Қолғап (украин халык ертегісін сахналау)
Быхин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп КММ
Тәрбиеші Аубакирова Разия Ақанқызы
Білім беру саласы: қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Қолғап (украин халык ертегісін сахналау)
Мақсаты: а) Ертегіні тыңдай білуге және қайталап дауысын айнытпай салуға үйрету және оң-сол ұғымдарын бекіту.
ә) Бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
б) Сахнада ойнай білу іскерліктерін дамыту. Сөйлеу мәнері мен қарқынына аса мән бере отырып, кейіпкерлер бейнесін көркем сомдауға, олардың ішкі жан-дүниесін жеткізе суреттеуге ұмтылыстарын арттыруды дамыту.
Сөздік жұмыс: қолғап
қолданылатын көрнекті құралдар: демонстрациялық құрал, тіл дамыту дәптері, ыңғайы келсе, ертегі кейіпкерлерінің киімдері.
Алдын-ала орындалатын жұмыс:
әдіс-тәсілі.
Сөздік жұмыс:
Мотивациялық қозғаушылы
Жұмбақ жасыру:
Бес балаға бір бешпент,
Бірге киіп, бірге шешпек.
- Балалар, қолғап бізге не үшін керек
- Қолғап нешеу болады?
- Қолғап қандай болады?
Ұйымдастырушылық ізденістік
«Қолғап» ертегісі
-Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
-Балалар, ертегі не жайында айтылған?
-Иә, ертегі кейіпкерлері бір-бірімен таласпай, бірін-бірі итермей бәрі сол бір қолғаптың ішіне сыйыпты. Көрдіңдер ме?
Біз де осылай дос болуымыз керек. Біздің топта қанша бала болса, сонша біздің досымыз көп екен.
Мақал-мәтелді қайталайық:
«Досы көпті жау алмайды»
Сергіту жаттығуы:
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім, екеуін,
Болады екен он саусақ.
Дидактикалық ойын:
«Сыңарын тап» Мақсаты: Оң- солды ажырата білу, қолғаптың сыңарын дұрыс табуға үйрету. Ойын шарты: дәптердегі «Қолғаптың сыңарын тап» тапсырмасын орындау.
Рефлексиялық түзетушілік: Дәптермен ұқыпты жұмыс жасауға ұсыныс білдіру.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: оң мен солды ажыратуды;
Игереді: өз ойын еркін жеткізуді;
Меңгереді: жануарлар дауысын салуды біледі.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: оң мен солды ажыратуды;
Игереді: өз ойын еркін жеткізуді;
Меңгереді: жануарлар дауысын салуды біледі.
Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.