Жүзімнің пайдасы

Жүзімнің пайдасы
Жүзім өсіру біздің зама-нымызға дейінгі 5 мың жылдықта басталған. Көп өсі-рілетін аймағы негізінен – Кіші Азия. Жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездеседі. Піскен жүзімнің 100 грамында 154 грамм карбондық гидрат, 1 грамм протеин, 1 грамм май, 21 грамм фосфор, 0,6 мг темір, аз-аздан болса да басқа да элементтер, түрлі дәрумендер, су кездеседі. 100 грамында 60 калория бар.

Жүзім құрамындағы дәру-мендер миға өте пайдалы. Түстен кейін қос уыс жүзім немесе жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы. Калория тұрғысынан 1 келі жүзім, 1,150 грамм сүт, 390 грамм ет, 300 грамм нан және 1,200 грамм картопқа тең деп саналады. Бұған қоса, емдік қасиеті бар амин қышқылы, А және В дәрумені (В1, В2), калий, магний, кальций, силиций, йод, цинк, күкірт және маргенец секілді микроэлементтері де жүзімнің құрамында кездеседі. Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырып, терінің түлеуін арттыра түседі. Ол – сондай-ақ аллергия мен буындарда тұз жиналуының алдын алуда таптырмайтын жеміс. Жүзімнің құрамындағы табиғи фруктоза денедегі жұмсалатын қуаттың аз уақытта қайта қалпына келуін қамтамасыз етеді. Шырынындағы биофлавонойдтары арқылы С дәру-менінің белсенділігін арттырады. Жүзім қасиетінің Құранда айтылуы да тегін болмаса керек. Неге десеңіз, қандағы оттегін жүргізетін гемоглабин синтезіне қажетті темір мен бүйректердің жұмыс істеуі және жүрек соғысының реттелуінде жұмсалатын калий онда өте көп кездеседі.

Дәрумендер мен мине-ралдарға қоса, жүзімде жүйке жасушалары үшін қажетті 15 түрлі амин қышқылдары бар. Тіпті, барлық тіршілік иелерінде 20 шақты амин қышқылдары кездесетіндігін ескерсек, жүзі-мнің тамақ мәзірінде алар орнын ұғына түскендейміз. Қоректің ыдырауы нәтижесінде пайда болған немесе темекі, ішімдік, ауаның ластығы секілді зиянды қалдықтар капиляр тамырлардың қа-бырғаларын зақымдайды. Мұндай зақымдануға қарсы жүзімде кездесетін кейбір күшті антиоксидандар (еркін радикалдардың әсерін жоятын заттар) төменгі тығыздықтағы зиянды липопротейндердің (LDL) капилляр тамырларда түзілуіне бөгет келтіретін қасиетке ие. Осы тақырыпқа қатысты бір зерттеуде ірілеу қара жүзімнен жасалған жеміс шырыны берілген кісілерде LDL холестеролдың тотығуға ұшырамағандығы анықталған. Зертеушлілер егер көп уақыт ішілсе, жүзім шырынының LDL-ге деген әсерінің анағұрлым көбірек болатындығын аңғарған.
Жүзім құрамындағы магний адам денесіне де, мидың да тынығуына да ерекше әсер етеді. Ол бауыр аурулары, анемия делінетін қан азаюды емдеуде көп қолданылумен қатар, құрамындағы жеміс қышқылдары (тартарик, малик, суксиник, фумарик, пирувик, гликолик қышқылдары) бүйрек пен ішек жүйесінің жұмысын реттеуде, қанның тазаруы мен майдың еруіне де көмектеседі. Дененің вирустарға қарсы тұруын да күшейтеді.
Жоғары калориялы болуымен қатар құрамында өте аз мөлшерде май мен протеин болғандықтан жүзім өте тамаша қорекке жатады. Құрғақ жүзімде су аз болатындықтан оның калориясы өте жоғары, әрі темір мен кальцийге өте бай.
Жүзім қатерлі ісіктен (рак) қорғау ерекшелігіне ие. Клетка іші молекулаларда ісік пайда болуына апаратын еркін радикалдар шабуылдап, тойтару – жүзімге берілген таңғажайып қасиет. Яғни, ол қатерлі ісік ауруының алдын алады. Екінші жағынан, жүзімнің құрамындағы ең маңызды зат-тардың бірі ресвератролдің де ракқа қарсы әсер ету күші бар екендігі 1985 жылы Жапонияда жүргізілген зерттеу еңбектерінде де анықталған болатын. Бұл зат өсімдіктер тарапынан өндірілетін фитоалексин тобына жатады.
Ресвератроль – жануарлар тарапынан өсімдіктер желінген кезде ауру тудыратын факторлардан немесе өте күшті ультрокүлгін сәулелерден өсім-дікті қорғау үшін синтезделетін зат. Ресвератроль жер жаңғақ, тұт секілді жетпіс шақты өсімдік түрлерінде, сондай-ақ негізінен ең көп мөлшерде жүзімде кездесетіндігі анықталған. Ресвератроль көбінесе қызыл-қара жүзімдердің қабықтарында болады. Сол себепті жүзім жегенде, оның қабығын қоса жеген дұрыс.
АҚШ-та жүргізілген бір зерттеуде ісігі бар тышқандарға төрт айдан аса апта сайын екі рет 1-5-10 немесе 25 микрограмм ресвератроль берген зерттеушілер ресвератроль берілмеген тышқандарға қарағанда берілгендерде ісіктің өте тез қайтқандығын байқаған.
Жүргізілген тағы бір зерттеуде американдық ғалымдар қара жүзім шырынының жүрек ауруларына қарсы анти-кансерогендік ықпалы барлы-ғын растаған. Қара жүзім шырынының қан бөгелуіне де қарсы ықпалы барлығы анықталған. Джорджтоун университеті ғалымдарының бірі др. Жан Е. Фридман екі апта бойы жиырма адамға күніге екі кеседен күлгін жүзім шырынын берген. Нәтижесінде қандағы Е дәрумені 13 пайызға, қан плазмасының жалпы антикансероген мөлшері 50 пайызға артқан. Бұған қоса, тексеруге алынғандарда қандағы бөгелменің яғни варикоз ауруының анағұрлым реттелгендігі анықталған.

Жүзімді сақтау
Сақтауға негізінен табиғи жағдайда өскен жүзімдерді таңдаған жөн. Жүзімнің ең жақсысы ұстағанда қатқылдауы, реңі ашықтары. Жасыл түстегі жүзім алынса, сәл сарғыштауын, қара жүзім алынса, қою түстісін таңдаған жөн. Жүзімді мүмкіндігінше сыртқы тозаңымен сақтай білген дұрыс. Сабағының құрғап қалғандығы – жүзімнің үзілгеніне біраз уақыт болғанын көрсетеді. Тез үзіле қоймауы жүзімнің сапасын білдіреді. Бір тал жүзімнің шіри бастауы тұтастай бір шоқ жүзімнің шіруіне алып келеді. Жүзімді сатып алғаннан кейін көп уақыт ұстамаған жөн. Жүзім міндетті түрде суық жерде сақталуы тиіс. Бөлменің жылылығы жүзімді тез солдырады. Жүзім тоңазытқышта бір-екі күн бойы бұзылмастан сақталып тұра береді. Тоңазытқыштан алынған жүзімді бір сағаттан кейін жесе, дәмі анағұрлым тәтті болады.
Жүзім тез ферментацияға ұшырайтындықтан оны дереу тамақтан кейін жеген дұрыс емес. Басқа да жеміс шырындары секілді жүзім шырыны да сығылғаннан кейінгі жарты сағат ішінде іщілгені жөн. Адам денсаулығына пайдалы дәрумендер жүзімнің дәнегінде де болатындықтан, оның да шайналып желінгені дұрыс.
Қай жағынан алсақ та, шипалық қасиеті мол жүзімнің бізге Жаратушыдан нәсіп етілгеніне шүкір еткеніміз жөн. «Био Нан» ЖШС жүзім көшеттерін отырғызуымен айналысады. Аталмыш ша-руашылық бір ғана Алматы облысының өзінде 20 мың гектар жерге жүз мыңға жуық көшеттерін отырғызып баптауда. Онда негізінен арнайы Франциядан әкелінген Мерлот, Каберне Совиньон, Каберне франк және Брокколь сынды жүзім сорттары өсірілуде. Мамандардың айтуынша, бұла-рдың отандық сорттардан айырмашылығы – 150 жыл өмір сүреді және өнімді әлдеқайда көп береді.
1980 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 10,7 мың гектар жерде жүзім алқабы болған болса, 1990 жылы 6,62 мың гектарға, 2000 жылы 5,7 мың гектарға, 2004 жылы 3,9 мың гектарға дейін кеміп кеткен. Ал, 1980 жылы облыс бойынша 125,2 мың тонна жүзім өндірілсе, 2004 жылы 31,3 мың тонна ғана жүзім өндірілген.

  Қазақ тіліндегі рефераттар - Биология


Яндекс.Метрика