- Рефераты на казахском
- Биология
- Қан дақтарын зерттеу
Қан дақтарын зерттеу
Жоспар
Кіріспе.
Иммун жүйесі туралы түсінік.
Негізгі бөлім:
1. Қан дақтарын көлемі мен пішіні жағынан бөлу
2. Қан дақтарын, іздерін табу
3. Қанның топтық ерекшелігі
Қорытынды.
Қан дақтарын зерттеу кезінде басқа мөселелерді шешу
Қан дақтарын зерттеу
Қан дақтарын зерттеу айғақты заттарға сараптама жасаудың ең жиі кездесетін түрі болып табылады және осындай барлық сараптамалардың 80%-іне жуық болады. Қан дақтарына сот-медицина сараптамасын жүргізудің ерекше ауыр қылмыстарды: кісі өлтіруді, зорлауды, денеге жарақаттар салуды тергеген кезде зор маңызы бар.
Қан дақтары дұрыс табылып, сарапталған, ол алынып, арнаулы зерттеуден өткізілгеннен кейін ғана іс бойынша айғақты заттарға айналатындығын дөл көрсету қажет.
Қан дақтарын көлемі мен пішіні жағынан мынадай түрлерге бөлуге болады: 1)қан тамшысының жалпақ жерге тамғандағы дақтары; 2) қан тамшысының еңіс беткейге шашырауынан немесе тамуынан түскен дақ; 3) қанның аққан іздері; 4) қан ластаған және жұққан жерлер; 5) саусақтардың, табанның және басқа заттардың таңбалары; 6) түрлі заттарға сіңіп қалған дақ; 7) жайылған қан; 8) қан жуылған су мен басқа да сүйықтардағы қан іздері ("жуынды сулар").
Қан іздерінің көлемі мен пішініне қарап, олардың қалай пайда болғаны туралы, демек, оқиғаның белгілі бір мән-жайы туралы пікір айтуға болады. Мысалы, жалпақ жерге тамған қан тамшысының шашырау дәрежесіне қарап, оның қандай биіктіктен тамғанын байқауға болады. Ал қан еңіс беткейге тамғанда ол леп белгісі сияқты көрінеді, оның сүйір үшы тамшының тамған жағына қарап тұрады. Қан тік қабырғаға (затқа) тамғанда оның аққан ізі болады. Қан ластаған және жұққан жерлер қан тиген қолмен әлдебір заттарды ұстағанда, қан ізін сүлгімен, шүберекпен, т.б. сүрткенде пайда болады. Қанның жайылуы оқиға болған жерді қарардан бұрын көп қан аққанын дәлелдейді, т.т.
Саусақтардың, табанның, аяқ киім ұлтанының таңбалары түріндегі қан іздерінін криминалистік маңызы зор, өйткені олар арқылы кісі өлтірушіні немесе оқиғаға басқа қатысушыны анықтауға болады. Қан іздерін сумен немесе басқа сұықтармен жуу, киім-кешекті, т.б. жуып тазарту арқылы жойып жіберуге әрекет жасалады. Кейде оқиға болған жерде (тұрғын жайда) қан ізін жою үшін еденнің қайта сырлануы, түсқағаздарды қайта жапсыру, жиһаздың бетін ауыстыру сияқты әрекеттер жасау да кездеседі. Сондықтан бірқатар жағдайларда қан іздерін табу көп қиындық келтіреді.
Қан дақтарын табудың қиындауы олардың түсі өзгеруіне де байланысты болуы мүмкін. Қан дақтары гемоглобиннің жайкүйіне қарай әр түрлі түс алуы ықтимал, ал гемоглобин дақтар ескіріп, кепкенде, сондай-ақ ылғалдың, жарықтың, т.т. әсерімен бұзылады да, дақ түсінің өзгеруіне әкеп соғатын жаңа қосылыстар (дериваттар) пайда болады.
Бірқатар жағдайларда қан іздерін анықтау қан іздері түскен заттың ерекшеліктеріне байланысты қиындай түседі. Мысалы, түсі қан дағына ұқсайтын түкті матадан қан ізін табу едәуір қиын. Сондықтан айғақты заттардан қан іздерін табу үшін оларды бүйірден жасанды жарық түсіріп, үлкейткіш шынының көмегімен қосымша тексеру, ультракүлгін сәулемен немесе спектрдің көзге көрінетін бөлігі сәулелерінде люминесценттік талдау жасау жолымен зерттеу жүргізіледі. Оқиға болған жерде зерттеудің кейбір бағдар беретін химиялық әдістері де (бензидинмен және сутегінің асқын тотығымен сынама жасау) қолданылуы мүмкін.
Қан сияқты дақтар табылып, сипатталғаннан кейін оны зерттеу үшін лабораторияға жіберіп алу қажет. Егер қан дақтары табылған зат үлкен болмаса, ол түтас алынады. Мүндай іздер үлкен заттардан табылған жағдайда олардың бір бөлігі алынады.
Қан іздерін зерттеген кезде сараптаманың шешуіне қойылатын негізгі сұрақтар мыналар: 1) дақта қан бар ма? 2) ол адамның қаны ма, әлде жануардың қаны ма (қанның түрі)? 3) қан қай топқа жатады (қанның белгілі бір адамдардыкі екенін бекерге шығару)? Сонымен бірге кейде басқа мәселелерді де шешуге тура келеді, олар мыналар: 1) қан іздерінің қашан түскенін анықтау; 2) қанның неден аққанын анықтау; 3) аққан қан мөлшерін анықтау; 4) қаннан карбоксигемоглобин мен метгемоглобин табу.
Қанның болуы эритроциттер немесе қан пигментін (гемоглобин немесе оның өнімдерін) табу жолымен дәлелденеді. Эритроциттер сұйық қаннан немесе өте жаңа дақтардан табылуы мүмкін, сондықтан сот-медицина тәжірибесінде әдетте қан пигментін анықтау үшін зерттеу қолданылады. Ал қан пигментін спектралдық талдау әдісімен және микрокристалдық реакциялармен анықтауға болады.
Спектралдық зерттеу қан гемоглобині мен оның қосылыстары ерітіндісінің белгілі бір ұзындықтағы сәуле толқынын сіңіріп, спектрде сіңірілуге тән жолақтар бере алатынына негізделген. Өзіне тән қатаң ерекшелігі болуы мен жоғары дәрежеде сезгіштігі арқасында спектралдық әдіс дақта қан бар екенін айқын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Қанға спектралдық зерттеу тура көрсететін спектроскоптың және микроспектроскоптың көмегімен жүзеге асырылады. Кейінгі кездерде гемоглобин мен оның өнімдері спектрофотометриялық әдіспен де табылып жүр.
Микрокристалдық реакция гемоглобиннің кейбір өнімдерінің реактивтер арқылы сипаты кристалдар түзу қасиетіне негізделген. Бұл мақсаттар үшін гемохромоген мен тұз қышқылы гематинінің кристалдарын (Тейхман кристалдарын) алу мейлінше жиі пайдаланылады.
Қанның қай түрге жататынын анықтау. Айғақты заттағы қан іздерін анықтау оның қай түрге жататындығын анықтауды қажет етеді. Бұл қылмыс жасады деп сезік келтірілген адамның өз киімінен табылған қан дағын басқа нәрседен, мысалы, дүкеннен сатып алынган еттен жүққан деп түсіндіруі жиі кездесетіндігіне байланысты.
Қанның түрін анықтау үшін белок түрін анықтауға мүмкіндік беретін иммунобиологиялық реакциялар қолданылады. Оларға преципитация, анафилаксия реакциясы мен комплементтің ауытқуы жатады. Бұл мақсатқа сот-медицина тәжірибесінде көбінесе Чистович-Уленгут реакциясы пайдаланылады.
Ф.Я.Чистович қоянға жылқының сарысуын (сыворотка) дарентералдық жолмен енгізген жағдайда оның өз сарысуы тек осы жануарлардың сарысуымен өзара әсер еткенде ғана дақ (преципитат) қалдыра алатынын анықтады. Соның нәтижесінде адам белогын преципитациялайтын сарысу болған жағдайда зерттеліп отырған дақтарда адам қанының бар екендігін анықтауға болады. Жануарлардың белогын преципитациялайтын сарысудың көмегімен қанның нақ қандай жануардікі екені анықталуы мүмкін. Преципитация реакциясының салыстырмалы ерекшелігі бар. Тектес жануарлар (мысалы, ірі қара мен қой-ешкі) бір-біріне ұқсас реакция жасауы ықтимал. Сонымен бірге жануарлардың филогенетикалық жағынан жақын түрлерінің қанын саралауға мүмкіндік беретін арнаулы әдістеме бар.
Қазіргі кезде сараптама тәжірибесінде сүйық ортадағы преципитация реакциясы нұсқаларының бірі — преципитация шеңбері кеңінен қолданылады. Бұл орайда қан дағынан сорғызылып алынатын зат (вытяжка) пен преципитацияланатын сарысу (антитело) бір-бірімен қабаттасады да, олардың арасында преципитация шеңбері пайда болады. Агардағы преципитация реакциясы да жиі қолданылады, өйткені оның өзіндік ерекшелігі жоғары болады, сонымен бірге сорылып алынған көмескі заттар мен былғанған дақты зерттеуге және оның нәтижелерін объективті түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Оның кемшіліктері — сезу мүмкіншілігінің біршама аз болуы мен нәтижесін бақылау мерзімінің ұзаққа созылуы. Бұл кемшіліктерді қарсы иммуноэлектрофорез (электро-преципитация) жасау әдісін қолдану арқылы жою оңай. Бұл әдістің мәні тұрақты электр тогының әсерімен антигендер мен антителолардың агарда бір-біріне қарай қозғалуы болып табылады. Бұл әдістеме агардағы преципитацияның зор сезгіштікпен реакцияға түсуінің бүкіл артықшылығын ұштастырады, оны небары 20—60 минутта өткізуге болады.
Қанның түрі қандай екенін анықтауға иммунитеттің басқа да реакциялары (комплементті, енжар агглютинацияны, анафилаксияны, т.т. байланыстыру) ұсынылады, бірақ олар іс жүзінде қолданыла бермейді.
Қанның топтық ерекшелігі
Қан топтары (АВО изосерологиялық жүйесі). Адамдардың бәрін олардың сарысуы мен эритроциттерінің агглютинация беру қабілеті жөнінен 4 топқа: 0 (I), А (П), В (Ш), АВ (IV) топтарына бөлуге болатыны анықталды. Барлық адамдарды топтарға бөлу негізіне изогемагглютинация реакциясы алынған, ол антиген мен антитело арасындағы реакцияға ұқсас құбылыс ретінде қарастырылады. Эритроциттерде топқа тән ерекшеліктері бар антигендер — А,В және О (Н) аг-глютиногендер, ал сарысуда антителолар — альфа және бета агглютининдері болады.
Көптеген авторлардың зерттеулері А антигені бар қан топтарының біртектес болмайтындығын көрсетті. Қанның Аі (А "күшті") және Аг (А "әлсіз") топтарга бөлінуіне байланысты бұл агглютиногенде айырмашылық болатыны байқалды. А антигені: Аз, А4, А5, Ах өте нашар байқалатын қан үлгілері де сипатталған. В антигені әлсіз болатын жағдайлар сирек кездеседі.
Қанның сарысуында әдеттегі альфа және бета агглютининдерімен бірге экстраагглютининдер, яғни қосымша агглютининдер де ұшырасады. Мәселен, Аг және Аг В қан топта-рында — Хі агтлютині кездеседі, ал Аі және АіВ топтарында анти - О (Хг) агглютині өте сирек болады. Әлсіз антигендер мен қосымша агтлютиндердің болуы сұйық қан топтарын анықтау кезінде жиі кездесетін себептердің бірі болып табылады.
Сұйық қанның тобы міндетті түрде екі әдіспен: агглютиногендері және агглютининдері бойынша анықталады. Бұл үшін стандартты сарысулар мен эритроциттер пайдаланылады. Агглютинация түтіктерде және шыныларда жүргізіледі. Сот-медицина тәжірибесінде шыны түтіктерде зерттеу неғүрлым дәлірек болатыны анықталған.
Топтық факторлар құрғатылған қаннан да анықталады. Құрғақ қандағы агглютининдер олардың бастапқы титрының бірнеше күннен бірнеше жылға дейінгі жоғары болуына байланысты сақталады. Шіру және сыртқы жағдайдың (жоғары температураның, ультракүлтін радиацияның, т.б.) қандай да болсын бүлдірушілік әрекеті болмаған жағдайда құрғақ қандағы агглютиногендер ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған жылдар бойы сақталады. Құрғақ қандағы агглютининдер, бір жағынан, стандартты эритроциттермен, екінші жағынан, қан дағынан сорылып алынған заттар (экстрагирОвание әдісі) немесе қан қабықтары арасындағы агглютинация (қан астына шыны салу) реакциясы арқылы анықталады.
Кейінгі жылдарда абсорбция-элюция реакциясы да кең қолданылып келеді, ол 4—5 мм жіпке сіңген антигендерді анықтауға мүмкіндік береді. Ол антиген-антитело реакциясының қайтымдылығына негізделген. Принципінде қарапайым екендігіне қарамастан, абсорбция-элюция реакциясын жасау едәуір күрделі және оны білікті сарапшылар ғана жасай алады. Сараптама тәжірибесінде соған ұқсас тағы бір реакция — "аралас агглютинация" қолданылады.
Дақтардағы қанның топтық ерекшелігін зертте.удің сот-медицина тәжірибесіне енгізілуі лабораториялардың сарапшылары шешетін мәселелер ауқымын кеңейтуге» мүмкіндік берді.
Басқа да изосерологиялық жүйелер. Осы ғасырдың отызыншы жылдарында адамның эритроциттерінен АВО қан топтарына байланысы жоқ жаңа антигендер ашылды. Бүл антигендер М және N деп аталады. Олардың қосылысынан барлық адамдардың қаны бөлінетін үш түр (М, N. МІЧ) шықты. АВО жүйесінің факторлары сияқты, М және N антигендері дё адамның эритроциттерінде ғана емес, сонымен қатар басқа клеткаларында, ұлпалары мен мүшелерінде де болады. АВО антигендерінен айырмашылығы, М және N антигендері адамнан бөлініп шығатын нәрселерден табылған жоқ. Кейініректе изосерологиялық МЫ жүйесінде тағы да 3 және з антигендері ашылды.
МЫ антигендері ашылғаннан кейін көп кешікпей адамның эритроциттерінде Р агглютиногені бар екені дәлелденді. Барлық адамдарды осы антигеннің болу-болмауына қарай тағы да екі топқа бөлуге болады. Сол сияқты көптеген адамдардың қанында резус-фактор деп аталатын антигендік қасиеті бары анықталды. Ал резус-фактордың болуболмауы негізінде барлық адамдарды екі топқа: КҺ+ және К.Һ- (немесе гһ) топтарына бөлуге болады. Одан әрі жүргізілген зерттеулер резус-факторлардың бірнеше түрі бар екенін көрсетті.
Сұйық қаннан изосерологиялық МЫ, Р және К.Һ жүйелерінің антигендерін анықтау біршама оңай. Бүл факторларды қан дақтарынан анықтаудың жөні бөлек. Әдетте, абсорб-ция реакциясы олардың табылуын қамтамасыз етпейді. Ал абсорбция-элюция реакциясын қолданған жағдайда едөуір жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады.
Резус-фактордың ашылуы қайталап қан қүю кезінде, сондай-ақ әйелдердің екіқабат кезінде пайда болатын антителолардың зерттелуін күшейтуге әкеп соғады. Осындай әдіспен изосерологиялық жаңа жүйелер: Лютеран, Льюис, Келл,Даф-фи, Кидд, Диего, Ст, НІА жүйёлері ашылды. Соның ішінде Льюис жүйесінің сот-медициналық маңызы өте зор, өйткені оның антигендерін қан дақтарынан табуға болады.
Қанның сарысу жөне фермент жүйелері. Адам қаны сарысуының белок құрамын зерттеген кезде түрлі адамдардың сарысу белоктарында айырмашылықтар бар екені анықталды. Қазіргі уақытта адамның бірқатар сарысу топтары (жүйе-лері): гаптаглобин (Нр), гаммаглобулин (Ст, ЛиУ), арнаулы тоггық компонент (Се), трансферин (ТІ), липопротеидтер (Ад, Ьр) жүйелері мен басқа да жүйелер ашылды.
Ұрпақтан ұрпаққа ауысатын полиморфизм адамның қан сарысуында да, эритроциттерінде де болатын көптеген ферменттерге тән. Көптеген ферменттердің әр түрлі адамдарда изоферменттер түрінде кездесетіні дәлелденді. Олар бәрі бір реакцияны жүргізеді, бірақ белсенділігі, электрофоретикалық қозғалуы, т.б. жағынан ерекшеленеді. Сот-медицина сараптамасында адамның мынадай ферменттік жүйелерінің: эритроциттік ащы фосфатазасының, эритроциттік фосфоглюкомутазасының, сарысу холинэстеразының және басқаларьшың маңызы зор. Бірқатар ферменттерді қанның жаңадан түскен дақтарынан табуға болады.
Қан дақтарын зерттеу кезінде басқа мөселелерді шешу
Дақтардағы қанның қай жынысқа жататындығын анықтау. Қанның белгілі бір адамға жату мүмкіндігі туралы мәселені шешу үшін қылмыс жасады деп айыпталушы мен одан жәбірленушінің жынысы бірдей болмаған жағдайларда қанның қай жынысқа жататындығын анықтау пайдаланылуы мүмкін. Бұл әдіс еркектер мен әйелдердің сегментоядролық лейкоциттері ядроларының қүрамындағы айырмашылықтарды анықтауға негізделген.
Зерттеу әдістемесі қан дақтарынан лейкоциттердің ядроларын алу, оларды гемоглобин мен концентрацияланудан жуып тазарту және боялған препаратты дайындау мен оны микроскоп арқылы қарау кезеңдерінен түрады.
Дұрыс қорытынды жасау үшін бұзылмаған лейкоциттерді көп мөлшерде зерттеу керек, ал мұны барлық уақытта бірдей, әсіресе, қанның зерттелетін іздері болған жағдайда істеу мүмкін емес. Бұл арада жыныстық дамуында туа біткен ауыт-қулары жоқ, дені сау адамдардың қаны бойынша ғана жынысты анықтауға болатынын атап өткен жөн.
Қан дақтары бойынша екіқабаттықты анықтау. Бұл мәселені шешу қанның қай жынысқа жататындығын анықтау кезінде қосымша бёлгі ретінде маңызды болуы мүмкін. Сонымен бірге кейде әйелдің бұрын екіқабат болғанына диагноз қоюға тура келеді. Бұл, әсіресе, әйел босанғаннан немесе түсік жасатқаннан кейін бірсыпыра уақыт өткен жагдайда қажет болады.
Сот медицинасы әдебиетінде әйелдің екіқабат екеніне және бұрын бала туғанына диагнозды екіқабат және бала тапқан әйелдер қанының лейцинаминопептидазасы мен окситоциназасының ерекшеліктері негізінде қою жөніндегі жүмыстар мәлім.
Қанның қай жерден аққанын анықтау. Кейбір жағдайларда қанның не себепті аққанын, қай жерден аққанын анықтауға тура келеді. Бұл орайда қанның дене терісінен ағуы немесе етеккір келуі салдарынан, мұрыннан, асқазаннан, өкпеден, т.б. ағуы мүмкін екенін ескеру керек. Қанның қай жерден аққанын анықтау, негізінен алғанда, белгілі бір қан аққан жерге тән әр түрлі қоспаларды морфологиялық жағынан зерттеу арқылы анықтауға негізделеді.
Қан дақтарынын қашан түскенін анықтау қан іздерінің белгілі бір оқиғаға байланысын анықтауға немесе оны бекерге шығаруға көмектеседі. Лабораториялардың сарапшылары алдына бұл мәселенің қойылуы жиі кездеседі, бірақ ол көп жағдайда қанағаттандырыла бермейді. Мұның себебі, дақтың , белгілі бір өзгерістері оның көп бұрын түскеніне ғана емесг" сонымен қатар қан дақтарының қандай жағдайларда (температура, жарық, ылғалдылық дақ түскен заттың қасиеттері, т.т.) болғанына да байланысты. Ал бұл факторлар ешқашан ескерілмейді деуге болады.
Қан дақтарының қашан түскенін анықтау үшін дақтарды суда және басқа нәрседе еріту, дақтардың түсін өзгерту, әр түрлі ферменттердің белсенділігін анықтау, гемоглобиннің метгемоглобинге көшу дәрежесін анықтау, т.б. керек. Қан дағының айналасындағы үлпада қан хлоридінің диффузия процесін анықтауға негізделген хлоридтік әдіс те бар. Алайда ылғалдылық жоғары болған жағдайда хлоридтер диффузиясының шапшаңдығы артады да, дақ мерзіміне байланысы шамалы болады.
Дақ түсірген сүйық қан мөлшерін анықтау мәселесі қанның құрғақ қалдығын және оны сұйық қанға шағып есептеу негізінде шешіледі. Құрғақ қалдық қан дағы мен ол түскен заттың көлемі бірдей жерлерінің салмағын салыстыру жолымен немесе дақтан қанды сілтілі ерітінділермен алу арқылы анықталады. Бұл әдістердің бәрі белгілі бір дәрежеде ғана анықтама жасауға мүмкіндік береді.
Дақтардағы қанның нәрестенікі немесе ересек адамдыкі екенін анықтау. Бала өлтірілген немесе қылмысты жасалған жағдайларды тергеу кезінде айғақты заттардағы қанның шарананыкі (сәбидікі) немесе ересек адамдыкі екенін анықтау қажет болуы ықтимал. Мүны анықтау шарана мен ересек адам гемоглобинінің сілтілер әсеріне төзімділігінің әр түрлі болуына негізделеді: сілті денатурациясына шарананың гемоглобиніне қарағанда ересектер гемоглобинінің төзімділігі азырақ болады. Бұл орайда қан дақтарының түскенінен кейін көп уақыт өтпеген жағдайда ғана дұрыс нәтиже алынуы мүмкін.