ол бүкіл қазақтын, бас сардары болып сайланды. Бірақ ішкі-сыртқы жауласушылық бұл жеңістермен бітпеді. Қайта үдей түсті. Қөшпелі елдің сыртқы жаулары бір жағынан қыспаққа алса, оған қосылған феодалдық-патриархалдық өмірдің қайшылықтары мен ел ішіндегі рушылдық алауыздықтар қазақ хандығынын, халықаралық жағдайын әлсіретіп жіберді. Қазақ қоғамның қабырғасы сөгіле бастады. Хандыққа таласқан билеуші әулеттердің династиялық бақталастығы да жағдайды қиындата түсті. Осыларды көріп-бағып отырған ойлы Әбілқайырдың Россияға қол артқаннан басқа амалы да жоқ еді. Оның үстіне орыспен одақ болу идеясы көп жылдардан бері ел аузында жүрген, бірақ іске аспаған Европаны кезген елес сияқты бір істі. Сібір билеушілері мен қазақтар арасындағы әңгіменің біраз сыры Әбілқайырға таныс болатын. Әбілқайыр оны жаңа жағдайда жаңаша ойлап, күн тәртібіне қойды. Бүгін осы бір қатерлі, бірақ тәуекелге сүйенген хан ісінде қаншама көрегендік, ерлік жатқанын, оның алды-артын пайымдай білген ойлы адамның ғана қолынан келетінін кім де болса көріп отыр. Мұның өзі қазақтардың сол кездің өзінде мал соңында ғана жүрген жабайы емес, өз тағдырын өзі ойлаған, халықтар қарым-қатынастарынан хабары бар, саяси ойдан жырақ қалмаған жұрт екенін дәлелдей түседі. Әбілқайыр ісі арқылы жазушы осыны паш етеді. Сонымен бірге әрбір ел билеушіге тән ханның өзіндік ішкі есебі болғаны, Россияға арқа сүйеп, оның бүкіл қазақ тағдырын қолына алуға ұмтылғаны, өзінің бәсекелестерін солай ұтуды көздегені, оның жеке басының толғаныстары романда кең сурет табады. Қайшылықты ортада қайшылықты емір кешкен хан Әбілқайыр қанша дегенмен өзінің бә-секелестерінің бәрінен де жоғары тұр.
Мәті келіні Патшайым хан көзіне елестеген нышанды дәл жорыпты. Соны түсіндіре отырып, Мәті қазіргі ел басшыларының ашуға мініп, айбат шегіп, ештеңе бітіре алмайтынын, онын, жолбарыс боп, қасқыр боп өткізген күні біткенін, енді қырық бұлтаққа салар түлкінің кебін киер кез болғанын айтқан еді. «Заманына қарай амалы» деген-ді. Тәукенің ел билігіндегі әрекеті бұған жігерсіздік боп көрінетін еді, сөйтсе ол да таусылмайтын түлкінің бұлтағы екен ғой. Соның арқасында қанша қоқан-лоқы көрсе де, ел «аттандамай», атқа мінбей, отыз сегіз жыл бейбіт заман кешіпті. Ал, ендігі жағдай бұл жолды көтермейді. Тыныш болудың, ел тұтастығының басқа жолын іздеу керек. Ол — Россияға қосылу жолы, соған арқа сүйеу жолы. Ендігі ханның түлкі боп бұлтақтар айласы да, қулығы да осы бағытқа арналмақ, осы мақсатқа жұмсалмақ. Әбілқайыр характері осы жолдағы күрес үстінде ашыла түседі.
Бұдан арғы оқиғалар елшінің келуімен байланысты дамиды. Бұл оқиғалардың жуан ортасында да Әбілқайыр. Оның тағдыры, әрекеті роман композициясының қозғаушы күші тәрізді. Дала тағыларымен толық келі-сімге келмей тұрып, тәуекелге сальш, елшілік келсе, біртіндеп келісімге мойын ұсынар деген үмітпен бастаған істі ол әрі қарай алпыс екі айлалы түлкініңн амалына салып жылжытады. Бүкіл тіршілігін сөз, дау қуып, билікке, таласқа жұүмсаған ру басшылары, бақталас, бәсеке талас сұүлтандар мен елшіліктің ханның арасындағы тартыс тым ауыр жағдайда өрістейді. Осы тартыстардан бүкіл дала қайшылығы, ыдырап бара жатқан хандық құрылыстың сыры айқын аңғарылады. Әбілқайыр отандастарының бұл мінезін елшіні күту дайындығы кезінде-ақ байқаған еді. Ру басшылары елшіні күтуге арнаған жігіттерін уақытында жібермей кейін уәделі саннан екі есе кем жіберіп, келгендерінін өзі қарауылға жиналмай ханның жүйкесіне тигенді. Оның үстіне «елшілікті біз келмей, жалғыз бастама» деп шарт қойып, өздері келмей ханды елшіге жібермей, қонақты зарықтырып тағы шаршатты. Осындай қиыншылықпен басталған келіссөз жағдайлары Әбілқайыр образын психологиялық тұрғыдан тереңдете түсуге жол ашқан. Оның төзімділігі, ақыл-айласы екі жақты жауластырмай, келістіруге, жарастыруға жұмсалады.
«Елші мырза, біздің жұртымыздың арда екенін естуіңіз бар шығар... Арда малдың асау келетінін білесіз ғой. Асауды күшпен емес, айламен алады. Күш көрсетсеңіз, күшігенді де иліктіре алмайсыз, ал айламен арыстанды да ноқталауға болад... Біздің халқымыз қазір арыстан сияқты. Әлсізге тап келсе, мерт қылады. Әлдіге тап келсе, өзі мерт болады. ...Әрі ойладым, бері ойладым, екі мықтының әупірімімен арпалысып мерт болғанша, сабырлысымен арбалысып тірі жүргенді жөн көрдім... Менде бұдан басқа амал бар ма? Жұрт бұл қылығымды не деп ойласа, о деп ойласын, ал өзім тек бір басымның ғана емес, бүкіл елдің мүддесін ойлағанда тапқан жалғыз амалым деп білем...»
Әбілқайырдың Тевкелевке оңаша кеп айтқан осы сырында хан ұстанған саясаттың шындығы жатыр. Ол елшіге ел азаматтарының ықылас-ілтипатты жоғары санайтынын, бірден ант сұрамай, сый-сыяпат ұсынып, ауыздарын алуға тырысу керектігін айтады. Шынында да Әбілқайыр — Тевкелев келіссөзін мақсатқа жеткізген де осы амал, айла. Ру басшыларының әр түрлі қиқар мінездері мен ұр да жық ожарлығына ол төзімділікпен қарайды. Бала мінезді жұрттың әуелде дұрыс-бұрысты ұға алмай, дүрлігіп барып жөнге келуін күтеді. Оларға ақырып емес, алдаумен іс жүргізеді. Бұл шаруаға тағы да елдің беделді батырларын жұмсайды. Сөйтіп елді антқа жұмылдырады. Бұл — Әбілқайырдың ел мүддесі мен өз мақсатын тұтастыра білген дипломатиялық көрегендігі.
Әбілқайырдың Россияға қол артуы, оған бағынуға ант беруі жалпы қазақ мүддесіне де, оның мұсылмандық салтына да, халықтық дәстүріне де қайшы емес екенін, оған қарсы болушылардың ойы тек түсінбестік пен бәсекелестіктен туғанын көрсетуге жазушы ерекше көңіл бөледі. Бұл қарапайым халықтардьщ мүдделестігінен, тіл табысуынан да танылады. Зердебай қызы Торғынның Костюковпен байланысын ханның орыстарға жағыну үшін үйымдастырған ісі деушілердің жеңілісі де Әбілқайырдың үстемдігін танытады.
Романда игі істің басында тұрған Әбілқайыр ханмен бірге бірталай батырлардың жарқын образдары жасалады. Олардың ішінде Бөкенбай, Есет, Жәнібек батырлар ерекше көзге түседі. Ел қорғау, кек қайтару жорықтарында ерлігімен көзге түскен бұл батырлар нағыз халық қамқорлары ретінде суреттеледі. Ел тағдырын Әбілқайырмен бірге ойлап, оның идеясының іске асуына тілек те, білек те қоса біледі. Әсіресе, Бекенбай  ру басшыларының орынсыз талас,    қыспақтарына ұшыраған хан мен елшіге шын сүйеу бола біледі. Өзі Россияға қосылуға ризалығын білдіріп, басқаларды да өз беделінің күшімен антқа шақырады. Қиын-қыстау күндерде елші қасында болады. Кертартпа билер мен айтыста ол өз ойын, мақсатын дәлелдеп жеткізеді. «Бұл әңгіменің енді саудаға салатын несі қалды? Қазақтың басына түскен қай ауыртпалықта да тартынып қалған жерім жоқ... Әлі де тартысатын жаумен тартысуға, айтысатын жаумен айтысуға дайынмын. Бірақ қызыл тілде буын жоқ екен деп жөнге тоқтамау ата-бабаңның салтында жоқ. Қазақтың қара көшінің қара бұлттың айтқанымен көшіп, ала қиқудың айтқанымен босып жүре бермей, ертеңін ойлап, белгілі бір тұрақ табатын кезі болды дегеннің түсінбейтін несі бар? Алысқанмен алысып, жұлысқанмен жұлысудың жөні осы екен деп, төрт тарабыңмен түгел теке көзденіп отырмай, бір жағымызды желге ұстасақ, бір жағымызды ыққа ұстайық, бір қолымыз болмаса, бір қолымызды жау жағасынан бос ұстайық, әйтпесе көк ит боламыз деп жүріп, көп иттің талауында кетпейік дегеннің түсінбейтін несі бар? Әбілқайырға жау іздегенде ұстатқан ноқтамды дос іздегенде ұстатпайтын жайым жоқ. Қол астымдағы рулы еліммен ақ патшаның боданында боламын деп алдымен мына мен айтам»...
Бөкенбайдың осы сөзі Әбілқайырға сүйеу болып ханның да елшілікке ант беруіне жол ашады. Одан соң батырдың өзі де, Есет те, елдін белді жиырма жеті биі ант береді. Іштей ұнатпағанмен көптің ырқынан аса алмай Батыр сұлтанның ант беруі де қызық, Әбілқайырмен іштей бәсеке, бақталас сұлтан ант беруін беріп қалғанмен, Әбілқайырдан жеңілгеніне намыстанып, оның табысын қызғанып, кейін ат ізін салмай жатып алады. Алыстан орайтын жырынды қудың жігіттеріне орыс керуенін талатып, оларды өзі құтқарған боп патшаға жағымды көрінуге тырысуы да Әбілқайыр жолымен емес, орысқа өз жолымен келуге ұмтылысының белгісі.
Романда суреттелетін елдін басшы адамдары — байлығымен, тектілігімен емес, ел қорғау күрестерінде батырлығымен, ерлігімен көзге түскен, ақылымен ел бірлігі идеясына ой қосқан азаматтар. Олардың әрқайсысы-ақ өз руының, өз ортасының көсемдері. Оларды көсем еткен де батырлық пен алғырлық мінездер, халық қамқоры бола білген азаматтарға деген ел сүйіспеншілігі. Сондықтан бұл образдарда халықтық сипаты күшті. Олар, негізінен, халық ортасынан шыққан адамдар Бекенбайдың, Есеттің, Тайланның, тағы басқалардың Әбілқайырмен достығында да осындай халықтық мақсат бар. Жазушы аталған батырларды көркем бейнелеуде олардың бойындағы білек күші мен жүрек тілегін, ақыл мен ой тапқырлығын көрсетуді нысана етіп ұстайды. Ойлы азаматтардың сөзінде халық даналығыңың сабағы танылса, даланың кеңдігі мен тіршілік үшін арпалыс тудырған мінездің күрделілігі де әдемі ашылады.
Роман оқиғаларына естелік күйінде, лирикалық шегіністер арқылы араласатын Төле, Әйтеке, Қазыбек билер бейнелерінде де әділдік аңсаған халық ойларының, даналықтың сипаттары жинақталған. Жалпы романда қазақтың халықтық қасиеттері, ұлттық психологияға тән жақсылық пен жиренішті кемшіліктер сүйсіне, қазыла айтылады. Олардың көбі аталған халық өкілдерінің көзқарасымен сұрыпталып беріледі.
Романдағы орыс адамдары ішінде алдымен көзге түсетіні — орыс елшісі Тевкелев. Оның характерін жасауда жазушы тарихи деректерге молырақ сүйенеді. Елшілік, келіссез оқиғаларының күрделі, қайшылықты әсерлерін Тевкелевтің күнделігіне сүйене отырып суреттейді. Бірақ жазушы сол күнделік мәліметтерінің ырқында қалып қоймай, келіссөз жүргізудің егжей-тегжейі мен екі жақтың бір-біріне қарсы жасаған айла-әдістерін суреттеу негізінде қазақ даласындағы рулық тартыстардың сырын, феодалдық қарым-қатынастардың ыдырай бастағанын ашуға ұмтылады. Дәуір шындығына осы оқиғаға қатысқан адамдардың көзімен қарауға көңіл бөледі. Тевкелев осы тұрғыдағы қызықты образ болып шыққан. Тәжірибелі дипломаттың орыс-қазақ халықтарының мүдделестігі туралы ойлары мен қазақ қоғамының кайшылықты жағдайларын көріп тануы нанымды берілген. Тілі, діні, нәсілі жағынан бөлек, екеуі екі құрылықта жатқан орыс-қазақ халықтарының жақындасу себептерін, оның қажеттігін Тевкелев жер жақындығынан іздейді. Қоян-қолтық араласып жатқан елдерде тарихи тағдырластық, мүдде жақындығы тумай қоймайды. Ал мүдде жақындығы — адам мен адамды, халық пен халықты, мемлекет пен мемлекетті жалғастырар ең берік дәнекер. Осы жолмен табысқан халықтардың туысқандығы ұзағынан болмақ. Қазақ-орыс қарым-қатынастары жайлы бар мәліметтерді оқи келе, өзі көзін жеткізе келе Тевкелев ойлары осыған тұрақтайды. Бірігуге екі жақ та мүдделі. Орыс елшісі өз өкіметінің мүдделестік себептерін алдымен түсінеді. Оның келіссөзінің ойдағыдай аяқталуына да күш салатыны осыдан.
Екінші жағынан, жазушы Тевкелев көзқарасы арқылы ендігі жерде қазақ қоғамының да дербес, оқшау күйде қала алмайтынын, феодалдық-патриархалдық қарым-қатынастардың ыдырай бастағанын көрсетеді. Шетінен тәкаппар көрінетін, бірін бірі бетінен алып, шабаланып жататын халықта ынтымақ азайғанын Тевкелев сияқты сырт көз бірден байқайды. Хан дегеніннің өзі аты болмаса, заты қораш сияқты. Оған қол   қусырып, айтқанына бас иіп отырған ешкім байқалмайды. Қит етсе, хан Бөкенбайға кісі шаптырып, көмек сұрап жатады. Бұл— қазақ қауымында ел билеу жүйесінің әлсіреп бара жатқанын, ендігі жерде олардың бір кәулетті күшке сүйеніп, қорғанбасқа лажы жоқтығын бейнелейді. Осы жолдардың қай-қайсысы да орыстарға қосылуға итермейлейтінін, ендеше екі елдің болашағы үшін де мүдделестік қажет екенін елші дұрыс түсінеді. Елшінің дұрыс түсінігі мен ұғымы оған өз сенімі үшін күреске жол ашады. Әбілқайыр мен елшінің келісе отырып, басқа хандықтарға хабар айтуы, жалпы қазақ атаулыны келіссөзге келтіруге ұмтылуы осы бастаманың түпкі пайдасын ойлаудан туады.
Осылай басталған орыс-қазақ қатынастарының қарапайым халық өкілдерінің бірін-бірі түсінісуіне, достасуына себеп болғаны, бұл достықтың әуелгі кездегі қайшылықты көріністері Мариям тағдырынан, Сергей, Қостюков бейнесінен танылады. Тұтқынға түскен орыс қызы Мариямның қазақтарға бауыр басып кетуі, Итжемеспен одақтасуы тағдыры ұқсас адамдардың ұлтына қарамай өзара түсінісуінің белгісі болса, Зердебай ұста өнерін тамашалап жүріп Қостюковтың Торғынмен жарасуы да өзара ұғынысудың әсері. Бұлар — орыс-қазақ қатынастары тудырған, есепке негізделмеген қарапайым адамдардың шынайы достығы. Бірақ феодалдық салттың үстем кезінде оның ұлғаюына жол болған жоқ. Торғын қайғылы жазаға бұйырылып, Әбілқайыр бұл оқиғадан тазалығына ант беріп құтылды. Халықтардың өзара ұғысуы мен жарасуы тым оңай құбылыс емес. Елдердің қарым-қатынас жасауы оны тездете алмайды, кертартпа күштер мен ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық психология да оны тез қабылдай қоймайды. Соған қарамастан екі елдің бірігуі қарапайым, тағдыры ортақ адамдардың түсінісуіне жол ашуы жазушы суреттеген аз ғана фактінің негізінде әдемі бейнеленген. Ол дәуір шындығына сыйымды да.
«Үркер» — реализмі бай шығарма. Онда сол кездегі қазақ қоғамының емірі, оның көрші елдермен тартысты тіршілігінің алуан түрлі шындығы терең суреттелген. Жазушы тарихи оқиғалар ізін сақтай отырып, сол арқылы ел тағдыры, халық өмірінің кешегісі, бүгінгісі, ертеңі жөнінде ойланады. Әбілқайыр ұстаған жолдың көрегендігін дәлелдейді. Романда қазақтың ұлттық ерекшеліктері, халықтық салт-санасы, ұғым-түсініктеріне қатысты материалдар мол келтіріледі. Автор жақсыны мадақтай, ұнамсыз жайларға сын көзімен қарай жазады. Әсіресе Мәртебе, Құлтөбе, Ордабасы жиындарындағы үш атыраптан бас қосқан елдің думанды мерекесі — реалистік бояуы қанық суреттер. Осы жиындар мен ондағы ел тіршілігі, аға билердің өнегелі сөздері халық санасында қалыптасқан шешендік өнер поэтикасына негізделеді. Роман айтар ел тағдырына қатысты ақылды ойлар, халықтың мінез-құлқы сол елдің мекені болған даланың кеңдігін бейнелейді. Халықтық характерлерде де осындай сипат басым. Ерлік те, сөз ұстар тапқырлық та сол ортаның шындығынан туады.
Негізінен кіші жүз қазақтарының Россияға қосылуын суреттей отырғанымен, жазушы романда қазақ елінің халықаралық жағдайын кең сөз етеді. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ыдырай түскен қазақ ұлыстарының ішкі қайшылықтарына, ел билеуші тұқымдардын өзара бәсекеге негізделген саясаты қосылып, алауыздық күшейгенін нақты деректерге-сүйене отырып, көркем бейнелейді. Сонымен бірге-ол Тәуке, Сәмеке, Жолбарыс, Барақ, Әбілмәмбет сияқты хан, сұлтандар қызметін бір жақты суреттеуден де аулақ. Олардың қиын жағдайда өмір сүрген қайшылықты саясаты елдің бүтіндігін сақтауға жұмсалғаны даусыз. Бірақ ол саясат табысты бола алмады. Өйткені олар оңашаланып, көршілерді алдап-сулап өмір сүруге болмайтынын ұғынбады. Әбілқайыр ұғымы, түсінігі оларға қарсы қойылады. Тәуке бастаған топ ел бірлігін нығайтуды ішкі, фактілерден күтсе, Әбілқайыр сыртқы саясатпен байланыстырды, қазақ қоғамын дүниежүзілік дамудың тенденцияларымен ұштастырды. Бұл арқылы Әбіш Қазақстанның Россияға қосылуы тек екі ел үшін ғана маңызды емес, жалпы адамзаттық прогресс тұрғысынан да елеулі құбылыс болғанын түсіндіреді.
Негізінен байсалды реалистік стильде жазылған романға жазушы оның кейіпкерлерінің характеріне, ұғым, түсінігіне, өскен ортасына лайық символикалық бейнелеуді, фольклорлық ақызды да қоса пайдаланады. Бірақ бұл аңыздар шығарма стилін бұзбайды, образдарды нақтылай, жетілдіре түсуге қызмет етеді. Әбілқайырдың көз алдына елестеген жолбарыс, қасқыр, түлкі туралы аңыз, кейін тазы боп құйрығын тығып жылжып бара жатқан бейне — образ ашудың халық жадында бұрыннан сақталған символикалық тәсілдері. Құландарды қуып орға жығуда да дала тағыларының    оңай арандайтынын орда халық бойынан көруге меңзеу бар сияқты. Қейін ханның түс көріп өзін сондай қашқын сезінуі дала тағыларына тән мінезбен үзақ жасаудың жолы кесілгенін елестеткендей. Елдің есеюі, соқыр сезіммен жүрмей, тыныш, бүтін өмір сүру мұраты тың жол іздеуге бастағаны аңғарылады. Ел басқару да қиындап барады. Ендігі басшы арандатушы емес, халықты арандаудан арашалаушы. Әбілқайыр осыны түсінеді. Қазақстанның Россияға қосылуынын, халық үшін прогрестік мәні болғанын үркер образымен тұспалдап ашу да осындай сәтті тәсілдердің бірі. Бұлардан біз жазушы символикасының романның реалистік сипатын толықтырып, оның образдарын кеңірек аша түскенін, қызмет еткенін көреміз.
Негізінен сәтті шыққан шығарманың көзге түсер олқылығы да бар сияқты. Өмір шындығын мол қамтып, байсалдылықпен кең суреттеу романның қаншалықты табысы болса, соншалықты кемшілігіне айналғаны да көзге шалынады. Онда үлкен дүниені түгел қамтимын деп, көлемді ұлғайтып алу, соза беру байқалады. Россияға қосылушы Кіші жүз хандығы көлемінен шығып, оны бүкіл қазақтық құбылыс ретінде қарау, әрине, дұрыс. Бірақ одан үш жүздің ара қатынасын, ел басшыларының бәсекелес саясатын қайталап-қайталап, ұстемелетіп, тәптіштеп айту көбірек орын алып кеткен. Жиындар, билердің сөзі, дау-дамай жиі қайталанады, Әбілқайыр, Тевкелев ойларында да қайталау көп. Елшіні бірінен соң бірі кеп қорқытқан билер қылықтарын да тізе беру ұшырасады. Қейде жазушының оқиғаны бір суреттеп алып, оған Әбілқайыр (немесе, тағы басқаның) көзімен қайта оралатын жайлары да кездеседі. Көрші халықтар — қалмақтар, қарақалпақтар, түрікмендер, башқұрттар жайы, олардың ішкі қайшылықтары да тым тәптіштеле айтылады. Осылардың романды ауырлатып алғаны байқалады. Көп нәрсені тықпалап, бәрін түгендеуге кейде оқырманды оқиға ізінен адастырып кететіні де бар. Романның басында Итжеместің етке құмарлығы 3—4 бетке созыла суреттеліпті. Осыларды қысқарту, қайталаулардан арылту жайында жазушының ойлануы керек сияқты.

  Қазақ тіліндегі рефераттар - Қазақ әдебиеті


Яндекс.Метрика