- Рефераты на казахском
- География
- Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешенінің дамуы
Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешенінің дамуы
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі облыс бойынша 2006 жылы 17,6 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 103,9 %-ға артты.
Егіс көлемі
2007 жылы облыс бойынша 153,7 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылдығы дақылдары орналастырылады. Оның 84,9 мың гектары дәнді дақылдар осының ішінде күріш егісінің үлесі 73,2 мың гектар болып отыр.
Тұқым шаруашылығы
Соңғы жылдары облыста сорт жаңалау, сорталмастыру жүйесі қалыптасып келеді.
Облыс бойынша 2- бастапқы (бірегей), 3- элита, және 7- І-ІІІ- репродукциялы тұқым өндіретін тұқым шаруашылықтар жұмыс істейді. 2007 жылы тұқым шаруашылықтарын қолдауға 22,1 млн теңге субсидия бөлініп, оның 18,2 млн. теңгесі игерілді, қалған сомасы жоспар бойынша желтоқсан айында игерілді.
Өткен жылы өндіріске «Арал 202» жаңа сорты берілсе биылғы жылы облыста қолдануға рұқсат етілген сорттар қатарына «Мадина», «Лиман» және «Ару» сорттары ендіріліп, биылғы жылы «Түгіскен-1» сорты келешегі бар сорттар тізбесіне ендірілді.
Минералдық тыңайтқыш
Облыс ауыл шаруашылы тауарын өндірушілер 2006 жылы барлығы 51458 тонна азотты және 8723 тонна фосфорлы минералдық тыңайтқыш пайдаланса, соның 25125 тонна азотты және 614 тонна фосфорлы минералдық тыңайтқышы арзандатылған бағамен алынды. Минералдық тыңайтқыш бағасын арзандатуға бөлінген субсидия толығымен игерілді. Ал, биылғы жылғы қажеттілік 35,9 мың тонна азотты және 8,9 мың тонна фосфорлы және 250 тонна калий тыңайтқышы пайдаланылды.
Машина-трактор паркін жаңалау
2007 жылы облыста ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан машина-трактор паркін жаңалауда бір шама жұмыстар жүргізілді, өткен үш жылда шаруашылық құрылымдары барлығы 625 жаңа техника сатып алды. Ал, биылғы жылдың 9 айында, облыс бойынша 270 техника алынды. Оның 205 данасы лизингілік негізде болса, 65 данасы шаруашылықтардың өз қаржысы есебінен алынды.
ЖЖМ
Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуге 32 мың тонна дизель отыны қажет болса, ол толығымен қамтамасыз етілді.
Қолда бар күздік, жаздық бидай толығымен жиналып, барлығы 14,7 мың тонна астық алынды. Дән құрамында клейковинаның төмендігіне байланысты өндірілген билдай мал азығына пайдаланылады.
Облыста жоңышқа, дәндік жүгері, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын жинау жұмыстары жалғасуда.
Облыста картоп, көкөніс, бақша және басқа дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге дәндік жүгері, күнбағыс, мақсары, мақта, сорго дақылдарының егіс көлемі толық жиналса, картоптың – 88,9 %, көкөністің - 95,0 %, бақшаның – 97,0 % жиналып, картоптың 1 гектарынан орташа 129,3 цн өнім жиналса, көкөністен -138,8 цн және бақшадан 151,3 цн. өнім жиналуда.
Мал азығын дайындау жұмыстары жалғасуда, бүгінгі күні облыс бойынша барлығы 596,2 мың тн. шөп дайындалса, оның 89 мың тоннасы жоңышқа шөбі.
Мал шаруашылығы
Облыс бойынша 2007 жылы төрт түлік малдың басын өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 6,1 пайызға, қой мен ешкі – 3,6, жылқы – 5,0, түйе – 6,9, шошқа 27,5 пайызға көбейіп, мал өнімдерін өндіруде біршама көбейіп отыр.
Бүгінгі күні облыста 23 шаруашылық асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Осы шаруашылықтардың ішінде 4 сүт, 1 ет бағытындағы мүйізді ірі қарамен, 8-і асыл тұқымды қаракөл қойымен, 3 шаруашылық жабы және мұғалжар тектес жылқымен, 7-і қазақтың айыр түйесін бағумен айналысады. 2007 жылы осы шаруашылықтарда мүйізді ірі қара-1607 бас, қой- 36362 бас, жылқы- 2497 бас, түйе- 2560 бас болып, 2006 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, мүйізді ірі қара-0,9, қой -0,6, жылқы 7,8, түйе тиісінше 1,4 пайызға көбейген.
Облыс бойынша «Асыл тұқым» ЖШС-і арқылы қолдан ұрықтандыру пункттері сұйық азотпен және асыл тұқымды бұқаның ұрығымен қамтамасыз етілді. 53 пункт жұмыс істеп, 4828 бас сиыр қолдан ұрықтандырылды.
Қызылорда облысының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған бағдарламасының I-кезеңіне сәйкес , орта және ірі мамандандырылған шаруашылықтарды дамыту мақсатында облыс әкімінің қолдауымен асыл тұқымды мал алып,майда құрылымдарды ірілендіруге қаржы бөлініп, көрші облыстардың алдағы қатарлы асыл тұқымды шаруашылықтарынан асыл тұқымды мал әкелініп,тауарөндіріушілерге лизингке берілуде.
Атап айтқанда,Солтүстік Қазақстан облысынан Жаңақорған ауданындағы «Шөгірлі» ШҚ–на 113 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы мүйізді ірі қара және Оңтүстік Қазақстан облысынан Шиелі ауданындағы М.Шоқай ЖШС мен Сырдария ауданындағы «Сәулебек» ШҚ–на 800 бас асыл тұқымды қаракөл қойы әкелініп,лизингке берілді. Қазан айында асыл тұқымды сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малын әкелу үшін «Қызылордаагросервис» МКК-ның мамандары Солтүстік Қазақстан облысынан мал әкелуге жұмыстар жүргізуде.
2007 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға қолдау көрсету мақсатында республикалық бюджеттен 42,8 млн. теңге субсидия бөлініпінген.Осыдан үстіміздегі жылдың I-ші қазанына қаржылық жоспарға сәйкес бөлінген 32,3 млн. тенге субсидия толық игерілді. Сонымен қатар облыстық бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылықтарының өсірген төлінің шығынын ішінара жеңілдету үшін 18,3 млн. теңге қаржы қаралған,осыдан қаржылық жоспарға сәйкес бөлінген 16,02 млн. тенге субсидияның 15,84 млн. тенгесі, немесі 98,9 пайызы игерілді.
2007 жылы облыс бойынша 227,7 мың. бас мүйізді ірі қара, 790,2 мың. бас қой, 55,0 мың. бас жылқы, 25,1 мың. бас түйе бірдейлендіріліп, тиісінше МІҚ-98,3 %, қой-99,6 %, жылқы-93,7 %, түйе 100 пайызды құрады.
Барлығы 369,1 мың бас ауыл шаруашылығы малы компьютерлік базаға енгізіліп, 96,6 пайыз көрсеткішке жетті.
Мал шаруашылығын дамытуда бірқатар жетістіктерге қол жетіп отыр. Атап айтқанда үстіміздегі жылдың 3-5 тамызы аралығында Астана қаласында өткен “Қараөткел” жәрмеңкесіне қатысқан Арал ауданындағы “Құланды” ЖШС асыл тұқымды малдардың көрмесінде “Мұлғаджар” жылқысын өсіргені үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің “Ең үздік асыл тұқымды мал шаруашылығы” және “Айдан Ақ құс” ЖШС “Ең үздік ет өнімі”номинациялары бойынша дипломдармен марапатталды.