1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>

Языковые курсы

Достар, барлық жақсылық сіздер үшін! Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада компьютерде жұмыс істеуге машықтандыру курстарына, шетел тілдерін үйрету курстарына, шығармашылық шеберханасына және түрлі бағыттағы клубтарға қатысуға шақырамыз! Сіздер үшін бәрі ТЕГІН:
- ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету курстары. Әр аптаның сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері, сағат 17.00. Тел: (87081064381, 8(7232) 25-17-79;
- француз тілі, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері, сағат 16.00. (87770626358, 8(7232) 251770);
- иврит (еврей) тілі, әр аптаның бейсенбісі күні, сағат 16.00 ( 87776214457, 8(7232) 251770); Друзья! Приглашаем вас на БЕСПЛАТНЫЕ языковые курсы:
- английский разговорный для взрослых: среда, пятница в 17.00. +7(708)1064381, 8(7232) 25-17-79;
- французский для начинающих: среда, пятницам в 16.00. +7(777)0626358, 8(7232) 251770;
- иврит для всех:  каждый четверг в 10.00, +7(777)6214457,  8(7232) 251770.  


Подробнее...

БуМАГИЯ

2019 жылы, қазанның 1-жұлдызынан бастап Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «БуМАГИЯ» шығармашылық шеберханасы өз жұмысын бастайды. Егер қағаздың «сиқырлы қасиеттерін» білгілеріңіз келсе, шеберханаға келіңіздер! Дарынды шебермен бірге PAPERKRAFT қағазымен көңіліңіз қалаған бейнелерді жасап, керемет қызықтарға куә боласыздар! Сонымен, Сіздерді әр аптаның демалыс күндері сағат 16:00-де шеберханамызда күтеміз! С 1 октября 2019г. в Центральной городской библиотеке имени Оралхана Бокея (Наб. Иртыша им. Е.П.Славского, 22) начинает работу творческая мастерская «БуМАГИЯ». Если вы хотите освоить необычные техники работы с бумагой PAPERKRAFT, МОДУЛЬНОЕ ОРИГАМИ, приходите к нам в выходные дни в 16.00 часов. Ждем всех желающих!    


Подробнее...
0123456789101112


Pухы мықты Адамдар!

Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана ұжымы бүгін жұмысқа тым ерте келді. Кітапханаіші де әп-сәтте дайындық қарбаласымен толып, қонақжай залдың іші мерекелік көрініс пен көңіл күйге бөленді. Не үшін дейсіз ғой?  «Мүмкіндігі шектеулі болғанмен, қабілеттері шексіз!» атты бүгінгі мерекеге келетін меймандар – рухы мықты, ерекше жандар!

Сонымен, қала мекемелері мен ұйымдары атсалысқан мейрам сағат 11:00-де басталып та кетті. Елімізде жыл сайын қазанның екінші жексенбісінде «Мүмкіндігі шектеулі жандар күні» аталып өтілетін бұл шараға 70-тен аса жігерлі жан қатысты. Алдымен Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы А.А.Светаш, «Нұр Отан»  партиясы қалалық бөлімшесінің орынбасары  В.М.Мусина және басқалар ізгі тілек-құттықтауларын арнады. Осыдан кейін, сағы ешқашан сынбайтын қайсар жандар  үшін жасалатын жақсылықтар туралы айтып беріп, бір қуантып тастады.  Осы орайда күш-жігерлерін аямаған еріктілер мен басшыларды, демеушілерді және қоғамдық, мәдени, спорттық шараларға  белсене қатысқан «мүмкіндігі шектеусіз ерекше жандарды»  марапаттап, сый-сияпат жасады. Өз кезектерінде денсаулық мүмкіндігі шектеулі болса да, қабілеттері шексіз екендігін тағы бір дәлелдеген  дарындар өнерден шашу шашып, мереке иелерінің көңіл-күйлерін бір көріктендіріп тастады. Жүздері бал-бұл жайнап, өздеріне деген ілтипатты құрмет-қошеметке дән-риза болған көңілі жарым жандар қол шапалақтаудан бір тынбады. Осындай керемет кездесуден кейін мереке иелері кітапхана ұжымы дайындаған дастархан мәзірінен дәм татып, мұндай шаралар жиі өтіп тұрса екен деген өтініштерін де жеткізді.

Мерекелеріңіз құтты болсын, рухы мықты Адамдар!

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Сұраңыз, жауап береміз!

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.