«Дараға көмек»

«Құлыншақ» І кіші тобы үшін
ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары
Конспект организованной учебной деятельности
во І младщей группе «Құлыншақ»
Тәрбиеші: Чекакова Г.С


Білім беру саласы/ Образовательная область: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі/Раздел организованной учебной деятельности: Жаратылыстану
Кіріктіру/Интеграция: Таным (сенсорика): Коммуникация (сөйлеуді дамыту);
Такырыбы/Тема: «Дараға көмек»
Білімділік міндеті/ Образовательная задача: Көктем мезгілінің маусымдық құбылыстарын ажырата алуға, қоршаған табиғаттың сұлулығын байқауға үйретуді жалғастыру. Жануарлардың сипаттық ерекшеліктері, дене бөліктері, аулаға ұшып келетін құстарды ажыратып және атай білу біліктерін бекіту. Берілген сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, пішіні, түсі бойынша таңдай білу іскерлігін бекіту. Өткен ұйымдастырылған оқу қызметі барысында алған білімдерін жүйелеу. 
Дамытушылық міндеті/Развивающая задача: Балалардың қарапайым сұрақтарға жауап беру дағдыларын, сөйлеудің диалогтық түрлерін, дыбыстарға еліктеу арқылы дыбыстарды дұрыс айту, қағаз бетіне геометриялық пішіндерден қарапайым пішін (мысық) құрастыру дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік міндеті/ Воспитательная задача: Айналадағы заттарға, жануарларға және табиғатқа қамқор бола білуге, достарына көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар/ используемый материал: Дараның суреті келу, әр түрлі пішіндер (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек), теледидар, орман жануарларының дауысы, құстар, ауыл көрінісі.
Қостілділік компоненті/ Полилингвальный компонент: Сәлеметсіз бе? – Здравствуйте – Hello, көктем – весна - spring, мысық – кошка - cat
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І.Кіріспе бөлім:
Келген қонақтармен үш тілде амандасу.
Сәлеметсіз бе? – Здравствуйте – Hello
Шаттық шеңбері:

Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн бүгін!
Қайырлы таң, қонақтар,
Қайырлы таң, достарым!

- Жақсы, балалар көңіл-күйлерің жақсы ма?
Бір дыбыс естіледі. Топқа Дара келеді. (Дараның даусын теледидирдан тыңдату)
Дара: - Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Балалар, менің қолдорбам орманның ар жағында тұратын әжемнің үйінде қалып қойды, маған орманнан өтіп әжемнің үйіне жетуге көмектесіңдерші? 
- Балалар Дараға көмектесейік пе? 
- Дараның әжесінің ауылына жаяу барайық!
Негізгі бөлім:
- Балалар, міне біз орманға келдік. Дарина, айтшы біз қайда келдік?
- Біз орманға келдік. (2-3 баладан сұрау)
Д/О «Көктем ерекшеліктері»
Мақсаты: Көктем мезгілінің маусымдық құбылыстарын ажырата алуға, қоршаған табиғаттың сұлулығын байқауға үйретуді жалғастыру. 
- Қараңдаршы, айнала қандай тамаша. Айтыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір көктем (2-3 баладан сұрау)
- Көктемді орысша қалай айтамыз? (2-3 балаға қайталату)
- Ал ағылшынша ше? (2-3 балаға қайталату)
- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Күн жылынады (2-3 балаға қайталату)
- Қар ериді (2-3 балаға қайталату)
- Құстар ұшып келеді (2-3 балаға қайталату)
- Ой балалар жаңбыр жауып кетті ғой. Жаңбыр сендермен ойын ойнағысы келеді
Сергіту сәті: «Қолшатыр» ойыны
Д/О «Ағаштағы құстар»
Мақсаты: Құстарының (торғай, қарға) атауларын, дене мүшелерін атап сипаттау.
- Балалар, қараңдаршы, ағашта құстар қонып отыр. Қане кім айтады, мына құс қалай аталады? (2-3 баладан сұрау)
- Бұл торғай 
- Торғай қалай дыбыстайды?
- шиқ-шиқ-шиқ
- Ал мына құс қалай аталады? (2-3 баладан сұрау)
- Бұл қарға
- Қарға қалай дыбыстайды? (2-3 баладан сұрау)
- қар-қар-қар
- Құстардың дене бөліктерін атап беріңдерші? Мынау несі?
- Бұл басы, .... тұмсығы, қанаты, аяғы, құйрығы, т.с.сс
- Балалар, орманда жабайы жануарлар көп болады, сондықтан дауысымызды қатты шығармай, ақырындап жүрейік
Д/О «Дауысынан таны»
Мақсаты: Жабайы жануарларды (аю, қасқыр) дауысынан тану, атау дағдыларын бекіту. 
- Теледидардан жабайы жануарлардың (аю, қасқыр) дауысын естірту, соңынан суретін көрсету.
- Жарайсыңдар, балалар! Біз міне орманнан өтіп, Дараның әжесінің үйіне жеттік
Дара:
- Балалар, әжемнің мысығы жоғалып кетіпті, соны табуға көмектесіңдерші
Д/О «Сиқырлы пішіндер»
Мақсаты: Берілген сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, пішіні, түсі бойынша таңдай білу іскерлігін бекіту. Қағаз бетіне геометриялық пішіндерден қарапайым пішін (мысық) құрастыру дағдыларын дамыту
- Мынау қандай пішін?
- Мынау үшбұрыш (2-3 балаға қайталату)
- Сары үлкен үшбұрышты аламыз
- Мынау қандай пішін?
- Мынау дөңгелек (2-3 балаға қайталату)
- Сары дөңгелекті аламыз
- Құлақтары қандай пішінге ұқсайды?
- Құлақтары үшбұрышқа ұқсайды
- Олай болса құлақтарын құрастырамыз
- Мысықты орысша қалай айтамыз?
- Ал ағылшын тілінде ше?
Дара:
- Балалар, көмектерің рахмет! Сау болыңдар!
ІІІ Қорытынды бөлім
- Біз бүгін кімге көмектестік?
- Берілген тапсырмаларды қиналмай орындаған балалар көңілді Даранын суретін, тапсырмаларды орындау барысында қиналған балалар көңілсіз Дараның суретін таңдап алсын.
Таңдап алынған суреттерге байланысты сұрақтар қойылып, балалардың жауаптары тыңдалады.
Күтілетін нәтиже/Ожидаемый результат:
Білу/Знать: жабайы жануарларды, аулаға ұшып келетін құстарды, геометриялық пішіндерді, түстерді
Түсінуге тиіс/ Иметь: маусымдық ерекшеліктерді, берілген тапсырмаларды дұрыс түсініп, жауап беруді 
Істей білу керек/ Уметь: Берілген сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, пішіні, түсі бойынша таңдай білуді, қағаз бетіне геометриялық пішіндерден қарапайым пішін (мысық) құрастыруды, құстардың (торғай, қарға) атауларын, дене мүшелерін атап сипаттауды.

Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика