- Литературная карта
- Катон-Карагай
- Әлібек Асқаров
Әлібек Асқаров
Әлібек Асқаров
Әлібек Асқаров 1951 жылы 24 қаңтарда Катонқарағай ауданындағы Екіаша қыстағында дүниеге келген.
Алматы көркемсурет училищесін, ҚазМУ-нің журналистика факультетін бітірген. 1975-1986 жж. «Білім және еңбек» журналының көркемдеуші редакторы, әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы болды.
1986-1991 жж. «Өнер» баспасының Бас редакторы, 1991-1993 жж. ҚР Президенті мен Министрлер кабинеті аппараты Ішкі саясат бөлімінің аға референті, 1993 ж. ҚР Баспасөз және бұқаралық ақпарат министінің орынбасары, кейін бірінші орынбасары болып істеді.
1998 жылдан ҚР Ақпарат министрлігінің Баспа және полиграфия департаментінің директоры болып қызмет істеді. Қазір Президент ақпаратының жауапты қызметкері.
«Құтмекен» (1979), «Тайга толғауы» (1981), «Жасыл әлемге саяхат» (1985), «Ерте түскен бозқырау» (1989), «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» (1999), «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын» (2003), «Көккөлге саяхат» кітаптарының авторы.
Әңгіме, повестері «Родники рождаются в горах» деген атпен орыс тілінде жарық көрді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.