- Рефераты на казахском
- Мамандық
- Публицистика
Публицистика
КІРІСПЕ
Жұмыcтың жалпы сипаттамасы. Диссертацияда қазақ публицистикасының өткені мен бүгіні қазіргі көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Ұлттық публицистиканың терең тамырлары айқындалады. Фольклорлық шығармалардағы ауызекі публицистиканың алғашқы үлгілері көрсетіліп, ежелгі жазба ескерткіштері публицистика бастаулары ретінде сараптан өтеді. Қазақтың алғашқы мерзімді баспасөзіндегі публицистика ғылыми жүйеленеді. Кеңес дәуіріндегі және тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ публицистикасының тақырыптық ауқымы, көркемдік деңгейі, бейнелеуіш құралдары жекелеген публицистер шығармашылығы негізінде ашылады.
Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі - сөз өнері. Сонау көне замандардан бастап қазірге дейінгі адам ақыл-ойының маржандары сөз арқылы бізге жетті. Өмірде болған небір оқиғалар мен құбылыстарды, тіршіліктің алуан түсті бояулары мен айшықтарын келер ұрпаққа жеткізетін де сол өлмейтін сөз.
«Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яғни қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз - осылай шығарған сөз...» [1,147-148 б.б.| -деп жазыпты Ахмет Байтұрсынов.
Публицистика да - сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол - көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.
Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес. Ұлттық публицистика өнеріне неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылып отыр. Бұл қажеттіліктен туған мүмкіндік, әрі мүмкіндіктен туған қажеттілік.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекеттік тіл туралы бір толғанысында: «...Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!?" [2,38 б.] - деп тебіреніпті. Сол туған тіліміздің барлық қадір-қасиетін "бойына сіңірген қазақ публицистикасы еліміз жүріп өткен ұзақ жолдың шежіресі бола білді. Жұрт қиналса, демеу болып, жігер отын жаныды, намыс рухын оятты, ұлт қуанса, медеу болып жарқын жолға бастады, биік белестерді бағындыруға шақырды. Сөйтіп, қазақ публицистикасы ұлттың рухани байлығының ажырамас бөлігіне айналды. Оның ғажаптығының өзі сонда - публицистика белгілі бір кезеңдегі болған белгілі бір нақтылы оқиғаны айна-қатесіз бүгін көз алдымызға" әкеледі. Сол кезде не болды, қалай болды, кімдер өмір сүрді, олар қандай әрекет, мінез көрсетті? Міне осы сауалдардың бәріне публицистикалық шығармалардан жауап таба аламыз. Өткенді бүгінге, бүгінді болашаққа жалғап тұрған ақиқат көпірін көргіңіз келсе — ол публицистика өнері.
Публицистика туралы іргелі зерттеулердің басым бөлігі кеңестік кезеңде туды. Сондықтан публицистикаға кеңестік жүйе қалыптастырған таным тұрғысынан баға берілді. Қазақ публицистикасы да тамыры жоқ бұтағы бар күйінде, тар шеңбер ауқымында қарастырылуы заңды мәжбүрлік еді. Зерттеудің зәрулігі де тәуелсіздік талаптарынан туындайды. Біріншіден, қазақ публицистикасын тұтас алып қарастырудың, ұлттық таным тұрғысынан баға берудің мүмкіндігі туды. Екіншіден, бұрын зерттеуге болмайтын қазақ публицистикасының көне түркілік тамырын, фольклорлық дәстүрін, шешендік негізін ашудың сәті түсті. Үшіншіден, Қазан төңкерісінен бұрынғы қазақ публицистикасының қалыптасуындағы қайшылықты кезеңнің әділ бағасын берудің қажеттілігі туды. Төртіншіден, кеңестік кезеңнің өзіндегі қазақ публицистикасына бүгінгі тәуелсіздік ұстанымдары тұрғысынан қараудың да кезі келді. Оның үстіне қазақ публицистикасының ұлттық қоғамдық-саяси ойымызды қалыптастырудағы маңызын ашу арқылы қазақ халқының әлемдік рухани ортадағы орнын айқындаудан да тақырыптың өзектілігі көрініс табады. Сондай-ақ бүгінгі дүниедегі қат-қабат өзгерістер заманында публицистиканың орасан зор мәнге ие болып отырғандығы да көпшілікке белгілі. Ал оның өз алдына дербес шығармашылық саласы екендігі де дау тудырмайды. Мұның өзі - тақырыптың зәрулігінің басты себебінің бірі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазіргі уақытқа дейінгі қазақ публицистикасының зерттелуі негізгі екі бағытта жүргізіліп келді. Оның бірі жалпы журналистиканың құрамдас бөлігі ретінде публицистика тарихы, теориясы, тәжірибесіне арналған еңбектер.
Бұл ретте алғаш аталатыны - М.И.Фетисовтың 1961 жылы жарық көрген "Зарождение казахской публицистики" атты еңбегі. Осы кітаптың алғы сөзінде М.Қаратаев пен А.Брагин былай деп жазыпты:
"...Фетисов правильно обратился к истокам казахской публицистики. Однако он не довел исследования до конца и оставил за гранью книги возникновение публицистики на страницах первых печатных казахских изданий - "Дала уалаяты" и, прежде всего,-журнала "Айкап". "Дала уалаяты" первая казахская газета, и естественно, что именно она призвала к деятельности и первых профессиональных публицистов. В еще большей мере интересен журнал "Айкап". Главы об этих изданиях могли придать книге окончательную завершенность и еще большую убедительность" [3; 10.],- деп жазған екен. Қазақ публицистикасының пайда болуына қатысты зерттеуші ойлары кеңестік кезең талаптары тұрғысынан өріледі. Бұл еңбекте Шоқан, Ыбырай, Абай шығармалары талданады, ал жалпы публицистика теориясына қатысты айқындама жоқ. "Газет жанрлары" деген атпен шыққан ұжымдық зерттеу жинағында публицистика жанрлары ғылыми тұрғыдан жүйеленеді. Онда баспасөз жанрлары орыс ғалымдары еңбектерімен тығыз байланыста қарастырылып, олардың публицистикалық сипатына мән берілді [4]. Қазақ публицистикасының теориясы мен тәжірибесіне қатысты мәселелерді алғаш рет бір арнаға түсіріп, публицистиканы дербес пән ретінде қарастырып, оның мазмұны, формасы, әдісі, функциялары туралы ғылыми тұжырымдар жасаған профессор Т.Амандосов болды. Оның "Современная казахская публицистика" атты докторлық диссертаииясында публицистиканың кейбір ерекшеліктері көрсетілді; Ә.Әлімжанов, Ү.Бағаев, Б.Бұлқышев, Ә.Нұршайықов, К.Қазыбаев сияқты қаламгерлер шығармашылығы негізінде публицистік шеберлік мәселелері зерттелді; қазақ публицистикасының жанрлары айқындалды [5]. Профессор М.Барманқұловтың "Жанры печати, радиовещания и телевидения" атты оқу құралында баспасөз, радио және теледидар жанрларының салыстырмалы түрдегі талдаулары жасалды [6]. Р.Ыдырысовтың "Казахская военная публицистика" атты кандидаттық диссертациясында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери публицистика мазмұндық жағынан зерттелді [7].
Журналистика мәселелерін әр жылдары зерттеген Қ.Бекхожиннің, Б.Кенжебаевтың, Т.Қожакеевтің, Ш.Елеукеновтің, Ү.Сұбханбердинаның, З.Тұрарбековтің, С.Имашевтің, С.Матвиенконың, Ә.Ыдырысовтың, Н.Омашевтың, С.Қозыбаевтың, Т.Ыдырысовтың, Қ.Әбілдаевтың, М.Арғынбаевтың, С.Масғұтовтың, Р.Сағымбековтың еңбектерінде де публицистика туралы жекелеген пікір-тұжырымдар кездеседі.
Қазақ публицистикасын зерттеудің екінші бағыты еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін жүзеге аса бастады. Бұл - көрнекті қазақ публицистерінің шығармашылығын монографиялық тұрғыдан қарастыру негізінде публицистиканы зерттеу. Осы ретте А.Байтұрсыновтың, М.Әуезовтің, С.Қожановтың, Б.Майлиннің, Ғ.Мүсіреповтің, Ә.Бөкейхановтың, Н.Төреқұловтың, С.Ерубаевтың, Х.Досмұхамедұлының, Ә.Әлімжановтың, О.Сүлейменовтің, К.Смайыловтың, С.Мәуленовтың, Ш.Мұртазаның, Е.Букетовтің публицистік шығармашылығына қатысты еңбектер шоғырын айтуымыз керек.
Десек те, қазақ публицистикасының гносеологиялық табиғаты, оның қалыптасу, даму арналары кең ауқымда алынып, тұтас зерттелмеді. Оған бірнеше себептер де болды. Кеңестік қоғам кезінде ғылымның басқа салаларындағы сияқты маркстік-лениндік методология публицистиканы тар шеңберде қарастыруға ғана мүмкіндік берді. Қазақ публицистикасының өзіндік тамырын ашудың ұлттық сананы ояту қаупі болды. Ал алғашқы газет-журналдардағы публицистикаға бір жақты баға берілді, ондағы көрнекті публицистер шығармашылығы зерттелмеді. Алаш қайраткер-қаламгерлерінің аттарын атаудың өзі қылмыс саналды. Публицистикадағы ұлттық мәселелер көрінісі туралы сөз қозғау тіптен мүмкін емес еді. Кеңестік дәуірдегі публицистикатану партиялық публицистика тұрғысынан қарастырылумен шектелді.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы жоғарыда аталған жеке публицистер шығармашылығы туралы зерттеулер тақырыптың тар көлемді шеңберінен аса алмады.
Зерттеудің максаты мен міндеттері. Қазақ публицистикасының түпқайнарларын айқындап, қалыптасу, даму арналарын ашып- анықтауды және соның барысындағы тақырыптық, проблемалық, жанрлық, пішіндік өзгерістерді біртұтас бірлікте парықтап- пайымдауды мақсат тұтып, соған сәйкес төмендегідей нақты міндеттерді алдымызға қойдық:
- публицистика табиғатын айқындау;
- публицистика мен көркем әдебиеттің, сондай-ақ публицистика мен журналистиканың арақатынасын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету;
- көне жазба ескерткіштердегі публицистикалық белгілерді анықтау;
- қазақ публицистикасының фольклорлық дәстүрін аңдату;
- батырлар жырындағы ауызекі публицистикаға тән белгілерді талдап-таразылау;
- жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарындарды кеңінен саралау;
- шешендік сөздердегі публицистикалық белгілерді айқындау;
- қазақ публицистикасының баспасөз бетінде қалыптасуын дәйектеу;
- қазақ публицистикасының жазба публицистикаға көшуіндегі жаңаша көрініс, түр табуындағы ерекшеліктерді саралау;
- қазақ тіліндегі алғашқы қазақ басылымы - "Түркістан уалаятының газетіндегі" публицистиканың баспасөзбен тоғысуын байыптап-бағалау;
- "Дала уалаятының газетіндегі" көрнекті публицистер шығармашылығын тексеру;
- "Айқап" журналындағы ұлттық публицистиканың алғашқы нышандарын, жанрлық, түрлік көріністерді таныту;
- "Қазақ" газетіндегі ұлттық публицистиканың қалыптасу ерекшеліктерін көрсету;
- Кеңес дәуіріндегі публицистиканың негізгі даму бағыттарын, типологиясын айқындау;
- қазақ публицистикасының қалыптасып, даму жолын көрсету және дәуір-дәуірге бөлу;
- тәуелсіздік тұсындағы қазақ публицистикасындағы тақырыптық және проблемалық ізденістерді жаңа талап тұрғысынан зерделеу;
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертацияның нақты ғылыми жаңалықтары ретінде төмендегідей қол жеткен нәтижелерді атауға болады:
- қазақ публицистикасы тұңғыш рет кең ауқымды тұтас зерттеу объектісіне айналып, жан-жақты қарастырылды;
- публицистика табиғаты ғылыми байыпталды;
- ұлттық публицистиканың тарихи негіздері айқындалып, қазақ публицис-
тикасының пайда болуының уақыттық шегі тереңдетілді;
- көне жазба ескерткіштердегі, батырлар жырындағы, жыраулар поэзиясындағы шешендік сөздердегі публицистикалық сарындар алғаш анықталды;
- "Түркістан уалаятыньщ газетіндегі" алғашқы публицистикалық шығармалар ғылыми айналымға енгізілді;
- "Дала уалаятаның газетіндегі" көрнекті публицистер шығармашылығы сараланды;
- "Айқап" журналы мен "Қазақ" газетіндегі публицистиканың ұлттық сананы оятудағы ролі бүгінгі көзқарастың сүзгі-сарабынан қайта өткізілді;
- Кеңес дәуіріндегі публицистиканың дамуының негізгі бағыттары, типологиясы, жанрлық, түрлік өзгешеліктері тыңнан таразыланды;
- Тәуелсіз Қазақстан Республикасы публицистикасының жаңа сипаты мазмұндық тұрғыдан ашылып, ғылыми байыптама жасалды.
Зерттеудің нысаны мен хронологиялык ауқымы. Диссертациялық жұмыстың нысаны ретінде ұлттық публицистикамыздың пайда болу, қалыптасу, даму кезендеріндегі шығармалар алынды. Бір айта кетерлік жайт - публицистикада кеңістіктік-уақыттық фактор бірінші кезекке шығарылады. Өйткені авторлық көзқарастың өзі публицистикалық кеңістік пен уақытқа тығыз байланған. Уақыт өзінен-өзі публицистиканың бейнелеу және зерттеу нысанына айналады. Осыған орай еңбекте көне дәуірлерден бастап тәуелсіздік дәуіріне дейінгі аралықты қарастыра отырып, қазақ публицистикасының әдеби-поэтикалық хронологиясын түзуге талпыныс жасалды. Оған арқау болған шығармалар негізінен мыналар: Ү-ҮІІІ ғасырлардағы Орхон, Енисей, Талас жазба ескеркіштері; XIV-XVI ғасырлардағы ел өмірін көрсететін "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Ер Тарғын" жырлары; XV-XIX ғасырлар аралығындағы қазақ тұрмыс-тіршілігін арқау еткен жыраулар поэзиясы; ХІІІ-ХҮІІ ғасырлардағы Майқы би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің шешендік сөз үлгілері; Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев қалыптастырған қазақтың жазба публицистикасының үлгілері; қазақ тіліндегі тұңғыш мерзімді баспасөз "Түркістан уалаятының газеті" (1870-1882) бетіндегі алғашқы публицистикалық шығармалар; "Дала уалаятының газеті" (1888-1902) бетінде жарияланған Д.Сұлтанғазин, Қ.Жапанов, О.Әлжанов, Р.Дүйсенбаев, А.Құрманбаевтың; "Айқап" журналындағы (1911-1915) М.Сералин, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтың; "Қазақ" газетіндегі (1913-1918) Ә.Бөкейханов, Р.Марсеков, Ғ.Қарашевтің публицистикалық шығармалары; сондай-ақ кеңестік дәуірдегі "Қызыл Қазақстан", "Ұшқын", "Еңбекші қазақ", "Еңбекшіл қазақ", "Қазақ тілі", Еңбек туы", "Ақ жол", "Шаншар", "Таң", "Жаршы", "Ауыл тілі", "Ауыл", "Социалды Қазақстан", "Қарағанды пролетариаты" басылымдарында жарық көрген С.Сейфуллиннің, Ж.Аймауытовтың, Б.Майлиннің публицистикалық шығармалары, "Социалистік Қазақстан", "Лениншіл жас", "Қазақ әдебиеті", "Егеменді Қазақстан" газеттерінде жарияланған көрнекті публицистер Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Бұлқышев, М.Иманжанов, т.б. шығармалары.
Еңбектің теориялық және методологиялық негізі. Қазақ публицисти-касының генезис, эволюция және поэтикасын қарастырғанда, әдебиеттанудағы кейбір еңбектерді негізге алдық. Бұл ретте А.Байтұрсынов, З.Қабдолов, еңбектері теориялық, методологиялық бағыт-бағдар ретінде пайдаланылды. Сондай-ақ тілші ғалымдарымыз Ғ.Айдаров, Р.Сыздықова, Б.Әбілқасымов, С.Исаев, Е.Жұбанов еңбектері де тақырыпты ашуға жәрдемін тигізді.
Қазақ журналистикасының теориясы мсн тарихына қатысты Х.Бекхожин, Т.Амандосов, Т.Қожакеев, М.Фетисов, М.Барманқұлов, С.Имашев, Т.Ыдырысов, Ү.Сұбханбердина, З.Тұрарбеков, Ф.Оразаев, Н.Омашев, С.Қозыбаев, А.Сәрсенбаев, Д.Назарбаева, Ғ.Ибраева еңбектері дәйек көздері ретінде көмек келтірді.
Қорғауға үсынылатын негізгі тұжырымдар.
Зертгеу жүмысында публицистиканың табиғаты айқындалып онын жалпы адамзат дамуының алғашқы дөуірлерівдегі екі түрі
болғандығы анықталды. Оның бірі үрпақтан-үрпаққа ауызша жеткізілген ауызекі публицистика. Екіншісі - жазу, сызу пайда болғаннан кейін қолданыска енген жазба публицистика.
- Ғылыми жүмыста - батырлар жыры ауызекі публицистика үлгісі түрінде қарастырылды. Батырлар жырының негізінде халыктың шындык өмірі жатқандығы біз үшін маңызды болды.
- Орта ғасырлардағы жыраулар поэзиясы да өз заманының елеулі қоғамдық мәселелерін өзек етті. Жыраулар поэзиясының өз заманын-дағы дәуір үнін жеткізумен қатар, мемлекетті баскару қүралы болған-дығы да публицистика функцияларымен қабысып жатыр.
- Қазақтың тапқырлық пен даналыққа, шүрайлы тіл мен орайлы ойға негізделген шешевдер сөздерінен де замана шындығын, өмір көріністерін, тіпті нақтылы дерек-дөйектерді де кездестіруге болады. Мүның өзі шешендік өнердің бойындағы публицистикалык белгілерді ашып, анықтауға жол ашты.
Қазақтың жазба публицистикасының түп-тамырын тереңнен іздеуді жөн санадық. Орхон, Талас, Енисей ескерткіштерінен публи-цистикаға тән белгілерді таптық. Олардағы нақты қоғамдық-саяси ахуал, ата-бабаларымыз туралы шындық деректер қазақ публицисти-касының да өз бастауын көне дөуірлерден алатынына айғақ бола алады.
- Қазак, публицистикасының қалыптасуында ХІХ-ғасырдағы ойшыддар Шоқан, Ыбырай, Абай шығармалары зор орын алады. Бірақ кеңес дәуіріндегі кейбір ғылыми түжырымдар сияқты қазақ публицистикасы Шоқан, Ыбырай, Абай шығармаларымен бірге туды деп емес, қалыптасты деген пікірге тоқталамыз. Өйткені, бүгшгі көзқарас түрғысынан алғанда, қазак, публицистикасының туу, пайда болуы көне дәуірлерде жатқандығын өз түжырымымызда дәлелдеуге талпындық.
- XIX ғасырдың екінші жартысывда қазақ баспасөзі дүниеге келді. Дәлірек айтканда 1870 жылы қазак тіліндегі түңғыш басылым "Түркістан уалаятының газетінің" шығуымен баспасөз бен публицис-тиканың тоғысуы жүзеге асты. Алғашқы қазақ газетінің бетіндегі коғамдық маңызы бар жарияланымдарды екшеп алып, олардың тақы-рыптық, проблемалық сипатына тоқтавдық. Сонымен қатар публи-цистика жанрларының алғашқы көріністері осы басылымда пайда болғанына нактылы дөлелдер таптық.
- Қазак публицистикасының қалыптасу дәуірінде "Дала уалаятының газеті" шықты (1888 ж.). Бұл басылымда XIX ғасыр аяғында қазақ халқының проблемаларын айқын көрсете алған көрнекті публицистер шоғыры калыптасты.
- XX ғасырдың басында жарық көрген "Айқап" журналының (1911 ж.) үлттық публицистикамыздың калыптасуындағы орны айқындалды. "Айқапқа" белсене араласқан публицистердің жаңа ғасыр басындағы үлттық коғамдық ойды қалыптастырудағы азаматтық позициясы бүгінгі көзкарас биігінен сараланды. "Айқаптағы"
публицистикалық шығармачардың жанрлық, түрлік қырларына да мән берілді.
- Халкымыздың азаттығы үшін күрескен "Қазак" газетінін (1913) жарыққа шығуымен бірге ұлттық публицистикамыз ізденіс жолына түсті. "Қазакта" жарияланған мақалалар мен хаггарда қазак дала-сывдағы саяси, экономикалык, рухани мәселелер үлттық мүдде тұрғысынан қозғалды. Зерттеуде шығармашылығы беймәлім қалам-герлердің публицистикасындағы өткір ойлар мен батыл үсыныстар-дың үлттық сананы қалыптастырудағы рөлі байыпталды.
Кеңестік дәуірдегі публицистиканың негізгі бағыттары мен типологиясы, жанрлық жене пішіндік өзгешеліктері айкындалды. Осы кезде қазақ публицистикасына орыс публицистикасының әсер, ықпалы зор бодды. 1917-1990 жылдар аралығын қамтитын бүл дәуірде қазақ публицистикасы жанрлық, түрлік түрғыдан байып, шектеулі тақырыптық, мазмүндық ауқымда өркендеді. Осы жылдардағы казақ публицистикасының негізгі даму бағыттары айкындалды. Публицистика типологиясы текстік, түрлік, жанрлык, стильдік түрғыдан жіктелді. Сонымен қатар бүкаралык ақпарат құралдарында көрініс табуына орай пайда болған публицистика түрлеріне де мән берілді. Кеңестік кезендердегі қазак публицистикасының функциялары анықталды.
Тәуелсіздік дәуіріндегі публицистика газет публицистикасы нүсқалары түрғысынан талданды. "Егеменді Қазақстан", "Қазақ әдебиеті" басылымдарывдағы қоғамдық маңызы зор мәселелерді қозғаған шығармалардағы тақырыптық жоне проблемалык ізденістер айқындалды.
Ғылыми зерттеудің нөтижесінде қазак публицистикасының пайда болу, калыптасу және даму жолдарын мынадай төрт дәуірге бөлуге болады:
1. Қазақ публицистикасының пайда болу дәуірі (көне замандардан XIX гасырдың екінші жартысына дейін);
2. Қазақ публицистикасының қсьіыптасу дәуірі (1870-1917 ж.ж.);
3. Лублицистика дамуының кеңестік дәуірі (1917-1990 ж.ж.);
4. Үлттық публицистика дамуының тәуелсіздік дәуірі (1991 жшдан бастап).
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Ғылыми еңбекте бұрын зертгелмеген казақ публицистикасынын гносеологиялық негіздерін айқындауға талпыныс жасалды. Сонымен қатар қазак, публицистикасының қалыптасу, даму арналары кен ауқымда, түтас жүйеленді. Болашақта осы зерттеу казақ публицистикасыньвд жанрлык эволюциясын, публицистиканың газет' публицистикасы, радиопублицистика, телепублицистика, фотопублицистика, кинопуб-лицистика, интернеттегі публицистика сияқты түрлерін,' жекелеген басылымдардағы публицистиканы, көрнекті публицистер' шығарма-шылығын, публицистика теориясының алуан қырын, бейнетеу
құралдарын тексеру-талдау бағытындағы жаңа ізденістерге, нақты ғылыми нөтижелерге жол сала алады.
Диссертация материалдарын жоғары оку орындарында жүргізілетін "Қазақ публицистикасының тарихы", "Публицистика өнері", "Журналистика жөне әдебиет", "Журналистика негіздері", "Публицистика және саясат", т.б. жалпы пәндер, арнаулы курстар мен семинарларда, қазақ халкының рухани мүраларын жинактауға арналған еңбектерді әзірлеуде, оқулыктар мен оку қүраддарын жазу барысында пайдалануға болады.
Курс жұмысы кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде курс жұмысы тақырыбының өзектілігі және зерт деңгейі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері берілген
1 Публицистика табиғаты атты алғашқы тарауда адамзат қоғамында публицистиканың пайда болуының алғышарттары мен себептері айқындалып, оның көркем әдебиетпен және журналистикамен арақатынасы көрсетіледі. Осы тараудың 1.1 Публииистиканың пайда болуы деген бірінші бөлімшесінде жалпы публицистиканың бастау алар қайнар көздерін анықтауға талпыныс жасалады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Публииистиканың пайда болуы
Бүгінгі таңдағы дамыған публицистика бірден пайда бола қойған жоқ. Публицистиканың тууының өзі көне дәуірлердегі адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасуынан бастау алады. Сонау ерте замандарда адамдар арасында ақпараттық қажеттілік пайда болды. Бір адам екінші адамға, бір адамдардың тобы екінші адамдар тобына өз ойларын жеткізгісі келді. Бұл алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі тілдің пайда болуымен тікелей байланысты еді. Сөйтіп адамдар санасындағы идеялар, көзқарастар мен ойлар тіл арқылы басқаларға таралып, іс жүзіне аса бастады. Адамзат қоғамында қарым-қатынас құралы тілдің пайда болуы - публицистикаға дейінгі алғашқы құбылыстардың бірі еді.
Көрудің, естудің және сөйлеудің қосылуы негізінде адамдардың қоршаған орта туралы қоғамдық пікір, көзқарастары қалыптаса бастады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге қоғамдық өмір де күрделене түсті де, түрлі саяси құрылымдар мен кәсіби саясаткерлер тарих сахнасынан орын алды. Дәл осы кезде қоғамдық ақпаратты таратуда қалың бұқараның ішінен өзінің көсемдігімен, ақыл-ой, парасаттылығымен оқшауланып, суырылып шыққан шешендер белсенді рөл атқарды. Еуропада шешендік өнер бірте-бірте саяси пікір таластарға ұласты да, ол сөз сайыстары кейінірек парламенттік мәдениеттің құрамдас бөлігіне айналды. Асылы қазіргі "парламент" сөзінің түп-төркіні, француз тілінен аударғанда "раrler" "сөйлеу" деген мағынаны білдіреді. Сонымен, шешендік өнердің пайда болуы -публицистикаға негіз болған екінші бір кұбылыс болып саналады. Халқымыздың ақындары, батырлары, хандары мен билері, ақсақалдары мен әулиелері тауып айтқан асыл сөздің маржандары ұрпақтан ұрпаққа көшіп отыратын баға жетпес зор байлық.
Бүгінгі қазақ публицистикасының бір бастау бұлағы сол халық даналығында жатқандығын жадымызда әрдайым ұстауымыз керек.
Археологиялық, этнографиялық және жазбаша тарихи деректердің көрсетіп отырғанындай, Еуропа мен Азия кұрлықтарының Ұлы даласын мекендеген біздің бабаларымыз сол кездегі рулар мен тайпалар тек аңшылықпен, мал өсірумен ғана емес егіншілікпен де шұғылданған. Сол бабалардың үлкен мәдениеті де болған. Олар өздерінің тұрмыс-тіршілігін, оқиға-құбылыстарды тасқа таңбалап, ескерткіш белгі етіп қалдырған.
Адамзат дамуында жазудың пайда болуы мен дамуы - қазіргі публицистиканың пайда болуына ықпал еткен үшінші құбылыс болып саналады.
Ежелгі замандардағы жазба мәдениеттің көп таралған ертедегі көріністерінің бірі - шаруашылық, дипломатиялық және жеке жолдаулар мен хаттар болды. Бұл тарихи ескерткіштердің бір тобы - ресми сипаттағы қызметтік құжаттар болса, енді бір парасы - тұрмыстық, отбасылық, достық сипаттағы жеке адамдар арасындағы хаттар болды. Кейбір хаттарда қоғамдағы маңызды мәселелер қозғалып, саяси көзқарас, әлеуметтік идеялар көрініс тапты. Міне дәл осындай жолдаулардан келіп публицистикалық эпистологра-фияның алғашқы көріністері туды.
Сонымен қоғамдық маңызды мәселелерді қозғайтын публицистика - бірнеше ғасырлардағы адамзат ақыл-ойының жемісі.
1.2 Көркем әдебиет, журналистика және публицистика деген екінші бөлімшеде публицистика табиғаты айқындалады.
"Не нәрсенің болса да теориясын пайымдамас бүрын, алдымен, оның өзін анық танып, біліп алған жөн"[8,8 б.].
Шын мәнінде публицистика деген сөздің шығу төркіні жайлы айт-сақ, бүл латынның риЫісш - қоғамдық деген сөзінен шыққан. Бүдан аңғаратынымыз публицистика сөзінің этимологиясы "қоғамдық" деген сөзге тікелей қатысты.
Осы ойымызды нықтап, шегелей түсу үшін арғы-бергі сөздіктер мен зертгеушілер түжырымына жүгінейік. Мәселен, Владимир Дальдің Түсіндірме сөздігінде публицист сөзіне былайша анықтама берілген: "Публицист", писатель более газетный, журнальный, по современным общим вопросам, по народному праву"[9.535 б.].
Қазак зерттеушілерінің ішінде публицистикаға түңғыш анықтама-ны Ахмет Байтүрсынов өзінің "Әдебиет танытқыш" атты еңбегінде берді. А.Байтүрсынов публицистиканы көсем сөз деген қазақ сөзімен теркіндестіреді. "Кесем сөз шешен сез сияқты әлеуметке айтканын істету мақсатпен шығарылатын сөз. Шешен сөзден мұның айырыла-тын жері - шешен сөз ауызша айтылады, көсем сөз жазумен айтылады. Кесем сөз әлеумет ісіне басшылық пікір жүргізетін сөз болғандықтан да көсем сөз деп аталады. Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мүрындық болып істеу ыждағатымен айтылады"[1,223-224 б.б.]. Шын мәнінде публицистика әлеуметтік, коғамдық, саяси мәні бар бүгінгі күннің көкейкесті мөселелерін көтеретін, көпшілікке сол кезендегі басты міндеттерді аңғартып, саяси-өлеуметтік оқиғалардың сыр-сипатын ашып береді. Публицистика белгілі бір күннің, белгілі бір дәуірдің тарихын сол күннің, сол дәуірдің саясатымен, философиялық көзқарасымен байланыстыра отырып жасайды. Ол қоғамдық мәселелерді сырттай емес, өмірмен, төжірибемен үштастыра отырып баяндайды. Публицистика дегеніміз ~ заман тарихы, дәуір танысы, өмір шежіресі. Шежіре болғанда да күнделікті тіршіліктің рухани бейнесі, жанды көрінісі. Публицистика •• бүл бөрінен де бүрын шығармашылық процесс. "Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде" публицистикаға біршама жинақы айқындама берілген: "Кесем сез (публицистика, лат. риЫісш - қоғамдык) - едебиет пен журналистиканың қоғамдағы көкейкесті, еткір мәселелерді қозғайтын саласы. Көсем сездің мақсаты - нақтылы саяси, экономикалық, өлеуметтік, философиялық мәселелерді көтере отырып, өз кезеңіндегі қоғамдык ойға ықпал ету. Көсем сездің осы мақсатка орай қалыптасқан өзгеше стилі болады, оған айтыс рухы, сендіру, иландыру, үйытуға бағытталған тәсілдер тән, көсем сездің озык үлгілерінен шешендік сөздердің ізі андалатыны да содан.
Көсем сөз - мерзімді баспасез бетіндегі көптеген жанрларға бірдей қатысты үғым. Сондықтан көсемсөзшілер (публицистер) айтпак ойы, оны жеткізу ыңғайына қарай кейде памфлет, кейде эссе, мақала, ашық хат, кейде фельетон жазып, жариялайды"[10,122 б.].
Нағыз публицистикада әлеуметгік-төрбиелік ықпал жасаудың орасан зор күші бар, өйткені ол оқырманға, көрерменге, тындаушыға дүрыс бағыт сілтейді. Адамдардың ақыл-ойы мен сөздеріне өсер етудегі маңызды рөлді де атқарады. Публицистикалық қүбылыстарға галыми түрғыдан баға беру, дәлелдеудің айқындығы, өткірлік, барынша ықпал етуге үмтылушылық тән.
Публицистика туралы сөз еткенде, оның басқа салалармен ара-қатынасына назар аударып, олармен байланысына да көңіл бөлуіміз керек.
Публицистиканың көркем әдебиеттен езіндік өзгешеліктері бар. Ең алдымен, публицистика шығармашылықтың публицистикалық түріне, ал көркем әдебиет - шығармашылықтың көркем түріне жатады.
Екіншіден, "керкем әдеби шығармалар (өңгіме, хикая, роман) міндетгі түрде сюжетке қүрылады, портреттер ойдан шығарылады. Типтендіру, образ жасау, публицистиканын коркем жанрларына ғана тән келеді. Оның өзінде де очерк пен фельетон атворлары өздерінін кейіпкерлерімен міндетгі түрде кездесіп, олардың портреті, мінез-қүлықтары туралы біраз мағлүмат алады. Сөйтіп, әдеби шығарма көркем шындыкка негізделіп жазылса, публицистік шығармалар өмірдің нақтылы шындығына сүйеніліп жазылады" [11,148 б.]. Яғни, көркем өдебиетте шарттылык, басым болса, публицистика нақтылыққа негізделеді.
Үшіншіден, көркем әдебиеттің өзіне ғана тән жанрлар жүйесі болатыны сияқты, публицистиканың өзіне ғана тиесілі бай жанрлар палитрасы бар.
Төртіншіден, көркем шығармада жазушы өзінің негізгі идеясын, ойларын, идеалын оқиға желісі, адам образы, характерлер қақтығысы' картиналар, эпизодтар арқылы береді. Автордың оқырманға үсынар идеясы оқиға дамуы, образдың өсу жолдары арқьиы ашылып оты-рады. Ал публицист өз ойын оқырманға тікелей үсынады "Пубіицис-тика - автор мен оқырманның ашық өңгімесі айтылып отырған оқи-ғаға баиланысты автордың көзқарасы мен сезімі - ашуы таңыркауы
қуанышы, реніші айкын білініп отыруы керек"[12,14 б.]. Публицис-тика автордан терең ой мен білімділікті, тіл шеберлігін, өршіл пафос-ты, логика терендігін талап етеді. Ол оқырманмен ашық сөйлеседі, коғамдык маңызы бар оймен сейлейді.
Бесіншіден, керкем өдебиетге жазушы көлемді шығармалар жазу үшін бүкіл ғүмырын сарп етуі мүмкін. Ал публицистикада белгілі бір тар уақыт шеңберінде айтылмаган ой көнеруі мүмкін. Сондықтан да көркем едебиет бірнеше жылдар оқиғасын, түтас бір дәуірді қамтыса, публицистика күнделікті өмір ағысына ілесіп отыруы керек,
Профессор Э.Г.Багиров "Природу телевидения составляет не только то, что отличает его от кино, радио и печати, но и то, что их объединяет, что отличает их от традиционных средств информации" [13,43 б.] - дегендей, публицистика табиғатын да онын көркем өде-биеттен айырмашылықтары ғана емес, үқсастықтары мен жакындық-тары да қүрайды.
Публицистика мен көркем әдебиеттің екеуі де сөз өнерінің салалары. Екеуінің де күралы сөз. Осы түрғыдан келгенде, публицистика мен көркем әдебиеттің үқсастык жағы болады, олар бір-бірімен органикалық тығыз байланысады.
Үлы орыс сыншысы В.Г.Белинский көркем әдебиет пен публицистиканы өнер ретінде қарап, олардың бір-біріне тым жақын екендігін айта келіп: "... что здесь нет, четко определенной пограничной линии, так она является скорее воображаемой, чем действительной, и на нее не покажешь пальцем, как на государство на карте..." [14,318 б.] - деп жазған. Шын мәнінде көркем әдебиет пен публицистика үшін поэтикалық стилистика арсеналдары - эпитеттер, метафоралар, теңеулер, гиперболалар, литоталар және троптар мен фигуралардың палитралық барлық түрлері, сатира мен юморлық, пафостық қүралдар өте қажет. Бүл көркемдік бейнелеу күралдарынсыз сөз өнерінің эмоциональдык нәрі әлсіреп, атқаратын функциялық дәрежесі төмендеген болар еді.
Зерттеуші ғалымдар "журналистика" мен "публицистиканың" аракатынасы, жақындығы, айырмашылықтары туралы көптеген түжырымдар айтты. Олардың кейбіреулері бүгінгі көзқарас түрғы-сынан қарағанда, кемшіліктерге де бой алдырды. Нәрлі, өміршең ойлар да жоқ емес. Енді осы мәселелерге қазіргі үғым, түсініктер түргасынан қайырыла қарағанда, кейбір нақты түжырымдарды санамалап көрсетуге болар еді. Ең алдымен, "журналистика" мен "публицистиканы" жақындастыратан жайттар: журналистика да, публицистика да қоғамдық-саяси баскару қызметінің қүрамдас бөліктері; көпшілікгі тәрбиелеудің қүралы; қазіргі заманның тарихын, белгілі бір кезеннің шежіресін жасауға қатысады; барлық кызметі мен міндеті творчестволык кайнардан бастау алады; кай кезде де саясат-пен, әлеуметгік-экономикалык қатынастармен, мемлекеттік аппарат-пен, калың көпшілікпен үнемі байланыста дамиды; аудиторияның кабылдауына бағытгалады.
Сонымен бірге журналистика мен публицистиканың осындай үқсастықтары, олардың бір-бірінен айырмашылықтары жоқ деген сөз емес.
Алдымен журналистика туралы түсінігімізді бір жүйеге түсірейік. Біріншіден, журналистика - әр алуан мекемелердің басын кұрайтын ерекше элеуметтік институт болып табылады. Екіншіден, журналистика қызмет турлерінің жуйесі болып табылады. Үшіншіден, журналистика — мамандықтар жиынтыгы. Тертіншіден, журналистика - шыгармалар жуйесі. Бесіншіден, журналистика - бұқаралық ақпарат күралдары пайдаланатын акпаратты тарататын және басылымдар мен бағдарламалардың түрлерін қалыптастыратын арнсһіардың біртутас жиынтыгы. Алтыншыдан, журналистика - БАҚ проблемаларын зерттейтін өзгеше гылым саласы және оқу пәндерінің жиынтыгы.
Ая енді публицистиканың да өзіндік ерекшеліктері бар. Оның журналистиканың ең басты саласы екендігінің өзінен көп мөселені аңғаруға болады. Бүрын - соңғы зерттеушілердің тұжырымдарында публицистика бірде шығармашылық түрі ретінде, бірде жанр ретінде, енді бірде өзіндік өзгешелігі бар өнер ретінде, саяси қызметгің көрінісі түрінде, газет жанрларының жиынтык, атауы түрінде, проблема көтеру құралы ретінде, әдебиеттің бір саласы ретінде, қоғамдық пікірді қалыптастыру тетігі түрінде көрініс табады. Бүл айтылғандардың бөрі де публицистиканың жан-жақты, өр алуан қасиеттерін білдіреді.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдары орыс зерттеушісі М.Гус "публицистика" термині публицистика үғымы туралы түйінді ойлар айтқан болатын [15,1 б.]. Сол ғалымның пайымдауынша "публицис-тика" үғымы журналистикаға қарағанда кеңірек аукымды қамтиды. Публицистика — мамандық, кәсіп ретіндв адамзат қызметінің бір турі. Өйткені өздерін публицистикалық іске арнаған адамдар, өз қызметін публицистика деп атайды. Сонымен бірге публицистика ғалымнын, саясаткердің, суреткердің, қоғам қайраткерінщ экономистің, заңгер-дің, тарихшының қосымша кәсіп саласы болуы да мүмкін. Яғни санаткерлігі жоғары, ой-өрісі кең, қоғамның тыныс-тіршілігін тамыршыдай тап басатын кез-келген қызмет иесі публицист бола алады. Публицистика деп - публицистикаііык, шыгармалардыц жиынты-гын да түсінуге болады. Яғни, очерктер мен фельетондар, мақалалар мен ашық хаттар, эсселер мен репортаждар, т.б. жиынтығы. Публицистика деп жекелеген авторлардың немесе бірнеше қаламгерлердің публициспшкалық
шыгармаларын да атауға болады. Белгілі бір тарихи кезеңдердің публицистикалық шыгармалар шогырын да публицистика ретіндв танимыз.
Зерттеуші М.Густің пікірінше, әрбір жеке публицистикалық шығарма өз алдына және публицистикалық шығармалар жинақталған күйінде, олардың мазмүны мен пішінінің өзгеруі процесінде, дамуы мен жаңғыруы түрівде ғылыми зерттеудің нысаны бола алады. Ол өз еңбегінде публицистикалық шығарманың ерекшеліктері мен пішіндері
туралы, публицистикалык туындылардың қоғам өмірінде алатын орны мен дамуы туралы ғылымды - публицистика теориясы деп атауды ұсынды [15,1 б.].
Сонымен публицистика терминін нақты өмір қүбылыстарымен қатысты қарастырғанда, шығысславян, поляк, неміс және баска тіл-дерде кең қолданылатын мағынасына үңілгенде, оны кең және тар үтымда түсінуге болады. Бүл осы сөздің мән-маңызының өзгеріп отыруына да байланысты. Публицистика кең магынасында журналистік шыгарма түсінігін ғана білдірмейді, сонымен қатар бүл ұғым аясынан шығып, өзекті қоғамдык-саяси такырыпқа көпшілік алдында сөйленген сөздерді де қамтиды. Публицистика тар мағынасында - ішкі зақцылыктары мен өзіне ғана төн ерекшеліктері бар шыгармашьмықтың өзгеше турі.
Ойларымызды жинақтайтын болсақ, журналистика - белгілі бір кызмет саласы және әсер ету сферасы, түрлі бүқаралық ақпарат қүралдарын, үйымдар мен мекемелердің басын қүрайтын белгілі бір аппарат, әлеуметтік институт. Ал публицистика - белгілі бір нысаны, орны, функциясы, мазмүны, қүрылымы мен пішіні бар, белгілі бір жанрлар жүйесі бар және қоғам мүшелеріне өсер ету тәсілдері бар тұтас шыгармашылык, турі. Журналиствр - ақпараттар мен жарияла-нымдар, хабарлар даярлап, олардың бүқаралық акпарат құралдарында көрініс табуына дейінгі творчестволык процесті жүзеге асыратын адамдар. Публицистер - осы бұқаралық акпарат құралдарының негізгі мазмүндық жағынан байытылып, толығуын, коғамдық маңызы зор ой, басты идеялардың күн төртібіне қойылуын жүзеге асыратын адамдар.
Қазак публицистикасының тарихы туралы толғанатын болсақ та, қазак жазба әдебиеті мен жазба публицистикасының қатар туып, калыптасқандығына куә боламыз. Қазак баспасөзінің тарихын тұңғыш зерттеуші, профессор Х.Н. Бекхожин өз еңбегівде қазақ публицистикасының негізін салушылар ретінде Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев есімдерін атайды [16]. Зертгеуші М.И.Фетисов Шоқан. Ыбырай, Абай еңбектерін казақ демократиялык публицистикасының алғашқы үлгілері ретінде баға береді [3].
Шоқан Уәлиханов өзінің публицистикалык мақалалары мен очерктерінде өзі өмір сүрген түстағы коғамдық маңызы зор мәселелерді қозғады.
Қазақ жазба публицистикасының атасы болып саналатын қаламгерлердің бірі - Ыбырай Алтынсарин. "Алтынсариннін "Қазақ хрестоматаясы" әрі оқулык, әрі көпшшкке арналган публицистика және керкем әдебиет шығармаларының жинағы, халық-қа әртүрлі білім беретін энциклопедияның ролін атқарды" [16,18 б.],- деп жазды профессор Х.Бекхожин. Алтынсарин публицистикасы ағартушылық функцияны атқарды. Ыбырай өзінің 1862 жылғы бір хатында: "Қазак халқы қарапайым, өнері жоқ халық. Бірак біз қарапайымдылықтың езінен де көп жақсылык табамыз. Қазақ халқы үғымтал, акыдды, дарынды, бірақ окымаған халық. Мәселе оны ағартуда болып отыр"[17,186 б.],- деп жазды. Дөл осы ойлар оның көп публицистика-лық шығармаларының алтын арқауы болды. Оның алғашқы публи-цистикалық мақалалары "Оренбургский листок" газетінде басылды.
Батыс және Шығыс мөдениетінің қайнарынан қанып ішкен ғұлама Абай шығармалары да - қазақтың жазба публицистикасының көрнек-ті үлгілері болғандығы айқындалған. Абай өлеңдерінде сол заманның - ащы шывдығы, қоғам көрінісі, дала қазактарының бүкіл түрмыс -тіршілігі керініс табады. "Стиль идеялық мазмұны жағынан алғанда Абайдың карасөздері - нагыз публицистикалық шыгарма"[16,21 б.],— деп айқын көрсетіпті профессор Х.Бекхожин.
Бүгінгі қазақ публицистикасының табиғаты да сол үлылар Шоқан, Ыбырай, Абай ойларынан өріс алып жатыр.
2 Қазақ публицистикасыньщ тарихи негіздері атты екінші тарауда қазақ публицистикасының бастау-бүлақтары ғасырлар қойнауындағы ауызша, жазбаша жәдігерлерден іздестіріледі.
Бүл тараудың 2.1 Көне жазба ескерткіштері - публицистика бас-таулары атгы бөлімшесінде Күлтегін, Тоныкөк, Талас, Енисей ескерткіштеріндегі публицистикалық белгілер айқындалады.
Орхон ескерткіштерінің ішіндегі мазмұны мен көлемі жағынан өзгеше саналатын жазба - Култегінге арналған ескерткіш. Жазбада өмірде болған тарихи оқиға баяндалады. Оны жазған Иоллығ тегін атты жазбагер.
Күлтегін жазбасы тарихи турғыдан да, өдеби шығарма ретінде де зерттеліп жүр. Біз жәдігердегі публицистикалық белгілерге назар аудардық. Ең алдымен ескерткішті публицистикаға жақындататын -жазбада көне түріктердің қоғамдық-саяси өмірі туралы нақты дерек, дәйектердің келтірілуі дер едік. Жырдың бастауында-ақ аттары аталатын Бумын қаған да, Істемі қаған да өмірде болған адамдар. Олар - түрік мемлекетін алғаш қүрған елбасылар.
Күлтегін жазбасындағы назар аударатын жайт • сол уақытта жаугершілік заман болғандығын, "Терт бүрыштағы халықты көп алған, бөрін бейбіт еткендігін", "Ілгері - Қадырқан қойнауына дейін, кері - Темір қақпаға дейін жайлағандығын" аңғарамыз. Осындағы Қадырқан койнауы, Темір қақпа сол кездегі жер аттары.
Тағы бір публицистикалық сарын "Бектерінің, халқының ымырасыздығынан табғаш халқының алдауына сенгендігінен, Арбауына кенгендігінен..." түркі мемлекетінің ыдырағандығы туралы түтас көрініс. Бүл да тарихи шындық. Көршілес Қытай мемлекетіне бек үлдары қүл болды, пәк қыздары күң болды. Ол заман да өтгі. Осы таска қашалған рух пен пафоска толы өршіл сездер - бүгінгі үрпақты бабалар қателіктерімен төрбиелеп түр, сабақ болатындай саяси ахуалды баян етіп түр. Жазбадағы келесі бір бетбұрысты кезең Елтеріс қағанның ел басына келуімен байланысты сипатталады.
Публицистикадағы "факт" терминінің баламасы "окиға" деген түйіндер айтылып жүр. Күлтегін жазбасындағы публицистикалық белгілердің бірі - "осы оқиғалар" дер едік. Жазбада бірнеше оқиға
бірінен кейін бірі хронологиялық нақтылықпен жалғасын тауып отырады. Онда Бумын қаған, Естеми қаған, Елтеріс қаған, Білге қаған, Күлтегін ерліктері уақыттық жағынан кезек-кезегімен, өмірдегі билік кұру уақытымен кезеңдестіріліп баяндалады.
Жазба ескерткіштегі тағы бір назар аударарлық түс - өмірде болған Күлтегін батырдың ерлігінің дәріптелуі. Күлтегін шайқастары оның жасы өскен сайын, шын мәнінде күшейіп, әрі қарай жалғаса береді. Бүл баяндардан байкайтынымыз - Култегін батырдың өмірде болған адам екендігі, сол кезде өмір сүрген халықтардың нақты аттары, жер-су аттары жиі кездеседі. Күлтегін шайқастары бейнеленетін тұстар — нағыз публицистикалық сарынды байкатады. Публицистикада - ой, идея басты рел атқаратындығы белгілі. Күлтегін ескерткішінде ғасырлар бойы нұр шашып тұрған негізгі жәуһар ой, асыл идея -түркі халқын ауыз бірлікке, ынтымаққа шақыру, ата-баба дөстүрін берік үстау болып табылады. Күлтегін жазбасы - ҮІ-ҮІІ ғасырлардағы түркі қағанатының қоғамдык-саяси емірін, жаугершілік замандағы ел баскарған хандар мен қол бастаған батырлар хақындағы, шындық деректерге сүйенген, елдің түрмыс-тіршшгін, әдет-ғұрпын дәл бейнелеп берген өлмес ескерткіш. Шындық өмірді, ақиқат болмысты көрсеткен жазба - көркем шығарма, тарихи жөдігер болумен катар, қазақ публицистикасының да қайнар бастауының бірі деп батыл түжырым жасауға болады.
Орхон жазба ескерткішінің ішівдегі бізге жеткен үлкен қазынаның бірі - "Тоныкөк жыры". Күлтегін жырының авторы Иоллығ тегін болса, Тоныкек жырынын авторы • Білге Тоныкөктің езі деген жорамал бар.
Жырдың басты қаһарманы Тоныкөк - хандардың ақылшысы, дана адам ғана емес, бүкіл түркі елінің тағдырын ойлайтын абыз қарт, жасында қолына кару алып жауға шапқан батыр да, калың түркі еліне жол көрсеткен жолбасшы. қол бастаған қолбасшы.
Тоныкөк жазбасының өзіндік ерекшелігі ретінде мына жайтты айтпай кету мүмкін емес. Оқиғалар тізбесі, жойқын шабуылдар мен түркі мемлекеттігін сақтап қалу жолындағы жанталас үрыстар басты кейіпкер Тоныкөктін атынан баяндалғанмен, мұнда -• түркі халқы бастан кешірген канкешті күндер мен жанкешті жылдар көрініс табады. Әскері аз, бытыраңқы түркі елі тізе қосып жауға бірігіп аттануы керек болды. Әйтпесе, төрт бүрышты жайлаған басқа халыктар түркі халқын мүлдем жойып жіберу қаупін туғызды. Яғни сол көне дәуірлердегі ең басты максат - түркі мемлекеттігін қалай да сақтап қалу еді. Тоныкөк жазбасының да - негізгі көтерген қоғамдық-әлеуметтік мәселесі де, түпқазық, алтын арқау жемісі де осы.
Түркологиялық әдебиеттерде негізгі үш топқа бөлінетін көне түркі ескерткіштерінің қай-қайсысы да өз дәуірінен, сол дәуірдегі коғамдык мөселелерден хабардар етеді. Енисей өзенінің жоғарғы сағасы мен Тува, Якутия, Монғолия жерлерінен табылған Енисей ескерткіштері, Талас ескерткіштері, VII ғасырдың соны мен VIII ғасырдың бас кезіндегі Құтлығ Қаған, Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-Чор т.б. тасқа кашалған тарихи мұралардың басын біріктіретін Орхон ескерткіштерінін әркайсысы ерте ғасырларда өмір сүрген түркі тайпаларының сол кездегі қоғамдық қүрылысы, мәдениеті мен тілі, әдет-ғүрпы мен түрмысы, әскери жорықтары мен елбасылары хақынан нақтылы деректер беретіндігімен де қүнды. Накты деректерге күрылған, өмір шындығынан хабардар ететін, дөуір тынысын, заман ағысын сездіретін болғандықтан да бұл тарихи ескерткіштерді • алғашқы публицистикалық жазбалар ретінде атауымызға толық негіз бар.
Көне түркі ескерткіштеріндегі жер су аттары, ру-тайпа аттары мен емірде болған тарихи тұлғалы адамдардың аттары аталуының өзі - бұл мүраларды публицистикалық жазбаларға жақындата түседі. Ескерт-кіштердегі аталатын Алтын йыш - Алтай тауъі, Ертіс угуз - Ертіс өзені, Кем-Енисей езені, Інчу угуз - Сырдария, Селеңе - Селенгі өзені, Бұқара, Қадырқан, Қара көл, Өркен, Өтукен т.б. жер-су аттары, оғуз, түргеш, апар-аварлар, арғу, уйғыр, усын, түрк, қырғыз, қарлук, ізгіл, қыпчақ тағы баска ру тайпалары мен унут-тибет, қытай, тоқар халықтарының аттары кездесуі кене замандарда тасқа қашалған мүралардағы публицистикалық элементтерді молайта түседі. Бумын Қаған, Ілтеріс каған, Білге қаған, Бүгі каған, Ечим қаған, Озмыс тегін сияқты түркі мемлекеті қағандарының, үш түркі қағанының кеңесшісі Тоныкөктің, әскер қолбасшысы Күлтегіннің, Түргес тайпасының бегі Күлі-Чордың, Түркі бегі Есбараның, сондай-ак, Тінесі, Тоқра-Сүміг, Иамтар, Күлбілге, Оғузбілге, Ынанчы-Чор, т.б. өмірде болған кісі аттарының аталуы да кене түркі ескерткіштерінің бүгінгі қазак, публи-цистикасына бастау болғандығын айғақтайтын бүлтартпас дәлелдер болса керек.
Күлтегін ескерткішінде нақты өмірде болған оқиғалар, түтас шайқастар керіністері, жеңіс пен жеңілістен, қүлдырау мен өрлеуден түратын ерте заманғы саяси ахуал бейнеленеді. Осы көне жазбаның публицистикалық белгілері ретінде, ескерткіште өмірде болған кісі аттарының кездесуін атар едік.
Көне жазбаларда сол секілді қызмет, билеушілерге берілген аттар қалай аталса солай көрсетілген. Мәселен, қаған, бек, уәзір, некер, қолбасы, жабғы, елтебер, шад, елші, хабаршы, таңбашы, өрнекші деген сөздер өдденеше қайталанып жиі көрініс табады. Мүның өзі көне замандағы жаутершілік кезеңге байланысты екендігі дәлел тілемейді.
Көне жазбалардың бір шоғыры қазіргі қазак жерінен де табылды. 1896-1897 жылдары Қазақ елінің Жамбыл қаласына жакын жердегі Талас өзенінің бойынан В.А.Каллаур және фин археологы Гейкел (Мунк және Доннермен бірге) 5 тасқа қашалған жазба ескерткіштер тапты.
Тағы бір назар аударарлык жайт Талас жоне Енисей бойындағы жазбалардың тексі бір-біріне үқсас келеді. Алдымен өлген адамның кім екендігі, оның туыстары туралы дерек, мемлекетке сіңірген еңбегі, сосын дүниеден өткендігі жазылады.
Енисей түрк ескерткіштері қабір басына қойылған эпитафиялық сөздерден қүралған. Бұл мүраларды бізге жақындататын - 1) Енисей бойынан табылған ескерткіштердің көне түркі руна алфавитімен жазылғандығы. 2) Бүл -- жалпы саны 85 жазба-үланғайыр даланы мекен еткен көне түркі тайпаларының тарихы. 3) Әр ескерткіште нақты өмірде болған түрк көсемдерінщ, батырларының, қолбасшы-ларының аттары мәңгі ешпестей ойылып жазылған.
Бір айта кетерлік жайт - Енисей аңғарынан табылған ескерткіш-тер болсын, Монғолиядан табылған жазбалар болсын бізге жат емес. Бір замандарда үланғайыр территорияны мекен еткен бабаларымыз-дан қалған мүра ретінде ол жәдігерлердің қазақ халқына да еш жаттығы жоқ. Бұл ескерткіштер бүкіладамзаттық ғажайып асыл казынаға айналып кеткен, түрік тектес халықтардың ортак, рухани байлығы. Сондықтан да ол жазбаларға бүгінгі көзқарас түрғысынан қайта қарап, қайта тәржімалап, дүрыс, түпнүсқаға жакын нүсқаларын кдйта жасаудың күні туды. Орыс ғалымдары В.В.Радловтың, С.Е.Маловтың аудармаларында асыл түпнүсқа мен тәржіма текст арасында көптеген алшақтықтар, бұрмалаушылықтар бар екенін аңғардық. Өз жасаған аудармамызда түпнүсқаға неғүрлым жакын сөздерді колданып, тарихи жазба мағынасын неғүрлым дөл беруге талпыныс жасадық.
Жалпы Орхон, Енисей, Талас, Суджа, т.б. көне түрк ескерткіш-терінің бері тиянақты зерттеуді қажет етеді. Біз өз тақырып аукымы-мызға қарай, кейбір жазба ескерткіштерден мысалдар келтіре отырып. сол жәдігерлеріміздегі нақты қоғамдық-саяси ахуалға, нақты адамдарға, белгілі бір жер-су аттарына қатысты дерек - дәйектерді
ғана қарастырдык.
2.2 Батырлар жыры - ауызекі публицистика үлгісі деген тақырыпшада батырлар жырларындағы публицистикалык белгілер
қарастырылды.
Қазіргі публицистиканың қайнар көзі жазба әдебиетінен де бүрын пайда болған. Белгілі бір тайпаның кесемі өз сарбаздарының аддында сөйлеп тұрып, оларды ерлік көрсетуге шақырды, батырлық пен батылдықтың нүрын септі, яғни жауынгерлерінің жеңіске деген пікірін қалыптастырды. Елді, жерді қорғаута публицистикалык түрғыдан әсер етті. Бұл әрине әлдеқайда кешірек пайда болған, кәсіби публицистика емес. Бірак бүгінгі публицистиканың бастау алған түстары - сол кездер деп айта аламыз. Дәлірек айтқанда публицис-тиканың бастауы - фольклорда жатыр.
Ауыз өдебиетінің бір үлкен саласы -- батырлық жырлар. Эпос немесе батырлар жыры ерлікті, батырлыкды аңыздап жырлайды
[18,2946.].
Эпос туралы салмақты ой айтқан академик Мүхтар Әуезов қазақ халқында батырлар жайындағы поэмалардың мол екендігін. Бүл поэмалар көбіне, нақты, тарихи оқиғамен байланысып, қатарласып келетінін, мөселен, қазақ пен ноғайлының аралас рулары XVI ғасырда тізе қосып, жау шапқыншылығына қарсы біріге күресуінің нотижесінде, "Алпамыс" жыры туғандығын атап көрсетеді.
Академик Әлкей Марғұланның тұжырымынша, қазақ эпосы накты тарихи шындықты акындық тілмен — өлеңмен жырлап беретін әңгіме іспеттес. Ел есінде қалған, ертедегі халықтың хал-ахуалын көне тұрмысын ұрпактан-үрпакка ауыздан-ауызға ауыстырып келе жатқан шежіре сиякты. Ә.Марғүлан эпоста тарихи шындыктың елесі бар деп есептейді.
Батырлар жырында ой орамдарының поэзиялық шұрайлы тіл кестесінің үзілген жерлері әдетте кара сөзбен жалғастырылады. Осы қара сөздер бір оқиға мен екінші оқиғаны, бір кезең мен екінші кезенді, бір шайқас пен екінші шайқасты жалғастыратын дәнекерлік рөлін атқарады. Батырлар жырындағы публицистикалық белгінің біріншісі - - Батырлардың емірде болған адам екендігі, екіншісі -тарихи шындык оқиғалардың баяндалуы; үшінші қазақ ру-тайпаларьшың, жер аттарының айқын көрінуі. Осымен коса, біз публицистикалық сарынды батырлар жырындағы қара сөздерден іздестердік.
Ал публицистикалық сарын дегеніміз - екінші сөзбен айтқанда көне замандарда жазылған шығармалардағы публицистикалық бел-гілер жиынтыга екенін айта кетуіміз керек. Диссертацияда "Қобы-ланды батыр", "Алпамыс", "Ер Тарғын" жырларындағы публицисти-калық сарын көрсетіледі. Бүл жырларда нағыз қазақ тіршілігі, өмірде бар қүбылыстар қамтылып, оқиғалардың тарихи шындықа негіздел-гені айқындалады. Ежелгі қазақ даласындағы болған тарихи шайкас-тар, өмірде болған адамдар туралы дереетер, қазак, даласындағы жер-су аттары, халықтың әдет-ғүрып, салт-дәстүрін көрсететін түтас эпи-зодтар батырлар жырларының публицистикалық сипатын аңғартады.
Біздің пікірімізше, белгілі бір дөуірдің шындығын көз алдымызға әкелетін батырлар жырындағы қара сөздер үлгісін публицистиканың ауызша сөйлеу тілі ретіндегі пішініне жаткызуға болады. Баскаша айтқанда, батырлар жырындағы дәнекерлік рөл аткаратын карасөз стилі - публицистикалық стилдің ауызекі түрі. Олай дейтініміз біз таддап, таразылаған батырлар жырындағы қара сөздердің мазмүны халық өмірінің шындығына құрылатындығымен ерекшеленеді. Сонымен бірге батырлар жырындағы қара сөз үлгілері көпшілікке мына бағыттарда осер етеді:
Біріншіден, кара сөздер тьщдаушылардың ақыл-ойына тікелей әсер етіп, оларды белгілі бір қимылға шақырады, іс-әрекетке үндейді. Бүл ең алдымен - ел қорғау, туған жерді сүю, ата-ананы қадірлеу, әділдік үшін күресу, әлеуметтік теңдік мәселесі, бірлікке, ынтымаққа, бейбіт өмірге үндеу;
екіншіден, тындаушылар үшін кара сөз анағүрлым түсінікті болады;
үшіншіден, публицистикалық баяндау тәсілі қолданылады, сөз қайталаушылык көп кездеспейді. Мүның өзі ауызша айтқандықтан болса керек;
төртіншіден, батырлар мен басқа да кейіпкерлер өмірде болған адам екендігі де жырдағы публицистикалық сарынды күшейтеді;
бесіншіден, қазірге дейін сақталған жер-су, тау аттары кездеседі;
алтыншыдан, казақ халқының бүгінгі күнде сақталған әдет-ғүрып, салт-дәстүр, діни наным-сенімдерінің нақтылы көріністері орын алады;
жетіншіден, белгілі бір нақты тарихи кезеңде болған саяси оқиғалар тізбегі кездеседі;
сегізіншіден, тындаушылардың күш-жігерін негізгі айтылатын әлеуметтік ойға бағындырып, оларды белсенді іс-қимылға біріктіріп, қатаң бақылауға алып отыру байқалады.
Барлық жырларда да өз елін терең сүю сарыны басым. Сондай-ақ жеке бастың камынан гөрі әлеуметгік, жалпыхалықтық мүдде аддыңғы шепке шығады. Тындаушыға сол кездегі әлеуметтік маңызы зор мәселелерді кдрапайым да түсінікті тілмен, жылдам, тез арада жеткізуге үмтылу да - • публицистиканың басты белгілерінің бірі. Сонымен бірге, ел аузына караған батырлар сөзі, ойы арқылы батырлар жыры өз кезеңінде қоғамдык пікірді қалыптастырып отырған. Қарапайым халық ішінде белгілі бір елдік мәселелер туралы қоғамдык пікір қалыптастырудың езі - публицистиканың негізгі ерекшелігі екендігі белгілі. Орыстың ауыз әдебиетін зерттеуші, академик Б.А. Рыбаковтің: "...жылнама да, батырлар жыры да шындық өмір" [19,83 б.], - деген пікірі ойымыздың дүрыстығына тіреу болады. Сонымен өз заманында ауызша айтылып, ел өміріндегі кекейкесті мөселелерді сез еткен батырлар жырындағы қара сөздерді публицистиканың ауызша пішіні деуге батыл негіз бар.
"Ауызекі публицистика", яғни өмірдің өзекті мәселелерін арқау етіп, сол заман адамдарын белгілі бір әлеуметтік ой, идея төңірегіне топтастыра білген батырлар жыры - қазіргі публицистиканың нағыз бастау, бүлақтарының бірі деп батыл айта аламыз.
2.3 Жыраулар поэзиясындағы публицистикалык сарын атты бөлімшеде заманның толғақты мәселелеріне ел назарын аударып, жақсысын дәріптеп, кемшілігін әшкерелеп бере алған "дала демократиясының" жарқын көрінісінің бірі -• жыраулар поэзиясы зерттеу объектісі болды.
Публицистиканың түп-төркінін зерттеумен айналысып жүрген ғалымдар: "Публицистиканың тарихына тереңінен үңілу бүл қоғамдық-саяси қызметтің тарихын карастыруға апаратын бірден-бір жол. Бүл сөз тарихы, ең алдымен ауызша (астын сызған біз. - Б.Ж.), содан соң негізінен жазбаша сөздің саяси қызметке бағышталған тарихы"[20,24 б.],- деген пікірге тоқтайды. Егер де біз кешегі өткен шешендерді, жыраулар мен айтыс ақындарын халыктың үні мен тілі болған, қоғамдық пікір қалыптастырған, қоғам кемшіліктерін сынға алған өз заманының публицистері болды десек, құлаққа тосын естілуі мүмкін. Бірақ газет-журнал жоқ кезде сол хандык дәуірдің ақикатын елге жеткізіп, халық мүңын ханға жеткізіл отырған сол сахараның саф алтын сөзін пір түткдн түлғалары еді. Олардың кейбіреуі - ел билеушілерін асыра мақтап, дәріптеп, оның саясатын жүрт арасында жүргізуіне бас жәрдемші болса, енді біреулері - қарапайым халықтың жанашыры болып, солардың мақсат - мүддесін жүзеге асыру үшін бар күш-жігерін жүмсады, тіпті үлықтардың әділетсіз, зорлыкшыл, қиянат-шыл әрекеттерін бетіне басып, айтып садды. Тағы бір жыраулар таразының екі басын тең үстауға тырысып, билік өкілдері мен халық арасындағы дәнекерлік, карым-қатынас, байланыс қызметін атқарды. Мүның өзі жыраулар сөзі айтылып қана қоймай, халықты белгілі бір ой төнірегіне топтастырып. белгілі бір істі жүмыла шешуге бағыттап отыратын күшке ие болғандығын айғақтайды. "Бізге дейін жеткен ежелгі мәдениет ескерткіштерінен қазір езіміз публицис-тика терминімен анықтап жүрген дүниені бүгінгі қалыптасқан күйінде таба алмаймыз, бірақ қоғамдық өмірге публицистикалық ықпал ету түрі ерте кезеңдерде де болған, ол ауызекі сөзбен - шешендік өнермен жүзеге асырылған"[21,13 б.],- деген түжырымдар да біздің ойымызды бекіте түседі.
Жыраулар поэзиясындағы басты публицистикалык. белгі - оның мемлекетті басқару күралына айналғандығы болып табылады. Жырау-лар - хан сарайы төңірегінде қызмет етті, көпшілігі әскери жорықтар-ға бірге шығып, өз көзімен көрген батырлар ерлігін, хандар қаһарман-дығын, женістер мен жеңілістерді, қавды шайкдстарды суретгеп жырлады.
Диссертацияда Асан қайш, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Ақтамберді, Үмбетей, Бүқар, Жанақ, Махамбет жырларын-дағы публицистикалық белгілер сараланды. Аталған жыраулар шығармашылығындағы публицистикалық сарын талдап, таразыланды.
Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын туралы сөз еткенде, мынадай қорытындыға келуге болады:
Біріншіден, жыраулар дөуір үнін, замана шындығын жеткізеді. (XV' - XIX ғ.ғ. тарихи шындық);
Екіншіден, өмірде болған тарихи нақты окиғалардың, сол кездегі саясаттың, коғамдык маңызы зор оқиғалардың көрінісі бола білді. (Қазақ хандығының қүрылуы, қазақ-қалмак шапкыншылықтары, орыс отаршылдығы, үш жүздің ынтымағы, Абылай түсындағы казак хандығының нығаюы, сүлтан, төрелер озбырлығына халық наразылығы, үлт-азаттык көтерілістері, т.б.);
Үшіншіден, жыраулар поэзиясының - мемлекетті басқару қүралы, мемлекет идеологиясы деңгейіне көтерілуі;
Тертіншіден, тарихта болған хан, би, сүлтан, төрелердің атқарған ісінің, жетістік, кемшіліктерінің жырлануы (Жәнібек хан, Есім хан, Би Темір, Баймағамбет сүлтан, Жөңгір хан, Абылай хан, Рүстем төре, т.б.);
Бесіншіден, қазақ елінің түтастығын корғаған батырлар ерлігіне арналған мадақ, арнау жырлары, жоктаулардың жазылуы (Орақ, Мамай, Ер Шобан, Қабанбай, Бөгембай, Ер Барақ, Исатай, т.б.);
Алтыншыдан, жыраулар поэзиясында қазақ даласында қазір де бар тарихи жер, су атаулары келтіріледі (Еділ, Жайық, Сарыарка, Ойыл, Жем, Сағыз, Өзен, Арал, Шаған, Қара Ертіс, Алтай, Алатау, Шыңғыс-тау, Баянаула, Абралы, Маңрақ, Сырдария, Балқаш, Нарын, т.б.);
Жетіншіден, өмірде болған көптеген адамдар жайынан деректер келтіріледі (Сүйініш, Бозтуған, Бәке, Бекболат, Жаукашар, Өтеміс, Жақия, Махмут, Қаныкей, т.б.).
Сегізіншіден, жыраулар хан шешімін, жүрт тілегін жеткізіп қана қоймайды, белгілі бір іс-әрекетке жүмылдырады, белгілі бір мәселенін шешімін табуға тырысады (Ынтымақ, бірлікке үндеу, ел корғауға шакыру, орыс отаршылдығынан сақтандыру, азаттық кетерілісіне шақыру, халық мүктажын өтеу т.б.).
Тоғызыншыдан, жыраулар поэзиясында қазіргі публицистиканың дәстүрлі өзегіне айналған сөз қайталау арқылы айтар ойды күшейтіп жеткізу, публицистиканың баяндау төсілі, оқиғаны көзбен көріп бақы-лау аркылы суретгеу әдісі, өмір фактілерін контрасты түрде салыстыра отырып мәселе мәнісін ашу, үгіттеу, насихат айту, сатиралық публицистиканың алғашқы үлгілері, памфлет, репортаж, сүхбат, хат, суреттеме сияқты жанрлардың бастау алар белгілері көрініс табады.
Жыраулар поэзиясындағы публицистикалык, сарын арқылы біз өткен ата-бабалар өмірінен, олардың әлеуметгік-саяси тіршілігінен сыр тартып. халқы үшін жанын киған батырлар ерлігімен танысамыз.
2.4 Шешендік сөздердегі публицистикалық белгілер деген келесі бөлімшеде ауызекі публицистиканың қазак тарихында болғандығын делелдеуге бағытталған.
"Қиуадан шауып, қисынын тауып" сөз айту - әйгілі қазақ би-шешендеріне төн касиет. Ғалым М.Балақаев пернелі шешендік сөздерді публицистиканың сейлеу ретіндегі түрі [22,248 б.],- деп айкын көрсетіп кеткен. Бізге керегі де шешендік сөздердің осы кыры.
Әйгілі би-шешен бабаларымыздың айтқан арғы-бергі шешендік сөздердің үлгілерінде қоғамдык. маңызы зор мәселелер мол кездеседі. Диссертаиияда Майқы би, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сияқты шешендердің тарихи шындықты көрсететін асыл сез маржандары қарастырылды.
Қазақ би-шешендерінің сөздері өз заманында маңызды қоғамдык рөл атқарған. Көне қазақ мемлекетінің қалыптасып дамуында сөз күдіретінің орны зор болған. Бір мезгілде қалың қауымға әсер етіп және оларды бірігіп іс-кимылға көшуге шешім кабылдауға сендіру, иландыру, керек жерінде ояту дәл сол кезеңде ауызша сөз айту пәрмені арқылы ғана жүзеге асатын еді. Ал казақ қоғамындағы шешендік сөзге, билік шешімге жүгінудің орны орасан зор болатын. Өйткені қазақ даласындағы басқару ісі ауызша сөз аркылы жүзеге асты. Қазақ хандары да, билері де, елшілері мен батырлары да алмас сөздің қадірін біліп, ер сөзге мән беріп сөйлеген. Айтылған сөзді -атылған оққа теңеген. Ел мен елдің арасьшдағы кептеген дау-жанжал, түсінбестіктерді ақылмен, парасатпен, жарасымды, жігін тауып айтыл-ған сөз арқылы тігісін жатқызып шешіп отырған. Сөз - қан төгуді болдырмаған. Сөз — бейбіт өмірдің берекесін кіргізген. Сөз — төрбие күралы болған. Сөз - • қазакдың ынтымакты бірлігінің шырайын кіргізген.
Шешендік сездер халкымыздың дарындылығы мен ақыл-парасатын, тапқырлығы мен әдіддігін, кеңпейілдігі мен қонақжайлылығын көрсететін, қазақ халқының сом түлғасын сөзбен соққан мұқалмас асыл қазынамыз. Сондықтан да бугінгі қазак публицистикасының нәр алар бір бастау бүлағы да сол би-шешендерден қалған сөздер. Ағылып айтқан, төгіліп айтқан, екпіндеп айтқан, екіленіп айтқан, сынап айтқан, мінеп айтқан, түйіп айтқан, жығып айтқан, қауып айтқан, тауып айтқан бабалардың інжу-маржан сөздерінде - жалпы қазақ сөз өнерінің таусылмас кені жатыр. Қазақтың шешендік сөздерін жинап, баға берген академик В.В. Радлов қазақ шешендік өнерінің өзіндік ерекшелігін де тап басып көрсетіпті: "Қазақ тілі - ислөмнің бүлдіргіштік өсеріне үшырамай, түпкі таза түрін-түркі сыйпатын сақтап қалған тіл. Рас, мүнда да бірен-саран жат сөздердің енгені байқалады. Бірақ ол сөздер... казақ тілінің үндестік заңына бағынып, бірыңғай халық тілінің қорына қосылған. Қазақ тілінің осы тазалыгы мен табиғилығы, (астын сызған біз — Б.Ж.) сондай-ақ көп таралғандығы бүл тіддегі мүраларды менің кебірек жинап, оған әдебиет нүскаларын күрастырған жинақтардың толық бір томын арнауыма себеп болды. Оның ұстіне қазақтың баска бауырластарына қарағанда сезге тапкырлығы мен шешендігі де маған әсер етті" [23]. Бүл түжырымда қазақ шешендік өнеріне зор баға берілген. Ал академик Радлов көрсеткен тіл тазалығы, табиғилық, тапқырлық және шешендік сияқты қасиеттер жаңадан қалыптасқан қазақ публицистикасының бойынан да табылатындығы, дәстүр мен жалғастықтың көрінісі болар.
3 Қазақ публицистикасынын баспасөз бетінде калыптасуы атты тарауда алғашқы мерзімді басылымдардағы публицистика зерттеу нысаны болады.
Қазақ публицистикасы жаңа түр, жаңа сипат, жаңа саяси маңыз алып тарих аренасына шыққан кез - XIX ғасырдың ІІ-ші жартысы болып саналады.
Біз ез зерттеуімізде нақты публицистикалык шығармаларға сүйене отырып, олардың коғам дамуъшдағы маңызына, өмір шындығын көрсету деңгейіне, тілдік, стильдік, көркемдік, түрлік өзгешеліктеріне назар аудардык.
3.1 "Түркістан уалаятынын газетінде" публицистиканың калыптасуы атты бөлімшеде ғылыми айналымға жаңа байыптаулар енгізілді.
Сонымен Қазақстанда публицистиканың қалыптасу кезеңі 1870 жылы "Түркістан уалаятының газеті" шығуымен түспа-тұс келеді.
Өйткені, "Түркістан уалаятының газеті" - қазақ топырағында туып, қазақ сахарасына алғаш тараған түңғыш газет [24] еді. Патша өкіметі ез бүйрык-жарлықтарын қазак тілінде жергілікті халық өкілдеріне жеткізу үшін кдзақша газет шығаруды қажет етті. Сондай-ақ сол кездегі казак оқырмандарынын ұлттық талаптарының бірі • ана тілінде газет шығару мәселесі болатын. 1870 жылы 28-ші сәуірде (10-мамыр) Орта Азиядағы түңғыш отаршыл орыс газеті "Туркестанские ведомости" жарық көрді. Сол газеттін косымшасы казақ және езбек тіддерінде шығарыла бастады.
Патша өкіметінін отаршылдык саясатының түпкі мақсаты жергілікті халықтын санасында өзгеріс жасауға бағытталды. Сол үшін де казак халқына түсінікті тідде газет шығару колға алынған болатын.
Газетте кебіне орысша нүсқадан аудармалар басылған, ал кдзақ тілінде макалаларды, көбіне редактор Шаһмардан Ибрагимов, сондай-ақ әдеби қызметкерлер Заманбек Шайхәлібеков, Жүсіп Қазыбеков, Хасан Жанышевтар жазған. Бір көңіл аударарлық нәрсе - материалдар авторлары көбіне көрсетілмейді. Ал сол қазақша нүсқалықты даярлау көбіне осы төрттіктің мойнына жүктелсе керек.
Газетте жарық көрген материаддарда XIX ғасырдың екінші ширегіндегі саяси ахуал, сол кезде өмір сүрген нақты шенді адамдар есімдері керсетіліп түрған. Мүның өзі ертеде жарияланған хабар-ошардың жылдар өте келе публицистикалық деректілігінін құнды бола түсетіндігінің айғағы.
"Түркістан уалаятының газетіндегі" жарияланымдар бірнеше түракды айдарлармен беріліп отырды. Соның ішінде бірсыпыра хабарлар орыс газеттерінен аударылып басылды. Мәселен "Мөлім-нама", "Әр түрлі хабар", "Тіліграф", "Ығламнама", "Орыс газетінде жазыпты", "Газеттерде жазыпты" деген айдарлармен орыс баспасөзінің кейбір жаналыктары жүйелі түрде аударма түрінде көшіріліп, беріліп түрған. "Ыстанбол хабары", "Газеттен алған сөз", "Ығлам" айдарлары да сондай сипатга болды.
"Түркістан уалаятының газетінің" басты өзгешелігі - - негізінен ақпараттардан түратын газет. Сондықтан алғашқы қазақ газетінде ақпараттык публицистиканың түрлі пішіндері калыптасты. Очерк, сүхбат, шағын мақалалардың өзі ете сирек кездеседі. Негізінен Түркістан губерниясының жаңалыктары, губернаторлар, генерал-лейтенант Колпаковскийдің, генерал-адьютант фон Кауфманның іссапармен қайда барғаны жөнінде әр түрлі айдарлармен қысқа есептер, тақырыпсыз, авторсыз, редакциялык заметкалар жиі беріліп түрған. Орыс газеттерінен шолу ретінде қысқаша жаңалықтар топтастырылып беріліп, жүйелі түрде аударылып отырған. Орыс газетгерінен кейбір акпаратты аударған адамдардың аты-жөні, өте сирек болса да беріліп түрған. Мысалы "Ығламнама" айдарымен берген хабардың соңына "Тәржіман Батыршин" деп қол қойылыпты /ТУГ. 1875, 21 май, №12/. Газет тігінділерін актарғанда, байқағанымыз - газетке Ісмак, Жүсіпбашы Қаралүғлы деген авторлар жиі жазған. Мөселен заметканың соңына "Иазушы Ісмақ" немесе "Иазғушы Йусуфбашы Қаралоғлы" деп қол қойып отырған.
Басылымның 1875 жылғы нөмірлерінде ұзак бір жарияланымды кездестірдік. Көлемі жағынан, мазмұндык тұрғыдан жолсапар очеркіне ұксас. Айта кетерлік бір жайт - мүнда үтір, нүкте, жалпы тыныс белгісі атаулы мүлдем жок. Сондықтан сөйлемдер арасын ажырату өте қиын. Шығарманын жолжазба екендігін — "Біздің газетті алып түрған бір адам өзінің жолаушы жүргенде басынан өткенін газетке жазып шығармақ болып біздерге жазып жіберіпті" /ТУГ. 1875. №20/,— деген бастауынан-ақ аңғаруға болады. "Жазып жіберген кісі - Ташкентлік Мірмүхамет деген" /ТУГ. 1875, №20/ • деп авторы да айкын көрсетіледі. Одан әрі оқиға сол Мірмүхамет атынан баян етіледі. Жалпы жолжазбаны очерктің бір түрі ретівде қарастырсақ, очерктің өзі публицистиканың көркем жанрына жататындығы теориядан белгілі. Біз мысалға алып отырған шығармада публицистиканың бір жанры очеркке төн белгілер көптеп кездеседі. Осы жарияланымда ертедегі қазак, халқының мал баққан, мал өсірген қалпы, көшпелі түрмысы, оңтүстіктен солтүстікке, Арқадан Қаратауға жол салып мал саудалағандығы, ауа райына көп мән бергендігі, барымташылық пен мал үшін жанжалдасу, әңгімеге зор мән беретін қазақ табиғаты мен ел тұрмысы, коңырқай тіршілігі түп-түгел көрініс береді. Әлде бір уақытта баяндаушының әңгіме желісінің ішіне еніп кетіп, сол көне заманда жүргендей сезінетін кезің де болады. Мүнан шығатын қорытывды жалғыз-ақ - ол "Түркістан уалаятының газеті" бетіндегі өлгі жолжазбаны •• публицистиканың жолсапар очеркі жанрының алғашқы көріністерінің бірі ретінде атауға болады.
"Түркістан уалаяты газетінің" 1875, 1876 жылғы нөмірлерінде Шамдолла Бекметов деген автор араласып түрған. Сондай-ақ Шаһмардан төре, Сұлтан атты авторлар есімі де жиі кездеседі. Ал кейбір хабар, заметкалар авторы көрсетілмей беріле салады.
Қазак тіліндегі алғашқы газеттегі басты ерекшелік - сол кезде болған окиғалар, өмірде орын алған фактілер қысқа түрде хабарланып отырды. Ағымдағы оқиғалардың жедел жеткізілетін хроникалык сипаты басым болды. Мүның өзі хроникалық түрдегі ақпаратгык заметканың •• қазақ публицистикасының ең көне жанры ретінде қалыптасқандығын айғақтайды.
Бір айта кетерлік жайт - газетте өзге шет жүрттар өмір тарихынан сыр шертетін жарияланымдар, сондай-ақ, биресми материалдар да басылып түрған. Олардың кейбіреулеріндегі оқиға тым қарабайыр көрінеді. Газет қазақ әдебиетін насихаттауға да назар аударды.
Тағы бір аңғарғанымыз - жарияланымдардың көбі көшіріліп басылғанымен кдтар, жанрлық түрғыдан заметканың үлесі басым. Сондай-ак "Орыс газеттері жазыпты" деген айдармен 1872 жылғы газет нөмірлерінде Ресейде шығатын басылымдарға шолу жасалып түрған. Бүл алғашқы қазақ газетіндегі - публицистиканың шолу жанрының туып, қалыптаскандығына айғақ бола алады.
Жалпы қарағавда, "Түркістан уалаятының газеті" генерал-губернатордың орысша "Туркестанские ведомости" газетінің көшірмесі секілді есер қалыптасады.
Қазақ тіліндегі алғашқы газет тілінде орыс, татар, башқүрт тілінен енген сөздер кездеседі. Ал қазақ тіліндегі баяндаулар ауыз екі әңгімеге көп ұқсайды. Бірақ бүл басылым қазак тіліндегі алғашқы газет болғандықтан - оның ілгерілеушілік рөл атқарғандығы дөлел тілемейді. Әрине газеттің ресми бөлімінде патша екіметінің бүйрық-жарлыктары жарияланды, генерал-губернатордың іс-кағаздары жергілікті халыктың өз тілінде жеткізілді. Осы ресми белімдегі, негізінен 1-бетгегі материалдар қазақтарды отарлау үшін олардың санасына өсер-ыкпал етуді мақсат тұтты. Ал биресми бөлімде Түркия, Қытай, Иран, Ауғанстан, Франция, Англия мемлекеттерінің өмірін көрсететін шет ел тақырыбына жазылған хабар, мақалалардың маңызы зор болды. Сондай-ақ әдебиет, енер, ғылым, техника, баспасөз, әйел тендігі, транспорт, почта-телефаф, өнеркәсіп, сауда, медицина, егін салу, мал шаруашылығы, жер суландыру, ветеринария, оқу-ағарту, дін тақырыптарын кең камтыған көп материалдар басылды.
Дәл осы тақырыптардағы жазылған шығармалар алғашқы газет публицистикасының қалыптасуына жол ашты. Түрлі жанрлар пайда бола бастады. "Түңғыш рет қазақ тілінде шыққан газетгің бетінде орыс баспасөзінің әсерімен түрлі әдеби жанрлар пайда бола бастады... [16,34 б.]. "Түркістан уалаятының газетінің" бетінде публицистиканың жанрлары да тұңғыш рет қалыптасты. Басылымның микрофильмдегі көшірмелерін қарағанда — заметка, есеп, фельетон, мақала, коррес-понденция, хат, шолу, жолсапар очеркі, портретгік очерк, ғылыми-танымдық очерк сияқты жанрлар алғаш осы газет бетінде көрініс тапқандығына көз жеткіздік. Қазақ баспасөзіндегі жарнаманың алғашқы нүсқалары да осы газетте жарық көрді.
Зерттеуші З.Түрарбековтің: "Түркістан уалаятының газетГ Ы.Алтынсариннін "Хрестоматиясы" шығуынан он жыл бүрын, А.Қүнанбаевтың алғашқы елендері "Дала уалаятының газетінің" бетінде жариялануынан 20 жыл бұрын, ал "Абайдың кеп аудармалары алғаш кітап болып жарыққа шығуынан (1909 жыл) 40 жыл бүрын шыққан екен"[25,80 б.],— деген түйіні қазақ тіліндегі алғашқы газеттің қоғамдық дамуымыздағы зор маңызын айғақтап тұрғандай. Шын мәніндегі қазактың жазба публицистикасы "Түркістан уалаятының газетінде" алғаш калыптаса бастады.
3.2 "Дала уалаятының газетіндегі" ұлтгык публицистика атты белімшеде XIX ғасырдың аяғындағы ірі қазақ публицистерінің шығармашылығы талданды.
Қазақ тіліндегі екінші газет 1888 жыддың 1-қаңтарынан бастап шыға бастады. Омбы қаласында Дала генерал-губернаторының органы ретінде шыққан "Акмолинские областные ведомости" газетінің қосымшасы ретінде "Особое прибавление к Акмолинским областным ведомостям" деген атпен жарық керді. Кейіннен 1894 жылдан бастап "Дала уалаятының газеті" деген атпен шығарылды. Бұл газеттің орысшасы "Киргизская степная газета" деп аталады. Газет редакторы ретінде И.Козлов, К.Михайлов, Г.Абаза, А.Попов, Д.Лавров деген адамдар қол қойған. Газеттің қазакшасын аудармашы қызметін атқарған Ешмұхамед Абылайханов пен Дінмұхамед Сүлтанғазиндер басқарды.
"Дала уалаятының газеті" қазак публицистикасының
қалыптасуына үлкен өсер еткен басылым болды, әрі ірі казақ публицистерінің мінбері болды. Газет ашылды. Ол тек патша үкіметінің бұйрық, жарлығын ғана жариялап отырса, газеттен келіп-кетер пайда аз болар еді. Сол кездегі акылды, парасатты казақ зиялылары, оны халық санасын оятуға, ішкі-сыртқы саясаттан мол хабардар етуге пайдаланды. Бірак бүл өте киын да қауіпті іс болатын, Орыс әкімқараларына қазақтың саяси ақыл-ойын алға сүйрейтін идеяларға толы мақалалардың жариялануы жакпады.
Басын қатерге тіксе де, ретін келтіріп, жалпы қазақ ұлтының қамын ойлайтын қоғамдық жайларға мойын бүрып, сәті түссе ресми емес бөлімде тарихи маңызы зор мақалаларды жариялап жіберуді ез мақсатына айналдырғандардың бірі -• газеттің казақша нұсқасына редакторлық жасаған Дінмүхамед Сүлтанғазин болды. Оның публицистік қызметі, өсіресе, 1888-1902 жылдары "Дала уалаятының газетінде" редактор және аудармашы болып істеген жылдарында көрінеді. Негізінен алғанда, Сүлтанғазин - публицист би, билік қүру, оқу-ағарту, қазақ әліпби мөселелері туралы ой қозғағанда, өзінің қавдас туысы Шоқан Уәлиханов тұжырымдарымен жапсарлас пікірлерге тоқталады. Ол өз мақалаларында тіл тазалығы, анықтығы, өдебиет, ғылым, білім, баспасөз, аударма, дін тақырыптарына қалам тартып, өзінің асқан білімділігін көрсете білді. Және қалың оқырмавды ойлантып, толғантып жүрген өзекті қоғамдык мәселелерге ден қойды. Сүлтанғазин публицистикасынын басты ерекшелігі де осында болса керек.
"Дала уалаятының газеті" бетінде жиі мақалалар жазып, жариялаған қазақтың ірі публицистерінің бірі - Қорабай Жапанов. Қ.Жапановтын журналистік, публицистік қызметі 1894 жылы басталған. Өйткені осы жылы 18-қыркүйекте оның алғашқы мақаласы "Дала уалаятының газетіне" басылды. Ол "дүниенің кілті орыста, орыстың тілі мен мәдениетінде" деген Абай айтқан ойды қуаттаған. Ол елі үшін, елінің болашағы үшін толғанады. Ел -жүртын түзу жолға бастайды, халқының атынан сөз алады. Міне осы қасиеттер -• Қ.Жапановты да ез заманының толғакты мәселелерін қозғаған нағыз публицист деңгейіне кетерді. Қ.Жапанов публицистикасының негізгі тақырыптары - оқу-ағартуға үндеу, экономиканы жаңаша бағытта дамыту, керітартпа әдет-ғүрыптардан арылу, өйел тевдігі мәселесі болып келеді. Сондай-ақ ру тартысын, болыс-билердің әділетсіздігін әшкерелеп, сынға алады. Ол өз өлевдерінде де қараңғылықтан қүтылып оқу-білім аркылы жарыққа
шығуға үндейді. Қоғамдағы би, болыстардың, бай, молдалардың теріс қылығын, кемшіліктерін әзіл-сықақ тілімен батыл өшкерелеген сыншыл публицист. Бүл оның публицистикасының бір ерекшелігі десе де болғандай. Макаланы бастағанда не мөселені сөз ететінін айтып алады да, оқиғаны өрбітіп, өмірден бірнеше нақты деректер келтіреді. Ал соңында түйінді ой тастайды немесе шешімін таппаған бір мөселені көпшілік талқысына салады, кейде үндеу, шақырумен аяқтайды. Мүның бері Қ.Жапанов публицистикасын бөлектеп көрсететін қасиеттер. Отырықшылықка көшу мөселесі, оның артықшылықтары туралы материалдары да жарияланады. Патша үкіметі газетінің бетінде Ресейдің отаршылдық саясатының кейбір келеңсіз қырларын сынға да алады. Қазак даласындағы қолдан жасаған әлеуметтік теңсіздікке қарсы шықты, дерек-дәйекті күнделікті қазақ өмірінен алып, соның шындық көрінісін қаламына арқау етті. Жалпы, Қ.Жапанов өз заманывда ел, халқын білім жарығына сүйреген, ағартушылык вдеяның жақтаушысы, жаңа заманның жаршысы бола білген қаламгер еді.
"Дала уалаятыньщ газетіне" жиі жазып араласқан автордың бірі -Отыншы Әлжанов. О.Әлжанов - XIX ғасырдағы қазактың ірі калам қайраткері, қоғам әміріндегі аса маңызды мәселелерді баспасөз бетінде үзбей көтеріп отырған көрнекті публицист. Отыншы Әлжановтың публицистикасында казақ арасындағы өдет-ғүрып, салт-сана, дін, оқу-ағарту мөселелері кеңінен қозғалды. Публицист-Әлжанов әр мақаласында қоғамдағы болып жаткан өр түрлі оқиғаны нысан етіп, содан түйін, түжырым жасайды. Өзінің автор ретіндегі үсыныстарын білдіреді. Публицист заман сауалын қоя отырып, бүкіл қазақты оқу-білімге үндеп, медресе салуға шакырады. Публицистің әр сөзінде мән-маңыз бар. "Шығатын шығынына қарамавдар. Мал, дәулет ғылыммен табылады" /ДУГ. 1895, №46/, - деген байыпты, көпті керген ақыл иесінің өсиетін айтады. Ал осындай шақырулар мен ойлы үсыныстар дәл сол кезенде керек еді. Публицистика қоғамдық пікір қалыптастырып қана қоймайды, нағыз публицистика іс-қимыл, әрекетке бастайды, •• деген теориялық түжырымдар дәл осындай мысалдарға айтылса қажет. О.Әлжанов казак даласындағы әйел теңсіздігі мәселесін газет бетінде бірнеше мәрте көтерді. Ол жер-жерді аралап, ел аузынан ескі әдебиет үлгілерін жинаған. Оны қүр жинап коймай, ертегі, аңыз, әңгіме, хикая түрівде өндеп жазып, газет бетінде жариялаған. Бүл шығармалардың тәрбиелік, тағылымдық мәні өз күнын жоймак емес. О.Әлжанов -• газетке шыкқан макалаларына "А.О", "О.А-ов", "Найман", "Орта жүз", "Жазушы Әлжанов", "Бабайбүркіт" деген бүркеншік аттарды пайдаланып қол қойғаны да белгілі болып отыр.
"Дала уалаяты газетінің" журналистік мектебінде шындалған, талантгы публицистердің бірі - Рахымжан Дүйсенбаев. Р.Дуйсенбаев сол газеттің шығарушыларының да бірі болған, редакцияда әдеби қызметкер болып кызмет аткарған. Р.Дүйсенбаев -- публицист өз мақалаларында ағартушылық бағыт ұстанды. Ол казақ халқының ұлт ретінде дамуының және жер бетінде сақталып қалуының негізі -дамыған алдыңғы қатарлы экономикада деп білді. Ел-жұртты балықшылық, егіншілік сияқты жаңа көсіптермен айналысуға шақырды. Арам көсілпен айналысатын саудагерлерді сынға алды, ұлықтардың әділетсіздігін әшкереледі. Сөйтіл корғансыз, жуас, кедей жұрттың атынан сөйлеп, жоғын жоқтады, мұңын мұвдады. Публицист - Дүйсенбаевтың шындыкты айтуы ел басқарып отырған ұлықтардың шымбайына батып кетсе керек. Р.Дүйсенбаев кай мәселені қозғаса да, қай тақырыпты камтыса да жеріне жеткізе жазады, ащы тілмен, өткір ойлармен, акикаттың алдаспанымен кемшілік атаулыны тіліп түседі. Бүл оның батылдығын көрсетіп қана қоймайды, ел ішіндегі қиюы кеткен қисынсыз жайттарды көрген соң қайнап шыққан ыза-кегін аңғартады. Публицист Р.Дүйсенбаевтың ақжарма ойлары өз заманының үні, сол замандағы халықтың тілі екендігін байқаймыз. Ол ертегі мысалдар жазып, казақ өміріне бейімдеп жариялауы аркылы да қоғамдық пікір калыптастырып отырды. "Дала уалаятының газеті" бетінде білікті жазушылардың ертегіні көптеп жазуында үлкен мән бар. Қазақ оқығандары ертегі, мысал арқылы астарлап болса да Патшалық Ресейдің отаршылдық саясатын, бейбастақ әрекеттерін сынға алып отырады. Бүл - елге өз ойын жеткізудін бірден-бір төте жолы болатын. Р.Дүйсенбаевтың да ертегі, мысал жазуынын басты себебі -- сол. Оның ертегілерін шартты фельетонның ертегі түріне жатқызуға әбден болады.
Қазақ публицистикасының қалыптасуына өз творчествосымен үлес қосқан үлкен түлғалардың бірі - Асылкожа Қүрманбаев. "Асылқожа "Дала уалаятының газетінде" калам тартқан, өдебиет пен
публицистиканың әр жанрында жазған адам. Ол газеттің көп материалдарын орысшадан казақшаға, қазақшадан орысшаға аударумен қатар, жаңа шыққан кітаптарға сын - библиография, қазақ халқының саяси-әлеуметгік қүрылысы, экономикасы және т.б. туралы көптеген мақалалар жазған"[25,90 б.]. Ол - қазақтың шаруасын ілгері бастырмайтүғын қамсыз, еріншектігі екендігін бетке басады. А.Қүрманбаев аударма да жасаған. Онын әйгілі тәржімаларының бірі И.Крыловтың "Құмырсқа мен шегіртке" деген мысалы да осы газетте жарық көрген (1894, №32). Қазак елін қамсыздықтан арылту үшін мақала да жазған, мысал да басқан. А.Құрманбаев -• публицистің мақала мен мысал жазудағы мақсаты біреу-ак. ол қазақты қамсыздық пен еріншектіктен қүтқару. Идеясы -• қыстың қамын жазда ойлау. Бүл мақаланың да, мысалдың да күші қазақ баласына өмірлік сабак болса керек. Публицист шығармаларывда қара жүмыстың кыр-сырын үғындырады, егіншшкке, шаруашылык ебіне үйрететін шаруа мектептерінде білім алуға халықты шакырады. Жүрт-шылықты отырықшылыққа үндейді. Байлыққа, билікке құмартуды сынға алады. Қазақ тілінің тазалығы мәселесін көтереді. Сөйтіп езінің үлтжанды, халық қамын ойлайтын публииист екендігін дәлелдейді.
"Дала уалаятының газеті" қазак публицистикасының қалыпта-суында түтас бір кезеңнің мектебі болды. Газетке әр жылдары қатысып, халык ішіндегі ірі коғамдық-саяси мәселелерді қозғауда, экономикалык және рухани тақырыптарды қамтуда қазактың қалам кайраткерлерінің үлкен шоғыры еңбек сіңірді. Олардың ішіндегі "Дала уалаяты газетінің" публицистік мектебін қалыптастырушы, көрнекті қаламгерлер ретінде М.Көпеевтің, З.Нүралыхановтың, "Алатау баласы" деген бүркеншік атпен қол қойған Б.Сыртановтың, Ж.Аймановтын, С.Шормановтың, Х.Бекходжиннің, Р.Марсековтің, Ш.Қүдайбердиевтің, М.Жанайдаровтың, Б.Райымбеков, Д.Түрапов, Ж.Түрапов, т.б. есімдерін атауға болады. Аракідік Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев, Ш.Марсеков, М.Қарабаев, Ә.Нөкербеков, Б.Адықов, Б.Чалымбеков, Д.Иманқүлов, А.Қылышбаев, А.Аппасов, т.б. есімдері де кездесіп қалады.
"Дала уалаятының газеті" шыкқан 1888 жыл мен 1902 жылдың аралығы - казақ публицистикасы қалыптасуының түтас бір кезеңі болып табылады. Бүл публицистиканың баспасөзбен тоғысып, ірі қоғамдық мәселелерге араласа бастаған кезеңі. Әрине патшалык Ресейдің отаршылдык саясаты, оның қатал цензурасы қазақ көсемсөзінің қанатын кеңге жайғызбады. Бірақ, ірі публицистеріміз жол табуға тырысты, тіс арасынан сыздықтатып болса да көкейкесті қазақ мәселелерін алға тартты, ел қүлағына жеткізді, болашақ үрпаққа мүра етіп калдырды.
3.3 "Айқап" журиалындағы публицистика деген белімшеде қазактың алғашкы журналындағы публицистер шығармашылығы карастырылады.
Қазак публицистикасының қалыптасуында "Айқап" журналы үлкен орын алады. 1911-1915 жылдары түрақты түрде шығарылып, қазақ елінің түкпір-түкпіріне таралған тұңғыш журнал XX ғасыр басывдағы тарихи кайшылығы мол күрделі кезеңнің айнасы бола бітді. "Айқапта" жарық көрген шығармалар ғасыр басындағы коғамдык-саяси ахуалды аңғартып, сол кездегі өмір шындығыньщ негізгі дерек көзіне айналды. "Қазақ халқының мәдени өмірінде XX ғасырдың бас кезінде болған елеулі окиғалардың бірі - • "Айқаіг" журналының шығуы. Ол қазақтың түңшш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. "Айқап" езінің сипаты жөнінен жалпы демократиялык болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннін, Абай Қүнанбаевтың ағартушылык идеялары негізінде дамып келе жатқан казактың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публиііистикасынын (астын сызған біз Б.Ж.)
прогресшіддік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырған, ілгері дамытқан журнал болды" [16,86 б.].
"Айқап" журналын жуйелі түрде шығаруды жүзеге асырған, оның редакторы Мүхаметжан Сералин болды. Ол журналда берілген бас мақалаларда басылымның бағытын айқындап, журнал төңірегіне қазактың озық ойлы азаматтарын топтастыруға күш салды. М.Сералин -• публицист үкімет саясатына үнемі бас изеп, қолдап отырған жоқ. Ол әсіресе қазақ халқының отырықшылыққа бет түзеуін, егіншілікке үйреніп, қала салуын қолдады. Патшалык Ресейдің отаршылдық саясатын батыл сынға алып отырған кезі де болды. Біріншіден, отырықшылықты жақтап, өркениет көшіне қазак қауымының ілесуін қолдауымен, екіншіден қазақтың шұрайлы жерлерін тартып алып отырған озбыр отаршылдық саясатты әшкерелеуімен де М.Сералин публицистикасының маңызы зор. Орыстың заң жүйесінің қазақ дауын шешудегі дәрменсіздігін сынға алады. Қазак арасында оқу-білімнін өрістеуіне отырыкшылық тікелей әсер етеді деген пікірді ұстанады. Ағарту саласындағы жетістікке жету үшін, қазақ қауымы бас қосып қала салу қажеттігіне көпшілік көңілін аударады. Бүл да XX ғасыр басындағы ірі қоғамдық-саяси проблемалардың бірі еді. Отырықшы болып, қала салып, мектеп ашсақ қана ілгері басып, ұлттық қасиеттерімізді сақтай отырып дами аламыз деген ойларды халық санасына сіңіре түсті. М.Сералин -публицист қазақ тарихы мәселесіне үнемі көңіл бөліп отырады. Қазақ тарихының дүрыс жазылу керектігіне, шежіре кариялардың хатқа түсіріп, оны "Айқапқа" жариялау арқылы бір ізді етіп болашаққа жеткізуге баса назар аударады. Ғасыр басындағы қазақ халқының алдында тұрған мәселелерді ресми орындар арқылы шешу хүрғысында да М.Сералин-публицист ел алдына нақты міндеттер қоя білді. І.Қазақтан Думаға депутат сайланатын болсын; 2. Қазақ жеріне бұдан былай қарашекпенділер келтіру тоқтатылсын; 3. Казак, орыс орналасқаннан қалған жер қазак пайдасына берілсін; 4. Мал шаруашылығын жаңаша өркендетуге орыспен бірге қазаққа учаске берілсін; 5. Қазақстандағы қазынадан сатылатын жерлерді орыс пен қатар қазақтың да сатып алуына рүқсат етілсін; 6. Дін туралы, мектеп, медресе ашу туралы, халық сотын өзгерту туралы сүрасын /А-п. 1912, №5/. Дәл осы түста М.Сералин - публицистің қозғаған мәселелерінің қай-қайсысы болса да, бүкіл қазақ түрмысын жаксартуға, казақ елдігін нығайтуға бағытгалған шаралар еді. М.Сералин "Айқап" бетіндегі мақалаларына "М.С.", "Мыс", "Баскарма" сияқты бүркеншік аттармен қол қойды. Журналда жарияланған публицистикасында қоғамдық маңызы зор мәселелерді жан-жақты камтып, қазақтың мақал-мәтелдерін қолданып, түйінді ойлармен өз ойын түжырымдап, кепшілікке үғымды тілмен, басты идеяларды нақты жеткізе білді. Әрі журнал шығару арқылы қазақтың қоғамдық ойын бір жерге топтастырып, үлттық публицистикамыздың таза қазак тілінде қалыптасуына зор үлес косты.
"Айқап" журналывда салмақты пікір, салиқалы ойларымен көрінген көшбасшы публицистердін бірі әрі бірегейі Ахмет Байтұрсынов болды. Қазақты еңбекқорлыққа, ғылым, өнер жолына түсуге шақырады. Өткенге өкпелемей, болашақтың камын ойлау керектігін, ол үшін амал қылып есе жібермей, елдің қамын ойлау керектігін түсіндіреді. Жатып ішер жалқаулықтан арылып, мавдай тер
төгіп еңбек ету •- өр қазақтың борышы екенін еске салады. Қазақ халқының бетен жүртпен тең дәрежеде ел болуы үшін -- сана -сезімге жаңғырық керектігіне, ол үшін ғылым, өнер жолына түсу қажеттігіне баса назар аударады. Қазақтың шұрайлы жеріне нықтап қоныстанып алған келімсектер, енді өздерін сол жердің қожайыны санай бастады. Ол аз болғандай қазақтар жерді үкімет рүқсатымен ғана ала алатын қаптаған бұйрықтар шықты. Дәл осы уақытта Ахаң сияқты көшбасшы зиялылар сөзінің қүны алтынға барабар еді. Публицист ойлары нық, әрбір сөзін шеге қакқандай анық жеткізеді. Оның үстіне ез жеріне қала салу үшін езгеден рүқсат сүраған халқына зығырданы қайнайды, жаны ауырады. Ақыры жер мәселесін шешудің қазақка жайлы, ең пайдалы жақтарын көрсетіп өз ойларын түйіндейді. XX ғасыр басындағы Ахаң араласқан ірі мәселенің бірі - өліпби, емле мәселесі болатын. Өзі білікті тілші, орі ағартушы-публицист ретінде Байтүрсынов бүл істің дс басында тұрды. Түркістан республикасының Орталық органы "Ақжол" газетінде Ақаң 50-ге толғанда: "Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап вліппе мен өріп, тіл һәм оқу қүралдарын шығарып, қазақтың жалпақ тілін талайға үйреткен Ақаң еді. Үлт қамы дегенді кексеген адам болмай, қазақ қүлшылыққа кез болғанда, бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді" [26], - деп әділ баға берілді. Байтүрсынов публицистикасының біз байқаған басты ерекшелігі -Ахаң қоғам өміріндегі түземеске болмайтын, тезге салмаса кеш болатын, аса маңызды мәселелерге қалам тербейді. Бүл оның "Қарқаралы петициясын" дайындағанда-ақ көрінген қыры. Қазақтың жер мөселесі болсын, билік тақырыбы болсын заманында ушығып түрған жайтгар еді. Ахмет публицистикасының тағы бір езгешелігі -қаламгер не тақырыпты қозғаса да, алдымен оқиғаның мәнісін жүртқа тәптіштеп түсіндіріп алады, сонан кейін сол мөселені оңдаудың, жөнге салудың, шешудің дүрыс жолдарын өзі көрсетіп береді.
Алғашқы қазақ журналының ел алдындағы бедел биігіне жетуіне күш қосқан, жаңадан шыға бастағанында үлкен жөрдем беріп, қалам қуатын, ой бүлағын аямаған арыстардың бірі - Міржақып Дулатов. Әсіресе журналдың 1911-1913 жылдардағы немірлерінде Міржақып Дулатов, Азамат Алашүлы, Азамат Алашұғлы, Арғын, М.Д. деп қол қойып, мақала, очерк, өлең, әңгімелерін жиі жариялап түрды. Мемлекеттік дума жайлы мақалаларында депутатты оқыған өнерлі, білімді, халык үшін жанын пида ететін кісіден сайлау керектігін айтады. Депутаттыққа лайық адамдардың кезінде өтпей қалғанына өкініш білдіреді. Қазіргі уақытта қазақтан депутат жоктығын, ал ноғайлардан бәрі он кісі бар екенін айта келіп, туысқан ноғайлар қазақ үшін сөйлейтіндігін, бірақ олардың қазақтың тұрмысын, ғадет-ғүрпын, мүқтажын, қай заңның пайдалы, залалды болатындығын көздері көрмеген соң бізге пайда келтіруінің қиындығына тоқталады. М.Дулатов отырықшылыққа кешу мәселесінің қазақ тұрмысын түп-тамырынан бүзып өзгертетіндігін еске салады. Қазақтьщ өз мемлекеттілігі жоқ кезде, билік бөтен жұрттың қолында болған кезде қазақ публицистикасы, әсіресе көш бастаушы көсемсөзшілер қалың елді басылым бетіндегі нұсқау, ұсыныс, пікір, түжырымдар арқылы басқарып отырғандығының дәлелі - бұл. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Шын менінде мемлекеттігіміздің жок кезінде калың қазақтың қарайтын жалғыз түтқасы - елдід көзі ашык оқығандары топтасқан газет-журнал болғандығы дәлел тілемейді. Ал сондай ауыр кезенде публицистика "басшылығы дұрыс болса, әлеуметгі түзейді, теріс басшылық қылса, әлеуметті адастырады" [1,224 б.]. Ол әйел теңдігі тақырыбына да көп қалам тартқан. М.Дулатов публицистикасы қоғамдық зор саяси-әлеуметтік мәселелерді көтеруімен, карапайым окушыға тілінің түсініктілігімен, үлкен проблемалардың шешімін көрсетуімен, ағартушылық, ілгерілеушілік идеяларымен қүнды. "Міржақып публицистикасының идеялық қуатын, позиция беріктігін арттыра түсетін және бір жайт - ол елді, азаматтарды үнемі бірлікке, ынтымаққа, өзара көмекке үндеп отырады... Тағы бір тамсандырар нәрсе: Міржақып - мақалдап, мәтелдеп жазудың шебері" [27,62-63
б.б.].
Зерттеушілер: "Айқаптың" тілі 20-ғасырдың басындағы үлттык публицистикамыздың үлгісі болды. Журнал бетінде жазушы, журналистер қазақтың жазба тілін қалыптастырып, көне, діни кірме сөздерден тазарту үшін Абай, Ыбырай бастаған жаңа әдеби тідді қолданды" [28,26 б.], - деп атап көрсетті. Шын мәнінде, "Түркістан уалаятының газеті" мен "Дала уалаятының газетіндегідей" орыс, ноғай сөздері араласқан материалдардын жариялануына жол берілмеді. Мүны журнал редколлегиясында хатшы болып істеген С.Торайғыров та айқын білдіреді.
"Айқап" журналының бетінде публицистиканы калыптастыруға зор үлес қосқан қаламгерлер қатарында Ш.Әлжанов, Ж.Сейдалин, М.Көшімов, С.Торайғыров есімдерін ерекше атауға болады. "Айқаптағы" қазақ публицистикасының дамуына С.Ғаббасов, М.Жолдыбаев, Ж.Акбаев, М.Көпеев, С.Шорманов. Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев, Р.Марсеков, Д.Қашқымбайүлы, М.Малдыбаев, Ғ.Қара-шев, Ш.Қүдайбердиев, Ғ.Мүсағалиев, Б.Сыртанов. К.Тоғысов, Ә.Ғалымов, Ж.Тілеулин, М.Түрғанбаев, Ж.Тілеубергенов калам қайратымен көп үлес қосты. Қазақ ақындары М.Жүмабаев, С.Денентаев, Қ.Кемеңгеров, Б.Айбасов, А.Мамытов өлендерінде де XX ғасыр басындағы қазақ халі бейнеленеді. Қазактың біртуар қаламгерлері Бейімбет Майлиннің, Сәкен Сейфуллиннің алғашқы тырнақалды мақалалары "Айқап" бетінде жарияланды. Сонымен "Қазақ халқының мәдени өмірінде түңғыш қоғамдык-саяси және өдеби "Айкап" (1911-1915) журналының шығуы елеулі ірі оқиға болды" [16,48 б.]. "Айқап" казак публицистикасын қоғамдык ойдың көшбасшысы деңгейіне жеткізген басылым еді.
3.4 "Қазак" газетіндегі публицистика деген бөлімшеде ұлттық публицистиканың қалыптасуындағы басылымның ролі, айтулы публицистер шығармашылығы зерттедді.
"Қазак" газеті 1913 жылдың 2 акпанынан бастап 1918 жылдың 16 қыркүйегіне дейін Орынборда шығып тұрған, үлттық баспасөздің, әдебиет пен мәдениеттің дамуына үлкен ықпал еткен басылым еді. Оның редакторы - А.Байтүрсынов, шығарушысы - М.Оразаев болды. Газетте Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Шәкәрім, С.Дөнентаев, М.Шоқаев, М.Жүмабаев, Б.Майлин, тағы басқа қазақ қаламгерлерінің публицистикалық, керкем шығармалары жарық көрді. Сол кездегі қазақ саяси өмірі мен коғамдық ойының белсенді өкілдері үлттық басылым төңірегіне тоғысуы - кездейсок жағдай емес еді. Оларды бірлесе кимылдаута, қосылып іс-әрекет жасауға итермелеген - ғасыр басындағы қазақ жеріндегі қоғамдық-саяси ахуал, елдің ауыр халі болғандығына көзіміз енді жетіп отыр. Демек, "Қазак" газеті - сол кезеңнің шындық шежіресі, емірлік айнасы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар, қалың көпшілікке жол сілтеген, үлттык сана-сезімді оятуға үлес қосып, болашаққа башт-бағдар берген қоғамдык ойдың өлшемі еді.
Мүхтар Әуезов Ташкентте шыққан "Шолпан" журналывда 1923 жылы жарияланған "Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі" атты тарихи-әдеби сын мақаласында былай деп жазыпты: "Жазба әдебиетте Абайдан соң аты аталатын - "Қазақ" газеті. "Қазақ" газетінің мезгілі әдебиетке үлтшылдық туын көтерген мезгілімен түстас...
...Бүл уақыттағы іс пен сөзде тығыз камның, асығудың ретінде бұдан өзгенің бәрін қоя түрып, бір саясат әңгімесіне жүмылдырудың, жалғыз соған ғана үңілудің қалпында өтті... "Қазак" газетінің бетіндегі бағыт пен түтынған жол да осы ретпен жүрді. Жазылған үсақ өлендер, өңгімелер, барлық мақалалардың бөрі де қазақты ұйқыдан ояту, сергіту, кушін біріктіру, оқығандарын түзу жолға салу, соларға басшы болу, қазақ ісіне көзкүлақ болуға арналған. Бұл түтынған жолда "Қазақ" газеті өз міндетін атқарады..." [29]. Басылымның негізгі мақсат - міндетін газетті шығарушылар алғашқы нөмірдегі беташар мақалада-ақ керсетіп берді: "Аталы жүртьшыздың, ауданды үлтымыздың аруақты аты деп, газетіміздің есімін "Қазақ" қойдық. Үлт үшін деген істің үлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету казақ баласына міндет. Халыққа қызмет етемін десендер, азаматтар, тура жолдың бірі осы" /Қ. 1913, №1/. "Қазақ" газетін шығарушы азаматтардың қазаққа азаттык әперудегі тура жол ретінде публицистикалык кызметті тандағандығы осы алғашқы беташар мақаладан-ақ көрініп түр.
"Қазак" газетінде қазақ публицистикасын жаңа белеске көтерген қалам қайраткерлерінін бірі - - Әлихан Бөкейханов болды. Өзінің алғашқы публицистикалық шығармаларын "Дала уалаятының газетінде", "Айкап" журналында жариялаған Ә.Бөкейхановтың "Қазақ" газетінде екі жүзге жуық мақалалар мен аудармалары басылған. Оларда қазақ елінің ең түйінді деген мөселелеріне тоқталған. Қазақ елінің жері, отырықшы болуы, патша үкіметінің қазақ еліне жүргізіп отырған саясаты, сот, әкімшілік туралы бай мағлүматгар берілген" [30,452 б.]. Ә.Бөкейхановтың белсенді саяси қызметі, өсіресе, "Қазак" газетінің бетінде жарык, керген рухқа толы, ұлт сөзін сөйлеген публицистикасынан көрініс тапты.
"Қазак" газетінің бетінде жарияланған материалдар қазак публицистикасы жанрларының қалыптасу, даму эволюциясында өзгеше орын алатындығымен ерекшеленеді. Әлихан Бөкейхановтың газетте жарық көрген шығармаларының ішінде публицистиканың ақпаратгық жанрлары шоғырына жататын есеп жанрында жазылған шығармаларын есеп жанрының қазақ публицистикасындағы алғашқы үлгілері ретівде атауға болады. Бөкейханов - публицистің тағы бір көп қалам тербеген шығармалары эпистолярлык публицистика жанрлары. "Қазақ" газетінің бетівде эпистолярлық публицистика ерекше дамыды. Бұл жанр елге үндеу айтудың, маңызды мәселелерді жеткізудің, белгілі бір қоғамдық мәні зор жағдайлардың шешімін табудың таптырмас қүралына айналды. Қазақ публиішстикасының қалыптасу, даму жолында зор еңбек сіңірген түлғалардың бірі Ә.Бөкейханов екендігі оның "Қазақ" газеті арқылы үрпаққа жеткен мүраларынан айқын көрінеді. Публицист Ә.Бөкейханов негізінен саяси мәселелерге баса назар аударды. Оның асқан білімпаздығы мен ішкі, сыртқы саясатты жетік меңгергендігі, саяси күрес әдістерін еркін игергендігі бүл тақырыпта жазылған шығармаларында терең көрініс тапты. Ә.Бөкейханов - публицист өз шығармашылығы арқылы қазақ публицистикасына үлкен үлес косты. Оның публицистикасындағы ерекшеліктерді былайша көрсетуге болады: 1. Ә.Бөкейханов алғашқы саясаткер - публицистің бірі. Совдықтан да болар оның саясат тақырыбына жазған мақалалары көп, әрі бүл жазғандарынан қазақ тарихындағы елеулі қоғамдық-саяси оқиғалар туралы деректер алуға болады. 2. Бөкейханов - қазақ публицистикасын пішіндік тұрғыдан дамытты. Ол өз шығармаларында әлемдік үлгідегі жанрлардың бай палитрасын пайдалана білді. З.Бөкейханов публицистикасына еткірлік, батылдық, шыншылдық касиеттер төн. 4.0л әр жазған шығармасында қазақ халқының мүддесін жоғары қойды және қарапайым қазақ елінің бостандығы үшін қызмет етті. 5.Бөкейханов публицистиканы саяси күрес қүралына айналдырды. б.Әлихан "Қазақ" газетін жалпыүлтгык басылымға айналдыру мақсатында, қалам қайратан жүмсады.
"Қазақ" газетінде маңызды қоғамдық мәселелерді көтеруге ат салысып, калам қайратымен күрескен алаш ардақтыларының бірі -публицист Райымжан Марсеков болатын. Р.Марсековтің алғашқы публицистикалық шығармасы 1899 жылы "Дала уалаятынын газетінде" жарияланды. Марсеков публицист "Қазақ" газетіне белсене араласты. Ол сол кездегі қазақ зиялыларының ішіндегі аз жазса да саз жазатын, ірі қоғамдык мәселелерге ғана үн қататын,
асқан білімді, беделді адамдардың бірі болған. Райымжан - публицист қазақ коғамындағы ең езекті мәселелерге дер кезінде үн қатты. Оның қамтыған тақырыптарының аясы да кең: діннен оқу-ағартуга дейін, саясаттан шаруашылық мәселесіне дейін, жер, отаршылдық қиянаттары, әйел тендігі, мәдениет, әдебиет, баспасөз, билік, сайлау сияқты ауқымды қамтиды. Аталған тақырыптарды ашып жазуда, өзінің заңгерлік білімін тиімді пайдаланып, кез-келген мәселені шешуді заң тұрғысынан жүйелеп, елге пайдалы етуді басты мақсат тұтады. Бұл - оның публицистикасының негізгі ерекшелігі десек те болады. Тағы бір өзгешелігі публицистикалық пікірталастарға қатысқанда, қаламгер шындықты, өділдікті ұстануы керектігін тәжірибе жүзінде керсетіп береді. Өз мақалаларына "Р.М.", "Ром", "Райымжан" "Марсеков" деп қол қойып, қазак публицистикасының қалыптасуына үлкен үлесін косады.
XX ғасыр басындағы басылымдарға белсене араласқан, қоғамдық ой көшбасшыларының бірі - Ғүмар Қарашев болды. Оның "Үльфат", "Шура", "Айқап", "Қазақ", "Қазақстан", "Дүрыстық жолы" газет-журналдарына соқталы мөселелерді козғаған бірнеше мақалалары жарияланды. Көп жылдар коммунистік идеология Ғүмар Қарашев есімін айтуға да, жазуға да тыйым салды. Бірақ оның ез орны бар түлға екендігі зерттеушілер қаламына 60-шы жылдары іліне бастады. Москвада 1962 жылы жарық көрген "Философская энциклопедия" атты еңбекте академик С.Зиманов пен ғалым М.Ысмағүлов Ғүмар шығармашылығына оң баға беріп, дүрыс пікір қалыптастырды: "...казахский поэт, публицист (астын сызған біз - Б.Ж.), мыслитель ... подвергал критике некоторые догмы ислама, ратовал за реформу школы, призвал к сближению с русским народом..." |31,457 б.]. 1989 жылы ғана Ғ.Қарашевқа тағылған айыптың күші жойылды. Жазықсыз жапа шеккен қайраткер туралы мемлекеттік қорытындыда: "Ғүмар Қарашев (1876-1921) - XX ғасырдың басындағы түлғалы ақын өрі қоғам қайраткері, философ, публицист (астын сызған біз -- Б.Ж.). Оның шығармаларында патшалык отарлау саясаты да, өкіметтің екіжүзділігі де, жергілікті үстем таптың надандығы мен топастығы да өлтіре сыналды. Оның елевдері өмірдің мөні туралы, болмыстың зандары туралы, сол кезең дүниесіндегі ез халқының орны туралы философиялық ой-толғамдарға толы..." /СҚ. 1989, 9 желтоқсан/, -деген баға берідді. Ғүмар Қарашев өз публицистикасында ғасыр басындағы ең өзекті мәселелерге назар аударды. Оның публицистика-лық мақалаларында қала салып, жаңа кәсіптерді игеріп, отырықшы-лыққа бет бүру мәселелері қозғалды. Халықты өнер, ғылым жолына түсуге, газет оқуға шақырды. Ынтымак пен бірлікке үндеді. Әсіресе. дін, оқу-ағарту, әдет-ғұрып, жер мәселелері туралы қоғамдық маңызы зор ойларды қозғады. Бар ғүмырын каза халкының бақытты болашағына арнаған Ғ.Қарашев Қазан төңкерісіне сенбеді, "Алаш" автономиясын қолдады. Ғүмар газетке "Ғабдолла Мүштақ", "Оразақай", "Молда Қазақаев", "Ағатай Байүлы", "Ғабдолла Көпжасаров", "Ғ.М.", "Ғұмар әл", "Қараш", "Қазақ", "Орда баласы", т.б. бүркеншік аттармен көп жазып түрды.
"Қазақ" газетінің бетінде қазак, публицистикасын дамытуға үлес қосқан авторлар көптеп саналады. Олардың әрқайсысының мұрасы жеке зерттеу нысаны болуға лайық. Мәселен, Ж.Сейдалин, Ғ.Мұсағалиев, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, Ж.Тілеулин, Ж.Басығарин, Е.Қасаболатов, Х.Болғанбаев, Н.Қүлжанова, М.Есболов, М.Оразаев, И.Әлімбеков, Ж.Жәнібеков, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгеров, С.Дөнентаев шығармаларында ғасыр басындағы оқығандарды толғандырған зор саяси, экономикалық, рухани мөселелер қозғалды.
"Қазақ" газетінің бетінде ең көп жазған Ә.Бекейханов, А.Байтүрсынов, М.Дулатов қоғамдағы барлык мәселелерді қозғап, болып жатқан оқиғаларды жіті бақылап, шолу жасап, кейбір кезек күттірмейтін жайттарға дер кезінде үн қатып, елді қауіп-катерден сақтандырып, казақты үлттық бостандық жарығына бастап отырды. Олар Ресейдің отаршылдық саясатын өшкереледі, Қытайдағы қазактар жайына да назар аударды, Қазақ даласының ішкі жағдайын үнемі назарда үстады, сыртқы саясат мәселесімен, халықаралық байланыстармен елді таныстырып отырды, бірінші дүниежүзілік соғыс тақырыбын жан-жақты қамтыды, қазақтан әскерге адам алу мәселесінде оңтайлы шешім кабылдады, Ақпан төңкерісіне көзқарастарын білдірді, жеке Қазақ Автономиясын қүруға шақырды. Сөйтіп, газет арқылы публицистиканың басқарушылық, бағыт беру-шілік, ағартушылық, үйымдастырушылық, насихаттаушылық, үгітші-лік функцияларын жүзеге асырды. "Қазак" газетінің публицистері қоғамдық-әлеуметтік ойға мүрындық бодды, экономика, ауыл шаруашылығы, егіншілік мәселелерін сөз етгі, жер мәселесін шешуге үйыткы болды, оқу-ағарту, оқулықтар жасау, кітаптар шығару, әліппе, емле, жер игеру, кәсіп істеу, мәдениет, дін, әдебиет, баспасөз, тіл проблемаларын шешуге көпшілікті үйыстырды. Қазақтың оқыған зиялы қауымын бір ойдың, бір мақсаттың төңірегіне - үлт азаттығын алу үшін күресуге жүмылдырды. Осыдан-ақ "Қазақ" газетіндегі публицистиканьщ - революция алдындағы коғамдық ойдың нағыз орталығы болғандығын көруге болады.
4 Қазак публицистикасының шығармашылык түрі ретінде дамуы атты тарауда кеңестік кезендегі және еліміз тәуелсіздігінін алғашқы жылда-рындағы публицистиканың тақырыптык, мазмүндық жөне көркемдік мәселелері қарастырылды. 4.1 Кеңес дәуірівдегі публицистиканың даму бағыттары. типологиясы деген белімшеде 1917-1990 жыддар аралығын-дағы қазак публшистикасының есу, өркендеу жолдары зерттелді.
Кеңестік дәуірде газет-журналдардың көбеюімен бірге қазақ публицистикасынъщ өрісі кеңейіп, дамудын жаңа сатысына көшті. Бүл кезендегі публицистикаға кеңестік кезеңнің саясаты, орыс публицистикасыньщ дамуы ерекше әсер етті. Соның нәтижесінде публицистикадағы пішіндік, жанрлык жаңашылдық белгілер айқын керініс бере бастады.
Кеңестік дөуірдің 20-шы, 30-шы жылдарындағы қазак публицис-тикасы жаңа даму жолына түсті. Бүл кезенде Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы саяси өзгерістер, экономикалық моселелер, рухани жайттар шығарма езегіне айналды. Жетістіктер де, кемшіліктер де публицистика айнасынан ақикат керініс тапты.
Соғыс жылдарындағы қазақ әскери публицистикасы — елдің букіл сана-сезім, куш-жігерін ортақ жауды жеқуге жумылдырды. Бүл кездегі публицистикалык шығармалар авторлары жогары патетикалык, пафосты, шешен тілді, ха,іық даналыгын өз ойларына өзек етіп қолданды. Қазақтың әскери публицистикасы ауыз әдебиетінің бай қазынасымен суарылып, тарихи аңыздардан, айтыстар мен мақал-мәтелдерден, жыраулық поэзия үлгілері мен шешендік сөздерден тамыр тартты. Және сол бай рухани мұра майдандағы және тылдағы деректі фактілермен, ақиқат окиғалармен, баяндаудың қуатты мәнері-мен астасып жатты. Соның нәтижесінде өткір тіл, ойды қысқа және дөл жеткізуге күрылған ғажайып публицистикалық шығармалар туды. Соғыс жылдарында халықтың күшін бір ойға біріктіретін публицис-тика түрлері мен жанрлары орнықты. Мәселен ундеу, памфлет, күнде-лік, хат, очерк, мақала, публицистик&шқ қуаты бай өлеңдердің тууы соның дәлелі.
Соғыстан кейінгі жылдары бүкіл ел халык. шаруашылыгын қайта қалпына келтіру ісіне жүмылдырылды. 1945 жылы "Республикалык, өлкелік жөне облыстык газеттердің сапасын арттыру және көлемін үлғайту туралы" қаулы қабылдануының баспасөзді, публицистиканы дамытуға есер, ыклаіы зор болды. "Соғыстан кейінгі жылдары республика газеттерінің мазмүны өзгерді, олар жергілікті емірді жан-жақты жазатын болды, экономика мен мәдениет мәселелеріне баса назар аударылды. Газет бетгерінде очерк пен фельетон, баспасөзге шол>7 жанрлары жиі көрінді. Сөйтіп баспасөз өзінің жүмысын бейбіт дәуірге бейімдеп қайта қүра бастады" [32,49 б.]. Сөз жок баспасездің бейбіт өмірге бейімделуімен бірге, қазақ публицистикасы да күнделікті еңбек ырғағының айнасына айналды.
60, 70-ші жылдардағы қазак, публицистикасы шүрайлы тілмен көркейе түсті. Бүл әсіресе сол кездері мол жазылған публицистика-лык лепті мақалалар мен көркем очерктерде көрініс тапты. Осы кезең туралы сөз еткенде, академик С.Қирабаев: "Қазақтың көркем әңгімелерімен жалғас, көсемсөз, очерк, ой толғанысы, емірді бейнелі жолмен тануға үмтылған публицистика да бүл дәуірде едәуір өркендеді" [33,166 б.], - деп атап көрсетгі. Десек те, 60-шы, 70-ші жылдарда жарык көрген шығармалардағы әсіреқызыл, жасанды суреттеу, асыра мақтау, мадақтау, жалаң үраншылдык сияқты заман туғызған кемшіліктер де болды.
80-ші жылдары қазақ публицистикасының дамуында зерттеу-шілік, тарихи-танымдык, багыт анық орнықты. Түтас ізденіс негізін-де, журналистік зерттеулер нәтижесінде тарих қойнауында жасырын жатқан деректердің беті ашыла бастады. Кеңестік дәуірде қазақ публицистикасы тектік, түрлік, жанрлық, стильдік тұрғыдан қалыптасьш, дамыды. Публицистиканың өз алдына дербес теориясы да жасадды. Осы өзгерістерге орыс публицистикасы-ның теориясы мен төжірибесі орасан зор ықпал етті. Егер алғашқы газет "Туркістан уалаятаның газеті" бетінде акпараттык жанрлардағы публиііистика қалыптаскан болса, "Дала уалаятының газеті", "Ай-қап", "Қазақстан", "Қазақ", "Үран", "Алаш", "Сарыарқа", "Абай", "Ақжол", "Шолпан", "Таң" басылымдарының бетінде талдамалы жанрлардағы публицистика қалыптасты. Ал кеңестік дәуірде публицистиканың бай жанрлық палитрасы көрініс тауып, өркендеді.
Қазақ публицистикасының кеңестік дәуірдегі даму жолындағы негізгі бағыттарды біз талдап-таразылаған жарияланымдардың мазмұндық және турлік жағынан біртұтас бірлікте қарастыра отырып айқывдауға тырыстык,. Олар: қогамдық-саяси багыт, көркемдік багыт, сыншыідық-сатиралык, баеыт, поэтикалық-философиялык, багыт, улттык, психологиялық-көркемдік багыт, проблемалық-аналитикалық багыт, зерттеушілік, тарихи-танымдық багыт болып табылады. Бұл мерзімдегі публицистика ерекшеліктері С.Сейфуллин, Ж.Аймауытов, Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, Б.Бүлқышев, М.Иманжанов, Ә.Нұршайықов, С.Төлешов, Б.Қыдырбекұлы, Ә.Нұрпейісов, З.Қабдолов, Н.Ғабдуллин, Ғ.Қайырбеков, Ш.Мұртаза, Қ.Найманбаев, Т.Жанүзақов, О.Бөкеев, А.Сейдімбек, Ж.Елшібеков, М.Қабанбаев, Ж.Аупбаев шығармашылықтары арқылы ашылды.
1917-1990 жылдардағы публицистикалық шығармаларды талдап, таразылай келе, кеңестік дәуірдегі казақ публицистикасын тегіне, туріне қарап бөлу жөніндегі мынадай тұжырымдарға келдік:
1. Публицистиканың тектік түрғыдан алғандағы жүйелерін үш топқа жіктеуге болады: а) Ақпараттық-оқигаІШ публицистика; ә)Талдамалы публицистика; б) Көркем публицистика.
2. Публицистиканың түрлік жағынан алғандағы типологиясы: а) қогамдық-саяси публицистика; ә) экономикалык, публицистика; б) мо-рсьіьдық-этикалық публицистика; в) әдеби публицистика; г) сыни пуб-лицистика; г) гылыми-танымдық публицистика; д) әскери публицистика.
3. Жанрлык тұрғыдан алғанда, акпараттық-окиғалы публицистика тобына: заметка, есеп, репортаж, сухбат; талдамалы публицистика тобына: корреспонденция, мақала, шолу, рецензия, баспасөзге шолу, хат (эпистолярлық жанр ретінде), тусіндірме (комментарий); көркем публицистика тобына: суреттеме, очерк, фелъетон, памфлет жанрларын кіріктіруге болады.
4. Публицистикалық шығармаларды стильдік түрғыдан: а) полеми-кишқ (қақпайіы) публицистика; ә) угітшыік публіщистика; б) насихат-шььшқ публицистика; в) сатираііык, публицистика; г) эпистолярлык, публицистика; г) талдамалы-сыни публицистика; д) деректі публицистика; е) іскерлік публицистика, - деп жіктей аламыз.
5. Бүқаралық ақпарат қүралдарында көрініс табуына орай: а) газет публицистикасы немесе баспасөздегі публицистика; ә) радиопублицис-
тика; б) телепублицистика; в) фотопублицистика; г) кинопублицис-тика, - болып жіктеледі.
6. Сондай-ақ кеңестік дәуірдегі қазақ публицистикасы агартушы-лық, угітшілік, насихатшылық, уйымдастырушылык,, әшкерелеушшк, анықтамшіық, жарнамалық, танымдық функцияларды атқарды.
Біз қарастырған кенестік дәуір кезендерінде қазак публицистика-сының әр жанры әр түрлі деңгейде баспасөзден орын алып отырды. 20, 30-шы жылдары заметка, хат, мақаланың проблемалық түрі, фельетон сияқты публицистика жанрлары көбірек көрініс тапты. 40-шы жылдары публицистикалық мақала, памфлет, үндеу, рух көтеруге бағытталған хаттар түріндегі публицистика ерекше дамыды. 50, 60, 70-ші жылдары очерк өз дамуының биігіне жетті. Очерктің физиологиялық, социологиялық, экономикалық, проблемалық-анали-тикалық, портреттік, сапарнама, психологиялық, лирикалық, т.б. түр-лері бірінен соң бірі жарқырап көрінді. Осы жылдары публицистика-лық мақаланың "өлеңмен жазылған қарасөз" түрлері ерекше ынта-ықылас туғызды. Фельетон жанры қайта өрлеу жолына түсті. 80-ші жылдары сүхбат жанры мен репортаж кең қолданылды. Сүхбаттың диалог түріне қоса, сүхбат-монолог, сүхбат-хабар, сұхбат-суреттеме, сүхбат-пікір, сүхбаттың анкета түрі, дөңгелек стол басындағы әңгіме, баспасөз конференциясы сияқты бірнеше жаңа түрлері қолданысқа енді. Кеңестік дәуірдің барлық кезендерінде де заметка, корреспонден-ция, есеп, бас мақала, рецензия, шолу, баспасөзге шолу, мақала жанрлары баспасөз бетінен түскен жоқ. Мүның бәрі де дәуір мазмүны - сол дәуірдің өзіне тән түрді қажетсінетіндігінің айқын көрінісі.
4.2 Тәуелсіз Қазақстан публицистикасындагы Іакырыпгык. проблемалык ізденістер атты бөлімшеде тәуелсіздік кезеңінің алғашкы жылдарындағы публицистикалық шығармалар сараланды.
Демократия мен жариялылықтың нәтижесінде тарихтағы көптеген актандақтардың беті ашыла бастады, ұлт тағдыры, үлттық сананың калыптасуы, мемлекетгіктің қалыптасуы сияқты өзекті мәселелерге баспасөз бетінен орын беріле бастады. Публицистер халықтың тарихта кеткен есесін қайтарып беру жолында қалам қайратын жұмсады, ел намысын оятуға, жүрт санасын сілкіндіруге бағытталған рухани серпіліс жасауға көшті. Бүл әсіресе 90-шы жылдардағы қазақ баспасөзінен, овда жарық көрген публицистикалық шығармалардан айқын көрініс тапты.
Дөл осы кезенде қазак публицистикасының дамуында да жаңа бір дәуір басталды. Ол — азат ойдық, еркін сөздің дәуірі еді. Публицистика қоғамдық маңызды мәселелерді кетергенде ғана, оның әсер-ықпалы зор болатындығы белгілі. Сондықтан біз 90-шы жылдардағы ең өзекті мәселелерді алға тартқан публицистикалық шығармаларға назар аудардық.
90-шы жылдардағы қазақ баспасөзінде көрініс тапқан негізгі тақырыптар мынандай болып келді: 1) төуелсіздік; 2) Қазақстан территориясының түтастығы; 3) тіл саясаты; 4) егемендік; 5) казактар туралы; 6) қоғамды жаңэгырту жолдары; 7) қазақтардың тарихи атамекеніне оралу мөселесі [34,43 б.].
Бүл жаңа дәуірдегі жанрлық, түрлік езгешеліктерге назар аударсақ, өсіресе сыни корреспонденция, корреспонденция-толғаныс, ғылыми-публицистикалық макала, проблемалық мақала, полемикалық мақала, тарихи-танымдық очерк, сұхбат, шолу, хат, есеп, жолсапар очеркі жанрларындағы шығармалар кездеседі. Дербес және бір тектес заметкалар мол басылды. Мүның өзі шет елдік жеңіл ақпаратгык баспасөзге еліктеуден, әрі күнделікті оқиғалар туралы тез хабарлаудан туған кажеттілік еді. Памфлет, баспасөзге шолу сияқты жанрлар мүлдем көрінбей кетті. Ал репортаж, фельетон, рецензия жанрларында жазылған публицистикалық шығармалар сирек кездеседі. Бас мақала жанрының орнына оның "Редактор бағанасы", "Серкесөз" "Ойтүрткі" сияқты жаңғырған түрлері пайда болды. Сүхбаттың қолданылу аясы кеңейді. Жаңа пішіндер пайда болды. Көп жарияланымдар сүхбаттың монолог, диалог, сұхбат-пікір, сүхбат-толғаныс, баспасөз конферен-циясы, брифинг, жедел сүрау салу (блиц-опрос), контрвью (қарсы интервью) түрлерінде берілетін болды. Радиопублицистикада, телепуб-лицистикада радиокөпір, телекөпір, телефон арқылы байланыс сияқты сүхбаттың жаңа түрлері кең қолданысқа енді. Бүрынғы кеңестік дәуір-дегі кіл мақтау мен марапатқа қүрылатын портреттік очерктер мүлдем жарняланбайтын болды. Оның орнына шағын суреттемелер берілетін болды.
90-шы жылдар публицистикасында "синкретизм" аясы кеңейді. Кейбір жарияланымдарды жаңа бір жанрға жатқызып даралау, өзгешелеу мүмкіндігі болмай қалды. Оның есесіне бір публицистика-лық шығарманың бойынан сүхбат пен репортаждың, корреспон-денция мен мақаланың, тағы басқа бірнеше жанрлардың белгісін табуға болады. Бұл тенденцияның алда қалай өрістейтіні қалам алған публицистер қауымының фантазиясы мен танымдық көкжиегіне байланысты болса керек. Оның үстіне жанрлар мен пішіндердің өзгерісі әлемдік әдебиет пен журналистиканың даму бағыттарына да байланысты екендігін үмытпаған абзал. "Жанр - даму үстіндегі ұғым. Әрбір тарихи дөуір әр түрлі жанрдың түп негізін сақтай түра, оның табиғатына өз ерекшеліктерін енгізеді... Жанрлық дамудың езі - тірі процесс. Жанрлар туады, өседі, өзгереді, жоғалады, жаңадан пайда болады..." [35,311 б.] - деген академик З.Қабдолов тұжырымы осындайда айтылса керек. 90-шы жылдар публицистикасындағы тағы бір ерекшелік шығармадағы ішкі полемика (қақпайласу,
қайымдасу). Мәселен мақала авторы, тууы мүмкін оқырман сауалдары мен қарсылықтарына ыңғайластырып, ішкі полемиканы туғызады. Бүл теоретиктердің айтып жүрген "Публицистикалык, текстің ішкімонологтық диалогтандырылуы" [36,90 б.] болып табылады. Дәл осы ерекшелік төуелсіздік дәуіріндегі публицистер шығармашылы-ғывда жиі кездесіп отырады. Тәуелсіздік жыддарындағы баспасөздегі
тенденциялар Ш.Мұртаза, К.Смайылов, Ө.Жәнібеков, Ә.Кекілбай т.б. публицистикалык шығармалары негізінде көрсетілді.
90-шы жыддар публицистикасының басты өзгешелігі • - бұрын жазуға болмайтын, бүрын айтута болмайтын мәселелерге еркін қалам тербелді. Бүл жаңа басталған дәуірде қазақ публицистикасы, әсіресе, тақырыптық жөне проблемалық тұрғыдан байыды. Соған сай мазмүндык жағынан да публицистиканың өмірді шынайы қамту ауқымының аясы кеңейді. Ақын-жазушылар, ғылыми, модени зиялылардың публицистикаға калам тартуы бүрынғыдан да жиіледі. Сойтіп ел тәуелсіздігімен бірге, мәселенің мәнісін тез ашатын, қоғамдағы окиға, қүбылыска жедел түрде үн қататын публицистика заманы туды. Бұл қазақ публицистикасының даму жолындағы жаңа дәуір еді.
ТҮЖЫРЫМДАРДА
Публицистика табиғаты, қазақ публицистикасының бастаулары, фольклордағы және көне түркі жазба ескерткіштеріндегі публицистика белгілері, алғашқы қазақ басылымдарындағы публицистика, кеңестік дәуірдегі және тәуелсіздік кезеңіндегі қазак публицистикасы туралы негізгі тарауларда айтылған ойлар мен пікірлер корытындыланған.
Түйіндей келгенде, қазақ публицистикасы алғаш рет кең ауқым-ды тұтас зерттеу нысанына айналды. Публицистика табиғаты көркем әдебиетпен, журналистикамен байланыста ашылды. Үлттық публицис-тиканың пайда болуының уакыттық шегі терендетілді. Қазак ауыз әдебиетіндегі публицистикалық сарын туралы тың тұжырымдар жасал-ды. Көне жазба ескерткіштердегі публицистикалык элементтер нақты текстік үзінділерді талдау негізінде айқындалды. Алғашкы казақ газет-журналдарындағы публицистика жанрлары, пішіндері, сондай-ақ бүрын беймәлім көрнекті публицистер шығармашылығы, кеңестік дөуірдегі және тәуелсіздік кезеңіндегі публицистиканың ерекшеліктері бүгінгі көзкарас тұрғысынан ғылыми байыптатды. Сонымен, публицистика -- белгілі бір уақыт пен кеңістікті камтитын заман шежіресі, дәуір үні. Өткен кезевдерде қандай коғамдық-саяси ахуал болғандығын, халык жағдайын, әлеуметтік өзгерістер мен шаруа-шылық бағыттарын сол уақытган қалған ауызекі мүралар арқылы жөне баспасез бетінде жазылып, жарияланған публицистика арқылы бүгін біле аламыз. Ал бүгінгі болып жатқан қым-куыт оқиғалар публицистиканың алтын аркауы аркылы келер үрпак жадына жол тартады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Байтұрсынов А. Шығармалары.- Алматы: Жазушы, 1989. - 320 б.
2 Назарбаев Н. Туған елім - тірегім. - Алматы: Рауан, 2001. - 128 б.
3 Фетисов М.И. Зарождение казахской публицистики. - Алматы: КГИХЛ, 1961. -С.440
4 Амандосов Т., Елеукенов Ш., Ыдырысов Т., Қожакеев Т. Газет жанрлары. - Алматы: Қазақстан, 1965. - 208 б.
5 Амандосов Т. Современная казахская публицистика. Автореферат на соиск. учен. степени докт.филол.наук.- Алматы: 1982.
- С. 46.
6 Барманкулов М. Жанры печати, радиовещания и телевидения. -Алматы: КазГУ, 1974. - С. 128.
7 Идрисов Р. Казахская военная публицистика (1941-1945): Автореферат на соиск. учен. степени канд.филол.наук. •- Алматы, 1970. - С. 20
8 Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы: Мектеп, 1982. - 365 б.
9 Даль В. Толковый словарь. Москва: Государственное издательство иностранных и национальных словарей, 1956. Т.З. - С, 535.
10 Әдебиеттану терминдерінің сөздігі/ Қүрастырушылар: З.Ахметов, Т.Шаңбаев. - Алматы: Ана тілі, 1996. - 240 б.
11 Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. - Алматы: Мектеп, 1978. - 273 б.
12 Гребенщиков А.Я. Некоторые вопросы современной публицистики// Сборник "0 публицистике и публицистах". Ленинград: Изд. Ленинградского университета, 1966. - С. 185.
13 Багиров Э.Г. Место телевидения в системе средств массовой информации и пропаганды. - М.: Изд. МГУ, 1976. - С. 119.
14 Белинский В.Г. Разделение поэзии на роды и виды/ Под ред. Ф.М.Головенченко. Собрание сочинений в 3-х томах. Статьи и рецензии. - М.: Гос.издат.худ.лит., 1948. Т.2. - С. 5-67.
15 Гус М. Статья и фельетон (Опыт пособия по газетной публицистике). - Москва: Работаик просвешения, 1928. - С. 68.
16 Бекхожин Х.Н. Қазак баспасөзінің даму жоддары (1860-1930 жылдар). - Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1964. - 263 б.
17 Алтынсарин Ы. Тавдамалы шығармалары. - Алматы: ҚМКӘБ, 1955. - 324 б.
18 Қазақ халқының ауыз өдебиеті.- Алматы: ҚМКӘБ, 1960. I-кітап. - 738 б.
19 Рыбаков Б.А. Доевняя Русь. Сказания, былины, летописи. -М.: Изд. АН СССР, 1963. - С. 361.
20 Ученова В.В. Исторические истоки современной публицистики.
- Москва: МГУ, 1972. - С. 73
21 Ученова В.В. Гносеологические проблемы публицистики. - М.: МГУ, 1971. - С. 146.
22 Қазақ совет энциклопедиясы.- Алматы: Қазақ совет энц. Бас редакдиясы, 1978. Т.12. - 600-6.
23 Радлов В.В. Образцы народной литературы тюркских племен. СПб. 1896. Т. ҮІІ.
24 Қожакеев Т. Үлттық баспасөз куні// Жас алаш. - 1992. - 10-мамыр.
25 Түрарбеков 3. Әдебиеттер достығынын дәнекері. - Алматы: Казақстан, 1977. - 147 б.
26 Әуезов М. Акаңның 50 жыддык тойы// Ақ жол. - 1923. - 4-ақпан.
27 Қожакеев Т. Көк сеңгірлер. - Алматы: Қазак университеті, 1992. - 272 б.
28 Сұхбанбердина Ү. "Айқап" журналы. -• Кітапта: "Айқап".-Алматы: "Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясьт, 1995. - 366 б.
29 Әуезов М. (Қоңыр). Қазак әдебиетінің қазіргі дәуірі// Шолпан. - 1923. - № 4, 5.
30 "Қазақ" газеті/ Бас редактор Ә.Нысанбаев. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясы, 1998. - 560 б.
31 Философская энциклопедия. Т.2. - М., 1962.
32 Қозыбаев С., Бекболатов Ж. Өмір айнасы. — Алматы: Қазақстан, 1990. - 88 б.
33 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ өдебиеті. - Алматы: Білім. 2003. - 224 б.
34 Сарсенбаев А. Новое информационное пространство Республики Казахстан: проблемы и перспективы. - Ачматы: Ақыл кітабы, 1998. - С. 200.
35 Қабдолов 3. Әдебиет теориясының негіздері. Алматы: Мектеп, 1970. - 379 б.
36 Стюфляева М.И. Поэтика публицистики. • Воронеж: Изд. Воронежского университета, 1975. - С. 154.
ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР
1 Соғыстан кейінгі жылдардағы М.О.Әуезов публицистикасы /Үлы суреткер үлағаты. Ғылыми басылым.- Алматы, 1997. - 9-26 б.б.
2 Қазак публицистикасының бастаулары/ Ғылым көкжиегінде. Ғылыми-көпшілік жинак..- Алматы: Білім, 1998. - 145-152 б.б.
3 Новые взгляды в исследовании печати Алаш Орды /,/ҚазҮУ хабаршысы. Журналистика сериясы. - 1998. - №2. -35-37 б.б.
4 "Акылды кара кылды қырыкка белмек..."/ 3. Ахметов. Материалы и исследования. Научное издание. •- Алматы: Ғылым, 1998. - 106-110 б.б.
5 Қазақ публицистикасының бастаулары //ҚазҮУ хабаршысы. Журналистика сериясы. - 1998. - №2.-104-108 б.б.
6 Жыраулар поэзиясындағы публицистикалық сарын //ҚазҮУ хабаршысы. Журналистика сериясы. — 1998. — №4.-50-56 б.б.
7 Баспасөз бостандығы және кәсіби мінез-құлық. //ҚазҮУ хабаршысы. Журналистика сериясы. - 1999. - №5. - 29-33 б.б.
8 Шет ел тәжірибесінің қазак журналистикасына ықпалы //ҚазҮУ хабаршысы. Журналистика сериясы. - 1999. -№б.-9-12 б.б.
9 Қазақ анықтамаларының қалыптасу кезеңінен //ҚазҮУ хабаршысы. Журналистика сериясы. - 1999. - №7.-66-69 б.б.
10 Қазақ публицистикасының тарихи тамырларын ғылыми негіздеудің маңызы. 5і§піГІсапсе оГ Ше һійогіаі Гопсіаиоп оГ Кагаісһ риЫісізт. (Қазақ және ағылшын тілдерінде)// "Қазақстан БАҚ-ы: ақпарат алу еркіндігі" ғылыми-практикалык Семинарының материалдары. - Алматы, 2001. - 19-22 б.б.
11 Проблемы размещения в Интернете казахских изданий //Материалы международной научно-практической конференции "Массовая коммуникация Казахстана в XXI веке: Реалии и прогнозы развития". - Алматы, 2001. - С. 66-69.
12 Қазақстан кітап баспалары хақында //ҚазҮУ хабаршысы. Журналистика сериясы. - 2002. - №(2) 13.-4-10 б.б.
13 Қазақ кітабының тарихынан //ҚазҮУ хабаршысы. Журналистика сериясы. - 2002. - №(2) 13.-73-77 б.б.
14 Электронды газеттердің кейбір ерекшеліктері //"Қазақстан Республикасының акпараттық кеңістігінің дамуы: онжьщдық төжірибе" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. - Алматы, 2002, - 15-17 б.б.
15 Ғ.Мүсіреповтің публицистік шеберлігі //"С.Мүқанов. Ғ.Мусірепов - қазақ әдебиетінің классиктері" халықаралық ғылыми конференция материадцары. - Алматы: Арыс, 2002. - 80-83 б.б.
16 Қазақ басылымдарының интернетте орналасуының кейбір проблемалары //"Ғасырлар тоғысындағы журналистика: өзекті мәселелері мен келешегі" халықаралык ғылыми-практикалық конференция материалдары бойынша ғылыми мақалалар жинағы. -Қарағанды, 2002. - 54-56 б.б.
17 Қазақстанда журналист мамандар даярлау тарихынан және қазіргі кейбір проблемалар // Қ.А.Ясауи атандағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің хабаршысы. - 2002. - №1. - 29-32 б.б.
18 Көне жазба ескерткіштер және қазақ публицистикасы //Акиқат. - 2003. - №10. - 55-61 б.б.
19 Көне жазба ескерткіштер және қазақ публицистикасы //Ақикат. - 2003. - №11. - 66-74 б.б.
20 Батырлар жыры — ауызекі публицистика үлгісі // Қазақ тілі мен әдебиеті. - 2003. - №11. - 38-46 б.б.
21 "Айқап" журналындағы публицистика // Жүлдыз. -- 2003. -№12. - 155-1726.6.
22 "Қазақ" газетіндегі Райымжан Марсековтің публицистикасы //ҚазҮУ хабаршысы. Журналистика сериясы. - 2003. - №14. -34-39 б.б.
23 Ғүмар Қарашев публицист// ҚазҮУ хабаршысы. Журналистика сериясы. - 2003. - №14. - 153-156 б.б.
24 "Дала уалаятының газетіндегі" Дінмүхамед Сүлтанғазиннің публицистикасы //ҚазҮУ хабаршысы. Журналистика сериясы. - 2003. -№2(15).-32-356.6.
25 Қорабай Жапанов публицист // ҚазҮУ хабаршысы. Журналистика сериясы. - 2003. - №2 (15).-46-49 б.б.
26 Махамбет шығармаларындағы публицистикалық сарын //Махамбет поэзиясындағы ерлік пен елдік рухы жөне қазіргі дәуір. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы: Қазақ университеті, 2003. - 427-433 б.б.
27 Журналистика мен публицистиканың өзгешеліктері //"Евразия: РК жене БАҚ проблемалары" ғылыми еңбектер жинағы. - Алматы: Нүр, 2003. - 78-84 б.б.
28 Әлемдік проблемаларды керсетудегі БАҚ-тың ролі. //Қазакстан: сындарлы жылдар және ғаламдык мөселелер. Ғылыми-практикалык конференция материадцары. Алматы: Қазақ университеті, 2003. - 35-41 6.6.
29 Баспасөздегі Шапырашты Наурызбай батыр түлғасы //Шапырашты Наурызбай. Ғылыми-теориялық конференция материалдары. - Алматы: Қазақ университеті, 2003. - 117-125 б.б.
30 "Қазақ" газетіндегі публицистика //"Жоғары оқу жүйесінде журналист даярлау мәселелері". Республикалык ғылыми-практикалык конференцияның материалдары. - Қарағанды, 2004. - 29-386.6.
31 Шешендік сөздердегі публицистикалық белгілер // ҚазҮУ хабаршысы. Филология сериясы. - 2004. - №1 (73).-27-30 б.б.
32 Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. Монография. - Алматы: Білім, 2004. - 368 б.