- Рефераты на казахском
- Қазақ әдебиеті
- Балалар драматургиясының жайы
Балалар драматургиясының жайы
Балалар драматургиясының жайы
Балалар драматургиясын сөз еткенде, әрине оның бүкіл советтік драматургиядан бөліп алып қарауға болмайды. Өйткені, бүкіл совет әдебиеті сияқты балаларға арналған пьесалардың да негізгі мақсаты — совет адамдарының асыл қасиеттерін, рухани байлығын бейнелеу, Отанымыздың қуаттылығы мен ұлылығын мадақтау, жастарды соған баулып тәрбиелеу, не болмаса өмірімізде кездесетін ескілік атаулының барлығынан, жиренішті мінезден, арамдық пиғылдан әлі арыла алмай жүрген адамдардың теріс қылықтарын мейлінше әшкерелеп, одан жастарды бездіру, аулақтату.
Шығармасын балаларға арнаған драматургтеріміздің ескеретін тағы бір міндеті — балалардың жастық ерекшеліктеріне банланысты өзіне тән өзгеше қасиеттерін жете меңгеріп, дұрыс түсіну қажеттігі. Орыс драматургиясында В. Губаревтің «Павлик Морозов», С. Михалковтың «Үйге қайтқым келеді», «Қызыл галстук», Л.Гераскинаньң «Кәмелеттік аттестат», В. Розовтың «Оның достары» сияқты тартымды жазылған бірнеше шығармалардың аттарын атауға болады.
Қазақ совет драматургиясы да балаларға арнап шығарма беруде құр қол емес. Ол соғыстан кейінгі жылдары балаларға тәрбиелік маңызы зор «Ыбырай Алтынсарин» (М. Акынжанов) сиякты тарихи такырыпка жазылған пьесасымен қатар «Алтын сақа», «Нұрлы тас», «Әлия Молдағұлова», «Жастық», «Есірткен ерке», «Біздің Ғани» сияқты пьесалар туды. Соғыстан қейінгі жылдары бұлардан басқа да мектеп сахнасына арналған біраз пьесалар «Лениншіл жас», «Қазақстан «пионері» газеттері мен «Пионер» журналында жарық көрді. Мысалы, С. Омаровтың «Портрет», Т. Ахтановтың «Өшпес даңқ», Ш. Ахметовтың «Қолқанат» атты пьесалары 1946—47 жылдары жазылды. Бұлардың қайсысы болса да көркемдік дәрежесі төмен шығармалар еді. Сондықтан да олар театр сахнасын көре алмады.
Балалар драматургиясы үшін өміріміздің барлық жақтары да таңдаулы тақырып бола алады. Оған керек образдар да, прототиптер де өзімізбен бірге өміріміздің әр түрлі саласында, мектепте де, заводта да, колхозды ауылда да коммунизм құру жолында белсенді түрде ат салысуда. Ұнамды образ да, ұнамсыз кейіпкер де олардың қайсысынан болса да типтік образ жасау мүм-кіншіліктері де бізде толық бар.
Тақырып жөнінен балалар әдебиетінің ересек адамдарға арналған шығармалардан ешбір айырмасы болмасқа тиіс. Айырмасы, балаларға арнап тақырып таңдай білуде емес, соны балаларға түсінікті, ұғымды етіп, өзгеше түрде жаза білуде болуы керек. А.М.Горький айтқандай, балаларға да «сол туралы тек басқаша етіп» жаза білу керек.
Орыстың көрнекті педагогі А.С.Макаренко: «Ә, дегенде балалар әдебиетінде жасқа бөліну де, балаларға арналған көркем әдебиеттің ересектерге арналған әдебиеттен айырмашылығы да тақырып, идея, мазмұн өзгешелігінде болып көрінуі мүмкін. Бірақ, балаларға арнап жазуға болмайтын тақырыпты табу қиын. Тіпті, махаббат, кәдімгі жыныс махаббатың да балаларға арналған тақырыптардан алып тастауға болмайды, ең болмағанда «ол оған үйленді, олар бірін-бірі сүюші еді» деп суреттейтін кітапты кездестіруге болады» деген болатын. Сөйтіп, қорыта келгенде балаларға ғана арналған арнаулы тақырыпты табу қиын.
Ал, қазақ драматургиясындағы балаларға арналып жазылған, жоғарыда аталған 4—5 пьесаның әрқайсысы әр түрлі тақырыпқа кұрылған. М. Акынжановтың «Ыбырай Алтынсарин» пьесасы тарихи тақырыпқа — қазақ халқының әрі жазушысы, әрі ғалымы Ыбырай Алтынсариннің халықты ағарту жолындағы еңбегін суреттеуге арналған. Ш.Хұсаиновтың «Нұрлы тасы» мектеп оқушыларының өміріне құрылған. Ал Ш.Байжановтың «Әлия Молдағұлова» пьесасында автор Совет Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлік істері мен ескен ортасын бейнелеу арқылы советтік патриотизм идеясының сарқылмас ұлы күшін көрсетуді мақсат еткен. М. Ақынжанов пен Қ.Бадыровтың «Алтын сақа» пьесасы халық ертегісінің негізінде, фольклорлық аңызға негізделген.
Тартыссыз драматургия болуы мүмкін емес. Қандай да драмалық шығарма болсын ол тек шиеленіскен күшті конфликтіге кұрылуы тиіс. Олай болса, тартыссыз балалар драматургиясы да болмауы керек. Кайта, балалар драматургиясында ескі мен жаңаның, надандық пен әділеттің көріністері өте айқын суреттелуі тиіс. Күшті конфликтіге кұрылған балалар шығармасы орыс драматургиясында, әсіресе, соңғы жылдары аз туған жоқ. С.Михалковтың «Үйге қайтқым келеді», А.Гераскинаның «Кәмелеттік аттестат», М. Бараташвилидің «Инелік» атты т.б бірнеше пьесалар республикамыздың балалар театрында қойылды. Сол сияқты жастар өмірінде кездесетін олқылықтардың бір көрінісін суреттеуге арналған Василь Минконың «Фамилиясын атамай» пьесасы т.б. Бұлардың құндылығы — оқиға желісі күшті өмір конфликтісіне құрылуында, өміріміздегі кездесетін ескі қалдықтардың барлық түрін сатираның өткір түрімен өртеуінде.
Балалар драматургиясы дегеніміз пьеса кейіпкерлерінің барлығы түгелдей балалар болуы керек деген сөз емес. Балалардан басқа ересек адамдардың да іс-әрекеттері сөз болып, олардың типтік образы жасалынуы мүмкін. Қазіргі орыс драматургиясындағы балаларға арналған шығармаларда тек қана балалар қатысып қоймайды. Әңгіме көбінесе олардың ұстаздары, ағалары, ата-аналары, мұғалімдерінің образын суреттеу төңірегінде болады. Мысалы, С. Михалковтың «Үйге қайтқым келеді» пьесасында-майор Добрынин, А. Симуковтың «Воробьев таулары» пьесасындағы мектеп директоры Громадин, В. Розовтың «Өмір өткелдері» - атты пьесасындағы қарт оқытушы Елизавета Максимовна Павлованың образдары айқын дәлел бола алады. Сол сияқты «Ыбырай Алтынсарин» пьесасы да тарихи тақырыпка жазылғанымен балалар драматургиясына қатысы бар, балаларды коммунистік рухта тәрбиелеуде, қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің -өмірімен, творчестволық еңбегімен таныстыруда елеулі маңызы бар пьеса.
«Ыбырай Алтынсарин» пьесасында автор шын мәнісіндегі өмір тартысын шебер суреттей алған. Мұнда Ыбырай бастаған өсіп келе жатқан прогресшіл күш пен Найзағара бастаған озбырлық пен зұлымдық күші күреске түседі. Пьесаның алғашкы актысында-ақ шиеленісе бастаған бұл жай окиға аяқталғанға дейін заңды дамып, орынды шешіліп отырады. Барлык іс-әрекет, тартыс-талас нанымды түрде көрсетіледі. Ыбырай ескі күшпен күрескенде жалғыз емес, оны жақтаушы күш— халық. Ыбырай барлық уақытта да өзінің халқына сүйенетіндігімен мықты. Оның өзі оқытып, тәрбиелеген Серғали, Хадиша сияқты шәкірттері де Ыбырайдың жолын қуып, ізін басып қалады.
Найзағара да күресте жалғыз емес. Оны қаранғылық пен діннің уын таратушы Шоңмұрын, Мыкыбайлар, патша әкімдері колдайды. Ақыры, Ыбырайдың өзінен оқыған балалардың ішінен де Шәуәли сияқты Найзағара мен Шоңмұрынның жолын қуушылар табылады. Шәуәли полицияның адамы Медведьевпен алғаш кездескенде-ақ өзінің келешекте қандай жауыз бола-тындығын танытады. Бұл пьеса балаларды тек Ыбырайдың ғана педагогтік және әлеуметтік кызметімен таныстырып коймайды, сонымен қатар оларға ескі өмірдегі ескі күштің озбырлығын да көз алдына елестете бейнелейтін шығарма.
Найзағара, Шоңмұрындардың диалогтері арқылы автор олардың кейпін әшкерелей білген. Олардың сөзінен, іс-әрекетінен кейін басқа біреудің жамандап, әшкерелуінсіз-ақ жас көруші оларды мейлінше жек көріп, іштей карсылық білдіреді. Ал Ыбырайды жақтап қана коймайды, оның қайғы-куанышына ортақтасып отырады.
Жас көруші Ыбырайдай халык қамкоршысы, халық ағартушысы болуға құмарта түседі. Пьеса сюжетке бай, әрекетке толы, күшті тартысқа кұрылған. Сондықтан да пьесадағы оқиға желісі нанымды суреттелінген, тартымды, кызғылықты. Алғашкы көрінісінен аяғына дейін көрушіні қызықтырып, бір оқиғадан екінші оқиғаға жетелеп, тартып отырады.
Орыс халқының ауыз әдебиеті сиякты қазақ халқының ауыз әдебиеті де түрлі таңғажайып ертегілерге бай. Халыктық ғасырлық қиялы, аңсаған арманы, талай рет көз жасын көл қылып тілеген тілегі ауыз әдебиетінің мұралары арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп, жас буындарды ерлікке, еңбекке, халық үшін қызмет етуге баулып отырады. Езілген еңбекші тапты үстем таптардың озбырлық әрекетіне қарсы қойып, олардың әр кезеңдегі зорықсыз қылықтарын әшкерелеуде қай уакытта, қай дәуірде болсьн ауыз әдебиетінің алатын орны үлкен. Сондықтан да жас өспірімдерді халықтың бай ауыз әдебиетімен таныстырудың, ондағы халық арманымен ұштасқан ұнамды образдарды үлгі етіп ұсынудың, олардың жауыз күшпен күресіндегі жеңімпаз күшін көрсетудің маңызы зор. Осы тұрғыдан карағанда, балалар және жас өспірімдер театрында 1948 жылдан бері қарай көрсетіліп келе жатқан «Алтын сақа» (авторлары М.Ақынжанов пен Қ.Бадыров) атты пьесасының қазақ балалар драматургиясында алатын орны ерекше болуға тиіс.
«Алтын сака» — қазақ фольклорындағы ертегі, аңыздар үлгісінің басын құрастырудан оны ізгілік пен жауыздықтың драмалық күресіне апарып, ақырында, жауыздық атаулының барлығын әділдікке жеңдіру идеясынан туған пьеса. «Алтын сақа» пьесасының авторлары халық ауыз әдебиетінің әр түрлі үлгілерін жете меңгеріп, орынды пайдаланғандықтарымен қатар, бүгінгі күннің мақсаты болған, жастарды коммунистік рухта тәрбиелеу идеясымен дұрыс ұштастыра білген. Сондықтан да пьеса ежелгі уақыттағы ертегі аңыздарды суреттеу арқылы қазіргі таңның талабына үн косады.
Авторлар сараң бай Шоң мен оның баласы Сарманның образын шебер жасаған. Шоң сараң, оның үстіне айласы шамалы ақымақ бай, барлық мақсаты баю, керек десе мал үшін жалғыз баласы Сарманды да өлімге қиюға әзір. Ол шөл далада су аңсап келе жаткан аңқау елдің Күнбала деген жас сәбиін асырап беремін деп алдап, бір мес суға айырбастап алып қалады. Кейін Күнбала 17-ге келген соң оны жәдігей, жауыз Алпамсаға малға сатып байымақ болады. Күнбаланы сүйген жігіті Нұржанға қоспақ түгіл Нұржанның көзін жоғалту үшін оны көз көрмес, құлақ естімес жердегі «алтын сақаны» тауып әкелуге жібереді. Әсіресе пьесада Шоң мен мыстан кемпірдің кездесуі, алтын сақаны Нұржан тауып әкелгеннен кейінгі Нұржанның аман келгендігіне қуану орнына алтын сақаға таласып, Шоң мен баласы Сарманның жағаласуы сияқты көріністер. өте қызықты да, ұтымды шыққан.
Бұл кезде Сарман да әкесі сиякты өз алдына мал жинап баю, әкесіндей бай болуды көздеп, әке орнын басып қалған еді. Сарман өзінің барлық әрекеттерімен екінші Шоңның өсіп келе жатқандығын көрсетеді. Ол әкесінен өткен есуас.
Алпамса Шоңға қарағанда қулық-сұмдығы бар, айлалы, арамза жауыз. Шоңды түрлі қауіпті жағдайларға кездестіріп, малға да кызықтырып, керек десе «ақылын» да айтып жүреді. Нұржанды мыстанға жіберудің айла ақылын Шоңға айтқан да сол. Ол жолаушыларды өзінің жендеттеріне тонатумен қоймай жас Күнбалаға үйленуді көздейді. Тіпті Күнбала көнбеген соң оны байлап әкетуді де ойлайды. Бірақ алтын сақаны алып кайтқан Нұржан келіп қалып, өз жарын арамза жаудын, суық колынан ажыратып алады, онымен күресіп ақыры өлтіреді. Алпамсаны айлалы жауыз етіп көрсетуінің аркасында пьесадағы оқиға желісі шиеленісе түседі.
Авторлар Нұржанды да, Күнбаланы да халық арманынан туған жастар етіп суреттеген. Олардың ісі әділ, олар барлық уақытта жеңімпаз. Осындай мазмұнда кұрылған бұл пьесаның балаларға әсері де, маңызы да күшті. Балалар ескі дүниені әшкерелейтін «Алтын сақа» пьесасын көріп, көп мәселеге көзі жеткендей болады. Нұржандай ер болуды кұптайды.
Әрине, негізінен жақсы шыққан пьеса кемшіліксіз де емес. Нұржанның өсу процесі жете көрінбеген, оның алтын сақаны тауып келуі де кеп қиындыққа соқпайды. Сондықтан да драмалық тартыстың шиеленісе түсуіне себі аз.
Өз шешесінің бауырынан Шоң ажыратып алып қалғанда шырылдап әрең қалған Күнбала жасы 17-ге жеткенше Шоңның қызы еместігін Білмей жүреді. Драматургтердің Шоң сияқты сараң, қатігез байдың асырап алған қызын өз қызындай тәрбиелеп өсірді деген идеяны жактауы түсініксіз. Жасы 17-ге келгенде ғана Күнбала шындыкқа көзі жетеді. Шоңның асырап алғандығын біледі. Осы жайлар нанымсыз. Өз баласы Сарманды мал үшін, өз жаны үшін өлімге қиған Шоң еш уақытта кісі баласы Күнбаланы Сармандай көрмеске керек еді. Сарман мен Күнбалаға деген Шоңның әр түрлі «әкелік» қатынасы әр жерде байқалып қалып отыруы нанымдырақ шыққан болар еді.
Балаларды ескі мұрамен таныстыруда казақ драматургтері материалға бай. Қай алуан тақырыпты сөз еткісі келсе де жағдай бар. Тек авторлар ескі такырып деген теріс ұғымнан аулақ болып, оларды жете тексеріп, бүгінгі күннің мақсатымен байланыстыра қызықты пьесалар тудыруы керек.
Бүкіл қазақ драматургиясында ешбір сөз болмай келген, келешекте қалам ұшын бұруды керек етіп тұрған көп тақырыптардың бірі — мектеп өмірі, оқушы балалар мен студент жастардың қуанышты шаттыққа бөленген кызғылықты күні. Ал осы кезге дейін бірен-саран мектеп балаларының өміріне арқалып жазылған пьесалар болса, олардың езі. авторлардын. мектеп өмірін жете білмегендіктен, шын емірді дәл бейнелей алмағандықтан мектеп балаларына ешбір тәрбиелік маңызы жок, құнсыз шығарма қалпында кала берді.
Бұл ретте мектеп өміріне арналып жазылған Ш.Хұсаиновтың «Нұрлы тас» (1948 ж.) атты жалғыз пьесасын алатын болсақ, мұның өзі де тартыссыз драматургия деген жалған теорияның әсерімен туған шығарма екендігі оп-оңай байқалады. Соның нәтижесінде «Нұрлы тас» пьесасы мектеп балаларына ешбір тәрбиелік маңызы жоқ, мектеп өмірін бұрмалап көрсеткен, шын өмірден әлдеқайда төмен жатқан кұнсыз шығарма болып шыққан. Сондыктан да ол сахнада көп тұруға правосы болмай, репертуардан шығып қалды.
Автор бұл пьесасын мынадай сюжетке кұрған: оқу жылының аяғында оқушылар жазғы демалысқа шыққан кезде мектеп оқушылары тауға серуен жасап, одан нұрлы тас тауып алып, ол тастардан портрет жасамақ болады. Олар бұл ойларын мектеп директоры Ақтанға айтпауды ұйғарады. Директорға өлке тану жорығына аттанамыз, жаратылыстану дүниесімен танысамыз деп баяндайды. Содан балалар «Қызыл сая» колхозына келіп, тау өміріне жетік Қуаныш қартты жолбасшы етіп, аудан жіберген Дариға деген отряд басқарушы қыздың басшылығымен тауға шығады, нұрлы тастарды тауып қайтады, жаңа оқу жылы басталғанда өз ойларына кірісіп, ептеген қиыншылықтардан соң мақсаттарына жетеді. Қыскаша баяндағанда пьесаның ұзынырғасы осындай схемаға құрылған.
Автор мектеп өмірін, ондағы мұғалімдер мен оқушылардың ара-қатынасын жете түсінбеген. Пьесада мұғалімнің ролі көрінбей, көмескі калғандығы былай тұрсын, олардың өкілі ретінде кәрінген Ақтаннын да мектеп директоры екеніне сену қиын, тек автордың Ақтанды мектеп директоры деп түсіндіруі бойынша ғана солай болса болар деп ұғуға тура келеді.
Ақтан көбінесе балаларға ақыл айтумен болады, бірақ оның акылының да тәрбиелік мәні шамалы болып, балаларға мардымды ешнәрсе бермейтін ұзақ-ұзақ құрғақ сөздерге қүрылады. Мысалы, Ақтан балалар тауға саяхат жасау алдында былай дейді: «Балалар! Алтын бесік туған өлкеге саяхат жасау бізде салтқа айналды... Бұл сапарларыңда сендер жаратылыс дүниесімен қызыға шұғылданып, сұлу табиғаттың кұшағында өз өлкелеріңнің байлығын зерттеп кайтасыңдар. Толқынды өзен жағасы, аршалы қарағай арасы, тау койнауында да боласьңдар. Бұл сапарларыңда ұйымшылдық пен ұқыптыльқ, табандылық пен жігерліктің үлгісін көрсетіңдер...».
Ұзақ ақыл, сұлу сөздер айту Ақтанға ғана тән емес. «Нұрлы тас» пьесасындағы ұнамды образ дегендерінің барлығының бойына тән жайттар. Мысалы, осы пьесадағы колхоз председателі Нарын да, колхозшы қарт Қуаныш та көбінесе орынсыз шешенсіп, ділмәрланып көпірме сөздер айтумен болады.
Орыстың аскан данышпан жазушысы, ұлы драматургі А.Н.Островский: «...Акылды, адал сөзді айту аскан даналык емес, ондай сөздер былай да көп айтылып, көп жазылуда; ал шындық әрекеттің сенімді. ақылды керсетуі үшін ең алдымен олар шын жүректен, асқан ақылдан, яғни творчестволық даналық пен көркемдіктен шығатын болсын»,— дейді. Ал, Ш. Хұсаинов жолдас пьеса кейіпкерлерінің іс-әрекеттерін жалпылама сөзбен аша алмайтындығын, тек күшті драмалық диалогтер қажеттігін ескермеген тәрізді.
Колхоз председателі Нарын окушыларға: «Міне, әр-қайсыңның келешегің мына өздерің жинаған осы шоқ гүл тәрізді. Армандарынның сұлулығы да содай. Біз сендерге еңбегіміздің жемісін тартсақ, сендер бізге өнерлеріннің жемісін тартатындарыңды да білемін. Бүгін мына шоқ, гүлдерді мен сыйласам, ертең мектептеріңді бітіріп, коммунизмнің кірпішін калайтын маман, өнерпаз болып шыққаннан кейін сендерді бүкіл халық сыйлайтын болсын...».
Автордың суреттеуінше Ақтан, Нарын, Қуаныштар ұнамды образдар. Бірақ оларды автордың езінен басқа ешкім сүймейді, өйткені сүйетіндей, сүйсінетіндей олардың ешбір әрекеті, қимылы айқын керінбеген.
Пьесада мұғалімдердің ролі мүлде көрінбеген дедік. Балалардың барлығы шетінен білгіш, кемеңгер дана, жаңалық тапқыштар. Ал мектеп директоры Ақтан да, отряд бастығы Дариға да әр уакытта олардың жаңалықтар іздеуіне алғаш сенбей, кейін тек керек-жарағын жеткізіп берумен ғана болады.
Пьесаның кейіпкерлері пионерлер. Олар, яғни Ермек, Мәулендер таудан тас алып кайтқан соң портрет жасаудағы алғашкы тәжірибесін байқайды. Тәжірибе үстінде оларға бірде-бір мұғалімдерінің кеңестері керексіз. Олар бәрін өздері біліп, өздері шешеді. Мұғалімдерінен көмек алу орнына олардан бұл жайды жасыруға тырысады. Түсінбеген сұрауларын мұғалімдерінен емес, «Пионерская правда» газеті арқылы, сол кездегі СССР Ғылым академиясының президенті Вавиловтан ғана алады. Ал мектеп директоры Ақтан пионерлерге ғылыми кеңес беруге әлсіз, қайта кейбір жаңалықтарды оқушыларынан, пионерлерден сұрап біледі. Актанның оларға тигізген көмегі, тек керек болған кұралдарын тауып беру ғана болады. Мысалы:
Мәулен: Біздің сұрайтын бірінші тілегіміз асыл тастарға сәуле жеткізетін аппарат алып берсеңіз екен?
Ақтан: Ондай аппарат шығып па?
Е р м е к: Художниктер мен жарық беруші техник химиктердің ойлап шығарған аппараты бар көрінеді.
Міне, мектеп пионерлері бүкіл оқытушылар коллективін басқарушы директордың көмегі болат қайланы түзету мен аппарат тауып беру деп ойлайды. Ақтан пионерлердің шұғылданып жаткан жұмысынан ешбір хабарының жоқтығын көрсетіп, тілектестік білдіруден басқа ешбір жұмысқа араласпайды.
Сөйтіп, автор жас кейіпкерлерінің бойына лайыксыз, шамадан тыс жүктер артады. Олардың характерлерінің, өмірге көзқарасының қалыптасуына оқытушы ұстаздарының тигізетін әсерін автор ескерусіз қалдырған. Сол себепті бұл пьесадағы жас кейіпкерлердік барлығы ересек адамдардың қай-қайсысынан болса да акылдырақ, алысты болжағыш, көреген келеді.
Коммунистік партия жазушылардың мұндай теріс пікірлерін әр уақытта сынап, дұрыс бағыт көрсетіп келеді. Тіпті әдебиетіміздегі мақтаулы, жақсы шығармалардың өзін де сынап, қателіктерін көрсетіп отырды.
Орталық партия Комитетінің органы «Правда» газеті өзінін 1947 жылғы 3 декабрьдегі мақаласында қүндылығымен дүние жүзіне аты шыққан А. Фадеевтің, «Жас гвардия» атты романында партияның басшылық ролі көрінбегендігін, комсомол ұйымының жұмысын партия ұйымынан бөліп карауға болмайтындығын қатты ескертіп, сынға алған болатын.
Бұл кемшіліктер Ш. Хұсаиновтың аты аталған шығармасынан көзге ерекше түседі. «Нұрлы тас» пьесасын сахнадан көрген жас көрушілер — мектепке, пионерлерге білім беретін, тәрбие, жол көрсететін мектеп мыұғалімдері емес, керісінше екен деп ұғатыны сөзсіз.
Колхоз председателі Нарын балаларға Мәулен туралы: «Баяғыда маған өңдеудегі ауыспалы әдісті неге қолданбайсыз деп маза бермейтін. Енді қолданғанымыздың нәтижесін көрдің бе, гектарынан отыз бес центнерден алып отырмыз» десе, Мәулен: «Өңдеуді қолдансаңыз елу центнерге дейін алған болар едіңіз», — дейді. Не деген данышпандық? Жас бала Мәулен бастықтың «баяғыда» деп айтуына қарағанда онан да жасырақ кезінде биология ғылымына жетік адам болғаны ғой?
Бұл пьесадағы мектеп окушылары өтірік айтып, жұртты алдауға да өте әуес. Алайық, алғаш «Қызыл сая» колхозындағы колхоз председателі Нарынды «былай алдайық, былай деп мақтайық» деген сиякты мектеп балаларына жат, орынсыз кылықтар көрсетеді. Болат деген жас бала аға вожатимын деп жұртты алдағысы келеді; Хлестаковке еліктейді. Баска жолдастары оған мәз болып макұлданды, тіпті Болаттың мұндай боянғыш, жасанды әрекеттеріне отряд бастығы Вера да жол беріп, мақұл көреді. Жас пионерлердің үлкен кісілерді алдауды максат еткен теріс ойы мен орынсыз қылықтарына, тіпті Куаныш қарт та: «...Ризамын! Бала болса осындай өнерлі болсын» деп оның «өнеріне» сүйсінгендей болады. Осы да тәрбие болып па?
Автор пьесасын түгелдей мектеп өміріне арнай отырып, оқу мәселесін ешбір жерде сөз етпейді. Тек сөз арасында колхоз председателі Нарын Ермектен «оку қалай?» деп сұрағанда, Ермек: «Жаксы, Нарын аға»,— дейді. Осы екі ауыз сөзбен бүкіл оқу мәселесі доғарылады.
Қысқасы, Ш.Хұсаиновтың «Нұрлы тас» пьесасы жеке адамға табынушылықтың әсері күшті кезінде жазылған шығарма. Онда «Тартыссыз драматургия» деген жалған теорияның да әсері болды. Автор бұл пьесасына кейінірек қайта оралып, бірнеше рет өңдеп, түзетті. Ең соңғы қысқартылып өңделген түрі «Мектеп сахнасы» деген жинақта басылды. Онда автор пьеса-ны мүлде езгертіп, бұрынғы кемістіктерінен арылтып, бір-ақ актылы шағын пьеса жасаған.
Мектеп өмірін суреттеуге Ш. Байжаңов та өзінін «Әлия Молдағүлова» атты пьесасынан орын берген. Пьесаның бірінші актысында 10-класс оқушылары сол мектепті бітіруге арналған кешті ұйымдастырып жатады. Мұнда да автор мектеп оқушылары мен оқытушыларының ара-катынасын сөз егіп, қарт мұғалима Надежда Михайловнаның образын беруге тырысқан. Бірак, пьесада бір-екі жерде ғана көрінген, онда да әлсіз суреттелгендіктен Надежда Михайловнаның образы ашылмай, тек сахнаға келіп-кетіп жүрген көл кейіпкердің бірі есебінде қалып қойған.
Пьесаның негізгі геройы Совет Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың образы да толық ашылмай, өз дәрежесіне жетпей калған. Пьесадағы Әлия даңқы жұртқа жайылған батыр Әлиядан әлде қайда төмен. Әлия, Мәншүк сияқты қазақ қыздарын бүкіл совет халқы біледі, олардың есімін мақтана атайды, ерлігін сүйсіне мадақтайды. Сондықтан да бұлардың образын жасау жазушыға үлкен жауаптылық артады.
Ш. Байжанов Әлияның асыл қасиетті мінезін, майдандағы ерлігін, бүкіл ақыл парасатын оның өз әрекеттері арқылы көрсетуден гөрі, басқа кейіпкерлердің әлсіз құрылған диалоггері арқылы беруге әрекеттенген. Мысалы, Надежда Михайловна Әлия туралы: «Таңқаларлық қыз. Басқа бала болса мергендігін айтып мақтанғанда болар еді. Жок, сұрасаң да айтпайды... Сөзге сараң, бірақ айтам дегенін жасқанбай айтады»—дегені, не командир Сидоровтың Әлия туралы сұрап хат жазған пионерлерге: «18 жасар Әлия 20 емес, 48 фашисті өлтірді, өзі әдемі келген кішкене кыз, бірақ жүрегі үлкен», — деп айтқан мақтаулы сөздері Әлиянын характерін ашу үшін мүлде жеткіліксіз. Әлияның өз әрекеті пьесада байкалып отырмайды. Оның неміс снайперін үш күндей аңдып, әрең дегенде атып түсіруі, танкті гранатпен талқандауы сияқты кейбір әрекеттердің өзі де нанымды шықпаған.
Рас, автор пьесаның басында Миланың характеріи ашуда, оның теріс мінездері мен жиренішті қылыктарын тәп-тәуір суреттейді. Әлия мен Миланың диалог-тері аркылы Миланың образы айқындала бастайды. Мысалы, Әлия Миладан 10 класты бітірген соң қайда окисың деп сұрағанда, Мила оған: «Ах, солай ма, институт жағын мен әлі ойлағам жоқ. Папам ден саулығың нашарлап кетті, бірер жыл дем ал дейді, әрине, онысы да дұрыс. Асығып нем жетпей барады. Ілгенім иығымда, ішерім алдымда. Әйтеуір бір оқып бітірермін»,— дейді. Ал, Әлия Миланың бұл ойына ыза болып «Онда оқудың кажеті не?» деп сүрайды. Оған Мила тағы да: «Фу, кызық екен. Осы күні мәселенің тетігі дипломда емес пе? Қайда барсаң да диплом, қызмет істегің келеді екен — диплом, оқығың келеді екен — диплом. Тіпті, ең акыры танысқан жігітің де дипломың бар ма деп сұраудан тайынбайды. Әйтеуір диплом тауып алсақ болғаны да» — дейді. Сөйтіп, он жыл бойы мектеп тәрбиесін алған совет жасы өзінен келешекте кандай саяз, мәселеге терең қарай алмайтын, еңбек сүймейтін «ақ саусақтың» шығатынын дұрыс бай-қатады.
Он жыл мектеп тәрбиесін көрген қызда мүндай ойдың болуы мүмкін емес деп сенбеген де болар едік, егер автор Миланың үйінен, әке-шешесінен алған теріс тәрбиесін баяндамаса. Мысалы, Мила: «Ал менің мамамның дипломы папамды тежеп ұстау үшін ғана керек. 15 жыл болды дипломы чемоданда жатыр. Тек папаммен ұрссып қалғанда ғана «Сен ойнама, менде де мамандық бар», деп дипломды столға сарт-сарт соғады», — деген сөзімен ол шешесінен қандай тәрбие алғандығын көрсетеді.
Осылайша, тәп-тәуір басталған тартыс әрі қаран дамып, өрбімей, сұйыла түседі. Біздіңше, Мила не ұнамсыз кейіпкерлердің бірі есебінде дами түсуі керек, не ортаның яғни мектеп коллективінің тигізген әсері арқасында түзеліп қатарға қосылуы керек еді. Онын екеуі де пьесада жоқ.
Папасы мен мамасының теріс тәрбиесінде уланғандығы жөнінен Мила Василь Минконың «Фамилиясын атамай» пьесасындағы Поэмаға өте ұқсас. Бірақ Поэма оқиғаның аяғына дейін күшті тартыс ішінде болып, оқиғаны шиеленістірумен болады. Ал Мила бір рет өзінің кім екендігін танытады да көрермендерге қайтып көрінбейді. Онын, келешектегі тағдыры түсініксіз кал-пында қалып қояды.
Ш. Байжанов «Әлия Молдағұлова» атты пьесасын шиеленіскен өмір қайшылықтарына еңбек үстіндегі жігер, сезім, ой мақсат т.б тартыстарға кұра алмаған. Бұл сияқты карама-қарсы ағымдар пьесадағы орталык және қосалқы линияларында конфликт тудырып дамытылуы керек еді. Ол мақсат орындалмаған. Қысқасы, бұл пьесада «Тартыссыз драматургия» деген жалған теорияның әсерімен жазылған құнсыз шығармалардың бірі болып қалды.
Пьесаның тілі де өте олақ, диалогтер қалай-болса солай кұрылған. Кейіпкерлердің сөздері күшті драмалық диалогке негізделмей ұзын-ырғасы жоқ мәнсіз, сылбыр сөз арқылы баяндалады. Сондықтан да олардың толық қанды характерлері жасалынбайды.
Жас ұрпактардың өмірге көзқарастарының калыптасуына, ой-өрісінің өсуіне, білімінің дұрыс бағытпен жетілуіне әуелі ата-ана жауапты. Орыстың атақты педагогі А.С.Макаренко айткандай, жас баланы бұзып алып, қайта тәрбиелегеннен гөрі, алғашқы кезден бастап дұрыс тәрбиелеп есіру, әлдеқайда оңай да, дұрыс та болып шығады. Ата-анадан жақсы үлгі, өнегелі тәрбие алып ескен жас баланы мектепте тәрбиелеу де қиынға соқпайды. Мінез, әдет, дағдылар жас балаға әуелі үйде қалыптасады. Ал ата-ананың шектен тыс әлпештеуімен, еркелетуімен үйде теріс тәрбие алған жас баланың бойына сіңген теріс мінездерін кайта тәрбиелеу өте қиын. Оның еркөкірек, мен-мен, өзімшіл болып есуі де осыдан. Ендеше, өмірдің ең күрделі жағы болып саналатын ата-ананың балаларға тәрбиесі туралы мәселені шығармаларында тақырып етіп кетеру біздің драматургтеріміздің алдында тұрған керекті міндеттердің бірі болуға тиіс.
Осы тұрғыдан қарағанда Ш.Хұсаиновтың «Есірткен ерке» (1953 ж.) пьесасы балалар үшін де, олардын тәрбиешісі мен ата-аналары үшін де тәрбиелік мәні бар шығарма. Автор бұл шығармасында тәрбие мәселесінде кездесетін олқылықтарды батыл сынға алады. Пьесаның көптеген ұтымды шықкан жақтары бар екендігі даусыз. Шығарманың басты кейіпкері Марат, ол әке-шешенің әлпештеуінің арқасында теріс тәрбиелеиіп, кейін бұзақылығы үшін мектептен шығып, еңбек түзету лагеріне жіберілген жас бала. Оның барлық іс-әрекеттері нанымды, өмірден алынған. Алайда, Мараттың образын суреттеуде автор оны тым әсірелеп, оған қарсы күшті, ұнамды кейіпкерлерді ұмытқан. Соның нәтижесінде Марат бүкіл қаланы бұзакылығымен шулата-ды, ал оның теріс әрекеттерін әшкерелеуге пьесадағы барлық кейіпкерлер әлсіз, қолынан іс келмейтін дәрменсіз кейпінде калады. Біздіңше, осы жағдайлардың барлығы жас көрермендерге әсер етпей қоймайды, тіпті Мараттың теріс әрекеттерін әшкерелейтін ешкім болмағандықтан олар іштей ырза болып, Мараттың «ерлігін» қостауы да мүмкін. Өйткені, жас көрермендер театр сахнасынан көрген оқиғаға сенгіш, оны тез қабылдап, еліктегіш келеді.
Пьесадағы ұнамды кейіпкерлер мұғалима Анфиса Ивановна да, Мараттың жолдастары Мерхат, Нәзікендер де ұнамды іс-әрекеттерімен көріне алмаған. Автор Мерхатты тәртіпті, үздік оқушы етіп көрсетпек болған, бірақ ол жолдасы Мараттың алдында қорқақ, жүрексіз, тек соның шылауында жүрген болып көрінеді. Мерхат терезеден түседі, Мараттың қатесін көрсету орнына «Саған жәрдем етейік, тек түзелемін деп уәде берші» — деп жалынады. Мүғалімнің алдында шындықты айтуға батылы жетпейді. Сонда мұны қалайша Маратқа қарсы қойылған ұнамды образ дейміз?
Анфиса Ивановнаның сөздері ақылға толы. Алайда тым жасанды, нанымсыз суреттеудің нәтижесінде өмірдегі мұғалімдеріміздің шын халі көрінбейді.
Өмірде болатын кайшылықтар мен тартыстарды сол кездегі белгілі әлеуметтік тарихи құбылыстың мәніне сәйкестендіре отырып суреттеу — қоғам дамуының негізгі заңын шындық тұрғыдан аша білу деген сөз. Мұндай шеберлік тек өмірдің неше алуан кұбылыстарын терең білетін талантты жазушының ғана қолынан келеді. Жазушы олай суреттеу үшін өз шығармасының әрбір кейіпкерін өмір сүрген ортасымен тығыз байланыста суреттеуі тиіс. Сонда ғана ол типтік образ жасай алады. Олай болса, драматургтеріміздің ұнамды образ жасалмауының бір себебі, олардың өмірді аз білуінен, кейіпкерін өмір сүрген ортасымен байланыста суреттей алмауынан. Біздің қазіргі жағдайымызда Мараттай бір-екі тәртіпсіз оқушыларды мектептен кездестіруіміз мүмкін. Бірақ бүкіл мектеп коллективін жалғыз балаға қарсы қойып, ешбір нәтиже шығара алмай, акырында милнционерге айдатып жіберді дегенге кім сенеді? Мұны тек мектеп мүғалімдерін бейшара дәрменсіз, мүсәпір кейпінде бейнелеу деп білген жөн.
Драмалық шығармалардың негізінде қандай күшті, терең және әсем идея жатса да, егер ол көркем тілмен жазылып, шебер қолдан шықпаса, оның әсері күшті болмайды. Драмалық шығарманың көп ерекшеліктерінің бірі — қатысушы кейіпкерлердің ара-катынасын ұнамды диалогтар арқылы бере білуінде. Қазақ драматургтерінің балаларға арнаған шығармаларында іс-әрекетті шынайы көрсетудің орнына риторикалық репликалар мен көп сөзділікке салыну, геройлардың тіліне елеусіз қарау көп кездеседі. Соның салдарынан ол шығармалардың кейіпкерлері бір-біріне өте ұқсас, бәрі бір типтес болып келеді, мұның өзі сөз жоқ, пьесалардың сапасын түсіріп, құнын төмендетеді.
Казак драматургтерінің балаларға арналған бірен-саран шығармаларындағы негізгі кемшілік: біздіңше олардың совет жастарының шынайы өмірін жете білмеушілігінен, жазушылық шеберліктерін үздіксіз арттырып отырмауынан және өз творчестволарына немкұрайды караушылығынан туып отыр. Бұл кемшілікті жою, жас ұрпақтарды коммунистік рухта тәрбиелеуге көмектесетін балаларға арналған кұнды драмалык шығармалар жасау — драматургтеріміздің жауапты және құрметті міндеті болуы тиіс.
Соңғы жылдары балалар драматургиясына жаңа есімдер, тың күштер қосыла бастады. 1960 жылы шыққан «Мектеп сахнасы» атты жинақта Н. Ғабдуллин, М. Мүсірепов, С. Жүнісов, Б. Тәжібаев, Б. Ысқақов, М. Мұқышев тәрізді бір топ жас жазушылардың мектеп сахнасына арналған шағын пьесалары жарияланған. Ол шығармалардың барлығы дерлік бұрынырақ ба-лаларға арнап жазылған нашар драматургияның дәрежесінен аса алмады. Суреттелінген окиғаның тартымды болмай жасандылыққа бой ұрудан туатындығын, мектеп өмірі мен коммунистік тәрбиенің келелі мәселелерін суреттеу орнына балалардың бойындағы ұсақ түйек жемістіктер (өтірік айту, алдап кету, мақтаншақтық) сөз болатындығын Бүркіт Ысқаков «Шағын драматургия жайында» деген макаласында орынды сынады.
Казіргі кезде бүкіл совет халкы коммунизм кұруға белсене ат салысып, сол игі мақсатта қажырлы еңбек етіп жатқан шақта балаларға арнап шығарма жазушы драматургтеріміздің алдына ұлы да абыройлы міндет артылып отыр. Ол — жастарды енбекке баулу, коммунистік рухта тәрбиелеу міндеті. Н. С. Хрущев КПСС-тың даңқты XXII съезінде жасаған есепті баяндамасында былай деді:
«Ең көркем тамаша нәрсе — адам еңбегі, сондықтан жаңа адамды — еңбеккерді, оның рухани мүдделерінің байлығын, күні өтіп бара жаткан ескі заманға карсы оның күресін шындықпен бейнелеуден артық ізгі міндет жоқ. Біз совет адамдарының қолына коммунистік еңбектің романтикасын ашып көрсететін, мақсатқа жету жолында инициатива мен табандылыққа тәрбиелейтін кызғылықты тамаша шығармалар беруге тиіспіз»
БАСПАЛДАҚТАР
Балалар әлемі — өзіндік ерекшеліктері мол, күрдеді де қызықты әлем. Сол әлемге еркін еніп, небір нәзік сыр-сипаттарды сезімталдықпен танып, зерделілікпен зейін салу, зергерлікпен бейнелеу — қаламгерлер қауымы үшін үлкен сын. Одан өту үшін «Балалар жазушысы боп туу керек». Өйткені, балалардың ойлауында, дүниені тануы мен араласуында өзгеше сипат бар. Соны түсіну, әрі балғындар риза болатындай бейнелеу — шеберлік. Тегінде өмір, орта атты үлкен ұяда неше алуан нәрсе болуы мүмкін. Әдебиет соларды қалай көрсетеді, нені көрсетеді, дәуір, замана сырын қалай бейнелейді деген мәселенің әрқашанда күн тәртібінен түспеуі де сол себептен. Көзі жаңа ашылған қайнардың кай арнаға бет алуы — ағысты мөлдір өзенге ұласуы, немесе су аяғы құрдымға кетуі табиғаттың ықпалына байланысты. Оң-солын танып үлгірмеген, өмірдің ұзақ жолына түсіп, жан-жағына аң-таң болып қарайлап келе жатқан бала үшін де әдебиеттің рухани-эмоциональдық әсері сол секілді ерекше. Қалыптасқан іргелі дәстүрдің тарихи-тәжірибесінен тамыр алған әдебиеттің, реализм, романтизм әдебиетінің уақыт сырының нақты да тірі куәсіндей образдары балалар үшін шындықтың өзіндей нанымды, әрі ерліктің, патриоттык пен адамгершіліктің жан сүйсінер жайсаң өнегесіндей. Өмірдің өзінен алынған өнеге қашанда өрендерді өрге бастаса керек. Балалар үшін әдебиет тек қана рухани азық — базарлық болып қана қоймай, рухани тәрбиеші де болса, қадірі арта түспек. Осы ыңғайда орыс совет әдебнетінің, шетелдердің прогресшіл бағыттағы озық, ойлы әдебиетінің де игі ықпалы болғанын атап айту жөн. Мәселен, Аркадий Гайдардың «Мектеп», «Тимур және оның командасы», Николай Носовтың «Көңілді семья», «Витя Малеев мектепте және үйде», секілді шығармаларының әсері төл әдебиетіміздегі мектеп өмірін өзек еткен әңгіме, повестерден аңғарылса, Жюль Верннің «Капитан Гранттың балалары», «Он бес жасар капитан», Даниэль Дефоның «Робинзон Крузо», Марк Твеннің «Том Сойердің таңғажайып істері», «Гекльбери Финнің басынан кешкендері». Чарльз Диккенстің «Оливер Твистің басынан кешкендері» тәрізді кітаптары әдебиетімізде қызықты хикаялар (приключение), фантастика жанрларының тууына өзіндік себін тигізбеді деу қиын. Бұл, арқылы әрине, аталған шығармалардың айна қатесіз екінші бір нұсқасы, солардың сыңарындай туындылар дүниеге келді деуден аулақпыз. Мәселе түйіні — көркемдік дәстүрлердің әр ұлт әдебиетінде тармақтала жалғасын табуында.
Соңғы жылдардағы қазақ совет балалар әдебиетіндегі жанрлық-көркемдік жаңалықтар дегенде де ең алдымен сол қызықты хикаялар (приключение), бадалар фантастнкасы жанрларының дүниеге келуін айтамыз. Мәселен, жас фантаст Рысбек Баймахановтың «Шайтанқұмда жоғалған бала» атты кітабындағы осы аттас фантастнкалық әңгімесінде туған жердегі құмда келе жатқан баланы аяқ астынан қүм жұтып қояды. Әрине, құмға ертегідегідей жан бітіп кеткен жоқ. Бірақ сол бала аяқ басқан тұста құмның тұңғиық тартатын қасиеті бар. Мұның бәрін автор балғын оқырманын сескендіру үшін әңгімелемейді, қайта жаратылыстың осындай жұмбақ, құпия сырын ашуға ынталандырып, батылдыққа баулу үшін суреттейді- Мамандығы физик,- жас ғалым-фантаст Рысбек Баймаханов ғылым жұмбағын, дәлірек айтсақ, ғылыми гипотезаны өзіндік ой, позиция айту үшін ұтымды пайдалана білген.
Бұл ыңғайда фантастика саласындағы ізденістер Абдулхамид Мархабаевтың «Арал әуендері», Төлеш Сүлейменовтың «Күн сынығы» кітаптарынан да аңғарылады.
Соңғы жылдары балалар әдебиеті саласына қызықты хикаялар жанрының қанат жая бастауы — қуанарлық жай. Қызықты да күтпеген оқиғалар, тосын шешімдер, шиеленіскен түйіндер жас оқырманды әрқашан қызықтырып, олардың тапқырлыққа, батылдыққа, жігерлілікке баулитыны, қиялын қанаттандыратыны белгілі. Шым-шытырық сюжеттік желілер, соған орай ашыла түсетін күрделі характерлер тағдырлары мен табиғаты балалар ойын шынықтыра түсуге қалай да өзіндік себін тигізбек. Тек шиеленіскен сюжеттік желілер жасау өмір, характер күрделілігін танытудан гөрі автордың өз қиялына өзі тым елігіп кетіп, қолдан тудырғаи құйтыркысы болмасын деңіз. Ал, белгілі бір ұнамды ой айтуға бағытталған шұрайлы шығарма баланың «басын қатырмайды», қайта оның көзқарасы қалыптасуына әсер етіп, арман-қиялына, қимыл-әрекетіне түрткі болады. Осы түрғыдан қарағанда Сайлаубай Жұбатыровтың «Алыстағы аралдар» кітабына енген кітап аттас повесі — көңілдеп шыққап сәтті барлау. Оқушы балалардың алыстағы аралға бет алуы, қиыпдықтан мойымай, қажырлылық, тапқырлық көрсетуі көңілге біршама жылы әсер қалдырады. Рас, Жюль Верннің «Он бес жасар капитанын» еске салатын ұқсастықтар да бар. Екі шығарманың да орталық кейіпкерлері — балалар, екеуінде де теңіздегі дауыл, балалардың батылдықтары суреттеледі. «Он бес жасар капитанда» шым-шытырық оқиғалардың тууына себепкер әлеуметтік жағдайлар, қоғамдық-саяси қайшылықтар болса, «Алыстағы аралдарда» қызықты оқиғалар балалардың құштарлығына, құмарлығына ғана байланысты өрбиді. Бұл арада біз Сайлаубайды атаңты жазушыньң шы-ғармасын мысалға келтіре отырып, өмір айдынының тереңіне бойламай, бетінде қалқып жүрсін деуден мүлдем аулақпыз. Біздің назар аударып отырғанымыз — әдебиетіміздегі творчестволық-рухани байланыстар. Сайлаубай бүгінгі балалардың қиял-құштарлығын жақсы сезініп, кейіпкерлердің іс-әрекетін жүйелеуде де, оқиғаларды өруде де ысылғандық танытқан. Жюль Верн шығармасындағы теңіз, жалпы табиғат — әлеуметтік теңсіздік, қайшылықтар әлемі ретінде көрінсе, «Алыстағы аралдарда» теңіз, дауыл т.б балалардың батылдығы мен байыптылығын сынайтын, әрі шыңдантын романтикалык, әсерлі әлем ретінде көрінеді.
«Отты өткел» де — шиыршық атқан оқиғаларға толы, детективтік сипаты бар повесть. Алтыншы кластың оқушысы Көбен деген баланың құм ішінде кездейсоқ алтын алқа тауып алғанын алыстағы қалада жатып естіген студент-тер — Жақан мен Марленнің және ғалым атын жамылған алаяқтар — Әлиакпар, Мамай, Төрттағанның қиырдағы құмға келуі — әр түрлі талап пен тілектің соңына түскендіктен. Тарихшы студенттер ғылымда бұрын-соңды жаңалық ашудан дәмелі болса, ғалым атын жамылған алаяқтар Құлан-шөл Элдорадосынан қисапсыз қазына тауып, пайдаға шаш етектен батып калмаққа алып ұшқан.
Құмның шекеден өтіп шөкелеткен ыстығына, танауды тығындаған сұртүнек боранына шыдай алмаған, әрі межелі жерге жақындаған сайын қазынаны өзгеден гөрі көбірек қарпып қалсам деген қарақшылардың шын сиқы бірте-бірте сып сәттерде ашылады. Бұл повесте ең бастысы — табиғаты, тағдыры, түсінігі әр қилы адамдар бар, олардың өзара қарым-қатынасы, қақтығысы, жарық дүние үшін күресі, жапа шексе де тұяқ серіппей жан бергісі келмейтін жандардың жігерлі рухы бар. Томырық Төрттаған, әккі Әлиакпар, обыр, зәндемі Мамай, берекесіз шал Шәкіман, зейінді бала Көбен, ер көңілді жас жігіт Жақан, кайсар Марлен секілді мінез ерекшеліктері, бітімі әрқилы характерлерді Сайлаубай жап-жақсы таныта алған.
Жас жазушы уақыт, кеңістік сырын да жақсы сезініп, нақты бейнелен біледі. Шамадан тыс шалқу да, әл-дәрмені жетпей әр тұстан бір қалқу да жоқ дерлік. Кейіпкерлерінің сөздерін, іс-қимылдарын шашау шығармай түйіндей білу де — Сайлаубайдың қаламы айтарлықтай төселіп қалғап талантты жазушы екенін танытады.
Қияндағы құмға қазына іздеп келіп, қиындыққа шыдамай жүзіне ызбар жинап, қырық пышақ болған жандардың күн қақтаған қызыл құмда қан жоса болған сәттері неден туды, тамыры неде деген сұрауға автор өзі ишаралап жауап береді. Тарихтың, жалпы табиғаттың құпия қатерлі жұмбаңтарының шешілмеу себебі неде деген сұрауға жауапты да табамыз, Көбеннің шөлден сілесі қатып, діңкесі құрыған сәтте қарақшылар соншама таласқан «шынжыр баулы қымбат дүниені бар күшінің жеткенінше» алысқа құлаштап лақтырғандағы ойы — «Сары айдаһар (құмды айтып отыр — Б- Ы.), біз сені сөйлете алмадық — сенің қымбат құпияң өзіңде қалды. Қайта сен бірлігі жоқ бізді жұтып қоя жаздадың. Демек, сені мойынсұндыруға біз әлі де дайын емес екенбіз. Сен енді өз мекеніңде ең ержүрек, ең-ең таза ойлы адамдарды күтіп тып-тыныш жата бер». Бұл — кейіпкерлер қатыскан бірді-екілі оқиғадан соң автордың ырқымен төтеннен төнген түйіні деуден гөрі шөлде өткен біраз күнде қасындағы серіктерімен бірге талай азап-тауқыметті бастан кешкен баланың көзі жеткен, өзі тапқан шындығына көп жақын. Бұған илануға болады.
Жас жазушы кейіпкерлерінің көңіл-күйін, бітімін де, объектіге алған жердің де келбетін, табиғат мінезін жақсы біледі, әрі нақты, тартымды суреттейді. «Сәлден соң шілденің қысқа түні қылаңытып, көкжиектен таң саз бергендей болды. Жұлдыздардың нұры тайып, қара барқыт аспанға бозамық кілегей перде тұтылды.
Өлараға ауған тозыңқы жартыкеш ай туып келеді екен. Мыс бақырдай балқып көтерілген айды көріп, Көбен тіктеліп отырды. Шөлде туған ай суреті әдеміден гөрі біртүрлі қорқынышты еді. Дәл осыны Көбен бұрын да талай байқаған... Бірақ та осындай қол созым жерден бақырайып, жалқындап туған, сынық табақтай, сүйкімсіз бір кесек дүниені осынша жақыннан көрмеген сияқты еді... Өлі киттердің жондарындай дөңкиген құм шағылдардың арқаларына қаймақшып, қызғылтым суық бояу жағылды. Осы бір көрініс шөл суретін тіпті кұлазытып жіберді». Шөлдегі айлы түннің көрінісі көзбен көріп, қолға ұстарлықтай айқын көрінбей ме? Талай көрген таныс сурет сырын Сайлаубай әдемі жеткізген. Бір қарағанда теңеулер көп сияқты. Бірақ осының бәрі бірі-біріне мінгесіп, шатасып жатқан жоқ. Немесе, біріне-бірі үйлеспей, қитар көздер секілді атысып-шабыспайды да. Баланың көзқарасына сәйкес нақты, ширақ, бейнелі. Сұсты пейзажға сескене қараған Кебеннің көңіл күйін автор тап басып, дәл таныған. Демек, бұл арада автордың интуициясы мен интсллектісі тұтасып, біріне-бірі қуат берген деп айтуға толық негіз бар. Егер тек қана интуиция тізгін алып кетсе, пейзаж шамадан тыс тәптештеліп, кейіпкердің көңіл күйі, келбеті көлегейленіп қалар еді.
Балалар қызыға оқитын осындай повесте «апырай, осы шын ба, өтірік пе» деген күмән тудыратын немесе себеп-салдары белгісіз сәттер де кездеседі. Біріншіден, қияндағы құмда Көбеннің алтын дүниені тапқандығынан шалғандағы қала студенттерінің, алаяқтардың құлақтануы, екіншіден зіңгіттей жігіттердің қаладағы санаулы тарихшы-археологтарды білмей, тонын айналдырған алаяқтардың соңынан ілесіп жүре беруі, үшіншіден мектеп директорынын жалған «ғалымдардың» куәліктерін көзімен көрмей-ақ жәрдемдесуі. Міне, осының бәрі повестегі оқиғалардың болуы мүмкін бе, жоқ па деген сауал тудырады...
175—176-бетте Мамай өзі ертіп жүрген қыз Зейнеге мылтық кезеп, зілдене зекиді? Неге? Бұған да жауап табу қиын.
Бірақ қалай дегенмен де повестің қызыға оқылатыны анық. Сайлаубай Жұбатыров — нені жазу керектігін, калай жазу қажеттігін білетін, әрі республикамыздағы балалар әдебиетінің тарихында қызықты хикаялар саласында алғаш қалам тартқан жазушы.
Нұржан Мұраталиевтың «Жасыл көлдің құпия тұрғыны» атты көлемді повесі де шытырман оқиғаға құрылған. Жасыл көлден таңғажайып, бұрып беймәлім мақұлық көрген қалалық мектептің жетінші класының оқушысы Еркін өзінің кластастары — Дарын мен Сәтке көрген-білгенін қатты қорыққанын айтады. Ол мақұлықтың сипаты мынадай: «Судың шетінде тостағандай көзі аларып, аузы үңірейген мақұлық маған тесіле қарап жатыр. Түсі қап-кара. Күжірейген арқасы да судап бір шығып көрініп калды. Және де қолымен судың жағасындағы шөптен ұстай түрғандай көрінді». Оны бұрын-соңды ешкімге көрінбегек беймәлім деп ойлаған балалардың күтпеген жерден пайда болған жұмбақты шешу жолындағы батыл әрекеттері, іс-керліктері оқиғалар үстінде көріне береді. Әрқайсысының табиғаты да танылады. Айталық, Сәт қыялшыл болса, Дарын сөзге де, іске де мығым, шымыр, ширақ, ал Еркін сәл жайбасарлау болғанымен байыпты, үшеуі де адал.
Құпия сырын ешкімге білдірмей өздері ашуға бекем бел байлаған балалардың Жасыл көлге барып, қараңғы түннің қалың құшағында ну қамыстың ішінде баспалап, жұмбак мақұлықты іздейтін сәттері, жолбарыс даусын естіп, өздері бетпе-бет ұшырасып көрмеген тағы да әлдеқандай белгісіз аңдарға душар болып жүрексінуі, сонда да алған бетінен қайтпай «операцияны» жалғастыруы балғын оқырмандар қызығарлықтай шиеленістіре, әрі нақты, нанымды суреттелген. Екінші кітабын шығарып отырған жас жазушы сондай ширыққан сәттердегі кейіпкерлерінің көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын дәл бейнелейді. Артық кетпей, кем түспей, оқиға ағынынан ауытқымай байыпты суреттеуі, характерлерді даралап, солар арқылы өз философиясын аңғарта білуі Нұржанның мүмкіндігін, ізденгіштігін көрсететіндей.
Аталған повестегі Дарын, Сәт пен Еркіннің табандылығы, тәртіптілігі, мұқияттылығы олардың тұрғыластарына өнеге болатыны анық. Құпия жөнінде ешкімге тіс жармай, өз дегенін іске асыруға бет алған балалардың Жасыл көлді картаға түсіруі — кез келген үлкеннің де қолынан келе бермейтін шаруа. Жер бедерін анықтау, көлдің ауданын өлшеу, тура жүруге келмейтін тұстарда компасты пайдалану, жұмбақ түбіне жету үшін теңіз өміріне қатысты анықтамалар мен кітаптарды зейін қоя оқып, зердеге тоқу, өздеріне шабуыл жасаған маскалы белгісіз балалармен шайқасу, оларды жеңіп шығу үшін үнемі дене шынықтырумен айналысу — балалар үшін кәдімгідей сын. Және бұл жайлар қарадүрсін, қарабайыр қиыстырылып отырған жоқ, балалар табиғатына — образ логикасына сай. Шығарма соңында жұмбақ мақұлықтың не екені, белгісіз шабуылшы «шпиондардың» кім екені айқындалғанда, «айтып отырғаны рас па екен» деген күдік сейіліп, Нұржанның оқиғаларды қиыннан қиыстыра білгендігіне, жалаң оқиғаларды қуалап кетпей, кейіпкерлер психологиясындағы тартысты да қалт жібермей қадағалап отыруына сүйсінесіз.
Алғашында аннотациядағы «шытырман оқиғалы» дегенді окып, «өтірікті шындан, ақсақты тыңдай етіп кетпес пе екен» деп дүдәмалданған едік. Бірақ кәдімгіден көлемді повесті «ары қарай не болар екен» деп қызыға бас алмай оқып шыққан соң автордың жасандылықтан бойын аулақ салатынына куә болдық. Повестегі оқиғалар «сірә да бұлай болмаған шығар» деген ойдан гөрі «болуы әбден мүмкін» деген тоқтамға ден қойғызады. Автор өз шығармасының сюжеті тартымды болуы үшін, балаларды қызықтыру үшін сондай «болуы мүмкін» оқиғаларды жинақтаған ғой дейсіз. Мұндай оқиғалы туындылар бүгінгі әдебиетімізде, оның ішінде балалар әдебиетінде жиілеп дүниеге келе бастады ғой. Бұл ретте «Жасыл көлдің құпия тұрғыны» повесін тап мұндай үлкен көлемде, тарау-тарау оқиғалары бірімен-бірі сабақтасып, шиеленісіп жатқан соны сипатты, проблемалық туынды, бүгінгі балалар прозасындағы өзіндік ізденіс деп ашық айту жөн. Ізденіс болатын себебі — шиеленіскен сюжетті балалардың іс-әрекетінен табиғи өріп шығарып, бүгінгі заманның күрделі де көкейкесті мәселелерінің бірі — табиғат қорғау жайында өз пікірін білдіруі. Әрі повесть «таза» балалар ұғымына лайық, оқиға сабақтау тәсілі де соларға бейімделген.
Іс-әрекеттер балалар бойына сырттан күштеп таңылмайды, қайта характерлердің логикасына сай туындап, шығарманың негізгі идеясын айқындауға атсалысады.
Жалпы әлгінде айтылған «болуы мүмкін» дегеніміз, түбін қуалай келгенде, шарттылық қой. Шарттылық дегенді терең ұғынбай, қисынсыз жайлардың қиюын келтіретіп тәсіл ретінде малдану — жалпы қазіргі прозамызда бой көрсетіп қалатыны бар. Әсілі, шарттылық дегеніңіз өмір шындығынан алшақтап бұра тартпай, жақындауға ұмтылса, сопы өз тарапыпап «толықтырып» жатса ғана немесе кеңіл ұйырлықтай түсіндіріп жатса ғана қадірлі, ал, «қой, мынауың өмірде сірә де бола қоймас» деген кесектей күдік тудырып, өмір шындығынан шығандап шалғай жатса содырлы. Нұржан Мұраталиев повесіне осы аталған екі сппаттың алғашқысы тән.
Ал, жаңа айтып кеткеніміздей проблема дегеннен шығады, Нұржан өз повесінде сонымен не айтпақ болды? Шығарма логикасы қайда жетелейді? Балаларды неше түрлі сын сәттерге душар етіп, талай-талай талқыға салу арқылы жас, балғын оқырманды батыл, табанды, тәртіпті, инабатты болыңдар дегісі келе ме? Мұның бәрі повесте, әрнне, бар. Бірақ шығарманың негізгі логикасынан аңғарылатын мәселе — табиғатты қорғау мәселесі. Бұған дәлел бола алатын бір ғана сәтті мысалға келтірейік. 73-бетте көл жағасында Дарынға кездескен маскалының айтқаны: «Шыққан тегіміз дегенім — табиғат анамыз. Біз одан алыстап кеттік. Сондықтан табиғат біздің анамыз болғысы келмейді. Сырларын да бізден жасырады. Әр түрлі қауіпті аурулардан да қорғамайды. Қайта ол адамдарға ашулы. Өйткені, адамдар оны балаларын — өздерінің бауырларын аяусыз қырып жоюда. Көптеген жан-жануарлар тіпті жер бетінен құрып кетті. Мыңдаған пайдалы өсімдіктер солып барады. Табиғат анасын қорғауда бір қасық қан төкпесе де қорғансыз жануарлардың қанын судай ағызатын адамдар...» депді ол. Жайшылықта жасандылау көрінетін бұл сөздердің дәл сол сәтте дұрыс айтылғанына бірте-бірте көзіңіз жетеді. Өйткені, әлгі маскалы табиғатты қорғау қоғамына мүше, жоғары класс оқушыларының бірі екен. Көлдегі құпия «құбыжық» та солардың ісі екен.
Рас, табиғатты қорғау туралы талай туындыларда айтылған. Ш. Айтматовтың «Ақ кемесінде» және осы повесть бонынша түсірілген фильмде де Бұғы ананың жануарларды адамдардың бауырлары дейтіні бар. Жаңағы маскалы да солай дейді. Алайда Нұржанның повесінде мәселе басқа қырынан қонылып, балалар ұғымына лайық трактовка жасалған.
Осы орайда Ирина Токмакованың «СССР-дің қазіргі балалар жазушыларының повестері мен әңгімелерінде балалар өмірінің бейнеленуі туралы» атты мақаласында «Балаларда жан-жануарларға деген жанашырлық, қамқорлық сезімі айқын көріне бастады. Олар табиғатты сақтау және қорғау қажеттігін, өздерінің табиғатпен байланыстылығын және оның алдындағы жауапкершілігін сезінуде» деген пікірін құптауға болады (Қараңыз: Балалар әдебиеті, мақалала жинағы. 1979. М., «Детская литература». Расында да бұл сипат Одақтық балалар әдебиетіне, оның ішінде қазақ балалар прозасына да тән. Бұл қазіргі әдеби процесте интеллектуальдық ізденістердің бел алғандығының, балалар үшін қызықты немесе күлкілі жайлар болса жеткілікті деген ойдан жазушыларымыздың ада-күде арылып, заманымыздың толғақты мәселелеріне ыңғайына карай балалардың да назарып аударып, бейнелеп отырғандығының, айғағы.
Аталып отырған повестегі кемшілік — осы кітаптағы Сәт деген баланың фамилиясына, шешесіне байланысты желі. Повесті оқи бастағанда, фамилиясы қызық екен деп таңдана қарағанбыз. Туынды соңында фамилия неліктен бұлайша аталған оны анықтауға кімдердің жәрдем жасағаны, себепкер болғаны әңгімеленеді. Бірақ, біздінше, осы желінің басы артық, батыл қысқартып тастау керек еді. Өйткені, повестің негізгі оқиға өзегіне, айтар онының арқауына қатысы шамалы, бүйректен сирақ шығарып тұр.
Сондай-ақ осындай қызықты хикаяларға толы кітапты оқып отырғанда, табиғаттың тамаша көріністері, балалардың батыл әрекеттері бейнеленген суреттер, иллюстрациялар болмағаны-ай деп еріксіз қынжыласыз. Ондай суреттер бала қиялын қанағаттандырумен бірге олардың кітап сырына бойлай түсуіне, оқуға деген ықыласын арттыруға да өз себін тигізер еді...
Нұрдәулет Ақышевтың «Жұмбақ іздер» атты повесінің де оқиғасы шиеленісті. Мұнда тарихтық құпия сырларын ашуға құмар балалардың, шекарашылардың жас достары отрядтарының қызықты істері көрсетілген. Повестің оқиғасы қою, кейіпкерлері де тәп-тәуір танылған. Кездейсоқ ұшырасқан кішіпейіл бейтаныс ағаймен бірге жолаушылап бара жатқан Нұржан алғашқыда оның кім екенінен бейхабартын. Осы Нұржан арқылы езгелермен танысып, жұмбақ үңгірді іздеуге аттанған Әділ, Жанболат, Бақыт оларға қосылған Гүлмират сияқты оқушылардың жолшыбай тап болған жұмбақ іздер иелерін табуға құштарлығы, зеректігі мен зейінділігіне куә болып отырасыз. Жұмбақ іздердің пайда болуына себепкер Нұржан танысқан бейтаныс адам — шпион екенін де автор повесть соңында бір-ақ сездіріп, өзі-нің оқиғалар жүйесін қызықты етіп құруға деген қабілетін байқата алған. Балалардың кейбір аңқаулықтары, тапкырлықтары оқырманын селсоқ қалдырмайды. Таудың қалың орманын қойнау-қойнау, шатқалдарын аралап, ізге түскен балалардың іс-әрекеттері олардың жас шамасына сай. Және бір жақсысы — автор оқиғаларды күрделілендіріп құрумен ғана шектелмей, сол арқылы кейбір моральдық мәселені де аңыртсам дейді. Мәселен, Бақыттың өз әкесінің кім екенін білмеуі... Үлкендер қателігі бала жанына жара салмай ма деген ой ұшқыны жылт етіп көрініп қалады. Бірақ Нұрдәулет бұл мәселені тереңдете қозғамаған. Оның бір себебі балалардың тапқырлығы мен батылдығын, шекара бұзушыны қалай ұстағандығын көрсетуді негізгі нысанаға алғандығынан болуы керек.
Повестің кемшілігі — оқиғалар арасында байланыстың, сабақтастықтың әлсіздігі, үзіліп кеткен кино кадрларындай іртік-іртік көрінуінде. Оның үстіне балалардың жас шамасына лайықсыз сірескен тілмен сөйлеп ақылгөйсіп кететін сәттері бар. Солай десек те «Жұмбақ іздер» — Нұрдәулет Ақышевтың балалар прозасындағы үмітті барлауы.
Қызықты хикаяларға толы дүниелердің қатары көбейе түсуін қазақ балалар прозасының жанрлық табиғаты күрделіленгенінің, игі ізденістердің өрісі кеңейгендігінің айғағы деп қарауымыз ләзім.
Балалар өмірі, мектеп өмірі — совет балалар прозасының қашаннан бергі негізгі арқауы. Мектеп — балалардың өмірге, қоғамға деген көзқарасына елеулі ықпал жасайтын жылы әлеуметтік ұя. Ендеше оқушылар өмірінің балалар прозасының айнымас арқауы болуы заңды да. Мысалы, марқұм Төлеубек Жаңынбайұлының «Мен қалай түзелдім» повесі қияңқы оқушының мінез-құлқы өзгелермен қарым-қатынасы нәтижесінде қалай өзгергенін, бұл ретте мектептің, мүғалімдердің де игі әсері болғанын тартымды әңгімелеген. Сондай-ақ ұзақ жылдар бойы ұстаздық қызмет атқарған Қабыш Жәркеновтің «Тентек» атты жинағына енген «Ойланайын», «Кемеңгер», «Киізді қақпан», «Жәкеңнің бір күні», «Өкпеші», «Алтыншашқан», «Неге соғысады» секілді көптеген әңгімелері мектеп оқушыларының өмірінен алынған.
Балғындарға әлденеше кітап арнаған Қ. Жәркенов балалар психологиясын жақсы біледі және шынайы бейнелейді. Соңғы жылдары мектеп оқушыларының өмірі жайында жиі жазған және жақсы жазған да осы Қабыш Жәркенов. Мысалға оның «Ойланайын» деген әңгімесін алайық. Аты Жуасбай болғанымен заты тынышсыз бала сабаққа мәз емес екенін өзі де іштей мойындайды. Бірде зоология сабағында өзімен өзі әлек болып отырған Жуасбай Қабылбековтен мұғалім «сүт қоректілерге жататындар қайсылар?» деп сұрайды. Алғаш «бұзау, лақ, қозы, бота, құлын» деп бөгелместен шұбыртқан Жуасбай «тағы не» деген сұраққа былай деп жауап береді:
- Жас бала, кішкене жас бала және торғай.
Класс ду күліп жіберді. Мен оған жасығам жоқ, өйткені айтып тұрғандарының сүтпен қоректенетіні ып-ырас, не күлкісі бар? Балалар кызық өзі.
-Өзің сүт қоректілерге жатпайсың ба?—деді мұғалім мысқылмен езу тартып.
-Бір кезде сүт қоректілерге жататынмын, қазір олай емес, ет, нан қоректілерге жатуым мүмкін, оның үстіне «қо-
ңыр сиыр суалып барады, шайға да жететін емес» деп тәтем
сүтпен қоректендіргенді қойған,—дедім адалымды айтып. Бұндайда шындықты айтпасқа бола ма». Бір қарағанда күлкілі жәйт. Алайда осындай күлкілі жайтқа душар болғаны Жуасбайдың кебін кимеуге әңгімені оқыған балалардың қай-қайсысы да күш салады емес пе?! Балауса оқырмандар үшін жалаң дидактикадан гөрі осылайша нанымды, қызықты суреттелген ситуация әлдеқайда әсерлі.
Келтірілген мысалда баланың бір күнгі, дерлік айтқанда, бір сәттегі көңіл күйі, ой өресі анық көрінген. Ол әлемді мынадай жағдайлар неге болады, жаратылыстың қүбылыстарының сыры неде, т.т. бас қатырып жатпайды, күнделікті сабағын жақсы оқуға, үлкендердің айтқанын орындауға ұмтылады. Сонымен қатар бүгінде балалар психологиясының НТР әсеріне сәйкес өзіндік өзгерісі, қиял ұшқырлығы мен байлығы, жан-жақты білуге деген құштарлығы айрықша. Ендеше балалар әдебиетінің проблематикасы кеңейіп, күрделілене түсті деуге толық негіз бар. Өйткені әдебиетшілер мен оқырмандар арасында осыған байланысты екі дай пікір жарысы бары белгілі. Бірі жас балаға мейлінше түсінікті, мейлінше қарапайым болуы керек десе, екіншісі балаларды өзінше ойлауға, өзіндік шешім табуға үйретуіміз керек, сондықтан «күрделілеу» еткеннің ешбір артықтығы жоқ дейді. Бүгінгі жалпы совет балалар прозасы болсын, әлемдік балалар прозасы болсын осындай екі түрлі принципке орай туындылардың керкемдік жазылу мәнері түрліше. Айталық Алан Маршаллдың «Мастера современной прозы» сериясы бойынша шыққан кітабына енген кей әңгімелері «таза» балаларга арналған болып келсе, Уильям Сароянның «Сағатына алпыс миль» кітабына топтастырылған әңгімелерінде «бас қатыратын» тұстар бар. Немесе Максим Горькийдің «Кісі есігінде» повесі балаларды өмірдің әлеуметтік сырын өзінше толғанып барып, түйсінуге-түсінуге жетелесе. Лев Толстойдың балаларға арналған әңгімелері мейлінше қарапайым, бүкшігесіне дейін түсінікті.
Мұны айтып отырған себебіміз- балалардың «басың қатырмайтын» Қ. Жәркенов сияқты авторларға «қарапайым, жеңіл жазады» деп кей әдебиетшілеріміздің мұрнын шүйіре қарайтын сәттерін байқап қаламыз. Бұл дұрыс емес. Гәп — шынайылықта, шеберлікте. Қай автор болсын осы шартқа қалай жауап бергеніне сәйкес бағалануы тиіс.
Қ.Жәркенов кітабында сабақ үлгерімі нашар оқушылардың ылғи осылайша күлкілі жағдайға душар бола бермей, ұстаздарының, кластас достарының көмегімен қатар-құрбыларына теңелуі, озаттар катарына қосылуы да көңіл ұйытарлықтай суреттеледі. Мұндай әңгімелерді оқи отырып, мектептің балалар өміріндегі аса елеулі әлеуметтік-адамгершілік күш екенін байыптайсыз.
Оның «Туыстар» атты жинағы екі повестің басын құраған екен. Осы уакытқа дейін балаларға арналған бірнеше кітап шығарып үлгірген жазушының мектеп өмірін жақсы білетініне тағы да куә болдық. «Туыстар» повесінен мектепке әлі бара қоймаған кішкентай қыз Дидар мен мектепте оқитын Қамаш, Жанаттардың мінез-құлқын көреміз. Бір семьяда өсіп, бірін-бірі сыйлайтын балалардың жаймашуақ алаңсыз күндері, ойын-әзілдері — бәрі жарасымды, сізге таныс секілді, содан ба оларға бүйрегіңіз бұрып тұрады. Жанаттың күреспен шұғылданып, талмай табанды жаттығудың арқасында күрестен республикалық мектепаралық жарыста өз салмағы бойынша бірінші орынға ие болуы -оқушылар үшін өнеге. Әсіресе Жанаттың соңғы кездесуде өзімен күрескен Қален деген баланың бір кезі тас екенін көріп, жықпай қоюы, тек бір-екі ұпай артықшылығын сақтап қалуы жасқа да, үлкенге де ой салғандай. Жанаттың сезімталдығына, адамгершілігіне осы бір сын сәтте куә боласыз, риза боласыз.
Повестің көкірек көзіне жылы ұшырайтын осындай жекелеген ұнамды қырлары болғанымен түтастай алғанда көңілімізді көншітпеді. Неге? Негесі сол — автор өз кейіпкерлерінің порым-пошымын, жүрген тұрғанын қызықтап, шетінен тізе берген. Шығарма лейтмотиві — повесть соңында келтірілгендей «жаңбырдан соң жайнаған, Дала неткен бакытты. Әке алдында ойнаған, Бала неткен бақытты» деген ой секілді. Әрі бұл ойын автор екі кейіпкерге — Дидар мен Жанатқа қатысты желілер арқылы жеткізбек болған. Бірақ осы желілердің өзара жымдасуы әлсіз, шашыраңқылық бар. Сондай-ақ ара-тұра «әліппеден басталады дегенімізбен ғылым-білім, дүние сырын қайдан оңай болсын. Бұл маңдай терді талай сыпыратын салмақты жүк. Кім біледі, а дегенде-ақ шүйліге кеткен мына бүлдіршін сол бетімен жалықпай жол ұшына шыға ала ма? Сәби сапары ұзақ» деген секілді автор атынан айтылса да ойыңа ой қоспайтын құрғақ пәлсапаның, да жалпы көркем шығарма үшін қажеті жоқ.
Ал, «Көңілді жаз» атты екінші повесі — керісінше шымыр, бас-аяғы жпнақы дүние. Қозғалысқа, оқиғаға толы мұндай туындыны оқып шыққанша езуіңіз жиылмайды. Жазушы ойландыра отырып күлдіреді, күлдіре отырып ойландырады. Мұндайда пікірдің тұздығы ретінде дәлел тауып, дәмін келтірсек...
Бүкіл ауылға атышулы, жайып қойған кір атаулыны тажалдай жалмайтын қызыл құнажынның сол бір жаман дағдысын калай қойдыру керек? Үлкендер «үлкен» шара қолдануға қобалжиды, Есболат қарттың сақалын сыйлайлы. Шешесі «қызыл құнажын қағып кетпесін, бағып отыр» деген соң амалсыз андып отырған Ернияздың кезі тайып кеткенде, үріп ауызға салғандай әдемі, үр жаңа трикотин көйлекті құнажын құртты. Енді Ернияздың атарға оғы жоқ. Сонда қайтеді ол? Тапқан амалын қараңыз. Кластас достары — Дүйсеп. Дәулен үшеуі тоғайға барып, құнажынды өрістеп көреді. Ескі шүберекті жайып қойып, сонымен алдандырып, тұзақ құрады. Тұтылған құнажын шүберекті жалмап, үлгірмей от қояды. Шыр айнала өкірген қызыл құнажын содан жебірлігін қояды. Бұл балалардың тапқырлығын керсететін бір мысал болған соң әдейі мазмұндап отырмыз.
Сондай-ақ бұл үшеуінің балық ұстауға барып жүріп, комбайндардың елеуіш торларын жымқырып кеткен Есболат қарттың ұрлығының үстінен шығуы, қартты ыңғайсыз халге қалдырмай, комбайншыларға торларын жан адамға білдірмей жеткізіп берсек деген балалардың есек ұрлағаны, арба ұрлағаны — бәрі-бір игі ниеттен екенін ұғынып, іштей қолдап отырасыз. Юморға толы сол сәттерді көз алдыңыздан өткізіп, күліп отырасыз. Бұл операцияны балалардың қалай қиыннан қиыстырғанын автор айқын, нақты суреттеген.
Енді принципті мәні бар бір кітапты арнайы айтсақ дейміз. Ол — Молдахмет Қаназовтың «Ақ тайлағым-ай» атты повестер жинағы. Мұндағы повестердің барлығының да көркемдік фоны — ¥лы Отан соғысы жылдарындағы ауыл өмірі. Принциптік мәні бар дейтініміз — жалпы, әрбір елеулі тарихи кезең балалар прозасында қалай бейнеленуі қажет деген мәселені алдымызға көлденең тартып, көз тоқтаттыруында. Расында қалай бейнеленуі қажет? Қазіргі октябряттарға, пионерлерге сұрапыл соғыс жылдарының тауқыметін, майдан қазасыз, зауал жазасыз болмағандығын, ел үшін туған ерлер мен тылдағы үміт пен күдік тайталасын қалай әңгімелеп беру керек? Жас баланың жүрегі жаншылып, көзіне жас алыл отыратындан етіп әнгімелеу керек пе, әлде көңіл-дендіретін сәттер, ситуацияларды суреттей отырып ұғындыру керек пе? Әлде тағы баска жолдары бар ма? Әрине, мынадай болуы керек деп кесіп-пішіп айтудың жөні жоқ. Әр жазушының өз түсінігі, өз позициясы, тәсілі, ыңғайы болатыны белгілі. Міне, осы тұрғыдан алсақ, «Чика — Дабылдың баласы» — балалар үшін тартымды тарту. Повесте динамика мол. Баланы жалықтырмайды. Тіпті, іштей микротарауларға — тараушаларға бөлінуі де ұтымды. Қысқа метражды фильм секілді көріністер, әрекеттер, оқиғалар тез-тез өзгеріп, балғын окырманды жетелеп отырады. Бүл повесть кезінде балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармаларға жарияланған республикалық жабық әдеби конкурста жүлде алған. Араға бірнеше жыл салып, кітапта жарық көрген туынды қандай касиеттері үшін жүлде алған деген сұраққа жауап іздегенде, ең алдымен окиғалардың да, балалар мен үлкендер өмірі, олардың өзара қарым-қатынасының да бала ұғымына сай суреттелуіне көңіл қойдық. Көпшілікке біраз уақыттан бері таныс болғандықтан повесті бакай-шағына дейін шағып талдап жату артық шығар, сондықтан кейбір мысалдар келтірумен шектелейік.
Шағын шығарманың ішіндегі тараушалардың калай аталғанына зер салыңызшы. «Чика немістің баласы болуға тиіс», «Біз көрші тұрамыз», «Апам төбелеспе дейді», «Бостай пошта асығыс келеді», «Қап-қараңғы аспанға қарап жатып», «Шарбақтың қарын күреп жатсаң» деген секілді атаулардың өзі қызық. Әңгімелеп отырған кейіпкердің әлгіндей атаудан кейін тағы да бірдеңе айтқалы отырғанын сезген бала ынтыға түспей ме. Бұл автордың ізденісін танытатын бірінші мысал.
Енді екінші мысал. Ауыл балаларының ішіндегі ең күштісі де, орысшаға жүйрігі де Жұмажан. Соның сөзін тыңдап көрейікші. Чикаға жақындаған ол: «Не баяться... не баяться... мы күшайт не будум» дейді. «Жеп қоймаймыз» дегені орысша осылайша күлкілі шыққан. Немесе оның пилоткасына, былғары белбеуіне қызыққан сәтіне зер салайық.
-«Пошемнан?—деді Жұмажан, пилоткасын нұсқап.
Басқамыз тым-тырыс.
-Не... не...
-Мо...мо...—деп, Жұмажан оны мазақтады.— Немене, бұзаусың ба? Ал, мо... мо...
-Не продаю.
-Пырдаешь...Айттым ғой саған, пырдаешь. Бір сом»
Осы диалог аркылы әрекет-оқиғалар бір-бірімен сабақтасып өрбігенін, әрі Жұмажанның алған тәлім-тәрблесін де, тәртібі мен мінезін де байыптайсыз.
Үшінші мысал. 22-бетке көз жүгіртейік: «Қырманда ай-далмаған бау-бау тарының ортасына көміліп, төңкерген қазан тәрізді қап-кара аспанға қарап жаттық. Қазанның шұрқ тесік түбінен жұлдыздар жымыңдап, екеумізге үңіліп тұр. Біреуінен көз айырмай андып жатсаң, мың кұбылып лып-лып сөніп-жанады. Үлкенді-кішілі жарқырауық асыл моншақтар су түбінде күнге шағылысып жатқан ертегі ғажайыптарындай сиқырлана көз тартады». Мұнда табиғат көрінісі бір жакқа, бала көңілі екінші жаққа тартып тұрған жоқ. Қайта табиғат көрінісі баланың қиял әлеміне, рухани дүииесіне жетелейді.
Төртінші мысал. «Егін орыла бастады» деген тараушада екі-ақ сөйлем бар. Осы бір кауырт та қызу науқанды автор бажайлап суреттеп, ондағы неше түрлі еңбек процестерін, алуан адам характерлерін көрсетуге күш салмайды. Мұнысы — бір жағынан таптаурын ізден бой тартуы, екінші жағынан айтқалы отырған проблемадан ауытқымауға ұмтылу. Оқиық. «Егін орыла бастады. Нияз бригадир Тәнзила женешемді қырманның басына карауыл етіп қойды». Егер бұл сөйлемдерді алып тастасаңыз, әрі тарау жоғалады, әрі оқиға-әрекеттердің сабаңтастығы бұзылады, соның салдарынан композициянын тұтастығы да сақталмай, шыт-шыт шытынан кетер еді. Бар-жоғы екі сөйлем бала ұғымына дәл, дөп келген.
Ал, осы кітаптағы «Чика Дабылдың баласы», «Қияндағы күн нұры», «Арғы ауыл мен бергі ауылдың балалары» атты повестерді оқығанда соғыс жылдарындағы тыл өмірінің, оның ішінде балалар өмірінің суреттері көз алдымызға келеді. Мәселен, әкесі майданда мерт болып, шешесі басқа адамға тұрмысқа шығып кеткен соң бастауыш класта оқитын қаршадан Ерланды тазы ертіп, қоян аулауға мәжбүр еткен не? Жоқшылық. Үйдегі ауру әжесі мен сәби қарындасын қуандырғысы келген Ерланның әлгіндей әрекеті де, әжесі үшін жалынып-жалпайып әзер сұрап алған жарты күрешкедей сүтті Табиғаның бетіне шашып жіберуі де оның, мінезінен туындаған. Бұл сипат — яғни әрекетті образ табиғатынан тудыру — кітаптағы туындылардың кай-қайсысына да тән. Демек, автордың әдеби сауаттылығының, қарым-қабілетінің бір белгісі болса керек.
Осы кітаптағы туындылардан бізге көбірек ұнағаны— «Қияндағы күн нұры» повесі. Өмір шындығын, тұтас бір кезеңнің көрінісін кең қамтуымен де, қою психологиялық драмалық сәттерімен де, әралуан характерлерінің молдығымен де осы повесть шұрайлылау көрінді. Соғыс жылдарындағы саяси-әлеуметтік жағдайдың шалғайдағы қазақ ауылына да қаншалықты зардабы тигенін айқын сезінесіз. Жақсылықты, жаңалықты аңсай күткен ауыл үшін қияндағы күн нұры — Жеңіс! Оларға рухани демеу де майдандағы жауынгерлердің қайсар, сәтті қадамдары. Сондықтан да үміті зор адамдар адамшылығын жоғалтпай тірлігін жалғастыра бергеи. Мұның бәрін жазушы тәптіштен жатпайды, нақты бір-екі ситуация немесе детальдар арқылы-ақ аңғартады. Мәселен мұғалім екі күнге колхозға көмектесуге бармақ болып, сабақ еткізуді Қиғаш Ермековаға тапсырады. Енді шығарманы оқиық: «Төртінші кластың жақсы оқитын үп-үлкен қара қызы тақтаға қабағын түйіп шығып, мұғалім болды. Аузым аңқиып таң қалып отырмын.
— Мінеки, мына тақырыптарды өтесің. Біріншіге мынау көркем жазу, екіншіге есеп, үшіншіге де есеп, төртіншіге орыс тілі». Осы сөйлемдерден-ақ аядай бөлмеде бірнеше кластың балалары сығылысып, сабақ оқуға мәжбүр болғанын көресіз.
Жалпы, Молдахмет Қаназов осындай тілдік детальдарды ұтымды пайдалана біледі. Ералының назаланып кеткен сәтінде Табиға «аф» дегізіп есігін жауып, «салдыр-сұлдыр еткізіп іліп алған». Мұнда «аф» деп жабылған есік доқ көрсетіп үрген иттей әсер қалдырмай ма!
Міне, осының барлығы Молдахмет Қаназовтың әдебиетке сәл кештеу араласса да өз соқпағымен келген салауатты, қалыптасып қалған, талғамы бар прозаик екенін көрсетеді.
Соңғы жылдардағы прозамыздың осы саласындағы тағы бір елеулі ерекшелік — жазушыларымыздың балалар әрекетінің психологиялық сырына үңілуге немесе олардың қылық-қимылын, іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан дәлелдеуте ден қоюы. Мұндай шығармалардан балалар әрі өз құр-быларының тыныс-тіршілігіне, көңіл күйіне, жүрек лүпілі не, әрі үлкендердің балаларға айтар ақылы мен істерінің арасындағы қайшылыққа куә болады, басқаша айтқанда, автор балғын оқырманға да моральдық мәселенің бір ұшын шығарып көрсетіп қояды. Әрине, балалардың бәрі бірдей ол мәселені сезіп-біле бермеуі мүмкін. Дегенмен, ойға жетелейтіні де сөзсіз. Мысалы, Марат Қабанбаевтың «Арыстан, виолончель, қасапхана және мен» повесінің кейіпкері оқушы Асан Қайырсынов қасапхананы өртемек болады. Оның осы ісі үшін мектеп дирекциясы алғыс жариялайды. Рас, қасапхананы өртемек болғаны үшін мектеп дирекциясы оқушыға алғыс жариялады дегенге ешкім де нанбайды. Бірақ Асанның әлгіндей әрекетке ұмтылуына сенесіз. Өйткені Асан — дүние сырын білуге құштар, сезімтал, армапшыл бала. Ол он бір жасқа толып, өзінің туған күніне арналған кешке жиналған қонақтардың сәті кандай екенін іштей сезіп отырады. Мамасының Тәкеңмен әлсін-әлсін билегенін көрумен бірге, арада екі жыл өткен соң жоғарылап облысқа Тәкең көшіп кеткен күні мамасының «көзі кызарып жүргенімен оның есесіне көкесі карадай көңілденіп, қолдарын кайта-қайта құшырланып ысқылай бергенін» де байкайды.
Асан ойнауға да, сурет салуға да, скрипка тыңдауға да, Галактика құпияларын білуге де құмар. Португал виолончелисі Гаспар Касадоның такаттосы оның жан-жүрегін билеп алған. Өйткені жасынан скрипка тыңдап, арманшыл әкенің ықпалын түйсінген Асан сезімтал. М. Қабанбаев повесть кейіпкерінің осындай сезімтал, қиялшыл екенін, оның әрекетінің психологиялық дәлелі дәйекті екенін жақсы көрсеткен.
Ал Жақау Дәуренбековтің «Соғыс ойыны» атты повесінде соғыс ойынын ойпап жүрген Бақай-Тыран, Алтай, Елтай сияқты оқушылар мұндай онынын тиюға келіседі. Неге? Өйткені «соғыс ойын емес екен!» Оған балалардың көзін жеткізген — қашқын Тапай. Отыз жылдан аса уақыт бойы көрінгеннен бұғып, кашып-пысып жүрген Тапайды көріп балалар осындай тоқтамға келеді. Бұл әрі авторлық позицияның да көрінісі тәрізді. Шағын, шымыр туынды соғыс зардабы әлі күнге өшіп-бітпегенін тағы да бір еске салумен қатар балалардың алаңсыз, шат өмірін, балғын қиялын тартымды толғай алған. Автор тіліндегі жеңіл юмор оқырманын да езу тартқызып, қызықтырып отырса керек-ті.
Бір ғана сене қоймайтынымыз — Тапайдың отыз жыл бойы қашып-пысып, қолға түспей жүруі. Тіпті, солай болуы мүмкін деген күннің өзінде дәлелін күшейте түсу керек-ақ еді... Қалай дегенмен бұл повесть те ширақ жазылған, оқиғаға, әрекетке, юморға толы тартымды туынды ретінде балалар көңіліне жылы ұшырайтыны анық.
Аталған туындылардың қай-қайсысы да бүгінгі қазақ совет балалар прозасында балалар психологиясын олардың үлкендермен қарым-қатынасын жан-жақты зерттеу тереңдей түскеніне дәлел. Мұның өзі, түптеп келгенде, жалпы әдебиетіміздегі адам болмысына рухани-интеллектуальдық тұрғыдан үңіле зер салу, замандасымыздың этикалық табиғатың, әлеуметтік психологиясын зерттеу бағытымен сабақтас.
Көркем шығарма арқылы күн тәртібінде тұрған көкей-тесті мәселелерге назар аудару әдебпеттің қоғамдық-әлеуметтік белсенділігінен туындайды. Жетпісінші жылдардағы балалар прозасына ортақ жаңа сапалық белгілер деп шығармалардағы проблематикалық өткірлік пен айқындықты бөліп айтар едік. Мұны да жалпы әдеби процесімізбен, жалпы прозамызбен коян-қолтық араласып жатқан ізденіс арнасы дегеніміз мақұл. Мәселен, Ақселеу Сейдімбеков «Тауға біткен жалбыз» атты кітабына кірген «Тәтті тіршілік», «Қақпаншы», «Рамазан мерген», «Айқас» сияқты әңгімелерінде табиғаттың таңғажайып тамаша сырлары жайында сыр шертеді. Айталық, бақалар мен жыландардың қиян-кескі шайқасын кім көрген, немесе киіктерден жасырынып аңду үшін қасындағы серігіне өзін топыраққа көмдіріп, тұмсығын ғана тыныс аларлықтай шығарып қойып, бұғып жатқан қасқырды кім естіген?! А. Сейдімбеков табиғатта осындай сирек кездесетін жайларды әңгімелеу арқылы балалардың білуге деген құштарлығын арттырады, жан-жануарлар арасында да озбырлық пен әлсіздіктің, аярлық пен аңқаулықтың бар екенін пайымдатады, және мұның бәрін ақыл-гөйсімей, пәлсапа соқпай, табиғаттың қызықты оқиғаларын оқырман көзбен көріп, қолмен ұстарлықтай нақты суреттеу арқылы жүрегіне шым-шымдап құяды. Мұны жазушының табысы ретінде айтып өткеніміз оңды.
Ал Сайлаубай Жұбатыровтың «Жасыл сағым» атты повесінде қоршаған орта, табиғат проблемасы басқа қырынан қойылған. Құм суырып құтырған желден, аранын ашқан аңызақтан құтылу үшін, туған жерді жасыл желекке бөлеу үшін ағаш егу керек. Повесть кейіпкері — мектеп оқушысы Нұраш, міне, осы мәселе төңірегінде толғанады, әрекет жасайды. Бірте-бірте оған достары да тілеулестік білдіріп, қосыла бастайды. Автор осы жайларды кейіпкерлерінің қам-қарекеті арқылы тартымды көрсеткен. Негізгі ойға қатысы шамалы, кейбір селкеу тұстары бола тұра повесть кейіпкерлерінің — мектеп оқушыларының тәтті ойларын, игі талабын қолдайсыз.
Селкеулік дегеннен шығады, бұл дегеніңіз — шығарманын шұбалаңқылығы, жас жазушының шеберлігі жетпеуі. Өкінішке орай жас жазушыларымыздың қай-қайсысының шығармасын алсаңыз да шеберлік жағынан ақсап жатңанын аңдайсыз. Әрине, «көш жүре түзелер», оған бола таусылудың қажеті жоқ. Сол себепті ортақ олқылықтарды айту арқылы арылуға күш салғанымыз игі.
Осы ыңғайда Мәди Айымбетовтың «Көгілдір соқпақ» атты кітабына сәл кеңірек тоқтала кеткен артық болмайтын шығар. Өйткені Мәдидің кітабындағы жетістіктер мен кемшіліктер жалпы жас авторларға, тіпті, республикамыздағы балалар әдебиетіне де ортақ.
Аталған кітапқа екі повесть және бір топ әңгімелер топтастырылған екен. Бұған дейін балаларға арналған екі кітабын шығарып үлгірген Мәдидің кезекті үшінші кітабын қолға алып оқып шыққанда, ең алдымен түйгеніміз — жас автор баланың көңіл күйін, жүрек дүрсілін түйсіне-түсіне біледі. Бұл айтқанымызға жинаққа енген туындылардың көбісі-ақ куә. Бірақ бала жанын ұғыну бар да, көркем тіл мен бейнелеп беру бар ғой. Бұл тұрғыдан қарағанда М.Айымбетовтың кейде көңілден шығып, кейде қарын ашыратынын айтпасақ, әділдік болмас еді. Мәселен, «Бар болғаны он төрт жас» деген повесте жетінші «А» класының оқушысы Әбіл Әділовтің айтуынша кластастар отрядтың Даңқ мүйісін құрмақ болады. Отряд вожатыйы Раушан, отряд советінің председателі Лаура, т.б бұл іске белсене араласуы жас оқырмандарды «ары қарай не болады екен» ентелетуі әбден мүмкін.
Осылайша бірінші жақтан баяндалатын повесть оқиғасының өрбуіне түрткі — кездейсоқ табылған күнделік. Дәлірек айтқанда, Әбілдің атасы Әділдің шамаданынан табылған белгісіз офицердің (офицердіц аты-жөнін Әділ ақсақалдың өзі де ұмытып қалған) күнделігі. Егер бұл күнделік болмаса, оқиға өрбімейді де. Күнделіктегі ылғал тиіп өшкен әріптердің анықталуы тіпті ұзаққа созылар ма еді, кім білсін. Сол әріптер анықталған соң повестьте бітеді. Бар болғаны осы.
Рас, повестен кейінгі ұрпақ ыстық ұя — елі үшін, алтын бесік — жері үшін ата жаумен айқасып, мерт болған есіл ерлерді, сонау сұрапыл майданның бел ортасынан оралған ардагерлерді әрқашан да қадірлеп-қастерлеуі керек деген ой белең береді. Бірақ бала жүрегін баурап алу үшін, өзіңді толқытып, көкірегінде күмбірлеген сырыңды онымен бөлісіп, сендіру үшін тағдырлар — характерлер жайында шынайы да шебер толғай білу шарт.
Аталған повесте кейіпкердің аузынан айтылатын ұсақ-түйек тірлікке қатысты әңгімелері, атасы, мамасы, қарындастары, мінез-құлқы әр алуан кластастары туралы ұзақ сонар пікірлері оқырманды жалықтырып жібереді. Оқырман үшін қызықтысы — кейіпкерлердің жалаң ой-пікірлері, біреудің жүріп-тұрғанынан гөрі, сол ой-толғаныстардың туу төркіні, себептері, басқалардың әрекет-қимылдарының кейіпкер тағдырына байланыстылығы ғой. Уақытты алып жатпас үшін осы айтқанымызға бір ғана мысал келтірейік. «Атам әлдебір оқиғаны есіне түсірер кезде, «кешегі соғыстан бұрын» немесе «соғыс кезінде» әйтпесе «рудникте жүргенде, онда әжең бар» деп бастайды көбіне сөзін. Соған қарағанда, оның өміріне уақыттың осы төрт кезеңі айтарлықтай үлкен әсерін салғанын (?) байқау қиын емес. Ал казірде де атамның өмірі елеусіз деуге тағы болманды (?). Нан, сүт, ет, тағы да басқа оны-мұны әкелу, пәтердің телефонмен электр қуатының ай сайынғы ақысын төлеу, осы сияқты толып жатқан үйдің (?) ішкі-сыртқы ұсак шаруаларын тындырудан бөтен де атамның айналысатын қоғамдык, жауапты қызметі бар» деген секілді көсіліп жатқан көлемді абзацты түгел дырылдатып әкеліп жатпай-ақ кояйық. Шындығында да келтірілген мысалдың көркем прозамен кіндігі бір ме? Зергерлік пе? Тілдін жұтатынғын былай қойғанда, кейіпкердің аузына салып отырған сөйлемдерді ақтарлықтай жайларды, әдеби сынның тілімен айтқанда дәлелдеу — мотивировканы повестен таба алмайсыз.
Әңгіме айтып отырған кейіпкер — Әбілдің папасының талантты скрипкашы шәкірті Нүкен мен оның әлдеқандай бір калыңдығы Элланың да повесте атқарып жүрген жүгі шамалы. Оларға байланысты беттерді кысқартып, ықшамдап жібергенде, көлемі алты баспа табақты алқымдап алатын повестің етек-жеңі жинала түсер еді.
Бұл туындысында автордың оқиғаларды, іс-әрекеттерді табиғи дамыта алмағандығына, бірімен бірін сабактастыра алмағандығына, шұбалаңқылықка, көпсөзділікке ұрынғандығына кынжыла отырып, кейбір сәттерді суреттеуде, жекелеген кейіпкерлерді мінездеуде қабілет байқататынын айтуға тиіспіз. Әсіресе Әділ ақсақал жарық дүние мен караңғы түнектің арасында жатқан алмағайып арпалыс сәтінде оның аурулығын ескермеген кебежеден көршінің аузынан арақ иісі бұрқырап, қаннен каперсіз карта соғып жататын тұсын оқығаныңызда, мұншама тоғышарлык арқаңызды аяздай карып өтеді. Бұған оқырманды сендіре, сенерліктей суреттей білуі Мәдидің мүмкіндігін аңғартса керек.
Кітаптағы осы бірінші повесті қинала оқып, қынжыла жапқан соң келесі «Күнікей» атты повеске де қобалжи қарадық. «Апырай, сен де етек-жеңіңді жипай алмай, мықты тақырыптың бодауына кеткен болбыр туынды болар ма екенсің?» — деп күмәндана қарадық. Жоқ, олай болмады. Күртік қардай күмпиіп, көңілді суытқан күдігіміз еріп жүре берді...
Мұнда да шығарманың әуенін басты кейіпкер Бота Тілеулесованың аузынан естиміз. Бүкіл мектепке «сотқарлығымен», «сабаққа салақтығымен» атышулы болып, атағы түтіндеген «түзелмес» сегізінші «Б» класына жаңа келген жас мұғалім Фарида Алыбаевна Батанованың балаларды қалай баурай білгені, бүкіл бір кластың коллективтік психологиясы, сондай-ақ жекелеген кейіпкерлердің, әсіресе Ботаның, Әзімнің мінез-құлқы, көңіл-күйі ширақ суреттелген. Әп — деп бастағаннан-ақ жетелеп әкеткен шығарма аяқтал-ғанша тартып, қызықтырып отырады. Кей тұстарда тиянақтау, толықтыра түсу қажеттігі байқалғанымен шағын шығарма мектеп өмірі, оның ішінде жоғары класс оқушыларының коллектнвтік психологиясы, олардың дүниеге өз көзқарасы тұрғысынан қарауға деген ұмтылысы, мұғалімдермен қарым-қатынасы туралы шынайы сыр шерткен. Автордың осы кітаптағы сәтті туындысы деуге лайық.
Ал, әңгімелері әркелкі деңгейде жазылған. «Теңіздің аты — теңіз» атты әңгімеде жетінші класс окушысы Дүйсеннің теңізбен алғаш бетпе-бет келуі, кемеде сапар шегуі, кеме капитаны мен матростары туралы өзінше ой толғап, пікір түйетін сәттері тәп-тәуір суреттелген. Артык-ауыс шашылып жатқан ештеңе жоқ, жатық жазылған қатардағы әңгімелердің бірі.
«Көгілдір сокпақ» әңгімесін жас жазушының өзіндік ізденісі дер едік. Есеюге бет алған жасөспірімдердің алаңсыз, бейкүнә, шат-шадыман күндері табиғаттың шуақты, жайдары күндерімен, әсем келбетімен жақсы жарасым тапқанын, Алтыншаштың кіршіксіз жан дүниесін айқын сезінесіз. Әңгімені оқып шыққанда жұмсақ та жылы әдемі нұрға бөленгендер әсер аласыз. Мұның сыры — Мәдидің жас кейіпкердің — сәмбі талдай солқылдаған қыздың белгілі бір шақтағы көңіл күйін сезініп қана қоймай, соған лайық фон, бояу тауып, тартымды бейнелей білуінде. Жинақтағы осы сәтті әңгіме осы жанрдағы көптеген туындыларға ұқсамайгын, автордың ізденісін танытатын туынды. Оқиға да жоқ, айқайлап, андағайлап тұрған ой да байқала қоймайды, кәдімгі көңіл-күйіне кұрылған, толқулы бір шақтың шуағын тап басып таңбалаған.
«Қара шаңырақты» оқығанда иен тауды жайлаған, жайлаудағы үш үйдің адамдарына, олардың тіршілік-тынысына қарап, тірлік, өмір дегеннің үлкен-кішісі болмайтынын, қуаныш пеп мұңы ғана болатынын тағы да бір еске аласыз.
Жинақтағы сәтсіз әңгіме — «Қасиетті құстар». Құстың ұясын ешкімге де бұздырғысы келмейтін, киелі көретін қарттарды талай-талай туындылардан ұшыратқанбыз. Бұл жолы солардың бірі тағы да кездескенде тамсанып, тандай қаққамыз жоқ, «е, солай ма, бопты» деп сырғытып, сүлесоқ күйде өте шықтық. Белгілі жайларды осылайша бедерсіз қайталап ұсыну — жастардың көпшілігінде-ақ кездесетін кемшілік.
Сонымен Мәди Айымбетовтің «Көгілдір соқпақ» атты кітабының негізгі сыр-сипаты осындай. Оның шағын туындылар жазғанда, шашау шығармай, шамасын шақтай білетінін байқаймыз. Ал, сыналған көлемді повесінде асығыстықтың, төселмегендіктің іздері сайрап-ақ жатыр.
Ал, «Көлге шомылған ай» атты келесі кітабына енген жинақ аттас повесі сәтті басталған екен. Өйткені, негізгі кейіпкер Телжанның ойда жоқта Нұрзатпен кездесуі — бұдан ары қарай сюжет желісінің дамуына түрткі. Осы кездесудегі Нұрзаттың кескін-келбеті, әсіресе жұмбақ мұң ұялаған жанарының кейіпкер Телжанның көз алдынан кетпеуі қай тұрғыдан қарағанда да дәлелді. Сол кілт-ситуапия Телжанның келешек іс-әрекет, қылық-қамын, ой-толғаныстарының туындауы мен өрістеуіне қажетті. Онсыз шығарманы көз алдыңызға елестетудің өзі қиын.
Сонымен, бұл повесть бізге қандай ұнамды әсер калдырды? Алдымен соған тоқталайық.
Оқып шыққан соң ойыңнан кетпей, тербеліп тұрып алатын — әсіресе Нұрзаттың аянышты тағдыры, махаббатын сүйгеніне дер кезінде білдіре алмауы, содан туған трагедиялық халы. Есі кіресілі-шығасылы қыздың өмірі мен тағдырын, тірлігін әркім әрқалай парықтайды.
Бұл тұрғыдан келгенде Телжан өзгелерден оқшау тұр. Жан-жүрегі таза, сезімтал, нәзік бала алғашқыда бесінші, алтыншы кластың баласы секілді болып көрінеді. Солай етіп өзгерту қажет пе еді деп те ойлайсың. Бірақ оқи келе ол ойдан біржола арыласыз. Өйткені, Телжан — көп адам жайшылықта байқай бермейтін, жаратылысы нәзік те күрделі бала, ой-ұғымы өсу үстінде, азаматтық қалыптасу жолында келе жатқан қиялшыл бала. Оның мұндай нәзіктігі мен қиялшылдығын көрсететін сәттер повесте біраз бар. Әрине, тағы да нақты мысал-дәлелдермен шегелей түскенде, түлғалана, таныла түсер еді. Қысқасы, негізінен осы екі образға байланысты повестің ой-идеясы, мақсат-мәселесі өріліп, өрнектеліп шыққан. Жиырмаға тарта кейіпкерлердің ішінде өзіндік пішім-бітімдерімен әсіресе назар аударатын да осы екеуі.
Екеуінің табиғатында да тазалық жағынан туыстық бар сияқты.
Сосын бізге бір ұнағаны — автордың кейіпкерлерді белгілі бір ситуациялар ішінде суреттеуге келгенде нақтылығы. Кейіпкер атынан баяндап әңгімелеуге келгенде тілден әлсін-әлсін сүрініп қалатын автор характерлердің өзара әңгімесін, қарым-қатынасын, т.б суреттеуге келгенде мүдіре қоймайды, оқушы көзбен көріп қолмен ұстарлықтай нақты жеткізуге талаптанады. Көп ретте осы талап деңгейінен шыққан.
«Нәзік жаңғырық» повесіндегі назар аударуға тұрарлық сапалық сипат — автордың үлкендер мен балалар, жасөспірімдер арасындағы әр алуан қарым-қатынастардың өмірлік-моральдық мән-маңызын зерттеуге талпынуы. Байқап отырсақ, балалардың мінез-құлық, іс-әрекетіндегі, т.б «түсініксіздіктер» олардың жан дүниесін ересектердің түсінбеуінен болады екен. Бұған Айғатбекке, Қуатқа байланысты сәттер куә. Бір ғана Айғатбектің тағдыры, тәртібіне байланысты бүкіл класс, мүғалімдер, тіпті ата-аналар мен директорға дейін сюжеттік желіге ат салысады. Яғни автор жас оқырман қызығатындай оқиғалық желі таба алған. Осы желінің өрбу, таралу барысында Қуат, Лаура, Әбіл, Айғатбек сияқты кейіпкерлердің ашылуы нанымды. Азаматтық бет-бейнесі қалыптасу жолында келе жатқан жасөспірімдердің осы бір жауапты кезеңде коллективтің әсер-ықпалы арқылы жақсы қырынан көрінуіне қарап, олардың келешекте де парасатты адам боларына сеніміңіз нығаяды. Өмірдегі неше алуан әрекет, өзгеріс, т.б олардың санасында, жан-жүрегінде нәзік жаңғырыққа айналады. Балалардың келешек келбеті осы жаңғырықтарға — басқаша айтқанда, моральдық-этикалық тәрбиеге байланысты. Автор, міне осындай идеяны өрнектеген сияқты.
Республикамызда балалар прозасы жаңа есімдермен толығуда. Мысалға Пернебай Дүйсенбин, Мереке Құлкенов пен Сағындық Тұрдалиев туындыларын алайық.
М. Қүлкеновтің «Қанжардағы жазулар» атты кітабына енген бірінші повесть — «Қанжардағы жазуларда» Әсем деген қыздың алғаш сабаққа нашар оқушы болғаны, кейін жаңа достарының ыңпал-көмегімен озаттар қатарына қосылуға бет алғаны, өзіне бұрын сенімі жоқ бұйығы қыздың біртіндеп ширап, жігерленгені әңгімелеген. Балалардың сөздері меи қимыл-әрекеттерін, қам-қарекеттерін, алаңсыз ойлары мен мөлдір тілектерін көріп сезініп отырасыз. Автор ұшқыр, тапқыр детальдар ойнатуға онша көп бара бермегенімен суреттеуге төселіп қалған. Бұған әсіресе Әсемнің «Б» класына барғаннан кейін жаңа достар табуын, ол достардың Әсемге тигізген игі ықпалын, сондай-ақ Әсемнің Дархан деген кісінің үйінде жатып оқуын, сол үйдің қызы Гүлшаттың шолжыңдығын суреттеген беттер куә.
Табиғатынан таза, бұйығы Әсемнің өз бойындағы «көңілсіз» ерекшеліктен арылып, жігерленуіне, сабақ үлгерімінің жаңсаруына өзге оқушылардың әсер етуі — балғын оқырмандар үшін үлгі болатын жайлар. Бұл ретте бірсыдырғы өз мінезімен, өз сипатымен көрініп, оқып шыкқан соң ойыңда қаларлықтай балғын кейіпкерлер катарында Жұпарды, отряд советінің председателі Талғатты, күжілдек Дәуренді атауға болады. Бұлардың пионер вожатыйы Сапармен кеңесе отырып, «Ата» деген бүркеншік атпен Әсемге хат жазуы, оны батылдыққа баулуы барысындағы әрекеттер де балалар үшін тартымды.
Сонымен қатар бұл повесте үлкендерге де ой салатын тұстар бар. Мәселен, Әсемнің өз әкесінің досы Дарханның үйінде жатып оқитын беттерін еске алайыкшы. Мұнда жасы Әсемнен кіші, бар-жоғы екінші класта оқитын Гүлшаттың Әсемге көрсеткен қияңқылықтары айтылған. Жас балалардың не істеп, не қойып жатқандарын ертеңнен қара кешке дейін ересектердің тапжылмай бақылап отыруына мұршасы келе бермейтіні, зәуімен қарай калған күннің өзінде мазасы кетіп, жалығатыны белгілі. Ал, бақылаусыз қал-ған бала өз қиялына елігіп еркіндеп кететіні табиғи. Бірақ сол табиғи қиялдың өзін дұрыс арнаға бағыттап, тәрбиелеу қажет. Егер өз қиялына еліккен бала шамадан тыс еркіндеп кетсе, оның қылық-қимылдары бейбастақтыққа айналып кетуі мүмкін. Осы повестегі кішкентай Гүлшаттың Әсем сабақ жазатын кезді аңдып, үстінен шыкқан сайын қолын кағып жіберуі, жазда велосипедпен ойнап, қыстан шамамен сүйреуге мәжбүр етуі, т.б оның өзі үшін — қызық, Әсем үшін — зорлық. Әсем бала болса да біреудің үйінде жатқандықтан өз үйіндей еркіндей алмайтынын түйсінеді, сондықтан Гүлшатқа тиым салуға бата алмайды. Гүлшат мазасын ала берген соң сабаққа әзірлігі әлсіреп, нашар окушыға айналады. Нашар оқыған соң ынтасы кемиді. Оның үлгерімінің төмендеу себебінің тамыры, бастауы, міне, осында жатыр. Бірақ мұны үлкендер көбіне білмейді, аңғармайды. Мұндай жағдайдың орын алуына ең алдымен ата-ана, содан соң баланың хал-жағдайын жан-жақты білмеген немесе білуге талпынбаған ұстаз, содан соң класс кінәлі. Егер олардың бәрі білсе, көмектессе, Әсем әу бастан-ак, жаман оқымас еді. Повестің осындай ой саларлық қыр-сырлары бар.
Ал П. Дүйсенбин «Сары сөмке және оның достары» повесть-ертегісінде ең төменгі кластың және мектепке дейінгі балалардың ұғымына лайықтап, өзінің авторлық ойын өрнектей білген. Сары сөмке және оның достары — Бояулы Қарындаштар, Әліппе, Қоңыр Қонжық, Доп — бәрінің өзара әңгімесін балалар қызыға оқиды, әрі өздерінше тағлым аларлықтай әсер алады.
Повестің бір «селкеу тұсы» — көркемдік шешімнін, ойдағыдай шықпауы, Сары Сөмке мен оның достарының әңгімесін, сапарын қызықтап отырған бала бір уақытта жер астынан жік шыкқандай болып, күтпеген жерден суырылып ақыл айтып, қоя берген авторға аузын ашып аңтарылып қа-райтыны сөзсіз. Әрі сол ақыл айтатын тұстар баланы зеріктіреді де, шығарманың көркемдік шешімінің эмоциялылығын әлсіретеді. Сондыктан басқа бір шешім ия параллель тауып барып түйіндегені тәуір болар еді. Бұлайша «оңай» шешім қанағаттандырмайды. Бірақ қалай дегенмен автордың өзінше ой айтуға, өзінше өрнектеуге деген талпынысы бар.
Бізге ұнаған бір кітап — бұрын белгісіз автор Сағындық Тұрдалиевтың «Пионер құдығы» болды. Ппонер катарына жаңа өткен балғындардың ұғымына лайық жеңіл тілмен жазылған әңгімелер қимылға толы. Және басқа кітаптардағыдай тек мектеп өмірін ғана суреттеп, үлкендермен қарым-қатынасын там-тұмдап көрсететін біржақтылықтан ада. Жинақтың тағы бір жетістігі — өмірдегі алуан жайларды қамтуында. Мұнда балық та, мақта да, пионерлер еқбегі де, балаларды алдаған қу сараң да, мейірімді карауыл да, қыс, жаз, жаңбыр, қар...— бәрі бар. Көлемі небәрі 2,5 баспа табаққа жетпейтін жұп-жұқа жинаққа соның баршасы сиып кеткеніне, бұрын беймәлім автордың ізденгіштігіне, бала көңілі пернесін дөп басатынына риза боласыз. Бөлек-салақ, артық-ауыс ешнәрсе жоқ. Кей авторлар созып, езіп отыратын сәттерді ықшам, дәл көрсетеді. Мұндай әңгімелер: «Жалауша», «Ақбота», «Егес», «Менің әкем». Аныз, ертегілердің ішінен қызықтысы — «Темір адам». Ертегі деген көбіне өткенді айтушы еді. Бұл жолы робот, атом ертегіге айналыпты. Балаларды батылдыққа, ізгілікке баулитын мұндай ертегілер қатары көбейе бергені игі.
Өмір Кәріповтің «Атасының баласы» атты жинағына бір повесть және екі әңгіме енген. Солардың ішіндегі біршама тәуірі — «Орманшы» әңгімесі. Бүгінгі цивилизация алдында тұрған үлкен проблемалардың бірі — табиғатты қорғау, аялау екені белгілі.
Тағы бір қызығы: осы кітаптардың көбінде балалар айран ішеді, немесе айранға нан турап жеп отырады, (караңыз: С. Жұбатыров, «Алыстағы аралдар», Қ. Жаркенов. «Көңілді жаз», Г. Мұқышева «Күздің алғашқы айы»). Әрине, балаларға айраннан басқа беретін ештеңе таба алмадыңыздар ма деп жазушыларды жөнсіз жазғырудан, бүйректен сирақ шығарудан аулақпыз. Және бір қызығы — сол балалардың бәрі де айран ішіп отырғанда, әлдеқайда асығып, әлденені ойлап, алақ-жұлақ етіп алағызып отырады. Бәріміз де ауылды көргенбіз. Ауыл балаларының өмір-тілегіне қанықпыз. Олардың айраннан басқаны да ішуі, ештеңені ойламай-ақ тамақтануы мүмкін екенін де жақсы білеміз. Бірақ осы туындылардың бәрін шетелдің әлдебір оқушысы оқыса, қазақ балаларының негізгі тамағы — айран, қазақ балалары шетінен тамақсау, аптықпа деп ойлап қалатындай әсер етеді екен. Ендеше сюжеттің өрбуіне, кейіпкер табиғатының танылуына соншалықты қажеті болмаса, бір-бірімізді қайталап қайтеміз.
Ұқсастық дегеннен шығады. Тағы бір мысал келтірейік.
Молдахмет Қаназовтың «Қияндағы күн нұры» повесінің кейіпкері Ералы айды шайтан екен деп шошиды. Сайлаубай Жұбатыровтың «Отты өткеліндегі» Көбен деген бала да айлы түнде көзіне құбыжық елестеп шошиды. Ол құбыжық ай деп ойлап қалады Көбен. Бір-бірінен көшіріп алды деуден алыспыз. Дегенмен, әзірге екі шығармадан кездескен ұқсас сәттер келешекте егізден, одан сегізден өрбіп, стандартқа айналып кетпесе деп сақтандырғымыз келеді.
Сосын бір стандарт тәсіл бар екен. Ол балалар прозасындағы шығармалардың дені бірінші жақтан жазылуы. Бәрін тізбен-ак, кейбірін ғана атайық: Қ. Жәркенов «Көңілді жаз», М. Қаназов «Чика — Дабылдың баласы», «Ақ тайлағьш-ай», «Қияндағы күн нұры», «Арғы ауыл мен бергі ауылдың балалары», С. Жұбатыров «Алыстағы аралдар», Ө. Кәріпов «Атасының баласы», «Орманшы», «Аққұс», Г. Мұқышева «Көбелек кар жауған күн», «Айнамкөз», «Тәтті шелпек», «Қуанышты көктем», «Құдық басында», «Күздің, алғашқы айы», т.т. Әрине, неге көбіне неге бірінші жақтан жазасыз деп жазғыру жөнсіз. Балалар да «ағай, апай, басқаша тәсілмен жазыңызшы» деп өтініш айта қоймас, бәлкім. Дегенмен, жазушылардың бала бола қалып, әңгіме айтып кетуі бір емес, бірнеше емес, бірнеше еселеніп, талай шығармаларда қайталана берген соң таптаурын тәсіл, оңайға жүгіру секілді көрініп, зеріктіреді екен. Бұл да әлі көп іздену қажеттігін еске сала береді.
Мысал келтіріліп, азды-көпті талданған шығармалардан байқалып отырғандай, балалар прозасында, әсіресе көлемді шығармаларда жекелеген ұнамды сипаттар, тартымды суреттелген сәттер, тәуір тұстар бар. Бірақ тұтастай алғанда көңілден шыға бермейтін кездері де көп. Баяғы жайлауға шығу, өзенге шомылу, қозы-лақ, бұзаудың айналасы, кластағы мақтаншақтар мен кішішейіл оқушылардың қақтығысы, т.б ұқсас сәттер, ұқсас ситуациялар мен тартыстар жалықтырады. Бала кейіпкердің табиғатына терең бойлап, характерін, жан дүіниесін ашатын, әлеуметтік-моральдық мәселелерді шебер бейнелеген, тек қызықтырудан гөрі ойландыру үшін де жазылған, төрт құбыласы түгел, трактовкасы тың туындыларға әлі де зәруміз.
Рас, ойландырсам деген ниеті сезілетін әңгіме, повестер бар. Талдау нәтижесі көрсетіп отырғандай, адамгершілік, интернационализм, адамзатты толғандырып отырған табиғат, экология проблемаларын көтеріп, мектеп өміріндегі мәселелерді бейнелеуге деген талап-тілек мол. Солай десек те зергерлік, шеберлік көп ретте көңілге толымсыз.
Осыған қатысты, ащы да болса ашық айтылуға тиіс бір шындық — бүгінгі прозамызда, оның ішінде балалар прозасында да көбіне көлем қуалауға ұмтылушылық. Үріп ауызға салғандай әдемі әңгімеге лайықты өмірлік материалды келсін-келмесін баттастыра бояу жағып, әлеміш әшекейлеп дөкей повеске айналдыру, повеске лайық материалды үрлеп-үрлеп қарнын қампайтып, жолауға жүрегің айнитын салбөксе семіз романға айналдыру да, көрген-білгенін, естіген-түйгенін көркем шығармаға сыналап, кейіпкерлердің іс-әрекетіне, психологиясына әйтеуір күшеншектеп байланыстыра беру де, сағыздай созылған қысыр сөзшеңдік те — соның салдары. Осының бәрі сюжеттік желінің ширақтығына, характерлердің шымырлығына нұқсан келтіретінін білсек те, білмеген бола саламыз. Бұған сөз болған шығармалар да куә. Сондықтан бүгінгі балалар прозасындағы шеберлік мәселелерін арнайы және кең көлемде әңгіме егу қажеттігі ерекше сезіледі.
Шеберлік дегеннен шығады, аталған авторлардың қай-қайсысы да оқиға өрбіту, сюжет құру, т.т біледі. Дегенмен тілге салақ қарау, асығыстық баршылық екенін баса айтамыз. Балалар прозасында иителлектуалық айрықша қажет деуіміздің бір себебі — балғындар кітапта жазылған сөйлем-ді, сөзді сол тура мағынасында түсінеді де, ойы да соған орай қалыптаса береді. Ендеше олардың ой-өрісін, талап-талғам деңгейін мейлінше ескеру керек-ақ.
Енді тілге байланысты біраз мысалдар келтірейік. М.Айымбетовтың аталған кітабында осындай «әттегене-айлар» біраз ұшырасады. Кітаптағы өзге тілден аударылғандай әсер ететін сірескен немесе орнын таппай тұрған тіркестердің біразын мұрынынан тізудегі мақсат — автор алдағы уақытта ескеріп, ондай «әттеген-айларды» қайталамаса дейміз. Мысалдар мінеки «...Уақыт өлтіру...». Жас автор ана тілімізден әдемі балама іздеп жатпай-ақ «убить время» дегенді сөзбе-сөз аудара салған. Немесе, «сезікті көзқарасты ұлғайтпау үшін», «мұншама табандылықпен іздемесең «инициативасын» ( дұрысы — «бастамасымен»), «апамыз — көңіл-күйдің адамы. Болмашы нәрсе, болмашы жағдайдың жағымды немесе жағымсыз жақтарын ол әр уақытта дабырайтып қабылдайды» деген секілді тіркестер мен сөйлемдердің бір қарағанда оқыс-оғаштығы жоқ, сыны түзу секілді. Бірақ қалай дегенмен де сөзден зер төгетін көркем прозаның тіліне ұқсамайды. Автор «мұның бәрі менің сөзім емес, 14 жастағы кейіпкердің сөзі. Сөзі арқылы оның ой-өрісін танытсам деп едім» деп қарсы дау айтуы да мүмкін. Өйткені бұл секілді дау-дамайдың талайын кездестіріп жүрген жоқпыз ба. Іс жүзінде әлгіндей мысалдар характерді ұрымтал тұстан ашатын тілдік деталь болмаса, оқиға өрбітуге де септігін тигізбесе, автордың буалдыр дәмесі, қисынсыз қитұрқысы немесе асығыстығының салдары болса, шығармаға сірә да көрік бере қоймас. «Одна из слабостей», «настойчивостью» «является», «человек настроения», «воспринимает» деген секілді сөздердің қазақшаға қақитып аударылғандағы ауа жайылған түрі.
Жетінші бетте жас автор былай деп жазады: «Ал ішкі жан дүниесі тұрғысынан келгенде атам өте тамаша адам». Осы тура мінездеудің жүдеулігін айтпағаннын өзінде «ішкі жан дүниесі», дегенді қалап ұғынуға болады? Бұл сөйлемге қарағанда адамның сыртқы жан дүниесі де болатын секілді. Өкінішке орай осы бір «ішкі жан дүниесі» деген тектес жылтырақ, жылусыз, жасық тіркес басқа да көптеген әдеби-көркем шығармалардан да, сын мақала, рецензиялардан да, мерзімді баспасөз бетіндегі очерк, корреспонденция, суреттемелерден де ұшырасады.
Жоғарыда тілге байланысты келтірілген мысалдар алғашқы он бір беттен ғана. Түгел тізіп, автордың бетіне басып жату мұрат емес, айтпай, жауырды жаба тоқып, көзді жұмып жіберіп, көлгірсіп өту ұят. Тілдегі мұндай түйткілдер Мәдидің аталған кітабындағы басқа туындыларында некен-саяқ қана. Демек, жас жазушы сергек қараса, тілдің нәрін де, әрін де көңіл толарлықтап көрсете алады. Ендеше қаламыңның кайратын қожыратпай, құшырлана жұмса дейміз.
С. Жұбатыровтың «Алыстағы аралдар» кітабының 246-247-беттсрінде әлденеше күн бойы өзегі талып, әрі аштықтан, әрі шөлден қаталаған Көбеннің әлде бір тұстан қазылған еспе құдықтан шелін басқан соң, бұлардан бойын аулақ салған екі қаныпезер — Мамай мен Төрттағанды еске алуына илануға болар. Бірақ «Адамды жаксы көру туралы аз-кем ойға (?) келер ме екен?.. Мүмкін, олар мына қатыгез өткелден өте алмас. Өйткені, мына алты адамды сүйреп келе жатқан ертеңгі күнге үміт, сонан туған өмірге құштарлық болса, оларда мұның ешқайсысы жоқ қой» деп толғануына қану қиын. Аштық пен шөлден, зорлық-зомбылықтан әбден арып-ашып қалжыраған алтыншы класс оқушысын әлгі сәтте осындай парасатты ойға шомады, әрі толғанысы әлгін-дей «жіптіктей» болып шығады дей алмаймыз. Тіпті, солай толғануы шартты түрде мүмкін деген күннің өзінде сөйлем құрылымы да, сөздері де басқаша болса керек-ті. Осы тұста жас жазушы арзан эффектіге елігіп, өзін өзі тежеуді ұмытып кеткен-ау, интеллект тізгіні бір сәт босап кеткен-ау деп шамалайсыз.
Тағы бір атап айтарымыз — балалар өмірі тақырыбына калам тартқандардың көбісі-ақ бала психологиясын, түсінігін дұрыс шамалайды. Бірақ олардың мектептегі өмірін мектеп пен үйдің қарым-қатынасын, мұғалімдер мен ата-аналардың арақатынасын, осылардың барлығының күрделі байланысындағы сыр-сипаттардың балалар ұғымына, мінезіне, көңіл-күиіне әсерін әлі де терең біліп, терең толғап жеткізе алмай жатқан сияқтымыз. Әлгінде айтылған ұқсастықтардың орын алуының бір себебі осы.
Біздің әр жылымыз оқиғаларға толы, мерейлі, мерекелі Лениннің туған күні, республикамыздың мүшел тойлары, Ұлы Жеңістің 40 жылдығы, тың игерудің 30 жылдығы, бұлардың бәрі — республикамыздың да, бүкіл еліміздің де қоғамдық-әлеуметтік, саяси-экономикалық құрылысына өзіндік үлкен әсер еткен ірі оқиғалар. Балалар прозасы осындай үлкен оқиғалардан көбінесе тыс калып келеді. Әрине, мәселе тақырыпта емес, адамда, адам образында. Деген-мен еліміздің, республикамыздың бүкіл бір буынына — жас буынына жер жүзіне мәлім болып. игі ықпалын тигізіп отырған терең тамырлы, күрделі кезеңдер жайында әңгімелей, немқұрайды енжар отыруымыз қалай? Бұл іске тиісті орындар мұрындық болса қайтер еді...
Немесе тарихымызды алайық. Байтақ қазақ даласын жаудан қорғаған қаншама жаужүрек батырлар бар, солар туралы тарихи мәліметті былай қойғанда ең болмағанда аңыз-хикаялар жазылмауы өкінішті. Сақтарды, қыпшақтарды, т.т былай қойғанда Қазақстанның Россияға қосылуының өзі тарихымыздағы ірі қоғамдық-саяси бетбұрыс екені мәлім. Бұл жайында да балалар әдібиеті осы уақытқа дейін ләм-мим тіс жарған жоқ. Қалай дегенмен әрбір жас өскін халық тарихына бала жасынан қанып өсуі тиіс. Туған елінің тарихын, пснхологиясын, тағдырын терең ұғынып-білмеген бала — түптің түбінде рухани жарымжан. Есейген соң да жартымсыз, шала тәрбиенің ізі калмақ. Осындай жағдайда отырып, республикамыздағы балалар прозасы жан-жақты дамып отыр деп сүйсіне айта алмаймыз. Әзірге асу жолында. Жекелеген жетістіктер бар, ойландыратын олқылықтар одан да көп. Мектеп пен кластың ішін шаңдатып, жайлау, көл, шөлді кезіп жүргенде, осыны да әркез істен шығармасақ.
Сонымен қабат айтылмай жатқан мәселе — шын мәніндегі балалар драматургиясы бізде әлі күнге жоқ. Алексиннің бір өзі ғана балалар үшін қаншама ойлы, мазмұнды, әлеуметтік-моральдық мәні терең пьесалар жазды. Ал, өзіміздің аға буын және қатар-құрбы драматургтеріміздің балалар өміріне осындай керкемдік зерттеу, талдау жасауы — әзірге арман. Бір сөзді бір сөз қозғайды дегендей ішке симай бара жатқан соң драматургияны тілге іле кеттік.
Рас, қазақ совет балалар прозасының даму жолдарына көз жіберсеңіз, өсу-ілгерілеу бар екені ешқандай да талас тудырмайды. Алайда өсу-іздену үстінде дегенде балалар әдебиетінің, оның ішінде әсіресе балалар прозасының төрт құбыласы түгел деуден аулақпыз. Бұл салада нағыз профессионалдық шеберлікпен жазылып, көптің көңілінен шыққан, айызыңды қандыратын шығармалар тым сирек. «Менің атым Қо;ка» секілді балалар қолынан тастамай қызыға оқитын туыңды мынау деп көп шығармалардың бірін жүрексінбей бөліп атауға қиналамыз. Әрине, бұдан «Менің атым Қожа» секілді дүниелерді, содан айнымайтын дүниелерді көптен жазу керек деген ұғым тумасқа керек. Олай етсек, қаптаған штампты шығармалардан аяқ алып жүре алмас едік. Мәселе балалар өмірінің тереңіне бойлап, шуақты, шұғылалы сырларын, ойланарлық жайларын суреткерлік сезімталдық, батылдық һәм шеберлікпен бейнелеуде. Ал шеберлік — баланы сендіруде, баурап алуда. Сонда ғана бала жүрегіне шығарма жылуы дарымақ. Әсерленіп, жүрегі жылыған жас өскін ізгілікке, жақсылыққа ұмтылмақшы. Ш. Айтматов «Ақ кеме» повесінің соңында «...Нәрестенің жүрегі, сәбидің ары — адамгершіліктің дәні, ол дәнсіз еш нәрсе өспейді» деп орынды айтқан. Расында да сол дән көктеп өніп шыға ма, жоқ әлде ызғар өтіп, кәдеге жарамай қала ма — оның бәрі тәлім-тәрбиеге тәуелді. Бала жүрегіндегі адамгершілік дәнінің өніп-өсуіне өздерінің көркем шығармалары арқылы белсенді ықпал ету, коммунизмнің болашақ азаматтарын тәрбиелеу — қаламгерлер қауымының қайрат-қажырын талап ететін абыройлы борыш.
Осы борышты түсінген аға буынның, орта буынның сап түзеген сарбаздары санатына жастардың батыл қадам басып. белсене келіп қосылуы да соңғы жылдардың жақсы жемісі. Және бір қуанарлығы — олардың балалар әдебиетін уақытша бой жазып. жаттығу жасайтын алаң, малтабарлықтың оңай түрі деп теріс түсінбей, бұл саланың өзіндік қиындығы мен қызығы мол, өзгеше жауапты екенін сергек ұғынуы, әдебиетіміздің өзге арналарымен салыстырғанда балалар бас алмай құштарлана оқитын, мектеп, окушылар өмірін, пионерлер дружинасының, октябряттар отрядтарының үлгілі істерін көрсететін шығармаларға әлі де эәрулігімізді сезінуі.
Ал балалар шығарманы ересектер секілді сын көзімен қарап, талғам таразысында олар сияқты салмақтай алмайтыны белгілі. Ендеше жазушының азаматтық жауапкершілігі мен позиция айқындығының кажеттігі айрықша. Әрине, мұның бәрі айналып келгенде, шеберлік деген мәңгілік мәселеге соғып жатады. Сондықтан ендігі жерде балалар жөніндегі туындыларды көтерген мәселесіне, балалар өмірін суреттегеніне, солардың қылық-қимылын, ой-қиялын бейнелегеніне бола қолдаудан гөрі қалай суреттеді деген мәселеге баса назар аударып, нағыз шеберлік тұрғысынан биік талап-тар қоюымыз жөн болар. Сонда ғана бүгінде кинотеатрларға барып тұратын, теледидардан «Маугли», «Тоқтай тұр, бәлем», «Хайуанаттар әлемінде» секілді материалдарын кызыға тамашалайтын балалардың кітап оқуға ынта-ықыласын арттыруға болса керек-ті. Шеберлік мәселелері деген қанша айтсаңыз да таусылмайды, толғауы тоқсан тармақтары талап тарапқа бастайды. Алдағы уақытта балалар әдебиетін тақырыптық -проблематикалық түрғыдан барлаумен ғана шектелмей шығармалардың көркемдік деңгейін нақты мысалдар келтіре отырып әңгімелеу, келелі кеңес өткізу де балалар прозасының даму процесіне өзіндік ықпалын тигізбек.
"МЕНІҢ АТЫМ ҚОЖА" ПОВЕСІНДЕГІ СЮЖЕТ
ПЕН КОМПОЗИЦИЯ
Б.Соқпақбаевтың артына өшпес із калдырған шоқтығы: биік шығармаларының бірі - "Менің атым Қожа" повесі. Ол - казак балалар әдебиетінің үлкен бір белесі. Халықтың, жас оқырмандардың шынайы ықыласына бөленген сәтті туынды.
Елуінші-алпысыншы жылдардағы балаларға арналған санаулы повестерді шолып шықсақ, балғын кейіпкерлер негізінен тәртітілігімен, ересектер алдында инабаттылығымен, социалистік меншікті сақтауға және қорғауға, қоғамдық еңбекке шама-щарқына қарай ұмтылушылығымен ерекшеленетін. Бұған мысалды Б.Соклақбаевтың өзінен табуға болады. Жазушының ертеректе жарық көрген, соғыс жылдарындағы мектеп оқушыларының колхоз шаруашылығына көмегін көрсететін "Алыстағы ауылда" деп аталатын повесі бар. Повестің кейіпкерлері - еңбек сүйгші, шыншыл, әркайсысы өз жұмыстарына Отан алдында жауап беретін сезіммен әрекет етеді. Кезінде оқырмандар назарын аударып, әдеби сын тарапынан тәуір баға алған бұл шығарма қазақ балалар әдебиетінде пәлендей із қалдырған жок. Себебі, белгілі схемаға құрылған, жалаң насихаттық тенденция үстемдігі талғамы өсе түскен оқырман қауымды жалықтыра бастаған болатын.
Міне, осы кезеңде бойындағы табиғи болмыс-бітімімен, өзіндік қарама-қайшылықтарымен аренаға шыға келген бейнені көргенде алдымен әдеби қауым тосылып калған еді...
Тәртібі үшін пионер лагеріне жолдама ала алмай қалатын Қожа туыскан республика, шет елдерді аралап кетті... 1967 жылы Канндағы халықаралық кинофестивальда арнаулы жүлдеге ие болды. Белгілі жазушы Т.Ахтанов повесті "казақ әдебиетінің зор табысы, мәдениетімізден мәңгі орын алатын бітімі бөлек, оқшау шығарма" деп бағалады.
Шығарманың шын мәнінде көркем болуы, көптеген зандылықтарға байланысты. Бұл ұғымға тандап алған такырыптан, талғап алған оқиғадан бастап, сюжет құру, композиция жасау, характердің ашылуы сияқты көптеген жайлар қосылады.
"Менің атым Қожаның" көркемдік ерекшелігіне тоқталсақ, алдымен назар аударатынымыз құрылымының тосындығы, өзгешелігі. Керкем шығарма құрылымы сөз болғанда, әңгіме сюжет пен композиция туралы болатыны белгілі. "Дүниеге келген әрбір туындының көркемдігі мен құндылығы осы екеуінің бірлігі арқылы анықталады". Сюжет нақтылы көрінісін композициадан тапса, іс-әрекет ізімен шығарма құрылысының жасалатыны да анық.
"Менің атым Кожа" повесінде оқиғалар жүйесі мектеп оқушысы Қожа Қадыров төңірегінде өрбиді. Шығармада оның іс-әрекеті, мінез-құлкының калыптасуы, арман-тілегі, басқалармен қарым-қатынасы суреттеледі.
Повесть әрқайсысына такырып койылып, нанымды, әсерлі оқиғаларға құрылған 27 тараудан тұрады. Шығарманың жазылу әдісі, батыс әдебиетіндегі романның әрбір тарауына айдар ретінде көне қағидалардан үзінді беріп, оқушы үмітіне үкі тағып жетектейтін тәсілді еріксіз еске түсіреді. Мәселен, В.Скоттың "Айвенгосын" караңыз. Немесе Ж.Верннің "Дәрігер Окстың тәжірибесіндегі" әрбір тараудың басындағы мазмұнның қысқаша баяндалып кету нұсқасы өз дәрежесінде шығарманы өте ұтымды және қызықты етіп көрсеткені анық. Бұл да "Менің атым Қожаның" жазылу нұсқасына өз әсерін тигізгені байқалады. Осы орайда жазушының "Сіз калай жазасыз?" деген окырмандар сауалына жауап ретінде жазылған "Мыңнан біреу" мақаласынан үзінді келтіре кетейік. "...Дүниежүзілік әдебиеттің анау көрінген асқарлы шыңдарына көз тастай отырып, өзім туралы, өзімнің творчестволық лабораториям дейтіндерім туралы сөз қозғаудан кәдімгідей жүрексінем. Диккенс, Шекспир, Абай, М.Твен, Толстой, Горький, Гогольдар тұрғанда... Нағыз әдебиет дейтіннің не екенін мен де әлгі аталған алыптарды оқып білгенмін. Шамамның келгенінше солардан үйренуге тырысқанмын. Менің кейбір жұртшылыкқа азды-көпті танымал болған шығармаларымда өзім табысып, өзім аса сүйіп оқыған алыптардың әсер-ықлалы жігіт көзді оқушыға сезіліп, байқалып та тұрады ғой деп ойлаймын".
Жазушының өзі көрсеткеніндей "Менің атым Қожа" мен М.Твеннің "Том Сойерін'' салыстырып қарай бастасақ, тараулардың қыскалығы, автордың айтайын деген ойын тым ауырлатпай, жеңіл елгезек тідмен алып кетуі сияқты ұқсастыктарды табуға болады. Жазушының шынайы өмірден алынған қызықты хикаялары жоғарыдағыдай өмірі өлмес нұскалармен әбзелденген.
Алайда бұл еліктеу дәрежесінде қалып коймаған, қазақ топырағының шындығынан барып туындаған талантты шығарма, "Осындай шығарма қазақ балаларына да керек" деген мақсаттан барып туындаған дүние болса керек.
“Композиция құрамына сюжеттің кезеңдері ғана емес, сюжеттен тыс нәрселер де кіретіні белгілі. Солардың бірі - пролог-көркем шығармаға кіріспелердің бір түрі" екенін ескерсек, повестегі "Кіріспе орнына" деген тарау пролог іспетті.
"Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шындықты айтып отырмын-әттең жазушы болсам деген арман менің көкейіме ерте ұялады. Үшінші-төртінші кластарда оқып жүргеннің өзінде-ак ақындық данқым мектептен асып, бүкіл ауданға жайылды...". Бұл - кейіпкер Қожанын сөзі. Повестің, кіріспесі дәл осылай басталады. Өз арман-тілегі туралы аздап сыр ашқан автор "өтірік ештеңе қоспаймын" деп уәде береді. Уәдесін орындайды да. "Кіріспе орнына" деген тараудың басты міндетінің өзі-шығарманың нанымды шығуына қызмет ету болса керек. Шығармадағы оқиғалар бас кейіпкер атынан, яғни, 1 жақтан баяндалады. Жазушының өз сөзімен айтсақ бұл тәсіл "...өмір құбылыстарын - жақсы мен жаманды, ак пен караны бала көзімен көру, бала түйсігімен түйіндеуден туындайды".
Бұл айтқандарымыз - повестің бірден көзге түсетін композициялық ерекшелігі. Ол ерекшеліктер жазушының кейіннен жарык көрген, автобиографиялық туындысы болып саналатын "Балалық шақка саяхат" повесінде де өз көрінісін тапқан.
Енді шығарма сюжетін талдауға көшейік. Әдебиеттану ғылымында М.Аристотедьдің " Поэтикасынан" бастап, сюжет туралы әр түрлі теориялық ой-толғамдар айтылып келе жатқаны белгілі. Көркем шығарманың сюжеті туралы белгілі зерттеуші В.Томашевский: "шығармадағы оқиғалардың көркемдік тұргысынан реттеп құрылуы -сюжет деп аталады" десе, сыншы - ғалым Р.Нұрғалиев: "сюжет шығарма ауқымындағы адамдардың қарым-қатынасы, психология көрінісі, характерлердің шарпысуы, түтас шеңбер", - деп атап көрсетеді.
Оқиға өз бетімен сюжет тудыра алмайтынын, ол қашанда характер аркылы ғана көркем шығарма- желісіне айналатынын ескерсек, шығармадағы сюжеттік желі характер табиғатынан туындап таралып жатады. Шығармадағы орнын тапқан характер өз ырқымен табиғатына лайық әрекет етеді, сюжетті өрістетеді делінеді. Қожа мінез-құлқы бұған толық дәлел. Жазушы шығармадағы барлық оқиғаларды Қожа төңірегіне топтайды да, оның адам болу, азамат болу жолына тускенін көрсетеді. "Оқиға желісі болған соң, тартыс болған соң бастауы, өрістеп, шиеленісіп, ширығатын кезі. аяқталуы болатыны түсінікті". Алдымен сюжетгің басталуына тоқталайық. "Сюжеттің басталуы оның кіріспесі іспетті: мұнда әдеби каһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпес бұрынғы қал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ кақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі".
Осы тұрғыдан қарағанда "Менің атым Қожада" I тарау түгелімен экспозиция. Бұл тарауда оқушы шығарманың бас кейіпкері Қожамен таныс болады. Кейіпкер бірден сыр сандығын аша келеді. Ештеңесін ірікпейді, қысылып-кымтырылмай ағыннан жарыла сөйлейді.
"Адамның атынын сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін. Меселен, Мұрат, Ербол, Бақыт деген аттарды алып қараңдаршы... Майканова тәтейше айтқанда, бұлар жоғары идеялы есімдер... Ал енді айтуға да, естуге қолайсыз есімдер бар. Өзге түгіл өзіңе ұнамайды-ақ... Сеы кызылшақа болып жөргекте жатканда, сондағы акымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген".
Кейіпкеріміз сондай әділетсіздіктің құрбанының бірі өзі екенін айта келе, азан шақырылып қойған аты Қожаберген екенін, бірақ дүниеде не қилы ғажайып құбылыстың бола беретіні тәрізді бертін келе "Қожабергеннің" құйрығы үзіліп қалып, өзінің ес білгелі Қожа екенін әнгімелейді. Осылай оқырман назарын өзіне аударып алатын повесть кейіпкері әрі қарай бастан кешетін оқиғаларына жетелей түседі.
Енді сюжеттің байланысына келейік. "Сюжеттік байланыс адамдар арасындағы әрекеттің басы: тартыстың басталуы іспетті". Повесте сюжеттік байланыс екінші тараудағы Қожаның мелшиіп, босағаны иіскеп тұрған тажалды көруінен басталады. Тажал дегенге жаны бар жауыз екен деп қалмаңыз. Бұл - Қожаның жек көретін мотоциклі. Оның иесі Қаратай болса Қожаның мамасына келгіштеп жүрген біреу...
Адам образын жасауда болсын, кез-келген емір құбылысын, психологиялық жайларды суреттеуде болсын осындай тамаша табылған детальдар арқылы қыска, дәл, ұтымды сөйлеу Бердібектің барлык шығармаларына тән қасиет.
"Менің атьш Қожада" сюжеттік даму Кожаның айналасындағы адамдармен қарым-қатынасына, іс-әрекетіне негізделген. 4 тараудағы Майканованың өзінен үлгерімі төмен, сыбырлап-сыпсыңдағыш Жантасқа жолдама беріп, Қожаға бермеуі оның теріс жолға түсуіне себеп болады. Қарап отырсаңыз, педагогикалық қызметтегі объективтік бағалаудың сәл сәтке болса да әлсіреуі - бала тәрбиесіне әсер етеді екен.
Егер сюжеттің негізі тартыс болса, Қожа мен Майқанова арасындағы психологиялық тартыс сюжетті өрістетудің мотивировкасы тәрізді. Пионер лагеріне жолдама ала алмай қалған Қожа жайлауға мамасына жүрмекші болады. Колхоз атын ұрлап мінуге келгенде, Сұлтанмен кездеседі... Одан әрі шығарма сюжеті ширақ өрбіп дамиды. М.Горькийдің анықтауы бойынша, шығарманың тартымды, әсерлі 6олуы оның сюжетінің жатық, ширақ шығуына байланысты.
Султан мен Қожа басынан кешетін қат-қабат оқиғалар бірінен-бірі туып, сан алуан шиеленістерге әкеледі. Бір үйдік қымызын алдап ішкенімен коймай, каракөл елтірісін ұрлап, күресте жеңіп масаттанып тұрған кезде, дүниесі ұрланған шалдың бұларды ұстап алуы, одан ауыр сөздер естуі, шешелердің ең алдына тұрып алып, газетке суретке түсіп республика жұртшылығына танылуы сияқты оқиғалар кейіпкерін дұрыс шешім қабылдауға әкелу соқпақтары десек болады.
Шығармадағы әрбір тараудың оқиғасы кейінгі тарауларда айтылатындардың тікелей салдары болып келеді. Осылай дамып, шиыршық атқан шиеленістер шарықтау шегіне жетеді. Повесть сюжетінің шарықтау шегі - бақа мен қаздың шуы, жайлаудан Миллат алайдың шақырылып, Қожа тәртібінің педсоветте қаралуы...
Шығарманың ең бір көңіл аударарлық жағы - шешімі. Жазушы Қожаның түзелуге, келешекте адам болуга уәде беріп, жеке бас құпия кеңесін өткізуін тапқырлыкпен суреттеген.
Баласының теріс жолға түсуіне байланысты шешесінің жан күйзелісіне түсуі, бойында өзіне жетерлік кайратымен қатар, ары да, еркі де бар Қожаны қатты тебірентеді. Ол енді тентектік жасамасқа серт береді.
Қожаның бүкіл әрекеті мен мінез-құлқы онын, бұл уәдені орыңдай алатынына шүбәландырмайды. Өйткені ол сөзінде тұра алатын өр жастың кейпінде көрінеді. Жазушы кейіпкерін жан-жақты суреттей отырып, ақырында оны дұрыс арнаға нанымды түрде әкелген. Егер автор бұдан кейін Қожаның түзелгендігін көрсетпек болса, сөз жоқ көркемдік құнын әлсіретіп алған болар еді. Автор мұны каламаған. Сонын нәтижесінде шығарма өзінің шарықтау шегіне жетіп орынды шешілуімен аяқталған.
Қаламгер повестің бар сюжеттік желісін бас қаһарманның өзіне тарткыза отырып, ең бір оңтайлы шақтарда басқа кейіпкерлердің характерлерін де ашып тастап отырады.
Жалпы Б.Соқпақбаев шығарма сюжетін қаһармандар характерлерінің қақтығысы, конфликт арқылы өрбітеді.
Тамаша құрылған сюжет пен композиция қаламгердің айтайын деген идеясына, образдың жан-жақты көрініп, өсу логикасына қызмет етеді.
Ондаған кейіпкерлерге, сан түрлі оқиғалар мен неше алуан суреттеу құралдарына тиісті орын тауып, өмірлік жағынан нанамды етіп шығаруы, сөз зергерінің шын мәніндегі шеберлігін аңғартады.
Зерттелуі
Ең алдымен балалар әдебиетіне көңіл бөліп, балалар әдебиеті мәселесіне мақала арнаған І.Жансүгіров болды. Осы орайда балаларға арналған алғашқы пьесаның («Мектеп» пьесасы) авторы да І.Жансүгіров екенін еске алған орынды.
Балалар драмасын зерттеуде орыс әдебиеттану ғылымында бірқатар маңызды еңбектер жазылды. Бұл ретте алдымен В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, М.Горький, К.Чуковскийдің т.б балалар әдебиетіне арналған еңбектерін атаған жөн.
Қазақ балалар әдебиетінің зерттелу тарихына көз салсақ, белгілі ақын, жазушы, ғалымдар: І.Жансүгіров, Ш.Ахметов, С.Қирабаев, Ә.Тәжібаев, А.Нұрқатов, Б.Ыбырайым, Қ.Ергөбеков, т.б еңбектері назар аударарлық.
Тікелей қазақ балалар драмасына арналмаса да жалпы қазақ драмасы туралы зерттеулер: М.Әуезов, Ә.Тәжібаев, Р.Нұрғалиев, Р.Рүстембекова, М.Дүйсенов, С.Ордалиев еңбектері бұл салаға бастау боларлық, бағыт боларлық үлгілер.
Ал, қазақ балалар драматургиясы жөнінде арнайы монографиялық зерттеулер жазыла қоймаса да, Әр дәрежеде жекелеген ізденістер, пікір айтулар баршылық .
Балаларға арналған драмалық шығармалар оқулықтар мен хрестоматияға арнайы түрде кіргізілмесе де мектеп, балабақшаларда ертеңгіліктер мен мерекелерде жас жеткіншектерге жол тауып, жатты. Әсіресе балаларға арналған "Ұлан" (“Қазақстан пионері”),"Ақ желкен " ("Пионер"), "Балдырған" сияқты газет-журналдар арқылы шағын пьесалар, мерекелік қойылымдар балаларға жетіп отырды.
Балаларға арналған пьесалардың арнайы жинақ болып шығуы да балалар драматургиясының дамып, қалыптасуына өз үлесін тигізді. Алғашкы балалар жинағының бірі ретінде 1959 жылы жарық көрген Б.Ыскақовтың "Кішкене театр" кітабын атауға болады. Зерттеуші Ш.Ахметов өз еңбегінде Б.Ысқақов шығармашылығына былайша баға береді; "Б.Ысқаков - қазақ балалар драматургиясын жасауға және оны дамытуға ат салысып келе жатқан қаламгерлердің бірі. Оның мектеп сахнасына арналған "Екі оқушы", "Түймедейден түйедей", "Ағалық ақыл", "Жаңа жыл кешінде", "Бейбітшілік жеңеді" атты пьесалары мен инсценировкалары "Пионер" журналы мен “Қазакстан пионері" газеттерінде жарық көрді. Ал 1959 жылы оның мектеп сахнасына арналған пьесалары "Кішкене театр" деген атпен өз алдына жеке кітап болып шықты. Автордың бұл пьесаларының қайсысы болса да қызықты сюжет, тартымды оқиғаларға құрылған. Оларда балалар бойындағы зеректік, тәртіптілік, еңбек сүйгіштік, адалдык, адамгершілік, ұйымшылдық сияқты асыл қасиеттер дәріптеледі, ал кейбір балалардың бойында кездесетін тентектік, өтірікшілік, жалқаулық, дөрекілік, мақтаншақтық сияқты жағымсыз қылықтар әшкереленеді" . Ш.Ахметовтің аталған еңбегі балалар әдебиетіне арналған алғашқы зерттеу еңбек болуымен ерекше.
Ғалым С.Ордалиевтың "Қазақ совет драматургиясының очеркі" атты еңбегіндегі 1950-60 жылдардағы қазақ балалар драматургиясынын мәселесін көтерген көлемді мақаласының да маңызы зор. Мақаланын авторы 1950-60 жылдардағы балаларға арналған пьесалардың біраз бөлігін идеялық, тақырыптық жағынан талдаған. Мақалада сол кездегі драматургиядағы тартыссыздық мәселесіне тоқтала, келіп, Қ. Бадыров пен М.Ақынжановтың "Алтын сақа", МАқынжановтың "Ыбырай Алтынсарин", Ш.Құсайыновтың "Нұрлы тас", Т.Байжановтьщ "Әлия Молдағұлова" және т.б, авторлардың шығармаларын талдап, өз бағасын береді.
Алайда автор пьесаларды талдау барысында идеялық бағытты ұстанған. Мәселен, "Алтын сақа" пьесасын талдай келе: "Алтын сақа" пьесасының авторлары халық ауыз әдебиетінің әр түрлі үлгілерін жете меңгеріп, орынды пайдаланғандықтарымен қатар, бүгінгі күннің мақсаты болған, жастарды коммунистік рухта төрбиелеу идеясымен дүрыс ұштастыра білген. Сондықтан да пьеса ежелгі уакыттағы ертегі аңыздарды суреттеу арқылы қазіргі таңның талабына үн қосады", дейді. Дегенмен де, С.Ордалиевтың аталған мақаласы сол кездегі қазақ балалар драматургиясына баға беруімен, жіктеп, саралауымен құнды дей аламыз. Автор өз мақаласында тек қазақ—балалар драматургиясына ғана емес, орыс балалар драматургиясына да назар аударып, казақ және орыс балалар пьесаларындағы ұқсастықтар мен кемшіліктеріне тоқталып өтеді.
Балаларға арналған пьесалар жинағы туралы пікірін Ж.Қалиасқаров "Қазақстан мұғалімі" журналына жарияланған мақаласы арқылы білдіреді. Автор "Пьесалар" атты жинаққа кірген он төрт туындыға өзінше баға беріп талдайды. Ж.Қалиасқаров та пьесадағы тартыстан таптық мән іздейді: "Жинақтағы "Тапқыр бала" - ертегі сарынымен жазылған пьеса. Оқиғасы қызық, тілі орамды. Мұнда екі тап белдесіп күреске түседі : қалың елге зорлық-зомбылық жасап, қан кақсатқан қара күштің иесімен оның айналысындағы баскесерлер болса, екіншісі-еңбекші бұқара, оның ақылға кемеңгер үлы Әппекім. Ол тапқырлығымен өлімді жеңіп шығады". Мектеп өмірі, бала түрмысын суреттейтін пьесаларда көбіне әдепті мен әдепсіз, ұқыпты мен ұқыпсыз, салак балалардың мінездері әңгімеленеді. Шынында да қандай да бір шығарма жазу үшін не тап тартысын, не коммунистік идеяны насихаттау міндет болған тұста басқаша сын айту мүмкін де емес еді.
Балаларға арналғап шығармалардың ерекшеліктері туралы орыс зерттеушілерінің әсіресе, В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, М.Горькийдің одан кейінгі жазушылар К.Чуковский, С.Маршак т.6. еңбектерінде сөз бола бастады. В.Г.Белинский балаларға арналған шығармалардың жас ерекшелігіне байланысты болу керектігін айтса, М.Горький балаларға арналған шығармаларда көрінетін коммунисттік рухтағы тәрбиеге көбірек көңіл бөлуді үсынған. С.Маршак балалар әдебиетіндегі стиль мәселесіне назар аудартады.
Қазақ зерттеушілері де балалар өдебиеті туралы өз пікірлерін аз-аздап болса да білдіріп жатты. СҚирабаев "1949 жылғы балалар әдебиеті" деген мақаласында балалар әдебиетіне қойылатын негізғі талаптарды айтады: "Балалар әдебиетіне қойылатын негізгі талаптар: біріншіден, шығарманың оқиғалы (сюжетті) болуы, Оқиға қызғылықты болып, балаларды өзіне тартып отыруы керек. Екіншіден, балалардың білім дәрежесі, жас өзгешеліктері ескерілуі керек. Балалар үшін жазылған кітаптар әр кластағы баланың өз тіліне, өз білімінің, педагогика түрғысынан ұстамды, дидактиканың принциптерін қамтуы керек". Ғалым С.Қирабаев бұдан кейін де балалар әдебиеті мәселесіне арналған "Балаларға үлкен әдебиет жасайық" деген мақаласында балалар әдебиетіне қойылатын биік талаптар жөнінде айтады. Және де автор мақаласында жоғарыда айтылған ойды дамыта келіп балалар үшін жазылған шығармалардың тіл тазалығы мен көркемдігі ең басты талаптардың бірі екеніне мән береді.
Балаларға арналған туындылардың ерекшеліктері туралы, балалар үшін жазылған шығармалардың көкейкесті мәселелері туралы сыншы К Ергөбековтің құрастыруымен жарыққа шыққан "Сөзстан" кітабының айтары көп. Кітапта С.Маршак, А.Барто, С.Михалков, С.Бегалин, 0.Хүрманжанов, С.Омаров, М.Әлімбаев, Б.Соқпақбаев, Ә.Дүйсенбиев, К Ыдырысов т.б. балалар жазушыларының шығармашылықтары туралы жөне де балалар әдебиетінің негізгі мәселелері туралы мақалалар бар. "Ак кеме алыстап барады" деген мақаласында Б.Сарбалаев казақ балалар прозасындағы өрлеу, өсу туралы айтса, Қ.Ергөбеков "Мейір гүлденген жүрек " мақаласында ақын Ә.Дүйсенбиевтің ақындық шеберлігіне тоқталады. Б.Кенжебаев "Көне дәуірдің көркем мұрасы" деген сұхбатында ауыз әдебиеті мен балалар әдебиетінің байланысына назар аудартады. Осылайша жинаққа енген мақалалар балалар әдебиетінің проза, поэзия саласындағы жетістіктер мен кемшіліктер туралы сыр шертеді. Алайда, балалар драматургиясы мәселесі туралы тағы да сөз жоқ. Мұнымен жоғарыда аталған мақалалардың құнын төмендетпейміз. Қайта балалар драматургиясының назарға ілікпегеніне көңіл аудартқымыз келеді.
Бүгінгі балалар прозасындағы рухани эстетикалық даму мен
ұлттылық мәселесін байланыстыра зерттеген Б.Ыбырайымның "Қазіргі
қазақ прозасы және рухани эстетикалық даму мәселелері" атты
докторлық диссертациясының жалпы балалар әдебиетінің зерттеліміне
қосары мол. Автор диссертациялық еңбегінде көркемдік шындықты
ұлттық ерекшеліктермен байланысты, сабақтас екеніне назар
аудартады. Осы ойын жалғастыра келе зерттеуші : "Әлі жеткілікті
ескерілмей жүрген мәселелердің бірі - ұлттық қасиет, ұлттык дәстүр,
нақыш рухты орағытып өтуге болмайды... Әрбір адамның рухани
анасы іспетті ұлттық - халықтық дәстүрден алыстау адамды ерте ме,
кеш пе рухани шаршауға, депрессияға, психологиялық дағдарысқа
белгілі мөлшерде ұшыратпай қоймайды", дейді. Б.Ыбырайымның "Ой мен Сөз", "Сырлы әлем" кітаптарында бүгінгі күндегі балалар әдебиетінің көтерер жүгі туралы айтылады.
Балалар әдебиетіне арналған зерттеулер қатарына "Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы" айдарымен шығып келе жатқан көп томдықтық алғысөзіне жазылған пікірлерді де қосуға болады. Сол томға шығармасы кірген автордың өмірбаяны, шығармашылығы туралы, ұсынылып отырған туындыға берілетін баға туралы пікір айтылады.
Қазақ балалар жазушыларының суреткерлік портретін беруге арналған "Қазак совет балалар жазушылары" атты кітапта С.Бегалин, Қ.Мұкышев, М.Гумеров, Қ.Ыдырысов, Е.Елубаев, Ә.Дүйсенбиев Б.Соқпақбаев және т.б. жазушылардың өмірбаяндары айтылады. Қаламгерлердің балалар әдебиетіне айтқан пікірлері, ой-толғамдары берілген Әсіресе, балаларға драмалық шығармалар арнаған М.Гумеров. С.Омаров, Е.Елубаевтардың мақалалары назар аудартарлық .
Қазақ балалар әдебиетіндегі проза, поэзия саласын зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, жалпы балаларға арналған туындылардың қандай болуы керек екені жөнінде мағлұмат аламыз. Ал, қазақ драматургиясын жан-жақты зерттеген ғалымдар М.Әуеов. Р.Нұрғалиев, С.Ордалиев, Ә.Тәжібаев, Р.Рүстембекова, М.Дүйсенов, Ж.Әбілев және т.б. еңбектерінен жалпы драматургия жанрынын ерекшеліктері туралы мәлімет ала отырып, балалар драматургиясының өзіндік сипатын ашуға тырыстық. Қазақ драматургиясының қалыптасу кезеңінде жазылған М.Әуезовтің "Жақсы пьеса-сапалы әдебиет белгісі". "Қыз Жібек' кандай?", "Дінді әшкерелейтін пьеса", "Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар" т.б. мақалалары жалпы драмалық шығармалардың өзіндік сипатын, кейіпкер әрекетін, драмадағы тартыс мәселесін қозғайды "Жақсы пьеса-сапалы әдебиет белгісі" деген мақаласында М.Әуезов: "Оқиғасы тығыз құрылған, істелуі босаң емес, құрыш пьеса керек. Ол үшін әрбір тұлға көп ойланып, көп сұрыптаудан туған болсын,"- деп талаптар қояды. Ал, "Драматургия заңы туралы кейбір ойлар" деген мақаласында М.Әуезов драмалық шығармалардың теориялық мәселелерін айта келіп, драманың архитектоникасына мұқият қарау жөнінде ой айтады. Зерттеуші Ә.Тәжібаев "Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы" атты кітабында қазақ драматургиясының тууы мен қалыптасуын халык ауыз әдебиетіндегі ертегі, аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер. айтыстармен байланыстырып казақ драмасының түп тегік халык мүрасымен сабақтайды. Автор қазақ драматургиясындағы ірі-ірі туындыларға зор ақындык шабытпен баға береді. Трагедиялык. комедиялық шығармалардың табиғатын ашып. кейіпкер характеріне тоқталады. Ұлт әдебиетіндегі драмалык шығармалардын жанрлык дамуы туралы, драма жанрының спецификалық ерекшеліктері туралы, Драманың жүйелі зерттелуі, идеялық-эстетикалық ерекшеліктерін айқындау, драмалық жанрдың даму тенденциясын ашып көрсетуді мақсат ете жазылған Р.Нұрғалиевтың "Айдын" атты монографиялык еңбегінің қазіргі казақ драматургиясының бағыт бағдарын айқындауда маңызы зор.
Қазіргі қазақ балалар драматургиясының қыр-сырын ашып, жаңрлық жақтан жіктеп, кейіпкер характерін ашатын көлемді зерттеудің жоқтығы тақырыптың көкейкестілігін көрсетеді.
Зерттеу негізінен 1934 жылы жазылган І.Жансүгіровтің "Мектеп" пьесасынан бастап жүргізілді. Балалар мен жасөспірімдер театрынын ашылуымен дүниеге келген М.Ақынжанов пен Қ.Бадыровтың "Алтын сақа" М.Акынжановтың "Ыбырай Алтынсарин" және т.б. 1950-60 жылдары шықкан пьесалар алғашқылар ретінде жаңаша бажайлау тұрғысынан талданды. Негізгі талдау объектісі болған пьесалар 1960-70 жылдарда шыққан туындылар. Сонымен бірге 1980-90 жылдардағы қоғамдық тоқырау кезіндегі бірен-саран пьесалар мен казіргі жаңа әдебиет аталып жүрген 1990-2000 жылдар туындыларына көбірек назар аударылды. Балаларға арналған драмалық шығармаларды жас ерекшелігіне сәйкес шартты түрде негізінен екі топқа бөліп қарастырылды:
1.Бүлдіршіндерге арналған драмалық шығармалар
2.Мектеп оқушыларына арналған драмалық шығармалар
Мектеп окушыларының жас ерекшелігіне сәйкес өз ішінде тағы да
екі топқа:
а) төменгі сынып окушыларына арналған
ө) жоғарғы сынып (яғни ересектерге) арналған туындылар деп тағы жіктелді. Сонымен бірге жұмыс көлемінде балаларға арналған драмалық туындылардың шағын түрлеріне көңіл бөлінді. Шағын драмалық туындылар қатарына мектеп, балабақша өмірінде жеткіншектерге эстетикалық тәрбие беру мақсатында, тіл дамыту мақсатында койылған скетчтер, инсценировкллар, интермедиялар мен тақырыптық койылымдар алынды. Жұмыс көлемінде балаларға арналған пьесалардың тақырыптық-идеялық мақсатын ашумен бірге көркемдік дәрежесін саралауды жөн деп санадық. Жас жеткіншекке сөз қадірін түсіндіріп, көркем сөздің құдіретін бағалауға тәрбиелейтін драмалық туындылардың мәні зор. Әсіресе, жазушылар: М Гумеров. Қ.Ыдырысов, С.Омаров, Ә.Табылдиев, Е.Елубаев, С.Жүнісов. Б.Ысқақов, А.Ақпанбетұлы, С.Әуелбаева, С.Бегалин т.б. туындылары жіті талданды.
Балаларға арналған драмалық туындыларда кездесетін көп сөзділік ақыл айтушылық, кейіпкер тілінің жұтаңдығы сияқты кемшіліктер де ескерілді. Сонымен бірге, басты назар әр драмалық туындыдағы ұлттық реңк, ұлттық бояу мәселееіне аударылды. Осы ретте ғалым, зерттеуші Б.Ыбырайымның ұлттық ерекшеліктер балаларға арналған шығармалардың 1970-80 жылдағыларында мүлдем ескерілмей кеткені туралы пікіріне қосыламыз.
Ал, кейінгі тәуелсіз әдебиет тұсында туған С.Әуелбаеваның "Оюхан мен Жоюхан", А.Ақпанбетұлының "Қайырымды қасқыр", Д.Исабековтің "Әбіл-Диханның арманы", К.Оразбекүлының "Ұлыс оң болсын", Б.Тайжанның "Тосыннан тойланған той", Т.Ахметжанның "Қара торғай" т.б. пьесаларында көрінетін үлттық ерекшелікке баса ңазар аударылды. Сонымен бірге балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес драмалық туындылардың да өзіндік ерекшеліктері, өзіндік деленуінің болатынын драмалық туындыларды талдау кезінде нақтылана түсті. Мәселен, төменгі сынып окушылары мен бүлдіршіндер үшін жазылған драмалық шығармаларда драма түрлерінін шекарасы жоқ болса, ересектер үшін жазылған пьесаларды драма. комедия, трагедия деп жіктеуге мүмкіндік бар.
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Қазақ балалар әдебиетінің зерттелуі жағынан кенжелеп қалған бір саласы - балаларға арналған драмалық туындылар. Жалпы қазақ драматургиясының тууы, дамуы және қалыптасуы дегенде, қазақ балалар драматургиясының өзіндік даму жолын, ерекшелігін сараптау қажеттілігі туады. Қазақ балалар драматургиясының бастау көздерін іздегенде, қазақ ауыз әдебиеті үлгілеріне тірелеміз. Балаларға арналған сұрамақ, қаламақ, айтыс ойындар, мақал-мәтелдер, ертегілер мен аңыз әңгімелердің қазіргі балалар драматургиясының тууы мен қалыптасуына ықпал етті деуге негіз толық. Жаңа үрдіс бір күнде тумайды, ол ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрмен және ұрпақтан ұрпаққа берілетін рухани игіліктің негізінде дамиды. Ұлттық әдебиетіміздің рухани уызы - ауыз әдебиеті балалар драматургиясының да бастау көзі екені белгілі.
Балалар драматургиясы қазақ әдебиеттану ғылымында мүлде аз зерттелген, тіпті кенже қалған сала екені анық. Балаларға арналған драмалық шығармалардың зерттеуші ғалымдардың назарынан тыс қалуы балалар драматургиясының кенжелеп дамуымен байланысты деуге де болады. Әйтсе де, қазақ балалар әдебиетіне, қазақ балалар драматургиясына арналған бірен-саран зерттеулер мерзімді баспасөз беттерінен орын алды. Балаларға арналған драмалық шығармалар оқулықтар мен хрестоматияға арнайы түрде кіргізілмесе де мектеп, балабақшаларда ертеңгіліктер мен мерекелерде жас жеткіншектерге жол тауып жатты. Әсіресе, балаларға арналған "Ұлан", "Ақ желкен", "Балдырған" сияқты газет-журналдар арқылы шағын пьесалар, мерекелік қойылымдар балаларға жетіп отырды.
Қазақ балалар драматургиясын кенжелеп туды десек те, оның тууы мен дамуына бағдар жасай отырып, балаларға арналған драмалық туындылардың қазіргі кезде қазақ балалар әдебиетінің үлкен бір арнасы болып қалыптасқанына көз жеткіземіз.
Жалпы қазақ балалар драматургиясы әлі де сарапталып, балалардың жас ерекшелігіне, шығарманың жанрлық сипатына, көркемдік тұрғыда жан-жақты қарастыруды қажет етеді.
Бітіру жүмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ балалар драматургиясының өзіндік даму жолы бар жеке арна екенін айқындау, балаларға арналған драмалық туындыларды жіктеп, жас ерекшелігіне сәйкес саралап, олардың көркемдік дәрежесін ашып көрсету - жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы мақсаттан барып зерттеудің мынадай міндеттері шығады:
- қазақ балалар драматургиясының туу кезеңін анықтау, алғашқы
пьесаларға объективті талдау жасау;
- қазақ балалар драматургиясын кезең-кезеңге жіктеп, кейіпкерлердің жас ерекшелігіне қарай сараптау және әр жастағылар үшін жазылған
туындылардың ерекшеліктерін ашу;
- балалар драматургиясындағы ұлттық реңктің мәнін ашу, ұлттық бояудың көркем туындының көркемдік сипатын негіздеудегі рөлін көрсету;
- драма жанры ерекшеліктеріне сай қаламгерлердің бейне жасаудағы табыстары мен кемшіліктерін саралап көрсету, олардың стиль ерекшеліктерін айқындау;
- балаларға арналған драмалық шығармаларды тақырыптық, идеялық, бейнелілік тұрғысынан таразылап, дәстүр мен жаңашылдық нысанасы тұрғысынан қарап мәнін ашу;
- балаларға арналған драмалық шығармалардың көркемдік, тілдік, жағына назар аударып, олардың ұқсастығы мен өзгешелігін анықтау.
Бітіру жүмысының теориялық негіздері. Жұмысты жазу барысында
қазақ әдебиетінің XX ғасырдағы тарихы және әдебиет теориясы бойынша
жазылған М.Әуезовтің, Қ.Жұмалиевтің, Ә.Қоңыратбаевтың, Б.Кенжебаевтың, З.Ахметовтың, С.Қирабаевтың, З.Қабдоловтың, Р.Бердібаевтың, Р.Нұрғалидың іргелі зерттеулері, сондай-ақ драматургия жанрын, балалар әдебиетін зерттеуші ғалымдар Ә.Тәжібаевтың, С.Ордалиевтің, Ш.Ахметовтың, М.Дүйсеновтің, Р.Рүстембекованың, Б.Қүндақбаевтың, Ж.Әбілевтың, Б.Ыбырайымның, Қ.Ергөбековтың ғылыми жұмыстары әдіснамалық негіз ретінде алынды. Сондай-ақ, орыс ғалымдары В.Г.Белинский, Н.Г.Чернышевский, М.Горкий, В.А.Стахановский-Панкеев, В.М.Волькенштейн, К.И.Чуковский, И.Ф.Волков, В.Е.Хализев еңбектерінің теориялық қисындары да жұмысымызға ғылыми тірек болды.
Зерттеудің дереккөздеріне, негізінен әр жылдарда мерзімді баспасөздерде жарық көрген пьесалар мен Е.Елубаевтың "Өжет"(1984), Б.Ысқақовтың "Кішкене театр"(1959), Ә.Табылдиевтің "Тәрбие өрнектері"(1989), "Тағылым"(1995), С.Жүнісовтың "Қызым, саған айтам"(1978), "Пионер театры"(1980), "Шағын пьесалар"(1962), Ы.Мұсаұлының "Тауан"(2000) т.б. жинақтарға кірген пьесалар негіз болды.
Жүмыстың жаңашылдығы. Қазақ балалар драматургиясының мәселесі бірен-саран жекелеген мақалалар көлемінде болмаса, көп зерттеліне қоймаған тақырып. Сондықтан әлем әдебиеті, әлем әдебиеттану ғылымы тәжірбиесіне сүйене отырып, балалар драматургиясының негізгі заңдылықтары сараланады. Әдебиеттің басқа салалары сияқты қазақ балалар драматургиясындағы дәстүр тарихы, дәстүр тағылымы дәйектеледі. Қазақ балалар драматургиясының туу, қалыптасу жолы, заңдылықтары көрсетілді. Қазақ балалар драматургиясның дамуына үлес қосқандар іріктеліп, олардың стиль ерекшеліктері де біршама талданды.
Бітіру жүмысының практикалық мәні. Жұмыстың нәтижелерін жоғары және орта арнайы оқу орындарының филология факультеттерінде «Балалар әдебиеті» пәнін оқытқанда, жекелеген арнайы курс, арнайы семинарлар жүргізгенде пайдалануға болады. Орта мектептердегі бастауыш сыныптарды оқытудың әдістемесінде де қолдануға болады.
Жұмыстың кұрылымы. Бітіру жүмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан түрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.