Жаңа үйді кім тұрғызды?
Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Тәрбиеші: Сакенова Эльмира Берикболовна
Білім беру саласы: қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Жаңа үйді кім тұрғызды?
Мақсаты: а) Балаларды шығармашылық жұмысқа ынталандыру, сюжетті дамыта келе, жай және күрделі сөйлемдерді қолдана отырып, ойлау деңгейлерін арттыру, құрылыс құралдарын ажыратуға үйрету.
ә) Бір-біріне көмектесе білуге, ауызбіршілікке, еңбектенуге тәрбиелеу.
б) Балалардың айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, сұрауға және сұраққа жауап беру білігін дамытуды жалғастыру.
Сөздік жұмыс: қолғап
колданылатын көрнекті кұралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері.
Алдын-ала орындалатын жұмыс:
әдіс-тәсілі.
Сөздік жұмыс:
Мотивациялық қозғаушылық
Демонстрациялық құрал: (Үйшік ертегісінің кейіпкерлерінің суреті)
-Балалар, бұл қай ертегінің кейіпкерлері?
Кәне, суретте нелерді көріп тұрмыз, атайықшы?
Ұйымдастырушылық ізденістік
Ертегіні мазмұндау:
-Балалар, ертегі не жайында айтылған еді? Үйшікті ең алғаш не көрді?
-Өте жақсы, балалар. Балалар бір тышқан өзі ғана бір үй сала алар ма еді?
Міне, біріккеннің арқасында өздеріне үй жасап алды. Үйді тұрғызған нелер екен?
-Иә, дұрыс айтасындар, енбексіз үй бітеді ме?
Сергіту жаттығуы: «Еңбек»
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Оның аты еңбек.
Қырға шықсаң өрлеп,
Оның аты еңбек
Қиындықтың бәрін,
Еңбек ғана жеңбек
Демонстрациялық құрал:
«Сурет бойынша әңгімеле» (Суретте құрылыс жасап жатқан адамдар суреті.)
Дидактикалық ойын: Не кажет?
Ойын шарты: дәптердегі «Құрылыс салуга қажетті құралдарды қорша» тапсырмасын орындау.
Рефлексиялық түзетушілік: Ойды толық сөйлеммен жеткізе білдіруге дағдыландыру
Күтілетін нәтиже:
Біледі: үйдің құрылысын білу;
Игереді: сурет бойынша әңгімелеуді;
Меңгереді: құрастырма ойыншықтардан үй құрастыра біледі.
Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.