1. Рефераты на казахском
  2. Мамандық
  3. Мердiгерлiк шарты туралы жалпы ережелер

Мердiгерлiк шарты туралы жалпы ережелер

МЕРДIГЕРЛIК
§ 1. Мердiгерлiк шарты туралы жалпы ережелер
Мердiгерлiк шартынан туындайтын құқықтық қатынастар жұмыс орындау бойынша мiндеттемелерге жатады. Солардың көмегiмен, белгiлi бiр тұлғаның (тұлғалардың) жұмысының нә-тижесi тиiстi ақшалай құндылыққа айырбасталады.
Экономикалық тұрғыда мердiгерлiк бұл қызмет, оның нәти-жесi заттай мiнезде болып келедi (белгiлi мүлiк пайда болады). Одан басқа, орындалатын жұмыстардың өзге де (зат емес) нәти-желерi болуы мүмкiн бiрақ бұл мердiгерлiк қатынастарының мәнiсiн жоққа шығармайды, себебi оларда қол жететiн нәти-жемен қатар белгiлi қызметтiң өзi де (оның барысы) маңызды болып келедi. Осы қызметтi негiзiнен (жалпылама) оңды (пай-далы) қызмет деп мiнездеуге болады, сондықтан мердiгерлiк шарттарында тараптардың өзге қатынастарымен бiрге жүзеге асырылатын қызмет те реттеледi.
Жұмыс атқаратын тұлғаның қызметi жалпы түрде реттеледi, өйткенi ол тұлға мердiгерлiк шарттың жағдайларына сәйкес жұ-мыстың толық орындалуына жауапты болады. Осымен қатар, құқықтық реттеу, егер ол заттық сипатта болса, тұлғаның қыз-метiнiң нәтижесiнде оны беру бойынша мiндеттi де қамтиды. Сондықтан мердiгерлiк шарты бұрын қарастырылған шарттардан көрсетiлген қызметтi реттеу бойынша ережелерiмен елеулi ерек-шеленсе де, жасалған мүлiктiң өзi және оны беру сұрақтары ту-ралы айтсақ, онда мердiгерлiк шартының тараптардың құқық-тары мен мiндеттерi бойынша сатып алу-сату шартымен ортақ-тығы болып келетiнiн тануымыз мүмкiн. Азаматтық құқықтық әдебиеттер еңбек және мердiгерлiк қатынастардың жақындығы жөнiнде айтылады. Бiрақ негiзiнен мердiгерлiк қатынастарды са-тып алу-сату және еңбек қатынастарынан айыруға болады. Айырмашылықтары олардың әрқайсыларының қатысушылары-ның құқықтары және мiндеттерi жүзеге асырылатын шарттар-дың мазмұнынан айқын көрiнедi.
Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тарап-тың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттi.
Мердiгерлiк шарты консенсуалды ақылы және өзара шарт. Жұмысты орындау үшiн белгiлi уақыт керек, сондықтан мердi-герлiк шарт бойынша шарт жасалу кезi және оның орындалу кезi сәйкес келмеуi мүмкiн. Өз кезегiнде бұл оларға тәуелдiлiкке мердiгердiң жұмыс орындары қойылатын мерзiмдерге әсер етедi. Кейбiр мердiгерлiк шарттардың орындалуы және жасалуы бiр уақытта болуы мүмкiн, мысалы, суретке түсiру шарттары “тез” фотосуреттер дайындаумен байланысты мердiгерлiктiң осындай мерзiмдерiнiң ерекшелiгi олардың барынша қысқалығы болады, және осы мердiгерлiк жасайтын шарттың тапсырысшының се-бептенушi негiзiнде болуы мүмкiн.
Мердiгерлiкке арналған нормалар, көбiнесе Қазақстан Рес-публикасының Азаматтық кодексiнде (616-683-б) ұстанылып ке-ледi. Одан басқа Қазақстан Республикасында халыққа тұр-мыстық қызмет ету, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комитетiнiң 22.09.1996ж. №9/7-қаулысымен бекiтiлген, құнды және антимонопольды саясат туралы тәртiптерiнде қолданылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiн Ерекше бөлiмiн қабылданғаннан кейiн құрылыс аясында мердiгерлiк қатынастарда бұрын қолданған, Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлiгiнiң 3 наурыз, 1994. №5-5-өкiмiмен бекiтiл-ген, Қазақстан Республикасының күрделi құрылыста мердiгерлiк шарттарының уақытша тәртiптерi, Қазақстан Республикасының Құрылыс Министрлiгiнiң 30.06.1994ж. №7-5-Қаулысымен бекi-тiлген, бас мердiгерлердiң ұйымдарының қосалқы мердiгерлiк қатынастарымен өзара қатынастарының ережелерi күшiн жойды.
Азаматтық заңнамада мердiгерлiк қатынастардың түрлерiнiң ең маңызды және ерекше белгiлерi барлары реттелген. Мердiгер-лiк шартының түрлi сипаттамасына мыналар кiредi: 1) тұрмыс-тық мердiгерлiк; 2) құрылыс мердiгерлiгi; 3) жобалау немесе iз-дестiру жұмыстарына мердiгерлiк; 4) ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-лiк-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгер-лiк. Оларға Азаматтық кодекстегi мердiгерлiк қатынастарды рет-теуге арналған тарауында жеке параграфтар арналған. Мердiгер-лiк шартының жекелеген түрлерiне егер Қазақстан Республика-сының Азаматтық кодексiнiң бұл түрлер туралы ережелерiнде өзгеше белгiленбесе мердiгерлiк туралы жалпы ережелер де (нор-малар) қолданылады.
Мердiгерлiк шартының элементтерi. Мердiгерлiк шартының тараптары болып мердiгер және тапсырысшы болып табылады.
Тапсырысшы – екiншi тарапқа – мердiгерге шарт бойынша келiсiлген белгiлi-бiр жұмысты орындауға тапсыратын тұлға. Тапсырысшы ретiнде азаматтық-құқықтық қатынастарының кез келген тұлғасы бола алады. Мердiгерлiк шарттарда мемлекеттiң қатысу ерекшелiктерi жеке заң актiлерiмен белгiленген, мысалы, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация ми-нистрлiгiнiң 18.01.1998ж. №123-бұйрығымен бекiтiлген, жол жұ-мыстары жайындағы конкурстарды (мердiгерлiк саудалар) ұйым-дастыру және өткiзу тәртiбiнiң ережелерi.
Мердiгер – шарт бойынша белгiлi жұмысты орындауға мiн-деттенетiн тұлға, көбiнесе кәсiпкерлiк қызметiнiң субъектiсi, же-ке тұлға немесе жеке кәсiпкер, коммерциялық заңды тұлға. Бiр реттi (жүйелi емес) негiзде мердiгерлiк жұмысты кез келген әре-кет қабiлеттiлiгi бар жеке тұлға атқара алады. Кейбiр жағдай-ларда, “Лицензиялау туралы” 17.04.1995ж. Қазақстан Республи-касының заңына сәйкес, (содан кейiнгi өзгерiстер мен және толықтырулармен) мердiгерлердiң қызметi лицензиялануы тиiс. Мысалы, жобалау-iздестiру, құрылыс-монтаждық жұмыстары ж.б. лицензиялануы керек.
Кейбiр жұмыстарды орындау үшiн арнайы дағды, дәрежелi мамандық қажет. Сондықтан мердiгер, мердiгерлiк шартты жал-пы жасап, шартты орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл мердiгер болып заңды да және жеке де тұлғалар қатысатын мердiгерлiк шарттарында мүмкiн.
Бүкiл жұмыстың мөлшерiн орындауға алғашқы шарт жаса-ған және басқа тұлғаларды тартқан тұлға бас мердiгер деп ата-лады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 619-б. 1-тармағы). Тартылған тұлға (тұлғалар) қосалқы мердiгер болып табылады. Алғашқы мердiгер оның алдында тапсырысшы бола-ды. Жалпы тәртiп бойынша қосалқы мердiгерлiк шартты жа-сауға тапсырысшысының келiсiмiнiң керегi жоқ. Бас мердiгер тапсырысшысының алдында мердiгерлiк шартының толығынан орындалуына жауапты болады.
Бас мердiгердiң келiсiмiмен, тапсырысшы жекелеген жұмыс-тарды орындауға үшiншi тұлғалармен шарт жасасуға құқылы. Мердiгердiң келiсiмi барлық жұмыс орындайтын тұлғалардың iс әрекеттерiн үйлестiру қажет болғасын талап етiледi, болмаса бас мердiгердiң құқықтары мен мүдделерi тiкелей немесе жанама зиян шегуi мүмкiн. Алғашқы мердiгер және үшiншi тұлға тапсы-рысшысының алдында iс жүзiнде ортақ (немесе үлестi) борыш-керлер болып келедi, себебi олардың жасаған барлық әрекеттерi-не (орындаған жұмыстарына) жұмыстың ақырғы нәтижесi де байланысты болады. Құқықтық мағынада әрине, олар бөлек, бiр-бiрiне байланысты (тәуелдi) емес құқықтық қатынастардың субъектiлерi, өйткенi олардың әрқайсысымен бөлек (дербес) мердiгерлiк шарттары жасалады.
Тапсырысшы ең басында бiрнеше тұлғалармен бiр шарт жасасуы мүмкiн, осы жағдайда тұлғалардың көптiлiгi орын алған бiр мiндеттемелiк құқықтық қатынас пайда болады. Жоғарыда сипатталған және осы жағдайлардың кейбiр айырмашылықтары орын алады. Бiр мердiгерлiк шартын жасаудың себебi болып мiндеттеме затының бөлiнбейтiнi келуi мүмкiн (ҚР АК 287 ба-бының 1 тармағы), сондықтан мердiгерлiк, кәсiпкерлiк қызметiмен байланысты болуы себебiнен бiрнеше борышкер тапсырысшысының алдында ортақтасқан борышкерлер болып келе алады. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 287 бабы, 2 тармағы).
Бiрнеше мердiгерлер өзара қосымша (акцессорлық) келi-сiмдер жасауы мүмкiн және олардың мәнi де төмен емес, өйтке-нi оларсыз жұмыстарды орындау тәртiбiнде түсiнiспеушiлiктер пайда болуы мүмкiн. Басқа жағынан, акцессорлық (қосымша) келiсiмдер, олар аталғандай мәселелердi шешуге көмектесетiнiне қарамастан, өзге тұрғыдағы мәселелердiң пайда болуына әкелуi мүмкiн. Ю.Г.Басин мынадай мысал келтiредi: Төрелiк сот тә-жiрибесiнде үш жеке орындаушы тапсырысшы үшiн ортақ төлем ақыны алып бiр жұмысты орындауға келiскен соң пайда болған дау орын алды. Алғашқы (негiзгi) шартты жасасқан соң мердi-герлер алынатын ақыны өзара бөлуге байланысты келiсiм жа-сасқан болатын. Көп кешiкпей, тапсырысшы мердiгерлердiң бi-реуiнiң қызметiнен бас тартқан бiрақ сол мердiгер басқа мер-дiгерлерден соманың 35 пайызын құрайтын өз үлесiн берудi та-лап еткен. Бұны ол ақыны бөлу туралы мердiгерлердiң өзара келiсiмiне сүйенiп жасаған және шарт бойынша төлемақыны бөлу туралы келiсiмде сол шарттың бiреуге қатысты тоқтатудың салдары қарастырылмағанға сiлтенген.
Келтiрген мысалды талдай отырып бұндай талаптарды, олар ақыны бөлу туралы акцессорлық келiсiмге негiзделген соң негiзгi шарт тиiстi бөлiгiнде тоқтатылғасын негiздi деп тануға болады.1 Қосымша мердiгерлер өзара келiсiмдермен тапсырысшының құ-қықтық жағдайын өзгерте ала алмайтыны туралы қорытынды жасай аламыз.
Мердiгерлiк шартының нысанасы – бұл мердiгер мен орын-даған жұмыстың нәтижесi. Мердiгерлiктiң нәтижесi әрқашан олармен жұмыс жүргiзiлетiн белгiлi заттармен, материалдармен байланысты, оларда өзiнiң бейнеленуiн табады.
Мысалы, бұл мүлiктiң құнын көбейтетiн күрделi жөндеу, тек заттың тиiстi халiн қалпына келтiретiн ағымды жөндеу болуы мүмкiн. Сол сияқты кейбiр өзге жұмыстар да мысалы, көгал алаңдарды қию, киiмдердi химиялық тазалау, мүлiктiң тиiстi күйiн қалыпқа келтiруге және оны күтiп ұстауға бағытталған.
Мердiгерлiк жұмыстар кезiнде мердiгердiң қызметiнiң өзi де реттелiнедi. Кейбiр жағдайларда мердiгер мердiгерлiк жұмыстар-ды өзi орындауға мiндеттенедi. Тапсырысшы жұмыстың жүргi-зiлуiн бақылай алады, демек оларды орындауға қойылатын белгi-лi талаптар да бар. Бақылау жасалмаса мердiгер жұмысты орын-дау технологиясынан ауытқып кетуi, материалдарды арзанға ауыстыруы мүмкiн және т.б. бұзушылықтарға жол беруi мүмкiн. Мердiгер бұзушылықтарының нәтижесi көрiнбеуi де мүмкiн, кейде олар оларға қатысты наразылық ұсыну мерзiмдерiнiң шегiнде анықталмауы мүмкiн. Мердiгердiң қызметiнiң өзi рет-телетiнiн растайтын келтiргеннен өзге де мысалдарды келтiруге болады. Жалпы аталған қызметтiк реттелуi жұмыстың соңғы нәтижесiне де өз әсерiн тигiзетiнi түсiнiктi.
Шарттың бағасы орындалған жұмыстың құнына сәйкес ке-луi керек. Баға әр кезде ақша сомасымен белгiленедi, бiрақ тө-леудiң нысандары әртүрлi болуы мүмкiн. Мердiгерлiк шартында орындалатын жұмыстың бағасы немесе оны анықтау тәсiлдерi көрсетiледi. Шартта мұндай нұсқаулар болмаған және тараптар баға туралы келiсiмге келмеген жағдайда бағаны, әдетте осыған ұқсас жұмыстарға қолданылатын бағаларды негiзге алу арқылы сот белгiлейдi. Бағаны есептеу үшiн, тараптарға келтiрiлген шы-ғындар еске алынуы қажет. Егер, шарт негiзiнде орындалатын жұмыстың күрделi құрамы болса, яғни сол жұмыстың өзi бiр-неше олардың түрiнен құрылса, бiрнеше кезеңдердi қамтыса жә-не т.б. жұмыстың бағасы смета жасау жолымен белгiленуi мүм-кiн. Смета бұл мердiгерлiк шарты бойынша орындалатын бар-лық жұмыстың құнын жұмсалатын материалдарды (олардың құнын) анықтайтын құжат.
Мердiгер жұмыстың және материалдардың құндары жөнiнде бiлiктiлеу болған соң смета көбiнесе онымен дайындалады. Со-нымен қатар, тапсырысшының өзiнiң де сметаны жасауына шек қойылмайды. Мердiгермен жасаған смета, тапсырысшымен бекi-тiледi және шарттың ажырамас бөлiгiне айналады. Өз кезегiнде тапсырысшы дайындаған смета мердiгердiң келiсiмiн талап етедi. Жалпы смета жөнiнде келiсуде оны шартты жасасу тәртiбiмен салыстырғанда ешқандай жаңалық жоқ.
Смета шамалас және тұрақты болуы мүмкiн. Мердiгер тұ-рақты сметаны көбейтудi талап ете алмайды, ал тапсырысшы оның азайтылуын талап ете алмайды. Тұрақты сметаны бiр жақ-ты өзгертуге құқық шартты жасау кезiнде орындалуға тиiс жұ-мыстардың толық көлемiн немесе бұл үшiн қажеттi шығындар-ды анықтау мүмкiн болмаса да пайда болмайды. Шарт жасас-қаннан кейiн мердiгер беруге тиiстi материалдар мен жабдық-тардың, сондай-ақ оған үшiншi тұлғалар көрсететiн қызметтер-дiң құны едәуiр өскен кезде мердiгердiң белгiленген бағаны (сметаны) көбейтудi талап ету құқығына иеленедi. Егер тапсы-рысшы осымен байланысты талаптарды орындаудан бас тартса, онда мердiгердiң шартты бұзуды талап ету құқығы пайда болады.
Шамалас сметаның ерекшелiгi, оны қарастырған жағдайда мердiгер өзi шығындарының көлемiн оларды аздап көбейту жа-ғына өзгерте алады. Жұмыстың шамамен белгiленген бағасын (шамалас сметаны) елеулi өсiру қажет бола қалса, мердiгер бұл туралы тапсырысшыға уақытылы ескертуге және жұмысты тоқ-тата тұруға мiндеттi. Қандай болса да қосымша жұмыстарды орындау керектiгi анықталғасын немесе материалдарға, үшiншi тұлғалардың қызметтерiнiң бағалары өссе, осындай қажеттiлiк болуы мүмкiн. Бағаны елеулi өсiруге көбейтуге келiспеген тапсы-рысшы шарттан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер өзiне тапсырысшыдан жұмыстың орындалған бөлiгiнiң бағасын төлеудi талап ете алады.* Шартта көрсетiлген бағаны (сметаны) өсiру қажеттiгi туралы тапсырысшыға уақытылы ескертпеген мердiгер жұмысқа шартта белгiленген алғашқы баға бойынша ақы төлеу құқығын сақтай отырып, шартты орындауға мiндеттi.
Мердiгерлiк шарттың мерзiмдерi мердiгердiң және тапсы-рысшының олардың шарт бойынша мiндеттерiн атқаруға байла-нысты қызметiнiң (iс әрекеттерiнiң) уақыттық өлшемдерiн анықтайды. Мысалы, тапсырысшы белгiлi мерзiмге мердiгерге материалдарды және жабдықтарды беруге мiндеттi. Ең жоғары мән жұмыстың орындалуының мерзiмдерiнде болады, себебi мердiгерлiк шарттарының ақырында орындалуы сол мерзiмдерге тiкелей тәуелдi болады. Оның аралығында жұмыс толығынан (аяқты түрде) жасалып бiтуi тиiс уақыт кезеңi мердiгерлiк шар-тының жалпы мерзiмiн құрайды. Онымен қатар шартта жұмыс-тар орындалуы үшiн қарастырылған ақырғы мерзiмдер де бекi-тiледi (ҚР АК 628 бабы 1 тармақ). Жұмыстың жекелеген кезең-дерiнiң аяқталу мерзiмдерi – аралық мерзiмдер де көзделуi мүм-кiн.
Аралық мерзiмдер екi жақты қызмет атқарады. Бiрiншi жа-ғынан, жұмыстың орындалуына байланысты мердiгердiң қыз-метiнiң бiрдей етiп бөлiнуiн қамтамасыз етедi. Екiншi жағынан, олар тапсырысшыға жұмысты орындалуын бақылауын қамтама-сыз етедi. Егер жұмыс жай, уақытылы емес орындалса және оны белгiленген мерзiмiнде аяқтау мүмкiн еместiгi айқын болса тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтiрiлген шығындарды өтеудi талап етуге құқылы. Егер мердiгерлiк шартта мердiгер бастапқы мерзiмiн бұзса, оны орындауға уақытылы кiрiспесе де осы нәтиже орын алады.
Тараптардың құқықтары және мiндеттерi. Мердiгер шартта келiсiлген жұмысты өзiнiң тәуекелiмен орындауға мiндеттi. Яғни мердiгердiң мойнында ол кәсiби субъект болған соң, оның жұ-мысты орындамағандығына байланысты қолайсыз салдар болып келедi. Мердiгердiң осы мiндетiнiң мазмұны тапсырысшының орын алған заңсыз мiнез құлығы ескерiлiп тиiстi дәрежеде өзгер-тiлуi мүмкiн. Оған жұмысты орындамағаны үшiн немесе дұрыс орындамағаны үшiн мердiгердi жауапкершiлiктен босататын жағ-дайлар да әсер етедi.
Мердiгер жұмысты өз материалдарымен, күштерiмен және құралдарымен орындауға мiндеттi. Егер материал онымен берiл-се, ол тапсырысшының алдында материалдардың сатушысы бо-лып табылады және олардың тиiстi сапасы үшiн жауапты бола-ды. Жұмыстың өзi тапсырысшының тапсырмасы бойынша орындалады және оған сәйкес болуы керек, яғни ол да сапалы орындалуы керек. Мердiгерлiк шарт бойынша орындалатын жұ-мыс заттарды сериялық жасауға жатқызылмайды, сондықтан оның тиiстi орындауының негiзгi белгiсi ретiнде тапсырысшы-ның нұсқаулары болып табылады. Мердiгер мемлекеттiк стан-дарттардың аясында жасау технологиясының тәртiптерiн сақтау-ға және нормативтi-техникалық құжаттарда көзделген талаптар-ды сақтауға мiндеттi. Осындай талаптар бiрiншi кезекте кәсiпкер ретiнде жұмыс жасайтын мердiгерлерге қолданылады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 632-б. 2-тармақ), бiрақ кәсiпкер емес мердiгердiң де жұмыс орындау кезiнде мiндеттi қойылған талаптарынан шегiнуiне құқығы жоқ, егер мiндеттi талаптарды орындамаса оның қызметiне тиым салынуы тиiс. Бұл жаңа заттарды жасау мен байланысты емес жұмыстарға да қа-тысты.
Егер жұмыстың сапасына қойылатын талаптар шартта бел-гiленбесе немесе толық болмай шықса, онда басшылыққа ұқсас жұмыстарға қойылатын талаптар негiз ретiнде алынады. Мердi-гер белгiленген мiндеттi талаптармен салыстырғанда, сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетiн жұмысты орындау мiндетiн шарт бойынша өзiне алуы мүмкiн.
Мердiгер пайдаланып жатқан жабдықтардың тиiстi күйiнде (түзеу) болуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Ол өзi жұмысты ұйымдастырады және тапсырысшының оның күнделiктi шаруа-шылық қызметiне кiрiсуiне құқығы жоқ. Егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер үшiншi тұлғалар құқықтарының ауыртпа-лығы жоқ материалдар мен құралдарды беруге мiндеттi.
Кейбiр жағдайларда, мердiгер жұмысты тапсырысшының материалдарымен де орындайды. Сондықтан ол тапсырысшы берген материалдарды ұқыпты және есеппен пайдалануына мiн-деттi. Сонымен қатар, мердiгер оларды дұрыс пайдалану үшiн жауапты болады. Жұмыс аяқталғаннан кейiн мердiгер тапсы-рысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге мiндеттi. Егер материалдардың қалдықтары болса, мердiгер оларды тапсы-рысшыға беруге мiндеттi. Мердiгер тапсырысшының келiсiмiмен, қалған пайдаланылмаған материалдың құнына сәйкес жұмыс-тың бағасын кемiтiп сол материалды өзiнде қалдыруға құқылы.
Материалдарды тапсырысшы берген болса, мердiгер сол ма-териалдарды сапасына қарай қабылдап алуға мiндеттi. Мердiгер тапсырысшы берген жабдықтарды, техникалық құжаттарды жә-не өңдеуге берiлген заттың өзiнде қабылдап (бағалауға) алуға жауапты болады. Тапсырысшымен берген нұсқауларды және та-ғы да басқа жұмыстың орындау жағдайларын, мердiгер өзiнiң кәсiби тәжiрибесiне байланысты бағалайды.
Мердiгер:
1) тапсырысшы берген материалдардың, жабдықтардың, тех-никалық құжаттаманың немесе өңдеуге берiлген заттың жарам-сыздығы немесе сапасыздығы;
2) оның жұмысты атқару әдiсi туралы нұсқаулармен орын-даудан тапсырысшы үшiн болуы ықтимал қолайсыз салдарлар;
3) орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына не-месе берiктiгiне қауiп туғызатын не оны мерзiмiнде аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге қатысты емес өзге де мән-жай-лар аяқталған жағдайда тапсырысшыға дереу ескертiп, одан нұсқау алғанға дейiн жұмысты тоқтата тұруға мiндеттi.
Осындай мән-жайлар туралы тапсырысшыға ескертпеген, не ескертуге жауап алу үшiн қисынды мерзiмнiң аяқталуын күтпес-тен немесе жұмысты тоқтата тұру туралы тапсырысшының уақытылы нұсқауына қарамастан жұмысты жалғастырған мердi-гердiң тапсырысшы оған тиiстi талаптар қойған кезде аталған мән-жайларға сiлтеме жасауға құқығы жоқ (ҚР АК 628 бабы 2 тармағы). Осы норманың мағынасы бойынша тапсырысшы мер-дiгердiң хабарлауына байланысты жауапты қисынды мерзiмiнiң iшiнде беруi тиiс.
Егер мердiгер белгiленген талаптарды сақтамай жұмысты тапсырысшының берген сапасыз материалдардан орындаса, ол тек материалдардың кемшiлiктерiн тиiстi қабылдау кезiнде анық-тау мүмкiн болмаған ретте ғана жауапкершiлiктен босатылуы мүмкiн. Яғни, тапсырысшы берген материалдардың сапасын тиiстi бағаламауда мердiгердiң кiнәсi болуы керек. Осыған байла-нысты, жұмыс мердiгердiң материалынан орындалса, мердiгерлiк шартында тапсырысшының кепiлдiгi көбiрек болады, себебi материалдарды қамтамасыз еткен мердiгер олардың сапасы үшiн кiнәсi барлығы немесе жоқтығына қарамастан жауапты болады.
Мердiгер тапсырысшы берген мүлiктiң сақталуын қамта-масыз етуге мiндеттi және мердiгерлiк шартты орындауға байла-нысты мердiгердiң иелiгiне өткен заттардың тапсырысшы берген материалдардың өзге мүлiктiң жабдықтардың сақталмағаны үшiн мердiгер жауапты болады. Бұл жауапкершiлiк мердiгерлiк шар-тының орындауына арналған мүлiкке ғана емес мердiгердiң иелi-гiне түскен басқа да мүлiкке де қатысты болады. Мысал қылып мердiгерге (оның жұмысшыларына) тынығу үшiн бөлiнiп берiл-ген бөлмелердi, жөндеу кезiнде оны алып кету қажеттiлiгi болма-ған жиһазды және т.б. осындай мүлiктi айтуға болады. Осындай мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етудiң өлшемi болып, әдетте орын алатын меншiк иесiнiң өзiнiң шаруашылық ұқыптылығы келедi, бiрақ жұмыстарды орындау үшiн арналған жабдықтар мен материалдар туралы айтатын болсақ, онда бұл жағдайда мердiгердiң кәсiби субъект ретiнде қараушылық дәрежесi жоғары болуы керек екенiн танимыз. Кез-келген жағдайда, егер мүлiк сақтауды қамтамасыз ететiн барлық шараларды қолданбаса, мердiгер кiнәлi болып табылады.
Мердiгерде үнемдеуге құқығы бар (ҚР АК 622-б). Бұған қа-тысты норма заңнамада және бұрын ҚКСР АК-сында ол болма-ған едi. Оны кiрiстiру мердiгердiң тиымды шаруашылық жүргi-зуiн қолдайды, себебi онда оның қолданылуына байланысты үнемдеуге тiкелей мүлiктiк мүддесi пайда болады. Үнемдеу ма-териалдардың жұмсалуын азайтуда орындалатын жұмыстың өзi-нiң құнын азайтуда болып келедi. Үнемдеу әдеттегiге қарағанда шығындарды азайтатын, жаңа технологияларды енгiзетiн мердi-гердiң жоғары дәрежелi кәсiпқойлығының салдарынан болады. Мердiгердiң нақты шығыны бағаны белгiлеу (сметаны жасау) ке-зiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсы-рысшы мердiгер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына терiс әсер еткенiн дәлелдей алмаса, мердiгер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды.
Мердiгерлiк шартта мердiгер алған үнемдi тараптар арасын-да бөлу көзделуi мүмкiн (ҚР АК 622-б. 2-тармақ). Осы жағдайда, тапсырысшымен шарт бойынша төленетiн баға азаяды. Егер тапсырысшы жағынан үнемдеуге көмектесуi орын алмаса бұл норманы қолдану ақыл ойға сиыспайтын болып келедi. Басқа жағынан, нарықтық экономика жағдайында мердiгердiң қызме-тiн пайдалану үшiн, оның тұрақты iскерлiк атағы пайда болу үшiн, үнемдеу туралы норманы қолдану қосымша ынталандыру болуы мүмкiн.
Мердiгер тапсырысшыға жұмыстың нәтижесiмен бiрге, шарттың нысанасын пайдалану немесе өзгеше iске асыру үшiн қажеттi ақпаратты беруге мiндеттi. Осы мiндеттi қарастыратын нормада Азаматтық кодексте жаңа болып келедi. Мердiгердiң осы мiндетi тағы шартты да көрсетiлуi тиiс. Кейбiр жағдайларда, осы жұмыстың нәтижелерiн шартта көрсетiлген мақсаттарда пайдалану тиiстi ақпаратсыз мүмкiн болмаса, онда сондай сипат-тағы ақпарат мердiгердiң осы жөнiндегi мiндетi шартта бекiтiл-мей-ақ берiлуге тиiс болады. (ҚР АК 637-б.). Осындай ақпараттар-да белгiлi технологиялық схемалар, нұсқаулар, түсiнiктемелер және т.б. жатады. Жалпы мердiгердiң ақпарат беру бойынша мiндетi мер-дiгерлiк нәтижесiнiң ерекшелiгiне, жасалған бұйым арнайы күтiмдi талап ететiнiне және т.б. себептерге байланысты болып келедi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекс 638-бабы әрбiр тарапқа қарсы тараптың оның ақпаратпен азаматтық құ-қықтардың мүлiктiк объектiсiмен1 сияқты иеленуiне байланысты мүдделердiң (құқықтарын) қамтамасыз ету мiндетi жүктеледi. Бiр тарап шарт бойынша өзiнiң мiндеттемесiн атқарудың арқа-сында басқа тараптан жаңа техникалық шешiмдер мен бiлiмдер туралы ақпарат алса, сол ақпаратты үшiншi тұлғаларға өзге (қарсы) тараптың келiсiмiнсiз бере алмайды (бұл ақпараттың құрамына ноу-хауды қосқанда өнеркәсiптiк меншiктiң барлық түрлерi туралы ақпарат кiре алады). Мердiгерлiк шарты бойынша жалпы тәртiбiне құқықтық қорғауы болмайтын ақпарат және де тараптардың бiреуiнiң коммерциялық құпиясы болып келетiн ақпарат та қорғалады. Осындай ақпаратты (барлық түрлерiн) жа-рияламау мiндетi тараптар оны шартта бекiткенiне, бекiтпегенiне байланысты болып келедi, бiрақ ақпараттарды пайдалану тарап-тары мен тәртiбi тараптардың келiсiмiмен анықталады (ҚР АК 638 бап). Мұндай ақпаратты пайдаланудың тәртiбi мен талапта-ры тараптардың келiсiмiмен белгiленедi.
Мердiгер жұмысты атқарған соң, оған тапсырысшы шартты орындау үшiн берген құралдарды қайтаруға мiндеттi. Сол сияқ-ты тапсырысшы мердiгер жұмысты орындауға кiрiспегенi немесе тым баяу орындағанына немесе орындалған жұмыста елеулi жә-не жойылуы мүмкiн емес кемшiлiктерi болғаны себебiнен шарт-ты бұзса (одан бас тартса), онда мердiгер тапсырысшымен берiл-ген материалдарды, жабдықтарды өңдеу үшiн берiлген затты немесе өзге мүлiктi қайтаруға мiндеттi. Мүлiк тапсырысшы көр-сеткен тұлғасына қайтарылуы мүмкiн. Егер мүлiктi қайтарып беру мүмкiндiгi жоқ болса, мердiгер материалдардың құрал-жаб-дықтарды және тапсырысшыдан алынған басқа мүлiктiң бағасын қайтаруға мiндеттi (ҚР АК 639 бабы).
Тапсырысшыға мердiгерге жәрдемдесу мiндеттерi жүктеледi. Бұл тапсырысшы мердiгермен бiрге белгiлi бiр жұмыстың бөлiгiн iстеу керектiгiн бiлдiрмейдi. Жұмыс мердiгердiң қамқорлығымен орындалса, онда тапсырысшының материалдарды беру мiндетi болмайды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 629 ба-бының мағынасы бойынша, тапсырысшы мердiгердiң мiндетiн тиiстi орындауға қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асы-руы керек, егер осы шаралар тапсырысшының әрекеттерiне бай-ланысты болса. Мысалы тапсырысшы салынып жатқан объектiге жолды тазалауға, тиiстi мерзiмде,егер бұл шартта қарастырылса, жабдықтарды, бөлмелердi (жайларды) беруге мiндеттi. Мердi-герге көмектесу мiндетi тапсырысшы оған жұмыстарды орындау-дың бұдан бұрын бекiтiлген тәртiбiн қайта құруды талап етпеу керек екенiн, оған жұмыстың орындалуында өзге кедергi жаса-мау керек екенiн, керiсiнше онымен ынтымақтастықта болу керек екенiн бiлдiредi. Тапсырысшы осы мiндеттерiн орында-маған жағдайда, мердiгер зиянды, соның iшiнде жұмыстың тоқ-тап қалуына, жұмысты орындаудың мерзiмдерiнiң өзгеруiне не-месе жұмыс бағасы көбеюiне байланысты келтiрiлген шығын-дарды (қосымша шығындарды) өтеудi талап етуге толық құқы-лы. Егер мердiгерлiк шарты бойынша жұмысты орындау тапсы-рысшының әрекеттерiнiң (қателiктерiнiң) мүмкiн болмай қалса, мердiгер жұмыстың орындалған көлемiне сәйкес келетiн мөл-шерде жұмыс үшiн ақыны алу құқығын сақтап қалады.
Тапсырысшы мердiгер жасаған жұмысты қабылдап оған ақы төлеуге мiндеттi. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодек-сiнiң 630-бабында жұмысты қабылдау тәртiбi реттелген және ол шартта да көрсетiлуi мүмкiн. Жасалған жұмысты қабылдау шартта көрсетiлген мерзiмде егер сол мерзiмдер шартта қарасты-рылмаса, онда қабылдау қисынды мерзiмдерде жүргiзiледi. Қа-былдауға жұмыс нәтижелерiн тексеру кiредi. Егер жаңа зат жаса-лынса немесе бар затты жөндеу, оны жақсарту жүргiзiлсе қабыл-дау мiндетi затын иелiкке алу бойынша iс жүзiндегi әрекеттердi де өз құрамына енгiзедi. Орындалған жұмысты қабылдаудың мерзiмiн өткiзiп алу меншiк құқығы жаңадан жасалған (қайта өңделген) затқа тапсырысшыға затты беру орын алғанда өтетi-нiне әкеледi. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi-нiң 630-бабы 8-тармағы). Сiлтеме жасалған норманың мәтiнiнде бiздiң ойымызша қателiк бар, себебi жұмыс нәтижесiн қабылдап алу мерзiмiн өткiзiп алу тапсырысшыға меншiк құқығы өту сәтiн анықтауға байланысты болуы тиiс емес (меншiк құқығы онсыз да жалпы тәртiп бойынша тапсырысшыға оған зат берiлгенiн өтедi), мерзiмдi өткiзiп алған несие берушiде (тапсырысшыда) осының салдарынан болған барлық қолайсыз нәтижелер (тәуе-келдер) оның қабылдау мерзiмiн өткiзiп алудағы кiнәсi болмаса, онда ол мүлiктi қабылдауға мiндеттi болған және оны қабыл-даған сәттер арасындағы уақыт аралығындағы мүлiктi күтiп ұс-тау бойынша, шығындарда оған жүктелетiнiне (ол сол шығын-дарды өтеуге мiндеттi болатынына) әкеледi.
Тапсырысшы жұмысты нашарлатқан шарттан ауытқуларды немесе жұмыстағы өзге кемiстiктердi анықтаса, онда ол бұл ту-ралы дереу мердiгерге хабарлауы тиiс. Болашақта тапсырыс бе-рушi қабылдау сәтiнде анықталған кемiстiктердi жою туралы та-лап қоймақ болса, онда кемiстiктер қабылдауды куәландыратын актiде немесе өзге құжаттарда көрсетiлсе ғана, ол соларға сiл-теме жасай алады. Осы қойылатын талапты ескерсек, бiз мердi-герлiк жөнiндегi нормалар мердiгерлiк шартының нысанасын қабылдау бойынша сатып алу-сату шартына (оның нормаларына қарағанда) қатаңдау талаптар бекiтетiнiн айта аламыз.
Егер тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн тексерiссiз қабыл-даса, онда ол қабылдаудың кәдiмгi болып келетiн тәсiлдерiн қол-данғанда анықталуы мүмкiн болған кемiстiктерге (айқын кемiс-тiктерге) сiлтеме жасау құқығынан айырылады. Егер тапсырыс-шы жұмыс нәтижелерiн қарап қабылдағаннан кейiн қарапайым қарағанда көрiнбейтiндей кемiстiктердi (жасырын кемшiлiктердi) сол сияқты оларды мердiгер қасақана жасырған кемiстiктердi анықтаса, онда тапсырысшы бұл туралы мердiгерге қисынды мерзiмде хабарлауға мiндеттi. Тапсырысшы мердiгерге оның орындаған жұмысының кемшiлiктерi туралы хабарлаудың ең ақырғы мерзiмi кемшiлiктер табылғаннан, яғни жұмыс нәтижесi қабылдағаннан кейiн бiр жылды құрайды. Мердiгерге ғимарат-тардың, құрылыстардың кемiстiктерi туралы немесе мердiгер қа-сақана жасырған кемiстiктер туралы хабарлаудың ең ақырғы мерзiмi үш жылды құрайды. Көрсетiлген мерзiмдердi кепiлдiк мерзiмдерi ретiнде бағалауға болады. Аталған мерзiмдер заң актiлерiмен немесе шарттармен ұзартылуы мүмкiн. Сапа кепiл-дiгi, егер шартпен өзгеше қарастырылмаса, жұмыс нәтижесiнiң барлық құрамаларына тарайды. (ҚР АК 633 бабы 2-тармағы). Егер мердiгерлiк шартында бұл өзгеше көзделмесе, кепiлдiк мер-зiмi тапсырысшы жұмыс нәтижелерiн қабылдағаннан кейiн бас-тап немесе тапсырысшы оларды қабылдауы керек сәттен кейiн бастап есептеледi.
Егер тапсырысшы мен мердiгер арасында жасалған жұмыс кемшiлiктерi немесе оның себептерi туралы тартыс болса, олардың әрқайсысының талабы бойынша сараптама жүргiзiлуi мүмкiн. Сараптау шығындарын мердiгер өтейдi. Егер сараптау шарт бұзылмаған деп тапса немесе мердiгердiң жасаған iс-әре-кеттерiнiң және табылған кемшiлiктердiң өзара байланысы жоқ деп тапса* мердiгер осы шығындардан босатылады. (ҚР АК 630 бабы 6-тармағы). Бұл жағдайларда шығындарды кiм сараптау жүргiзудi қаласа, сол өтейдi. Егер сараптауды тараптар келi-сiмiмен жүргiзсе, онда екi жақ тең шығынды өтейдi.
Жасалған жұмысқа ақы төлеу мiндетi – тапсырысшының негiзгi мiндетi. Бұл мiндет жалпы тәртiп бойынша мердiгер жасаған жұмысты толығынан тапсырған соң орындалуы тиiс. Шартта алдын-ала жұмысқа ақы төлеу немесе жеке жұмыс ке-зеңдерiнде ақы төлеу мiндетi қарастырылуы мүмкiн. Ақы төлену үшiн жұмыс уақытылы орындалуы керек. Жұмыс мерзiмiнен бұрын аяқталса, оған алдын алу құқығы алдын ала төлеу тараптар келiсiмiне бұрын кiрсе, немесе тапсырысшы содан соң алдын ала төлеуге келiссе пайда болады. Аванс төлемiн жасау немесе кепiлпұл беру осылар шарттарда немесе заңнамада қарастырылған жағдайларда ғана жүзеге асырылады. Аванс төле-мiнiң, кепiлпұлдың мөлшерi де шарттармен немесе заңнамамен анықталады.
Мердiгерге тапсырысшыға қатысты құқықтарын өз бетiмен қорғау құқығы берiледi. (ҚР АК 9 бабы, 3-тармақ). Бұл құқық затты ұстап қалу құқығы болып келедi (ҚР АК 624 бабы).
Тапсырысшы белгiленген бағаны немесе шартпен белгi-ленген өзге соманы төлеу мiндетiн орындамаса, мердiгер шарт нысанасын (жұмыс нәтижесiн) орындамағанымен байланысты ұстап қалумен қатар тапсырысшыға тиесiлi құрал-жабдықтарын да, жұмысты орындау үшiн берiлген пайдаланылмаған материал-дар қалдығын да және тапсырысшының өзге мүлiктерiн тапсы-рысшы керектi ақша соммасын төлегенше бермеуге құқылы. Бұл құқық шартта қаралмаса да жүзеге асырыла бередi.
Мұндай жағдайлар шартта қаралса, тапсырысшыға да сон-дай құқық берiледi, ол мердiгерге тиесiлi сыйақы мөлшерiнен өз уақытылы анықталған кемшiлiктердi жоюға арналған шығын-дарды өтеу үшiн ұстап қалуға құқылы.
Егер тапсырысшы жасалған жұмыс нәтижесiн қабылдауды жалтарып, жұмыс үшiн төлемесе мердiгер жұмыс нәтижесiн өз бетiмен сатуға (өткiзуге) құқылы болады. Бұл тапсырысшы жұ-мысты қабылдау уақыты өтiп кеткеннен кейiн бiр айдан соң және тапсырысшыға екi рет ескертiлгеннен кейiн жүзеге асады. Мердiгер жасалған жұмыс нәтижелерi егер шартта басқаша қа-растырылмаса сатады, өзiне тиесiлi ақысын алып қалғанын егер шартпен өзгешелiк көзделмесе тапсырысшы депозитiне салады.
Мердiгерлiк шарты бойынша тараптарда тиiстi көлемде тәуе-келдер болып келедi. Егер шартта немесе заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе мүлiктiң кездейсоқ жойылуының немесе бүлiнуiнiң тәуекелiн шарт бойынша келiсiлген жұмысты тапсырудың мер-зiмi келгенше мердiгер көтередi. Егер мердiгерлiк заты тапсы-рылғанға дейiн кездейсоқ жойылса немесе жұмысты аяқтау мүм-кiндiгi болмаса, онда тараптар кiнәсi болмаса, мердiгердiң жасал-ған жұмысқа ақы төлеудi талап етуге құқығы болмайды. Яғни жұмыстар орындалмауының тәуекелi барлық жағдайда мердi-герге жүктеледi. Затты қабылдауды немесе берудiң мерзiмiн өткi-зiп алу болса егер шартта немесе заңда басқаша көзделмесе тәуе-кел мерзiмдi өткiзiп алған тарапта болады. Сондықтан тапсы-рысшы затты қабылдаудың мерзiмiн өткiзiп алса мердiгер сый-ақы алу құқығын сақтайды.
Мердiгерлiк шарттағы тараптардың арасындағы тәуекелдер-дiң қайта бөлiнуiне әкелетiн жағдайлардан тараптардың бiреуiнiң кiнәлi iс-әрекеттерi болатын жағдайларды айыра бiлу қажет. Мысалы тапсырысшының кiнәсi болуы мүмкiн. Егер мердiгерлiк затының жойылуы немесе жұмысты орындаудың мүмкiнсiздiгi тапсырысшы берген материалдың санасыздығынан болса, немесе оның берген жұмысты орындау туралы нұсқауына байланысты болса және осының салдары туралы мердiгер алдын ала ескертсе, онда мердiгер орындалған жұмыс үшiн ақы алу құқығын сақтап қала бередi.
Мердiгерлiк шарты бойынша жауапкершiлiк өзiнiң мiндет-терiн орындамаған немесе тиiстi орындамаған шарт тарапта-рының бiреуiнiң кiнәлi жүрiс тұрысының салдары болып келедi. Егер мердiгерлiк шартындағы мiндеттемелердiң кәсiпкерлiк си-паты болса немесе осы шартта арнайы көзделсе, тарап шарт бойынша мiндеттемесiн тиесiлi орындамауы үшiн оған кiнәсiз жауапкершiлiк жүктеледi. Жауапкершiлiктiң мөлшерi азаматтық заңнамамен немесе шартпен белгiленедi, әдетте зиянды өтеу мiн-детiн атқарады. Көбiнесе, залал егер жұмысты мердiгер жұмысты нашарлататын ауытқулармен немесе оны шартта көзделген не шартта тиiстi ережелер болмаған кездегi – әдеттегi пайдалану үшiн оларды жарамсыз ететiн өзге де кемшiлiктермен орындаса тапсырысшыға келтiрiледi.
Осыған қарай, Азаматтық кодексте жұмысты сапасыз орын-дауы үшiн мердiгердiң жауапкершiлiгi көзделген (635-б.). оның нормалары мердiгер – бұзушыға жауапкершiлiк туралы жалпы нормалармен жүктелетiн қолайсыз нәтижелермен бiрге тапсы-рысшыға өзiнiң құқықтарын арнайы тәртiпте қалпына келтiру мүмкiншiлiгiн бередi. Тапсырысшы өз таңдауы бойынша мердi-герден:
1) қисынды мерзiмде жұмыстың кемшiлiктерiн өтемсiз жоюды;
2) жұмыс үшiн белгiленген бағаны тиiстi мөлшерде азайтуды талап етуге құқылы.
Осымен бiрге тапсырысшы кемшiлiктердiң өзiнiң қаражатта-рымен мысалы, басқа мердiгердi жалдау* жолымен жоюы мүм-кiн. Бұл үшiн мердiгерлiк шартында тапсырысшының жұмыстың кемшiлiгiн өз iс-әрекеттерiмен жою құқығы көзделуi керек.
Мердiгер өзi жауап беретiн жұмыстың кемшiлiктерiн жою-дың орнына, тапсырысшыға орындаудың мерзiмiн өткiзiп алу арқылы келтiрген зиянды өтей отырып, жұмысты тегiн қайта орындауға құқылы. Бұл жағдайда тапсырысшы, егер жұмыс си-паты бойынша ондай қайтарып беру мүмкiн болса, оған бұрын тапсырылған жұмыс нәтижесiн мердiгерге қайтарып беруге мiн-деттi.
Сонымен қатар, егер жұмыста шарттың талаптарынан ауыт-қу немесе жұмыстың өзге де кемшiлiктерi елеулi болғанда және жоюға келмейтiн болса не анықталған кемшiлiктер тапсырысшы белгiлеген қисынды мерзiмде жойылмаса, тапсырысшы шарттан бас тартуға және келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құ-қылы.
Кейбiр жағдайларда, жұмысты орындау жоғарланған қауiп-қатермен (тәуекелмен) байланысты болса, шартта белгiлi бiр кемшiлiктерi үшiн мердiгердi жауаптылықтан босату көзделуi мүмкiн.
Шартты бұзғаны үшiн мердiгердi жауапкершiлiкке тартудың тәжiрибелiк мүмкiншiлiгi талап қою мерзiмiн сақтауға байланыс-ты болып келедi. Мердiгерлiк шарттан талаптарға талап қоюдың жалпы – үш жылдық мерзiмдерi тарайды.
Мердiгерлiк шарт бойынша орындалған жұмыс сапасының лайықсыз болуынан туындаған кемшiлiктер туралы талап бойын-ша талап қою мерзiмi, олар туралы тиiстi мерзiм шегiнде тапсы-рысшы мердiгерге хабарлаған болса, кемiстiктер анықталған күннен өз ағымын бастайды.































§ 2. Мердiгерлiк шартының жекелеген түрлерi
Тұрмыстық мердiгерлiк. Бұл шарт мердiгердiң тұрғындарға қызмет көрсету аясындағы қатынастарды реттейдi. Ол арқылы азаматтар бөлшектеп сатып алу-сату шарттарды жасасып иелене алмайтын заттарға иелене алады, сол сияқты тұрмыстық мер-дiгерлiк шарты бойынша олардың нәтижесi зат болып келмейтiн жұмыстар орындалады. Мысалы: косметика салондарының шаш-тараздар, моншалар, шеберханалар және т.б. қызмет көрсетуi осы сипатта болады. Тұрмыстық мердiгерлiк қатынасында бөл-шектеп сатып алу-сату шартына секiлдi бiр тарабы болып тұты-нушы қатысады.
Тұрмыстық мердiгерлiк Қазақстан Республикасының Аза-маттық кодексiнiң 640-650 баптарымен реттеледi. Сонымен бiрге Қазақ КСР “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” заңы қолданылады. Тұрмыстық мердiгерлiк қатынастарының белгiлi бөлiгi 1996 жылғы 20 қыркүйектегi №9/7 баға және антимонопо-лиялық саясаты бойынша, Қазақстан Республикасының Мем-лекеттiк комитетiнiң Қаулысымен бекiтiлген тұрғындарға тұр-мыстық қызмет көрсету Ережесiмен реттеледi. Тұрмыстық мер-дiгерлiк шарты ерекшелiгiнiң үлкен бөлiгi оның тұтынушылар-дың қажеттiлiктерiн қанағаттандыруда болатын арнайы мақса-тының салдарынан болып келедi. Бөлшектеп сатып алу сатуда сатып алушы қалай қорғалса, тұрмыстық мердiгерлiк қатынас-тарында тұтынушы сол шекте қорғалады. Тұтынушылардың құ-қықтық жағдайын анықтайтын бiрқатар нормалар Азаматтық Кодекстiң өзiнде де бар.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшының тапсырмасы бойынша, тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi-бiр жұмысты орындауға мiндет-тенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарты жария шарттарға жатады. Со-нымен бiрге бұл шарт консенсуалды, өзара және қайтарымды болады.
Тұрмыстық мердiгерлiк шартының нысаны. Жалпы ереже бойынша егер заң актiлерiнде немесе шартта, оның iшiнде фор-мулярлар ережелерiнде немесе тапсырысшы қосатын өзге де стандартты нысандарда басқаша көзделмесе, тұрмыстық мердi-герлiк шарты мердiгердiң тапсырысшыға түбiртек немесе шарт-тың жасалғандығын растайтын өзге құжат берген кезден бастап тиiстi нысанда жасалған болып есептеледi.
Жұмысты орындауға берiлген тапсырыста (шартқа немесе бекiтiлген нысандағы құжатта) мыналар көрсетiлуi тиiс: орын-даушының заңды мекен-жайы; тапсырысшының тегi және аты, оның мекен-жайы және телефоны; тапсырыс қабылданған мер-зiм, тапсырысты орындаудың басталу және аяқталу мерзiмi, аванс сомасы (толық сомасы), тапсырысты қабылдаған және өт-кiзген тұлғалардың қолы, қызмет көрсету (жұмыс) түрлерi, орындаушы мен тұтынушының материалдарының (заттарының) толық тiзiмi, бағасы және саны (қанша материалдар жұмыс орындау үшiн қажет екенi көрсетiледi), жөндеуге берiлген заттың зауыттық нөмiрi және өзге де реквизиттер. Түбiртектегi бұндай толық ақпарат болуына талаптар тұрмыстық мердiгерлiк шарты жазбаша нысанда жасалатынын бiлдiредi. Алайда тапсырысшыда аталған құжаттардың болмауы оны шарттың жасалу фактiсiн немесе оның ережелерiн растауда куәгерлiк айғақтарға сiлтеме жасау құқығынан айырмайды.
Жоғарыда аталғанның барлығын тұрмыстық мердiгерлiк шартының мiндеттi талабы (елеулi жағдайлары) деп қарастыру керек емес. Онда, жалпы мәндегi нормаларға сәйкес жасалатын мердiгерлiк шартында да сияқты елеулi жағдайларға нысана (орындалатын жұмыс туралы) және жұмысты орындау мер-зiмдерi туралы жағдайлар жатады.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарттары ауызша нысанда да жа-салуы мүмкiн. Және жетон, талон, кассалық түбiртек және тағы басқаларды берумен расталуы мүмкiн. Барлық жағдайда да затты дайындауға тапсырыс, тұтынушының немесе мердiгердiң эскизi бойынша немесе үлгiлерi бойынша қабылданады. Оның қолы-мен (қол қоюымен) расталатын тұтынушының қалауы бойынша және осы туралы бiр уақытылы мердiгермен келiсу нәтижесiнде үлгiлерден және (немесе) жұмыс орындау (зат жасау) техно-логияларынан ауытқу болуы мүмкiн. Бұндай ауытқулар тұтыну-шының өмiрi мен денсаулығына, қауiпсiздiгiне және оның мүл-кiне, қоршаған ортаға зиян келмеуi тиiс.
Тапсырыс рәсiмделген құжат немесе шарттың талабы тұты-нушының құқығын шектейтiн болса, ол Қазақ ҚСР-ң “Тұтыну-шылардың құқығын қорғау туралы” Заңына сәйкес жарамсыз деп есептеледi. Тұрмыстық мердiгерлiк шартында жұмыстың ба-ғасы тараптардың келiсiмiмен белгiленедi, бiрақ ол мердiгер жа-риялаған прейскурантта көрсетiлгеннен жоғары болмауы керек.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 644-бабына сәйкес мердiгер тұрмыстық мердiгерлiк шарт жасалғанға дейiн тапсырысшыға ұсынылатын жұмыстар, олардың түрлерi мен ерекшелiктерi туралы, жұмыстың бағасы мен оған төленетiн ақы туралы, қажеттi және сенiмдi ақпарат беруге, сондай-ақ тап-сырысшының сұрауы бойынша шартқа және орындалатын жұ-мысқа қатысты басқа да мәлiметтердi хабарлап отыруға мiндеттi. Егер жұмыстың сипаты бойынша мұның маңызы болса, тапсы-рысшыға мердiгер оны орындайтын нақты тұлғаны көрсетуге тиiс.
Жоғарыда аталған мiндеттердi орындау үшiн жұмысты орындайтын кәсiпорынның қызметi туралы маңдайшасы, заңды мекен жайы мен атауы, жұмыс iстеу режимi көрсетiлген маң-дайшасы болуы керек. Жеке кәсiпкер өзiнiң тiркелген органы ту-ралы ақпаратты, көрсетiлетiн қызметтiң мiндеттi талаптарының стандарты туралы ақпаратты және жұмысы сертификатталғаны туралы ақпаратты ұсынуға мiндеттi.
Орындалуға жататын жұмыс туралы ақпарат оның түрлерi, ерекшелiктерi, бағасы және төлеу нысаны туралы) кәсiпорынның тұрақты мекен-жайынан тыс, мысалы уақытша мекен жайда, жылжымалы пунктiлерде, орынға барып жұмыс iстейтiн брига-далармен қызмет көрсету жүргiзген кезде де ұсынылуға тиiс.
Тапсырысты қабылдау жүргзiлетiн кәсiпорынның бөлме-сiнде тұтынушыға керектi ақпарат көзге көрiнетiн жерде орнала-суға тиiс. Оның тiзiмi Қазақстан Республикасының тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету Ережесiнiң 5-пунктiнде берiлген. Жекелеп алғанда онда жұмыс түрiн орындауға лицензия, тұты-нушыға ұсынылатын мердiгердiң және өзге бұйымдардың (фур-нитураның) үлгiлерi, типтiк шарттардың түбiртектердiң, жетон-дардың, қолхаттардың, талондар және мердiгер тапсырысты қа-былдағанын және тұтынушы жұмыс үшiн төлегенiн растайтын өзге де құжаттардың үлгiлерi көрсетiлуi тиiс.
Тапсырысшының тұтынушы ретiндегi құқықтары оған оның құқықтары, шарт жағдайлары, орындалатын жұмыстардың си-паттамалары туралы толық ақпарат берумен қатар мердiгерге шартқа қосымша ақылы жұмыстарды немесе қызметтердi қо-суына тиым салу арқылы да қамтамасыз етiледi. Бiр жұмысты орындау өзге жұмыстар орындалуының мiндеттiлiгiне әкелмеуi керек.
Тапсырысшы өзiне жұмыс нәтижелерiн өткiзгенге дейiн кез келген уақытта шарттан бас тартуға құқығы бар. Бас тартуы алдында ол орындалған жұмыс үшiн мердiгерге белгiленген бағаның бiр бөлiгiн төлеуi керек. Бұл мiндет мердiгер жұмысты тапсырысшыдан ол шартты бұзатыны туралы хабарлама алғанға дейiн орындалса ғана болып келедi. Тапсырысшы мердiгердiң мәлiмдеме жасау сәтiне дейiн орын алған өзге де шығындарын өтеуге мiндеттi. Ал негiзiнен тапсырысшының әрқашан шартты бiр жақты бұзуға құқығы бар және одан айыратын тұрмыстық мердiгерлiк шартының жағдайлары жарамсыз болып келедi.
Мердiгердiң негiзгi мiндетi шарт талаптарына және мiндеттi талап етiлген стандарттарға сай жұмысты орындау. Кейбiр жағ-дайларда жұмыс мердiгердiң материалдарымен орындалады. Мұндай жағдайда ол материалдар сапасының стандарттар мен шарт талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.
Мердiгер жұмысты шартта қарастырылған мерзiмде бiтiруге тиiс. Тапсырысты орындау мерзiмi азаматтық құқықтағы мер-зiмдердi есептеудiң жалпы ережелерiне сәйкес жүргiзiледi. Мер-зiм жұмыстың орындалып бiту уақытымен және жұмысты орын-дауға кiрiсу уақытымен анықталынады. Егер тұрмыстық мердi-герлiк шартында жұмысты бөлiп-бөлiп орындау қарастырылса, онда шартта әр орындалатын бөлiктiң мерзiмдерi көрсетiлуi тиiс. Жедел қызмет көрсету нысанындағы жұмысты орындау шартқа сәйкес жүргiзiлуi мүмкiн.
Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс тап-сырысшының материалынан орындалатын болса, түбiртекте не-месе шарт жасасу кезiнде мердiгер тапсырысшыға беретiн өзге де құжатта материалдың дәл атауы көлемi (саны), сипаты және тараптардың келiсiмi бойынша белгiленетiн бағасы көрсетiлуге тиiс. Түбiртектегi немесе сол сияқты өзге де құжаттағы мате-риалды бағалауға тапсырысшы жазбаша дәлелдемелер ұсыну ар-қылы кейiн сотта дау айтуы мүмкiн. Мердiгер тапсырысшының берген материалдарының дұрыс пайдаланылуы мен сақталуына жауап бередi. Мердiгер тапсырысшы берген материалдардың жа-рамсыз және сапасыз екендiгiн ескертуi тиiс. Сонымен бiрге орындалатын жұмыс нәтижелерiнiң жарамдылығына, берiктiгiне қауiп туғызатын мән-жайларды тапсырысшыға ескертуге тиiс.
Тапсырысшы берген материалды мердiгер бiршама немесе толығынан жоғалтып алса, (бүлдiрiп алса) онда ол сол материал-ды түрi мен сапасы сондай болып келетiн өзге материалмен ауыстыруы тиiс. Сонымен бiрге тұтынушы шеккен шығындар да өтелуге тиiс болады. Материалдың жекелеп бұзылуы мердiгер оған материалдардың бүлiнуiне әкелуi мүмкiн материалдардың айрықша қасиеттерi жағдайында мердiгер тұтынушының еркi бойынша ұзатпай шартты жаңартып және қысқа мерзiмде сон-дай материалдан затты дайындауға мiндеттi.
Тапсырысшыға мердiгер материалдардың олардың бүлiнуiне әкелуi мүмкiн айырықша қасиеттерi туралы ескертсе, онда мер-дiгер материалдың бiршама немесе толық бүлiнуiне (жойылуына) байланысты жауапкершiлiктен босатылады (яғни тапсырысшы өз нұсқауын бердi деген сөз және осы нұсқауды орындау зиян се-бебi болды). Ал мердiгердiң материалдық айрықша қасиеттерi туралы бiлмегенi оны жауапкершiлiктен босатпайды.
Мердiгер, егер төтенше және бой бермейтiн (дүлей) күш жағдайлары орын алса, осының себебiнен материалдардың бүлi-нуi, жұмыстың тиiсiнше орындалмағаны үшiн жауапкершiлiктi көтермейдi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде тапсы-рысшы – тұтынушының мүддесiн қосымша қорғауды қамтама-сыз ететiн нормаларды да қарастырады. Мердiгер тапсырысшыға дайындалған (қайта өңделген) немесе орындалған жұмыстың өзге нәтижесiн тапсырған кезде тапсырысшыға соларды тиiмдi және қауiпсiз пайдалану үшiн қажеттi талаптарды хабарлауға мiндеттi. Орындалған жұмыс нәтижесiн пайдалану талаптарын сақтамаудың тапсырысшының өзi немесе өзге тұлғалар үшiн қолайсыз салдары да көрсетiлуi керек.
Жұмысты орындағаннан кейiн немесе тапсырыстан бас тартылған жағдайда, мердiгер тұтынушыға жұмсалғаннан қалған материалдарды, сонымен бiрге ауыстырылған бөлшектердi (жа-рамсыз бөлшектердi) қайтаруға мiндеттi, сол сияқты олар үшiн тапсырысшы төлеген материалдардың жұмсалуы туралы есеп бе-руге мiндеттi.
Тапсырысшы орындалған жұмыстың нәтижесiн қабылдауға және орындалған жұмысқа ақы төлеуге мiндеттi. Тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша тапсырысшы жұмыс нәтижесiн то-лық көлемде қабылдағаннан кейiн ақы төлейдi. Тараптардың ке-лiсiмi бойынша ақы толығынан шарт жасасу кезiнде немесе аванс беру арқылы төленуi мүмкiн.
Тұрмыстық қызмет көрсетудiң ережелерiнде жұмыстың кей-бiр түрлерiне алдын ала ақы төлеу немесе аванс беру қарасты-рылған. Жекелеп алғанда тұтынушының қатысуымен орында-латын жұмыстарға шартын тұрмыстық мердiгерлiк шартын жа-сау сәтiнде жұмыстың ақысы толығымен төленедi.
Жиһаздарды жөндеу және дайындау, құрылыстарды салу, жөндеу, аяқ киiмдердi, тiгiн және тоқыма бұйымдарды iрi жөн-деу, жаңарту мердiгерлiк шарттары бойынша, тапсырысшы шартта көрсетiлген мөлшерде аванс төлеуi мүмкiн.
Егер тұрмыстық мердiгерлiк шарты бойынша, жұмыс мер-дiгердiң материалынан орындалатын болса, шартты жасау кезiн-де тапсырысшы материал үшiн толық немесе iшiнара тапсы-рысшы мердiгер орындаған жұмыстың нәтижесiн алған кезде түпкiлiктi есеп айырыса отырып, шартта көрсетiлген бөлiгi үшiн ақы төлейдi. Мердiгердiң материалына өзге тәртiпте есептесу тараптардың келiсiмiмен қарастырылуы мүмкiн. Шартқа сәйкес материалды мердiгер кредитке, оның iшiнде тапсырысшының материалға ақыны бөлiп-бөлiп төлеуi талабымен беруi мүмкiн. Мердiгер берген материал бағасының шарт жасалғаннан кейiн өзгеруi қайта есептеуге әкеп соқтырмайды.
Тапсырысшы орындалған жұмыс нәтижесiн алуға келмеген немесе тапсырысшы оларды қабылдаудан жалтарған жағдайда, мердiгер тапсырысшыға жазбаша түрде ескерте отырып, сол ескерткен күннен бастап 2 ай өткен соң мердiгерлiк нысанасын қисынды бағаға сатады. Одан түскен соманы мердiгер өзiне тиесiлi барлық төлемдi шегерiп, қалғанын тапсырысшының аты-на нотариустың депозитiне салуға құқылы. Мердiгер өзiнiң таң-дауы бойынша мердiгерлiк нысанасын сатудың орнына, оны ұстап қалу немесе тапсырысшыдан келтiрiлген залалды өндiрiп алу құқығын пайдалана алады.
Тапсырысшы жауапкершiлiгiнiң көрсетiлген жағдайы жал-пылама оның жиi орын алмайтын жауапкершiлiгiнiң (көбiнесе тұрмыстық мердiгерлiк шартында да мердiгердiң жауапкершiлiгi кездеседi) бiр бөлек жағдайы болып келедi. Тағы да бiр жағдайды атап көрсетейiк. Егер тапсырысшы, мердiгер материалдың жа-рамсыздығын, сапасыздығын уақытылы ескертiп немесе жұмыс нәтижесiнiң берiктiгiне әсер ететiн жағдайларды жоюды талап етсе, тапсырысшы ешқандай шара қолданбаса, онда оған жауап-кершiлiк жүктеледi. Бұл жағдайда мердiгердiң шартты бұзуға жә-не өзiне келген шығындарды өндiрiп алуына құқығы бар.
Мердiгердiң жауапкершiлiгiн қарастырайық. Тапсырысшы мердiгердi жауапкершiлiкке тарта алады, егер мердiгердiң жұмыс (оның нәтижесi), мердiгердiң өзi жөнiнде тиiстi емес (ақиқатқа сәйкес келмейтiн немесе толық емес) ақпарат беруi тапсырыс-шыға қажеттi қасиеттерi жоқ жұмыстың орындалуына әкелсе. Сонымен бiрге мердiгердiң жауапкершiлiгi тапсырысшының өмi-рiне, денсаулығына, мүлкiне зиян келтiрген жағдайда да туын-дайды. Соңғы екi жағдайда да шартты бұзып, келтiрiлген шы-ғынды өндiрiп алуға құқық бередi.
Мердiгер тұрмыстық мердiгерлiк шартының жағдайларының заңнама талаптарына сәйкес қолданылуы үшiн де жауапты бо-лады. Егер де шарт талаптарын қолдану кезiнде тұтынушының құқығы шектелiп, оған зиян келсе, онда ол толық көлемде өтелуi тиiс. Бұған тұтынушының еркiн жұмыс түрiн таңдау құқығын бұзуда туындаған шығынды да қосамыз.
Егер мердiгер тапсырысшы берген материалдардың жарам-сыздығын, сапасыздығын, тапсырысшының жұмысты орындау тәсiлi туралы нұсқауын ескертпесе, орындалатын жұмыс нәти-желерiнiң жарамдылығына немесе берiктiгiне қауiп туғызатын не оны мерзiмiнде аяқтауға мүмкiндiк бермейтiн мердiгерге қатыс-ты емес өзге де мән-жайлар анықталған жағдайда тапсырысшыға ескертпесе, осыларды белгiленген нысандағы құжатта көрсет-песе, мердiгер тапсырысты тиiсiнше орындамағаны үшiн жауап-кершiлiк көтередi. Бұл жағдайда азаматтық құқықтағы мiндет-теменi орындамаудағы кiнәлiлiктiң болжамы (презумпциясы) қолданылатыны айқын көрiнедi.
Орындалған жұмыс нәтижелерiндегi кемшiлiктердi анықтаса тапсырысшы мердiгерлiк қатынастарды реттейтiн жалпы норма-лар қарастырған құқықтарды жүзеге асыра алады. Жұмысты қабылдау кезiнде немесе мердiгерлiк нысанасын пайдалану ке-зiнде кемшiлiктердi анықтаса, онда тапсырысшы Қазақстан Рес-публикасының Азаматтық кодексiнiң 630-бабында қарасты-рылған жалпы мерзiмдер шегiнде мердiгерге талабын жүзеге асыра алады. Егер шартта кепiлдiк мерзiмi қарастырылса, онда талаптар гарантиялық мерзiмдер шегiнде жүзеге асуы мүмкiн. Егер кепiлдiк мерзiмi жалпы заңда көзделген мерзiмнен қыс-қалау болса, онда заңда көзделген мерзiмдер қолданылады.
Тұрмыстық мердiгерлiк шарттары бойынша жұмыстардың кемiстiктерi тапсырысшының өзiнiң немесе өзге тұлғалардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төндiретiндей болса, кемiстiктердi тегiн (ақысыз) жою туралы талап тапсырысшымен немесе оның құқықтық мирасқорымен, егер заңнамалық актiлермен өзге мерзiмдер (қызмет ету мерзiмдерi қарастырылмаса) жұмысты қа-былдау болған сәттен үш жыл iшiнде жүзеге асыра алады.
Өмiр немесе денсаулық үшiн қаупi болуы мүмкiн кемiс-тiктердi жою туралы талап, кемiстiктер қанша табылғанына қарамастан (жұмысты қабылдау немесе затты пайдалану кезiнде де) жүзеге асуы мүмкiн. Сонымен бiрге, бұл талап кепiл мерзiмдерi өткен кезде де қойылуы мүмкiн.
Тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдаған сәтте анық-талған кемiстiктер 7 күн iшiнде жойылуы тиiс, шартпен бұдан қысқалау мерзiм қарастырылуы мүмкiн.
Тапсырысшы тағайындаған немесе тараптармен келiсiлген кемшiлiктердi жою мерзiмi шартта немесе өзге де құжатта бе-кiтiледi. Мұндай мерзiмдi бұзғаны үшiн мердiгер тапсырысшыға тұрақсыздық айыбын төлейдi. Жекелеп алғанда бiреудiң ақша-сын пайдаланғаны үшiн АҚ-ң 353 бабына сәйкес тұрақсыздық айыбын төлейдi (себебi мердiгердiң мiндеттемесiн ақшаға ауда-руға (ақшалай бағалауға) болады.
Тұрмыстық мердiгерлiк шартын тоқтатуға мiндеттеменi тоқ-татудың барлық негiздерi қолданылады. Жоғарыда бiр тапсырыс-шының бiр жақты тәртiппен шарттан бас тартуын да қарастыр-ған едiк. Бұл шарттың ерекшелiгi – ол тапсырысшының жеке қажеттерi негiзiнде жасалуы.
Тұрмыстық мердiгерлiк шартының осы ерекшелiгiн ескерсек нелiктен заңнама шарт тоқтатылуының бiр негiзi ретiнде оның бiр тарабының қайтыс болуын қарастыратыны екенi түсiнiктi болады. Тұрмыстық мердiгерлiк шартынан туындайтын мiндет-темелер күшi (қолданылуы) сақталуы бойынша жеке мiндетте-мелер қатарына жатады (ҚР АК 376 б.). Алайда, оның тоқта-тылуының салдары қарапайым (жеке емес) мiндеттеме тоқтаты-луының салдарына жақын. Сондықтан бiр немесе екiншi та-раптан (тапсырысшының немесе мердiгердiң) құқықтық мирас-қорларының құқықтары мен мiндеттерi туралы сұрақтың ше-шiлуiне әкеледi. Бұндай көзқарас құқықтық мирасқорлардың заңмен қорғалатын мүдделерiн және олардың кейбiр мүлiктiк құқықтарын ескеруге байланысты болып келедi.
Шарттың тоқтатылу салдары тиiстi тараптың құқықтық мирасқоры мен оның келiсiмшарт жасасушы агентiнiң арасын-дағы келiсiм бойынша, ал олар келiсiмге келмесе орындалған жұмыстың мөлшерi мен бағасы, жұмсалған және сақталған ма-териалдың құны, сондай-ақ басқа да елеулi жағдайлар ескерiле отырып сот арқылы айқындалады.
Құрылыс мердiгерлiгi
Мердiгерлiк шарттың қарастырылып отырған түрi оның құ-қықтық өзгерiстерiн бастан өткiзген. Социалистiк экономика-ның дамуының алғашқы кезеңдерiнде құрылыс мердiгерлiгi сөзсiз мердiгерлiк шарты болып қарастырылған.1 1923 жылдың 1 қаңтарында күшке енгiзiлген РСФСР Азаматтық кодексiнiң 220-235-баптарында және РСФСР-дың Азаматтық кодексiнiң 235-бабының 5-қосымшасы болып табылатын “Мемлекеттiк мер-дiгерлiк және жеткiзiлiм туралы” Ережелерде мердiгерлiк жұмыс-тардың барлық түрлерiн реттеу үшiн арналған жалпы мәндегi нормалар болған. Көрсетiлген соңғы нормативтiк актпен қандай жұмыстарды орындауға шарт жасалғанына тәуелсiз мемлекет және оның органдарының қатысуымен мердiгерлiк шарттың бiрқатар ерекшелiктерi реттелген.1
Бiрақ өндiрiсте, барлық өндiрiстiк процестердiң директивтi жоспарлауын нығайтуына байланысты, құрылыс мердiгерлiк-мердiгерлiк шарттардың жалпы көпшiлiгiнен анық бөлiнiп шық-ты және 1961 жылдан бастап барлық негiзгi жүйелiк азаматтық-құқықтық актiлерi (азаматтық заңнама негiздерi, азаматтық ко-декстер) күрделi құрылысқа мердiгерлiк шартты-мердiгерлiк шарттың түрi ретiнде емес, азаматтық-құқықтық шарттың жеке түрi ретiнде қарастырады.2
Қазiр құрылыс мердiгерлiгi шартының құқықтық реттелуi барлық нарықтық заңнама да сияқты экономикалық заңдармен қайшылыққа түспейдi. Бiрақ, азаматтық құқығының дамуында одан кезеңдегi бiрқатар жасалған құқықтық өңдеулер, сол сияқты өзге елдердiң жеке құқығының өңдеулерi ескерiлген, сондықтан құрылыс мердiгерлiк ерекшелiктерi бөлек айқында-луы қажет болып тұр. Қазiргi жағдайда мердiгерлiк шарт бойын-ша тараптардың өзара қатынастарына 2001 жылдың 16 шiлде-сiндегi “Қазақстан Республикасындағы архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы” Қазақстан Республи-касының Заңы маңызды әсерiн тигiзедi.
Олар (сол ерекшелiктер) бiрқатар жағдайларда құрылыс мердiгерлiк жұмыстарын жүргiзуге байланысты жер учаскелерiне заттық құқықтарды алумен, құрылып жатқан объектiлердi энер-гиямен қамтамасыз етуге шарт жасаумен, мемлекеттiң бiр немесе өзге органдарымен жарна-құқықтық, басқа да құқықтық қаты-настар пайда болатынында көрiнедi.
Сол немесе басқа объектiсiн салу жұмыстардың кешенiн жүргiзудi талап етедi, олардың әр түрi өз кезегiнде бөлек мердi-герлiк шартының нысанасы және осыдан да құрылыс мердiгер-лiктiң ерекшелiгi көрiнедi.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 651-бабына сәйкес құрылыс мердiгерлiгi шарты кәсiпорынды, үйдi (оның iшiнде тұрғын үйдi), ғимаратты немесе өзге де объектiнi салуға немесе қайта жаңартуға жасалады. Кейбiр жағдайларда құрылыс мердiгерлiгi нысанасы болып үйлер (ғимараттар) кешенiн құрайтын кәсiпорынды салу немесе оны қайта жаңарту келедi. Құрылыс мердiгерлiгi шеңберiнде монтаждау, iске қосу жөнге келтiру және салынып жатқан объектiмен байланысты өзге де жұмыстар орындалады. Құрылыс мердiгерлiгiнiң ере-желерi, егер шартта өзгеше көзделмесе үйлер мен ғимараттарды күрделi жөндеу кезiнде де қолданылады.
Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша мердiгер тапсырыс-шының тапсырмасы бойынша шартта белгiленген мерзiмде белгiлi бiр объектiнi салуға не өзге де құрылыс жұмысын орындауға мiн-деттенедi, ал тапсырысшы мердiгерге жұмысты орындауы үшiн қа-жеттi жағдайлар жасауға, оның нәтижесiн қабылдап алуға және ол үшiн келiсiлген бағаны төлеуге мiндеттеледi.
Көрсетiлген шарттың субъектiлiк құрамының ерекшелiктерi бар, яғни шартта әрқашан мердiгер жағынан кәсiпкерлiк қызме-тiнiң субъектiлерi, әртүрлi лицензияланатын құрылыстық жұ-мыстарды жүргiзу үшiн рұқсаты (лицензиясы) бар құрылыстық ұйымдар немесе жеке кәсiпкерлер қатысады.
Кейбiр жағдайларда тапсырысшы болып азаматтар келедi. Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша жұмыс азаматтың (тап-сырысшының) тұрмыстық немесе басқа жеке қажеттерiн қана-ғаттандыру үшiн орындалатын жағдайда мұндай шартқа тиiсiнше тұрмыстық мердiгерлiк шарт бойынша тапсырысшының құқық-тары ережелер қолданылады.
Құрылыс мердiгерлiгi шарты нысанасының ерекшелiктерi және осы мердiгерлiк шартымен байланыста пайда болатын құ-қықтық қатынастардың жиынтығы осы мердiгерлiк түрдiң маз-мұнының ерекшелiктерiне мiндеттi түрде белгi қалдырады. Олар, сонымен қатар, реттелуiне бағытталған нормалармен анықта-лады (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 32-тарауының § 3 “Құрылыс мердiгерлiгiнiң ерекшелiктерi”).
Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi. Объектiнiң салынуы, салынатын жер учаскесiн белгiлеуден басталады. Қазiргi заңға сәйкес, салынатын объектiнiң болашақ иесi жер учаскесiн бөлiп алуы керек. Ол құрылыс салу үшiн жер учаскесiн шартта көр-сетiлген көлемде және сондай күйде уақытылы беруге мiндеттi.
Шартта мұндай нұсқау болмаған жағдайда, жер учаскесiнiң көлемi мен күйi жұмыстың уақытылы басталуын, оның қалыпты жүргiзiлуiн және мерзiмiнде аяқталуын қамтамасыз етуге тиiс. Шартпен жер учаскесiн алу және құрылыс үшiн керектi дайын-дық жұмыстарын, кiрiс жолдарын тазалау және т.б. мiндеттер мердiгерге жүктелуi мүмкiн. Бiрақ, бұл жағдайда, мердiгерлiк шарт тапсырма шартының элементтерiмен күрделенедi немесе мердiгер жеке тапсырма шартының негiзiнде мұндай қызметтi орындайды.
Шартта құрылыс ұйымы өз күшiмен тұрғын үйдi, ғима-ратты салатындығы қарастырылуы мүмкiн. Мұндай шарт құры-лысты толық аяқтау туралы шарт деп аталады. Шарт ережелерiне сәйкес тапсырысшыға пайдалануға дайын объектi тапсырылады. Мұндай шартта сатып алу-сату шартының тиiстi мазмұны басым болады, мердiгерлiк (құрылыс мердiгерлiк) туралы нормалар тек керектi мөлшерде пайдаланылады. Құрылысты толық аяқтау туралы шартта құрылыста болуы ықтимал барлық тәуекелдi мердiгердiң көтеретiндiгi көзделедi. Егер өзгешелiк шартында қарастырылмаса құрылысты толық аяқтағанға, тапсырысшыға жұмыстың нәтижесiн тапсырғанға және жұмысқа ақы төлеуге дейiн салынып жатқан объектiнiң иесi мердiгер болып саналады. Құрылыстың материалдық жағынан қамтамасыз етiлуiн жартылай немесе толығынан тапсырысшы жүзеге асыратын құрылыс мердiгерлiк шартында қарастырылуы мүмкiн. Мате-риалдық жағынан қамтамасыз ету құрылысты материалдармен жабдықтау, құрылысты ағымды қаржыландыру және т.б. көзде-луi мүмкiн. Тапсырысшының бұл мiндеттерi шартта аталуы қа-жет. Заңнамамен (ҚР АК 659 бабымен) материалдық жағынан қамтамасыз етуге байланысты тапсырысшы мiндеттерiнiң ең аз мөлшерi анықталған, олар тапсырысшының құрылыс мердiгер-лiгi шартындағы қосымша мiндеттерi деп аталады. Тапсырысшы құрылыс мердiгерлiгi шартында көзделген жағдайлар мен тәртiпте мердiгерге жұмыстарды жүргiзу үшiн қажеттi үйлер мен ғимараттар беруге, мердiгердiң мекен-жайына жүктердiң тасы-малдауын қамтамасыз етуге, энергиямен жабдықтау су және бу желiлерiн уақытша жүргiзуге, басқа да қызметтер көрсетуге мiн-деттi. Олар үшiн ақы шарттың өзiнде көзделген талаптар бойы-нша төленедi.
Тапсырысшы құрылыс мердiгерлiк шартында орындалып жатқан жұмыстың барысы мен сапасына, олардың орындалу мерзiмiнiң (кестесiнiң) сақталуына, мердiгер берген материал-дардың сапасына, сондай-ақ тапсырысшының материалдарын мердiгердiң дұрыс пайдалануына бақылау мен қадағалауды жү-зеге асыруға құқылы, бұл орайда ол мердiгердiң жедел шаруа-шылық қызметiне араласпайды. Егер орындалып жатқан жұмыс-ты бақылау мен қадағалау кезiнде шарт талаптарын, жұмыс сапасын нашарлататын ауытқуды немесе өзге де кемшiлiктердi тапсырысшы анықтаса, онда ол туралы дереу мердiгерге мәлiм-деуге мiндеттi. Егер мұндай мәлiмдеменi тапсырысшы жасамаса, онда ол кейiн өзi анықтаған кемшiлiктерге сiлтеме жасау құ-қығынан айырылады.
Орындалған жұмысқа ақыны тапсырысшы сметада көздел-ген мөлшерде заң актiлерiнде немесе шартта белгiленген мерзiм-де және тәртiппен төлеуге мiндеттi. Егер заң актiлерiне немесе шартта тиiстi нұсқаулар болмаса, онда ақы төлеу мердiгерлiк шарт бойынша ақы төлеу туралы жалпы ережелерге сәйкес жүр-гiзiледi. Толық аяқталатын құрылыс кезiнде шартта көрсетiлген баға, егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, тапсы-рысшы объектiнi қабылдап алған соң толық көлемiнде төленедi.
Құрылыс мердiгерлiгi шарты бойынша ақы төлеуге байла-нысты мiндеттеме, шарттағы тараптардың арасында тәуекелдi бөлумен тығыз байланысты. Тапсырысшы жұмыс объектiсi жұ-мысты өткiзудiң шартта белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн дүлей күштiң салдарынан қирағаны немесе бүлiнгенiне байла-нысты тәуекел атқарады. Сондықтан, егер құрылыс объектiсiнiң қирағаны немесе бүлiнгенi орын алса, онда тапсырысшы орын-далған және (немесе) қалпына келтiру жұмыстарының құнын төлеуге мiндеттi. Екi жақты тараптардың мүддесiн ескеруге мүм-кiншiлiк беретiн көрсетiлген тәуекелдi дұрыс бөлу – бұл тапсы-рысшыға тек қалпына келтiрiлетiн жұмыстардың құнын төлеудi жүктеу, яғни мердiгерлiк нысанасы дүлей күштiң салдарынан қираған немесе бүлiнген кезде.
Егер мердiгерге қарсылас тарап тұрмыстық тапсырысшы болса, онда оған мұндай тәуекелдi жүктеу орын алмау қажет, соған сәйкес, мердiгерлiк пәнi кездейсоқ бұзылғанда немесе жойылғанда ол осыған байланысты жұмысты төлеуге мiндеттi емес.
Кейбiр жағдайларда тараптарға қатысы жоқ себептермен шарт бойынша жұмыстардың тоқтатылуын талап етедi. Мысалы, құрылыс объектiсiн салу үшiн жер учаскесiнiң жарамдылығы туралы ғылыми дәлелденген қорытынды жасау қажет, құрылыс жүрiп жатқан учаскеде жол салу жөнiнде сұрақтар шешiлiп жа-туы мүмкiн және т.б. Егер ұқсас себептердiң күшiмен, құрылыс мердiгерлiк шарты бойынша жұмыс тоқтатылып, құрылыс объектiсi консервацияланса, тапсырысшы мердiгерге консерва-цияланған кезге дейiн толық орындалған жұмыс көлемiнде ақы төлеуге, сондай-ақ жұмыстың тоқтатылуы мен құрылысты кон-сервациялау қажеттiгiнен туған шығындарды өтеуге мiндеттi.
Құрылыс мердiгерлiк шарты бойынша, бiр немесе өзге са-ладағы мiндеттi талаптарға сәйкес келуi тиiс күрделi жұмыстар жүргiзiлуiне байланысты, мердiгер жұмысты өзiнiң қамқорлы-ғымен орындауымен бiрге, құрылысты және онымен байланысты жұмыстарды жобалау құжаттамасына да сәйкес жүргiзуге мiн-деттi.
“Қазақстан Республикасында архитектуралық, қала құры-лысы және құрылыс қызметi туралы” Қазақстан Республика-сының Заңындағы 7-баптың 1-тармағына сәйкес жобалау құжат-тамаға мыналар кiредi:
1) қала құрылыстық жобалар;
2) архитектуралық жоба;
3) құрылыс жобасы (құрылыстық жоба), көлем-жоспарлық, конструкциялық, технологиялық, инженерлiк, табиғат сақтау, экономикалық және тағы басқа шешiмдерден тұратын жобалық (жобалау-сметалық) құжаттама және құрылысты ұйымдастыру мен жүргiзу, аумақты инженерлiк даярлау, жайластырушылыққа байланысты сметалық есептер. Құрылыс жобаларға аяқталмаған объектiлердiң құрылысын тоқтатып қою жобалары және өзiнiң мүмкiншiлiгiн тауысқан объектiлердi бұзу (таратудың) жобалары жатады.
Құрылыс мердiгерлiгi шарты (субъективтiк құқықтық қаты-нас) үшiн ең маңыздысы құрылыс жоба – жобалау сметалық құжаттама. Онымен орындалатын жұмыстың сандық және са-палық көрсеткiштерi ғана анықталып қоймайды. Жұмыстардың көлемi, мазмұны олардың құнына тығыз байланыстырылады. Жобалау сметалық құжаттама негiзiнде болашақта жұмыстарды қаржыландыру бойынша құрылыс мердiгерлiк шарттарының құқықтары мен мiндеттерi анықталады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 654-бабының 2-тармағында көрсетiлгендей, жобалау-сметалық құ-жаттама тапсырысшымен жасалады. Жобалау-сметалық және басқа техникалық құжаттама, ол алғашқы рет шетел тiлiнде дайындалса, мердiгерге мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiне ауда-рылып берiледi. Өлшем бiрлiктерi заңнама актiлерiнде белгi-ленген метрикалық жүйеге сәйкес болуға тиiс. Құрылыс мердi-герлiгi шартында заңнама талаптарына сәйкес дайындалатын жо-балау-сметалық құжаттаманың құрамы мен мазмұны айқында-луға тиiс, сондай-ақ тараптардың қайсысы және қандай мерзiм-де тиiстi құжаттаманы беру керек екенi көзделуге тиiс.
Құрылыс жүргiзу барысында жобалау-сметалық құжат-тамада есептелiнбеген жұмыстарды және осыған байланысты қо-сымша жұмыстар жүргiзу мен құрылыстың сметалық құнын өсiру қажеттiгiн анықтаған мердiгер тапсырысшыға бұл туралы хабарлауға мiндеттi. Мердiгер өз хабарламасына тапсырысшыдан он күн iшiнде жауап алмаған жағдайда тиiстi жұмысты тоқтата алады. Бос тұрыстан келтiрiлген залалдар тапсырысшының есе-бiне жатқзылады. Заңнама актiлерiмен немесе шартпен жұмыс-тардың бағасы болашақта өтетiнi туралы мердiгердiң хабарлама-сына жауап беру үшiн өзгеше мерзiм көзделуi мүмкiн.
Егер мердiгер жұмыстың бағасының өсу мүмкiндiгi туралы тапсырысшыға хабарлау жөнiндегi өзiнiң мiндеттемесiн орында-маса, егер тапсырысшының мүдделерi үшiн шұғыл iс-қимыл жасау қажеттiгiн, атап айтқанда, жұмыстың iркiлуi салынып жатқан объектiнiң қирауына немесе бүлiнуiне әкеп соқтыра-тынына байланысты шұғыл iс-әрекеттiң қажеттiгiн дәлелдей ал-маса, тапсырысшыдан қосымша жұмысты орындағаны үшiн ақы және осыдан туған залалдардың орнын толтыруды талап ету құқығынан айырылады.
Тапсырысшы қосымша жұмысқа және оған ақы төлеуге ке-лiсiм берген кезде, жұмыс мердiгердiң кәсiби қызмет аясына кiрмейтiн не мердiгерге байланыссыз себептермен орындал-майтын болған жағдайларда ғана мердiгердiң аталған жұмысты орындаудан бас тартуға құқығы бар.
Тапсырысшы жобалау-сметалық құжаттамаға мердiгер үшiн қосымша шығындарға не (немесе) жұмыстың орындалу мерзiмiн ұзартуға байланысы жоқ өзгерiстер енгiзудi талап етуе құқылы.
Мердiгер үшiн қосымша шығындарды керек ететiн жобалау-сметалық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу тараптардың келiсiлген қосымша сметасының негiзiнде тапсырысшының есебiнен жү-зеге асырылады. Егер мердiгерге байланыссыз себептермен жұ-мыс құны сметадан кемiнде он процентке асып кетсе, ол сме-таны қайта қарауды талап етуге құқылы.
Жобалау-сметалық құжаттамадағы, мұндай құжаттама өзiнiң тапсырысы бойынша жасалған жағдайларды қоспағанда, мер-дiгер жобалау-сметалық құжаттамада жаңсақтықтарды анықтауға және жоюға байланысты шығарған қисынды (керектi) шығын-дарды өтеудi талап етуге құқылы.
Жұмыстың бағасының кездейсоқ өсуiнiң тәуекелiн мердi-герге жатқызады. Мердiгердiң тәуекелiн сақтандыру шартпен қа-растырылуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда, мердiгермен сақтан-дыруға байланысты шегiлген шығындар орындалған жұмыстарға сыйақыны анықтағанда ескерiлетiн құрылыс бойынша шығын-дарға жатқызылады. Шартта тәуекелдi сақтандыру жөнiндегi сұрақты шешудiң басқа да жолдары қарастырылуы мүмкiн (бұл мердiгердiң ғана емес, тапсырысшының тәуекелдерiне де қатыс-ты).
Мiндетiне құрылыстың материалды қамтамасыз ету кiретiн мердiгер өзi берген материалдарды (бөлшектердi, конструк-цияларды) немесе жабдықтарды орындалатын жұмыстардың са-пасын нашарлатпай пайдалану мүмкiн болмай қалуының тәуе-келiн көтередi. Тапсырысшы берген материалдарды (бөлшек-тердi, конструкцияларды) немесе жабдықтарды орындалатын жұмыстардың сапасын нашарлатпай пайдалану мүмкiн еместiгi анықталған жағдайларда мердiгер тапсырысшыдан оларды қи-сынды мерзiмде ауыстыруын талап етуге мiндеттi, ал бұл талап орындалмаған жағдайда мердiгер шарттан бас тартуға және тап-сырысшыдан шарттың орындалған жұмыс бөлiгiне бара-бар бағасын төлеудi, сондай-ақ осы сомамен жабылмаған залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
Мердiгер құрылыс барысында тапсырысшыдан алған нұс-қауларды, егер ондай нұсқаулар шарттың талаптарына қайшы келмесе және мердiгердiң жедел-шаруашылық қызметiне залалы болмаса, орындауға мiндеттi.
Жұмысты тиiстi дәрежеде орындамған мердiгер оның орын-далуына тапсырысшының бақылау мен қадағалау жасамағанына сiлтеме жасауға құқылы емес. Бiрақ бұған тапсырысшыға мұн-дай бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру мiндетi заңнама актiлерiнде немесе шартта жүктелген жағдайлар жатпайды.
Мердiгерге қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi мiндеттер жүктеледi. Егер қоршаған ортаны қорғау және құрылыс жұмыстарын қауiпсiз жүргiзу ту-ралы тараптар үшiн мiндеттi тараптарды бұзуға тура келсе, мер-дiгердiң жұмысты жүзеге асыру барысында тапсырысшы берген материалдарды (бөлшектердi, конструкцияларды) және жабдық-тарды пайдалануға немесе оның нұсқауларын орындауға құқығы жоқ. Мердiгердiң көрсетiлген мiндетi қоршаған ортаға залал келтiретiн және айналадағылар үшiн қауiпсiз емес жұмысты орындағанда басқа да iс-әрекеттердi жасаудан бас тартынуын та-лап етедi.
Мердiгер жұмыстың сапалы орындалуына жауап бередi. Ол шартта, жобада және тараптар үшiн мiндеттi құрылыс норма-ларында қарастырылған талаптардан ауытқулар үшiн, сондай-ақ құрылыс объектiсiнiң жобалық-сметалық құжаттамада көрсетiл-ген көрсеткiштерiне, оның iшiнде кәсiпорынның өндiрiстiк қуа-ты сияқты көрсеткiштерге жете алмағандығы үшiн тапсырыс-шының алдында жауапты болады. Үйдi немесе ғимаратты қайта жаңғырту кезiнде (жаңартқанда, қайта салғанда, қалпына кел-тiргенде және т.б.) мердiгер үйдiң, ғимараттың немесе оның бө-лiгiнiң берiктiгiн, орнықтылығын, сенiмдiлiгiн төмендеткенi не-месе жойғаны үшiн жауапты болады.
Мердiгер жұмысты орындап бiткеннен кейiн шарт тарапта-рының әрқайсысына жұмыс нәтижелерiн тапсыру және қабыл-дауға байланысты белгiлi құқықтар мен мiндеттерi жүктеледi. Мердiгер тапсырысшыға шартпен қарастырылған жұмысты тап-сыруға дайындығы жөнiнде тиiстi түрде хабарлауы керек. Хабар-ды алған тапсырысшы қабылдауға (объектiнi) дереу кiрiсуге мiн-деттi. Кейбiр жағдайларда хабарлама жұмыстың бiр кезеңiнiң бi-туiн көрсетедi, ал тапсырысшы шартқа байланысты жұмыстың орындалуының аралық кезеңiнiң нәтижесiн қабылдауға мiндеттi болады.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы жұмыс нәти-желерiн қабылдауды өз есебiнен ұйымдастыруды және жүзеге асырады. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жұмыс нәтиже-сiн қабылдауға мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлдерi қатысуға тиiс.
Жұмыстың жекелеген кезеңдерiн алдын-ала қабылдаған тап-сырысшы мердiгердiң қатысынсыз жойылу немесе бүлiнудi мой-нына алады, бұл тәртiп шартта жұмысты мердiгердiң тәуекелiмен орындау көзделген жағдайларға таралады.
Жұмыс нәтижелерiн тапсыру және қабылдауды рәсiмделеу-дiң арнайы тәртiбi қарастырылады. Ол үшiн екi тараптармен қол қойылатын акт рәсiмделедi. Егер қабылдауда мемлекеттiк орган-дардың және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының өкiлдерi қатысуға мiндеттi болса, онда қабылдау актiлерiне осы тұлғалар да қол қоюы керек. Тараптардың бiреуi актiге қол қоюдан бас тартса, бұл туралы белгi жасалады, ал екiншi тарап актiге қол қояды.
Тараптардың iшiндегi бiреуiнiң актiге қол қоюдан бас тарт-қаны жұмыстарды аяқтаудың заңды рәсiмделуiн шындап қиын-датады. Дау болған жағдайда шарттың тек бiр тарабы қол қойған қабылдау актiсiн сот жарамды деп тануы қажет. Сонымен қатар, мұндай қабылдау актiсiне қол қоюдан бас тарту себептерi сотпен негiзсiз болып танылған жағдайда ғана қабылдау актiсi жарамды болып табылуы мүмкiн. Егер қабылдау актiсi жарамды деп танылмаса, құрылыс мердiгерлiк шартындағы тараптардың бiр немесе өзге құқықтары мен мiндеттерiн (олардың жағдайын) анықтау жөнiндегi соттың iстi қарауы алда тұрады.
Заң актiлерiнде немесе шартта көзделген немесе бұл құры-лыс мердiгерлiгi шарты бойынша орындалатын жұмыстың сипа-тынан туындайтын жағдайларда, оның нәтижелерiн қабылдау алдында алдын-ала жүргiзу орын алуы тиiс. Мұндай жағдайларда жұмыс нәтижелерiн қабылдау алдын-ала жасалған сынақтың нәтижелерi оң болған кезде ғана жүзеге асырылады.
Тапсырысшы шартта көрсетiлген мақсат үшiн жұмыс нәти-желерiн пайдалана алмайтындай кемшiлiктер анықталған жағ-дайда және оларды мердiгер, тапсырысшы немесе үшiншi тұлға жоя алмайтын болса, жұмыс нәтижелерiн қабылдаудан бас тар-туға құқылы.
Кемшiлiктер анықталған жағдайларда олар жөнiнде актiде көрсетiлуге тиiс. Кейбiр жағдайларда, егер олар заң актiлерiнде көзделсе, салынған объектiлердi мемлекеттiк комиссия қабыл-дауға тиiс, салынған объектiлердi мемлекеттiк қабылдаудың тәр-тiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеу қажет және онымен мемлекеттiк органдардың аралық қабылдауларға қатысу мүмкiндiгi айқындалуы керек.
Құрылыс мердiгерлiгi шартымен әдетте орындалған жұмыс нәтижелерi сапасының кепiлдiктерi қарастырылады. Мердiгер, егер өзгешелiк шартпен қарастырылмаса, бүкiл кепiлдiк мерзiмi iшiнде құрылыс объектiсiнiң жобалық-сметалық құжаттамасын-да көрсетiлген көрсеткiштерге ие болуына және объектiнi пай-далану мүмкiндiгiне кепiлдiк бередi. Егер заңнама актiлерiмен немесе шартпен кепiлдiк мерзiмi көзделмесе, АК 665-бабының 1-тармағына сәйкес, кепiлдiк мерзiмi тапсырысшы объектiнi қа-былдаған күннен бастап он жылды құрайды.
Кепiлдiк мерзiмi шегiнде анықталған кемшiлiктер үшiн, егер кемшiлiктер объектiнiң немесе оның бөлiктерiнiң қалыпты то-зуының, оны дұрыс пайдаланбаудың немесе тапсырысшы өзi не-месе ол тартқан үшiншi тұлғалар жасаған пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтардың дұрыс болмауының салдарынан болғанын дә-лелдей алмаса, мердiгер жауапты болады.
Мердiгер жауап беретiн кемшiлiктердiң (ақаулардың немесе шала iстелген жұмыстың) салдарынан объектiң пайдалану мүм-кiн болмайтын барлық уақытқа кепiлдiк мерзiмiнiң ағымы тоқ-татыла тұрады.
Мердiгердi жауапкершiлiкке нақты тарту мүмкiншiлiгiне ие болу үшiн тапсырысшы анықталған кемшiлiктер туралы олар кепiлдiк мерзiмiнiң шегiнде анықталса қисынды мерзiмде хабар-лауы керек.
Құрылыс мердiгерлiгi шартында кепiлдiк мерзiмi анықталғанға дейiн сметада көрсетiлiп, шартта көзделген жұмыс бағасының бiр бөлiгiн тапсырысшының ұстап қалу құқығы қарастырылуы мүмкiн.
Кейбiр жағдайларда шартпен тапсырысшының талап етуi бойынша және тапсырысшының есебiнен мердiгер жауапты бол-майтын кемшiлiктердi (ақаулар мен шала iстелген жұмыстарды) мердiгердiң жою мiндетi көзделуi мүмкiн. Кемшiлiктер шарттың нысанасымен байланысты болмаған немесе жұмыстар өзiне қа-тысы жоқ себептермен мердiгермен орындалуы мүмкiн бол-майтын жағдайларда мердiгер кемшiлiктердi жоюдан бас тартуға құқылы.
Жобалау және iздестiру жұмыстарында мердiгерлiк шарт. Мер-дiгерлiк шартының бұл түрi құрылыс жұмыстарымен тығыз байланысты жұмыстар жүргiзiлуiн құқықтық реттеуге арналған. Жобалау жұмыстар оларға сәйкес, алда құрылыс жүргiзiлетiн құжаттар өңделуiн қарастырады. Әдетте, жобалау құрылыста жа-ңа конструкцияларды, технологияларды, материалдарды қолдану қажет болса жүргiзiледi. Сонымен бiрге, құрылыс объектiсiнiң өзi де оларды салу стандартты жоба бойынша жүргiзiлуi тиiс емес (басқаларға ұқсамайтын болуы тиiс) ғимарат (құрылыс) олардың кешенi болып келуi мүмкiн.
Алдағы жұмыс көлемi үлкен болып құрылыс арнайы мақ-сатқа жоспарлануы мүмкiн. Сондықтан жобалаудың алдағы шы-ғынды бағалау, болашақ құрылыстың экономикалық тиымдылы-ғын көтеру үшiн маңызды болып табылады. Iздестiру жұмыстары салынған ғимаратты болашақта пайдаланудың жолдарын құры-лыс салу орнын, құрылыс тәсiлдерiн және т.б. анықтауға мүм-кiншiлiк бередi. Бiрқатар жағдайларда, жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарттары бойынша тапсырысшы бо-лып құрылыс ұйымдары қатысады. Олар құрылыс мердiгерлiк шарты бойынша мердiгерлер құрылыс қызметiнiң белсендi жү-зеге асыруды, жаңа шешiмдер (инновацияларды) ұсынуды, мем-лекеттiк органдар немесе жеке тапсырысшылар ұйымдастыратын тендерге әлеуметтiк-мәдени, өндiрiстiк тұрғын үй ғимараттарын салуды болжаулары мүмкiн.
Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шартының ерекшелiгi болып олардың нәтижесiнде коммерциялық, ұйым-дастыру техникалық маңызы бар жаңа ақпараттар өңделетiнi ке-ледi. Сол ақпаратқа құқықтар белгiлi бiр дәрежеде тапсырыс-шыға да және мердiгерге де тиесiлi болады.
Мердiгердiң жұмысы шығармашылық тұрғыда да болып ке-ледi және жобалау жұмыстарының нәтижесiнде тапсырысшының ынтасына сәйкес құжаттама өңделуi еместiгi немесе iздестiру жұмыстарының бiр кезеңiнде болжанған құрылысты жүзеге асы-ру мүмкiн еместiгi анықталуы мүмкiн. Осындай сипаттағы ақпа-ратта жобалау немесе iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарты-ның нәтижесi болып келедi және сондықтан мердiгердiң тиiстi шығындары өтелуi тиiс.
Тапсырысшы қажеттi шараларды қолдаған күнде (қолданса) жобалау және iздестiру шартының нәтижесi ҚР АК-сының “Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы” деп аталатын 55-тарауының нормаларына сәйкес қорғалуы мүм-кiн.
Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарт бойынша мердiгер (жобалаушы, iздестiрушi) тапсырысшының тап-сырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) iздестiру жұмыстарын жүргiзуге мiндеттелiнедi, ал тапсы-рысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге мiндеттенедi.
Оның ерекшелiктерiн реттеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 32-тарауы § 4 нормаларымен жүзеге асы-рылады, жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шар-тына мердiгерлiк шартының жалпы нормалары да қолданылады.
Аталған мердiгерлiк түрi де субъектiлiк құрамының өзгеше-лiгiмен ерекшеленедi, бiрақ бұл заңнамада тiкелей көрсетiл-меген. Бiрақ, әрине, лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес жо-балау және iздестiру жұмыстары лиензияланатын қызметке жат-қан соң мердiгер мiндеттi түрде “арнайы” субъект болады.
Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шартта-рын реттейтiн нормалардың мәнiсi бойынша, орындайтын жо-балау және iздестiру жұмыстарына материалды-техникалық қам-тамасыз ету мiндетi көбiнесе мердiгерде болады. Себебi, бiрқатар жағдайларда арнайы жабдықтар, керек жарақтар қолданылуы керек болады, ал олар өз кезегiнде тек мамандарда (маман-дандырылған ұйымдарда) ғана болады. Мердiгерлiк шарты ту-ралы нормалардың диспозитивтiлiгi бұл мiндеттi тапсырысшыға жүктеудi де жоққа шығармайды немесе шартты орындау кезiнде тапсырысшы қажеттi қаржыландыруды жүзеге асырып отыруға мiндеттi болады. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердi-герлiк шарты көбiнесе тапсырысшы үшiн тәуекелдi болып келе-дi. Егер заңнама актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, шарттың кездейсоқ орындалмау қаупi оған жүктеледi.
Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi
Тапсырысшы мердiгерге жобалауға тапсырманы, сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау үшiн қажеттi өзге алғашқы мәлiметтердi беруге мiндеттi.
Тапсырысшы шарт бойынша тапсырманы дайындауды мер-дiгерге тапсыруға өкiлденуi мүмкiн. Мұндай жағдайда тапсырма жобасы әзiрленгеннен кейiн тапсырысшы қисынды немесе шартта белгiленген мерзiмде тапсырманы (жобаны) бекiтуге немесе оны қайтаруға мiндеттi. Тапсырысшымен бекiтiлген тап-сырма, мердiгерге мiндеттi болып табылады.
Жобалау және iздестiру жұмыстарын орындау кезiнде, тап-сырысшы мердiгерге шартта қарастырылған көлемде және жағ-дайларда қызмет көрсетiп тұруы керек. Мысалы, көлiк бөлiнiп берiлуi, бiр немесе өзге қажеттi мәлiметтер өз уақтылы берiлуi, материалдар сатып алынуы, оларға кiрудiң арнайы (ерекше) тәр-тiбi бекiтiлген аумақтарға кiруге (олардан өтуге) рұқсат алынуы мүмкiн т.б. Басқаша айтқанда, жалпы мердiгерлiк шарттары бойы-нша да сияқты бұл мердiгерлiк шарты бойынша да тапсырыс-шының және мердiгердiң ынтымақтастығы орын алуы тиiс. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шартының басқасынан айырмашылығы, тапсырысшының көмегi тапсыр-маны тиiстi орындау үшiн қажеттi болуы немесе көмек көрсет-пеу мердiгерге елеулi қиындықтар туғызуы мүмкiн, сондықтан тапсырысшының ынтымақтастық бойынша мiндетi тiкелей шартта көрсетiледi. Осының жеке мысалы ретiнде, тапсырыс-шының мердiгермен бiрге жобалау-сметалық құжаттаманы жер-гiлiктi өзiн өзi басқарудың органдарымен немесе мемлекеттiк өкiлеттi органдарымен келiстiруде қатысу мiндетiн атауға бола-ды. Бұл мiндеттi заңмен бекiтуде тапсырысшының мүддесiн ес-керу айқын сезiледi. Ол тапсырманы тиiстi орындауда мүдделi, сондықтан өзiнiң нұсқауларын жүзеге асыруға бақылаушы органдар жағынан қандай да бiр кедергiлер болып тұрса ол мердiгерге сол кедергiлерден құтылуға көмектесуi керек. Сондай-ақ ол өзiн келешекте жобалау-сметалық құжаттамаларды мердi-герден алған соң олар мемлекеттiң сертификаттау, архитекту-ралық бақылау органдарының және т.б.талаптарына сәйкес кел-меуi салдарынан жарамсыз болып шығуы қаупiнен сақтандыру керек. Ал тапсырысшы жеткiлiктi қожайын сезiмiн, қамқор-лықты иеленбесе, (қам етпесе) онда болашақта ол едәуiр мүлiктiк және рухани қолайсыз зардаптарға тап болуы мүмкiн.
Жобалау және iздестiру жұмыстарын жүргiзудi реттейтiн нормалардың мағынасы бойынша тапсырысшы өзiнiң берiлген тапсырмасын, алғашқы берiлген мәлiметтердi жағдайлар өзге-руiне сәйкес өзгертiп тұруға құқылы. Бұл түсiнiктi, себебi ал-ғашқы кезде тапсырысшы өзiнiң берiп отырған мәлiметiнiң бiр немесе өзге жағдайда қандай мәнi болатынын бiлмеуi де мүмкiн. Сондықтан, бiздiң ойымызша, мердiгер тапсырысшыға оның ұсынған мәлiметтерi аяқты мақсаттарға жетуге (жобасы жасалған объектiнiң көрсеткiштерiне) қалай әсер ететiнiн көрсетiп тұруы керек. Мердiгерге қатысты емес жобалау және iздестiру жұмыс-тарының өзгертiлуiне байланысты тапсырысшы мердiгердiң қо-сымша шығындарын өтеуге мiндеттi.
Шарт бойынша, жоғарыда көрсетiлгендей жобалау және iз-дестiру жұмыстарының түпкi нәтижесiне екi тарапта да құқық-тар пайда болады. Тапсырысшы да жобалау-сметалық құжатта-маларды және iздестiру жұмыстарының нәтижесiн пайдалануға шектеулi құқықтарға иеленедi (осы шектеу iздестiру жұмыста-рының нәтижесi үшiн тек заңнаманы кеңейтiп талқылау нәтиже-сiнде анықталуы мүмкiн, ол негiзiнен АК-те тек жобалау-смета-лық құжаттаманы пайдалану шектеулерi жөнiнде айтылған). Сон-дықтан тапсырысшы осы шарттар нәтижесiн тек шарттың өзiнде анықталған мақсаттарда ғана қолдануға құқылы, мысалы, белгiлi бiр елдi мекенде бiрқатар ғимараттарды салу үшiн осындай шектеуге жол берiлу жобалаушының құқықтық мүддесiнен туындайды, себебi жобалау және iздестiру жұмыстарының нәти-жесiн шектеусiз пайдалану, мердiгердiң өз қызметiн нарықта одан да әрi өткiзу мүмкiншiлiгiн де шектейдi. Одан басқа тапсы-рысшының өзге (әрбiр) аймақтардың ауа райы жағдайларының ерекшелiктерiн ескермей ғимараттарды ойламастан сала бергенi жобалаушының, iздестiрушiнiң жұмысының нәтижелерi жөнiнде терiс пiкiр қалыптастырады (қалыптастыруы мүмкiн) және сол арқылы аталған тұлғалардың iскерлiк беделiне нұқсан келуi мүмкiн. Жобалау-сметалық құжаттамаларда интеллектуалдық меншiк объектiлерiне жататын және мердiгерге тиесiлi болатын бөлек мәлiметтер болуы мүмкiн, сол мәлiметтер мердiгердiң ке-лiсiмiнсiз таратылмауы тиiс болады. Осының салдарынан тапсы-рысшы жобалау-сметалық құжаттаманы үшiншi тұлғаларға бер-меуге және онда сақталатын мәлiметтердi мердiгердiң келi-сiмiнсiз жария етпеуге мiндеттi.
Тапсырысшы мердiгерге шарт бойынша төлеуге мiндеттi. Тапсырысшының орындалған жұмысы үшiн ақы төлеу мiндетi мердiгерлiк шартының жалпы нормаларына сәйкес орындалады. Шарт талаптарына сәйкес, ол белгiленген бағаны барлық жұ-мыстар аяқталғаннан кейiн толығымен немесе жұмыстардың бөлек кезеңдерi аяқталғаннан кейiн бөлшектеп төлеуге мiндеттi. Барлық жұмыс көлемiне немесе жекелеген кезеңдерiне алдын ала ақы төлеу де жоққа шығарылмайды.
Мердiгердiң құқықтары мен мiндеттерi. Мердiгердiң негiзгi мiндетi жұмыстарды шарт жасасу кезiнде жобалауға берiлген бас-тапқы деректерге сәйкес орындау. Әрине, мердiгер бұл жұмыс-тарды тиiстi түрде мамандығына сәйкес орындауға мiндеттi. Мердiгер дайын жобалау-сметалық құжаттаманы тапсырыс-шымен келiстiруi қажет. Қажет болса ол тапсырысшымен бiрге жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекет органдарымен және жергiлiктi басқару органдарымен келiстiруде қатысуы керек. Бұл мiндеттi мердiгерге жүктеудiң өз себебi бар, мердiгер маман болған соң оған жобалау-сметалық құжаттаманы құзыреттi мем-лекеттiк органдармен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен келiстiру, оның бөлек тармақтарының, құрамаларының негiз-дiлiгiн көрсету жеңiлдеу болады. Мердiгердiң мемлекеттiк орган-дарымен жобалау-сметалық құжаттама туралы келiсуiне қатысуы белгiлi бiр дәрежеде жобалау жұмыстарының тиiстi орындал-ғанына бақылауды жүзеге асыруға мүмкiншiлiк бередi.
Кейбiр жағдайларда бiр мердiгерге жобалау және iздестiру жұмыстарын бiрге жүргiзуге тапсырылады. Бұл мердiгерге iздес-тiру жұмыстарын жүргiзу нәтижесiнде жинақталған мәлiметтердi құпия түрде сақтауға мүмкiншiлiк бередi. Осымен қатар iздес-тiру жұмыстарының нәтижелерiн пайдаланып мердiгер жоба-лауды тұралау және азырақ еңбектенiп жасай алады.
Жобалау және iздестiру жұмыстарының нәтижелерiн беру мердiгердiң бiртұтас (бөлiнбейтiн) мiндетi болып келмегенiмен мiндеттеменiң мәнiсiнен олардың бiрге орындалып, олардың нәтижелерiнiң бiрге берiлгенiнiң тиiмдiлiгi көрiнiс табады, өйткенi бұл жұмыстар (олардың нәтижелерi) өзара тығыз бай-ланысты. Сондықтан, егер шартта басқаша көзделмесе, мердiгер тапсырысшыға дайын жобалау-сметалық құжаттаманы және iз-дестiру жұмыстарының нәтижелерiн бiрге беруге мiндеттi.
Мердiгер тапсырысшының келiсiмiнсiз жобалау-сметалық құжаттаманы үшiншi тұлғаларға бермеуi керек.
Мердiгерден орындалатын жұмыстың сапасының кепiл-дiктерi мердiгерлiк туралы жалпы ережелерге сәйкес белгiленедi. (ҚР АК 630-633-б.). Жобалау және iздестiру жұмыстарының өзгешелiгi, олардың кемшiлiктерi жобаны iске асырғанда, iздес-тiру жұмыстарының деректерiн пайдалану кезiнде ғана табылуы мүмкiн. Немесе сараптама (маман қорытындысы) қажет болады. Бiрақ сараптама негiзсiз тағайындалмайтыны түсiнiктi. Сондық-тан, бiздiң ойымызша, мердiгерге мердiгерлiктiң бұл түрi бойын-ша нәтиже саласына қойылатын талаптың мерзiмi жобаларды жүзеге асыру, iздестiру жұмыстарының мәлiметтерiн пайдалану басталған соң ағымын бастайтыны бекiтiлуi керек.
ҚР АК-ның “Мердiгерлiк кепiлдiктерi” деп аталатын арнайы нормасы бар (617 б.), оның мазмұны өте тар, ол әрине тапсы-рысшының құқықтарының кепiлдiктерiнiң бәрiн қамти алмайды.
Аталған нормада жобалау және iздестiру жұмыстарында мер-дiгерлiктiң өзгешелiгi тiкелей ескерiледi. Мердiгер жобалау және iздестiру жұмыстарына арналған мердiгерлiк шарты бойынша тапсырысшыға мердiгер әзiрлеген жобалау-сметалық құжат-таманың негiзiнде оның жұмысты орындауына үшiншi тұлға-лардың бөгет жасау немесе шектеу қою құқығының жоқтығына кепiлдiк беруге мiндеттi.
Мердiгер тапсырысшыдан оның заңда немесе шартта көз-делген барлық мiндеттерiн орындауды талап етуге құқылы.
Тараптардың жауапкершiлiгi. Тапсырысшының жауапкершi-лiгi жалпы тәртiп бойынша белгiленедi. Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiктi реттейтiн нормаларда жобалау-сме-талық құжаттаманың кемшiлiктерi үшiн мердiгердiң жауапкер-шiлiгi бөлек қарастырылған. Мердiгер жобалау және iздестiру жұмыстарының кез келген кемшiлiктерi үшiн жауапты болады. Одан басқа, мердiгер құрылысты салу барысынан кейiн, сондай-ақ орындалған жобалау-сметалық құжаттама және iздестiру жұ-мыстарының деректерiнiң негiзiнде салынған объектiнi пайда-лану барысында анықталған кемшiлiктердi қоса алғанда, жо-балау-сметалық құжаттаманың және iздестiру жұмыстарының кемшiлiктерi үшiн жауапкершiлiктi көтередi.
Жобалау-сметалық құжаттамада немесе iздестiру жұмыста-рының нәтижесiнде кемшiлiктер анықталған жағдайда мердiгер тапсырысшының талабы бойынша жобалау-сметалық құжатта-маны тегiн қайта жасауға және тиiсiнше қосымша iздестiру жұ-мыстарын жүргiзуге, сондай-ақ, егер заңнама актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, тапсырысшыға келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi болады.
Осы шарттың жауапкершiлiгiнiң ерекшелiгi, мердiгер үшiн-шi тұлғаның алдында да ол жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау жөнiнде немесе iздестiру жұмыстарды өткiзуiне тапсы-рысшы болмаса да, бiрақ оған жобалау-сметалық құжаттаманың, iздестiру жұмыстарының мәлiметтерiнiң кемшiлiктерiмен залал келтiрiлсе жауапқа тартылады.
Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстардың мердiгерлiк шарты.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (жалпы бө-лiм) шығармашылық, интеллектуалдық қызмет нәтижелерiн мү-лiктiк игiлiктерге жатқызады. Осыған байланысты, бiз қарасты-райын деп жатқан мердiгерлiк шарттарының маңызы мен рөлi өсе түстi. Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және тех-нологиялық мердiгерлiк шартты дамыту болашақ қоғамдағы ғылымның дамуына бағытталған саясаттың ағымында болып келедi. Осыны Қазақстан Республикасының 03.07.2002 жылы қабылданған “Инновациялық қызмет туралы” Заңы дәлелдейдi.
Бұл заң айтылған мердiгерлiк шарттың рөлiнiң көтерiлуiне ықпалын тигiзедi. Болашақта ғылым едәуiр бөлiгiнде жасалған шарттармен қаржыландырылатын қолданбалы зерттеуге және де нарықта бәсекелестiкке түсе алатын интеллектуалдық меншiк объектiлерiне жататын зерттеу нәтижелерiн сатуға сүйенетiн болады. Кейбiр жағдайларда мердiгерлiк шарт бойынша түбiрлi (фундаменталды) зерттеулер де жүргiзiлуi мүмкiн, бiрақ әрине мұндай зерттеулердiң көлемi (салыстырмалы үлесi) қолданбалы зерттеулерге қарағанда едәуiр болады.
Қазiргi кезде мердiгерлiк шартын қолдану арқылы ғылымды қаржыландыру толық iске асып жатқан жоқ, өтйкенi эконо-микалық ақиқат әлi де ескi технологияны қолдануды мүмкiн етiп отыр. Импорт орнын ауыстыру тетiгi толық көлемде iске асып отырған жоқ және мемлекеттiк деңгейде ғылымға қолдау жетпейдi.
Мiндеттемелiк құқық құралдарын толық көлемде пайдала-нып бұл шарт нысаны олар үшiн ғылыми-зерттеушiлiк қызмет (тiршiлiк) пайда табудың негiзгi көзi болып келетiн ғылым адам-дарының, ұйымдардың қызметiн тиiстi реттеуге мүмкiншiлiк бе-редi. Басқа шарттарда сияқты бұл шартта да тараптардың мүдделерi ескерiлуi мүмкiн.
Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және техноло-гиялық жұмыстарында мердiгерлiк шарты экономикалық қаты-настарды бiр жақты реттеуден сақтайды. Бұл шарт өндiрiстiк са-лалардың қызметiн оның неше түрлi қасиеттерiн қамтамасыз ететiн субъектiлердiң қызметiмен байланыстырады. Тағы да бұл шарт шығармашылық (ғылыми) қызметтiң интеллектуалдық меншiк объектiнi өңделiп (оны жасау жұмыстары аяқталғанға дейiнгi қызметтi) ол құқықпен қорғалатындай болғанға дейiнгi кезеңдерiн (тұстарын) реттеуге мүмкiншiлiк бередi. Кейбiр жағ-дайларда қымбат тұратын зерттеулердi қаржыландырады. Соны-мен қатар мердiгерлiк шарты мердiгердiң шығармашылық (ғы-лыми-зерттеу) қызметiнiң нәтижесi болып келетiн объектiге құ-қықтардың ауысуын да қамтамасыз ете алады. Осы бөлiгiнде ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк шарты лицензиялық шартпен тығыз байланыста болады. Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстар бiр-бiрiне толығынан тепе-тең емес. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 32-тарауының §5 бiр-бiрiмен тығыз байланысты, бiрақ кейбiр айырмашылықтары бар қатынастарды реттейдi.
Бұл айырмашылықтар жасалған интеллектуалдық қызмет объектiлерiнiң интеллектуалдық меншiк құқығының әртүрлi қорғау нормаларына жатуына байланысты. Ғылыми-зерттеу жұ-мыстарының нәтижесi – бұл авторлық құқық объектiсi.* Сон-дықтан ғылыми-зерттеулер жүргiзу шартты көбiнесе фундамен-талды зерттеулердi немесе қандай да болсын бiр өндiрушiге жаңа технология енгiзу, өндiрiстi қайта жабдықтау, өндiрiсте және ма-териалдар, құбылыстарды пайдалану туралы шешiм қабылдауға мүмкiндiк беретiн зерттеулердi жүзеге асыру үшiн қолданған жөн. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негiзгi экономикалық әсе-рi кейiнiрек шығуы мүмкiн, ол мердiгер берген ұсыныстарын (оның ойларын, шешiмдерiн) тәжiрибеде қолдануға байланысты болып келедi. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына мердiгерлiк шарты-ның нысанасы болып белгiлi тақырып, мәселе, мәселелер топ-тары бойынша аяқталған ғылыми жұмыс немесе одан әрi зерт-теулер үшiн аралық буын бола алатын ғылыми зерттеудiң бөлiгi келуi мүмкiн.
Тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыс нә-тижесi өнеркәсiптiк меншiк объектiсi, өндiрiс аймағында маңызы бар ашылмаған ақпараттар ретiнде қорғалатын объектiлер бола-ды. Өз кезегiнде бұл өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне құқық-тарды тiркеуге байланысты тараптардың шарттағы құқықтары мен мiндеттерiнiң болуына әсер етедi. Қандай өнеркәсiптiк мен-шiк объектiсi пайда болғанына қарап шарт нәтижесiн пайдалану тәртiбi, мердiгер тарабының сыйақы алуға құқығы және басқа талаптар әртүрлi (өзгеше) болып келедi.
Екi шартқа да ортақ болып табылатын нәрсе бар. Мер-дiгердiң қызметiне оның аралық кезеңдерiне, мердiгердiң бiр немесе өзге интеллектуалдық меншiк объектiсiн өңдеушi ретiнде құқықтық жағдайына бұл екi шарттарда да интеллектуалдық меншiк құқығының жалпы ережелерi тарайды.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шарт бойынша мердi-гер (атқарушы) тапсырысшының тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулердi жүргiзуге мiндеттi. Тапсырысшы мердiгерге (атқару-шыға) техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерiн қабылдау-ға және оларға ақы төлеуге тиiстi.
Мердiгер тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұ-мыстарға мердiгерлiк шарты бойынша жаңа бұйымның үлгiсiн, оның конструкторлық құжаттамасын, жаңа технология жасауға не-месе үлгiсiн дайындауға мiндеттелiнедi. Тапсырысшы ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шарт бойынша әрекеттердi жасауы қажет. Екi жағдайда да мердiгермен (атқарушымен) жасалған шарт зерттеу жүргiзудiң, үлгiлердi әзiрлеу мен жасау-дың бүкiл циклын, сондай-ақ олардың жекелеген элементтерiн де қамтуы мүмкiн.
Жобалау және iздестiру жұмыстарын жүргiзу шарттарынан айырмашылығы ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк шарттарында бiрқатар жағдайларда мердiгерлер болып кәсiпкерлер қатыспайды. Мер-дiгерлер болып көбiнесе жеке зерттеушiлер, ғылыми ұйымдар, жоғарғы оқу орындары шартқа қатысады (осылар коммерция-лық емес ұйымдар). Ғылыми зерттеу құрылымдары коммерция-лық ұйымдар құрамында болуы мүмкiн. Тапсырысшылар болып жеке тұлғалар мемлекеттiк немесе жеке меншiк нысанында не-гiзделген заңды тұлғалар келедi.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын мердiгердiң (атқарушының) өзiнiң ғана жүргiзуiн талап етедi. Бұл мердiгермен жұмысты орындау мiндетi жеке сипатта екенiн бiлдiредi. Шартта көрсе-тiлген жағдайға немесе жұмыс барысында тапсырысшының келiсiмiмен мердiгерлер үшiншi тұлғаларды шартты орындауға тартуға құқылы. Тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстар жүргiзуге мердiгерлiк шарттарында басты мердiгерлiк жүйесi жалпы ережелер бойынша жүзеге асады. Егер өзгеше шартпен қарастырылмаса, мердiгер жұмысты орындауға қосалқы мердiгерлердi тартуға құқылы.
Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi. Бұл мердiгерлiк тараптардың кейбiр ерекшелiгi бар құқықтары мен мiндеттерiн қарастырады. Ғылыми-зерттеу немесе тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк шарты бойынша тапсырысшы мердiгерге техникалық тапсырма беруге тиiс. Тапсырысшының осы мiндетiнiң ерекшелiгi бар, себебi, ол мер-дiгермен жасалатын жұмыстың тақырыптары (көрсеткiштерi) жөнiнде келiсуi тиiс. Бұның да себебi бар, тапсырысшы зерт-теудiң таңдалған бағытының өзектiлiгiн, оның нәтижесiнiң ма-ңыздылығын барлауда қиындық шегуi мүмкiн. Тапсырысшы жұмыс үшiн керектi мәлiметтердi мердiгерге берiп отыруы керек. Олардың құрамында таратылуға жатпайтын (конфиденциалды) мәлiмет те болуы мүмкiн. Ал жұмыс бiткен соң тапсырысшы оны қабылдап алуы және ақы төлеуi қажет. (ҚР АК 678-б. 1,3-тармақтары). Жұмыс нәтижесiн қабылдау, оған ақы төлеу тәртiбi шартпен анықталады немесе мердiгерлiк шартына қатысты жал-пы ережелермен айқындалады. Шартта жұмыстың бөлек кезең-дерiн қабылдау және олар үшiн ақы төлеу немесе ақы төлеудiң өзге бiр тәсiлi қарастырылуы мүмкiн.
Егер ғылыми-зерттеу өндiрiсi кезiнде қажеттi нәтижеге жету мердiгердiң (атқарушының) өзiне байланысты емес мән-жайлар бойынша мүмкiн болмаса, онда тапсырысшы осы мән-жайлар анықталған уақытқа дейiнгi жасалған жұмыс нәтижелерiне ақы төлеуi керек. Бұл ақының шектi мөлшерi шартта көрсетiлуi мүм-кiн. Сол кезде тапсырысшы шартта көрсетiлген жұмыстың бiр бөлiгi үшiн қарастырылған ақыдан асатын соманы төлеуге мiн-деттi болмайды. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижеге жету мүмкiнсiздiгiн мердiгерлiк шарттарындағы тәуекелдердiң үлесуi ретiнде бағалауға болады. Ал, тәжiрибе конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердiгерлiк шартында тапсырысшы үшiн тәуекелдiлiк деңгейi бiршама төмен болады. Егер тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарды орындау барысында жұмысты ақырына дейiн жеткiзу мердiгерге бай-ланысты емес мән-жайлар негiзiнде мүмкiн болмаса, тапсырыс-шы мердiгердiң шығындарын ғана өтеуi керек.
Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және техноло-гиялық жұмыстарына мердiгерлiк шарты бойынша тапсырысшы өзiне берiлген жұмыс нәтижесiн, шартта көзделген негiздер мен шектерде ғана қолдануға құқылы.
Мердiгер жұмыстарды тапсырысшымен келiсiлген бағдар-ламаға (техника-экономикалық көрсеткiштерге) сәйкес орындауға және нәтижесiн тапсырысшыға шартта көрсетiлген мерзiмде беруге мiндеттi. Ол сонымен қатар, интеллектуалдық меншiктi құқықтық қорғау бойынша талаптарды да орындауға мiндеттi. Жалпы алғанда, интеллектуалдық (өнеркәсiптiк) меншiк объек-тiсiне құқық бекiтiлгенге дейiн тапсырысшы ол туралы жария-ламауы керек. Ерекшелiк, тек интеллектуалдық меншiк объек-тiсiн көрмеге қою үшiн жасалады және осы үшiн шартта тиiстi жағдай болуы керек, ал өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне құқық-тарды рәсiмдеу (патенттеу туралы өтiнiш) көрме болғаннан кейiн алты айдан кешiктiрiлмей жүргiзiлуi тиiс. Мердiгер өз күшiмен және есебiнен өзiнiң кiнәсi бойынша техникалық құжаттаманың қателiктерiн жоюға мiндеттi, егер олар тапсырысшының техника-лық тапсырмасында немесе шартта белгiленген техникалық-экономикалық көрсеткiштерден ауытқуға әкелуi мүмкiн болса.
Мердiгер тапсырысшыға жұмыстың белгiлi нәтижеге жет-пейтiнiн немесе жұмысты одан әрi жалғастыру қажеттi емес еке-нiн және т.б. дереу хабарлап отыруға мiндеттi. Мердiгер ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыс-тарының нәтижесiн берген кезде оған үшiншi тұлғалардың құ-қықтары болмайтынына кепiлдiк беруi керек. Мұндай мiндеттi мердiгерге жүктеу шарт, ол үшiн де белгiлi дәрежеде тәуекелге негiзделген болатынына әкеледi.
Мердiгер ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау кезiнде алынған нәтижелердi жарыққа шығармауы (жарияламауы) керек. Ол жұмыс нәтижелерiнде алған мәлiметтердi қорғау шараларын жүзеге асырып және ол туралы тапсырысшыға хабарлауға мiн-деттi. Мердiгердiң осы екi соңғы көрсетiлген мiндеттерiн бас-қаша шешу шартта көзделуi мүмкiн.
Әдетте, мердiгер тапсырысшыға ғылыми-зерттеу жұмыста-рын орындау арқылы алынған және құқықтық қорғалуы болуы мүмкiн нәтижелерiн пайдалануға ерекше лицензия беруге мiндеттi. Мердiгер, егер шартта оның бұл құқығы болмайды деп қарастырылмаса жұмыс нәтижесiн өзi қолдануға болады. Яғни, сөз жұмыс нәтижесiн оның тек жеке өзi қолдануы туралы айтылып тұр. Егер жұмыс нәтижесiн коммерциялық қолдану туралы сөз болса, онда қолдану көлемi тапсырысшымен келiсiлуi керек. Егер бұл шартта көзделсе, онда мердiгер жұмыс нәти-жесiн үшiншi тұлғаларға беруi мүмкiн.
Тараптарға шарттың өзi туралы мәлiметтердiң таратылмауы бойынша мiндеттер жүктеледi. Тапсырысшыға, сондай-ақ мердi-герге шарттың орындалуы мен жұмыс нәтижелерi туралы мәлi-меттердiң құпиялығын сақтау мiндетi жүктеледi. Мердiгер жұ-мыс нәтижесiн патенттеудi тапсырысшының келiсiмiмен ғана жүргiзедi.
Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және техноло-гиялық жұмыстар үшiн мердiгерлiк шартының тағы бiр ерек-шелiгi ол бойынша жауапкершiлiк режимiнде болып келедi. ҚР АК 682-б 1-тармағының нормасының мағынасына сәйкес, мер-дiгер кәсiпкер немесе кәсiпкер еместiгiне қарамастан ол тапсы-рысшы алдында кiнәлi болса, шектелген көлемде жауап-кершiлiктi көтередi. Мердiгер тапсырысшының алдында жұмыс-ты орындамағаны және тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн, егер шарттың бұзылуы мердiгердiң кiнәсiнен болмағанын дәлел-дей алмаса жауапкершiлiк көтередi. Шартты бұзған мердiгер (орындаушы) тапсырысшыға тек нақты нұсқауды өтеуге мiндеттi болады. Толық жауапкершiлiк – тапсырысшыға барлық кел-тiрiлген шығындарды өтеу мiндетiн жүктеу тек осыны қарасты-ратын тiкелей шарттық норма болса ғана мүмкiн. Тапсырыс-шының өзiнiң мiндеттемелерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн азаматтық құқықтық жауапкершiлiк азамат-тық құқықтағы және мердiгерлiк шарты бойынша жауапкер-шiлiк туралы жалпы нормаларымен белгiленедi.

  Қазақ тіліндегі рефераттар - Мамандық


Яндекс.Метрика