1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>

Языковые курсы

Достар, барлық жақсылық сіздер үшін! Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада компьютерде жұмыс істеуге машықтандыру курстарына, шетел тілдерін үйрету курстарына, шығармашылық шеберханасына және түрлі бағыттағы клубтарға қатысуға шақырамыз! Сіздер үшін бәрі ТЕГІН:
- ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету курстары. Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері, сағат 17.00. Тел: (87081064381, 8(7232) 25-17-79;
- француз тілі, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері, сағат 16.00. (87770626358, 8(7232) 251770);
- иврит (еврей) тілі, әр аптаның бейсенбісі күні, сағат 16.00 ( 87776214457, 8(7232) 251770); Друзья! Приглашаем вас на БЕСПЛАТНЫЕ языковые курсы:
- английский разговорный для взрослых: среда, пятница в 17.00. +7(708)1064381, 8(7232) 25-17-79;
- французский для начинающих: среда, пятницам в 16.00. +7(777)0626358, 8(7232) 251770;
- иврит для всех:  каждый четверг в 10.00, +7(777)6214457,  8(7232) 251770.  


Подробнее...

БуМАГИЯ

2019 жылы, қазанның 1-жұлдызынан бастап Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «БуМАГИЯ» шығармашылық шеберханасы өз жұмысын бастайды. Егер қағаздың «сиқырлы қасиеттерін» білгілеріңіз келсе, шеберханаға келіңіздер! Дарынды шебермен бірге PAPERKRAFT қағазымен көңіліңіз қалаған бейнелерді жасап, керемет қызықтарға куә боласыздар! Сонымен, Сіздерді әр аптаның демалыс күндері сағат 16:00-де шеберханамызда күтеміз! С 1 октября 2019г. в Центральной городской библиотеке имени Оралхана Бокея (Наб. Иртыша им. Е.П.Славского, 22) начинает работу творческая мастерская «БуМАГИЯ». Если вы хотите освоить необычные техники работы с бумагой PAPERKRAFT, МОДУЛЬНОЕ ОРИГАМИ, приходите к нам в выходные дни в 16.00 часов. Ждем всех желающих!    


Подробнее...
0123456789101112


«Бір ел –бір кітап» акциясы туралы ереже

Оқу адамзаттың жан-жақты да белсенді болуына ықпал ететінін және жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы маңызды функцияны атқаратынын мойындай отырып, қоғамды дамытудағы басым міндеттердің бірі ретінде оқуды қолдауды қарастыра келе, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясын жыл сайын жүзеге асыруды ұсынады.

Оқу адамзаттың жан-жақты да белсенді болуына ықпал ететінін және жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуындағы маңызды функцияны атқаратынын мойындай отырып, қоғамды дамытудағы басым міндеттердің бірі ретінде оқуды қолдауды қарастыра келе, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы «Бір ел – бір кітап» акциясын жыл сайын жүзеге асыруды ұсынады.
1. Жалпы ережелер
1.1 Осы Ереже «Бір ел – бір кітап» акциясын өткізу тәртібін, мәртебесі мен мақсат-міндеттерін айқындайды.
1.2 Акция мекемесіне жататындар:
•    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
•    ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы
•    ҚР Кітапханашылар ассоциациясы
1.3. Акцияның мақсаты: оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынас.
1.4. Міндеттері:
•    ұлттық әдебиеттерге деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру және қолдау көрсету;
•    мемлекет және қоғам қайраткерлерін, ғалымдарды, оқу ісіне қатысы бар басқа да мамандарды оқу мәселесіне тарту;
•    ықтимал оқырмандарды тарту;
•    баспагерлер ұйымының қазақстандық авторлар кітабын басып шығаруға деген қызығушылығын арттыру;
•    әлемдік әдеби процесске қазақстандық авторларды да ықпалдастыру.
1.5. Акция мазмұны: Бүкіл елдің бір кітапты бір мерзімде оқып шығуы және талқылауы. Осы кітапқа арнап, түрлі іс-шаралардың өткізілуі.
Акцияны өткізу үшін ауызша сұрау, телефон арқылы сұрау немесе сауалнама жүргізу арқылы оқу орындарындағы, ұйымдардардағы, мекемелердегі азаматтардың ұсыныстарын білу жолымен кітап таңдалады.
1.6. Акцияға қатысу үшін қаралатын кітаптар:
а) ұлттық гуманизм идеялары мен жалпы азаматтықты, тарихи-мәдени дәстүрлерді, тарихи тамырластық пен осы заманғы еліміздің дамуын бейнелейтін;
б) жанрлық жағынан сан алуан;
в) көркемдік құны жоғары;
г) барлық жастағылар үшін қызықты;
д) кітапханалар мен кітап дүкендерінде саны жеткілікті;
е) пікір сайыстыруға ынталылық тудыратындай.
Акцияға қатысу үшін БАҚ және телекомпаниялар мен радиостанциялардың, басылымдардың жеке тілшілері, сондай-ақ басқа да шығармашылық бірлестіктер мен жеке тұлғалар шақырылады.
2. Акцияға әзірлік пен оны өткізу жетекшілігі
2.1.Акцияны өткізу мен әзірлеу үшін Қазақстанға танымал жазушылардан, ғалымдардан және қоғам қайраткерлерінен тұратын ұйымдастыру комитеті құрылады.
2.2. Ұйымдастыру комитеті:
• акцияны өткізу үлгісін, мерзімі мен тәртібін анықтайды;
• акция үшін таңдалған кітапты бекітеді;
• акция нәтижелерін бекітеді;
• БАҚ арнап хабарлама дайындайды.
2.3. Акция шаралары ұйымдастыру комитеті белгілеген күні өткізіледі.
2.4. Ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін акцияны өткізумен және оны әзірлеумен айналысатын жұмыс тобы құрылады.
3.Акцияға қатысу тәртібі
3.1. Акцияға жеке және ұжым болып қатысуға болады.
3.2. Акцияға Қазақстанның барлық тұрғындары, барлық оқу орындары, кез келген ұйымдар мен мекемелер қатыса алады.
3.3. Акцияға қатысуды қалағандар, ол жайында ұйымдастыру комитетіне пошта, телефон, электронды пошта арқылы хабарласуға тиіс.
3.4. Акция барысында өткізілетін шара түрлері сан алуан болуы мүмкін:
Сынып сағаттары, әдеби кештер, талқылау, кітап жайлы көрсетілімдер мен талқылаулар, жазушылармен, актерлармен кездесулер, телемарафондар, клуб отырыстары, инсценировкалар, спектакльдер және т.б..
4. Өткізілу уақыты
4.1. Акцияны өткізу мен әзірлік науқаны акция туралы жариялаған күннен басталады. Дайындық кезеңінде акцияны өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар – плакаттар, кітап туралы буклеттер, үнпарақтар шығарылады.
4.2. Акцияны өткізу уақыты - 24 – 30 қыркүйек 2007 жыл.
5. Қорытындылау
5.1. Акция қорытындысын жіберілген материалдар бойынша ұйымдастыру комитеті шығарады.
5.2. Қорытындылау үшін қабылданатын материалдар:
- іс-шараларды сипаттау;
- видео және фотоматериалдар;
- мультимедиалық материалдар;
- АҚРҰАК, ҚРКА сайттарына берілген ақпараттық мақалалар.
5.3. Акцияны өткізу нәтижелерін қорытындылауда баяндалуға тиістілер: Қатысушылар саны, Акцияға қатысу тәсілі, барынша ат салысқан аймақтарды, қалаларды, ауылдарды атау, Акцияны ұйымдастыруда кітапханалардың ролін бағалау.
5.4. Аяқтау кезінде Акцияның ең белсенді қатысушылары анықталады және қорытындысы шығарылады.
5.2. Қорытынды хабарлама ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы сайттарында жарияланады.

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Сұраңыз, жауап береміз!

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.