Ақсақал Қалмырзаев

АҚСАҚАЛ ҚАЛМЫРЗАЕВ (1936)

Соңғы кездері тек астана театрлары ғана емес, сонау алысырақта жатқан облыс    орталықтарындағы театр сахналарына да жіті көз салып, өз тұстастарынан суырылып озық шығып жүрген бірен-саран актер-режиссерлер өнеріне жиірек ден қоя бастадық. Иә, некен-саяқ демекші,  өнер әлемінде    "жүзден-жүйрік шығып   жататын"   қадау таланттардың болуы әбден занды. Онтүстік өлкесінің өнер   орындарын   аралап жүріп, актерлік шеберліктің әрқилы қыр-сырын жетік болып калған бірді-екілі дарындарды танып, білдік.
Сондай биязы өнерімен көңілден шығып, айызымызды қандырған сахна шебері Шымкент облыстық Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрының талантты артисі Ақсакал Қалмырзаев еді. Өйткені, нақ осынау уақыт оның актерлік шеберлігінің толысқан мезгілі екен. Әрине, тегін адамның өнерде не шаруасы бар? Артист біткеннің бәрі "Остужев, Айманов боп кетпей несі бар" деп, екі иығын жұлып жей бергенмен көрермен деген әділ төрешіден асып тағы кете алар ма? Міне, дәл осы орайда, Ақсақалдың "ә" дегеннен жолы болып келе жатқан жігіт. Неге? Оны көрермен сүйді. Халық қалады. Ал артиске көрерменге ұнаудан өзге бақыт та, атақ та, даңк та қажет емес. Өкінішке орай кандидаттық диссертациясын қорғап алғанша ғана ақ тер, қара тер боп өйтіп-бүйтіп ізденіп, қорғаған күннің ертеңіне "қош бол, ғылым" деп зым-зия ізсіз кетіп жататын кейбір ғалымсымақтар төңірегіндегі әңгімені "Литературная газета"   текке  козғап   жатқан  жоқ.   Сол   сияқты,   артист ағайындардың арасынан да мемлекет тарапынан алар шен-шекпенді түгелдеп алған соң, "Көрерменге көзіңді қыссаң да күле береді" деген сьщаймен актерлік бабын одан да тереңдетіп, түлей берудін орнына "атағын ойнатып" көктен түскендей көкірегіне нан пісіп кердең қағатындар да табылып қап жүр. Ал Ақсақал ондай мінездерден ада, аз табысына мәз болып, болдым, толдым демеитін ізденімпаз өнерпаз. Ол үлкен-кіші рольдердің барлығына да үлкен дайындықпен келеді және әрқашан өз ісіне асқан жауапкершілікпен карайды. Осы жолы біз Калмырзаевтың осы касиетіне ерекше сүйсіндік. Біз ғана емес, корермендер де сондай пікірде екен.
1953-жылы ол орта мектепті бітірді де, Ташкенттегі театр өнері институтына түсті. Зейінді жас жігіт институтта жүріп те әртүрлі көпшілік жұмыстарына белсене араласты. Құрметке бөленді. Институт комсомол комитетінде, студенттердің ғылыми коғамында жұмыс істеді. Институтты табысты тәмәмдаған Ақсақал Қалмырзаев Шымкент облыстық қазақ драма театрына оралды, Мұнда оған бірінен соң бірі берілген көп роль балаң актердін жүрегін шайлықтырған жок, шынықтыра берді. Ақсақалдың өнерге келген беттен-ақ құр алақан келмей айрықша дайындықпен, зор жауапкершілікпен қадам басқанын байқаймыз. Ол келген беттен ақ мақтау сөздерді ести бастады. Сәті түсіп, Мәскеулік театр сыншысы Игорь Виноградов екеуміз Ақсақал ойынын тамашаладық.
— Мәскеу мен Алматыда интеллектуальді артистер тапшы емес-ау, әйтсе де мына сияқты жаны жайсаң сыршыл, шыншыл мөлдір эмоциялы, үні жаркын айқын тұлғалы, көркем актерді ұшырата беру оңайға түспес. Сөздерін аударудың қажеті жоқ, нақ бір бәрімізге түсінікті тілде сөйлеп жатқандай. Өте ұғынықты актер,— деп, қойын кітапшасына апыл-ғүпыл алған әсерін толтырып жатты сол сәт мәскеулік сыншы. Сол сәт актер Бейімбет Майлиннін "Шұғасындағы" Әбішті ойнап жатқан еді. Шұғанын. өлімінің үстіне тұрып, мұңлы ән аралас, финалдық монологтарда актер барынша күреңітш, күңіреніп алған.—"Шүға, Шүғашым", деп аңсап келгенде, қыз табы-тын қүшып аңырап калған Қалмырзаев — Әбішті керіп, алпыс екі тамырымыз шымырлады.
Актер әкелген күрделі де гаиыршық атқан қуатты драматизм сонау сұм заман, сол бір күлі көкке ұшып, келмеске кеткен әділетсіз дәуірге айтылып жатқан мәңгілік қарсылық яғни ұрпақтар тарапынан шығарылып жатқан кесікті үкімдей боп естілді. Өмірдің қатты тепкісінен ж.апа шеккен, сүигенімен қосыла алмай армаңда өткен қайран аға қараңғы қапасты қақ жарған сауаты бола түра Қарасай, Күлзипалар салған бүліктен айыға алмай жігері қүм болып өте берді-ау кезінде деген ұшы қиырсыз ой-ар-маньша малтисың, Әбіш кеудесіндегі ащы өксік, жан-дүниесіндегІ көл-көсір капалық, қайғы-кесір нәзік те табиғи
актерлік  "диірменімен"  жүмсақ тартылып  шыққан ұсақ ұндай үлпілдеп немесе жел күні киілген сиса көйлектей сусылдап, сан сиқырлы үн-дыбыстар сезіміңді шымшылап, трагедиялык әуендер билеп жатқандай бар денеңді. Бір жақсысы, актер сыңар жақ босап, билікті көз жасқа беріп, немесе "кісі елгенде жыламай бола ма" деп беталды бор-кеміктеніп кететін сентиментальдық арзан көңіл күйлерге бармайды. Шыны керек, әсіресе біздің қазақ актерлері сезімді   үнемдеп   бере   білу   мәселесіне   келгенде   кел жағдайда артық кетіп, не кем соғып жатады. Оның бір себебі, біздіңше, халқымыздың аса эмоциялық қабілеттілігінде.  Әлі де  болса  актерлік  мектептердің  сан  қилы техникаларына түбегейлі қанықпауьшызда, табиғи тесел-меуімізде   Сезім   мен   сананы   үштастырмайынша   жа-дағайлығымыз сол күйі кала берері сөзсіз. Сондыктан да біздін актерлеріміз Шекспир мен Мольердің халықтық, тұрмыстық комедияларын жеріне жеткізе ойнап, Брехт, Шиллер, Чехов, Горькийдің айтары мол, ұстамды ойға құрылған күрделі драматургияларына тереңдей алмай жатуы көп ретте, керекті актерлік тетікті дер кезінде дөп басып   қалуға   кібіртіктеп  жатудың  салдары   ма  дейміз. Кайтсек те, күлсек көбірек күліп, жыласак көбірек жылап кететініміз рас. Мұның бәрі айналып келгенде сезім мен ойды,   ақьіл   мен   сананы   таразылап   жеткізуге   әбден дағдылана апмай жатқандығымыз. Әрине, уақыт оза келе ол өз орнына келер. Актерлік тарихи тәжірибеміз анау айтқан бай емес кой.
Осы ретте, жастар жағы зер сала ойлануы тиіс десек, Ақсакалдың осы жағынан едәуір табысы бар ма деп калдық. Сөз сабақтауы, тайға таңба басқандай астарлы тілі, айқын дикциясы, дауыс ырғағындағы, салған әніңдегі шынайылық, тыныс ұстар түстағы мөлшерлі есебі, ар жақтан лүпілдей кемеріне сыймай шиыршықтана шығып жатқан жан дірілін жүзіне лак еткізіп жайып жібере салмай, бет құбылысындағы өзгерістерді жалпы ішкі эмоция-лық сезімге сайма-сай бере білуі — актерлік мәдениеттің салауаттыльнына байланысты. Ол қалыптасқан бірыңгай позалардан, қайталама қимыл қозғалыстардан ада екен.
Облыстық театрларды аралай жүріп актерлік өзара үқсас тәсілдер мен орынды-орілнсыз жиі қолданылатын мөлшерсіз детальдарды көбірек үшыратамыз. Мысалы, жағымды мейлі жағьшсыз қаһарман болсын, сахнада сзл бір үсақ қиындыққа кездесе қалса-ақ, қалтасынан сіріңке іздеп, асып-сасып, оны шагар-шақпастан темекіні өтірік сорғыштап, түтінді үстін-үстін будақтатып, көрер кезге жа-санды қылықтарға үрынып жатады. Онысы өздерІнше ашу-ын басқандағысы немесе қайғырғаньт. (Бір кызығы, қуанса ұмытып кетіп жатады, қорыққан мен қуанғак бірдей емес пе?) Осы сияқты шындыққа сыйымсыздау штрихтардан Аксақал саналы түрде аяғын тарта білген. Демек, актер бар гаеберлігін акыл мен ойга бағьшдыра білген.
"Ақан сері — Ақтотыдағы" Жалмүханды да Ақсақал Қалмырзаев өзінше дамытады. Сыпайы. Сырты сынық. Сынаптай сырғыған әдемі, ақылды Жалмүхан. Кенет Актоқтыны мылкауға таңар сәттегі Ақсақал Қалмырзаев — Жалмүхан тасыған судай күркіреп өзішң нағыз Жалмүхандътқ бет-пердесін, мінез-қүлқын бір-ақ ашады. Тырнағын мүншама белгісіз жасыръга келген жолбарысша шабынған актер шеберлігіндегі осыкау сәт жадьшда үзақ уақыт қалыл кояды. Аталған қойылымның режиссері Жакып Омаров марқүм қойған кейінгі нүсқасында актер Ақсақал Қалмырзаев Мылқау палуан бейнесін де өзіндік келбетпен әзгеше кескіндеді. Актердің бүл жүмысьш да кәрермен қауым тәуір бағалады.
Ақсақал негізінде өңі жылы, көбіншс жағымды кейіпкерлерге сүранып түрган сүйкімді жігіт. Дене бітімі де келісті, сахнаға жүтынып түр. Қольш сермеп қалса, қимылынан әдемілік есіп, жанарьшан қалзй да бір жылы үшқын жалт етіп, көкейіңе қалықтай қояды. Қызыл шы-райды жүзі алабүртып, сезім толқыидары үнемі қаба-ғьшың айналасьшда түрғаны. Қарадың-ақ тарта жөнеледі.
Өзі қашан да бір тумисыкан табяғи тартымдылығы мол артистер тобы болады. Мәселен, Қазақсташшң халық ар-тистері Сейфолла Телғараев, Байділдә Қалтаев, Қазак-станның еңбек сіңіргев артисі Қасым Жәкібаевтарды қандай бейне жасау үстікде көрсең де, өзінін өмірдегі іс-әрекеттері көзге елесгеп жатады. Олар өзін қайталады деп айта алмайсыз, өйткеш олар әрбір бейнені дара-дара жа-сауга атсалысады. Сондадағы осы актерлердін жай ғана айта салған сахнадағы әрбір репликасы, басқа артистің үш күн дайындық жасап кемеліне келіп айтқан сөзінен гөрі көрерменге тезірек жетіп жататынга үқсайды. Неге? Бәл-кім, актерлік тартымдылық (обошие) деген осы шығар. Ақсакалда да дәл сондай сүйкімділік бар. Қалайда оны көрермен жақсы кабылдауға тырысады. Оған қарап, Ақсақал тек жағымды қаһармандарға бейім деп біржақты қорытындылаудан аулакпыз. Жоғарыдағы Әбіш пен Жалмүхан, Сүгір мен Сырым, Алғашыр мен Әлібек, Аюбай мен Әскер, Сәкен мен Данияр, қыскасы ол ойнаған  сексенге тарта бейненін өзіндік пиғылы, мінез-күлкы, ақыл-айласы бар. Әсем мүрт, әдемі жымиюымен, толқын шаш, келіскен келбетпен образ жасала берсе актерліктен оңай нәрсе болмас. Талай мәртебе жүйке жүқарып, жүрек шайлыгып, төзім таусылмай актердің екінші "мені" дүние-ге келер ме? Жарықка жаңа бейне келу оңай ма?
Біз бүгін Қазакстан Республикасының халык артисі Ақсакал Қалмырзаев шыгармашылығына бүтіндей талдау жасау ниетінде емес, облыстық театрларымыздағы Ақсақал сынды өзіндік бет-бағдары, қызықты енер жолы, үлттық сахна өнерінің бір уығын үстап жүруде едәуір еңбегі бар, Қазақстан театр мәдениетіне елеулі үлес қосып жүрген сезімтал суреткердің актерлік қабілетін ортага сала кетуді жөн көрдік. Талант пен талап ауыл мен астана деп талғамайды екен, біз актер Ақсақал Қалмырзаевтың ты-нымсыз ізденісінен осыны сездік. "Оңтүстік Қазақстан" газетінде актерге бір ақын былай деп достык әзіл жазыпты.
Бірде қыздайсын,,
Бірде мұздайсың.
Орынсыз қызбайсық
Көңілдің қаймағын бұзбайсың.
Төлеген боп ойнайсың
Көкірегіне шер толып
Ғашықтықтың отына,
Кетіп жүрме өртеніп.
Иә, актер солай болуға тиіс, Қызбасаң, мұздамасаң көрермен күйіп-жанып немесе тоңбайды. Реті келгенде, актерге ғашық болу да жат емес. Ғашық болғаңда ғана жаңа адам — бейне жарыққа келеді. Ал актер үшін әрбір бейне — перзент. Ғашық бола білу — үлкен суреткерлерден қалған салт.

  Қазақ тіліндегі рефераттар - Жеке тұлғалар


Яндекс.Метрика