Абаевские чтения

«Абай оқулары» республикалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігі Тіл комитетінің 2009 жылғы 24 шілдедегі №  77-н  бұйрығына 4-қосымша

«Абай оқулары» республикалық байқауының ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1246 қаулысымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 25-тармағын орындау,мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру, қазақстандық рухани бірлікті қуаттау, отансүйгіштік сезімді арттыру мақсатында 2009 жылғы қыркүйек айында Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері арасында республикалық «Абай оқулары» байқауын өткізеді.
Байқаудың міндеттері:
1. қазақ тілінің көркемдік келісімін, бай қорын Абай шығармалары арқылы насихаттау;
2. Абай шығармалары негізінде қоғамдық ынтымақтастықты орнықтыру;
3. Абай шығармаларының өзге ұлт тілдеріне аударылған нұсқаларын таныту;
4. Абай шығармалары арқылы көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру;
5. Абай шығармаларын тіл үйренудің тиімді әдісі ретінде таныту.
Байқау шарттары:
«Абай оқулары» байқауына Қазақстанда тұратын өзге ұлттар өкілдері шақырылады. Әр облыстан және Алматы, Астана қалаларынан көркем сөз оқу мен ән айту шеберліктерін қатар игерген 18 – 30 жас аралығындағы 1 үміткерден қатыса алады.
Байқау үш тапсырмадан тұрады:
1. Көркем сөз оқу шеберлігін айқындау:
- Абай шығармаларын (поэзия, қара сөздері) қазақ және өз ана тілінде жатқа оқу;
- «Абай жолы» романынан жатқа үзінді оқу (қазақ тілінде).
2. Әншілік қабілетін таныту – Абай әндерін орындау (1 ән).
Байқау екі кезеңде өтеді.
Бірінші кезең – облыстық (қалалық) іріктеу байқаулары (аймақтық байқаудың жеңімпаздары туралы ақпараттар үстіміздегі жылғы тамыздың 30-на дейін Тіл комитетіне жолдануы тиіс);
Екінші кезең – республикалық байқау,  Қазақстан халықтары тілдері фестивалінің аясында қыркүйек  айында өтеді.
Республикалық байқаудың сарапшылары  байқауға қатысушыларды алдын-ала тыңдап, сахнадан оқылатын өлеңдерін іріктейді.  
Үміткерлер өнерін бағалау кезінде:
көркем мәтінді оқу шеберлігіне;
қазақ тілінде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуіне;
ән орындау қабілетіне;
сахналық мәдениетіне назар аударылады.

 

«Абай оқулары» байқауының
ЕРЕЖЕСІ

Байқауды Өлкетану ақпараттарының орталығы ұйымдастырады.

Байқаудың міндеттері:
1. Абай шығармаларын насихаттау;
2. Абай шығармалары арқылы көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру;

Байқау шарттары:
«Абай оқулары» байқауына әр мектептен құрамы 7 оқушыдан тұратын топ шақырылады. Топ әртүрлі сыныптан құралуы мүмкін. Оқушылар топ бойынша өз білімдерін ортаға салады.

Байқау үш тапсырмадан тұрады:
1. Абай шығармаларын (поэзия немесе қара сөздерінен) жатқа оқу; (3 мин)
2.«Абай жолы» романынан театрландырылған үзінді көрсету; (5 мин)
3. Әншілік қабілетін таныту – Абай әндерін орындау (1 ән).
4. Топқа сұрақ.

Үміткерлер өнерін бағалау кезінде:
-көркем мәтінді оқу шеберлігіне;
-ән орындау қабілетіне;
-сахналық мәдениетіне назар аударылады.

Өту мерзімі: Байқау 19 қараша күні, сағат 15-00 өткізіледі.

Байқауға қатысушылар кітапхана әкімшілігі атынан алғыс хаттармен марапатталады.

 

Қалалық орталық кітапхана, Өлкетану ақпараттарының орталығы Мекен-жайымыз: Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22.  тел: 25-28-67   



  Отдел краеведческой информации - Усть-Каменогорск


Яндекс.Метрика