- Рефераты на казахском
- ШҚО
- Алматы қорығы
Алматы қорығы
АЛМАТЫ ҚОРЫҒЫ – Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 ж. құрылған мемлекеттік қорық. Аудаңы 73,34 мың га (1997). Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400 — 5017 м биіктікте орналаскан Талғар тау жоталары енеді. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды-дала белдеуінде (1300 — 2600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұ-рын, үшқат өседі. Жабайы жеміс ағашты орман Тянь-Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақгы орманға (1400 - 2800 м) ауысады. Ал субальпі белдеуі (2600 — 3000 м) жартастар мен құлама шөгінділерден жөне шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады. Одан жоғары (3800 м-ден биік) белдеуді ұдайы мұз басқан құздар алып жатыр. Қорыққа өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар. Алматы қорығы жануарлар дүниесіне де бай. Онда сүтқоректілердің 40 (барыс, қоңыр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін, т.б.), құстардың 200-дей түрі (самырсын құсы, шырша торғай, тоқылдақ, бұлбұл, үкі, кептер, қара жөне сары шымшық, құр, ұлар, қозықұмай, сушыл торғай, арша ементұмсығы, т.б.) бар. Бауырымен жорғалаушылардан: алай кесірткесі, қалкан тұмсықты жылан; қосмекенділерден: көлбақа мен жасыл кұрбақа кездеседі. Қорықта ғылыми жұмыстар жолға қойылған. Ғалымдар орманның қалыптасу зандылықтарын, өсімдіктер мен жануарлар экологиясын және олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Қорықта көп жылдан бері "Табиғат шежіресі" атты күнделік жүргізіліп, онда жинақталған ғьлыми мәліметтер Алматы қорығы туралы 9 томдық кітапта баяндалған.