1. Рефераты на казахском
  2. Қазақ әдебиеті
  3. Пушкин шығармаларының шығармашылық тарихы

Пушкин шығармаларының шығармашылық тарихы

Жоспар

І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
Пушкин шығармаларының шығармашылық тарихы
1.    Пушкин шығармаларының тууы
2.    Пушкин шығармаларының нұсқалары
3.    «Элегия» өлеңінің тарихы
4.    «Евгений Онегин» романының тарихы
5.    «Пугачев тарихы»
ІІІ Қорытынды

Александр Сергеевич Пушкин 1799 жылы 6 мамырда Москвада туып,  1837 жылы 10 ақпанда Петербургте қайтыс болды. Александр Сергеевич Пушкин – орыс халқының ұлы ақыны, жаңа орыс әдебиетінің негізін салушы. Кедейленген дворян семьясында туған. Ардақтылар балаларына арналған оқу орны – Лицейде оқып тәрбие алды. Бұл уақыт 1811-1817 жылдар аралығында өтті. Пушкин өкеңді 13-14 жасынан жаза бастады. Пушкин өз заманының озық ой-пікірлерін жастайынан бойына сіңіріп өсті. Ақынның ой-сезімінің қалыптасуына күшті әсер еткен зор тарихи оқиға 1812 жылғы Отан соғысы мен 1825 жылғы декабристердің патша өкіметіне қарсы көтеріліс болды. «Чаадаевқа» (1818), «Деревня» (1819) тағы басқа азаттықты аңсайтын өлеңдер жазғаны үшін 1820 жылы бірнеше жылға жер аударылды. 1823 жылы  «Евгений Онегин» дастанын жазуға кіріседі. 1826 жылы Пушкин айдаудан Москваға оралды. Бірақ ол азаттықты, революциялық идеяларды уағыздаудан ешбір таймайды. Пушкин творчествосы осы кезеңнен        (1825-1826) бастап мейлінше өрістеп дамыды. Өлең-жыр, поэмаларымен қатар аса күрделі туындылары – «Борис Годунов» атты тарихи драма (1825), «Дубровский» (1832-1833), «Капитан қызы»  (1833-1835) повестерін жазды.
Пушкиннің лирикалық поэзиясының тақырыбы шексіз бай, идеялық маңызы мейлінше терең. Оның саяси-әлеуметтік лирикасында отаншылдық идеясы аса қуатты, әсерлі бейнеленген. Тұңғыш поэмасы «Руслан мен Людмилада» және «Кавказ тұтқыны» (1820-21), «Цығандар»  (1823-24) дастандарында ақын өз заманының ең күрделі қоғамдық мәселелерін қозғады. «Борис Годунов» трагедиясында тарихи дамудың бағытын белгілейтін ең үлкен күш – халық, халықтың мүддесі, ниет тілегі деген ойды меңзейді.
«Евгений Онегин» романында Пушкин халықтың өмірін мейлінше  талық, жан-жақты суреттеді, дворяндар мен жаруалардың өзара қарым-қатынасын айқын көрсетті. Халықтың күнделік  тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, әр алуан адамдардың мінезін, табиғат көрінісінбәрін де терең және көркем бейнелегендіктен, бұл шығарма шын мәнінде «Орыс өмірінің энциклопедиясы» (В.Г.Белинский) атанды. Пушкин «Мыс салт атты» (1833), «Полтава» (1828) поэмаларында Петр 1-нің дәуірін суреттеп, Россия мемлекетінің құаты арта түскенін сүйсіее жырлады.
Пушкин қарапайым халықтың, орыс шаруаларының тағдырын «Дубровский», «Капитан қызы» сияқты шығармаларында шебер бейнеледі. «Пугачев тарихы»  (1833-34) атты еңбек жазды. Онда Емельян Пугачевтің халық ортасынан шыққан нағыз қарапайым адамға тән қасиеттерін, ерлігін, батылдығын, ақылдылығын, қарапайымдылығын сүйсіне сипаттады. Пугачев бастаған кқтеріліске орыс шаруаларымен бірге басқа халықтар өкілдерінің – балқұрт, қазақ кедейлерінің де қатысқаны әсерлі суреттелген. Пушкин орыс халқымен тарихи жақын, тағдыры бір, туыстас барлық халықтардың өміріне үңіле қарады, Россия халықтарының бәрінің тілек-мүддесін, арманын терең түсінді. Қазақ жерінде Орынбар, Орал қалаларында болған кезінде   1833 жылы қазақ халқына сүйіспеншілік сезіммен қарап, оның өміріне, әдетғұрпына, мәдениетіне зер салды. Қазақтың лиро-эпостық жыры – «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» дастанын әдейілеп жаздырып алып, ол жөнінде шығарма жазуды ойлады. Қазақ тарихында Пушкин мұрасына алғаш айрықша көңіл аударып, одан онеге алғандар – Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев. Абай «Евгений Онегинді» аса жоғары бағалады, оның кейбір үзінділерін 1889 жылы қазақшаға аударды.
«Татьяна хаты» Абай шығарған әнмен айтылып, қазақ өңіріне кеңінен тарады. 1903 жылы «Капитан қызы» қазақша аударылып, басылып шықты. Пушкин туындыларынан 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің корнекті өкілдері-Сұлтанмахмұт Торайғыров, Спандияр Кобеев, Мұхамеджан Сералин, Б.Өтетілеуов тағы басқалары өнеге алды. Советтік дәуірде Пушкин шығармалары шын мәнінде барлық совет халықтарының аса қымбат асыл мұрасына айналды. Пушкин шығармаларын қазақ тіліне аудару ісі кеңінен қолға алынды. Бұл салада Ілияс Жансүгіров, Қасым Аманжолов, Т.Жароков, Әділдә Тәжібаев, Қ.Тоғызақов, Х.Бекхожин, С.Мәуленов, Қ.Шаңғытбаев тағы басқа ақын-жазушылар елеулі еңбек етті. Пушкин туындылары талай мәрте том-том кітап болып қазақ тілінде басылды. Н.А.Добролюбов Пушкиннің адамзат алдындағы басты еңбегі бүкіл әлемге «орыстың болмыс-бітімін ашып бергені» деп санаған болса, ақынның сол қызметі бәрінен бұрын «Евгений Онегин» романында айрықша танылады. Ақын бұл шығармасын сегіз жылдай жазғаны мәлім. Сол жылдардың бәрінде де бүкіл Ресейдің сауатты жұрты өзінің ойын ақын ойымен астастырып, роман ке»іпкерлерінің тағдырымен тыныстап келген. Шығарманың кеңінен жайылған панорамасынан оқырмандар күнбе-күн көз алдынан өтіп жатқан кәдүілгі өмірдің поэтикасын сезініп, кейіпкерлердің мінез-бітімінен өзерін, таныстарын, көршілерін танып жататын, айналадағы табиғатты, астананы, деревняны жаңадан көргендей болып, соның бәріне жаңаша қарап, ақынның байқағыштығына, сезгінетігіне, сергектігіне, шеберлігіне таң тамаша қалатын. Романның әр тарауы журналдарда жарияланған сайын Пушкиннің орыстың бірінші ақыны деген атағы орныққан үстіне орығып, көзі тірісінде-ақ оның шын классик екендігін, даусыз данышпан екендігін замандастарының өзі-ақ біліп, мойындап болған еді. Өзінің тұсындағы әдеби стильдердің бәрінен де оқшау шыға білген ұлы ақын ешқандай дәстүрлі қалыпқа сыймайтын өзгеше өнер жасай алды. Пушкиннің өлмес, өшпес өлеңді арқылы бүкіл халықтың көркем сөзге деген ынтызарлығы оянды. Он тағызыншы ғасырдың орыс әдебиетінің алтын ғасыры болып жүргенінің басты бір сыры Пушкиннің ұлы үлгісінде жатыр. Пушкиннің шығармалары, әсіресе, оның ең басты туындысы – «Евгений Онегин» романы аударуға көнбейтіні жөнінде көп байтылған, көп жазылған. Сонда да адамзат мәдениетінің Пушкин шыңына ұмтылған талабы бір сәт те бәсеңсіп көрген емес. Қазіргі таңда ақынның тоқсан үш тілде мың жеті жүз елу түрлі аудармасы бар деп саналады. Аудармасының көптігі жөнінен Пушкиннің алдына тек Шекспир мен Толстой ғана түсетін көрінеді. Көлемінің үлкендігіне қарамай, көп аударылған шығармалардың арасында «Евгений Онегин» жүрині – ерекше  атап айтатын жай. Мысалы, осы роман неміс тіліне... 13 рет аударылыпты! Бұл романның шығармашылық тарихы - әлемдегі ең бір нәзік сезім, махаббат тұсы тірек алады ғой?
Бұл романның тууына алғаш түрткі болған себебі – романтизмен көңілі қалуында. Алғашқы бөлімі басылымда 1825 жылы шықты. Оның кіріспесі «Ақын мен кітап сатушы арасындағы әңгімемен» тығыз байланысты. Жалпы, бұл романның қолжазба түрінде 17 нұсқасы бар деп тұжырымдалады. Ақын жазу барысында жұмыс үстелінде ақ қағаз бен қауырсын қаламынан басқа ешнәрсе болмады. Бұл романды бірнеше романдармен қатарласа жазуында 7 жылдай уақыты кетіпті.
Пушкиннің көптеген олеңдері болашақ пен өткеннің, ертеңгі күнге деген үміт, шығармашылың еңбектің еркіндігі, әдеби қаталдық, өзіне деген қатаң тәртіп негізінде құрылған. Бұл жүйелі ретте Пушкиннің төрт өлеңін мысалға алуға болады. Яғни, 1827 жылы жазылған «Арион» өлеңі-Пушкиннің ең бір баға жетпес еркіндік лирикасында жазылған нұсқасын атауға болады. Бұл онең сол заманға, заман шындығына сәйкес алынған шығарма. Бұл дегеніміз, үкімет тұсындағы сәйкессіздіктерге және ақынның өзіне де тікелей әсер еткен угіт деп айтуға болады. Өлеңнің алғашқы шұмақтарында ақынның қиынға түскен еңбегі, мінездемесі оқырман түсінігінде ерекше орын алады. Ал бұл өлеңнін шығуына негіз болған басты себебі, ол-бір жарым жыл бұрын болған декабристер тоңкерісі және бір жыл бұрын жауапқа тартылған бес косемнің қазасы. Бұл өлеңді оқығандар бірден сол оқиғаның айқын көрінісін табады. Тағы бір өлеңі 1930 жылдың 8-қыркүйегінде шыққан «Элегия» өлеңін айтуға болады. Бұл өлең айтуға болады. Бұл өлең жазылғаннан кейін төрт жылдан кейін ғана жарық көрді. Шынында да, «Элегия» - Пушкиннің өткен күнге саяхат, өзінің өмір жолын еске алумен, келешекке деген мақсатпен тығыз ұшырасады. Бұл өлеңдегі өткен қызық кезеңдердің бағыты қазіргі күннің өзінде қалай әсерлендіруі Пушкиннің назарына аумайды. Яғни, бұл ақын үшін баға жетпес мұра. Себебі, бұл жастық шақтың өткені.
Мәселен, Яков Николаевич Толстой Пушкинге Всеволожскийде жазған өлеңін оқуға үлгермеп еді, кешкі ас уақытында Гнедич өзінің «Иллиадасын» оқып болмады. Пушкин болса есінегеннен басын ала алмады. Сонда Яков Николаевич Пушкиннен жауап жазуын өтінеді. Пушкин ойланып, үйіне келген соң, шамда ұшып жүрген ийркейлерге көзі түсіп, 5-7 минут қарап тұрып қалады. Ақын сол мезетте шабыты меңзеліп, жауап ретінде, ешқандай нұсқаларсыз, түзетулерсіз «Элегияны» жазып береді. «Элегия» 30 өлеңнен құралған шығарма болып шықты.
Сонымен қатар Пушкиннің тағы сол сияқты «Смысла я в тебе ищу...» атты өлеңін айтпай кетуге баямайды. Өз үйінде жүгіріп жүрген тышқандардың үндері, далада сыбдыр қаққан шөптің бастарының үні, сағаттың тықылдаған үніне тамсана жатқан кезіндегі ұйқысы болінуіне арнаған. Өзінің мамық төсегінде жатып ұйқысы безген адам осы өлеңді жазғаны расталады. Сағаттың үні тыныштықты бұзған кейіптегі эпитетті қолдануынығң өзі қаншалықты. Ақыңға түн өзімен бірге сырласуға жөн келгенімен сипатталады.
Мұнда:
«Торопливый частый лепет
Замиранье, чуткий трепет
Жизни мышья беготня», - деп, ақын мағынасы жоқ үннің іс-әрекетін көрсетеді. Яғни, бұл олеңнің шығуына негізгі себебі осы және бұл осы өлең жолдарымен жалғасады. Міне, біз ұлы ақынның шығармаларының шығармашылық тарихының негізгі көрінісіне кез боламыз. Ал енді күрделі шығармаларына тоқталатын болсақ, «Кавказ тұтқыны» романтикалық поэмасы айқындауға болады. Бұл поэма  1820-1821 жылдары жазылған. Ал жалпы, бұл поэма негізгі редакциялардан бес рет өтті. Тіпті, ақын жазылып қойған поэманы таза бетке кошіру процесінде өз қолымен әлденеше рет түзетулер енгізді. Қорыта келсек, «Кавказ тұтқыны» – бұл поэма пушкиндік романтизмінің негізгі тұтқасы болып табылады. Поэма бірінші редакциядан «Кавказ» деген атпен өтеді. 1920-1922 жылдары қолжазбаның  9-11 беттерінде осы нұсқа елеулі орын алады.
Оның бірінші бетінде поэма атауы «Кавказ», ал Төменірек – «поэма, 1820»; және төменгі жағында жазылған мезгіліне мінездеме берілген «Юрзуф, Август» деп жазылды. Келесі бетте алғашқы «тұтқын» пайда болады. Поэманың негізгі идеясыжастық шақтық қызықты кезеңдері, жүрекке жылы тиер асылы, міне, негізгі мағынасы осы болып табылады. Ал енді Пушкиннің өзінің ағасына жазған бір хатында өзінің өмірге деген көзқарасын «Білмеппін мен бұл заман тынысын?! Деген сауалдан бастапты. Яғни, бұл сөзді айтқаннан кейін бірден бұл мәселе «Ескерткіш» өлеңінің тұсында екенін айқындауға болады. Яғни, дүние салғанға бес ай бұрын «Ескерткіш» атты өлең жарық көреді. Бұл өлеңде өмірдің қаймылықтары, ақын күресінің трагедиялық тазаруы ерекше орын алады. «Ескерткіш» - күрес пен еркіндіктің бірізділігі деуге болады. Бұл тұста біз ақынның Горация мен Державиннің жолын устанушысы ретінде көре аламыз. Сол себепті, бұл өлең жеке биографиялық туынды ғана емес, ескере өтсек, Державин мен Горацияда сол болған еді. Пушкин үшін өз өмірі тек қана сюжет, ал оның мазмұны – ақын миссиясы. Бұл тақырыптың шығармашылық тарихы да анағұрлым кең колемде алынған. «Ескерткіш» өлеңін Пушкин кешкі серуенде жүріп, босағада қайыр тіреп отырған кедейді көргеннен кейтін жазуға кіріседі. Өлеңді жазғанда 6 нұсқасы сақталған. Оны өңдеу барысында 8 рет түзету енгізеді. Паспадан өтер алында 2 рет өңделеді. Бұл өлеңді Пушкин 7 күнде мазмұндық тірек салады. Енді 1832 жылы жазылған «Дубровский» романын зерттесек кем болмас еді. Бұл роман негізінде лагерьдегі жеке Дубровский мен бай-болыстардың арасындағы қарым-қатынастарды айқындаудағы талас көрінеді. Мұнда ақын есімінен екіжақтылық әрекет көрінеді. Ал өлең жолдарында ол ботен түрде астарлап жазылады.
Бұл роман 3 ай ішінде жазылып бітті. Оның себебі, Пушкин «Дубровскийді» жазу барысында жылдамдықты үдететін карандашты пайдаланды. Бұл романды жазудың негізгі себебі, 1832 жылы Пушкин тұрмысынан алыс емес жерде «Кіші Морской» жерінде Н.В.Гоголь тұрыпты. Олар Пушкинмен жиі кездесіп тұратын. Сол кезде Гоголь «Вечера на хуторе» шығармасының екінші бөлімін жазып жатқан. Кездесу кезінде шығармаларын Пушкинге оқып беретін. Осы оқиғадан кейін Пушкин «Дубровскийді» жазуға кіріседі.
Ал роман желісінде ақын «Дубровский» романын жазудан бас тартпақшы болады. Себебі, бұл мерзімде Пушкин басқа романды жазуға бой ұрып еді, бірақ бастаған істі соңына жеткізуді ұйғарды. «Дубровский» мен «Капитан қызы» шығармаларының егізділігі өте ұқсас болып табылады. Сол себепті, екеуінің біреуі екіншісінен алынған деген сөз таралуда.
Марина Цветаеваның ойынша Пушкин «Капитан қызын» жазу себебі, ол Пугачевке деген ыстық сезімі үлкен роль алады. Бірақ ол сонда да оның қоластына түспейді, себебі, ол шектен тыс кететіндей көрінеді. Пушкин шығармаларында аналар бейнесі де ерекше орын алады. Қай шығармасын алып қарасаң да, әрқайсысында аяулы ана, сүйікті жардың образы көркем қуатымен, сөз әсерлілігімен ерекше танылады. Ең алғаш рет бұл құбылыс  «Түс» өлеңінде айқындалды:
Ах! умолчу ль о мамушке моей,
О прелести таинственный ночей,
Когда в чепце, в старинном одеянье,
Она, духов молитвой уклоня,
С усердием перекрестит меня
И шепотом рассказывать мне станет
О мертвецах, о подвигах Бовы...
Я трепетал – и тихо наконец
Томленье сна на очи упадало.
Тогда толпой с лазурной высоты
На ложе роз крылатые мечты,
Волшебники, волшебницы слетали
Обманами мой сон обворожали
Терялся я в порыве сладких дум;
В глуши лесной, средь муромских пустыней
Встречал лихих Полканов и Добрыней,
И в вымыслах носился юный ум; - деп, алғашқы сезімдердің қарым – қатынасын өлең жолдары арқылы білдіруге тырысты. Бұл өлең жолдарында екі жақтылық образ көрінеді. Оның бірі - өзінің әжесі Мария Алексеевна Ганнибал және өзінің қамқоршысы, тәрбиешісі екінші анасы – Арина Радионовна. 1825 жылы жалғыздеқпен тісе қатқанПушкин әйгілі «Қысқы кеш» атты өлеңін жазады, ал бір жылдан кейін қайтадан аналарға арнап өлеңдер жазуға кіріседі. Пушкиннің «Онегина» өлеңіндегі Филипьевна, «Дубровского» өлеңіндегі Егоровна және «Сват Иван, как пить мы станем» өлеңіндегі Пахомовна – барлығы да қамқоршысы Арина Радионовна бейнесінде алынған.
«Шын мәнінде» ол тек қана өзінің музасын жақсы көреді», - дейді Мария Волконская. Ал Анна Керн: «Өзінің тәрбиешісінен басқа ешкімді сүйген жоқ», - деп айтады екен. Өзінің оқыған жері лицей Пушкин үшін аса бір естен кетпес, ұмытылмас мезеттердің куәгері ретінде айналған. Лицейден кетер кезде Пушкиннің өзінің үшін аңсауы одан әрі өрши түсті. Бұл әсіресе, 1829 жылдың 14 желтоқсандағы оқиғамен тығыз байланыста болған еді. Сол жылы ақын өз үйі Ауыл патшалығына оралады. Сол кезде Пушкин «Воспоминания в Царском Селе» атты өлеңін жазады:
«Воспоминаньями смущенный,
Исполнен сладкою тоской,
Сады прекрасные, под сумрак ваш священный
Вхожу с поникшею главой.
Так отрок библии, безумный расточитель,
До капли истощив раскаянья фиал,
Увидев наконец родимую обитель,
Главой поник и зарыдал», - деп, ақын
жастық шағын  еске алады. Пушкин Петербургтен кеткен соң, өмірге деген қөзқарасы түп тамырымен өзгеріп кетті. Мұның қорытындысы: 1877 жылы 11 маусымда Петербургке өмірге деген құлшыныспен жас ер жігіт келсе, 1820 жылы 6 мамырда шекарадан аты әлемге танышал болған ақын шығады. Ал 15 мамырда Тимковский цензоры «Руслан және Людмила» поэмасын жазуға рұқсат берді. Бұл поэма шілденің аяғы мен тамыздың басында жарық көрді. Бұл поэма ел арасында критикалық даулартуғызды. Бірақ бұл оқиғадан кейін Пушкиннің ақын екендігіне ешқандай күмән келтірілмеді. «Александр Сергеевич Пушкин» шығармалары  1825 жылдың 30 желтоқсанында сатылымға шықты. Шығармаларының әйгілілігі орыс әдебиетіндегі қөғамдық байланысқа түсті. Оның өлеңдері адамға жігер жонытып, өмірдің сан алуан дәстүрлеріне құбылыс дәнекері болды. Оқырмандар Пушкин шығармаларын оқи отыра, келешекке деген көзқарас, жаңашылдық белгісі ретінде таныды.
Содан кейін Пушкин «Пугачев тарихын» жазуға кіріседі. Жазбас бұрын ол Дальмен Берды өңіріне барады. Берды – Пугачевтың болған астанасы. Олар өздерімен бірге мылтық және екі аңшыны алып барады. Бұл өнірде бірақ ешкім болмады. Сонда да олар Пугачты білген, көрген кісі бір кемпірді тауып алады. Пушкин ол кісімен таңнан түске дейін сойлесті. Сол жерде Пушкин Пугачтың үшін, алтын сарайын, адамдарды көмген жерлерді, молаларды көрді. Кемпірдің аты – ирина Афанасьева Бунтова болды. Ол кісі тіпті сол кезде айтып жүрген 3 өлеңін әндетіп береді. Пушкин оған сый ретінде бір червонец береді. Отанына оралып Пушкин шығармасын жаза бастайды. Шығарманың 9 нұсқасы болады, 9 рет түзету еңгізеді. «Пугачев тарихы» басылым барысында М.М. Сперанский қоластында өтеді. Кітап басылымға 1834 жылдың 5 маусымда тартылады.
Қорыста келгенде, Пушкин шығармалары қазіргі кезде, келешек ұрпақтар үшін зор үлесін келтіреді. Яғни, Пушкиннің қоғамға деген әсері үлкен клісімділікпен шектеулі деуге болады. Прогрессшіл адамзаттың жалпы көркемдік даму тарихының әр кезеңінде бір ұғым әр сипатта болды. Бір тұста Пушкин: «Бірқыдыру уақыттан бері біздің арамызда халықтық жайлы сөз қорғау, алықтықты талап ету халықтықтың жоқтығына қынжылу әдетке айналды. Бірақ халықтық деген сөздің мағынасы не? Оны анықтау ешкімнің ойына келмей жүр», - деген екен. Шынында да, бір ғана орыс әдебиетінің соңғы бір-екі ғасырдағы тарихына көз салсақ, бұл әдебиеттің халықтығы жайлы әр білгіштің пікірі әр тарап екенін көреміз.
Дегенмен Александр Сергеевич Пушкиннің тұсында әдебиеттің халықтығы туралы ұғым біраз тереңдей келе жаңа сипатқа ауысты. Оған ұлы ақынның әдеби шығармадағы халықтық қасиет, халықтық-рух, әсіресе ұлттық ерекшелік жөнінде айтқан өз пікірлері де себеп болған-ды. «Ауа райы, ел басқару сыңайы, сенім – наным жайы, - деп жазды Пушкин, - әр халыққа азды-көпті поэзия айнасына түскендей айрықша келбет береді. ӘР халықтың тек өзіне ғана тиесілі ойлау және сезіну машығы, ұланғайыр дәстүрі, салт-санасы, әдет-ғұрпы болады» депті.
Пушкин заманынан бұрынырақ болған бір беллетрист бір жолы өзінің бір кейіпкерінің кескінін суреттеп отырып, оның өңі «бөздей бозарып кетіпті» деп тұңғыш рет жазғанда, оқырман қауым мұншалық қонымды әрі соны теңеуге таңтамаша қалыпты. Содан былай қарай бұл сөз тіркесін кез келген адам сан рет қолданып, әбден «жауыр» еткен екен, сөздің өзі де «бөздей бозарып кетіпті».
Көктемде мүлгіген бақ, айсыз түнде,
Сайрар шығыс бұлбұлы қонып гүлге.
Сезбейді, сыр ұқпайды сүйкіліді гүл,
Жар мұңына ырғалып, мүлгиді құр

Бұл – Александр Сергеевич Пушкиннің «Бұлбұл мен гүл» деген өлеңі, аударған Мұзафар Әлімбаев. Өлеңде тақырып пен идея соншалық шебер тұтасқан: гүл қандай сұлу, бірақ үстіне қонып, көктем жырын тамылжытқан бұлбұл үнінен түк түсінбей, құр шырыл бергесін оның сұлулығынан не пайда? Ақын адам атаулыға сыртқы түр – түсіңнен гөрі, ішіңді түзе деген идеясын сурет арқылы аңғартып, суреттеу ыңғайы арқылы ұқтырып тұрған жоқ па?!



Әдебиеттер тізімі

1.    Ю. М. Лотман. «А. С. Пушкин», Л: «Прозвещение» - 1983
2.    В. Непомнящий «Поэзия и судьба», М – 1983
3.    Всеволод Воеводин «Повесть о Пушкине», Л-1969
4.    С. Д. Селеванова «Над Пушкинскими рукописями», М: «Наука» -  1980
5.    Г. М. Дейч «Все ли мы знаем о Пушкине», М: «Советская Россия» - 1969
6.    В. М. Фридкин «Пропавший дневник Пушкина», М. «Знание» - 1987
7.    А. С. Пушкин «Евгений Онегин», Астана - 2002

  Қазақ тіліндегі рефераттар - Қазақ әдебиеті


Яндекс.Метрика