1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!



Құрметті пайдаланушылар!

Ұлыстың Ұлы күні  құтты болсын!
Мемлекетіміз – тұғырлы, Тәуелсіздігіміз – ғұмырлы болсын!
Әз-Наурыз әр қайсыңыздың шаңырағыңызға құт-береке әкелсін!
21, 22, 23 наурыз – мерекелік демалыс күндері кітапхана жұмыс істемейді
24, 25 наурыз – күнделікті жұмыс кестесі




«Ұлы даланың жеті қыры»

2019 жылдың 31 қаңтарында Орталық қалалық кітапханада (Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) Шығыс Қазақстан облысының ТЖД қызметкерлері үшін Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау мақсатында әңгіме сағаты жүргізіледі. Шараға «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты М.Ш.Екібасова  қатысады.



«Шагаю по Москве»

26 қаңтарда сағат 14.00-де Елена Курбатованың әдеби-музыкалық шарасында ақын және режиссер Геннадий Шпаликов өнер көрсетеді. Өлеңмен өрнектеліп,  әнмен әрленетін кездесу кешіне сіздерді шақырамыз!
Орталық қалалық кітапхана (Е.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22).



Музыкалық қонақжай

Фоторепортаж
Берекелі өңірге мерекелі көңіл-күй жарасады. Айды-айға, жылды-жылға ілестіріп, өтіп жатқан күндерді қуанышқа айналдыра білу өз қолыңда. Жаңа жылдан кейінгі жарқын сәттерді әнмен өрнектеп, гитара сүйемелдеуінде микрофонмен ән салу, микрофонға өлең оқып, болмаса осының бәріне шеттен қосылу - ол сіздің қолыңызда.

Толығырақ...



Семинар-тренинг

Фоторепортаж
2019 жылдың 21-24 қаңтары аралығында «Әлеуметтік жұмысшылар мен еріктілер қауымдастығы» Өскемен қаласы әкімдігінің Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ бірлесіп, «Кедергісіз кітапхана» жобасының аясында «Алтынай-Ай» ҚБ әлеуметтік қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру бойынша семинар-тренинг өткізді.

Толығырақ...



«Көпшілік алдында сөйлеу өнері»

Фоторепортаж

2019 жылы, 23 қаңтар күні Орталық қалалық кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) №100 балабақша қызметкерлері үшін «Көпшілік алдында сөйлеу өнері» атты шеберлік сағаты өтті.



Мектеп кітапханашылары – Орталық қалалық кітапханада бас қосты

Фоторепортаж
2019 жылы, 23 қаңтарда қаладағы мектептердің кітапханашылары - «Пульс» өлкетану  тобының қатысушылары Орталық қалалық кітапханада (Е.П Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) бас қосты. Әріптестер кәсіби шеберлікті арттыру туралы әңгіме қозғап,  түрлі жобалар мен жоспарлар туралы ой- пікірлерін бөлісті. Сонымен бірге, Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері өз кезектерінде әріптестеріне кәсіби бағытта ақпараттық және әдістемелік кеңестер берді.

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.