«Үйшік» ертегісін сахналау

Ново-Хайрузовка ауылы 
«Болашақ» бөбекжай-бақшасы
тәрбиеші: Наурзбаева С.Қ.

«Үйшік» ертегісін сахналау

Тақырыбы: «Үйшік»  орыс халық ертегісі.
Мақсаты: Балаларды «Үйшік»  ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту. Сахналау барысында жағымды-жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез-құлқын келтіру. Балаларды достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: үйшік үйі, кейіпкерлер.
Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде орманда кіп- кішкентай ескі үйшік тұрған.
Бірде оны қасынан өтіп бара жатқан тышқан көреді.
Тышқан тоқтап: Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тәрбиеші: Ешкім жауап бермейді. Тышқан бос үйшікке кіріп,  осында тұрып жатады. Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
Бақа: -  Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
Бақа: -  Мен бақылдауық бақамын.
- Кел, бірге тұрайық.
Тәрбиеші: - Бақа бақылдап үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады. Енді үйшік қасына ытқып- ытқып қоян келеді.
Қоян: - Сүп- сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: -  Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
Қоян: - Мен қорқақ қоянмын!
Екеуі: - Кел, бірге тұрайық.
Тәрбиеші: -  Қоянда үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге  өмір сүріпті. Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп , терезені  қағады.
Түлкі: - Сүп-сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар ?
Тышқан: - Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: -  Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: - Мен қорқақ қоянмын!  Ал сен кімсің?
Түлкі: - Мен қу түлкімін.
Үшеуі: -  Кел, бірге  тұрайық.
Тәрбиеші: -  Үйшіктен түлкіге де орын табылады. Достар енді төртеу болады. Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ- жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған даусымен: 
Қасқыр: Бұл үйшікте кім бар?
Тышқан: -Мен тықырлауық тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: - Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: -  Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің?
Қасқыр: -Мен сұр қасқырмын!
Бәрі: -  Кел, бірге тұрайық.
Тәрбиеші: -Қасқыр қысыла- қымтырыла ішке кіреді.  Әйтседе кіп – кішкентай үйшікке бесеуіде  сыйып кетеді. Барлығы қосылып ән айтады. Тату –тәтті өмір сүреді. Бір күні жидек теріп жүрген  аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол  үйшікке жақын келіп, бар даусымен:
Аю: Сүйкімді, кіп- кішкентай бұл үйшікте кім бар?!
Тышқан: -Мен тықырлауық  тышқанмын!
Бақа: - Мен бақылдауық бақамын!
Қоян: - Мен қорқақ қоянмын!
Түлкі: - Мен қу түлкімін!
Қасқыр: - Мен сұр қасқырмын!Ал сен кімсің?
Аю:  - Мен қорбаңбай аюмын!   
Бәрі: - Кел, бірге тұрайық.
Тәрбиеші: - Аю ары- бер тырбаңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
Аю:-Ендеше, мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын.
Бәрі: - Жоқ, қара қандай дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой.
Аю: - Қорықпаңдар түкте болмайды.
Тәрбиеші: -  деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол- ақ екен , ескі үйшік сықырлап шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр барлығы аман – есен үйшіктен шығып үлгереді. Аюға олар ренжімейді. Қайта , барлығы бірігіп , бөренелерді тасып , тақтайларды сүргілеп ,  жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді. Осылайша, достар өздеріне әп – әдемі, жаңа үйшік тұрғызып алады.
Күтілетін нәтиже.
Нені білу керек: "Үйшік" ертегісінің мазмұнын түсінді
Нені білді: жағымды- жағымсыз кейіпкерлердің бейнесіне еніп, олардың мінез-құлқын келтіру.

Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.

  Из копилки читателя - Из копилки читателя


Яндекс.Метрика