Әбуғазы Мұрат
ҚР мәдениет қайраткері, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, домбырашы, күйші-зерттеуші.
1974 жылы 5-желтоқсанда Тарбағатай ауданы (бұрынғы Семей облысы, Ақсуат ауданы) Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1990-1994 жылдары П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка училищесін Қазақстан Респуликасыныц «Білім беру ісінің үздігі», ұстаз Қ. Рақышеваның класында оқыған.
1994-1999 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясында, профессор А.Тоқтағанның класынан дәріс алған. Республикалық конкурстардың лауреаты. Бірнеше оқу-методикалық кітаптардың авторы. «Құрманғазы» (2005), «Тәттімбет және Арқа күйлері» (2005), «Сүгір. Қаратау шертпесі» (2006), «Сарыарқа әндері» (2008), «Шығыстың шыңырау күйлері» (2010) ноталар жинақтарын құрастырып шығарған.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, «Шығыс Қазақстан, Алтай-Тарбағатай күйшілік өнері» жөнінде оқыған баяндамалары ғылыми мақалалар жинағында жарық көрген.
Күйші-орындаушы ретінде дәстүрлі музыка фестивальдері, республикалық телеарналар арқылы күйшілік өнерді насихаттап, еңбек етіп келеді. Орындаған күйлері қазақ радиосының алтын қорына енген.
ҚР білім беру ісінің үздігі.