Суреттеу бойынша тап
КММ “Борас орта мектеп бақша”
Тәрбеші Ермекова Мейрамгуль Тлеулиновна.
Білім беру саласы: қатынас
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: Суреттеу бойынша тап
Мақсаты: а) Балаларды заттар мен ойыншыктардың сипаттық бейнесін баяндау аркылы әңгімелеуге үйретуді жалғастыру, балалардың сөздік қорын ұлттық дүниелер атауымен байыту (сандық- әбдіре, малақай-тымақ, желпуіш, жалған шаш, теңге сөздерінің мәнін, қолдану аясын түсіндіру).
ә) Зат есімдер сын есімдерді байланыстырып айта білу дағдыларын дамыту; сипаттау мәтінін құрастыра білуге үйрету.
б) Киімді күтіп киюге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: сандық.
колданылатын көрнекті кұралдар: демонстрациялық құрал, дәптер, сандық, желпуіш, жалған шаш (парик).
Алдын-ала орындалатын жұмыс:
әдіс-тәсілі.
Сөздік жұмыс:
Билингвальді компонент:
Мотивациялық қозғаушылық: Педагог өзінің бүгінп оқу іс- әрекетін жұмбақ шешкізу арқылы бастағысы келіп тұрғанын жеткізеді.
Жұмбақ
Төртбұрышты, бір ауызды.
Ұйымдастырушылық ізденістік: Демонстрациялық құралмен жұмыс (сандықтың суреті) Балалар назарын суреттегі сандыққа аударту, сандық туралы суретке қарап әңгімелеу керектігін айту.
Сандыққа не салуға болаты нын, ерте кезде ата-әжелеріміз сандыққа қандай бұйымдарын салғанын сұрау.
Сандықтың «әбдіре» деп те аталатыны айтылып өтіледі.
Демонстрациялық құралмен жұмыс (малақай мен тымақ суреті)
Балалар назарын малақай мен тымақтың суретіне аудару. Суреттегі заттарды бір сөзбен қалай аталатынын және олар киімнің қай түріне жататынын, жасалғаны, қай мезгілде киілетінін, олардың атауларын, қажеттілігін және олардың бір- бірінен айырмашылығы туралы сұралады.
- Балалар, баскиімді тебуге болады ма? Үйде жерде жатса не істейміз?
Балалардың назарын үстел- үстіндегі сандыққа аударып, сандықты ұстап көрсетіп, оның неден жасалғаны, қандай ою- өрнекпен безендірілгені туралы әңгімелеу.
Сандықты ашып оның ішінде не бар екенін білу үшін суреттеу бойынша табу қажет екені түсіндіріледі.
Рефлексиялық түзетушілік: Оқу іс-әрекетті қорытындылап, жаңа сөздерді қайталату.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: жаңа заттарды, олардың атауын білу;
Игереді: заттарды сипаттау арқылы әңгімелеуді;
Меңгереді: өз ойын жеткізіп, сұраққа толық жауап беруді біледі.
Мақаланың мазмұны үшін сайт әкімшілігі жауапкершілік алмайды.