1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!



Құрметті пайдаланушылар!

Ұлыстың Ұлы күні  құтты болсын!
Мемлекетіміз – тұғырлы, Тәуелсіздігіміз – ғұмырлы болсын!
Әз-Наурыз әр қайсыңыздың шаңырағыңызға құт-береке әкелсін!
21, 22, 23 наурыз – мерекелік демалыс күндері кітапхана жұмыс істемейді
24, 25 наурыз – күнделікті жұмыс кестесі




«На неведомых дорожках»

«На неведомых дорожках»

2014 жылдың 10 маусымында №2 кітапхана-бөлімшесінде (Гагарин бульвары, 24) №7 орта мектептің мектепжаны лагерінің балалары үшін «На неведомых дорожках»  тақырыбына сайысты көңіл көтеру бағдарламасы өткізілді. Бағдарламада ойындар, сайыстар, викториналар ұсынылды. Балалар ертегілік-денешынықтыру бекеттерінде аялдамалар жасап, ұсынылған тапсырмаларды орындады.



Слайд-презентация по сказам П.Бажова

познавательная игра

10.06.14 ж.  № 10 кітапхана-бөлімшесінде (Меновное ауылы, М. Горький көшесі, 11) Меновное орта мектебінің лагер балаларына жазушы П.П. Бажовтың 135-жылдығына арналған танымдық ойын өткізілді. Кітапханашы Иставлетова Г.А. ойынның алдында жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы айтып өтті.

Подробней...



«Бауырсақ ертегілері»

«Бауырсақ ертегілері»

12 маусым күні №9 кітапхана-бөлімшесінде (Сатпаева 16/2)  ертегі әлеміне саяхат «Бауырсақ ертегілері» атты іс-шара өтті. Кітапханаға Оралхан Бөкей атындағы № 44 мектептің жанынжағы жазғы лагерінің балалары қонаққа келді.  

Подробней...



«Білімпаздар»

«Знатоки»

2014 жылдың 11 маусымында №8 кітапхана- бөлімшесінде(Егорова-12) «Жаз, кітап, мен-доспыз» атты жазғы бағдарлама аясында «Білімпаздар» атты сайыс ұйымдастырылды. Сайыс теледидарлық ойын «Своя игра» желісінде өтті. Балалар «Ақын-жазушылар», «Жол жүру ережелері», «Ертегілер елінде», «Салт-дәстүрлер» категориясы бойынша білімдерін көрсетті. Жеңімпаз балалар сыйлықтармен мараппаталды.



«Жаз мезгілінің қызықтары»

«Летние забавы»

2014 жылдың 11 маусымында №6 кітапхана-филиалында  (Островски,8) шағынрайонның балалары үшін барон Мюнхгаузеннің «Жаз мезгілінің қызықтары» атты конкрусі өткізілді. Балалар: «Балықшы», «Тауып көр», «Күлмес –Ханшайымы», «Әуе шардың үстінде», «Хас мерген сияқты көңілді» конкурстарына эмоциямен жұмыла қатысты. 

Подробней...



«Қызықты оқиғалар желкендерін көтерейік» библиошоу

«Поднять паруса приключений!»

2014 жылдың 9 маусымында Орталық балалар кітапханасында кітапханалық шоу түріндегі іс-шара болып өтті.  Көңілді теңіз қарақшылары кітапқа байланысты күрделі сынақтар арқылы балаларды Кітапқұмарлар аралына алып барды. Іс-шараның басты мақсаты қызықты оқиғалар, географиялық ашулар, теңіз саяхаттары туралы шығармаларға жарнама болды. 50 басылымнан тұратын білімнің асыл қазынасын, нағыз  қойманы табу керек болатын. 

Подробней...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.