- Рефераты на казахском
- Қиял
- Періште
Періште
Періште
Адам баласының екі шығында екі періште отырады – мыс. Бірі – жақсылыққа бастап, адал іске тарататын ақ періште де, екіншісі – ананың барлық ісіне қарсы шығып, адамның әр қадамын кері тартып, қырсық жолға бұрып отыратын періште екен. Әсілі? Біз қашанда екі ойлы болып жүретініміз рас емес пе? Мысалы, біреуге көмектесейін, жақсылық қылайын деп бір ойласаң, сол заматта – ақ «қойшы соны, одан да алдып кетіп, пайдасын көр» деп бір ой ар жағындағы бір түпкірден өре түрегелмей ме? «Мұным дұрыс болар ма?» деп бір сәтке болсын иманың жылт еткен кезде сол баяғы ақ періштең шыр-шыр етіп ана иықтағы «ий!» Ақымақ, ауызыңа түсіп тұрған алманы итермесеңші! деп, күш алып бара жатқан өзінің әріптесімен арбасып жататын көрінеді. Сөйтіп бірде біреуі, келесіде екіншісі, кезектесіп жеңіп отырады екен. Адамның кейде жақсылық жасап, кейде жаманшылыққа баруы – сол періштелерінің тіліне ергеннен деседі...
Бірақ, соңғы кездері осы тепе-теңдік бұзылып, таразы басы ауытқып бара жатқан сияқтанады маған. Әйтпесе, қайда барсаң да алдыңнан шығатын зұлымдылықтың, алдап-арбаудың, жер-дүниені жалынымен шарпыған соғыс өртінің себебі неде? Адам өз бауырласына да айуандық мінез көрсететін күн туды. Бұны қалай түсіндіруге болады?
Азғынның тіліне еніп істеген әрбір қараң істен адамның жүрегі қатып, қарая береді. Жүрек қатайған сайын аппақ әділет періштесінің де қуаты келіп, әсері әлсірей береді. Адамның азғындауының басқа себебін мен білмеймін.
Пенде ішімдік пен нашақорлықтың шырмауына шалынса да, көреалмаушылық пен қызғаныштық қызыл итіне жем болса да, террорлық әрекет, кісі өлтіру, тонаушылықпен айналысса да, тіпті, тышқанның тұмсығын қанатып болсын титтей қиянат қылса – сол баяғы шайтанның түртуінен шығар. Кейде «жер тұрғындары алған беттен танбай, теріс бағытта тарта берсе, ақырзаманның аулы да алыс емес-ау» деген ойдан-ақ үрейім ұшады.
Адамзатты шыңыраудан шығарып, жан-дүниесін құтқарып қалар жалғыз, нақты, таза жол бар. Ол - дін жолы. Адам ата ұрпағы дінге бас қойып, тақуалыққа берілсе Ібілістің азғуырына қарсы тұра алатын күш алар еді. Бойымыз бен ойымызға сарқылмас қайрат пен таусылмас қуатты, өз ерік-жігеріңе деген сенімді де дін ұялатады. Сонда ғана мейірімі мол Аллаһ Тағала пендесін кешіп, шапағатын түсіреді, күнәмізді кешіп бақытты ғұмыр сыйлайды.
ШҚМУ сұлтаны
Жуырда осы тақырыппен ШҚМУ жігіттері арасында сайыс өтті. Сайысқа Чупаев Максим (ИКиС), Джамбиров Мақсат (МК), Секербаев Аслан (ИП), Акрамов Мақсат (ИФиЖ), Құсайнов Бауыржан (ИМФиТ), Сабырбаев Эрнес (ИП), Сайранбекұлы Рауан (ИП), Байкенов Жауұлан (ИИИиМО), Абдрекеев Ернат (МК), Касымханов Ержан (ИКиС) сияқты жан – жақтылығымен өз қатарының алды болып жүрген І – ІV курстың белсенді студенттері қатысты.
Жігітке жеті өнер де аздық етеді емес пе, қатысушылардың интеллектуалдық деңгейі мен өрелілігін, біргірлігі мен тапқырлығын, жалпы жігіттің сұлтанына лайық қасиеттерін анықтау мақсатында сайыс бағдарламасы түрлі бағыттағы алты тақырыпқа құрылыпты.
Алғашқы, дәстүрлі «Таныстыруды» заман технологиясы өз мойынына алып, экраннан қатысушы – ойыншылар туралы толық мәлімет беріп тұрады да, сайыскердің өзі халыққа белгілі бір образға еніп, сол сомдайтын бейнесімен таныстырады (Алдар Көсе, Тазша бала, Ескендір т.б.). Мұндай ашылу ойынның тартысты әрі тартымды өтетіндігінен хабар беріп, көрермен қауымды ширықтырып алды. Ал дегендегі толқуларды келесі кезеңдер сейілтіп, «ШҚМУ сұлтанына» үміткерлер толық жігерімен сайысқа кірісті. «Махаббатын мойындауда» жанын салып, Қасымханов Е. Ерекше көзге түсті. Ә. Сабырбаевтың «би» кезеңінде әсем қимыл мәнерімен көрермен жүрегін жаулап алғанын айта кету керек. Сондай – ақ, спорт түрлерінің көрінісі әдемі үйлестірілген хореграфиялық қойылым да жұртшылық көңілінен шықты. «Шығармашылық» кезеңінің шын мәнінде тартысты болумен сайыс қыза түсті. Мұнда шектеу болған жоқ: Жасұлан мен Ернат аудиторияны әсем әнмен көмкерсе, Эрнестің понтомимосы да әсерлі шықты. Рауан мен Мақсаттың әртістігіне тәнті болмау мүмкін емес екен. Әкрамов Мақсат өзі таңдаған «Тазша бала» образын сайыстың соңына дейін жеткізуімен басқалардан ерекшеленеді, қысқасы, әркім өз өнерін паш етті.
Оқу орны көлемінде алғаш рет осындай сайыс ұйымдастырып, игі іске ұйтқы болған «Салауатты өмір салты» мен мәдениет бөлімінің жетекшісі Гаухар Марденоваға, сондай – ақ, хореграфиялық көмек көрсеткен Ильяна Серікбаевнаға, Құралай Камалиеваға студенттердің алғысы мол. Кешті жүргізген Индира . Руфид Ахмедзиянов, Настя Гуниналардың да еңбегі атап өтерлік. Құрылғанына 17 жыл болған «Мерей» тобының орындауаындағы әндер, «Джаз тайм» мен «Томирис» би тобы және басқа да жеке орындаушылардың өнері көрермен көңілін сергітіп, кешті әрлендіре түсті.
Б. М. Теплов «Сөйлеу мәдениеті өспейінше, жоғары ақыл мәдениетіне жетуге болмайды» деген екен. Соңғы «Егер мен президент болсам» кезеңінде сайыскерлер құнды сөз құнарлы ойдан туатындығын көркем әрі шебер тілмен дәлелдеп берді. Мұнда қатысушылардың сөйлеу мәнерімен мәдениеті, сөз байлығы, логикасы, яғни ой тереңдігі және саяси білімі – С. Цих бастаған әділқазылар алдындағы қатал сыннан сүрінбей өтті десе де болады.
Сайыскерлер бір – біріне дес бермеді, десе де, сайыстың аты – сайыс, бір жеңімпаз шығуы заңды ғой. Жүздеген жүйрік шығып, «Мистер ВКГУ» атанған – Байкенов Жасұлан. Екінші орын және «Дарабоз сұлтан» номинациясын Әкрамов Мақсат, үшінші орын және «Әртістік шеберлігі үшін» дипломын Сайранбекұлы Рауан жеңіп алды. Басқа қатысушылар да диплом және сыйлықтармен марапатталды.
Бір айта кетерлігі, осы кеште «бізге қолдау көрсеткен», - деген сөзді ести алмадық. Соған қарағанда ертең елінің сұлтаны болар ұландарды көретін адам табылмаған – ау, сірә...
Осылайша ШҚМУ – дың сұлтанын анықтап алдық. Бәрі де жақсы – ақ, барақ, мінсіз нәрсе сирек кездеседі емес пе. Бұл кеш барысында да ұйымдастырудың піспеген тұстарынан пайда болған кемшіліктер көрініп қалып жатты. Сондай әттеген – айлардың үлкені, меніңше, бағдарламаның тек бір тілде жүргізілуі. Сайысқа қатысушылар мен көрермендердің көп – бөлігі қазақтілгі ағайын болғанына қарамастан, кешті жүргізу және ойншыларға сұрақ қою тек орыс тілінде болды. Осы жерде «жоқ дегенде екі тілде жүргізуге болар еді ғой», - деген қынжылысты ой туды.
Жеңімпаздарды құттықтап, ұйымдастырушыларға алғысымды білдіре отырып, айтылған жағдайлар болашақта қайталанбас деп сенемін.
Құралай Раисова
ШҚМУ – дың журналистика факультеті