- Рефераты на казахском
- Денсаулық
- Доңыз, шошқа тұмауы
Доңыз, шошқа тұмауы
Тұмаудың белгісі білінсе, дереу дәрігерге қаралыңыз!
Тұмаудың жаңа вирусы өте қауіпті, адамнан адамға жұғады, дәрігерге кешігіп қаралған жағдайда, өліммен аяқталуы мүмкін.
Өзіңіздің денсаулығыңызды, туыстарыңыздың жә-не жақындарыңыздың денсаулығын доңыз тұмауы-ның жаңа түрін жұқтырудан қорғау үшін төмендегі-дей қарапайым ережелерді естеріңізде сақтаңыздар:
1. Егер Сіз немесе Сіздің туыстарыңыз жақын арада тұмаудың жаңа турі тіркеліп жатқан қолайсыз мемле-кеттерге барып қайтса. және Сіздер өздеріңізді нашар сезінсеңіздер - дәрігерге көрініңіздер!
2. Жіті респираторлық аурудың белгілері пайда болғанда (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақ-жұтқыншак, жолдарының, бас және бұлшық еттің ау-рулары, кейде құсуы және іші етуі) тез арада дәрігерге көрініңіздер!
3. Егер Сізде немесе Сіздің балаларыңызда тумаудың белгілері пайда болса:
а) дәкелік бетперде (маска) киіңіз - тұмау қоздыр-ғышы ауа арқылы таралады, айналадағы адамдарға жұқтырмаңыз;
б) тумаудың алғашқы белгілері пайда бола бастағаннан бастап үйде 7 күнге дейін қалуға тырысыңыз және төсек режімін сақтаңыз;
в)басқадаадамдардыңбаратынбүқаралықорындары-на барудан бас тартқаныңыз жөн - науқас балаларыңызды мектепке/балалар бақшасына жібермеңіз және дәрігер шақырыңыздар.
4. Өздігінен емделмеуге тырысыңыз - вирусқа қарсы дәрі-дәрмек ішуден бүрын дәрігермен ақылдасқаны-ңыз жөн болады!
5. Қолды сабынмен жиі жуу немесе спиртті сүйықпен сүрту әсіресе гигиеналык, салфеткаларды (бетора-мал) пайдаланғаннан кейін немесе қолға түшкірген-де (жөтелгенде) тұмау қоздырғышын таратуға жол бермейді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туристерге жаңа тұмау бойынша қолайсыз елдерге барудан бас тартуға үсыныс береді. Егер Сіз шетелдік туристік сапарға шығуды жоспарлаған болсаңыз, онда жақын арадағы санитарлык,-эпидемиологиялық қызметтің мекемелерінен елдің неме-се оның бөлек аудандарында жаңа түмаудан аман екенін анықтап алыңыз. Мүмкіндігінше бұл аймақтарға баруды шектеңіз, қойыңыз!
6. Шошқа етін жеп түмауды жүқтырған адам дүние жүзіндетіркелген емес, жақсылап қайнатылған (қуырыл-ған) шошқа еті - қауіпсіз!
Құрметті азаматтар! Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Денсаулық сақтау министрлігімен біздің елде жаңа түмаудың таралуын болдырмау ушін барлық қажетті шаралар қолданылып жатыр. Қазақстанда жаңа тұмау бойынша қолайсыз мемлекеттерге барып қайтқан Қазақстан азаматтарына және шетелдік азаматтарға қатаң бақылау енгізілген, медицина қызметкерлері қажетті көмек керсетуге дайын. Елімізде вирусқа қарсы қажетті барлық дәрі-дәрмектер және зертханалық жағдайда ви-русты анықтау мүмкіншіліктері бар.
Өзіңіздің денсаулығыңызға, жақындарыңыз бен туыстарыңыздың денсаулығына сақ болыңыздар - тұмаудың белгілері пайда болған жағдайда - жедел дәрігерге қаралыңыз!