1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«Театр саңлағы»

Фоторепортаж
Сәуірдің 17-і күні 14:00 де Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада (Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) актер, режиссер Сахан Акелеевтің «Театр саңлағы» атты кездесу кеші өтеді. Кеш Акелеев Сахан Долдиұлының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр. Сахан Әкелеев 1958 жылы, 15 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Тасбастау  ауылында дүниеге келген. 1980-1984 жылдары Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын профессор А.Тоқпановтың класын «драма және кино актеры» мамандығы бойынша бітірген.
Сахан Әкелеев Б. Рамазанның «Шырмауық» атты жаңа, екі перделі әлеуметтік драмасын, Б. Мұқайдың «Сергелдең болған серілер» комедиясын, Б.Ұзақовтың «Жандауа» атты психологиялық драмасын және А.Үлімжіұлының «Шолақ қол келіншек» әпсанасын сахналап көпшіліктің ықыласына бөленді.   
2011 жылы наурыз айында Ресей федерациясы, Мордовия республикасының Саранск қаласында өткен VІ Халықаралық театр фестиваліне, театрдың шығармашылық тобы Сахан Долдиұлының басшылығымен қатысып, Балтық және ТМД елдерінің орыс драма театрлары арасында, жүлделі бірінші орынға ие болды. Сол жылы Татарстан Республикасы Қазан қаласында түркі халықтарының  Х  Халықаралық «Наурыз» театр фестиваліне  қатысып, жоғары жетістіктерге жетті. 
Сахан Әкелеев бірнеше әндердің авторы. ТМД елдері саяси әндер фестивалінің, республикалық бірнеше әскери-саяси патриоттық ән фестивальдерінің және халықаралық ән байқауының лауреаты. 
2009 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр Шапағаты» төсбелгісімен,  Тәуелсіздіктің 10 және 20 жылдығына арналған мерейтойлық медальдармен марапатталған.
Театр және кино актеры Сахан Долдиұлы шығармашалық ғұмырнамасын баян етіп, оқырманмен ой бөліседі. Кешке қаламыздағы зиялы қауым өкілдері, ақындар, жазушылар және қала тұрғындары қатысады.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.