1. О библиотеке
  2. Публикации
  3. Кітаптан жасалынған мұнара

Кітаптан жасалынған мұнара // Менің өлкем – 2012, 2 ақпан №5

Өскеменнің орталық қалалық кітапханасында оқылған кітаптардан жасалынған өзгеше бір мұнара пайда болды. Биіктігі бірнеше метрге жететін ол ауыр құрылыс сияқты көрінеді. Бұл туындыны жасау үшін кітапхана қызметкерлеріне 2700 кітап және бір ай дерлік уақыт қажет болды.

Облыс орталығының орталық кітапхана жүйесінің директоры Анаргүл Букобаеваның айтуынша, мұнара кітапханаға оқырмандар тарту еткен кітаптар ішінен өз мерзімін аяқтап, жарамсыз деп танылған кітаптардан құрастырылған. Инсталляция құрастыру Анаргүлдің ойына Прагада сынақ ісінен өтіп жургенде келіпті.Чех кітапханаларының бірінен словак суретшісі Матей Креннің ерекше композициясын көріпті. Бұл біздің жерлесімізге қатты ұнап, ол да өзінің жұмыс істейтін кітапханасына осыны істеп көрмек болыпты.

Менің өлкем – 2012, 2 ақпан №5

 

  ЦБС сегодня - Публикации в прессе


Яндекс.Метрика