Алтай

Қазақстанның шығыс өлкелері Алтай, Тарбағатай тауларына, Зайсан мен Алакөл көлдеріне тіреледі. Олар да өз қасиеттерімен белгілі. Жоңғарлармен соғыста жараланған қазақ жауынгерлері осы көлдерге жетіп жығылсам деп көксейді екен. Алакөлдің емдік суы жаралы жанды аз уақытта аяғынан түрғызып жіберген. Зайсан көлінің маңайында терек, тораңғы түқымдасқа жататын үшінші кезеңнің сирек кездесетін тоғайлары бар. Ал Тарбағатай баурайлары мен Айғырқүм қүмдарында өсетін шырғанақ емдік бүталары тығыз. Осынау тамаша жерлердің табиғатын сақтау үшін мемлекеттің қорғауындағы Марқакөл, Батыс Алтай, Алакөл қорықтары, 13 мемлекеттік зоология жөне ботаника заказниктері қүрылған. 
Жуырда тағы да Себе және  Қатонқарағай екі үлттық табиғат паркі үйымдастырылғалы отыр. Алтай тауларының 1,5 мың метр биіктігінде Рахманов қайнарының бүлағы орналасқан. Бұл бүлаққа аңцар да, адамдар да келіп, емделіп түрады. Рахманов деген аңшы бір күні жаралы маралдың ізіне түсіпті. Аң бүлаққа дейін жетіп, ортасына түра қалған екен. Ал ол судан шыққан кезде денесінде жара орны байқалмаған. Сонда аңшының өзі де суға түсіп, ревматизм болған тізесін емдеп, үйіне аман-сау қайтқан екен. Қазір мүнда тірек-қозғалыс аппараты ауруларын емдейді. Бір таңқаларлығы Рахман қайнарлары жыл бойы ыстық болғанымен, оның барып қүйылатын көлінің суы мұп-мүздай. Осынау ерекше қүбылысты түсіндіру қиын. Осы маңайда Қазақстандағы ең биік сарқырама, биіктігі 40 м жететін үлкен Көккөл сарқырамасы күркіреп жатады.

  Қазақ тіліндегі рефераттар - ШҚО


Яндекс.Метрика