Буратай күйші
Тағы бір ел жадында қалған күйшілердің бірі Буратай күйші. Ол Марқакөл өңірінде мөлшермен 1894-95 жылдары дүниеге келіп, 1979 жылы Күршім ауданының Қалғұтты ауылында өмірден қайтқан. 1937-38 жылдары тап жауы атанып, қуғынға ұшырап, Қырғызстанға жер аударылған екен. 1945-46 жылдары Марқакөл ауданы шекара зонасы болғандықтан әйелімен бірге Қалғұттыға мекендейді. Соғыстан кейінгі жылдары Шердаяқта шахтада жұмыс істейді. Кейіннен колхозшы болады. Көзі көргендердің айтуына қарағанда Буратай алып денелі адам болған. Өзі балуан болған екен. Домбырада көне халық күйлерін орындаған деседі. 1962 жылы Сәбит Мұқанов бұл өңірге келіп, Буратай күйшімен кездескен екен, сонда ол елу-шақты күйлерді таспаға жазып алған көрінеді. Оның бесеуі Буратайдың өзі шығарған күйлері деп айтылады. 70-жылдары Ілия Жақанов келіп, оның бір күйін Қазақ Радиосының алтын қорына жазған деседі. Міне, біздің қолымызға жеткен деректердің бары осы. Өкінішке орай бұл кісінің таспада жазылған күйлері бізге белгісіз.